Семинар. Ашық сабақ. «Адамдардың ең жақсысы менің замандастарым»



Дата23.08.2017
өлшемі36,86 Kb.
#25493
түріСеминар
Лисаков қаласы әкімдігі ББ «№1 орта мектебі» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қалалық семинар.

Ашық сабақ.



«Адамдардың ең жақсысы – менің замандастарым»

10 сынып.


Мұғалім Сулейманова Р.А.

Лисаков қаласы, 2016 ж.
Ашық сабақ жоспары.

25 қараша. 2016 жылы

10 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Адамдардың ең жақсысы – менің замандастарым».

Сабақтың мақсаты:



  1. Жаңа тақырып бойынша мәтінмен таныстыру, жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.Оқиғаға сыни көзқараспен қарап, сөз пікірін еркін жеткізу дағдыларын дамыту.

  2. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Оқушылардың танымдық ықыласын молайту, қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

  3. Оқушыларды Отанын сүюге тәрбиелеу, бойларына «Отаным» деген патриоттық сезім ұялату, атақты замандастарын үлгі ету.


Күтілетін нәтиже:Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені, қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне үйренеді. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамиды, сөздік қорлары молаяды.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың типі: жаңа білім меңгеру сабағы.

Әдіс-тәсілдері: СТО, АҚТ, топтық, жеке, жұптық жұмыс, диалогтік оқыту және оқу, көшбасшылық және басқару, бағалау, түсіндіру, талдау, іздендіру.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі сабағы.

Сабақтың көрнекіліктері:флипчарт, суреттер, мәтін.

Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі. – 2 мин.

- кезекшінің рапорты.

- көңілді орта жасау. Оқушылар бір – біріне тілектер білдіреді.

ІІ. Сабақтың тақырыбын анықтау.– 1мин.

(суреттер:Елбасы, А.П. Рау, Ғ.С. Садықов суреттері, видео арқылы)



ІІІ. Сабақтың мақсатттарын, міндеттерін анықтау: - 3 мин.

(слайд: кіммен, немен танысамыз, нені үйренеміз, қайталаймыз, қайда керек болады)



ІҮ. Топ жұмысының ережелерін қайталау.(слайд) – 1 мин.

 1. Жұмысты бірге орындаймыз.

2. Бір - бірімізге көмек береміз.

3. Тату боламыз.

4. Бір - бірімізді үйретеміз.

5. Бір - біріміздітыңдаймыз.



Ү. Жаңа тақырып бойынша жұмыс.

1. Жаңа сөздермен жұмыс. (топ бойынша сөйлем құрастыру, спикерлер бағалайды) – 6 мин.

2. Мәтінмен жұмыс: - 10 мин.

1 топ – 1 абзацты оқып, сұрақтар құрастырады;

2 топ – 2 абзацты оқып, сұрақтар құрастырады;

3 топ – 3 абзацты оқып, сұрақтар құрастырады;


Топтар орындармен ауысады, спикер оларға сұрақтар береді, бағалайды. (1 топ екінші топқа барады, 2 топ – үшінші топқа барады, спикерлер орындарында қалады.)

Синтаксистік, морфологиялық талдау - 5 минут.

1 топ – Сырлары – морфологиялық талдау.

2 топ - Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. – синтаксистік талдау.

3 топ- атақты – морфологиялық талдау.

Сергіту сәті. – 2 мин.

ҮІ. Сабақты бекіту.
«Аквариум» әдісі. 8 мин.

Оқушылар шеңберде тақырыпты талқылайды, бірнеше оқушы тыңдайды, бақылайды, бағалайды. (3 адам түрлі топтан, өз тобынан емес.)



Спонтандық сөз. – 2 минут.
ҮІ. Сабақты пысықтау. Синквейн

ҮІІ. Рефлексия: немен таныстық, нені үйрендік, не үшін керек болады?

Үйге тапсырма: деңгейлік тапсырмалар беріледі. – 3 минут.
 3 деңгей: сөздер жаттау, сұрақтарға жауап беру;

2 деңгей: сөздер жаттау, мәтінді мазмұндау;



3 деңгей - сөздержаттау, "Ұлтжанды адам – қандай адам?" атты эссе жазу
Каталог: uploads -> doc -> 06e6
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
06e6 -> Сабақтың мақсаты: а Білімділік: Оқушыларға ХҮі хүіі ғасырлардағы қазақтың материалдық және рухани
06e6 -> Сабақ Тақырыбы: Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы
06e6 -> Сыныбы: 2 в тақырыбы: Камералық музыка Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет