Сәлима калқа ба ева филология гылымының кандидаты, доцент №8 • 2004 • АҚИҚАТ



Дата05.11.2016
өлшемі56,78 Kb.
#987
Сәлима КАЛҚА БА ЕВА — филология гылымының кандидаты, доцент

№8 • 2004 • АҚИҚАТ


АДАМДЫҚТАН ТУЫНДАҒАН ЕРЛІК ЖАЙЫН СӨЗ ЕТКЕН

(Ә.Нұршайықовтың деректі прозалары хақында)


ӨМІРДЕ әдеби шығармаға негіз болатын такырыптар саналуан. Көркем туындыға нендей тақырыпты арқау ету, оны қандай әдіс-тәсілмсн окырманға жеткізу жазушының еркіне, таланты мен дүниетанымына байланысты. Наукандык такырыпка арналған кейбір шығармалар белгілі бір кезен аралығында өзекті болып, кейін уакыт көшіне ілесе алмай мәнділігінен айырылып жатады. Ал шыпайы шебердің қаламынан туған, жалпы адамзатка тән асыл касиеттерді ту стіп көтерген жекелеген туындылар заман озып, ұрпак алмаскан сайын жана кырынан ашылып, адам бала-сын соны мүраттарға жетелей түседі, рухани азықтыц сарқылмас суатына айналады.

Сондай өміршең шығармаларды дұниеге әкелген карымды жазушыларымыздың бірі — Әзілхан Нүр-шайықов. Адамгершіліктін, жыршысы атанған Әзаған өз кейіпкерлерінің аскак рухын, қыры мен сыры мол жан дүниесін алуан түрлі керкемдік тәсілдсрмен айкара ашып көрсету аркылы оқырманның көкірегіие ізгілік дәнін егіп, аппак армандар әлеміне жол нұс-КДЙДЫ. Деректі материалдары, өмірлік ашы тәжірибені негізге ала отырып жазған шығармалары өнегесі мол көркемдік шындыкқа айналады. «Махаббат жыры», «Махаббат, кызык мол жылдар», «Ақиқат псн аңыз», «Тоғыз толғау» тағы да басқа көпшілікке танымал шығармаларда мейлі ерлік, мейлі махаббат жайы сөз етілсін негізгі окиғалар жүйесі адамгершілік арнасы-нан өрбіп, сол арнадан лайықты шешім тауып жата-ды. Шын мәнінде, ерлік те, сүйіспеншілік те осы асыл қасиеттсн бастау алады. Адамдардың қадір-касиеті олардың адамгершілік пен арға, махаббат пен парызға деген көзқарасы-на карай багаланатыны даусыз. Олай болса, замандастын ішкі әлемінің пара-саты мен азаматтык бет-бейнесінін. өмірдегі арман-мұратының көрініс та-буы әдеби шығарманың биік максат-тылығын айқындай түседі. Уақытпен сабактас бұл такырып бүгінгі танда да ең өзекті мәселелердің бірі. Өйткені рухани азықтан гөрі мүкоммал дүмиеге кызығушылык белең алып отырған на-рыктык кдтынастар кезінде замандас-тарымыздың рухани қүллырауына ара түсе алатын бірден-бір идеологиялык кұрал әдебиет болуға тиіс. Онын мәні-сі, көркем өдебиеттің санаға сіңіп, көң-ілге орныгып калатын тәрбиелік қуа-тына еш нәрсенін тең келмесі аян.

Осы тұрғыдан карағанда жан дүниесі жаркырай көрінетін адал, парасатты, өрелі замандастын, көркем бейнесін мүсіндеген гуманист-жазушы Ә.Нүр-шайықовтьш шығармалары да бүгінгі күннің кажеттілігіне айналған кұнды дүниелер дер едік. Жазушының қандай шығармасын алсаңыз да баскЗ кейіп-керлерінің жан иірімінен аңкып түрған адалдыкты, мөлдірсген рухани таза-лыкты бірден аңғарасың. Шығарманьі окып отырып, езің де сол адамдардьщ-парасат иесіне айналғың келеді. Бүгінгі замандастардың бойынан сондай асыл касиеттерді іздей бастайсың. Өйткені опың кейіпкерлерінің бойындагы адал-дык, кішіпейілдік, мсйірімдік, әдептілік, отаншылдық, ерлік, көпшілдік, дос-тыкка, махаббатка түрақтылық казіргі жас урпақка үлгі боларлык асыл қа-сиеттер.

Өмірдін езінен алынып, жазушынын эстетикалық талғамы мен шеберлігі нәтижесінде ерлік пен адамгершіліктің ғажап үлгісіне айналып, халыкка қайта үсынған Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, Хамза Ақжолов, Махмет Қайырбаев, Мәншүк Мәметова т.б. об-раздары жазушынын окырманды каһар-мандык рухта тәрбиелеу, игі мұратгарға жетелеу ниетінен туғаи. Жазушы кейіпкерлерін оймен шолып қарасак, азамат-тық бейнесі мен адамгершілік қасиет-тері жағынан бірінен-бірі асқақтай кө-рінетін халқымыздың ардақты ұлдары мен кыздарын көз алдымызға елесте-теміз. Бұдан жазушылык. максаты өне-гелі азаматтардың өмір жолын, елге еткен еңбегін жазып, бүгінгі күннің тарихын болашак ушін айкындап беру екендігін ұгына түсеміз. «Әзілхан Нұр-шайықов үлт өмірін төменгі бүкара халықтың деңгейінен де жоғары — үлы қайраткер түлғалардың деңгейінен де зерттеген адам. Және өмірдің ыстык-суық мәселелерін ар-инабат көзімен кәруге төселген каламгер. Ол ізгілік пен жауыздык, ерлік пен ездік тақы-рыбына жазды» /Елеукенов Ш. Ерлік-ке жаралған ұрпак жазушысы $ Казак әдебиеті. 1992, 4 желтоксан/. Бұдан біз кдламгердің биік моральдың жақтау-шысы, адамдық асыл қасиеттердің жан-ашыры екендігін көреміз.

Әзілхан Нүршайықов шығармаларын шолып карасақ, онда кайсарлығымен, үлкен адамгершілігімен, жан сарайынын керіктілігімен окырман жүрегінен жылы орын алатын кейіпкерлер баршылык. Жазушының сүйікті де кесек сомдалған қаһармандары — Бауыржан мен Мәлік-тер алып Алатаудай оқырманын сүйсін-теді. Хамза мен Әділжанды алсақ, бірі - мүгедек, екіншісі — зағип болса да өмірге құштар, киындыкка төзімді, ең-бексүйгіш жандар, ал Асылгүл мен Биғайша кайырымды да қамқор іс-әре-кеттерімен жағымды. Мәншүк Мәме-това, Ыбырайым Сүлейменов, Төлеген Тоқтаров тағы басқа бір топ майдандас достарының образдары отаншылды-ғымен, елсүйгіштігімен ерекшеленеді.

Кім туралы, не жайында қалам тер-бесе де деректі материалдарға, емірдің акикат жайларына сүйене от ырып, оны көркем сөз өрнегіне түсіру Ә.Нұр-шайықов шығармашылығының бір қы-ры. Кейіпкерлері көбіне тарихи тұл-ғалар болғандыктан, онын болмысы мен характерін каз-қалпында бейнелеуге ұмтылуы, деректі материалдарға жүгінуі шығармаларының тарихи маңыздылығын да арттырған.

Кұндылығын тарихшылардын өзі мойындаған «Ақикат пен аңыз» деректі роман-сұхбатында отаншылдығымен, ерлігімен ел аузында аты аңызға айнал-ған халык батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлынын образын со-ны әдіспен сомдап біртуар каһарман-нын рухани әлемін жария етіп берді. Ал «Тоғыз толғау» повесть-моноло-гының кейіпкерлері ғұлама жазушылар Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұканов, Бейім-бет Майлин, Мәлік Ғабдуллин сияқты халкымыздың сыйлы азаматтары болуы жазушы шығармаларынын тарихилығын байқатады. Бүкіл жұртшылыкка таны-мал жандар жайлы тек шындык, қана жазылуға тиіс екені бәрімізге аян. Ә.Нұршайыков шығармаларынын шын-шылдық сипатын жақсы бағалай келе Нұркасым Қазыбаев: «...егер шын тарих үлы-ұлы окиғалар мен даңкты адам-дардың өміріне байланысты жазылатып болса, онда Әзілхан Нұршайыков шы-ғармалары болашак үшін де өте қажет, ұзак жасайтын өміршең шығармалардың катарынан орын алары хак» /Казыбеков Н. Ой таразысы: Сын мақалалар. — Алматы: Жазушы, 72-бет./, — дейді. Расында, ірі тұлғалардың болмысын, адамгершілігін танытатын мүндай шы-ғармалар кай кезде де бағалы.

Әрине, жазупш өз шығармаларына аркау болған тарихи түлгалар өмірінің шындығын қүжатгар, деректер негізінде баяндай салмаған. Әртүрлі керкемдік тәсілдер аркылы типтік образ, нанымды характер жасап, кдһарманның ішкі әлс-мін көрсеткен. Тіпті деректі материал-дардың езін керкем образдын жан дү-ниесін танытатын күрал ретінде пай-даланған.

Әзаған — каһармандарының ішкі әлемін ашуда көркемдік-стильдік тұр-ғыда көп ізденіс таныткан жазушы. Шығармаларында көркем образ сезі-мінің иірімдерін, характердін. қалып-тасуын көрсетуде психологиялық су-реттеу принциптерін, монолог пен диалогты әртүрлі жолмен кеңінен пайдаланған. Мұның бәрі де автордың идеядан туындап, кейіпкердің акыл-парасатын, адамгершілік касиеттерін аша түскен.

Жазушы шығармашылығы жайында С.Хайдаров: «Ә.Нұршайықов әнгіме-лерінде, повестерінде, очерктерінде гумаыизмді, өмір жеиісіп, акикат үс-темдігін дәріптейді» /Хайдаров С. Годы радости и любви. II Ленинская смена. 1979. 23 май/, — дейді. Шын-дығында, жазушы шығармаларын окы-ғаида өмір шындығын, замандас кел-бетін айнадам көргендей әсерде ка-ласың. Соларга карап өз бойыңдағы болмыс-бітісті безбендеп, мінінді түзе-туге бет аласың.



Ә.Нүршайыков кейіпкерінін іс-әре-кеттері ауыр сын сәттерде де, махаббат пстт сцбекте де биік адамшылык өл-шемдсрмен бағаланады. Өйткені жазу-шы шыгармаларыиыц пафосы адам жа-нынын рухани қуатына, өмірсүйгіш-тігігте, әсемдігіне нсгізделген. Мүтшн өзі жазушы шыгармашылыгьшътц өзіи-дік сипатыи татіытады.

Сөз түйінінде айтарымыз, адам бала-сының бойындағы асыл қасиеттсрдің бірі — адамгершілік болса, осы асылды жырлап, адамның табиғаты мсн тыл-сымға толы жап дүітиесіп зерттеуге бағытталған Әзілхан Нұршайыковтың шыгармалары кай-кезде де құндылығын жоймақ емес.
Каталог: Content -> Files -> SciPublications -> Annotations
Annotations -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
Annotations -> Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов
Annotations -> Қадыр Мырза Әли поэзиясындағы ұлттық нақыштар
Annotations -> «желтоқсан желі ызғарлы »
Annotations -> Бижанова Айгүл Рабханқызы бағалы қАҒаздарға тікелей байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық Алматы, 2012
Annotations -> Жұма күні шығады №29 (277) 24 мамыр 2013
Annotations -> Т. Б. Сейдімханова С. Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» оқулығы өз заманының озық ойлы туындысы
Annotations -> «базалық шет тілі» (A1,A2) сабағында білім алушылардың Өзіндік жұмысын ұйымдастыруға арналған методикалық НҰСҚау 5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет