Секция методика преподавания математики



бет7/25
Дата04.05.2017
өлшемі2,27 Mb.
#15455
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25

Әдебиет

  1. Атанасян Л.С., Базылев В.Т. Геометрия. В 2 частях. Часть 1.

  2. Атанасян Л.С., Базылев В.Т. Сборник задач по геометрии.

  3. Гусев В.А., Литвиненко В.Н., Мордкович А.Г. Практикум по решению математических задач: Геометрия. Учебное пособие для студентов физ.-мат. специальностей педагогических институтов. – М.: Просвещение, 1985.

  4. Тест жинағы. – 2004, 2011.

ӘҰЖ 378.147


БІЛІМ САПАСЫН БАҒАЛАУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Дауыл Ұ.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Ғылыми жетекші – п.ғ.к., доцент Базарбаева Г.С.
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім алушыларды сапалы біліммен қамтамасыз ету арқылы бәсекеге қабілетті маман дайындау көзделіп отыр. Сапалы білім алу нәтижесінде маман өз саласы бойынша жан – жақты білімді, білгір, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алатын болуы, сонымен қатар, өзінің алған білімдерін өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуы қажет.

Оқытудың әр кезеңіндегі студенттердің оқу жетістігінің нәтижелерін бағалау тесттік бақылау қорытындысы бойынша жасау қажеттігі туындап отырғандықтан, оның нәтижесі студенттер білімінің сапасының нақты көрсеткішіне айналуы тиіс. Сондықтан да онда пәнді игеру нәтижесімен қатар, студенттің тұлғалық, жүйелі –әрекеттілік көрсеткіштерінің, себеп-салдарлық байланысты анықтайтын, заңдылықтарды табатын тесттік тапсырмалардың болу қажеттігі - қазіргі кездегі қолдыныстағы тесттік тапсырмалардың мазмұнына аталған тұрғыдан талаптар қойып отыр. Бақылау арқылы білім алушылардың білім олқылықтарын уақытында түзету, жетістіктері болса, одан әрі дамыту - оқыту сапасын арттыруда маңызды орын алады. Сондықтан да, білім мазмұнының толық сапалы игерілуін анықтау үшін «білім сапасы» компоненталарының білім беру үрдісінің әр кезеңіндегі қалыптасуын бағалауды мезгілінде және жедел жүргізу қажет етіледі. Осы мақсатта қолданылатын тесттік тапсырмалары-оқыту нәтижелерін, оқушылардың меңгерген білімін, іскерліктерін бақылау мен бағалаудың бір құралы ретінде, яғни білімді меңгеру деңгейін анықтау үшін қолданылатын тесттік тапсырмалар жиынтығы. Тесттілеу - оқушылардың білімін, іскерлігін және дағдысын бағалау – оқыту процесінің құрамдас бір бөлігі. Ол арқылы мұғалім оқушының оқу материалдарын қандай дәрежеде меңгергендігін анықтайды. Құрылған тесттік тапсырмалар жиынын мақсатына қарай саралап, оны қолдану оқыту тиімділігінің сапалық жағымен қатар сандық жағынан да бағалауға, қажетті материалдарды толық деңгейде қамтуға мүмкіндік береді. Білім сапасы әр тақырып бойынша ғана емес, жалпы бөлім бойынша да жүйелі түрде тексерілген жағдайда, оқушылардың олқылықтары дер кезінде анықталып, түзету шараларын жүргізуге болады.



Қазіргі уақытта қолданылып жүрген тесттік тапсырмалардың бірнеше түрі бар. Олар: бір ғана дұрыс жауабы бар тесттік тапсырмалар, жауаптарды дұрыс ретпен тізбекті түрде беру талап етілетін тесттік тапсырмалар, жауаптардың дұрыс сәйкестікпен берілуіне арналған тесттік тапсырмалар және т.б. Тесттік тапсырмаларының қай түрін қай сабақта қолдану сабақ тақырыбының, сабақ құрылымының ерекшелігіне, оқытушының сабақты ұйымдастыра білу шеберлігіне байланысты болмақ. Сонымен қатар, білім алушылардың тек меңгерген білім деңгейлерін анықтау сипатындағы тесттік тапсырмалар жиынымен ғана шектеліп қалмай, себеп-салдарлық байланысты анықтайтын, заңдылықтарды табатын тесттік тапсырмаларды да пайдалану қажет. Бірақ, қазіргі қолданыстағы тесттік тапсырмалар жиыны арқылы оқушылардың меңгерген білімін практикалық жағдайда қолдана алуын бақылау, меңгерген білімінің жүйелілігін, нақтылығын анықтау мүмкін емес. Себебі, тесттік тапсырмалар жиыны белгілі бір ұсынылған есептің дайын жауаптарының бірін таңдауға арналған, мұндай тест оқушының берілген тапсырманы орындауда қандай теориялық мәліметттерге сүйенгендігін, осы бағытта ол қандай іс әрекеттер орындағанын көрсете алмайды. Мұғалімге қажеті - оқушының берілген тақырыпты немесе берілген тарауды толық меңгеруін анықтау, осы арқылы оның білім деңгейін бағалау болып табылады.

Тестолог В.С.Аванесовтың ұсынған тесттік тапсырмалар жиынында жауаптары дұрыс ретпен тізбекті түрде берілген тесттік тапсырмалар, жауаптардың дұрыс сәйкестікпен берілуіне арналған тесттік тапсырмалар ұсынылады. Соған орай, өтілген тақырып бойынша құрылатын тесттік тапсырмалар жиыны тақырыпта қаралатын сұрақтарды жүйелі түрде, бір бірімен тізбектесе байланыста құрастырылуы қажеттігі туындайды. Берілген сұрақтар белгілі жүйе бойынша құрылғандықтан, оқушының өтілген тақырыпты толық меңгергенін байқауға мүмкіндік болады.



«Жауаптардың дұрыс сәйкестігі» және «Жауаптарды дұрыс ретпен тізбекті түрде беру» тесттік тапсырмаларының артықшылықтары:

- тақырыпты толық меңгерген оқушылар ғана тесттік тапсырмалар сұрақтарына дұрыс жауап бере алады;

- тесттік тапсырмаларды орындау нәтижесінде оқушылардың  өтілген тақырыпты меңгеру деңгейін анықтауға болады;

- тесттік тапсырмалар жиынына жауап беру нәтижесі арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін бақылауға мүмкіндік болады;

- тесттік тапсырмалар жиынының жауаптарын кездейсоқ анықтау көрсеткіші өте төмен.

Оқушылардың тақырыптағы, бөлімдегі оқу материалдарын білуге байланысты қажетті ақпаратты бастапқы білімдерді тестілеу арқылы алып, қол жеткен деңгейді анықтаймыз және осы арқылы оқушылардың берілген тақырыпты қандай дәрежеде игергендігінің сандық көрсеткіштерін аламыз. Оқушылардың білім жетістігінің бастапқы нәтижелері мен соңғы нәтижелері салыстырылып, білім, іскерліктің қандай деңгейде екенін біліп, нәтижелерін талдап, оқушылардың жетістігіне қорытынды жасаймыз. Тестілеу қорытындысы аяқталған соң міндетті түрде қателері талданады. Нәтижесінде оқушылардың жетістіктері пен кемшіліктері анықталып, кемшіліктердің алдын алу, себептерін жою жұмыстары жүргізіледі. Негізгі назарды оқушылардың қатесінің себептерін анықтауға аудару қажет.

Тесттік тапсырмалардың түрін дұрыс таңдауымызға байланысты тестілеу бағалауы да дәл болады. Практикада тек бір ғана жауабы бар тесттік тапсырмаларын қолдана беру оқушылардың білім деңгейін толық анықтайды деуге болмайтындығы көп жылғы тәжірибе көрсетіп отыр. Келтірілген тест тапсырмаларының түрлері бақылау мен бағалау сапасын арттыруға көмектеседі, әрі оқушылардың математика пәніне деген қызығушылықтарын арттырады.
Әдебиет


  1. «Білім туралы» ҚР заңы // www.edu.gov.kz .

  2. Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // www.edu.gov.kz .

  3. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу жөніндегі нұсқаулық. ҚР БжҒМ № 151 бұйрығы, 2012.

  4. Аванесов B.C. Композиция тестовых заданий. Учебная книга. 3 изд.. доп. М.: Центр тестирования, 2002г. -240 с.

  5. Аванесов В.С. Форма тестовых заданий. Учебное пособие. - М.: Центр тестирования. 2 изд. 2005.– 156 с.

ӘӨЖ 373.13:51(574)


ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Даниярұлы Ә.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған
Ғылыми жетекші – п.ғ.д., профессор С.М.Сеитова
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша республика мектептерінің жалпы санының 56,5 %-ын шағын жинақты мектептер құрайды. Оның ішінде,  барлық ауылдық мектептердің 68,6 %-ы шағын жинақты мектеп болып табылады. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жж. арналған мемлекеттік бағдарламасында айтылғандай іс жүзінде әрбір төртінші мұғалім ШЖМ-те жұмыс істеп, әрбір алтыншы қазақстандық оқушы ШЖМ-те оқиды [1].

Шағын жинақталған мектептер жас ұрпақтың, жалпы ауылдың, тұтас ұлттың болашағы үшін қызмет етуде. Сондықтан, ауылдағы «Шағын жинақталған мектептерді» көркейтуге, дамытуға көбірек күш салу керек.

Бізді де ауыл мектептеріндегі, оның ішінде «Шағын жинақталған мектептердің» проблемалары, ондағы оқыту мен тәрбиелеу процесінің ұйымдастырылуы толғандырады. Сондықтан, «Шағын жинақталған мектептердегі» оқыту мен тәрбиелеу мәселесін жақсарту бағытында зерттеу жүргізудеміз. Зерттеу объектісі ретінде Алматы облысының Кербұлақ ауданындағы «Шағын жинақталған мектептерді» алдық.

«Алматы облысы білім басқармасының» 2012 жылғы 1-ші қыркүйектегі Кербұлақ ауданының мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектептер жөніндегі мәліметіне сүйенсек, аудан бойынша барлығы 51 мектеп бар.

1-кесте

Кербұлақ ауданындағы «Шағын жинақталған мектептердің» құрамы




Орта мектептер

Негізгі мектептер

Бастауыш мектептер

Аудан бойынша жалпы мектептер саны

36

4

11

Оның ішінде «Шағын жинақталған мектептер»

23

4

11

Біздің мақсатымыз, Кербұлақ ауданындағы «Шағын жинақталған мектептердің» болашағын айқындап, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің тиімді жолдарын көрсету үшін алдымызға төмендегідей міндеттерді қойып отырмыз:



  1. Кербұлақ ауданындағы «Шағын жинақталған мектептердің» болашағын айқындау;

  2. Кербұлақ ауданындағы «Шағын жинақталған мектептерде» білім сапасын арттыруға бағытталған оқу-әдістемелік, қаржылық-экономикалық жүйесін құруға бағытталған жұмыстар жүргізу.

Бұл зерттеу жұмысын Алматы облысы, Кербұлақ ауданы мұғалімдерімен сауалнама жүргізуден бастап, мектептерді аралап көріп төмендегідей қорытындыға келдік:

ШЖМ-тердің дені ауылда орналасқан. Ал ауыл мектептеріндегі оқушы саны көбіне 190 оқушыдан аспағандықтан, олар ШЖМ-тер болып табылады. Жоғарыда айтқанымыздай, ШЖМ-тердің материалдық-техникалық базасы нашар, оқу ғимараты ескі, көрнекі құралдар жаңартылмаған, көбінде электронды тақталар жоқ, кітап қоры, оның ішінде электронды оқулықтар өте аз, және ШЖМ-тердің ерекшеліктеріне негізделе отырып дайындалған әдістемелік нұсқаулықтар мен оқулықтар жоқ.



Сондықтан біз «ШЖМ-те математиканы оқытуды ұйымдастыруға» байланысты төмендегідей тұжырымға келіп отырмыз:

- Аудан көлеміндегі бір-біріне жақын орналасқан мектептерді біріктіру. Егер де бір-біріне жақын орналасқан 2 немесе 3 мектепті біріктіретін болсақ, ол мектептегі оқушылар саны едәуір артады; әр мектепке бөлінген азды-көпті компьютерлер мен электронды тақталар бір мектепте орналасса барлық оқушыға жеткілікті болар еді; кітап қоры молаятын еді; кадр тапшылығы болмас еді; көппәнділіктен құтылар едік. Сондықтан, жол қатынасында қиындықтар болмайтын, бір-біріне жақын мектептерді біріктіріп оқытқан пайдалы деп ойлаймыз.








1 cурет. – Мектептерді біріктіру үлгісі


- Аудан бойынша ШЖМ-дегі оқытуды онлайн-режимге көшіру. Мұғалім бір мектепте отырып,басқа мектептермен де байланыса алады немесе бір кабинетте бірнеше сыныпқа бір мезгілде сабақ жүргізе алады. Онлайн-режимде оқытуға лайықты оқу-әдістемелік құралдар, бағдарламалар құрылуы керек.

2 сурет. – Мектептерді онлайн-режимде оқытуға біріктіру


- Электронды оқулықтарды пайдалану арқылы білім беру. Бұл әдісті мектептерді тасымалдамау мүмкін болмаса, онлайн-режим орнату қиын болса қолдана аламыз. Әрбір біріктірілген сыныпта сабақ жүргізгенде, бір сыныпқа сабақ түсіндіріп жатқанда екінші сынып бос отырмайтындай, электронды оқулықтан тапсырмалар беріп, уақытты үнемдей отырып толық түсіндіріп үлгеруге болады.

3 сурет. – Біріктірілген сыныптарда сабақ жүргізу


ШЖМ-терде қазіргі таңдағы оқу құралдарын қолданудағы негізгі қарама-қайшылық – толық, тұтас сыныпты оқытуда қолданылатын оқыту әдістемесінің шағын мектепте қолдануға қолайсыздығы.

Сондықтан, шағын жинақталған мектептердегі проблеманы шешу үшін мұғалімдерге қажетті жекелеген пәндерден бағдарламалар дайындау, оқу-әдістемелік кешен әзірлеу және олардың электрондық, мультимедиялық нұсқасы дайындалса және қашықтықтан оқыту мүмкіндіктері ұйымдастырылса, онда ШЖМ-терде мұғалімдердің шығармашылықпен жұмыс істеуіне және сапалы білім беруіне мүмкіндіктер туар еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет