Секция: әдебиет Жетекшісі: Алпыспаева Гульбану Аманбаевна Егіндікөл



бет1/2
Дата15.09.2017
өлшемі5,08 Mb.
#32780
  1   2
Ақмола облысы

Егіндікөл ауданы

Алакөл орта мектебі

Рахметова Рабиға

6 «а» сынып

Абай Құнанбаевтың аудармалары

Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және

болашаққа саяхаттық бағдар



Секция: әдебиет

Жетекшісі: Алпыспаева Гульбану Аманбаевна

Егіндікөл

2011

Мазмұны

Абстракт ................................................................................................3-4

Кіріспе ....................................................................................................4-5

І бөлім ....................................................................................................7-11

ІІ бөлім ...................................................................................................12-14

ІІІ бөлім .................................................................................................15-18

Қорытынды ..........................................................................................19

Қолданылған әдебиеттер ...................................................................20

Жетекшінің пікірі .........................................................................21

Рецензия ...............................................................................................22

Қосымша ..............................................................................................23

2

Абстаркт



Зерттеу мақсаты - Абайдың аударма лирикасын зерттеу

Зерттеу міндеті 1. Абай дың өмірі мен шығармашылығы туралы тереңірек білу.

2. Аударма тілін оқып үйрену

3. Абай аудармаларындағы назирагөйлік

Гипотеза Меніңше, Абайды оқымаған қазақ - қазақ емес

Зерттеу нысаны Абай Құнанбаев

Зерттеу пәні Абай аударған шығармалар

Зерттеу әдістері табылған ақпараттарға қорытынды жасау

алған ақпараттарды саралай білу



Зерттеу жаңалығы мен Абай өмірінің сан-қилы оқиғаларымен таныс болдым, оның барша қазақ баласына айтпақ тәрбиелі нақыл сөздерін ұқтым

Жұмыстың нәтижесі мен шешімі – зерттеу барысында менің үйренгенім:

  1. Пайдалы ақпараттарды өз бетіммен іздеу

  2. Архив құжаттарымен танысу

  3. Табылған ақпараттарды сараптау

  4. Шешім қабылдай алу

Зерттеу жұмысының негізгі тұжырымы:

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе,

Адалдықты көздесең, жаттап тағы көңілге ...». С.Торайғыров.

Зерттеу барысында Абай атамыздың асыл сөздерін оқи отырып, көңілге тоқи отырып түсінгенім, болашақ ұрпақ біздің ғана сезімімізге данышпан бабаларымыздың асыл қасиеттерін сіңіруді, Абайдай халық қамын ойлайтұғын саналы азамат болып қалыптасу, қазіргі өмір талабы біздерге, яғни жас ұрпаққа жүктеп отыр. Сондықтан, мектеп табалдырығын аттағаннан бергі осы уақыт ішінде Абай туралы бар білгенімді осымен тоқтап қалмай алдағы уақытта ары қарай ізденуді жалғастырамын.



Практика жүзінде қолданылуы: оқу конференцияларында, қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында, тарих, орыс әдебиеті сабақтарында, газеттерге мақала беруде.

3

4



Кіріспе

«Менің бабаларым мен ертеңгі ұрпағыма

Абайдан артық, Абайдан ұлы,

Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс».

Н.Ә.Назарбаев.

Аударма – өте кең ауқымды ұғым. Өз ойыңнан шыққан сөзді басқа тілге аудару, оның ұйқасын келістіріп табу, кез келген адамның қолынан келе бермейді. Бір тілден екінші тілге өлең мен проза, драматургия мен публицистика, ғылыми кітаптар мен димломатиялық құжаттар, мақалалар мен баяндамалар, іс қағаздар мен газет бетіндегі жарнамалар, адамдардың бір-бірімен сөйлесуі мен әр түрлі ңұсқаулар, кинофильмдер... яғни, жазылатын және оқылатын материалдардың барлығын аударуға болатынына көзім жетті.

Бірақ мен өз зерттеуімде негізінен көркем аударма мен ең бастысы ақындық аударманы қарастырдым.

Көркем аударма – аударманың ең қиын, көп тармақты түрі. Сондықтан да зерттеушілердің көбі көркем аударманы «Жалпы аударма» курсы ретінде қарауды ұсынғандары кездейсоқ емес.

Қазақстан Республикасының егеменді ел ретінде бүкіләлемдік деңгейге көтерілуінің барысында менің болашақ өмірімде аударма жұмысы белгілі бір орынды алады деп ойлаймын. Осыған байланысты аударматанудың да деңгейі жоғарыға көтеріледі деген ойдамын.

Қазақ тіл білімі мен әдебиеттануда аударма ауқымды орынды алып жатқан жоқ. Бірақ, бұған қарап, аударманы зерттеу толық дамымаған деп айтуға болмайды. Зерттеу кезінде оқып білгенім, жалпы, бар әлемде аударматану ғылыми зерттеу негізінде ХХ ғ-дың II-ші жартысында ғана

5

бекітілген. Ал қазақ елінің аударма жұмысының негізін салушы М. Әуезов болып табылады. М.Әуезовтың соңынан аударма мәселесімен айналысқан ғалымдар мен жазушылар С. Талжанов, О. Айтбаев, Н. Сағындықова, А. Сатыбалдиев, З. Тұрарбеков, С. Нұрышев, М. Жанғалин, С. Сейітов; аударма жұмысының мәселесі туралы докторлық диссертациялар жазылды. 2007 жылға дейін филология ғылымы бойынша 2 докторлық, 28 кандидаттық диссертация аударма тақырыбы бойынша қорғалған. Бұның өзі қазақ аудармасының едуір биігіне көтерілгенін айтады.



Жалпы, менің көзқарасым бойынша, аударма жұмысына қазақ халқының ақындық өнерінің таланттары түгелдей атсалысқан. Осы таланттарымыздың арқасында ұлттық поэзияның көркемдік қоры толықтырылды. Кең ауқымды аударма жұмысы орыс халқының өлеңдерін аударумен болған, өйткені біздің орыс халқымен өмір тарихымыз ортақ. Сондықтан да орыс тілі арқылы әлемдік поэзия, халықтар поэзиясы біртұтас елді танытып отыр. Ал аударманың дамығаны соншалық, түбіміз бір түркі тілінен ғана емес, қазіргі таңда басқа да ұлттардың шығармаларымен таныс болып отырмыз.

Зерттеу жұмысымен айналысқан уақыттың ішінде мен көптеген мағлұматтармен таныстым. Осы жолда маған көп көмек көрсеткен жетекшім Алпыспаева Гүлбану Аманбаевнаға алғысымды білдіремін. Зерттеу барысында дұрыс бағыт – бағдар беріп, сан түрлі әдеби кітаптармен, ақын – жазушылардың шығармаларымен толығырақ танысуымның себебі де жетекшімнің берген кеңестерінің орындалуынан. Кітапханалардан жинаған қосымша әдебиеттерді бірге қарап, талдап, танып, білуім де жетекшімнің осы жұмысты орындау кезінде дұрыс жол сілтегенінің жемісі деп білемін.

6

І бөлім

Абайдың аударма лирикасы. Абай шығармашылығы – өте күрделі, кең көлемді. Кейде, Абайды оқи келе оның мен үшін ақын, философ, аудармашы және композитор ғана емес, былай айтқанда жақын туыс, туғанымдай сезінемін. Ұлы ақынның шығармашылығымен таныса келе көптеген нақыл сөздерді маған айтқандай, ақынмен сөйлескендей боласың. Бір сөзбен айтқанда, қуанышыңды да, қайғыңды да ақынның өлеңдерімен басасың.



Қазақ халқының Абайды құрметтеуі, қадір тұтуы соншалық, белгілі бір мәселелерді дәлелдеген уақытта «Абай атамыз былай айтқан» дегенді айтамыз. Мен, әрбір қазақтың баласы Абайдың томын қолына алып, оның өлеңдері мен шығармаларын оқып, оны өзінің жан дүниесімен сезініп, өзіне есеп берсе, қандай болар деп ойлаймын. Ұлы ақынның нақыл сөздерін оқи атырып, «Осы дүниеде қалай өмір сүремін? Абайдың айтқандарын орындап жүрмін бе, оның сөздерінен белгілі бір шешім жасадым ба, биіктерге талпындым ба, осы айтылғандардың барлығын адам баласы болып дүниеге келгендіктен дұрыс жолға нұсқадым ба?» - деп өзіне – өзі есеп беріп отырса, адамзаттың барлығы ақылдарымен дұрыс жолға түсер еді деп ойлаймын.

А.С.Пушкиннен аударғандары:

  • Онегиннің сипаты.

  • Татьянаның Онегинге жазған хаты.

  • Онегин сөзі.

  • Онегиннің Татьянаға жазған хаты.

  • Татьяна сөзі.

  • Ленский сөзінен.

  • Онегиннің өлердегі сөзі.

М.Ю. Лермонтовтан аударғандары:


  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет