Сегіз сері (Мұхамедқанапия) Баһрамұлы Шақшақов поэзиясы. (1818 1854) Сабақтың мақсаты : Білімділік



Дата23.11.2016
өлшемі119,76 Kb.
#2372
Сегіз сері (Мұхамедқанапия) Баһрамұлы Шақшақов поэзиясы. (1818 - 1854)
Сабақтың мақсаты :
1. Білімділік : Серілер поэзиясы туралы ойларын тереңдету, серілерге тән ортақ қасиетті танып- білу, Сегіз серінің өзіне ғана тән қасиеттерін ерекшелеу, ажырату. Өңдерімен және оған шығарылған әндерімен таныстыру.

2. Дамытушылық : Өз беттерімен ойланту, ойландыру, өзіндік дәлелді пікір, тұжырымды ой айтуға баулу, үйрету. Сегіз сері поэзиясының кейбіреуінің халықтық шығармаға айналғанын дәлелдеу.

3. Тәрбиелік . Эстетикалық тәрбие, өнерді сүюге, бағалауға баулу.

Сабақтың түрі : Зерттеу сабағы

Сабақтың әдісі : Қ.О. Бітібаева технологиясы (топтық жұмыс, зерттеу)

Пәнаралық байланыс: Тарих, музыка, қазақ тілі

ІІІ. Сабақтың барысы : 1. Ұйымдастыру кезеңі

Сынып оқушыларының назарын аударып, сабаққа бейімдеу.



2. Жаңа сабақ Сегіз сері Баһрамұлы Шақшақов поэзиясы.

Қ.О. Бітібаева технологиясы бойынша (алдын ала тапсырма берілген)


Мұғалім : Балалар, тапсырма бойынша не байқадыңдар?

1- оқушы. Сегіз - сері.

Мұғалім : Серілерге тән ортақ қасиеттер қандай еді?

2 -оқушы :
ақын, сазгер, әнші

Бір жерде омалып отырмайды Өнерлі

( қызық қайда, қыз қайда, сері сонда)

Сұлулықты сүйеді







Сұңқар тамақты




С Е Р І Әсемдікті сүйеді

Талғамды

Күйкі тірлікпен айналыспайды Ел сүйіктісі Сәнқой



3- оқушы :Сегіз сері – ол да сері. Басқа серіден айырмашылығы - халық оның өнерін бағалап, Сегіз сері атандырған, Сегіз бірнеше кісі емес, бір кісі, яғни Мұхамедқанафия Баһрамұлының 8 түрлі өнеріне байланысты халық берген атау «Сегіз қырлы, бір сырлы» дегеннен шыққан. Атасы Қожаберген жырау – Толыбай Сыншыұлы.

Сегіз оның есімі емес, есімі Мұхамедқанапия. Сегіз сері есімі - еліміз тәуелсіздік алғанша, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Ә.Марғұлан, Т.Нұртазин, Ш.Сәтбаева еңбектерінде сөз болған.

Қазір де Сегіз серіге қарсы топ С.Қосанның, Б.Кәртеннің мақалаларында жақтаушы топ Қ. Омаров, Ж.Ысмағұлов (философия ғылымдарының докторы, профессор), С.Дәуітов (философия ғылымдарының докторы, профессор), Т.Әлібеков (философия ғылымдарының кандидаты), шөбересі Амантай Бегеновтің мақалаларында қозғалғанмен, әлі де зерттеуді қажет етеді. Біздің зерттеуіміз бойынша, Сегіз сері өлеңдері негізінен махаббат лирикасына жатады. Мәселен, 1. «Ақбақай», 2. «Ақ ерке», 3. «Алқоңыр»,4. «Әйкен – ай», 5. «Боз шұбар», 6. «Гауһартас», 7. «Ғайни», 8. «Жылой»,9. «Еңлік – ай» (Илигай), 10. «Көкем - ай», 11. «Қызға сәлем», 12 « Мақпал»,13. «Назқоңыр»(Ай қабақ), 14. «Сәулем – ай».

Тек «Ақбұлақ», «Боз шұбар» өлеңдері - Исатай бастаған шаруалар көтерілісіне және оның жеңілісіне арналған.


Мұғалім :

Тағы да нені байқадыңдар, нені зертттедіңдер , тағы да неге көңіл бөдіңдер?



4- оқушы :

Тоғыз жасқа толмай жатып Мұхамедқанапия әке-шешесінен айырылады. Содан ұлы атасы - сол өңірге әйгілі, жан-жақты білімді Шақшақ шешеннің бауырында тәрбиеленеді. Немересінің ертеңгі күніне көп алаңдаған атасы оны сол кезде ел ішіне сіңісті болған өнер атауларының бәріне үйретеді.

Сегіздің әкесі Баһрам батырдың арғы атасы Толыбай сыншының атақ даңқы бүкіл қазақ сахарасына кең тараған. Толыбай сыншыдан артқы ұрпағына мұра болып қалған егіншілік, құсбегілік, емшілік, атбегілік, қолөнер мен аңшылықтың өзі де аз өнер емес. Соған қарамастан Баһрамнан бастап бұл әулетке батырлық пен балуандық және ақын- әншілік өнері дарып, тамыр жая бастайды.

Кішкентайынан епті де қайратты, әр нәрсеге қызыққыш, талапшыл болып өсіп келе жатқан Сегіздің арнасы қалыптасқан бұл жолдан шығып кетпеуі заңды нәрсе болатын.



5 – оқушы : Әндер жинағымен салыстырғанда оның көп өлеңі, әні халықтық шығармаға айналып, ел ішінде осы кезеңге дейін халық әндері ретінде орындалып жүр. Мысалы : 1977, 1978, 1979, 1992 жылдары шыққан әндер жинағында « Халық әндері» деп берілген. Тіпті соңғы кезге дейін 2008 жылғы 24 наурыздағы «Казахстанская правда» газетінде халық артисі Б.Төлегенова халық әні «Гауһартасты» орындады делінген. Сегіз сері жөнінде соңғы жылдары ғана сөз бола бастады. Алғаш ақынның есімі мен мұрасын еске түсіріп қозғау салған әйгілі жазушы Ғ. Мүсірепов өзінің «Ұлпан» атты романында Сегіз сері туралы былай деп жазады: «Бұл келген Керей аталатын көп рулы елдердің аты шулы ақын- әншілері, жыраулары еді. Ақын Шәрке сал, соқыр Тоқжан ақын, Нияз сері, Сапарғали ақын, т. б. Бәрі де атақты – Сегіз сері ақынның мұрагерлері», - делінген.
Мұғалім :

4 Ал, неге байланысты халықтық шығармаға айналған ? Әндер жинағында мүлде аты берілмеген бе?



6 - оқушы : 4 әні берілген, бірақ авторы берілмей, « халық әндері» деп берілген, ұлылардың өлеңдерінде айтылғандай қазақтың күншілдігі.- Сегіз серіні де айналып кетпеген, оның шығармаларын өзіне қимаған. .

7- оқушы : Сегіз сері - лирик, өлеңдері – көркем, әні әуезді, сабақтың басында айтылғандай оның өлеңдерінің көбі, « Ақбұлақ» пен «Боз шұбардан» басқасы махаббат лирикасына жатады. Өлеңдерін арнаған қыз аттары анық, айқын берілген: Әйкен, Мақпал, Еңлік, Ғайни, Құсни., т.б
Мұғалім: Қазір сол өлеңдерден үзіндіні мәнерлеп оқып жіберіндерші

8– оқушы : «Әйкен – ай» өлеңінде :

Домбыраңды, құрбы қыз, қолыңа алшы,

Біз келгенде сызылтып әнге салшы.

Қайырмасы :

Әйкен – ай! Ән шырқайық, кел, кел-ай



9 - оқушы «Гауһартас» өлеңінде :

Ажарың ашық екен атқан таңдай,



Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай.

Анаңнан сені тапқан айналайын,

Күлім көз, оймақ ауыз, жазық маңдай!

Қайырмасы :

Беу-беу, гауһар тас,

Құсни құрдас,

Раушан жүзің көргенде,

Сәулем-ау сабырым қалмас.

Ажарың ақ түлкідей қашқан құмнан,

Шолпандай таң алдында жалғыз туған.

Жылы су, қолда құман, қарда орамал,

Жібекпен қызыл кәріс белін буған.

10- оқушы : «Ғайни» өлеңінде :

Ғайни қыз, дидарыңа болдым ғашық,

Ойнақтап жүрегімді толқын басып.

Сағынып барғанымда тіл қатпадың,

Күйігі құмарымның кетті асып.

Қайырмасы :

Ғайни-ау, сәулем,

Жүргенім менің бүйтіп сенің әурең.

4- оқушы : «Қызға сәлем » өлеңінде :

Ақ жүзі ай бейнелі кейіпте еді,

Салғаны ән шырқатып бәйіт еді.

Азырақ Мақпал жайлы сөз сұрасам,

Жеңгесі айтпай сырды, кейітеді.

Ат қайда боз шұбардай шаппай желген,

Мақпалдай сұлу қайда қадір білген.

Бойынан Ақбұлақтың келгенімде,

Шақыртпай еш пендеге өзі келген.



Қайырмасы :

Ах-а-ау, сәулем Мақпал-ай,

Өзі келген-ай.

Аха-ха-хау, арман-ай.

5- оқушы : «Еңлік - ай» (Илигай) өлеңінде :

Дос болар деп ұнаттым топтан таңдап,

Әнге қостым атыңды әдейі арнап.

Еңлік-ай сәулем,

Еңлік-ай сәулем,

Еңлік-ай.



6- оқушы : «Көкем-ай» өлеңінде :

Шыңында өскен асқардың сен бір шынар,

Бір, өзіңе, қалқатай, болдым құмар.

Бұраң бел, көкем-ай.

Қасы, көзі қиылып,

Қай жерде отыр екен-ай

Көрмегелі жүзіңді көп күн болды,

Құмарланған көңілім қашан тынар.

Бұраң бел, көкем-ай.

Қасы, көзі қиылып,

Қай жерде отыр екен-ай.

Қайырмасы :

Ел қыдырып іздесем,

Табар ма екем, көкем-ай.

Орта бойлы, қара көз шырайлым -ай,

Бір сөйлеспей өзіңмен тынармын ба-ай!

Бұраң бел, көкем-ай.

Қасы, көзі қиылып,

Қай жерде отыр екен-ай

Сөйлегенде тіліңнен бал тамады-ай,

Сенен көңіл басқаға бұрармын ба-ай

7- оқушы : «Мақпал» өлеңінде :

Ақша жүз, бота көзді, қасың қара,( эпитет)

Шашыңды түнде жуып, күндіз тара.

Ниязбен екеуіміз келген шақта,

Мақпалжан бұлғақтамай бізге қара.



8- оқушы : «Назқоңыр»(Ай қабақ) өлеңінде :

Ай қабақ, алтын кірпік, қызыл ерін, ( эпитет)

Кел десең, неге аяйын аттың терін.

Сары ағаш сазға біткен секілденіп,

Қай жерде отыр екен бұраң белім.



1- оқушы : «Сәулем - ай» өлеңінде :

Айдап салдым жылқымды ақ қауданға,

Жабағы артық, тай семіз көп сауғанға, сәулем-ай.

Қуанғаннан жүрегім от боп жанар,

Ақ білегің сыбанып қой сауғанда, сәулем-ай.

Қайырмасы :

Екі ғана жирен-ай,

Өңшең манат киген-ай.

Оймақ ауыз, күлім көз,

Ғашық жардың сүйгені-ай.

Мұғалім : Зерттеу кезінде тағы да нені байқадыңдар?
5- оқушы :Сегіз сері өлеңдерінің көркемдігінің жоғары біле тұра, (өлеңдерінде эпитет, метафора, теңеу көп кездеседі) Б.Кәртен «Айтысқан азар, тартысқан тозар» деген мақаласында (Қазақ әдебиеті газеті) (20.10.2006) Сегіз Серінікі делінетін шығармалардың көркемдік сапасы әдебиет теориясының талаптарына, шарттарына еш сай келмейтіні туралы жазды.

С.Қосан «Ғасыр жұмбағы» мақаласында: «Сегіз серінің атасы Қожаберген жыраудың « Елім-ай» дастаны жасанды дүние, оны өлең деп қабылдау өнердің көркемдік қасиетін терең түсіне алмау» деп жазады.

Бөрібай Кәртен өз мақаласында « Сегіз сері ойдан құрастырылған ертегі -қиялдың кейіпкері. Ғылым тілімен айтсақ - фальсификация,» - дейді «Қазақ әдебиеті» (20.10.2006)

6- оқушы : Сегіз серінің өмірде болғанын төмендегі ақындардың өлеңдерінен байқауға болады.

Біржан сал :

Ұстазым Сегіз сері, Нияз сері,

Солардан үлгі алған мен Біржан сері.

Жетпіс үш мүшеліме толғанымда,

Дүние теріс айнып кетті кері.

Сегіздей асыл адам жаралмайды,

Халқына болып өткен тым жағдайлы.

Керейден жүз мың әйел ұл тапса да,

Ешбірі Сегіз сері бола алмайды.

Жаяу Мұса :

Жігіттер өнер қусаң Сегізге ұқса,

Шәкірті Сегіз сері атым Мұса.

Қазақтың ел қорғаны мақтаныш қой,

Үш жүзде ер Сегіздей көп ұл туса.
Бөлеген күйге Сегіз ой мен қырды,

Төгетін жиындарда асқақ жырды.

Омбыда Мұқарама сұлуға арнап,

Шығарған алғашқы әні «Назқоңырда



Балуан Шолақ : ... Сегіз серіні көргенім жоқ,

Көрсем де естімей жүргенім жоқ.

Біржаннан қанып оның жолын қудым,

Жақсыны одан артық білгенім жоқ.



Сұлтанмахмұт Торайғыров :

Керейде Қожаберген, Сегіз өткен,

Қазақтың шежіресін жыр ғып шерткен.

Үш жүзге өлеңменен үндеу тастап,

Олар да бірлік үшін еңбек еткен.
Осы шумақтардың өзі – ақ Сегіз серінің тарихта болғанын айғақтамай ма?

Мұғалім : Зерттегендеріңе байланысты Сегіз Сері поэзиясына байланысты сызба жасау керек болатын, жасадыңдар ма?

7- оқушы : Біз бәріміз топпен бірлесе отырып, төмендегідей сызба жасадық
Сегіз сері ( Мұхамедқанапия ) Баһрамұлы Шақшақов 1818- 1854


Ұлы атасы Толыбай сыншы



Өз атасы Қожаберген жырау

«Сегіз сері - атақтының атақтысы»

Ғ.Мүсірепов

8 түрлі қасиеті бар :

1 әнші


2 ақын

3 зергер


4 атбегі

5 құсбегі

6 балуан

7 жыршы


8 батыр






- « Ақбақай»

- «Назқоңыр»

- «Илигай»

- « Сәулем – ай»

- «Көкем – ай»

- « Ақбақай»

емес


СЕ ГІ З С Е Р І





Өлеңдері, әндері :

- «Гауһартас»

- «Қарғаш»

- « Ақбұлақ»

- « Ғайни – ай»

- «Назқоңыр»

- «Илигай»

- « Сәулем – ай»

- «Көкем – ай»

- « Ақбақай»



р
« Сегіз сері ойдан құрастырылған ертегі -қиялдың кейіпкері. Ғылым тілімен айтсақ - фальсификация» Бөрібай Кәртен «Алтын Орда» газеті, «Қазақ әдебиеті»(20.10.2006)

№ 42 -43, (13.04.01).


етінде

1977, 1978, 1979,

1992 ж шыққан

әндер жинақтарына

енген



Тағы да қазақтың күншілдігі.

Өзінікін өзіне қимаған





Мұғалім : Сабақты қорыту, балалар, зерттеу жұмысын жақсы жүргізіпсіңдер, көп жыл « Халық әні» деп келген әндердің көпшілігі Сегіз серінің әндері, өлеңдері екен, жақсы дәлелдепсіңдер.Ақан сері айтпақшы : «Алтынды қорлағанмен жез болмайды», қазақ мақалдарында айтылғандай : «Алмас қылыш қын түбінде жатпайды», «Саф алтынды ешқашан тот баспайды». Көп жыл Сегіз серінің әндерін «Халық әні» деп келді, Егемендіктің арқасында әркімнің өз сыбағасы өзіне тиді. Қазір біз де сал – серілер өнеріне орын берейік, бір кезде өз ауыздарымен таратқан өлеңдер, әндер ел арасында ұмытыла бастаса, енді тарату кезегі сендердің үлестеріңде.

Ал енді , балалар, өткен жылғы 10 – сыныптың , қазіргі 11 – сыныптың оқушыларын Сегіз серінің әндерін орындауға шақырамын, жоғарыда аталған әндерін орындайды


Оқушы білімін бағалау
Үйге тапсырма: Сегіз серінің өлеңдерін әнімен айтуға үйрену, ( келесі жылы сендер де 10 –сынып алдында орындайсыңдар)
Рахметова С.
Каталог: referats
referats -> ӘӨЖ 894. 342. 35 Ә 20 жамбыл әлем түркілері поэзиясының алыбы меңдібай Әбілұлы А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ
referats -> Саттар Ерубаев (1914-1973) Қысқаша өмірбаяны
referats -> ӘӨЖ 951/959 ортағасырлық ТҮркі ғалымдары мен жазушылары ф. М. Махашова №36 қазақ орта мектебі, Тараз қ
referats -> Еуропалық орта ғасыр әдебиеті
referats -> Торайғыров Сұлтанмахмұт
referats -> Ілияс есенберлин
referats -> Сүйінбай Аронұлы
referats -> Сүйіктісі халықтың
referats -> С‰йіктісі халыќтыњ
referats -> Өмірбаяны мен күрескерлік ќызметі с. Д. ¤мірзаќов Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз ќ


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет