Сценарий Дамытушылығы: Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту. Сценарий көрнекіліктері: Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова суреттері



Дата31.01.2018
өлшемі66,15 Kb.
#37259
түріСценарий
Қазақша сценарий: 16 Желтоқсан – Тәуелсіздік күні

Кештің тақырыбы: «Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы!»



Сценарий мақсаты: 1986 жылғыжелтоқсанда орталықтың әміршіл – әкімшіл солақай саясатына қарсы алғашрет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктер іжайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру.

Сценарий тәрбиелігі: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Сценарий Дамытушылығы: Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту. Сценарий көрнекіліктері: Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова суреттері. «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты плакат. Желтоқсан тақырыбындағы топтардың қабырға газеттері және буклеттер. Қанаттысөздер. Алғысөз.

Кештің барысы: «Көк тудың желбірегені» әні.

1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметтіұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған «Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы» атты мерекелік әдеби кешімізге қош келдіңіздер!

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қосаалдық. 23 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағ ы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәлбүгін және әрқашанда айтып өтеміз.

Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата – бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

2-жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік - ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан – жүректі ұғысқан.

Ата бабам аңсап өткен бақытым,

Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

Степной орта мектебінің көркемөнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасын қабылалыңыздар.

1 - жүргізуші:

Кеңбайтақ, көзжетпейтін жерімменің

Таулы орман, жасыл жайлау көлімменің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

2 - жүргізуші:

Тас еденде жатты қазақ баласы,

Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,

Жараланған жолбарыстай, ышқынып,

Айтып жаты соңғы сөзін ол ащщы!!!......

Қайрат атты атым бар,он сегізде жасым бар...

Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!....

Сұранбады, жалынбады тік тұрды,

Барлық жендет қорықты одан тіксінді,

Тасқорғанда жалғыз өзі жатса да,

Қанышерлер айналада көптін-ді....

Бір қазаққа әлі келмей, жер болып,

Мойындатпақ, бір өлікті тергеулік,

Сеніңісің, сен өлтірдің дегенді,

Артпақты олар, өрен жасқа көлдейғып ....

Ән «Қазақ елі осындай» орындайтын 9-сынып оқушысы Бахитбек Алтыннұр

2 - жүргізуші: Құттықтау сөз кезегімектебіміздің директорына беріледі.

1 - жүргізуші:

Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,

Тыңдаймын тынымалмай, жанып – күйіп

Өмірдің сырын ашып жүрегіме

Музаның әміріне басымды иіп.

Алайық ескі күйдің бәрін жиып,

Жандырған ой – қиялды қалың күйік

Шерттіріп құнарлырақ домбыраға

Тербеліп ырғағына тамылжиық

«Балбырауын» күйі. Орындайтын: оқушылар

Бақытым - Республикам Қазақстан,

Көгінде ақкөгершін, қаздарұшқан.

Саған жетпес құшағы әлемнің де,

Қыс болса, бір шетінде жазауысқан.

Алдарыңызда бишілер тобының орындауында «Қамажайбиі»

1 - жүргізуші:

Таңқалады тергеуші де бел кетіп,,

Неткенқайтпас, бізмұндайды көрмедік!!!

Барлық қазақ осындайма.? білмедім,

Жоқ әлде сен оқшаума едің, не ерлік?....

Барлық қазақ осындай, бар қанында,

Сол ерлік пен ұстаған, сардаламды,

Кіргізбеген жауларын, бір сүйем де,

Ұрпағы үшін жан берген, өр бабам да!!!...

Сол атаның ұрпағымынаменмін,

Есте ұста ей жендет, көрмегенің,

Мен қазақпын қорықпан, өлімнен де,

Табанасты, ол туған жерімменің.

Бір тамшы жас, алмай қаракөзіне,

Халқы үшінжауаптығын сезіне,

Жас қазағым, қиындықтан тайсалмай,

Әр кездері, жұптап тұрды сөзін де;

Қайрататтыатым бар, он сегіздежасым бар,

Еркектоқтықұрбандық, атамдесеңатыңдар!!!

10-сынып оқушылары көрініс Қайрат тергеушіге жауабы

2 - жүргізуші:

Қазақ дейтін менің бір елім,

Жатыралып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы аннам жас пен суарған,

Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпедідесеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресебілді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерінүзбеді.

Сол күндер ғойжүректің аңсағаны,

Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,

Өкініш пе, білмеймін қуаныш па

Өз – өзінен жүрегім ән салады.

«Тұмар» дуэтінің орындауында ән «Алға, Қазақ, жігіттері» «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмірсүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе – теңдеп тереземді.

Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

Ән: «Жаса, Қазақстан!» орындайтын: 9 - сыныпоқушысы

Желтоқсан – замантолғағы байтақ даланың,

Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың

Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира

Құрбаны болған жаланың

Ал қоғамның адамнан бар маасылы,

Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,

Бұғаудағы боздақтары кете барды

Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

1 - жүргізуші:

Барлық ұлттың басын қосты бұл достық

Ұлы достық Нұрлы достық

Күн достық Достық деген қасиетт іұранға

Кең даланың жүрегі де үн қосты

Биші қыздар биімен де үнқосты «Шаттық» биі. Орындайтын 9 - сыныпоқушылары

2 - жүргізуші:

Қасиетті Қазақстан мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігіекенсің.

Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,

Болашағым, өнер - білім, өркенім.

Бейбітөміртілеймін мен халқыма

Туғантілімшұбарланбажарқыра

Тарихымызда таланттылар көбейсін

Бас иемін ата баба рухына.

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап

Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап

Тілейтінім барша жұртқа бір ғана

Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

Ән: «Қазақстаным» Орындайтын: 9 – сынып оқушылары (Барша бала артындашығыптұрады, қолдарында шар мен жалауша)

2 - жүргізуші:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына

Жас өрендер желбіретіп нықұста

Ғасырларға жалғастырып елдікті

Дақ түсірме ата баба рухына

Үлгі бізге аталардың ерлігі

Ұлағаты өнегесі еңбегі

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңідей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешіміз өзмәресіне де келіпжетті.

Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!



Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын дептілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламата болыңыздар!
Каталог: 0B5D37B2B884247A -> 8645b9a541e42d44aa4759fbbd0a86af
0B5D37B2B884247A -> «Биофизика» курсы
0B5D37B2B884247A -> Оқу жылындағы гуманитарлық бағыт бойынша әдістемелік бірлестігінің жүргізген I жарты жылдық қорытынды есебі
0B5D37B2B884247A -> Мазмұны І. Кіріспе бөлім
0B5D37B2B884247A -> Оқу жылындағы гуманитарлық бағыт бойынша әдістемелік бірлестігінің жүргізген жылдық қорытынды есебі
0B5D37B2B884247A -> Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің 2015-2016 оқу жылына арналған жұмыс жоспарының қорытынды есебі
0B5D37B2B884247A -> Степной орта мектебі жанындағы «Қызғалдақ» шағын орталығының есебі
0B5D37B2B884247A -> Сабақтың мақсаты: Ақмола бекінісінің салынуының себебін ашу, Ақмола бекінісінің салынып, ондағы жаңалықтарды оқшыға анықтау
0B5D37B2B884247A -> Сабақ тың тақырыбы: «Қазақстан аумағында ауа температурасының таралуы»
0B5D37B2B884247A -> Степной орта мектебі бойынша қазақ мектебіндегі жаратылыстану – математика бірлестігіндегі пәндерінің жүргізілуі туралы жартты жылдық анықтама


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет