Сәлеметсіздер ме студенттер!



бет1/4
Дата30.04.2020
өлшемі22,96 Kb.
#65241
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
14-sabak kazak t. v2 dengeii
14cаны

Сәлеметсіздер ме студенттер!

  1. 14-сабақты оқып шығып, түсінігін дәптерлеріңізге жазыңыздар.

  2. Берілген тапсырмаларды дәптерге жазып суретке түсіріп қайта жіберіңіз.

  3. Лексикалық тақырып пен практикалық тақырыпты меңгеріп, түсінігін

оқытушының белгілеген уақытында «Zoom» бағдарламасына кіріп түсінігіңізді айтып беріңіз.

  1. Берілген уақыттан кешігіп қалмаңыз. Кешіккен жағдайда 0-болып кетеді.



14-сабақ
Лексикалық тақырып: Кәсіби мәтіннің грамматикалық-стильдік ерекшелігі. Кәсіби мәтін ерекшелігі.

Грамматикалық тақырып: Тұрақты тіркестер, ауызекі сөйлеу стилі
Кәсіби сөздер – белгілі бір шаруашылыққа, кәсіпке байланысты қолданылатын, жалпы халыққа бірдей түсінікті бола бермейтін, қолданылу өрісі шектеулі сөздер. Қазақ тілі кәсіби сөздерге бай. 

Кәсіби сөздер таралу шегіне қарай ірі кәсіпке байланысты сөздер және шағын кәсіпке байланысты сөздер деп екі салаға бөлінеді.

Ірі кәсіпке байланысты кәсіби сөздер: мал шарушалығы (түйе атаулары: жампоз, кезөркеш, кердері, күрт, қаратұяқ, аңырайма); астық шарушалығы (сүт бидай, бал бидай, қодыран, жауша, бақал; тары атаулары: байдербіс, алағарын, шая, шаршау тары); балық шарушалығы (балық атаулары ақауыз, таутан, табан, бекіре; ау аттары: морда, тоспай, итерқұл, аламан ау); бау-бақша (қауыншек, оман арық, желке суы, пісте); мақта шарушалығы (қоза, көсек, құлақ, шит), тағы басқа салаларға қатысты болады.

Шағын кәсіпшілікке байланысты кәсіби сөздер: ұсталық (тарақ балта – жүзі кедір-бұдыр балта, керме ара – жүзінің ортасында тірегіші бар ара, шербек – үлкен ара, аталғы – ойық жүзді шот, тышуыр – бұрап тесетін құрал, пәрбі – шойын тескіш, аттіс – темір қысатын құрал, ыңғуыр – ағаш оятын құрал; етікшілік (созан – ине сияқты құрал, ұштық – созанға өткізілген қысқа жіп, пардоз келтек – етіктің тігісін жатқызатын таяқша); балташылық, өрімшілік, тоқымашылық, зергерлік, тағы басқакәсіп түрлеріне байланысты болады. Кәсіби сөздердің диалектілерден басты айырмашылығы – оның әдеби тілде баламасы болмайды. Сондықтан да кейбір кәсіби сөздер әдеби тілімізді байытып, жалпы халықтық қолданысқа еніп кетеді. Мысалы, мәйек, қоза, терім, мұрап, бағбан, дақыл, беде, танап, көшет, атыз, тағы басқа.



Мәтін – өзіндік ерекшеліктерге, заңдылықтарға ие аса күрделі семантикалық-құрылымдық жүйе. Мәтін арқылы барлық тілдік бірліктер іске қосылатындықтан, ол ерекше күрделі тілдік таңбаға жатады. Соған орай мәтінді талдау мен мәтінді тану, оның түзілімі мен құрылымын саралау, мәтінжасам барысындағы тілдік бірліктердің қызметін анықтау бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналып отыр.

Мәтін – жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретудің негізі. Тілдік таңбалардың мағыналық тұтастығынан тұратын мәтін бірлігі мен оның құрылымдық ерекшелігіне талдау жасау қажет. Өйткені жазбаша байланыстырып, сөз бен сөзді тіркестіру жеткіліксіз. Олай дейтініміз жазу әрекеті жеке сөз бен сөйлемдерден тұрмайды, ол бір-бірімен логикалық және грамматикалық байланысқа түскен сөйлемдер бірлігі болып табылатын тұтас мәтіннен тұрады.

Стильдік ерекшеліктер -алуан тақырыптағы сөйлеу барысында тілдің стильдік мүмкіндіктерін әр жақты пайдалану. Ең басты ерекшелік тілдің ауызекі сөйлеу және жазу дәстүрлерінен көрінеді. Алғашқы дәстүр күнделікті сөйлеу тілінің стилі негізінде қалыптасады да онда күнкөріс-тіршілік қалпынан туған лексика. атаулар мен сөз қолданыстар молырақ және синтаксистік құрылымы жағынан сез тәртібі біршама еркін жүйеленеді. Осы ауызекі дәстүрге жататын және синтаксистік жүйесінің белгілі бір нормаға сүйенетіндігі нәтижесінде жазу тілінің стиліне суығырақ келеді. Жазу тілі стиліне бейнелі беллетристиканың, яғни көркем әдебиеттің тілі, ресми құжаттар мен ағымдағы іс қағаздарының тілі, хабар-ошар, сәлем хат, жолжазба, күнделік және қойын дәптер хаттамаларына тән эпистолярлық стиль т. б. жатады. Абайдың қаламгерлік қызметінен осы айтылған Стильдік ерекшеліктерді аңғаруға болады. Ол ең әуелі өз халқының ауыз әдебиеті стилімен қара өлең ұйқасына құрылған «бір қақпай» өлеңдер шығарды. Оның «Кім екен деп келіп ем түйе қуған...», «Түңлік байдың қатыны атың игеріп...», «Қара қатын...», «Бөстегім, құтылдың ба Көтібақтан?..», «Әйелің - Медет қызы, аты Өрім...» т. б. шығармалары халық әдебиеті стилін танытады. Оның алғашқы ақындық талпыныстарынан туған мұндай өлеңдері аса көп жиналмаған, хатқа түсіп те үлгермеген. Ал шәкірттік кезеңде мұсылман шығысының классик. жазба әдебиетіне дән қойған. Соған орай ақын Шағатай әдеби тілінің әрі көркемдік-эстетик. қасиетін, әрі жазу дәстүрін игере бастаған. Оның иран, шағатай ақындарында жырлаған «Фзули, Шәмси, Сәйхали», «Әлифби» туындылары соның айғағы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет