Сценарийлер жинағы Сборник сценариев Көкшетау 2015 Әож 821. 512. 122-93 кбж 84 (5 Қаз) е 74



Дата15.09.2017
өлшемі435,53 Kb.
#32346
түріСценарий
Құрастырушылар

Т.Е. Можебаева, А.С. Нұрбекова



«Ертегі әлемінде»

«Играем в сказку»

Сценарийлер жинағы

Сборник сценариев

Көкшетау 2015

ӘОЖ 821.512.122-93

КБЖ 84 (5 Қаз)

Е 74

Е 74 «Ертегі әлемінде» - «Играем в сказку», Сценарийлер жинағы\ Құраст. Т.Е. Можебаева, А.С. Нұрбекова - Көкшетау , 2015. – 36 б.

ISBN 978- 601-231-827-2

Ертегілер баланың жан әлемін байытады, тілге деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді, сөз қорын дамытады.

Халқымыздың нақыл сөздері, тыйым сөздері, мақал-мәтелдер арқылы балалардың тілін дамыту және достық, жанашырлық сезімдерін ертегі арқылы тәрбиелеу ретінде осы кітапшаны ұсынамыз.

ӘОЖ 821.512.122-93

КБЖ 84 (5Қаз)

ISBN 978- 601-231-827-2

Можебаева Т.Е., Нұрбекова А.С., 2015



Мазмұны

«Ақымақ қасқырдың аш қалуы» (қуыршақ театры) .........................................4

«Менің сүйікті ісім». Балғын шақ. 2014 ж..........................................................6

«Бауырсақ жол ережелерін үйренеді» ...............................................................9

«Новогодняя сказка» ...........................................................................................13

«Қызыл Телпек» (жаңа қойылымда)..................................................................19

Мақал –мәтел сайысы : «Тез және дәмді».........................................................24

«Простоквашинодағы оқиға» сценарийі ..........................................................26

«Айлакер түлкі» ойын –сауық сценарийі ........................................................30

«Үйшік» ертегісінің сценарийі ..........................................................................31

«Үш дос» ертегі .................................................................................................33

« Ақымақ қасқырдың аш қалуы» (қуыршак театры)

Мақсаты:

Ертегінің мазмұнын тиянақтау, шығарманы баяндап рөлге ене отырып, мәнерлеп айта білу іскерлігін жетілдіру.



Қажетті құралдар: саусақ театрына қажетті ойыншықтар.

Ойынның барысы:

Тәрбиеші: Өрісте жайылып жүрген қойдың ішінен бір арық қой жалғыз бөлініп қалыпты. Қалың шидің арасында бір қасқыр шыға келіп:

Қасқыр: - Е, сүйген асым, қайда жүрсің? Іздегенде мұндай кездестіре алмас едім, бұйырған дәмге дауа жоқ. Енді сені жеймін.

Қой: - Жейтін болсаң, ажалым жеткен екен.Бірақ, өзің де мал танығыш едің ғой. Қарны қампиған , аузында бір тісі жоқ, бір асым еті жоқ, тұла бойы сіңір, шаңдыр мені қайтесін? Мені босат. Қоралы қойдан , семіз қой әкеліп берейін. Жылы-жұмсақты сен жемегенде, кім жейді?

Тәрбиеші: «Жылы - жұмсақ» деген сөз қасқырды қызықтырады. Қойды босатып, қоя береді. Қасқыр жұтынып, қойдың семізін күтеді.

Қасқыр: - Қой баласы момын ғой, алдауды білмеуші еді. Оны ешкі аздырған шығар.

Тәрбиеші: Белеске шығып, төңірекке қараса, қызылшаны құрт-құрт шайнап, бір ешкі тұр екен.

Қасқыр: - Іздегенім сен едің, - деп қасқыр ешкіні бас салады.

Ешкі: - Атаң да, анаң да жақсы еді ғой. Қой тұрғанда олар ешкіні жемеуші еді. Мен жай ешкі емеспін. Тойда билеп, көзге түскен ешкімін.

Қасқыр: - Ешкі билейді дегенді естіген емеспін. Ондай өнерің болса, көрсет.

Ешкі: -Ендеше көз аудармай, аяғыма қарап тұр. Мен бір билеп көрсетейін.

Тәрбиеші: Ешкі олай-бұлай секіре- секіре жалт беріп, көп қойдың арасына кіріп кетеді. Сол кезде қойшы да келіп , ешкі аман қалады.
«Балғын шақ» қалалық байқауының сценарий

Орманда жүрген гномдар қолдарына жарық шамдар ұстап билеп шығады(зал қаранғы, гномдардың қолдарында жанып тұрған шамдар) .Үйықтап жатқан Антонинаны би билеп жүріп , тауып алады.Олар би билеп жатқан кезде,Антонина да оянып бірге би билейді.



Антонина: Сендер кімсіндер?

Бір гном: Біз гномдармыз, біз орманда тұрамыз.

Антонина: Мен Антонинамын. Мен шаршап ұйықтап қалдым.Ал енді мен өзімді таныстырайын.

Сәлем берем халқыма,

Осы отырған жалпыға.

Таныстырам өзімді,

Үйлестіріп сөзімді.

Денис аты әкемнің,

Елена аты анамның,

Антонина атты қызымын

Сүйіктігім бәрінің.

Туған жерім Көкшетау,

Әрқашанда сүйемін.

Биік шынға көтеріп,

Құрметпен мен жүремін.

Елім маған силаған

«Айша» деген бақшам бар.

Қазақ тілін сүйемін,

Мемлекеттік тіліне

Басымды мен иемін.

(Таныстыру тақпағын айтып жатқан кезде гномдар ағаштардың үстіне барып отырады)

Антонина: (Слайдтар көрсетіледі)

1 слайд. Мынау менің сүйікті «Айша» бақшам. Бақшаның іші жылы, кең,әдемі.

Балабақшам – байтағым,

Күліп ойнап қайтамын.

Ән саламын, би билеп,

Мақтанышпен айтамын.

2 слайд. Біздің бақшада хауыз бар. Бізге хауызға барған өте ұнайды.

3 слайд. Ал мынау - спортзал. «Дені саудың- жаны сау»,»Денсаулық – зор байлық» демекші, мұнда біз күнде жаттығулар жасаймыз, ойнаймыз, денемізді шынықтырамыз.

4 слайд. Бізде компьютер класы бар.Онда біз компьютерді қолдануды үйренеміз.

5 слайд. Сонымен бірге, бізде ән –күй залы бар. Онда би билеп, өлең айтамыз.

Міне біздің бақшамыз қандай көрікті де тамаша!(Ән орындалады)



Ән »Біздің балабақша»

Балабақша есігін

Үшке тола ашқанбыз.

Балапандай өсіріп

Мәпелейді бақшамыз

Бұл екінші үйіміз

Бір туғанбыз бәріміз,

Біз- осы үйдің гүліміз,

Біз осы үйдің сәніміз.

Бұл құшағы тым ыстық

Мектебіміз бастапқы!

Мұнда жақын туыстық,

Мұнда тұнғыш дос таптық!

Бұл- екінші үйіміз,

Бір туғанбыз бәріміз.

Біз осы үйдің гүліміз,

Біз осы үйдің сәніміз.

Балалар бастарын йіп, қоштасып кетеді.

« Менің сүйікті ісім». Балғын шақ. 2014 ж.

Автор: Ертеде бір қыз болыпты. Ол достарымен бірге орманға барады. Орманда бүлдірген, саңырауқұлақ жайқалып өсіп тұр екен. Бұта-бұталардың арасын кезіп жүріп, достарынан адасып кетеді.

Музыка (орман,құстардың дыбысы)
Яна: Қыздар!Ау-у-у! Кайдасыңдар? (үй көреді) Мынау үйде кім тұрады екен?(терезесіне қарайды, есікті қағады).

Занавес. Аюдың үйінің іші астан-кестен, киімдер шашылып жатыр.
Яна: Ой,ой,ой!Бөлменің іші ығы-жығы. Мынау жалқаулықтың ісі ғой!Халқымызда айтады «Жалқаулық-ең жаман әдет » (сыпырғыш алып үйді сыпырып, жинайды).
Музыка әуенімен:

Қол қабысқа жараймын,

Тазалықты қалаймын.(ля-ля-ля-ля)

Ана еңбегін сыйлаймын:

Үйдің ішін жинаймын.(ля-ля-ля-ля)

Музыка (аю келе жатады)

Аю: Сен кім боласын ?

Яна:Таныстыру(слайд- отбасы)

Таныстырам өзімді

Ханшайымы «Айшаның»

Атым Яна болады

Жасым беске толады

Әкем менің асқар тау

Туған жерім Көкшетау

Бауырында анамның

Асыр салып өстім-ау

Әуелетіп ән салам

Би де билей аламын

Сүйікті ісім - тамақ әзірлеу

Елімді таң қалдыру

Болашағын Отанның

Мен ойлайтын данамын

Ел сенімін ақтайтын

Ақылды қызы боламын

Сүйемін мен бақшамды

Сыйлаймын елге жақсы әнді

Әділ баға беріңіздер,

Өнерімді көрініздер.

Аю: Қандай керемет! Иә, енді менен құтылмайсын .Екеуміз бірге тұрамыз. Үй жинап, пешке от жағып маған ыстық ботқа пісіріп бересің.

Яна:(жылайды) Мені үйге жіберіңіз, апам іздейді!

Аю:Егер маған дәмді тамақ әзірлеп берсен.Мен сені жіберемін,

Яна(көз жасын сүртіп): Алақай! Тамақ әзірлеу менің сүйікті ісім.

«Аспазшылар биі»орындалады.

Яна:(дайын тамақты кастрюльден алып, аюға):

Аю, мен әзірлеген тамақ қандай? Жұмбағымның шешуін тауып көрші.

Мені бәрі жақсы көреді

Үлкендер мен балалар.

Таңертең, түсте, кешке де

Бірінші ас боп саналар.

Көріп пе едің мұндайды,

Менсіз өмір болмайды. (нан)


Аю(ойланып): Нан. (Дәмін татады) Қандай дәмді!

Яна,«Ас- адамның арқауы » демекші нанды менде жақсы көремін және қастерлеймін.

Нан қоқымын шашпаймын,

Жерде жатса баспаймын,

Теріп алып қастерлеп

Торғайларға тастаймын.



Аю: - Яна,тамақ дайындауды сен кімнен үйрендің?

Яна:Менің анам-аспазшы

Тағам дәмі- тұзбенен

Үйдің сәні – қызбенен

Деген сөзді естігем

«Ас-адамның арқауы»дәмді тағамдар дайындап адамдардың алғысын алған қандай керемет!
Слайдтар(әр слайдта сөздер- мынау менің отбасы, анашым, анам екеуміз тамақ әзірлегенде. )

Аю:Яна, сен маған қатты ұнадын. Екеуміз дос болайық!

Яна: Жарайды, Сен де маған ұнадын.

Балдырған баламыз

Досты көп табамыз

Қашан да, қайда да

Достар бір-біріне

Сенімді боламыз – дегендей мен де сенімен дос болғанға қарсы емеспін.



Яна :Біздің елімізде балалар бақытты болсын!

Әр баланың сүйікті ісі болсын!



Балалық шақ туралы ән шырқалады. Қолдарында әр түсті шарлар болады.

«Бауырсақ жол ережелерін үйренеді»

Ертегінің мақсаты: балалардың ертегіге деген қызығушылықтарын ояту, зейіндерін дамыту. Жол белгісі туралы түсінік беру.
Кейіпкерлер:Ата,әже, Бауырсақ, Қоян, Қасқыр, Аю, Түлкі, МАИ қызыметкері, бес бала-жол белгілері.

Зал әсем безендірілген, ертегіге сәйкес декорациялармен толтырылған.



1 көрініс: Ата мен Әже диалогы.

Автор: Ерте- ерте ертеде кемпір мен шал болыпты. Күндердің күнінде шал кемпірді шақырады.

Ата: Бүгін маған дәмді бауырсақ пісіріп берші.(кемпір жауап бермейді).Бауырсақ неге пісірмейсің?

Әже: Неден пісірем, біздің үйде ұн жоқ.

Ата: Ал сен қап түбін қыр, қамбаны сыпыр, шамалы ұн жинап алсаң, бізге бір кішкене домалақ бауырсаққа жетіп қалар(кемпір бауырсақты илеп пешке пісуге салады).

Әже: Ыстық ол, жанып тұр, терезе алдына қоямын, аздап салқындасын.(Шал мен кемпір кетеді).

Автор: Піскен бауырсақ оянып, жан-жағына қараса, айналасы әп- әдемі екен.Ол домалап жерге түседі.(музыка ойнайды).

Бауырсақ: Мен бауырсақ, бауырсақ

Қаптың түбін қағып ап,

Апам екі уыс ұн жинап,

Қаймақ қосып шылап,

Ыстық майға қуырып,

Терезеде суытқан- деп әндетіп келе жатса алдында жол белгілері тұрады.

Кеуделеріне белгі ілген бес бала ортаға шығады: бағдаршам, тыйым, анықтама, көрсеткіш . Олар бауырсаққа ақылдарын айтады.

Бауырсақ: Сендер кімсіңдер?

Балалар: Біз жол белгілеріміз!

Бағдаршам: Менің атым бағдаршам,

Бар әдемі үш көзім.

Алдамаймын, аңғарсаң,

Ақылдымын тіпті өзім.



Ескерту белгісі:Қызыл шеңбер ішінде,

Үшбұрыш боп тұрамын.

Қателеспес үшін де,

Көз сал маған шырағым!

Құрар үйде сауықты,

Жолдан аман келсе адам-

Жолда күткен қауіпті

Ескертемін мен оған.



Тыйым салу белгісі: Болмау үшін қиын күн,

Қажеті бар тыйымның

Қызыл шеңбер ішінен

«Болмайды!» -деп бұйырдым.

Тұрады әр кез сапта аман,

Сол тыйымды сақтаған.

Тыйым көрсең тұра қал

Әр қарай аттама!



Анықтама белгісі: Түнде, күндіз кеште де

Жөн сілтеймін жолға сай-

Аңғармайсың ештеңе

Анықтама болмаса.

Ой- шұңқырды алдағы

Қалай өту керегін,

Жылдамдықты, ал кәне

Анық айтып берейін!



Көрсеткіш: Жол созылмақ қаншама,

Қайда асхана, монша бар.

Қонақ үй бар ,қай жерде,

Қайда музей, қай көрме

Көрсетемін саған дәл,

Не көрсетем соған бар!



Бауырсақ: Көп рахмет, сендердің арқаларында мен жол ережелерін біліп алдым, енді қорықпай саяхатымды жалғастырамын.

Автор:Бауырсақ ары қарай домалап кете берді.

Үйге оралған ата мен әже терезеде тұрған бауырсақтың қашып кеткенін байқайды.



2-ші көрініс:

Ата: Кемпір, мына бауырсақты іздеп табайық, көмекке жол полициясын шақырайық.

Әже:(қолына ұялы телефонды алып қоңырау шалады,телефон шылдырын қосу).Алло, алло,жол полициясы! Біздің пісірген бауырсағымыз жоғалып кетті, жолда көлік астына түсіп қалмасын, ол жол ережелерін білмейді ғой, шұғыл түрде тауып алуымыз керек.

Жол полиция қызметкері:Құп болады, сіздерге көмекке келеміз! Бауырсақты көшелерден іздейміз!

(Ата мен әже кетеді).



3 көрініс: (Бауырсақ көшеде әндетіп келе жатады)

Мен бауырсақ, бауырсақ

Қаптың түбін қағып ап,

Апам екі уыс ұн жинап,

Қаймақ қосып шылап,

Ыстық майға қуырып,

Терезеде суытқан.

Мен атамнан қаштым

Апамнан да қаштым.

Автор: Ән салып келе жатса алдынан секендеген қоян шығады.

Қоян: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.

Бауырсақ: Жеме,мен саған өлең айтып беремін(бауырсақ өлеңін айтады).

Автор:Қоян аузын ашып қала береді. Жол бойымен келе жатқан бауырсақ бағдаршамды көріп қалып тоқтайды.

Бауырсақ:(басын қасып)балалар, маған қалай үйретіп еді?! Қызыл жанды- тоқтап тұру керек; сары жанғанда-дайындалу керек; жасыл жанды-жүруге болады.

Автор: бағдаршамды өте берген бауырсақтың алдынан сұр қасқыр шыға келеді.

Қасқыр: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін!

Бауырсақ: Жемеші мені, қасқыр! Мен саған өлең айтып берейін.(Бауырсақ өз өлеңін айтады.)

Бауырсақ домалап кете барады. Қасқыр аңтарылып артта қалады.



4 көрініс:

Автор: Ата мен әженің сұрауын орындап жол қызметкері орман ішінен бауырсақты іздеп жүреді.

Жол қызыметкері:Балалар, сендер бауырсақты көрдіңдер ме?(Балалар жауабы)

Жол қызметкері:Ал өзі аман ба екен?(балалар жауабы).

Жол қызметкері: Қасқыр, қоян, аю деген аңдары оны жеп қоюы мүмкін, мен тез барып бауырсақты үйіне жеткізейін, балалар, айтыңдаршы, бауырсақ қай жаққа жүгіріп кетті?(балалар жауабы).

Автор: Жол қызметкері, атасы мен әжесі таба алмай жүрсе, бауырсақ өз жайында мәз-мейрам болып, орман ішінде әндетіп келе жатады.Сол домалаған қалпында,ол қорбаңдаған аюға кездеседі.

Аю: Мынау қандай белгі?Жолдың үстіне қандай суреттер салып тастаған?

Бауырсақ: Мен білмеймін. Маған балалар үйреткен- ол жаяу жүргіншілер жолы.Бұл жерден қорықпай өте беруге болады.

Аю: Бауырсақ, мен сені жеймін.

Бауырсақ: Жеме ,мен саған өлең айтып беремін.

Мен бауырсақ, бауырсақ

Қаптың түбін қағып ап,

Апам екі уыс ұн жинап,

Қаймақ қосып шылап,

Ыстық майға қуырып,

Терезеде суытқан.

Мен атамнан қаштым

Апамнан да қаштым

Енді сеннен қашамын.

Аңқау аю аузын ашып қала береді.

Алаңсыз домалап келе жатқан бауырсақ енді түлкіні кездестіреді.



Түлкі: Амансың ба, бауырсақ! Өзің қызарып әдемі болып кетіпсің ғой! Мен сені жеймін!

Бауырсақ:Жемеші, мен саған өлең айтып беремін.(өлеңін айтады)

Түлкі: Әй, бауырсақ, менің құлағым естімейді, мен қартайдым.Тұмсығыма отырып айтшы, жақсылап тыңдап алайын!(Бауырсақ өлеңін қайтып айтады.Түлкі бауырсақты жейін деп жатқанда, жол полиция қызметкері келіп қалады).

Жол полициясы:Тоқта, түлкі! Сен бауырсақты жеме!Оны мен атасы мен әжесінің тапсырысы бойынша іздеп жүрмін.Бауырсақты үйіне апарып жеткізейік! (Полиция қызметкерін көрген түлкі қашып кетеді)

Жол полициясы: Бауырсақ, сен жолда абай болдың ба?Ереже мен белгілерді сақтадың ба?

Бауырсақ:Иә, сақтадым!

Жол полициясы: Өте дұрыс, олай болса бәріміз бірге «Машина» туралы ән айтайық, сосын үйімізге қайтайық.

Ән: «Машина»,муз.К.Куатбаевтікі.

Автор: бауырсақты жол полициясы үйіне апарады, шал мен кемпір қатты қуанады. Осымен ертегіміз аяқталды.Балалар,жолда абай болыңдар.Өздеріңді сақтадар!
«Новогодняя сказка»

Лесная поляна, покрытая снегом. Выходит Овца, которая с трудом везет санки, на которых сидит Коза.

Коза: Эй, я лечу на санках! Уходите с дороги! (Овца падает). В чем дело? Почему остановились? Вези меня скорей!

Овца: Слезай с санок. Теперь моя очередь кататься!

Коза: Не слезу!

Овца (обиженно):  А как же уговор?

Коза : Что? Не было уговора! Так что ты мне не дерзи,
Я сижу, а ты вези!

Овца (обижено): Я тебя целый день катала и сильно устала. Я хочу домой!

Коза : Будешь спорить со мной, забодаю!

Коза вскакивает с санок, наклоняет голову рогами вперед и гоняется за овцой по сцене, бодая ее. Овца падает в сугроб.

Овца: Нельзя быть такой вредной и обижать друзей! Ведь скоро Новый год. Дед Мороз принесет всем подарки. Хочешь, чтобы он не принес тебе подарок?

Коза : Какой еще подарок? И от кого?

Овца: От Дедушки Мороза! Всем зверятам в новый год,
Он подарки раздает!

Коза : Но он мне подарок ни разу не дал!

Овца:  Потому что, ты злая, врешь, дерешься. Дед Мороз очень добрый, но радовать плохих не хочет!

Коза : Я не боюсь его. Забодаю и заберу все подарки!

Я коза – крутые рога!


Убирайтесь прочь с дороги!
А иначе, не шучу –
Забодаю, затопчу!

Овца: Зря ты так!

(Овца поднимается, берет санки за веревочку и уходит с поляны. На полянку выходит Лиса, катя перед собой большой снежный ком.



Лиса :

Докатаю этот ком


И себе построю дом,
Под луной сияющий,
Звезды отражающий.
Высотою до небес,
Как у сказочных принцесс.

Лиса лепит ледяную избушку. Из-за деревьев выходит Коза.

Коза :

Я коза – крутые рога!


Убирайтесь прочь с дороги!
А иначе, не шучу –
забодаю, затопчу!
Коза разбивает пинком снежный ком

Лиса: Зачем ты так? Хочешь, чтобы Дед Мороз
Твой подарок не принес?
Дед Мороз, хоть добрый очень,
Радовать плохих не хочет!

Коза: Я его не боюсь!  И все подарки отберу.( Коза отталкивает Лису и продолжает путь.

Коза:  Я коза – крутые рога!
Убирайтесь прочь с дороги!
А иначе, не шучу –
Забодаю, затопчу!

Лиса : Зря ты так! ( уходит)

Из-за деревьев выходит Волк с елкой.

Волк: Разве бывает Новый год без елки! Я обошел весь лес и принес самую красивую. Пусть радуются все зверята, ведь скоро Новый год!
Выходит Коза: Я коза – крутые рога!
Убирайтесь прочь с дороги!
А иначе, не шучу –
Забодаю, затопчу!

Коза сбивает Волка с ног. Елка падает, от нее отламывается верхушка.

Волк : Что ты натворила?

Коза : Волк! Не ешь меня! Не надо!
Волк: Ну, так и быть, я прощаю. Я тебя не съем. Ведь скоро Новый год. Я хочу, чтоб Дед Мороз

Мне подарочек принес.


Он, хотя и добрый очень,
Радовать плохих не хочет! 
Я подарочки люблю,
Хоть голодный, но терплю. Беги отсюда! Долго добрым я не буду!

Коза убегает .

Волк в сердцах бросает елку и уходит. Темнеет. Начинает идти снег. Из-за деревьев выходит Дед Мороз с большим мешком подарков и Снегурочка с маленьким рюкзачком на спине.

Дед Мороз : Вот и в лес пришел я! Какой же мешок тяжелый!

Снегурочка: В лесу живут добрые зверюшки. Своими хорошими поступками они заслужили подарки. Давай раздадим их.
Появляется Коза : Я коза – крутые рога!
Убирайтесь прочь с дороги!
А иначе, не шучу –
Забодаю, затопчу!

Коза врезается в мешок с подарками и падает.

Дед Мороз: Осторожно!
Снегурочка помогает Козе встать на ноги: Дай тебе я помогу!

Коза: Не надо, я сама! Я вас раньше не встречала. Кто такие?

Дед Мороз: Дед Мороз ! В лес подарочки принес!

Снегурочка: Я – Снегурочка!

Коза: Прекрасно! Мне вы и нужны!
Ты мне, Дед Мороз, скажи,
Где подарки за все годы?
Где подарки? Отвечай!

Дед Мороз:  Правил ты не соблюдаешь –
Врешь, грубишь и всех бодаешь.
А подарки я дарю
Тем, кого благодарю
За хорошие поступки.

Коза: Хорошо – не хорошо, Отдавай мне весь мешок! А иначе забодаю
и в сугробы покидаю!

Коза наклоняет голову и бодает Деда Мороза так, что он падает в сугроб. Коза направляется к мешку, но Снегурочка преграждает ей путь.

Снегурочка: Я забрать мешок не дам. В нем подарки всем зверям!

Коза: Ну а мне какое дело? Брысь, коль жить не надоело! ( забирает мешок и уходит).

Я коза – крутые рога!


Убирайтесь прочь с дороги!
А иначе, не шучу –
Забодаю, затопчу!

Дед Мороз и Снегурочка: Зря ты так!

Снегурочка : Что ж теперь мы делать будем? Где подарки раздобудем?
Ведь сегодня Новый Год .
Из-за деревьев выходит Волк, таща елку вдвое больше и пышнее предыдущей.

Волк:  Я принес елку, ведь сегодня Новый год! Здравствуй, Дедушка Мороз!
Ты подарки мне принес?
Съел козу и был бы сытым,
Но я постарался, дотерпел,
Никого с утра не съел!
Очень-очень был хорошим!

Дед Мороз: Подарок дать не могу!

Снегурочка: Здесь коза была и все подарки забрала! ( плачет)

Волк : Зачем отдали?

Снегурочка: Нас иначе б забодали!

Волк: Подарите мне козу! И подарки я спасу!

Дед Мороз: Подарить? Да ради Бога!
Коз таких на свете много.
Меньше станет на одну,
Я и глазом не моргну.

Волк : Я найду козу и верну подарки!(убегает)

Дед Мороз: Какой молодец!

Снегурочка : У меня рюкзак остался! В нем подарочки для птиц.

Дед Мороз: Птички будут очень рады1 Так давай скорей пойдем,
Птичек всех в лесу найдем! (уходят)

На поляну выбегают Овечка, Лиса и вместе с ними любые другие лесные звери. Они играют в снежки. Лиса спотыкается о елку, которую бросил волк, и падает.

Лиса : Что это?

Овца: Это ёлка!

Лиса: Что можно с ней сделать?

Овца: Елку можно нарядить,
Чтобы хоровод водить!
Эта елочка сегодня
Станет елкой новогодней!

Лиса и Овца и другие звери начинают наряжать елку, вешая на нее мишуру и игрушки. поют хором)

Из-за деревьев выбегает Коза с мешком Деда Мороза:

Я коза – крутые рога!


Убирайтесь прочь с дороги!
А иначе, не шучу –
Забодаю, затопчу!

Коза врезается в елку и падает вместе с ней.

Лиса: Посмотри, что натворила!

Овца: Хочешь, чтобы Дед Мороз
Твой подарок не принес?

Коза показывает Лисе и Овце мешок с подарками:

Все подарки у меня !


Да и как мне не отдать?
Всех могу я забодать!

Я коза – крутые рога!


Убирайтесь прочь с дороги!
А иначе, не шучу –
Забодаю, затопчу!

Навстречу Козе из-за деревьев выходит Волк : Вот тебя-то мне и надо!

Коза: Поболтать была бы рада,
Но ужасно я спешу!

Волк: Так давай я провожу
До ближайшего овражка.
Там и съем тебя!

Коза: Не ешь меня. А то Дед Мороз не даст тебе подарок.

Волк: Мой подарок – это ты! Ты ж хорошей не была –
Все подарки забрала!

Коза : Я верну все подарки. Верну их! Пожалей меня! Не ешь!
Коза бросается бежать. Волк гонится за ней, щелкая зубами. Они убегают со сцены и скрываются за деревьями. Из-за деревьев с другой стороны выходят Дед Мороз и Снегурочка.

Дед Мороз : О! Нашелся наш мешок!

Лиса, овца и остальные звери (хором):Здравствуй, Дедушка Мороз!

Дед Мороз: Здравствуйте, лесные звери! Я принес вам подарки. ( раздает подарки зверям)

Выходит Коза (заискивающе) Можно мне подарок тоже?



Дед Мороз:  Я не дарю подарки за плохие поступки!

Коза: Я исправлюсь, даю честное слово!

Дед Мороз: Так и быть, уж подарю.

Дед Мороз достает из мешка кочан капусты.

Коза (радостно) Я тебя не подведу!
Буду очень я хорошей ! Друзья мои, простите меня.
Дед Мороз: Вот и славно. А теперь будем веселиться!

Дед Мороз дотрагивается до елки своим посохом, и она превращается в красивую новогоднюю ель с игрушками и лампочками.

Вот что значит Новый год!


Заводите хоровод!

Все вместе поют песню « В лесу родилась ёлочка»

« Қызыл телпек» (жаңа қойылымда)



Мақсаты: балаларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру, еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу.

Автор:

Ертеде кішкентай бір сүйкімді қыз өмір сүріпті. Анасы оны өте жақсы көреді екен. Әжесінің де ең сүйікті немересі еді.



Занавес. Бөлмеде қыз ұйықтап жатыр.

Анасы кіріп, қызды оятады: (Баян)

  • Қызым, тұра ғой! Сені туған күнімен құттықтаймын!

(Қыз оянбайды.)

Музыка. Анасы ән айтады:

Қайырлы таң , қайырлы таң!

Қайырлы таң саған!

Қайырлы таң, менің балшекерім!

Мен сені көргеніме қуаныштымын!

Оянатын уақыт болды!

Тұр! Тұр ! Тұратын уақыт болды!

Қыз көзін ұқалап, оянады:

Good morning !Good morning!

Goodmorning to you,
Good morning, dear mother

Анасы:Happy Birthday!Today’s the dayWe get to say

We’re happy you were born-Hooray!

С днем рождения!

Сегодня тот самый день

Когда мы должны сказать

Мы счастливы, что ты родился.

Ура!


Саған арнап, әжең өз сыйлығын жіберіпті, міне қара.

Қыз: -Қандай сыйлық? (тан калып)

Анасы (сыйлықты коробкадан алып, қыздың басына кигізеді): -Қызым, енді сені Қызыл телпек деп атаймыз.

Қыз(қуанып, биледі).Ой, қандай әдемі телпек!(Музыка)

Анасы: - Әжеміз сыркаттанып, сенің туған күніңе келе алмайды. Ұялы телефоны өшірілген. Сен барып, хал-жағдайын біліп кел.

Қыз: -Жарайды, анашым. Әжеме әрине барамын.

Анасы:- Қызым, жолда абай бол. Мына бәлішті

әжене апарып бер.



Автор:Сонымен Қызыл телпек әжесіне аттанады.Оған әжесі тұратын ауылға жету үшін орман арқылы өту керек еді.(Музыка)

Ән (песня Красной Шапочки)

Если долго, долго, долго,


Если долго по дорожке,
Если долго по тропинке
Топать, ехать и бежать,
То, пожалуй, то, конечно,
То, наверно, верно, верно,
То, возможно, можно, можно,
Можно в Африку прийти.
А в Африке реки вот такой ширины,
А в Африке горы вот такой вышины,
Ах, крокодилы, бегемоты,
Ах, обезьяны, кашалоты,
Ах, и зеленый попугай!

Қыз гүл теріп, асықпай келе жатқанда алдынан қасқыр шыға келеді.

(Музыка-Қасқыр:Қызыл телпек, сен қайда бара жатырсын?

Қыз:Неllo ,hello !What is your name?

Қасқыр: Мен сені тұсінбедім. Не деп тұрсын?

Қыз: Иә, тұсінікті. Сен орманда тұрасын, бақшаға бармайсын, білімін жоқ. Ал біздін «Айша» бала- бақшасында үш тілді үйренеміз: қазақша, орысша, ағылшынша. Мен сенімен ағылшынша сөйлестім.

Қасқыр ойланып, балалардан көмек сұрайды:

-Балалар, маған Қызыл телпек не деді?



Балалар: Амандасты және атыңызды сұрады.

Қасқыр: Қандай тамаша, менінде үш тілді білгім келеді!

Қыз: Сен қаталсын, ешкімге жақсылық істеп көрген емессін.

(Қасқыр отырып жылайды).



Қасқыр: Мен уәде беремін, жақсы болуға тырысамын!

Қыз: Ендеше бір жақсылық істе.Әжем ауырып қалды, оған комек керек шығар.

Қасқыр: Жарайды, көмектесейік.

(Музыка: құстардың дыбысы, орманнын дыбысы)

Орманда қояндар билеп жүреді (Қояндар биі)

Қасқырды көріп ,қояндар қашады ,бір қоян қалып қояды.

Қасқырды көрген қоян дірілдеп, селкілдеп қалады,



Каскыр: Что ты, заинька, дрожишь?
Что ты, серенький, молчишь?
Не приветствуешь меня,
Ведь с тобою мы друзья.
Дай тебя я обниму,
Лапку я твою пожму.

Коян: Не пожмёшь! И не старайся!
И отсюда убирайся! (коян қашады)

Қыз: Қоян, тоқта, тоқта, қорықпа, бері кел!

Қасқыр екеуміз дос болдық. Ол енді ешкімге жамандық жасамайды. Бізбен бірге жұр.



Қоян: Қайда?

Қасқыр: (қоянға жақындап, қолын сипайды) Мен өзгердім. Мен жақсылық көп істесем мені бала - бақшаға алады.

Қыз:Достар бірге жұреміз,

Бірге ойнаймыз,күлеміз!

Үлкендерді сыйлаймыз,

Қішілерді қорғаймыз!



Автор: Қызыл телпек, Қасқыр,Қоян үшеуі әжесінін үйне жетеді.

Қоян :Мынау үйде әже жалғыз тұрадыма ? Мен сияқты орманда жалғыз тұрып, ешкімнен қорықпайды ма?

-Тоқ, тоқ тоқ!

Әжесі белін ұстап, бөлмені жинап , ақырын жүр: - Бұл кім?

Қыз: Әже, мен, Қызыл телпек және менін достарым!

Сағындым ,әже, өзіңді,

Мейірімді көзіңді.

Ертегіңді сағындым,

Құлыным деген сөзіңді..

Әже, қалыныз қалай?Ауырып қалдыныз ба?

Менімен бірге достарым келді.

Әже: Рахмет! Келгендеріне көп рахмет!

Қасқыр: Отырса егер қарсы алда

Жасы келген қарт адам:

Ассалаумағалейкум!-

Деп, ұсынып қос қолын

Үлдар жасар өз жолын!

Коян:Сәлеметсіз бе?

Қыз: Әже, Сіз білесіз бе,бүгін Қарттар күні!

Қасқыр мен қоян бірге: Мерекенізбен!

Қасқыр: Ата күні - әже күні әлем күні
Әлемде теберінділер ақылды үні
Әжесіз жан туған жоқ жер бетінде
Ұғып ал бөбектерім сендер мұны
Ата - әже мерекелеріңіз құтты болсын
Жанұяңызға тек қана шаттық толсын
Немерелеріңіздің өнерін тамашалап
Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсын.

Қоян:Я к бабушке любимой тихонечко прижмусь.
Она меня обнимет и сказку мне расскажет.
Кощеев и злодеев теперь я не боюсь.
Ведь бабушка со мной, и мне не страшно даже.

Әже Рахмет!Мен қартайдым, мереке туралы ұмытып кетіппін.

Қоян : Қариялар – ақылды дариялар.Біз оларды құрметтеуіміз керек. Әже,сіз шаршадыңыз!Отырыңыз,дем алыңыз , біз сізге көмектесеміз.(әженің қолынан сыпырғышын алып, үй сыпырады)

Қасқыр:Әже ,ал мен су әкелейін.

Қыз : Әже , менің достарым сізге тақпақ пен ән дайындады. Сіз отырып көріңіз.

Сағындым ,әже, өзіңді,

Мейірімді көзіңді.

Ертегіңді сағындым,

Құлыным деген сөзіңді.

Сағындым,әже,сағындым,

Даналықтың кенісің,

Құрт-майыңды сағындым

Сақтап қойған мен үшін.

1-балаТаусылмайды өлеңі,

Күнде айтып береді.

Барған сайын бір жаққа

Кәмпит алып келеді.

Әжем мені, өйткені

Өте жақсы көреді.



2 бала Бабушка, я тебя люблю

подарю я солнышко


Бабушке своей,
Чтоб в глазах грустиночек
Не было у ней.
Засветилась радостью
Этим ясным днем
Каждая морщиночка
На лице родном.
Я цветочек аленький
Также подарю
И скажу ей: «Бабушка,
Я тебя люблю!»

3-бала Бала деген бал екен,

Бала дегенің бал екен.

Немеренің бойында,

Бар тәттілік бар екен.

Туған балаң жәйғана,

Демесең де жат, бөтен.

Нағыз балаң ойласаң,

Немере екен, тәтті екен,



4-бала: Очень бабушку мою
Маму мамину — люблю.
У нее морщинок много,
А на лбу седая прядь,
Так и хочется потрогать,
А потом поцеловать.
Может быть, и я такою
Буду старенькой, седою,
Будут у меня внучатки,
И тогда, надев очки,
Одному свяжу перчатки,
А другому — башмачки.

Әже : Көп рахмет, Бір сергіп дем алып қалдым.

Халқымызда айтады:Дос болсан, берік бол, досына серік бол.

Қарттарды әр қашанда сыйландар, көмектерінді беріндер.

Ән » Мен әжемді жақсы көремін»
Мақал- мәтел сайысы: «Тез және дәмді»

Музыка ойнайды.



Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Бауырсақ жүгіріп кіріп келеді.

-Сәлеметсіңдер ме! Мен қайда келіп қалдым? Адасып кетіппін ғой. Мен «Тез және дәмді» бағдарламасына қатысуға шақыру хатын алдым. Міне, хатта былай жазылған: -«Құрметті Бауырсақ! Біз сізді «Тез және дәмді»бағдарламасына қатысуға қонақ ретінде шақырамыз.Қатысу үшін сізге тағамдар туралы мақал-мәтелдер, тақпақтар,жұмбақтар білу керек»

- Балалар,маған көмектесесіңдер ме?

- Сендер осы бағдарлама туралы не білесіңдер?

-Қандай тағамдар жақсы көресіңдер?

- Тамақ ішерде қандай тілек білдіру керек екенің білесіңдер ме?

-Балалар, үстел басына отырарда өзіңді қалай ұстау керек?

Балалар:

-Ас алдында қолыңды жуу керек.

-Жуылмаған көкөніс пен жемістерді жеу өте қауіпті.


  • Ас үстінде көп сөйлемеген дұрыс.

  • Ас үстінде «жалқаумын, саңырауда мылқаумын» - деген мәтел сөз бар.

  • Дастарқан басына кешікпеген жөн.

Жүргізуші: - ендеше, балалар, Бауырсаққа көмек берейік. Ол үшін екі топқа бөлінеміз.

Бауырсақ: « бірінші- мақал-мәтел сайысы».

Ас- адамның арқауы.

Ас иесімен тәтті,табағымен жақсы,

Ас- тамағым, тыныш құлағым.

Алдыңа ас қойдым,екі қолыңды бос қойдым.

Ас атасын – нан дейді,сөз атасын – шал дейді.

Нан – тамақтың атасы, ынтымақ- көптің батасы.

Қымызы бар үйдің – қызығы бар.



Бауырсақ: - Екінші – тақпақтар сайысы.

Дастарқанның басында,

Әдептен біз озбаймыз.

Үлкендердің қасында

Қолды бұрын созбаймыз.

Тамақ ішер кезде,

Сөйлемейміз,күлмейміз.

Астан басқа өзгені,

Елемейміз,білмейміз.

Қазақтың ұлттық тағамдары,

Жасымнан жақын маған бәрі.

Теңгермес ем оларға мен,

Ешбір асты ғаламдағы.

Сары,дәрі қымызым,

Бұрқыраған иісі

Мұрныңнан кетпес құнызын.

Томпайтып ұртты, сорамыз құртты.
Ата, бала жер тегін,

Әжеміздің асықпай

Майға піскен шелпегін.

Әрі дәрі, әрі дәм.

Жұрт, сүйінген, таныған,

Қазыға ас жоқ тең келер,

Дастарқанға өң берер.

Бауырсақ: Үшінші-жұмбақтар сайысы


  1. Ақтығы қардай , дәмі –балдай \шекер\

  2. Жаздай іңге тығылып жатқан қызыл түлкіні

Қүйрығынан суырып, әкелді әжем бір күні\сәбіз\

3 Бақшамызда жалғыз аяқты, сарыбас өсіп тұр. Күн қай жаққа бұрылса, сары бас сол жаққа бұрылады\күнбағыс\

4 Дәмді- дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды\дастарқан\

5. Қара сиырым қарап тұр, қызыл сиырым жалап тұр\қазан мен от\.

Ботқа қойсаң елпілдеп,

Быж-быж етіп тұншығар.

Тақиясы селкілдеп

Танауынан бу шығар.

7. Айдалада ақ отау,

Ауызы – мұрны жоқ отау\жұмыртқа\

8. Кесе , шыны, пияла

Оларсыз шай құяма?

Қасықсыз тамақ жемейді,

Бәрінің атын не дейді? \ыдыс\

Бауырсақ:- Балалар, рахмет! Сендер болмасаңдар мен не істер едім? Маған көп көмек бердіңдер. Сендер сондай тапқыр, білімді балалар екенсіңдер. Сол үшін мен сендердің топтарыңды мадақтама қағазымен марапаттаймын.

Жүргізуші: - Балалар, сендерге бүгінгі сайысымыз ұнады ма? Енді қоштасатын уақыт келді. Бауырсақты шығарып салайық.

Балалар:- Сау бол, Бауырсақ!

«Простоквашинадағы оқиға» сценарийі
Мақсаты: балаларды компьютер ұғымымен таныстыру. Компьютердің пайдасы мен зияны туралы, оны қалай тасымалдау керектігін толығымен түсіндіру.  Компьютермен ұзақ жұмыс істеудің денсаулыққа зиянды екендігін түсіндіру

Музыка әуені жүреді (Простоквашино) залдың іші мультфильм бойынша жабдықталған (пеш, орындық, шымылдық, үстел т.б). Кейіпкерлер таңертең тұрады, әтештің әуені естіледі.



Матроскин: (Тұрып радиоға барады, қажетті толқынға қояды). Фёдор аға! Шарик тұрыңдар таңғы жаттығуды жасайық. (музыка әуенімен таңғы жаттығуды жасайды).

Есікті біреу қағады: Тук-тук.

Бәрі бірге: Бұл кім?

Печкин: Бәрі мені таниды

Хатқа толы қапшығым

Хат тасушы Печкинмін.

Фёдор аға: Сәлеметсізбе! Қош келдіңіз!

Шарик: Печкин жай жүрмейді.

Матроскин: Дұрыс айтасың Шарик. Оның қолында бізге деген сәлемдеме бар.

Печкин: Дұрыс айтасыңдар бірақ бұл сәлемдемені сендерге бере алмаймын. Бұл сәлемдеме Фёдор ағаға арналған. Құйрықты, сабалақ жануарларға беруге болмайды.

Матроскин: Қәнеки әкел оны, ол біздікі.

Шарик: Біздікі, біздікі әкел оны бізге.

Фёдор аға: Тыныш! Тыныш ұрысудың қажеті жоқ, одан да Печкинге бір сыйлық жасайық.

Печкин: Қандай сыйлық?

Матроскин: Саған жаяу жүру оңай емес.

Шарик: Сөмкем ауыр (сөмкені көтереді, көрсетеді ауыр екенін). Аяғың шаршайды.

Фёдор аға: О, мен таптым оған велосипед сыйлайық.(велосипедті алып шығады).

Печкин: Бұл менің арманым! Қандай тамаша! (Печкин велосипедтің жан-жағына қарап, таңырқайды).

Шарик: Велосипед денсаулыққа пайдалы.

Матроскин: Велосипедке мініп

Таза ауа жұтып,

Желмен жарысып

Хат тасысын тездетіп.



Фёдор аға: Және аяқ буындарыңа жақсы болады.

Печкин: Рахмет саған Фёдор. Мына сәлемдемені саған берейін (сәлемдемені береді, велосипедке мініп кетеді).

Бәрі бірге: Сәлемдемені ашады, Фёдор таң қалады.

Фёдор аға: Алақай! Алақай! Маған ата-анам компьютер жіберіпті. Қандай керемет! (Фёдор компьютерді алады, үстелдің үстіне қояды, содан соң отырады).

Матроскин: Қойшы сол компьютерді одан қандай пайда?

Фёдор аға: Компьютердің пайдасы көп, одан ақпарат алуға, мультфильм көруге, ойын ойнауға, ән тыңдауға, ауа райы туралы мәлімет алуға; сурет салуға, хат жазуға, скайып арқылы достарыңмен сөйлесуге болады.

Матроскин: Компьютер саған ұнаса, маған ұнамайды. Менің сиырымнан артығы жоқ. Ол сүт береді. Ол бәріне пайдалы. Мен оданша сиырымды сауып келейін. (Матроскин кетеді сиырды сауға).

Шарик: (құлағын қағып) маған да ұнап тұрған жоқ Фёдор аға, одан да орманға барайық, таза ауа жұтайық. Аңдарды суретке түсірейік.

Фёдор аға: Жоқ Шарик мен бармаймын компьютермен ойнаймын..

Шарик: Фотоаппараты алады, орманға кетеді.

Музыка әуені аңдар биі. Алима, Нұрали, Камила, Айзат. (Қоян, аю, түлкі, қасқыр) Шарик суретке түсіріп шығып кетеді.

Матроскин: Кіреді қолында сүті бар. Фёдор аға! Мен саған сүт әкелдім. Сүт іше ғой.

Фёдор аға: Жоқ мен сүт ішпеймін. Мен ғалам торда отырмын.

Матроскин: Жаз бойы отырдың. Міне күзде келді (барады да күнтізбені жұлып алады).

Фёдор аға: (қарамайды компьютер басында отырады. Көзілдірікті киеді).

Матроскин: Фёдор аға, қарашы

Жапырақтар айналып

Би билейді таңғалып.

Би: Абай, Самия.

Шарик: Біздің табиғат қандай тамаша!

Өрік, алма, шие, алша,

Жидек, жүзім пісіп тұр.

Астық пісіп, орақ түсіп,

Қырман дәнге толып тұр.

Матроскин: Қаншама уақыт өтті. Фёдор аға компьютер басынан тұрмайды.

Шарик: Енді не істейміз? Жаңа жылда келді. (календардың парағын жұлып тастайды).

Матроскин: Фёдор аға! Тұр! Тұр! Жаңа жылға дайындалайық, шыршаны орнатайық.

Фёдор аға: (мән бермей отырады).

Шарик: Фёдор ағаға не болған?

Матроскин: Бір амалын табу керек. Фёдор ағаны құтқару керек. Ата-анасына қоңырау соғайық. (ұялы телефонды алып, нөмірлерді тереді).

Анасы: Алло, сәлеметсізбе? Бұл кім?

Шарик: Алло, сәлеметсізбе. Мен Шарикпін.

Анасы: Қалдарың қалай? Фёдордың қалы қалай?

Матроскин: (ұялы телефонды Шариктен алады) Компьютер келгелі Фёдор ағаға не болғанын білмейміз. Көзілдірік киді, отырысы түзу емес, компьютерден басқа ешкімге назар аудармайды.

Анасы: Түсінікті. Біз тездетіп сендерге жетейік.

Матроскин: Фёдор ағаға қарасақ, шыршасыз қаламыз. Шарик, жүр шырша әкелейік.

Боран, желдің музыка әуені естіледі. (Матроскин, шарик екуі шыршамен залға кіреді. Ата-анасы, Печкин үшеуі шаңғы теуіп, аңдар бірге залға кіреді).

Есікті қағады.

Матроскин, Шарик екеуі бірге: Бұл кім?

Ата-аналары: Бұл біз-біз.

Матроскин, Шарик екеуі бірге: Алақай! Алақай! Фёдор аға! Тұр-тұр! Ата-аналарымыз келді.

Фёдор аға: (Орнынан тұрып, созылып, керіліп , қуанып ата-анасын құшақтайды). Қаншама уақыт өтті. Ал мен болсам тек қана компьютер басында отырып, достарыма көңіл аудармаптым. Достарым мені кешіріңдер.

Анасы: Фёдор, балам дұрыс айтасың компьютер басында көп отыруға болмайды. Компьютер пайдалы. Бірақ денсаулық , отбасы, достардан артық еш нәрсе жоқ. Матроскин, Шарик Фёдорды кешіресіңдер ме?
Матроскин, Шарик екеуі бірге: Ия біз оны кешіреміз.

Печкин: Салауатты өмір салтын сақтаймыз,

Қиыншылықтан біз ешқашан қашпаймыз,

Әрдайым сақтанып біз жүреміз,

Ұзақ өмір сүреміз.

Салауатты мақсатымыз-өмір сүру,

Өмірдің мағынасын жетік білу.


Анасы: Салауатты өмір салтын қолдайық,

Әдеттен жаман әрқашан аулақ болайық,

Өз өмірін өз қолында, ей ,балалар,

Су ішпеген гүлдей болып солмайық.



Әкесі: Уа, халайық, назар аудар денсаулыққа,

Өмірде бақыттысың денің сауда

«Денсаулық-терең бақыт» деген сөзді,

Құр айтпаған даналар, бабалар да.

Бәрі бірге: Бүгін, міне оң болып әр ісіміз,

Жоғары боп күш-жігер, намысымыз.

Осылайша қуанышпен думандатып,

Аяқталды, халайық, қойлымымыз.


«Айлакер түлкі» ойын –сауық сценарийі

Мақсаты: Балаларға сахналау арқылы көрсетілген ертегіні тыңдай білуге, мазмұнын түсіне білуге баулу. Ертегі кейіпкерлерінің мінез-құлықтарын, іс-әрекетін талдай білуге үйретуді жалғастыру. Мейрімділікке, көмекке келу, игі қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Ертегі барысы:



Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, балалар, апайлар! Бүгін біз «Айлакер түлкі»атты ертегіні тамашалаймыз.

Ертеде ауыл шетінде кемпір мен шалдың үйі болыпты. Сол үйдің ауласында тауық пен әтеш мекендепті. Олардың жұмыртқаларын, балапандарын бір қу түлкі алып кетіп, маза бермепті.



Тауық ( музыка ырғағымен ортаға шығады) Ко-ко-ко, мына түлкі тағы да келіп, балапанымызды алып кетіпті. Не істеймін?

Әтеш: Не болды?Ку-ка-ре-ку!

Тауық: Тағыда қу түлкі келіп ақ қанат балапанымдарды алып кетіпті, енді не істейміз?

Әтеш: Жүр, онда аюға барайық. Мүмкін бір амалын тауып көмектесер. Әтеш пен тауық аюға келеді.

Аю: Кім менің мазамды алған?

Тауық: Аю, бізге сенің көмегің қажет, біздің балапандарымызды қу түлкі ұрлап кете береді.Соның

сазайын тартуға көмектесші.



Аю: Олай болса көмектесейін. Сауысқан! Шақыр ана түлкіні!

Сауысқан:Құп, аю аға, қазір шақырайын.

Түлкі:(музыка ырғағымен шығып) Иә, аю аға, неге шақырттың?

Аю: Сен мына тауықтың балапандарын неге ұрлай бересің?

Түлкі: Аю аға, менің ойлағаным сенің қамың емес пе? Балапанның жүнінен саған жастық жасап әкелдім. Міне, ала қойыңыз.

Аю: Жарайсың, түлкі, рахмет!Ал сендер енді арыз айтып келуші болмаңдар.

Түлкі: Сендер ме, сендер!

Тауық: Енді не істейміз?

Әтеш: Жүр, онда қасқырға барайық.

Қасқыр: Кім мені мазалаған?

Тауық: Қасқыр, бізге сенің көмегің кажет, біздің балапандарымызды қу түлкі ұрлап кете береді, біздерге көмектесші.

Қасқыр: Сауысқан, сауысқан, шақыр түлкіні!

Сауысқан: Құп болады, қасқыр мырза.

Түлкі: Не болды, Қасеке?

Қасқыр: Сен тауықтарға маза бермей жүрген көрінесің ғой.

Түлкі: Қасеке-ау, менің ойлағаным сенің қамың емес пе, балапанның жүнінен сізге жастық тігіп әкелдім. Мінеки, алыңыз.

Қасқыр:Жарайсың, түлкі.

Түлкі: Сендер ме, қап бәлем!

Қасқыр: Сендер маған арыз айтушы болмаңдар.

Тауық: Енді не істейміз? Кімге барамыз?

Әтеш: Жүр, онда төбетке барайық.

Төбет: Не шаруамен келдіңдер?

Тауық: Түлкі біздің ақ қанат балапандарымызды алып кете береді, бізге көмектесіңізші.

Төбет: Сауысқан, сауысқан, шақыр қу түлкіні!

Сауысқан:Құп болады.

Түлкі: Шақырдың ба, төбетім?

Төбет: Сен неге тауықтың балапандарын ұрлай бересің?

Түлкі: Төбетім, менің ойлағаным сенің қамың емес пе?Балапанның жүнінен саған жастық тігіп әкелдім.

Төбет: Мен саған көрсетемін! Енді балапандарды ұрласаң мен сазайынды беремін.(қуа жөнеледі)

Жүргізуші: Осылай тауық пен әтеш қу түлкіден құтылды. Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?
«Үйшік» ертегісін сахналау

Мақсаты: Орыс халық ертегісін рөлдерге бөліп ойнату арқылы сөздік қорын байыту, тілдік, дыбыстық мәдениетін жетілдіру. Балалардың ертегіге деген қызығушылығын арттыру. Достыққа адал болуға, мейірімділікке баулу.
Ж-ші:Ертеде бір тышқан орман арасымен жүгіріп келе жатса алдында бір әдемі үйшік тұр.

Тышқан зып беріп ішіне кірді.


Тышқан: Мен енді осында тұрамын!
Ж-ші: содан кейін секеңдеп бақа келді де;
Бақа: Мына үйшікте кім тұрады?
Тышқан:Қаптесер-тышқан тұрады.Ал сен кім боласың?
Бақа:Мен бақ-бақ бақамын.Мені де кіргізші!
Ж-ші:Сөйтіп,олар екеу болды.

Бір кезде зымырай жүгіріп,көжек жетті.Ол уйшікке жақындап:


Қоян:Үйшіктің ішінде кім тұрады?
Тышқан:Мұнда қаптесер –тышқан мен секеңдеген бақа тұрады.

Ал сен кімсің?


Қоян:мен зымырауық-көжекпін.Мені де кіргізіңдерші!
Ж-ші:Сөйтіп,олар үшеу болды.

Түлкі-бике өтіп бара жатып,үйшікті көреді.


Түлкі:Мынау үйшікте кім тұрады?
Барлығы:Мен-қаптесер тышқан

Мен-секек бақа ,мен зымырауық қоян.

Ал сен кімсің?
Түлкі:Мен түлкі-бикемін.Мені де кіргізіңдерші!
Ж-ші:Сөйтіп,олар төртеу болды.

Бір қараса,бүйірі жаралы бөлтірік жүгіріп келеді.


Қасқыр:Үйшікте кім тұрады?

Барлығы:Мен қаптесер тышқанмын,мен секек бақа,мен зымырауық көжек,мен түлкі –бикеш.

Ал сен кімсің?



Қасқыр:Мен бүйірі жаралы бөлтірікпін.Мені де кіргізіңдерші.

Барлығы:Жарайды кір!

Ж-ші: Сөйтіп, олар бесеу болды.

Ж-ші: Бір кезде ағаш бұтақтарын сықырлатып аю шықты да үйшікке қарап.

Аю: Мында кім тұрады?

Барлығы: Тышқан, бақа,көжек, түлкі, қасқыр.Ал сен кімсің?

Аю: Гу,гу,гу,сендер өте көп екенсіндер. Мен аю-аталарыңмын. Мені де кіргізіңдер!

Барлығы: Сені қалай кіргіземіз. Бұл жер өте тар.

Ж-ші: Аю да үйшікке кірді. Шыдамаған үйшік құлай бастадады.

Андар шошып,үйшіктен атып шығып, орманға бет- бетімен тұра қашты.



«Үш дос» ертегісі

Мақсаты: Балаларға ана тілімізді құрметтеуге, тіл мәдениетін жетілдіру, адамгершілікке, достыққа және эстетикалық танымын тәрбиелеу.
Музыка. Таң атады. Күннің көзі шығады.

ЖҮРГІЗУШІ : Баяғы өткен заманда лақ ,қозы, бұзау өмір сүріпті. Үшеуі дос болыпты.Бір күні лақ достарына былай депті:

Лақ: -Достарым, білесіңдер ме, күн кеш батқанда анау таудың артына тығылады. Көрдіңдер ме?

Қозы: -Иә, мен көрдім.

Бұзау-:Менде көрдім.

Лақ; -Күннің қайда тығылатынын өз көзімізбен көрейік,келісесіңдер ме, достарым?

Қозы:- Мен қуана – қуана барар едім, бірақ аналарымыз жібермейді ғой.

Бұзау: -мө-ө-ө, жібермейді.

Лақ:- Онда қашып кетейік.

ЖҰРГІЗУШІ: Үш дос күннің қайда тығылатынын көруге өз отарынан қашып кетеді. Күн ерекше жарқырап, шуағын шашып, гүлдердің хош иісі аңқып ,табиғат өз сулұлығын сыйлап тұрғандай .Үш дос келе жатып, өзеңге тап болады.

Бұзау: - Енді не істейміз?

Лақ: - Секіріп өтеміз . Мә-ә-ә..

Бұзау : Мен қорқамын .Мө-ө-ө...

Қозы : Мә-ә-ә, менде қорқамын.

ЖҮРГІЗУШІ; Батыр лақ тұрып өзеннің арғы бетіне секіріп кетеді,лақтың артынан қозы мен бұзау секіреді.

Үш дос кең алқапта өскен көп ағаш ,қалың тоғай орманнан өтеді. Кенеткен олар дорба тауып алады . Дорбаны ашып қараса, аңдардың терілері толы екен.



Лақ :Бұл дорба бізге керек болады, өзімізбен ала кетейік.

ЖҮРГІЗУШІ; Үш дос дорбаны өздерімен ала кетеді Өз сапарларын ары қарай жвлғастырады. Үшеуі келе жатып ,киіз үй көреді .Киіз үйді жан- жағынан қарап ,есігін ашып қалса ,ішінде аю ет жеп,қасқыр бауырсақ жеп, түлкі ән салып отыр екен.

Түлкі: Достарым ,келіңдер .отырыңдар, төрлетіңдер.

Аю :Қайда бара жатырсыңдар, достар?

Бұзау: Базарға тауар алып барамыз.

Қозы: Ме-е-е Мына терілерді сатуға бара жатырмыз.

Қасқыр: Ойбай, біздің де терілерімізді алмай тұрғанда, қашайық.

Түлкі: Қашқанда не бар,одан да барлығымыз дос болайық!

ЖҮРГІЗУШІ;Түлкінің бұл ұсынысын қасқыр, аю және үш дос қоштай кетеді. Осылай барлығы дос болады.

Үш дос күннің қалай кеш болып қалғанын байқамай, күннің қайда тығылатынын іздеуді ұмытып, қосқа қайтып оралады.Әбден іздеген бақташылар қайтып оралған төлдерді көріп қуанады



ЖҮРГІЗУШІ: Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?

Достық- әдеп сыйласым,

Дос- өмірлік қимасың,

Дос- арындай қымбатты,

Достық сезім тым тәтті!

Достық - игі жақсылық,

Достық ниет – жақсы үміт.

Достық жасап адамға,

Достаса біл аманда.

Дос ниетпен, адал, кен

Дос бол ізгі адаммен.

Онда барлығымыз дос болайық! Бәріміз бірге ән айтайық!



« Достық » әні

1 Ортақ мекен – жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлых ұлттың баласы

Достығымыз жарасқан.

2 Ортақ бізге бір Отан,

Ортақ жердің байлығы.

Еңбек ортақ, жыр ортақ

Ортақ бізре барлығы.

3 Туыспыз біз бәріміз,

Бір Отанды сұйеміз.

Бвқытты елде туған соң,

Бақытты өмір сұреміз.

Құрастырушылар

Можебаева Тогжан Есимовна,

Нұрбекова Алтынай Сериковна

«Ертегі әлемінде»

«Играем в сказку»


Сценарийлер жинағы


Басуға 28.01.2015ж. қол қойылды

Пішімі 84 х 108 1 \32. Шартты баспа табағы 2,3

Тапсырыс № 14070

«Келешекторгснаб» ЖШС баспасында шығарылған

020000, Көкшетау қ., М.Горький к-сі, 17а

Тел. (8 -716-2) 31-33-49, факс 31-33-51



e – mail: techno @ keleshek-2030. кz, http:\\ www. kelezhek. kz




Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет