««Саяси –құқықтық ілімдер тарихы»»


Тақырып 10 Тәуелсіздікүшін күрес кезеңіндегі АҚШ-тың саяси және құқықтық ілімдері



бет5/7
Дата29.01.2018
өлшемі1,4 Mb.
#35795
1   2   3   4   5   6   7

Тақырып 10 Тәуелсіздікүшін күрес кезеңіндегі АҚШ-тың саяси және құқықтық ілімдері


 

Саяси және құқықтық ой негізгі бағыттарының жалпы сипаттамасы.

«Федералистердің» саяси және құқықтық идеялары. Александр Гамильтон. Джеймс Медисон. Джон Адамс. Джон Джей. Конституционализм және федерализм идеялары. Биліктің бµлінуі теориясы.

Радикалды демократтардың (республикашылар) саяси және құқықтық идеялары. Томас Джефферсонның саяси және құқықтық кµзқарастары және олардың «тәуелсіздік декларациясында» кµрініс табуы. Томас Пейннің саяси-құқықтық кµзқарастары.



Тәуелсіздік үшін күрес тұсында (1775—1783) штаттардың Конфедерациясы құрылды. Алайда соғыс аяқталысымен штаттардыңодағын нығайту жәнс тиімді федералды үкімет құру қажеттілігі туындады. Осы міндетті атқару үшін 1781 жылдың мамыр айындаконституциялык Конвент құрылды. Ол барлық сословистік артықшылықтар мен дворяндық титулдарды жойып, ресиубликалық құрылысты бекітетін ажыратылған үш билік жүйесін енгізетін федералдық Конституцияның жобасын дайындап шығарды. 1803 жылы Жоғарғы сот өзінің конституциялык бақылау құқығын бекіткеннен кейін американдық революциияның барлық негізгі кезеңдері (тәуелсіздік үшін күрес, жана мемлекттік құрылымды калыптастыру және оны өмірге енгізу) толығымен аяқталды.

Федералистердің ең көрнекті өкілі Александр Гамиль тон (1757—1804) кең ауқымда көзқарастағы мемлекет кайраткері ретінде конституциялық теория мен практика саласындағы терең зерттеушілердің авторы және қуатты бір орталыққа бағынған федералдык өкімет билігінің жалынды жақтаушысы болды.

Бір орталыкқа бағынған мемлекеттің муддесін көздейтін федералистер халық билігінің үстемдігі туралы демократтардыңпікірлерімен келіскенімен, билікті тобырдың жаман әдеттері мен қасиеітерін ауыздықтау қажеттілігімен байланыстырды, өйткеніонсыз халық ешқашанда ақыл-ой мен әділеттіліктің еркіне бағынбайды. Федералдық конституцияның жобасына коммен тарийтурінде жазылған "Федералистердің ескертпелері" деп аталатын жинақта билік пен баскарудың барлық түрлерінде де өз артықшылықтары мен кемшіліктері болатыны айтылған. Саяси шындықты бұлай бағалау федералистерді ағартушы-демократтармен жақыңдастырды.

Өзінің саяси көзкарасы жағынан федералистер тобына Джон Адамс (1735—1826) та жатады. Ол саяси ғылым және мемлекетмәселелері бойынша алғашқы фундаменталды (іргелі) еңбектің авторы, көпішліктің басқаруына жуйелі түрде қарсы шыққан және казіргі консерватизмнің идеядық көшбастаушыларының бірі болып табылады. Адамс қарыз бен сыбайластыққа баткан Англиядан бөлініп, колониялардың заң шығарушы және әкімшілік дербестігін негіздеуде Джефферсонды қолдады. Дж. Адамс алғашқылардың бірі болып мемлекеттік қүрылымды ең маңызды және өзекгі мәселе ретіңде қарастырды. Өзінің "Америка Қүрама Штаттарындағы өкіметтік биліктің конституциясын қорғау" атты көлемді үш томды монографиясында биліктің үш тармағының ажыратылуы мен ттуелсіздігінің қажсттілігін негіздеді.

Монархия, аристократия, демократия сияқты басқарудың қарапайым формалары оның түсіндірмелерінде деспотизмнің көрінісі ретіндс байқалады. Адамстың идеалы ~ баскарудың аралас формасы, үш элементтен тұратын баланс: атқарушы билік. парламенттің жоғары аристократиялык және төменгі демократиялық палатасы — осылар бірігіп азаматтық биліктің теңестірілген формасын құрайды,

Джеймс Мэдисон (1751 — 1836) Филадельфия конвентіне қа-тысушы, "Федералист" авторларыныц бірі, "американ конститу-ииясының әкесі" деген құрметті титулдың иегері. Ол АҚШ жағ-дайындағы республикалық баскару идеясын дайындауға билік тармақтарының тепе-тең ажыратылу теориясына, фракция кон-цепциясына және т.б. қомақты улес қосты.



Мэдисонның шығармашылығында ғасырдың көптеген идеялық дәстүрлері қиюласып келеді: коғамдық шарт және табиғи құқық дәстүрлері, өкіметтік билік салаларын конституциялық реттеу және адам құқықтары туралы заң жобаларына философиялық комментарийлер беру, сондай-ақ шотландтық. философ-эмпириктердің, ағылшын вигаларының мүрзсына ой толғау және ертедегі республикалардың тәжірибесін кайта пайымдау.

Мэдисон Монтескьенің ізінше биліктің үш тармағының ажыратылуын жақтады, алайда олардың бөлінісіне келгендегі тенсіздікке орай қиыншылықтар туындады. Осған байланысты "ұстамдылықтар және қарсы қоюшылықтар" деп аталатын жүйе кұру идеясы пайда болды.

 Американ демократтарының көрнекті өкілінің бірі Томас Пейн (1737—1809) Англияда туып өсті және Америкаға Франклиннің кеңесі бойынша келді. Теуелсіздік үшін болған американдық соғыстар кезінде ол кең танымал публицистке (көсемсөзге) айналды.

Пейн өзінің "Зерделі пайым" памфлетінде (1776 ж. қаңтар) дұрыс ойланатын американдық патриоттың атымен штаттардыңресплбликалық өзін-өзі басқару идеясын шеберлікпен қорғап, мүрагерлік монархия мен метрополиядағы жартылай республикалық парламенттің айқын әрі жасырын күнәларына батыл қарсы шықты. Пейннің пікірінше, Америка ісі барлық адамзаттың ісі болып табылады және барлық адамзаттың табиғи құқықтарының жауларымен күрескендерді толық жақтайтындығын білдірді.

Американ колониялары тәуелсіздігінің либералды қорғаушысы бола отырып, француз революциясының практикасы менидеяларын консервативті тұрғыда сынаған Э. Беркпен пікірталас барысында Пейн, бұл сыншының ұсынылған құқықты исламданған құқықпен шатастырғанына назар аударады. Берк үшін мемлекет — адамзат даналығының туындысы, ал адам құқығы — адамдардың қайырымдылық. пен зұлымдық аралығын таңдау барысындағы саналы талаптары. Пейн ойынша, биліктің пайдаболуы мен емір сүруі тек бағыныштылардың келісіміне ғана негізделеді. Басқарудың барлық формаларын ол екіге бөледі:сайламалы-өкілдік және мұрагерлік басқару. Біріншісі республика болса, екіншісі — монархия және аристократия. Баскару билігіталант пен қабілеттілікті қажет еткендіктен, ал талант пен кабілет мүрагерлік арқылы берілмейтіндіктен, ең надан ел ғанамонархиялық және аристократиялық басқаруды қанайды.

Адам құқығы — бұл адамның алеуметтік болмысының қасиеті және сонымен бірге, "өкіметтік биліктің принципі". Бұлқасисттердің болуы тез дамуға жағдай жасайды. "Адам құкықтары республикалық баскарудың принципі мен қажетті атрибутьін құрайды және өзінің осы сапасында барлық өркениетті халықтардағы зайырлы баскарудың атрибуты болып табылады. ("Адам құқықтары" памфлеті, 1791 ж.).

Томас Джефферсон 0743—1826) өз дәуірінің атакты замандастары сияқты философиямен айналысуды мемлекеттік жәнеқоғамдық кызметтегі улкен белсеңділікпен біріктірді,

Ағылшын короліне анонимді ашық хат ретіндс жариялаған Джеффершнның брашюрасы "Британ Америкасының құқықтарына жалпы шолу" деп аталады. Осы жұмысының өзінде-ақ жас философ және публицист "табиғат заңдары бойынша алынған құқықтарын" қайта кайтару қажеттілігі туралы тезисін негіздеді. Арнау "шынайы тілмен" жазылды және онда король "халыққа пайда әкелу үшін сайланған, халық тарапынан бақыланып отыратын, күрделі мемлекеттік машинаның жұмысына комектесетін, заңмен тағайындалған өз халқының басты шенеулігі" ретінде сипатталады. Діни наным-сенім еркіндігіне деген қүқықты қорғай отырып Джсфферсон оны табиғи құқықтардың қатарына жаткызады.

 

Негізгі әдебиеттер:



1.  История политических и правовых учений/ Под общей ред. Нерсесянца В.С. Изд. 2-е, стереотип. – М., 1997;1998;1999;2000.

2.  История политических и правовых учений/ Под ред. Лейста О.Э. –М., 1997;1999;2000.

3.  История политических и правовых учений: Краткий учебный курс/ Под. общ.ред. Нерсесянца В.С. –М.,2000.

4.  Козлихин И.Ю. История политических и правовых учений. Новое время: от Макиавелли до Канта. Курс лекций. СПб.,2001 (издание содержит излечение из трудов классиков)

5.  История политических и правовых учений/ Хрестоматия / Под.ред. Малахова В.П. – М., 2000.

6.  История политических и правовых учений/ Хрестоматия / Под.ред. Лейста О.Э. – М., 2000.

7.  Антология мировой политической мысли: в 5т. Т.I: зарубежная политическая мысль: истоки и эволюция. Т.II.: Зарубежная политическая мысль: XX в.  – М., 1997.

8.  Антология мировой правовой мысли: В 5т. / Рук науч. проекта Семигин Г.Ю. - Т. III: Европа Америка: XVII-XX вв. - М., Мысль, 1999.

9.  История философии права. Учебное пособие СПб: Юрид.инс-т 1988. (содержит обстоятельные фрагменты классических трудов).

10.           Сравнительное изучение цивилизаций. Хрестоматия. Сост.Б.С.Ерасов. М.,1998

11.           Джефферсон Т. Декларация независимости. Инаугурационные речи (Сер: "Жемчужины истории политической и правовой мысли "). - Алматы: ВШП "Әділет", 1999.

 

Қосымша әдебиеттер:



1.  Бачинин В.А. История философии и социологии права. - Санкт-Петербург, 2001

2.  Громаков. Политические и правовые взгляды Пейна.М.,1960

3.  История политических и правовых учений (XVII-XVIII вв.). /Под ред.В.С.Нерсесянца. М., Наука,1989

4.  История политических и правовых учений XIX в. /Под ред.В.С.Нерсесянца. М., Наука,1993

5.  История философии в кратком изложении.М.,1991

 
Пысықтау сұрақтары:


Тақырып 11 Х‡ІІІ ғ. соңы - ХХ ғ. басындағы Германияның саяси және құқықтық ілімдері

 

Иммануил Канттың құқық және мемлекет туралы ілімдері. «Қатаң императив». «Құқықтық азаматтық қоғам» идеясы. Тең құқылы республикалардың дүниежүзілік федерациясы идеясы. Мәңгі бейбітшілік жобасы. «Мәңгі бейбітшілікке».



Г.В.Ф.Гегельдің құқық және мемлекет туралы ілімдері. «Құқық философиясы». Құқық түсінігі және оның даму сатылары. Биліктің бµлінуі және органикалық бірлігі концепциясы. Гегель халықаралық құқық, соғысжәне бейбітшілік туралы.

Құқықтың тарихи мектебі. Г.Гуго. Ф.К.Савиньи. Г.Пухта. Құқықтың стихиялы дамуы. Рух, халық санасы және құқық. Тіл және құқық.



Иммануил Кант (1724—1804) — классикалық неміс философиясының көшбастаушысы және құқьіқтың казіргі теориясындағы іргелі бағыттың бірінің негізін қалаушы.

Кант философиясы танымның эмпирикалық (тәжірибелік)  априорлық (тәжірибеге дейін немесе онан тыс) түрлерін бір-біріне қарсы қоюға негізделеді.

Адамның жүріс-тұрыс әрекетінің мәселелерін қарастыратын Канттың практикалық философиясы өзге ұстанымдағы қағидаларға сүйенді. Оның практикалық философиясының құрамдас бөліктері — этикасы мен құқық туралы іліміндегі негізгі рөл априорлы идеяларға тиесілі. Канттың пікірінше, егер табиғатты тану барысында "ақиқаттың негізгі кайнар көзі тәжірибе" болса, аладамгершіліктің заңдылықтарын адамдардың арасында болатын қатынастардан туындатып шығару мүмкін емес. Жаратылыстану ғылымдарындағы сиякты мораль мен құқықтың теориясын калыптастыруға болмайды. Моральдық философияның міндеті ақыл-ойға сүйене отырьп адамның өзінің эмпирикалық өмір сүруІнде ұстанатын жалпыға ортақ жүріс-тұрыс ережелерін көрсетіп беруболып табылады.

Кант рационализмінің тағы бір ерекшелігі философтың адамгершілік пен құқықты теориялық білім қатарынан шығарудан бастартуымен сипатталады. Бұл  тұрғыдан алғанда Руссо негізінен қалаған  демократиялық дәстүрді жалғастырды. 

Канттың құқықтық теориясы этикамен тығыз байланысты. Құқық пен моральдың арақатынасын қарастыра отырып, Кант құқықтық заңдарды адамгершіліктің алғашқы сатысы ретінде қарастырады.

Канттың анықтамасы бойынша құқық — бұл еркіндіктің жалпыға ортақ заңы тұрғысында жеке адамның еркі өзгелердің еркіне қайшы келмейтін шарттардың жиынтығы.

Әлсуметтік-саяси құбылыстарды түсіндірудің априорлы принципіне сай Кант мемлекеттің шығу тегі жөніндегі мәселемен айналысудан бас тартты. Табиғи құқық концепцияларына тән мемлекеттің қоғамдық келісім жолымен орнау мәселесіне келгенде ол тек ақыл-ойдың идеясына ғана ие.

Саяси теорияның қалыптасуындағы Канттың үлесі оның құқықтық мемлекет туралы қазіргі ілімдердің негізгі идеялары мен принциптерін  орнықтыруымен сипатталады.

Тұрақты құқықтық тәртіптің кепілі болатын мемлекет, Канттың пікірінше, қоғамдық шарт және халық егеменділігі бастауларына негізделіп құрылуы тиіс. Ол заң билігін халықтың жүзеге асыруы азаматтардың арасында құқық теңсіздігіне әкелетін заң кабылдауға жол бермейді деген Руссоның пікірімен келіседі. Алаида Канттың халық егемендігі туралы пікірі шектеулі сипатта болды, Руссодағы халық билігін  парламенттегі халық өкілеттілігімен алмастырады.

Кант мемлекеттегі үш басты органды — заң шығарушы (парламент), оны атқарушы (өкімет) және қорғаушы (сот) деп бөледі.

Ойшыл Германияның болашақ құрылымын конституциялык монархия түрінде елестетті.

Георг Вильгельм Фридрих Гегельдің (1770—1831) философиялық ілімі классикалық неміс идеализмі дамуының ең жоғарғы сатысы болып табылады. Оның негізгі шығармалары — "Рух феноменологиясы" (1807), "Логика ғылымы" (1812—1816)."Философиялық ғылымдар энциклопедиясы" (1817).

Оның философиясының негізгі категориясы — абсолюттік идея.  Абсолюттік идея ашылуының бірінші этапы — ең жалған, абстрактылы ұйымдардан нақты, алуан түрлі және көпқырлы ұғымдарға қарай дамуы. Абсолюттік идеяның µзіндік қозғалысының екінші этапы оның өзі табиғатқа сіңуі. Абсолюттік идея ашылуының үшінші кезеңі — оның қалыптастырған табиғат арқылы өзіне қайта оралуы. Табиғат төменгі формадан жоғары формаға карай дами отырып, рухқа қарай өрлейді және рухта абсолюттік идеямен қайта қосылады.

Абсолюттік идея дамуының үш кезеңіне сөйкес Гегель ілімінде білімдер жүйесі үш бөлімнен тұрады:

1. Логика — ұғымдардың дамуы.

2.      Табиғат философиясы

3.      Рух философиясы

Мемлекет және құқықтың барлық мәселелерін Гегель рух философиясына жатқызады. Ол өз кезегінде үш бөлімге бөлінеді:

A.    Субъективті рух (антропология (жан тәні сезінуінің субстанциясы ретінде); феноменология (жаннын санаға айналуы);психология (жаннын теориялық жөне практикалық қабілеттері);

Б. Объективті рух (абстракциялық құқық; мораль;  адамгершілік);

B.    Абсолюттік рух (эстетика; дін; филосктофия).

Субъективті рухтың объективтілікпен синтезі абсолюттік рухқа әкеледі.

Гегельдің коғамдық позициясы конституциялық құқыққа байланысты көзқарастарымен де айқындалады. Кант сияқты ол дабиліктің бөлінуін еркіндіктің кепілі деп есептегенімен бұл принцип Гегельде өзгеше талданады. Сот билігін ол жеке емес, өкіметтік немесе атқарушы биліктің құрамдас белігі ретінде карастырады. Гегель заң шығарушы, өкіметтік және корольдік биліктерді бөліп көрсетеді, онын үстіне соңғысын бүкіл осы жүйенің негізі және шыңы ретінде сипаттайды. Корольдік билік қалған екі билікті біріктіреді және тұтастық ретіндегі мемлекеттің айнасы болып табылады. Гегель монархизмнің идеологы ретінде конститупиялық монархияны әлемдік рухтың көрінісі ретінде пайымдайды. Мұрагерлік монархия сайламалыға қарағанда табиғи және көпшіліктің билігімен салыстырғанда басқарудың ақылды формасы.

Германияда құқықтың тарихи мекгебі XVIII ғасырдың аяғында пайда болды.

Бұл мектептің негізін қалаушы Геттинген университегінің профессоры Густав Гуго (1764—1844) болды. Г. Гугоның идеяларыБерлин унинсрситетінің профессоры Карл Фридрих Савиньидің (1779—1861) XIX ғасырдың 40 жылдары басылып шыққан алты томдық "Қазіргі рим құқығы жүйесі" еңбегінде жалғасын тапты. Бұл кезеңде Германияда сакталып қалған феодалдық тәртіптер жеке капиталистік меншікке негізделген катынастардың дамуына кедергі келтірді. Осы кайшылықты шешуге ұмтылған неміс зангері Тибо өзінің "Германия үшін жалпыға ортақ азаматтық құкықтық кажеттілігі" деген мақаласында феодалдық әдептерді ығыстыратын біртұтас азаматтық кодекс құруды ұсынды.

Құқықты халық сенімінің көрінісі ретінде жариялай отырып, Савиньи құқықты даярлаудан заңгерлердің рөлін де теріске шығармайды. Ғылыми тұрғыдан алғанда тарихи мектеп мемлекет және құқықты зерттеуге позитивті үлес қосты.

 

Негізгі әдебиеттер:



1.     История политических и правовых учений/ Под общей ред. Нерсесянца В.С. Изд. 2-е, стереотип. – М., 1997;1998;1999;2000.

2.     История политических и правовых учений/ Под ред. Лейста О.Э. –М., 1997;1999;2000.

3.     История политических и правовых учений: Краткий учебный курс/ Под. общ.ред. Нерсесянца В.С. –М.,2000.

4.     Козлихин И.Ю. История политических и правовых учений. Новое время: от Макиавелли до Канта. Курс лекций. СПб.,2001 (издание содержит излечение из трудов классиков)

5.     История политических и правовых учений/ Хрестоматия / Под.ред. Малахова В.П. – М., 2000.

6.     История политических и правовых учений/ Хрестоматия / Под.ред. Лейста О.Э. – М., 2000.

7.     Антология мировой политической мысли: в 5т. Т.I: зарубежная политическая мысль: истоки и эволюция. Т.II.: Зарубежная политическая мысль: XX в.  – М., 1997.

8.     Антология мировой правовой мысли: В 5т. / Рук науч. проекта Семигин Г.Ю. - Т. III: Европа Америка: XVII-XX вв. - М., Мысль, 1999.

9.     История философии права. Учебное пособие СПб: Юрид.инс-т 1988. (содержит обстоятельные фрагменты классических трудов).

10.                    Сравнительное изучение цивилизаций. Хрестоматия. Сост.Б.С.Ерасов. М.,1998

11.                    Кант И. Идея всеобщей истории во всемирно-гражданском плане. К вечному миру (Сер: "Жемчужины истории политической и правовой мысли "). - Алматы: ВШП "Әділет", 1999.

 

Қосымша әдебиеттер:



1.     Бачинин В.А. История философии и социологии права. - Санкт-Петербург, 2001

2.     Гобозов И.А. Философия политики.-М.,1998

3.     История политических и правовых учений (XVII-XVIII вв.). /Под ред.В.С.Нерсесянца. М., Наука,1989

4.     История политических и правовых учений XIX в. /Под ред.В.С.Нерсесянца. М., Наука,1993

5.     История философии в кратком изложении.М.,1991

6.     Киссель М.А. Гегель и современный мир. ЛГУ 1982

7.     Кривушин Л.Т. Проблема государства и общества в домарксистской мысли. ЛГУ 1978

8.     Нерсесянц В.С. Философское учение Гегеля о государстве и праве. //Сов.гос.право. № 9.1970

9.     Нерсесянц В.С. Гегелевская философия права: история и современность. М.,1974

10.                    Овсянников М.Ф.Гегель.М.,1971


.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет