Семей қаласының мектеп жасына дейінгі мекеме тәрбиеленушілерімен өткізілетін «Біз қазақша сөйлейміз!» атты қалалық байқауының ережесі



Дата28.01.2018
өлшемі24,11 Kb.
#34911
Семей қаласының мектеп жасына дейінгі мекеме тәрбиеленушілерімен өткізілетін «Біз қазақша сөйлейміз!» атты қалалық байқауының

ЕРЕЖЕСІ
Қазақстан Республикасындағы Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Семей қаласындағы 2017 жылға арналаған іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт талаптарын басшылыққа ала, 2017 жылдың 21 қарашада Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту және білім бөлімдерінің басқаруымен аралас тілде оқытатын балабақшалар арасында «№ 9 «Айгөлек» ясли-бақшасы» ҚМҚК базасында

«Біз қазақша сөйлейміз!» атты қалалық байқау өтеді.
Байқаудың мақсаты:

Қаламыздағы мектепке дейінгі мекемелердегі орыс және өзге ұлт тәрбиеленушілерінің қазақ тіліне деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру, өсіп келе жатқан жас ұрпақты өзінің тұрып жатқан мемлекетінің тілін құрметтеуге және сол мемлекеттің әдет-ғұрпын түсіне білуге үйрету.

Сайысқа әір мектепке дейінгі мекемеден 4-5 жастағы 3 бала құрамынан тұратын топ қатысады, топ құрамы көрсетілген саннан аспау керек.

Сайысқа топ құрамын дайындап қазақ тілі пәнінің мұғалімі қатыса алады. Сайыста берілетін тапсырмаларды топ құрамындағы балалар бірлесіп орындайды.



Сайыс төменде көрсетілген тапсырмаларды қамтиды:

  1. «Біз - бақытты баламыз!» - балалар өзін - өзі мемлекеттік тілде таныстыру (музыкалық қолдау, өлең жолдары арқылы, қара сөзбен, көрініс арқылы орындауға болады).

  2. «Әнші балапан» - қатысушылар мемлекеттік тілде бір ән орындайды. Әнді орындау кезінде фонограмма қолдануға болмайды. Ән өз бала бақшасындағы музыканттың сүйемелденуімен орындалады.

  3. «Біз айтайық тақпақ...» - екі шумақтан тұратын Отан, ата-ана, ел, достық, бақытты балалық шақ туралы тақпақты мәнерлеп жатқа айтып береді.

Сайыста қатысушылардың киім сәніне, сахнада өзін-өзі ұстауына, мәтінді мәнерлеп айтуына және жатқа білуіне, әнді нақышына келтіріп орындауына басты назар аударылады.

Сайысқа қатысушылар номинациялар бойынша сыйлықтармен және мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің дипломдарымен марапатталады.



Қатысу жөніндегі өтініштер 2017 жылдың 18 қарашасына дейін төменде берілген үлгі бойынша aishan2309@mail.ru электрондық мекенжайы бойынша қабылданады. Өтініші үлгісі:

Р\с

Мектепке дейінгі мекеменің атауы

Байқауға қатысушы балалардың аты-жөні

Қатысушыларды дайындаған маманның аты-өні

Мекен –жайы, байланыс телефоны
















Анықтама тел. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі: 52-39-90, 52-44-58

Білім бөлімі: 52-47-16
Каталог: files -> blog
blog -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blog -> Программа по предмету «Русский язык»
blog -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blog -> 14 ақпан «Демалыс күн» клубында қазақтың әйгілі күйшісі, композиторы Дина Нұрпейісованың (1861-1955) 155 жылдығына арналған тарихи-танымдық сағат өтті
blog -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blog -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blog -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blog -> Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты мектепішілік көркемсөз сайысы Мақсаты
blog -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blog -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет