«Сәлем мектеп – бұл мен!» 1-сынып оқушыларының мектепке бейімделу үрдісін психологиялық сүйемелдеу Көкшетау 2016


Сабақ үстінде ойнау Жаңа киіммен Ұлдармен достасу



бет11/16
Дата13.08.2017
өлшемі2,73 Mb.
#23368
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Сабақ үстінде ойнау Жаңа киіммен Ұлдармен достасу

мақтану

«Мектепке дейін – оқушы» тақырыбында сурет салу.

Мақсаты: "Мектепке дейінгі" және "оқушы"позицияларының

айырмашылықтарын түсіну



Жаттығу барысы. Балаларға екі сурет салу ұсынылады: "Мен мектепке дейінгі кезеңдемін", "Мен — оқушымын" ("Бірден қайсысы қай тақырыптағы сурет екенін анықтауға болатындай қылып салады, бірақ ешкімге айтпайды"). Уақыт шектеледі (20-25 минут). Сурет салу барысында, жетекші қанша уақыт қалғанын үнемі еске салып отырады. Кез-келген оқушы өзінің не салғаны туралы айтып беруіне болады. «Біз енді оқушымыз» деген тақырыпта суреттер көрмесі ұйымдастырылады.

Сонымен, бүгін біз мектепке не үшін баратындығын білдік, көп жаңаны үйрену, білу үшін барады екен.



Жаттығу: "Көңіл-күйімізді суреттейміз"

Мақсаты: Сабақтың соңындағы оқушылардың эмоциялық жай-күйін көрсету.

Жаттығу барысы: Мұғалім балаларға түрлі-түсті қарындаштар жиынтығы немесе фломастерлер, альбомның парақтарын таратады. Балаларға өз көңіл-күйінің суретін салу ұсынылады. Тыныш әуен астында балалар жаттығу орындайды. Сурет салып болған соң, мұғалім өз суретін ілгісі келетін түсті таңдауын ұсынады. Бұдан "сары", "көк" және басқа да түсті суреттер пайда болуы мүмкін. Алынған коллаж балалардың көңіл-күйін білдіреді.
Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "
Мақсаты: достық сезімдерін білдіру және алғыс айта білу дағдыларын дамыту. Бұл сонымен қатар сабақтың аяқталғанын білдіретін достық рәсімі.
Барысы: Мұғалім: - Өтінемін, жалпы шеңбер құрып тұрыңыздаршы. Мен сіздерге достық сезім мен бір-бірлеріңізге алғыс айта білуге үйрететін шағын рәсімге қатысуларыңызды ұсынамын.Ойын былайша өтеді: біреулеріңіз ортаға тұрасыздар да, екінші біреулеріңіз келіп, ортадағы оқушының қолын қысып «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтасыздар, сосын оның қолын ұстаған күйі қасында қаласыз. Үшінші оқушы келіп, бірінші немесе екінші оқушының қолын алып: «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтады да тағы да сол жерде қалады. Осылайша, шеңбердің ортасындағы топ үнемі өсе береді. Барлығы бір-бірінің қолынан ұстайды. Ортадағы топқа соңғы оқушы келіп қосылған кезде шеңбер жабылып, өзара ұстап тұрған қолдарын үндемей үш рет қысады. Осылайша сабақ аяқталады. Мұғалім де мүмкіндік болса, шеңбердің ортасында қалуға тырысады.

3 сабақ.
Мақсаты: бірінші сынып оқушыларын мектеп өмірі ережелерімен таныстыру. Ынтымақтастық дағдыларын, бір-біріне деген сенімді қатынастарын, ұжымының ұйымшылдығын дамыту.

Сабақ барысы

"Рөлдік гимнастика".

Мақсаты: топтың одан әрі жұмыс істеу үшін қыздырып алу

Балалар ым мен ишараттар көмегімен түрлі жануарларды: қасқыр, қоян, түлкі, аю және т. б.кезек-кезек бейнелейді



Жаттығу: "Орман тұрғындары"

Мақсаты: орманды мекендеушілер туралы білімді жалпылау.

Жаттығулар барысы. Балаларға орманда қандай жануарлар өмір сүретіндігін еске түсіруі керек.

Психолог бірінші сынып оқушыларына мынадай ертегілер оқиды.
М. А. Панфилова "Орман мектебін" құру ертегісі

Ертеде бір кірпі болған екен. Ол кішкентай, дөңгелек, сұр түсті, үшкір мұрынды және қара түйме-көзді болған. Кірпінің арқасында нағыз өткір істіктер бар болатын. Бірақ ол өте мейірімді болатын. Кірпі мектепте өмір сүрді.

Иә, дана мұғалімдер көп балаларды оқытатын кәдімгі мектепте өмір сүрді.

Мұнда қалай келгенін, Кірпінің өзі де білмесе керек, оқушылардың бірі оны "тірі табиғат бұрышына" кішкентайынан әкелді ме, ал мүмкін, ол мектепте дүниеге келген шығар. Ес білгелі кірпінің есінде қалғаны, мектеп қоңырауының сыңғыры, оқушылардың мейірімді қолы, дәмді астары және сабақтар...

Кірпіге сабаққа барған өте қатты ұнады. Балалармен бірге Кірпі оқуды, жазуды, санауды және басқа да пәндердіоқып үйренді. Әрине, бұл адамдарға байқалмай өтіп жатты. Оларға Кірпі өмірге қуанып жүгіріп жүргендей көрінетін. Ал Кірпі армандап жүр еді...

Кірпі болса өскенде мұғалім болып, өзі мектептегі адамдардан үйренгендерінің бәрін ормандағы достарына үйретуді армандап жүрген болатын. Міне, Кірпі де ер жетіп, өз арманын жүзеге асыратын уақыт та келіп жетті. Орман жануарлары оған арнап, көжектер, мыршайлар, бөлтіріктер, тышқандар мен басқа да аң балалары оқитын нағыз мектеп салып берді. Кірпі мұғалім бірінші сынып оқушыларын мектепке қабылдауға дайындалып жатқан болатын. Жарық сынып бөлмесінде орындықтар мен үстелдер, қабырғада бормен жазуға болатын үлкен тақта тұрған. Кірпі оқу мен жазуға үйрететін суретті оқулық кітапшаларын әкелді.

Сауысқан Орман мектебіне алтын түсті сыңғырлаған қоңырау әкеліп берді.

- Сен неге мектепке қайдағы бір ойыншықты әкелдің?-деп сұрады күзетші көртышқан.

- Мектепте ойын ойнамайды, оқиды ғой!
Сауысқан оған маңғаздана былай жауап берді:

- Маған кірпі өтінген болатын. Мен қоңырауға жауап беремін.

- Бізге қоңырау не үшін керек? Мектеп өрт сөндіру машинасы емес қой!- деп таң қалды көртышқан.

- Е-е-е, сен мектеп жайында түк те білмейді екенсің ғой. Қоңырау соғылса, сабақ басталды деген сөз. Ал сабақ үстінде қоңырау соғылса, сабақ аяқталды деген сөз емес пе?!- деп шықылықтады сауысқан.

- Тоқтай тұр, сауысқан, тағы да түсіндіріп жіберші. Егер балалар мектепке келгенде қоңырау соғылса бәрі де сабаққа жүгіре жөнеле ме?

- Иә, бірақ жүгіре жөнелмейді, өз үстелдеріне барып, сабақтың басталғанын күтеді,- деп жауап берді оған сауысқан.

- Міне дұрыс! –деп іліп әкетті Кірпі. –Нағыз оқушылар осылай істейді.

- Біздің балалар-аңдар бұл ережелерді білмеуі де мүмкін ғой?- деп дегбірсізденді көртышқан.

- Мектепке келген соң бәрін де үйренеді,- деп шықылықтады сауысқан.

- Иә,- деп растады Кірпі, - оқушы қандай болу керек екенін, қалай жазу, қалай санау және де тағы басқа көп нәрселерді үйренеді.

Кірпі, Көртышқан және Сауысқан үшеуі үндемей қалды. Орман мектебінің іші тыныш әрі таза еді. Бірінші сынып оқушыларын тосқандай мектеп ауласындағы ағаштар да қызыл-сары жапырақтарын жамылып, сәнденіп тұр еді. Олар да өзара сыбырласа сөйлесіп тұрғандай еді.

- Келіңдер, келіңдер! –деп бүкіл орманға үйеңкі жар салады.

- Мектепке, мектепке! –деп сыбырлайды ақ қайың.
М.А. Панфилова «Мектеп ережесі»
Келесі күні біздің бірінші сынып оқушылары мектепке асықты. Олар өткен күнді еске түсіре отырып , мектеп баспалдағымен батыл жоғары көтерілді. Қоңырау соғылғанда, Кірпі барлық оқушылардың сабаққа дайын екендігін байқады. Барлық балалар өз үстелдерінің қасында тұрып, ұстаздарына езу тарта көңілді тұр еді.

- Сәлеметсіздер ме, мархабат, отырыңыздар! –деді Кірпі. –Бүгінгі сабағымызда біз мектеп ережелері туралы әңгімелесетін боламыз. Ережелер дегеніміз не, кім бізге айтады?

- Маған анам айтқан болатын, - деді Тиын баласы, - дұрыс тамақтанудың өзіндік ережесі бар. Мысалы біз тамақ ішіп жатқанда сөйлемеуіміз керек, әйтпесе ішіңе жел кіріп кетеді.

- Ал маған әкем айтқан, - деп әңгімені Бөлтірік жалғастырды, - бүкіл әлемде көп ережелер өмір сүреді. Дұрыс тамақтану ережесі, ойын ережелері, ормандағы, жолдағы, қонақтағы және тағы басқа жерлердегі тәртіп ережелері.

- "Ереже" –олай болса бәрін дұрыс істеу керек" –деп қорытындылады Қонжық.

- Өте жақсы! –деп мұғалім бәрін мақтады. – Ал осы ережелер бізге не үшін керек, ережелерсіз өмір сүруге бола ма?

- Мүмкін, болатын шығар, бірақ онда өз қателіктеріңнен үйренетін боларсың, - деп күлімдеді Бөлтірік. –Кешегі біз Тиын екеуіміз сияқты.

- Иә, жағымсыздықтар көп болады, -деп досымен келісті Тиын. –Ал мен жағымсыздықтарды онша ұнатпаймын.

- Жағымсыздықтарды ешкім де ұнатпайды, - деп құптады мұғалім. –Сол үшін де, яғни қалай жақсы өмір сүру керек, кімдермен дос болу керектігін білу үшін, ережелер пайда болған ғой.

- Сізде қалай әдемі өлең ұйқастары пайда болады? –деп таң қалды Көжек.

- Ал біз қазір бірге мектеп ережелері туралы өлеңдер құрастырамыз. Келісесіздер ме, балалар?

- Әрине, келісеміз! –деп бірауыздан жауап берді оқушылар.

- Мен ережелерді атаймын, ал сіздер одан өлеңдер құрастырасыздар. 

Бірінші ереже: Мектепте бәрі үлкендермен де, бір-бірімен де күле амандасады.

- Дайын! –деп қуанды Мыршай. –Мектепте «Сәлеметсіз бе?!» деп амандасады, Күлімдей қарап, жылы жүздерімен қарасады!

- Өте жақсы, Мыршай! 

Екінші ереже қиынырақ:

Қоңырауға дейін барлық сабаққа қажет құралдарды дайындап қою керек. Қоңырау соғылғанда, әр оқушы өз үстелінің қасында тұрып мұғалімді тосады.

- Мен құрастырып көрейінші? –деп өтінді Көжек.

- Қоңырауға дейін сыныпқа кір,

Құралдарыңды дайындап қой,

Қоңырау соғылғанда тізбекке тұр,

Мұғаліміңді тос берер саған білім мен ой!

- Жарайсың, Көжек! 

Үшінші ереже: Жаңалықты білу үшін және көп нәрсеге үйрену үшін, оқушылар мұғалімді ұқыпты тыңдап, айтқандарын бұлжытпай орындайды. Жолдасыңнан көмекті сирек немесе сыбырлап сұра, ал мұғалімнен бірдеңе сұрағың келсе тек қол көтеріп сұрайды.

- Бұл қиын екен! Білмеймін, менің құрастырғаным жарай ма екен?- деп күжілдеді Қонжық. 

Досыңды текке алаңдатпа,

Тыныштығын оның сақта.

Сабақ үстінде тыныштық,

Қолыңды көтер, айтарың болса бірақта.

- Өте жақсы, Қонжық! 

Төртінші ереже: Оқушы жауап беріп жатқанда, сыбырлап көмектесуге болмайды. Ол өзі дұрыс жауабын есіне түсірсін, өзі ойланып жауап беруге үйренсін.

- Бұл оп-оңай! –деп айғай салды Бөлтірік.

Сабақта жауап күтеміз,

Бірі білсе, бірі білмес. 

Жауап берер тек тегіс

Мұғалім атаған біреуіміз. 

- Тамаша! Сіздер нағыз ақындарша поэмалар ұйқастырасыздар ғой! Тағы көрейік пе?

Бесінші ереже, ол сіздерге бұрыннан таныс: қоңырау уақытында, жақсылап дем алу үшін және бір-біріңе кедергі жасамас үшін тыныш ойындар ойнаймыз. Сыныптағы үстелдер мен тақтаны келесі сабаққа дайындап қоюды да ұмытпаймыз.

- Енді менің кезегім! –деді Тиын.

Қоңырау міне соғылды,

Демалуға дайындал.

Одан кейін сабақ тағы бар,

Тыныш жүріп жақсы демал.



- Иә, өте тамаша! Сіздерге оқу оқып білім алу өте оңай әрі қызықты болады деп ойлаймын. Мынадай қиын тапсырмаларды тез орындап шықтыңдар ғой,- деп қуанды Кірпі. –Бұл бес ережені біз ешқашан ұмытпауымыз керек, бірақ бұдан да басқа ережелер бар, олармен кейінірек әлі де таныса жатармыз. Ал қазір бірінші үй тапсырмасы. Иә, мектепте оқу материалын жақсы түсіну үшін, мұғалімнің немесе ата-ананың көмегінсіз өз бетімен жұмыс істеу үшін үйге де тапсырма береді. Сонымен, тапсырма мынадай: үстел басында дұрыс отыру, жолдағы, қоғамдық көліктегі, қонақтағы және тағы басқа да орындардағы тәртіп ережелері туралы өлең шығарып келу. Сіздерге сәттілік тілеймін, балалар!

Ертегіден кейін балаларға мектепке бейімделу үшін ережелер туралы өлеңдер ұйқастыру жұмыстарымен тағы да жаттығып көруді ұсыныңыз. Балалар өлеңдерді ойдан шығарып жатқанда, ережелерді, олардың қайда қолданатындығын ойша бірнеше рет қайталайды. Бірінші сынып оқушылары ережелерді суреттермен де бейнелеп беруіне болады. Шығармашылық жұмыстар мектеп ережелерін орындату мен тәртіпті қалыптастыруда оң әсерін береді. Бейімделу әр оқушыда әртүрлі өтуі мүмкін, сондықтан әр оқушыдан «Сіз қандай мектеп құрар едіңіз?» деп сұрап, ойын бөлісуге шақыруға да болады. Оқушылардың жауабы арқылы олардың бейімделуі қалай өтіп жатқандығын білуге болады. Қорқыныш, тайқақсу, қысылу, күйзелу сияқты сезімдері бар ма, әлде оқуға деген қанағат сезімдері басым ба екенін білуге болады.

Жаттығу:"Көңіл-күйімізді суреттейміз"

Мақсаты: Сабақтың соңындағы оқушылардың эмоциялық жай-күйін көрсету.

Жаттығудыңбарысы: Мұғалім балаларға түрлі-түсті қарындаштар жиынтығы немесе фломастерлер, альбомның парақтарын таратады. Балаларға өз көңіл-күйініңсуретін салу ұсынылады. Тыныш әуен астында балалар жаттығу орындайды. Сурет салып болған соң, мұғалім өз суретін ілгісі келетін түсті таңдауын ұсынады. Бұдан "сары", "көк" және басқа да түсті суреттер пайда болуы мүмкін. Алынған коллаж балалардың көңіл-күйін білдіреді.




Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "
Мақсаты: достық сезімдерін білдіру және алғыс айта білу дағдыларын дамыту. Бұл сонымен қатар сабақтың аяқталғанын білдіретін достық рәсімі.
Жаттығудың барысы:Мұғалім: - Өтінемін, жалпы шеңбер құрып тұрыңыздаршы. Мен сіздерге достық сезім мен бір-бірлеріңізге алғыс айта білуге үйрететін шағын рәсімге қатысуларыңызды ұсынамын.Ойын былайша өтеді: біреулеріңіз ортаға тұрасыздар да, екінші біреулеріңіз келіп, ортадағы оқушының қолын қысып «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтасыздар, сосын оның қолын ұстаған күйі қасында қаласыз. Үшінші оқушы келіп, бірінші немесе екінші оқушының қолын алып: «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтады да тағы да сол жерде қалады. Осылайша, шеңбердің ортасындағы топ үнемі өсе береді. Барлығы бір-бірінің қолынан ұстайды. Ортадағы топқа соңғы оқушы келіп қосылған кезде шеңбер жабылып, өзара ұстап тұрған қолдарын үндемей үш рет қысады. Осылайша сабақ аяқталады. Мұғалім де мүмкіндік болса, шеңбердің ортасында қалуға тырысады.

1. Ұқсастықтары бойынша толықтыр.

Бірінші жұптағы сөздер өзара қалай мағыналық байланыста екенін ойланып, екінші жұпты толықтырып жаз.

Ағаш шеберінің құралы - балға, суретші құралы - ___________________

Тосап – тәтті, ал қыша - ___________________

Ұшқыш ұшақты басқарады, ал аспаз ________________

Қарындашпен сурет саламыз, ал жазамыз _______________________

Жазда жаңбыр, қыста - ___________________



2. Топтарға бөл.

Сөздерді үш-үштен топтарға бөліп жаз. Әр топтың атын жаз. Сөздердің неге олай топқа бөлінгенін түсіндір.

Үйрек, пияз, көйлек, шалқан, жейде, үкі, жапалақ, шомыр, шалбар.


3. Нүктелермен сурет сал


     Бұл тапсырмада нүктелерді рет-ретімен қосу арқылы бояуға болатын сурет шығатындай етіп қосу талап етіледі. Бұл жаттығу назар аудару, шыдамдылық, реттік санау сияқты ерекшеліктерін дамытады. Нүктелеріді тура және кері жалғауға болады. Нүктелерді кері тәртіпте біріктіру кезінде, тапсырма едәуір күрделене түседі.


Каталог: uploads -> doc -> 12c7
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
12c7 -> Мектеп жасындағы балалық шағы қазіргі педагогикада баланың психикасының қалыптасуы аса құнды және ерекше маңызды кезең ретінде қарастырылады
12c7 -> Сабақтың тақырыбы: Египеттегі ғылым мен мәдениет Сабақтың мақсаты
12c7 -> Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың типі: интербелсенді сабақ Сабақтың әдісі: кейс әдісі
12c7 -> Қаралды Тексерілді Бекітілді
12c7 -> Сабақтың тақырыбы: Қуат. Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет