Секция: Экономика Жас ізденуші: 8 «В» сынып оқушысы Серік Ботакөз Ғылыми кеңесшісі



Дата16.01.2020
өлшемі71,92 Kb.
#55932
Байланысты:
docx1537721469

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ, ҚАРАСАЙ АУДАНЫ, АБАЙ АУЫЛЫ

«АБАЙ АУЫЛЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҚПЕН» КММ

ҒЫЛЫМИ ЖОБА

БИЗНЕС ЖӘНЕ МАТЕМАТИКА

Бағыты: жаратылыстану

Секция: Экономика

Жас ізденуші: 8 «В» сынып оқушысы Серік Ботакөз

Ғылыми кеңесшісі:

Абай атындандағы ҚазҰПУ-нің информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Сағымбаева А.Е.



Ғылыми жетекшісі:

математика пәні мұғалімі Куанышева А.З.

2015 жыл

Абай ауылы

«Абай ауылындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ

Дарынды оқушылармен жұмыс



Оқушының

аты-жөні


Тақырыбы

Жетекшісі

Жұмыспен айналысқан мерзімі

1

Серік Ботакөз

Бизнес және математика

Математика пән мұғалімі Куанышева А.З.

2015 жыл қантар айынан


8-сынып оқушысы Серік Ботакөздің

«Бизнес және математика» атты ғылыми жобасына

СЫН ПІКІР

8-сынып оқушысы Серік Ботакөздің ғылыми жобасы математика пәні мұғалімі Қуанышева Айнұрдың жетекшілігімен орындалған. Ғылыми жобада математиканың бизнестегі рөлі ашылып көрсетіліп, онда қолданылатын негізгі әдіс-тәсілдері жан-жақты талдап зерттелген. Зерттеу барысында қазіргі заман талабына сай математиканың элементтерін шағын және орта бизнеске қолдауға нұсқаулар берілген. Оқушы ғылыми жұмысының тақырыбына байланысты математикалық есептерге талдау жасаған. Ол өз ойын шеберлікпен сауатты жеткізу тұрғысынан дайындығын байқатты.

Ғылыми жұмысының материалы жүйелі түрде құрылған. Ғылыми жобасының тілі жатық, құрылымы – жоспарға сай. Әр тараудан соң қорытынды түйіндер жасалған. Ғылыми жобасының ғылымилығы, оқушының көп ізденгені, теориялық әдебиеттерге шолу жасап, көрнекті ғалымдардың еңбектеріне сүйенгендігі тақырып бойынша терең жұмыс жүргізгендігін байқатады. Айтарлықтай ескертулер жоқ. Сондықтан, бұл ғылыми жұмысты «өте жақсы» деген бағаға бағалап, қорғауға жіберуге болады деп сенім білдіремін.

Ғылыми кеңесшісі:

Абай атындандағы КазҰПУ-нің

информатика және білімді ақпараттандыру

кафедрасының профессоры, педагогика

ғылымдарының докторы Сағымбаева А.Е.

ПІКІР

Жоба зерттеудің мақсаты мен міндетін айқындайтын кіріспе бөлімнен, алты тараудан, қорытынды бөлімнен, пайдаланған әдебиеттерден тұрады. Аталған ғылыми жобада оқушы тақырыптың өзектілігін, жұмыс жазу барысында алға қойған мақсаты мен міндеттерін атап өтеді. Оқушы математикалық есептерге қатысты жазылған ғылыми теориялық әдебиеттермен танысып шыққан. Оқушы алдымен математиканы пайдалана отырып, бизнес жүргізгенде қандай маңыздылығы бар екеніне түсінік бере кетеді. Жұмыстың тарауында әрбір тақырыптан соң бизнеске қатысты математикалық есептерге сілтеме жасалады.

Негізгі бөлімінде біріншіден бизнес ұғымына талдау жасалған. Қаржылық математика, капитал, кіріс, пайыз, несие, депозит туралы түсінік беріліп математикалық есептермен дәлелдеу жасап отырылған.

Қорытынды бөлімінде адамды ойға салатын мынандай нақыл сөздер келтірілген «Математика дегеніміз Жер шары, ал амалы бүкіл Галактика», «Математика сабақталған ине сияқты, барлық басын қосып, біріктіріп тігуге үлкен көмек жасайды. Келешекте адамдардың ұғысатын ең қысқа тілі математика болады», «Математика адам тіршілігіне қажет ғылым. Қоғамда тіл қалай қажет болса, математика тілі де сондай қажет, ол табиғаттың тікелей тілі».

Ботакөз тақырыпты толық ашуға әрекет еткен. Тұжырым, дәлелдемелері ғылыми негізде тиянақталған. Зерттеу жұмысы талабына сай жазылған және өзіндік пікірі бар.

Ғылыми жетекшісі,

математика пәні мұғалімі Куанышева А.З.

ТЕЗИС

«Абай ауылындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ 10 «Ә» сынып оқушысы Тұрысбекова Аймара «Бизнес және математика» тақырыбында ғылыми жұмыс жүргізді.

Ғылыми кеңесшісі – Абай атындағы ҚазҰПУ-нің информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Сағымбаева Айнұр Есенғазыевна.

Ғылыми жетекшісі – математика пәні мұғалімі Куанышева Айнұр Заряновна. Ғылыми жұмыс жобасында математиканың бизнес басқарудың маңызды бөлігі болып табылатыны жайлы зерттеу жүргізді.



Жұмыстың жүру тәртібі:

  1. Жұмысты бастамас бұрын бизнес-жоспарларды қалай құрайтындары,

қандай түрде жазылатынын ескерілді. Маркетинг, менеджмент т.б. бизнеске қатысты ұғымдармен таныстық.

  1. Зерттеу жұмысын жүргізуге қажетті әдістемелермен танысу үшін

қажетті мағлұматтар жинақталды.

  1. Әдістемелерді пайдалана отырып бизнеске қатысты математиқалық

есептерді іздестіріп, математика бизнеске қалай көмектесетінін зерттелді.

Кіріспе бөлімінде Қазақстан Республикасынын Президентінің Н.Ә. Назарбаевтің шағын және орта бизнесті қолдау жайлы нұсқаулығы қарастырылды.

Негізгі бөлімінде сарапшыларға, маркетологтарға, менеджерлерге, инвесторларға математика заңдары бизнес өмірінде маңызды роль атқаратыны жайлы зерттеу жұмыстары жазылған.

Жұмысты қортындылай келе оңай өзекті мәселелерді шешуге немесе табыстың жолында қиын кедергілерді еңсеруге болатынын математиканың қарапайым теориясын білу жеткілікті екендігіне көз жеткізілді.



ТЕЗИС

Ученица 10 «Ә» класса КГУ «Средней школы поселка Абай с дошкольным мини центром» Турысбекова Аймара подготовила научную работу на тему «Бизнес и математика».

Научный консультант: профессор кафедры информатики и информатизации образования, КазНПУ имени Абая, доктор педагогических наук Сагимбаева Айнур Есенгазыевна.

Научный руководитель: учитель математики Куанышева Айнур Заряновна. В данной работе научного проекта осуществляется исследование того, что математика является важной частью управления бизнесом.



План проведения работы:

  1. Перед началом работы, ознакомилась с составлением бизнес-планов, в

каком виде они пишутся. Ознакомилась со словами, что означают маркетолог, менеджмент и т.д.

  1. Для проведения исследовательской деятельности и ознакомления с

необходимыми методиками проведения работ, была собрана соответствующая литература

  1. Используя существующие методики работы, пыталась найти

математические задачи, касающие бизнеса. И как математика помогает в бизнесе.

Во введении, представлено послание Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева о поддержке малого и среднего бизнеса.

В основной части, в ходе исследования изъяснено как законы математики помогают аналитикам, маркетологам, инвесторам, руководителям и владельцам бизнеса

В заключении, сделан вывод, что достаточно знать самые простые теории – и можно легко решать насущные вопросы или преодолевать сложные препятствия на пути к успеху.



Thesis

The student of the 8th form of KGU « Secondary school of the village Abay with preschool mini centre » Serik Botakoz has prepared scientific work on theme «Business and mathematics».

The scientific consultant: Sagimbaeva Ainur Esengasievna, professor of the department of the information science and informatizations of the education, Kaz NPU named after Abay, doctor of the pedagogical sciences.

The scientific leader: Kuanysheva Ainur Zaryanovna, mathematician.

In given working the scientific project is realized study that mathematics is an important part of business management.

Plan of the carrying out the work:



  1. Before beginning of the work it was learned the formation of business – plan, in what type they were written and words that mean marketing, management and etc.

  2. It was collected necessary literatures for carrying out the research activity and it was used necessary methods.

  3. Using existing methods of the work I tried to find the solution of mathematical problems concerning business and proved that mathematics helps in business.

In introduction it is presented the letter of the President of the Republic Kazakhstan N.A. Nazarbaev about support of small and average business.

In the main part it becomes clear that the laws of mathematics help the analysts , managers, investors, leaders and owners of the business.

In conclusion, it is made conclusion that it is enough to know the simple theories and you can solve the essential questions easily or overcome the difficulties on the way to success.

Аннотация

Зерртеу жұмысының тақырыбы: «Бизнес және математика»

Жұмыстың құрылымы:

Ғылыми жоба – кіріспеден, негізгі бөлімінен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.



Зерттеу жұмысының көлемі: 23 бет

Пайдаланған әдебиеттер саны: 5

Ғылыми жобаның орындалу әдісі:

Ғылыми – әдеби оқулықтарды пайдалана отырып ізденіс жасау, зерттеулер жүргізу, мамандардан кеңес алу.



Зерттеу жұмысының мақсаты: тәжірибеде қаржылық математиканың негізгі ұғымдар мен әдістерін қолдануды енгізу және ғылыми тұрғысынан математика және бизнес қарым-қатынас қарастыру

Зерттеу міндеттері: бизнес және математика қарым-қатынасын терең зерттеу

Зерттеудің өзектілігі: бизнес пен математиканың қарым-қатынасы, бүгінгі таңдағы маңызы

Зерттеу мәселесі: математика бизнестік өмірде, экономикада алатын орны

Зерттеу болжамы: бизнес және математика қарым-қатынасын зерттеу, талдау жасау, деректер жинау

Зерттеу пәні: математика

Зерттеу кезеңдері: тану, іздестіру, кездесу, зерттеу, жазу

Мазмұны:

Кіріспе ......................................................................................................... 9-10

I тарау. Математика – бизнестің маңызды бөлігі


    1. Қаржылық математика кімге қажет болып табылады?........... 11

    2. Бизнес жүрегіндегі кілт ............................................................... 12

    3. Зерттеу деңгейлері......................................................................... 12-13

II тарау. Капитал

2.1. Капитал туралы жалпы түсінік.............................................................13

2.2 Қайтарым деңгейі мен табыс ағынды бағалау есебі ........................ 13-14

III тарау. Пайыз

3.1. Пайыз дегеніміз не?........................................................................... 14

3.2 Қарапайым пайыздар.......................................................................... 14-15

3.3 Күрделі пайыздар сипаты және пайда болуы.................................. 15-16

IV тарау. Инфляция , номиналды және нақты пайыздық мөлшерлемелер

4.1 Инфляция дегеніміз не?.........................................................................16

4.2 Номиналды және нақты пайыздық мөлшерлемелер......................... 16-17

4.3 Кім инфляция кезінде кім жеңіледі және кім оны пайдаланады...17

V тарау. Кіріс

5.1 Кіріс түсінігі......................................................................................... 17-18

5.2 Тиімді пайыздық мөлшерлемелер тұжырымдамасы...................... 18

VI тарау. Несие

6.1 Қандай несие таңдау керек?................................................................. 18

6.2 Кіріс пен тәуекел.................................................................................. 19-22

Қорытынды .................................................................................................. 22

Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................... 23

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауында «шағын және орта бизнес – XXI ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы», деп атап көрсетіп, ел экономикасында шағын және орта бизнестің үлесі артқан сайын Қазақстанның дамуы да орнықты бола түсетіндігіне және оған мол мүмкіндіктердің бар екендігін атап өтті. Сонымен қатар, Ел Президенті шағын және орта бизнесті өркендету мақсатында Үкіметке біршама тапсырмалар берді. Атап айтқанда, бизнесті дамытуға кедергі келтіретін енжар құқықтық нормалардың күшін жою, осы сектор субъектілерінің күйреуінің нақты тетіктерін енгізу, шағын және орта бизнес индустриалды-инновацияны дамытуға негіз болуы қажет, сонымен қатар Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып жұмысын жаңа бастаған бизнесмендерге әдістемелік көмектің тиімді тетіктерін жасау.

Бүгінгі күні шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту объективті қажеттілік екендігіне көзіміз жетеді. Оны экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отыр, яғни ЖІӨ-дегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 50-60 % құрайды. Оның негізгі себептеріне тоқталатын болсақ, біріншіден, ел экономикасының қарыштап дамуына негіз болады, екіншіден, халықтың жұмыспен қамтылуына жағдай жасайды, үшіншіден, жалпы ішкі өнімнің көлемін арттыруға оң әсерін тигізеді.  Дегенмен, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын, соның ішінде, заңнамалық қамтамасыз ету; шағын және орта бизнесті индустриаландыруда әдістемелік көмектің тиімді тетіктерін енгізу маңызды болып табылады.

Шағын және орта бизнесті қалыптастыру мен дамытудың өзіндік артықшылықтары мен кемшіл тұстары да бар. Шағын және орта бизнестің шетелдік және отандық  даму тәжірибелерін талдай отырып, мынадай артықшылықтарын атап өтуге болады:



  • шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметінің тәуелсіздігі;

  • нақты шешімдерді қабылдауға және оны орындауға икемділігі, соның

ішінде шығындарды басқару барысында;

  • бизнесті жүргізуде жергілікті талаптарға тез бейімделуі;

  • бәсекелестік ортаның қалыптасуы;

  • кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында көп шығынның

жұмсалмауы;

  • кәсіпкерлер мен тұтынушылар ерікті түрдегі таңдауларға ие болады.

Сонымен қатар, шағын және орта бизнес өкілдері жергілікті нарықтағы сұранысты жақсы біледі, жергілікті еңбек және материалды ресурстарды кең көлемде қолданады.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің кемшіліктері:

  • тәуекел деңгейінің жоғары болуы;

  • нарық талабына сай басшылардың шаруашылық субъектілерін

ұйымдастыру мен басқару қабілеттерінің төмендігі;

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінде сәтсіздіктердің болуына ішкі себептермен қатар сыртқы факторлар да әсер етеді. Көп жағдайда басшылардың бизнесті басқара білу икемділігі мен кәсібилілігінің төмендігі әсер етеді.

Шағын және орта бизнесті қалыптастыру мен дамытудың өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктерін зерттеуімді, осы арнада жұмыс жүргізуіме түрткі болып, ғылыми жобаның тақырыбын «Бизнес және математика» деп алынды.



НЕГІЗГІ БӨЛІМ

I ТАРАУ. МАТЕМАТИКА - БИЗНЕСТЕ МАҢЫЗДЫ БӨЛІГІ

    1. Қаржылық математика кімге қажет болып табылады?

Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтін түрі. «Бизнес» сөзінің мағынасы Америка Құрама Штатынан шыққан сөз – «іс» деген мағынаны білдіреді. Ал ағылшын тілінен аударғандағы мағынасы – «жұмыс».

Біріншіден қаржылық математика үғымына тоқталайық.

Қаржылық математика – бизнестің кішігірім бір бөлігі болып табылады , бірақ өте ауқымды және қолданысты.

Қаржылық математика - коммерциялық және қаржылық операциялардың параметрлерін зерттейді.

«Қаржылық математика кімге қажет болып табылады?» деген сұраққа: өздерінің бизнестерін өткені мен болашағын талдайтын менеджерларға, білікті жұмысшыларды жалдау мүмкіндігі жоқ, шағын және орта кәсіпкерлерге, бухгалтерлерге және экономистерге.

Кәсіпкерлерге және экономистерге қаржылық математика маңызды, бірақ қарапайым инвесторлар үшін негіздерің білгені жөн.



Мысалы: «Жылына 1000 % қанша есе артық?». Шешімі: 100% +1000% = 1100%, 1100% /100% = 11. Сонда салынған капитал 11 есе өседі дегеніміз.

«Инфляция 140% құраса, онда бағалар қанша есе өседі?». Жауабы - 2,4 есе өседі (140% +100%)/100% = 2.4)

Түрлі қаржы құралдарының гүлденіп тұрған кезінде, заңды және заңсыз , қарапайым және күрделі , әрине, шындыққа жанаспайтын төлем жасауға уәде беретін де адамдар бар, сол үшін кәсіпкерлер мен экономистер ғана емес , сонымен қатар қарапайым азаматтарға коммерциялық және қаржылық операциялар пайдалары мен шығындарды салыстыру негіздерімен танысуға қабілетті болуы тиіс.


    1. Бизнес жүрегіндегі кілт

Қаржылық математика - сондай-ақ бизнестегі өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Себебі ол бизнестің мәнін түсіну кілті болып табылады.

Сіз қаржылық математиканы меңгеру үшін - геометриялық прогрессияны шешу жолын, дәрежелік функцияны, пропорцияны, пайыздық және сирек жағдайларда логарифмдік есептеулерді, теңдеулер жүйесін шешу жолдарын білу керексіз.

Қаржылық математика төлем схемаларды және сыйақыны есептеу ережелерін зерттейді. Ол «Қандай ықтимал қаржылық операцияларға неғұрлым тиімді?» деген сұраққа объективті жауап береді.

Мысалы: « Салымшы банктен бір жылдан кейін, өзінің жинақ пайыздық ақшасын 15000 тг алды. Соған 85000 тг қосып, ақшаларын тағы бір жылға қалдырды. Сонда екінші жылдың аяғында салымы 420000 болды. Бастапқыда теңгемен қанша сома негізделген және банктің сомасы неше пайызбен берілген?»

(Шешімі: бастапқы сомасы – 300000 тг, банк пайызы – 5%)

Егер несие схемасы немесе басқа мәмілі қарапайым болып табылса, жақсы. Бірақ шығындар мен кірістер ағындары тұрақты емес кезде , неғұрлым күрделі жағдайларда, кірістілікті өлшеу қалай болады?

Менің міндетім табыстылығын есептеу жолын көрсету үшін ғана емес, сондай-ақ тәжірибелік ұсыныстар, экономикалық мағынасына талдау жасауға және алынған нәтижелерге нұсқаулар беру.



    1. Зерттеу деңгейлері

Қаржылық математиканы зерттеудің бірнеше деңгейі бар.

  1. Сипаттама деңгейі

  2. Аналитикалық деңгей

  3. Ғылыми-зерттеу деңгейі

  1. Сипаттама деңгейі - осы деңгейде формулалар мен алгоритмдеріге

дәлелдеусіз беріледі. Есептеулер шамамен формула бойынша барынша жеңілдетіледі. Капиталдың басты ерекшелігі – пайыздық мөлшерлемелерді әкелуге қабілетті болып табылады.

  1. Аналитикалық деңгей - осы деңгейде формулалар дәлелденеді.

Сипаттамасы дерексіз және жалпы түрде құрылады. Есептер тұжырымдамалап беріледі.

  1. Ғылыми-зерттеу деңгейі – осы деңгейде жаңа қаржы құралдарын

талдайды және кеңес проблемаларын талқылайды. Бұл деңгей инфляция әсерін ғана талқыламай, сонымен қатар қорытындысын береді.

II ТАРАУ. КАПИТАЛ

2.1. Капитал туралы жалпы түсінік

Капитал – қанша ақша бизнеске салғаның емес, канша ақша пайда алғаның. Осының бәрін бағалау үшін математикалық сауаттылық және экономикалық ойлау қабілетің болу керек.



2.2 Қайтарым деңгейі мен табыс ағынды бағалау есебі

Пайда әкелетін зат капитал болса, онда құрылыс жабдықтармен ғимараттар, табиғат ресурстар, қаржы капиталдар да (құнды қағаздар, банктегі ақшалар т.б) капитал болып саналады.

Капиталдың басты ерекшелігі - пайыздық табыс әкелуге қабілетті болып табылады.

Мысал: «Жылдың қорытындысы бойынша компания 16 млн $ пайда көрді. Компанияның басқармасы шешім қабылдады : акционерлерге дивидентер төлеу үшін көрген пайданың 25% бөліп беруге шешті. Әрбір акциялар 1000 $ - ға бағаланатын 8000 акция акционерлерге тиесілі екендігі белгілі. Компанияның акционерлеріне әрбір акциясына қанша сома дивидент түседі?».

Шешімі: 16 млн *25 : 100 = 4млн – әрбір акционер алады; әрбір акциясынан 4 млн : 8000 = 500$ түседі.



III ТАРАУ. ПАЙЫЗ

    1. Пайыз дегеніміз не?

Пайыз – толық санның жүзден бір бөлігі. Пайыз ондық санның бір түрі болып есептеледі. Пайыздың біздің қоғамдық ортада және математика әлемінде кеңірек қолданылатыны белгілі. Себебі есептердің көп бөлігі пайыз есебінде шығарылады. Пайыз- экономикада математикалық әдістер көмегі арқылы жүзеге асады: көбінесе инфляцияны есептегенде, акция бағасының өсімімен сұраныстың көрсеткішін есептегенде қолданылады. Бизнес басқаруда да, күнделікті өмірде де пайыздың атқаратын рөлдері өте көп.

Пайыз - экономикалық теорияда капиталға кіріс немесе қаржылық есептеу капиталының құны болып табылады. Кез келген формада ақшалай қарыз ұсыну табыс сомасында беріледі. Мысалы: ссуда беру, жинақ шотына ақша салу, депозиттік сертификатты, акцияларды, облигацияларды сатып алу, несиеге сатып алу және т.б.



3.2 Қарапайым пайыздар

Математикалық тілінде қарапайым пайыздар шын мәнінде күрделі емес. Пайыздық сомасы сызықтық функцины білдіреді.



I – жылдық пайыздық өлшем; Р – бастапқы сома;

S – жылдың аяғындағы сома; i – қарапайым пайыздық мөлшерлеме

n – депозиттің мерзімі

S = Р + I = Р (1 + n i)

Мысал: «Банктен 4 жылға 20% -ке 700 мың тенге несие алдық. Пайыздық және борыштық жинақтау мөлшерін анықтаңыз? Қарапайым пайыздық мөлшерлеме (і = 0,2 ) .

S=700000*(1+4*0,2)=126000 (тг)



    1. Күрделі пайыздар сипаты және пайда болуы

Қаржылық тәжірибеде, есептеудің едәуір бөлігі күрделі пайыздарды қолдану арқылы жүргізіледі. Олардың қарапайым пайыздардан негізгі айырмашылығы - пайыздық төлемдерді есептеу базасы (дисконты) аударылған (шешілуі) бастапқы табыстың (жеңілдіктер) ара-кідік қосылып отыруы есебінен бүкіл қаржылық операция мерзімінде өзгеріп отырады, ал қарапайым пайыздарды есептеу базасы мұндай жағдайда өзгерімсіз қалады. Күрделі пайыздар ережесі бойынша жасалатын есептеулер пайыздарға пайыз аудару деп, ал есептелген пайыздарды қосу процедурасын – қайта инвестициялау немесе капиталдандыру деп атайды.

S = Р күрделі пайыздар есептеу формуласы, мұндағы

i – пайыздық мөлшерлеме; n – қаржылық операцияның мерзімі

Мысал: «5 млн тг ссуда күрделі пайыздар бойынша 4 жылға берілген. Пайыздар (20% жылдық) жыл сайын есептеледі және негізгі

қарыз сомасына қосылып отырады. Жалпы қайтарылатын қарыз

сомасын анықтау керек».

Шешуі. Күрделі пайыздар есептеу формуласын қолданып

S = = = 10368 млн тг.



IV ТАРАУ. ИНФЛЯЦИЯ, НОМИНАЛДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ ПАЙЫЗДЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕР

4.1 Инфляция дегеніміз не?

Бизнестен хабары бар адамдар айтады: «Инфляция барлық қолданыстағы қатігез салық болып табылады». Бұл айтылған пікірдің әділдігіде бар деп ойлаймын. Казіргі өмірде инфляция деген сөзді көп қолданамыз. Тамыз айында доллар айнылымы 168 тг 274 тг көтерілді. Сонда доллар айналымы 1,6 есеге көтерілді

Тауарлар мен қызметтер бағасының өсуі, ақша тозу процесі, олардың сатып алу қызметінің төмендеуі - бұны инфляция деп атаймыз.

4.2 Номиналды және нақты пайыздық мөлшерлемелер

Шартта жазылған пайыздық мөлшерлеме - номиналды процесс болып табылады, ал тауарлар мен қызметтер көлемі, сыйақы сомасына сатып алуға болатын – нақты пайыздық процесс.

Инфляция банкке салған үлесіңді де, сыйақы сомасын да құлдыратады.

Сондықтан нақты пайыздық дұрыс емес болуы мүмкін, егер банктен алған сыйақы сомасы бастапқы депозит сомасына қарағанда аз болуы мүмкін. Сондықтан инфляция кезінде номиналды пайыздық мөлшерлемемен ескеру қажет. Егер инфляцияның бір деңгейі күтілсе, онда кредиторлар номиналды мөлшерлеме бойынша қарыз береді, ол шамамен нақты пайыздық ставка сомасына тең. Номиналды пайыздық мөлшерлеме инфляцияға тәуелді болса оны Фишер әсері деп атайды (танымал американдық экономист Инвирг Фишер)



4.3 Инфляция кезінде кім жеңіледі және кім оны пайдаланады

Күтпеген инфляция қарыз алушыларға тиімді. Ал кредиторларға, мемлекеттік бюджет қызметкерлеріне , зейнеткерлерге , студенттерге қолайсыз болып табылады.

Қолма-қол алатын ақша ағыны тұрақты болса онда ондай адамдарға инфляция қолайсыз, ал белгіленген төлемді ақшалай төлейтін адамдарға инфляция қолайлы болып табылады. Себебі нақты көріністе қарыз алушылар қайтаратын ақшасы аз мөршерде болып қалады.

Инфляция кезінде, кедей адам одан ары кедейленеді, ал бай адам одан ары байиды, себебі өмір сүру құны артады.



V ТАРАУ. КІРІС

5.1 Кіріс түсінігі

Ұйымның өз капиталынан пайыз түрінде алынатын табыс кіріс деп аталады. Қаржылық мәміленің (орысша сделка) қарапайым түрін қарастырайық. Егер бір белгілі соманы алсақ, оны S(О) деп белгілейік. Сол соманы бір белгілі мерзімге банкке салсақ, оны Т деп белгілейік. Натижесінде алатын соманы S(Т) деп белгілейік. Кіріс қанша пайыз болғанын мына формула арқылы табуға болады:

i =

Мысал: «Салушы банкке 40000 тг салды, бір жылдан кейін 50000 тг алды. Кіріс қанша пайызға тең болды?»

Шешуі: (500000-40000)/40000*100 % =20%.



ұйымның өз капиталынан пайыз түрінде алынатын таза табысы

ұйымның өз капиталынан пайыз түрінде алынатын таза табысы

5.2 Тиімді пайыздық мөлшерлемелер тұжырымдамасы.

Кіріс тиімді пайыздық мөлшерлемелермен өлшенеді. Тиімді мөлшерлемені есептеу оңай емес.



Мысал: екі несиені қарастырайық. Бір несиені пайдалану үшін төлем ретінде әр жылдың соңында 10% төлеу шартымен жеті жылға беріледі. Екінші несие - жалға сатып алу үшін , басқа сөзбен айтқанда, тұтынушылық несиеге жататын несие. Екінші несиенің шарттары мынадай: тауарларды сатып алған кезде, оның құнының 40% төленеді, бір жылдан кейін тауарлардың қалған сомасын төлеп және төлемі ретінде тауар құнының 10% несие алған үшін төлейді. Кредиторларға осы екі несиенің қайсысы көбірек пайда береді? Бұндай жағдай түсінікті, есептеуде керегі жоқ. Бірінші берген несие кредиторға 16,67% пайда әкеледі, екінші несие 10 % пайда әкеледі, себебі екінші несие тауардың 60%-на ғана несие беріп тұр, ал бірінші берілген несиеге жыл сайын 10% өсуімен косылып тұрады.

VI ТАРАУ. НЕСИЕ

Несие – ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып табылады. «Кредит» деген сөз, «қарыз», «несие» деген «kredo» - сенемін деген мағына беретін латынша «kreditum» деген сөзден шықты. Ол экономикалық дәреже ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады. Алғашқы несие табиғи түрде қоғамның дәулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар-ақша қатынастарының дамуымен несие ақша түріне көшті.

6.1 Қандай несие таңдау керек?

Анықтайық, несиені қандай және қаншалықты мөлшерде алуға тиімдірек.



Мысал:

20 % жылдық өтеммен 2 жылда қайтаратын «Юг» банкінен немесе «Север» банкінен 22% жылдық өтеммен жыл сайын төленетін, 2 жылдан кейін қайтаратын, күрделі пайызбен несие алу қаншалықты ұтымды екенін анықтайық. Бұндай есеп сапалық деңгейде көпшілік шеше алады. Бірінші жағдайда күрделі пайызбен 2 жылда 100% несиеге екінші жылдың аяғында 44% төлеу керек.

(- 1) *100% = 44%

Несие алушыға қай нұсқа дұрыс болатынын көру үшін пайызды қайтару кестесіне назар аударайық:

44%

I нұсқа + ----------------- + ------------------ +



1 жыл 2 жыл

22% 22%


II нұсқа +------------------ + ------------------- +

1 жыл 2 жыл

Несие алушыға I нұсқа қолайлы болады.

6.2 Кіріс пен тәуекел.

Белгісіздік және тәуекел - негізгі бизнестің проблемасы және негізгі мүмкіндігі болып табылады .



Дэвид Хертц, америкалық математигі және сарапшысы


  • Тәуекел – бизнесменге бағынышты емес жағдайлар және ол бизнестің нашарлануына, клиенттерін жоғалту, одан әрі қызметтің тоқтауына әкелуі мүмкін.

Бизнесті бастамай тұрып алдын-ала тәуекел туғызатын жағдайларды қарастырайық:

  • Жоспарланған бизнестің көрсеткіштері оң нәтиже бермеу (кіріс, клиенттер саны)

  • Алдын-ала неден қауіп төнетіндігі туралы біліп,  қалай келеңсіз жағдайларды бейтараптандыруды жасау.

Оны жүйелі профилактика және ұқыптылықтың нәтижесінде азайтуға болады. Тәуекелді азайту үшін  бизнесті қалай өзгерту туралы ойлау

керек.

Табысты ой мынаны ұстану керек:

  • Сатып алушы сіздің тауарыңызға мұқтаж болу керек, мұқтаж болмаса – бизнес жоқ. Кей жағдайда сатып алушы сіздің тауарыңыз туралы білмей, бірақ тауардың  оған қажеттілігін түсінуі  керек. Мысалы, сатып алушы қандай да бір дәрінің бар екенін білмесе де, оның қажеттілігін білу керек.

  • Сатып алушылар сіздің тауарыңыздың құнын төлей алу керек. Егер сіз экологиялық таза қаймақ шығарып, аласыздар ма деп сұрасаңыз, он адамның оны иә дейді. Ал оған екі есе қымбат ақша төлейсіздер ме десеңіздер, жауабы сіздің көңіліңізден шықпауы мүмкін.

Табысты ойдың кезекті шарты: тәуекел аз болған сайын, жетістікке жету мүмкіндігі көбірек.

Қорытынды

Жұмысты қортындылай келе оңай өзекті мәселелерді шешуге немесе табыстың жолында қиын кедергілерді еңсеруге болатынын математиканың қарапайым теориясын білу жеткілікті екендігіне көз жеткіздім.

Зерттеу барысында мен мына нәтижеге көз жеткіздім:

математика - бизнес басқарудың маңызды бөлігі болып табылатынын, Бизнесте - математика бизнес операцияларды жазу және басқаруды, коммерциялық кәсіпорындарды пайдалануды, сатуды болжау, және қаржылықты талдау. Математика сізге қаржылық формулаларды білуді көмектеседі, пайыздықты есептеуді, жалақы есептеуді, салықты есептеуді және т.б. Бизнес және математикаға, сондай-ақ статистика кіреді және бизнес проблемаларына шешім ұсынады.



Зерттеу жұмысымды мына нақыл сөздермен аяқтағым келіп тұр: «Математика дегеніміз Жер шары, ал амалы бүкіл Галактика», «Математика сабақталған ине сияқты, барлық басын қосып, біріктіріп тігуге үлкен көмек жасайды. Келешекте адамдардың ұғысатын ең қысқа тілі математика болады», «Математика адам тіршілігіне қажет ғылым. Қоғамда тіл қалай қажет болса, математика тілі де сондай қажет, ол табиғаттың тікелей тілі».


Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. А. Мицкевич. Финансовая математика. Издательство «Олма-Пресс Инвест», 2003 г., г. Москва

  2. Н.Ш. Әлжанова. Инвестициялық жобалау. Оқу құралы. ЖШС «Нұр-Пресс» баспасы, 2006 ж. Алматы қ.

  3. Л.Ш. Лысенкер, Э.М. Лысенкер. Основы бизнес-математики. Издательство «Аруан», 2010 г., г. Алматы

  4. Р.Хайлбронер, Л. Тароу. Экономика для всех. Тверь.1994

  5. Словарь терминов рыночной экономики. Алматы, «Каражат», 1995





Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет