Сейдахметов Б.Қ. Дінтану мамандығы, 3 курс Орталық Азия экстремисттердің белсенділігінің ошағы ретінде



Дата25.01.2017
өлшемі53,59 Kb.
#7756
Сейдахметов Б.Қ.

Дінтану мамандығы, 3 курс

Орталық Азия экстремисттердің белсенділігінің ошағы ретінде

Соңғы кездері Орталық Азияда түрлі сипаттағы экстремисттік бағыттар көптеп таралуда. Егер ресми деректерге сүйенетін болсақ, бұл аймақтағы елдерден 4000-ға жуық адам Сирия мен Иракта соғысып жүрген террористтік топтардың құрамында жүр. Қазіргі уақытта Орталық Азияның екі аймағы қақтығыс қаупінде тұр. Бұл аймақтардағы жағдайды экстремисттер өз мүдделері үшін пайдалануы мүмкін. Ең біріншісі Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан жерлерінің түйіскен жері – Ферғана алқабы. Екіншісі Ауғанстанстанның солтүстік аймағының Тәжікстан, Түрікменстан елдерімен шекаралас жатқан жерлері. Бұл алқабтағы жағдайлар ушығып немесе бүлік шығып жатса, Орта Азия елдеріне үлкен соққы болары сөзсіз.

Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің жерлерін біріктіріп тұрған Ферғана алқабы соңғы 30 жылдың ішінде Батыс шығыстанушыларының назарын аудартпай қоймады. Олардың ойынша бұл алқабтың болашағы бұлыңғыр. Бұл алқабтағы Ходжданд пен Исфара қалалары Тәжікстан, Наманган, Әндіжан және Қоқанд қалалары Өзбекстан, ал Ош пен Жалал-Абад қалалары Қырғызстан территорияларында орналасқан. Ферғана өлкесі халқының құрамы аралас болуы, ұлттық сипаттағы қақтығыстар, халық қоныстануының өте тығыз қоныстануы(22000 квадрат километр жерде 11 миллион адамның тұруы), жер және су ресурстарының жетіспеуі, діни экстремизмнің таралуы, жергілікті биліктің саясаты, шекара даулары, есірткі және басқа да заттардың контрабандасы – бұның бәрі аймақтағы жағдайдың тұрақсыздығына жағдай жасайды.

Қазіргі уақытта Ауғанстанның қауіпсіздік қызметі солтүстік Ауғанстанмен Орталық Азиямен шекаралас жерлерінде өздерін ИШИМ-ге қатысты санайтын топтардың бар екені жайлы хабарлайды. Ауғандық Бадахшан аймағындағы экстремисттердің «Ислам мемлекетіне» өткені және өздерінің бұрынғы туларын ишимдықтардың қара туына ауыстырғаны жайлы расталады. Қазіргі уақытта тәжік шекарасында бес мыңға жуық, ал түрікмен шекарасында екі мыңға жуық ИШИМ жауынгерлерінің орналасқаны жайлы айтылады [1].

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында осы заманның жаһанды тартулары мен дағдарыстарын анықтау және қарсы тұру жүйесі дамып жатыр, оның ішінде халықаралық терроризмге, саяси және діни экстремизмге, ұлтшылдық пен сепаратизге, әлеуметтік және ұлтаралық даулардың алдын алу мен залалсыздандырудың механизмдері жасалады. Бұл ретте Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев былай деп атап көрсетті: «Қазақстанда терроризм, сепаратизм және экстремизм проблемалары бар. Әсіресе халықаралық терроризмнің кең қанат жайғанын және халықаралық қауымдастық пен аймақтардың саяси-әлеуметтік және экономикалық мәселелерімен ұштасып, саясиланғанын ескерсек, олардың тарапынан туындаған қауіп ойдан шығарылған емес, нақты және шынайы өмірлік қауіп».

Тәуелсіз даму жылдары кезеңінде Қазақстандағы діни жағдай күрделі өзгерістермен сипатталды. Қазақтардың қайта исламдануы мен славян арасындағы православиенің өркендеуі халықты өзге діндерге, сантүрлі көптеген сдіни ағымдарға, секталарға белсенді тартумен қатар жүріп келеді.

ҚР қалыптасқан ахуалды талдай келе, ғалымдар экстремизмнің бірнеше түрін белгілейді:

-       діни экстремизм – қоғамда діни құндылықтарды күштеп енгізу;

-       этникалық экстремизм – қоғамдық өмірдің барлық саласында титулды этносты үстемдетудің мемлекеттік саясатына қарсы тұру;

-       саяси экстремизм – саяси мүдделерді күштеп жүргізу;

Бүгінгі күні кеңінен қанат жая бастаған діни экстремизм мен терроризм проблемасы әлемдік қауымдастықтың саяси-әлеуметтік және экономикалық мәселелерімен ұштасып отыр. Демек, дінді саясиландыруға бағытталған үрдістердің бар екендігін жасыруға болмайды. Үстіміздегі ғасырдың басынан террорлық акт жаңаша сипат алып, терроризммен күрестің бұрын тарихта болмаған халықаралық жаңа кезеңі басталды десек артық айтқандық емес. Сондықтан, елімізде және аймақтағы елдерде орын алуы мүмкін үлкен террористік әрекеттердің алдын алу үшін Орта Азиядағы діни экстремизмнің саяси-әлеуметтік негіздерін зерттеу – өте өзекті мәселе.

Біріншіден, діни-экстремистік бағыттар мен пікірлер бүгін ғана пайда болған құбылыс емес. Оның ертеден келе жатқан тарихы бар. Қазіргі террористік әрекеттердің мәнін түсінуде адамзат тарихындағы діни көзқарастар мен ұстанымдарды ғылыми жағынан зерттеудің маңызы ерекше. Өйткені ол, осы кездегі діни экстремизм мен терроризмнің саяси-әлеуметтік негіздерін анықтауға жәрдемдеседі.

Екіншіден, қазіргі Қазақстанның территориясы көне замандардан бері Батыс пен Шығыстың, Оңтүстік пен Солтүстіктің транзиттік қақпасы болып келді. Табиғи ресурстардың барлығы өз алдына бөлек әңгіме. Сондықтан, біздің еліміз бен жеріміздің геосаяси жағдайы ертеде де, бүгін де сыртқы күштер үшін өте маңызды мүдделер тоғысқан аймақ болып келді. Осы тұрғыда біз еліміздің ерекшелігін ескере отырып, Отан мен жерді болашақтағы түрлі қақтығыстардан сақтайтын әдіс-тәсілдерді жасап, дайындауымыз қажет.

Жалпы, экстремизмнің қаупі мен зияндылығы турасында мерзімді баспасөзде аз айтылып жүрген жоқ. Кез-келген дертпен оның асқынған кезінде күреспей, алдын-алып, белгілерін біліп жүру өте маңызды.

Ғылыми әдебиеттерде салафиттік ағымның идеялары мен дағуаттарын «Таблиғи жамағат» сияқты топтар таратып, «Әл-Каида» мен оған қанаттас «Орталық Азия моджахеттер жамағаты», «Ислам Жиһады одағы» ұйымдарының «шаһидтері» жүзеге асыратыны да, заңсыздықтары да дәлелденген. Шетелдік шейхтар мен әмірлерден келген «аяндар» бойынша 2007 ж. Шымкент қаласындағы ОҚО ҰҚК ғимаратын жарып, Президент саясатына қанды сойқанмен қарсылық көрсету олар ұстанатын «таза ислам» бастауларының қайда екенін меңзесе керек. Мешіт айналасы мен жекелеген астыртын үйлерде үгіт-насихаттарын жүргізетін олар дінге алғаш қызығушылық танытқан жанға түрлі діни әдебиеттер, интернет материалдары мен аудио және бейне таспалар ұсынады. Жан-жақты идеологиялық және психологиялық өңдеуден өткен адамға біртіндеп отқа оранған Ауғанстан, Шешенстан мен Таяу Шығыстағы террактлер мен оның «рухани» дем берушілерінің сөздері үлгі ретінде көрсетіледі. Хужраларда (шағын топтарда) пісіп-жетілген «таза ислам» мүшелері елде жоқ тікелей жарылыс жасаушы, үгіт-насихат жүргізуші, алдап-арбаушы, шетелге шығу үшін жалған құжат жасауды жүзеге асырушы сияқты кәсіптерді игеріп, жан-тәнімен жиһадқа аттанып кете барады.

Көптеген тәуелсіз сарапшылардың пікірінше, Қазақстан және басқа да Орталық Азиялық республикаларда әртүрлі экстремистік діни ағымдарды құрудағы басты мақсат – ол осы елдердегі мұсылмандар арасында бөлініс туғызу болып табылады. Сарапшылар, сондай-ақ «Салафия» ағымын Сауд Арабиясы мен АҚШ немесе Ұлыбритания сияқты ірі әлемдік державалардың қаржыландыратынын да жоққа шығармайды, себебі «Салафия» Иран мен исмаилиттерге жау ағым болып табылады.

Сонымен қорытындылайтын болсақ, Орталық Азия өңіріндегі жағдай негі­зі­нен ұлттық қиын проблемалармен, қалыптасқан ішкі және мемлекетаралық саяси-экономикалық, сондай-ақ аумақтық қарсы тұрушы­лықпен тығыз байланысты. Өңірдегі жағдайды түрлі діни экстремистік құрылымдар мен террорис­тік ұйымдардың іс-әрекеті одан әрі қиындата түсуде. Тұрақтылық болмаған елде әлеуметтік-экономикалық мәселелер шешілмейтіндігі, экономика өсіп-өркендемейтіндігі белгілі. Жалпы, Орталық Азия өңірінде террористік пен діни экстремизмнің таралу қаупі ұзақ мерзімдік сипат алып барады. Өйткені, Ауғанстандағы, Пәкістандағы, Сириядағы қалыптасқан жағдайлар діни экстремистік және террористік ұйымдардың қызмет етуіне қолайлы болып отыр [2].

Жалпы діни экстремизм және терроризм Орта Азиядағы ғана проблема емес, ауқымдылығы жағынан жаһандық болып табылады. Бұл індетпен күресу үшін халық арасында бұндай идеялардың соңынан еріп кетпейтіндей иммунитетті қалыптастыруымыз қажет.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Таи А. Центральная Азия как очаг активности экстремистов // www.inosmi.ru

  2. Акжолова М. Діни қауіпсіздік - елдің негізгі басымдықтарының бірі // www.rusnauka.com

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет