Семинар жұмысына қатысушылардың өтініш парағы 1



Дата05.06.2017
өлшемі84,07 Kb.
#17706
түріСеминар
«Үштұғырлы тіл: бәсекеге қабілетті ұлт болудың алғашқы сатысы»

Тақырыбында Республикалық ғылыми тәжірибелік он-лайн семинар жұмысына қатысушылардың өтініш парағы



1

Аты-жөні

Күнғараева Несібелі Нағашыбайқызы

2

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

Жоқ

3

Қызмет орны (лауазымы)

«№13гимназиясы КММ» ағылшын тілі пәні мұғалімі

4

Баяндама тақырыбы

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТІЛДЕРДІҢ ҮШТҰҒЫРЛЫҒЫ

5

Семинар жұмысының бағыты

Тілдердің үштұғырлылығы идеясы бәсекеге қабілетті Қазақстанның ұлттық идеологиясының бір бөлшегі.

6

Семинарға қатысу түрі (тікелей сырттай)

Сырттай

7

Байланыс телефондары

87013018355

8

Электрондық поштасы (e-mail)

kniesiebieli@mail.ru


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТІЛДЕРДІҢ ҮШТҰҒЫРЛЫҒЫ
Күнғараева Несібелі Нағашыбайқызы

13 гимназиясы КММ



Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

бірінші санатты ағылшын тілі мұғалімі

II (негізгі) деңгей
Қазіргі таңда шетел тілі ретінде ағылшын тілін оқытуды жаңа сатыға көтеру –педагогикадағы іргелі міндеттердің бірі. Елбасы бастамасымен «Үштұғырлы тіл » мәдени жобасын дамыту басымдыққа айналып, соның ішінде жаңғыру жағдайында әлемдік интеграцияға кірігу тілі ретінде ағылшын тіліне мән беріліп отыр. Әлемдік білім алу кеңістігінде интеграциялық үрдістердің тереңдеп кең қанат жайған жағдайында шетел тілін оқыту өзекті болып отыр.

«Үштұғырлы тіл» туралы идеяны мемлекет басшысы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария етті. Ал 2007 жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты халыққа жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. Қазақстан халқының рухани дамуымен қатар, бұл идея ішкі саясатымыздың жеке бағыты болып белгіленді. Яғни, идеяның негізі мынадай: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлт-аралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Басқаша айтқанда, үштұғырлы тіл идеясын мынадай әрі қарапайым, әрі түсінікті формуламен көрсетуге болады: мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз. Айта кетелік,үштұғырлы тіл жай ғана әдемі тұжырымдама немесе тілдік саясаттың жаңа формасы ретінде пайда болған жоқ, ол – өмірлік қажеттіліктен туындаған игілікті идея. Өйткені, қазіргі кезде күллі әлемге есігін айқара ашып, “ақылды” экономиканы енгізіп жатқан елдер қарыштап дамуда. Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған. Мысалға, ежелгі дүниедегі Мысырдың өзінде бірнеше тілді білетін мамандар иерархиялық сатымен жоғарылап, көбіне салық төлеуден босатылған. Яғни, бүгінгі таңда ТМД мен Орталық Азияның көшбасшы мемлекетіне айналған Қазақстан үшін үштұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуда бірінші баспалдағы. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады.

Атап айтарлығы, көпұлтты Қазақстанның жағдайында “Үштұғырлы тіл” ұлттық жобасы қоғамдық келісімді нығайтудың негізгі факторы болып саналады. Алайда, еліміздегі негізгі үш тілді дамытуға басымдық беру – басқа халықтардың тілдерін назардан тыс қалдыру деген сөз емес. Мәдениеттер мен тілдердің саналуандығы – бұл біздің ұлттық байлығымыз Ал “Үштұғырлы тіл” идеясының  құрамдас бөлігі – ағылшын тілін үйрену. Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу деген сөз. Оған қоса, ағылшынша білсең – әлемдегі ең үздік, ең беделді жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндігің мол. Тіпті, оқуыңды тәмамдаған соң, біршама уақытқа шетелде қалып, еңбек етуің үшін де бұл қалып, еңбек етуің үшін де бұл тамаша мүмкіндік. Ең бастысы, ағылшын тілін білу – бұл іскерлік қарым-қатынас және әлемнің кез-келген нүктесінде бизнеспен айналысу үшін міндетті талап. Қазақстандағы үштұғырлы тіл саясаты – бұл елімізді, оның әлеуетін одан әрі нығайтуға бағытталған тұтас тұжырымдама. Іс жүзінде тілдердің үштұғырлылығы идеясы бәсекеге қабілетті Қазақстанның ұлттық идеологиясының бір бөлшегі болып табылады. Яғни, мемлекет әрбір қазақстандық үшін үш тілді білу – әркімнің жеке дамуының міндетті шарты екендігін әрдайым есте ұстауды қалап отыр.                                        

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу — әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс» екендігін баса айтып өткен болса, шетел тілін оқып үйренемін деушілердің саны да күннен күнге көбеюде. Сонымен қатар бұл шетел тілінің еліміздің оқу жүйесінде айырықша мәртебеге ие болғандығын айқындайды. Шетел тілін, соның ішінде ағылшын тілін мектеп қабырғасынан бастап жоғарғы оқу орындарында оқыту жаңа әдістемелердің қажеттілігін тудырады.

Көптілді меңгеру – мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғаралық және мәдени қарым - қатынастардың аса маңызды құралы. Мемлекеттің халықаралық байланыстарының сапалық өзгерістері адамның тәжірибелік және зияткерлік іс-әрекетінде көптілдік сұранысқа ие болу қажеттілігін туғызып отыр. Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым- қатынасы артып отырған шақта көптілді еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым - қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару – біздің міндетіміз.

Қазақстанның тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі көптілді жетік меңгеруді талап етеді. Осыған орай, білім беру жүйесінде мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі — өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым- қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін полимәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Бұл шетел тілі пән мұғалімдеріне үлкен жауапкершілік жүктейді. Қазіргі заман талабына сай мұғалім үлкен дайындықпен, жаңаша әдіс - тәсілдермен, түрлі тапсырмалармен ізденіс үстінде сабақты түрлендіріп отыруы қажет. Болашақ ұрпақтың дамуы ұстаздардың белсенділігіне, білім деңгейіне, шығармашылық іс-әрекетіне байланысты болмақ.


Шетел тілін оқушыларға үйретудегі негізгі қағидалары: олардың сөйлеу, оқу, жазу, тыңдау дағдыларын дамыту, қалыптастыру, оқушылардың белгілі бір дәрежеде шетел тілінде сөйлеуге, өз ойын басқаға жеткізе алатын, біреудің сөйлеген сөзін, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу үшін ағылшын тілі сабағында жаңа технологиялардың тиімді тәсілдерін, солардың бірі ақпараттық –коммуникациялық технологиясын, сын тұрғысынан ойлау стратегияларын және т.б. технологияларды, өз сабақтарымда жиі пайдаланып жүрмін. Әсіресе сабақтарда ғаламтор арқылы үлкен мүмкіндіктерге қол жеткізуге болатындығына көз жеткіздім. Мысалы: күделікті сабақтарымда оқушылар ғаламтор талаптарында берілетін құжаттардағы тапсырмалармен жаттығуларды орындай алады. Сонымен бірге, белгілі бір уақытта мәтіндік хабарламалар мен алмасуға, ғаламторда отырып, оқушылар аударма жұмыстарын жүргізуге және өздеріне қажетті мағлұматтарды дер кезінде алуға толықтай мүмкіндіктер алды, радиобағдарламаларды тыңдауға, бейнероликтер көруге, яғни кез келген түрін қолдануына толықтай мүмкіндіктері бар.
Мысалы елтануға арналған тақырыптарды өткізгенде үнемі, алдымен сабағымды ой қозғауды бейнероликтермен бастаймын. Мысалға: «Great Britain” т.б. тақырыбы бойынша AutoPlayMedia Studio бағдарламасы арқылы жасақталған электрондық оқулығынан бейнеролик қаралып, сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбы айқындалады. Сол сабақта оқушылар екі елді салыстырады. Осы елтану тақыры бойынша қорытынды сабақта Powerpoint бағдарламасы арқылы оқушылар алдынала берілген тапсырма бойынша әр оқушы өз презентациясын құрастырып, жұмыстарын қорғайды. Үнемі Қазақстан, Ұлы Британия, АҚШ т.б. елдер туралы өтілген тақырыптар бойынша қорытынды сабақтарда «Jeopardy», «Criss and Nill” т.б. ойындарын сабақтарымда қолданамын. Сабақтарымда және қолданбалы курстарда оқушылар ғаламтор арқылы жұмыстар жасайды және тақырыпқа сай өздері тірек сызбалыр құрастырып сол сызбалар арқылы мәтін бойынша түсінгендерін айтуға тырысады.

Оқушылар топтық немесе жұптық жұмыстар арқылы екі елдің өзіндік ерекшеліктері мен ұқсастықтарын салыстырады арқылы айқындайды. Сабақтарымда өтілген әр түрлі тақырыптарды меңгеру, пысықтау, саралау бағытында жұмыстар өз тәжірибемде міндетті әдіске айналған. Жұмыстың мұндай түрлері оқушылардың білімдерін бекітуде өте пайдалы әрі қызықты.

Грамматикалық тақырыптарды өткен кезде мысалға: idiom, phrasal verbs, the degrees of comparision of adjectives, theplural of nouns, passive voice, gerund, modal verbs etc. әрбір сабақта жаттығулармен қатар қазақша, орысша мақал- мәтелдерді салыстырмалы жұмыстар арқылы грамматикалық тақырыптарды түсіндіргенде пайдалануға тырысам. Мысалы: the degrees of comparision of adjectives: A good name is better than riches. Жақсы сөз- жарым ырыс. Добрая слава лучше богатсва. Better late than never. Лучше поздно, чем никогда. Ештен кеш жақсы. TheGerund: Talking mends no holes. Көп жауын жерді бүлдірер, көп сөз елдібүлдірер. Разговоры не помогают в беде. Learning is the eye of mind. Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні қаріп. Ученье – свет, неучение – тьма. Idiom тақырыбын өткен кезде идомаларды қазақ тілімен салыстырып, ағылшынша баламаларын тауып, оқушылар оның қазақша аудармаларын жасағанды ұнатады. Мысалы: on the tip of one’s tongue: about to be spoken or remembered – біреудің тілінің ұшында тұру немесе ұмыту; button your lip: to stop talking; be quiet – екі елі ауызға, бір елі қақпақ немесе тыныштықты сақтау; to have time on one’s hands: to have a lot of time- біреудің қолы бос болу немесе зейнеткерлікке шығу. т.б.

Қалалық, облыстық семинарларға қатысып өз тәжірибеммен бөлісіп келемін. Жуырда 2016 жылдың сәуір айында №13 гимназисы КММ откен «Үш тілді білім беру – оқушының тұлғалық жетілуі» тақрыбындағы облыстық семинарда, «Сүтқоректілердің көптүрлілігі» тақырыбында биология және ағылшын тілі пәні мен кіріктірілген сабақ өткіздім. Мұнда оқушылар қазақ, орыс, ағылшын тілінде еркін сөйлей алатындығын дәләлдеп шықты.


Сөз соңын ұлт көшбасшысы, Нұрсұлтан Әбішұлының сөзімен аяқтағым келеді.

«Мен 2050 жылғы қазақстандықтар – үш тілде сөйлейтін білімді, еркін адамдардың қоғамы екеніне толық сенімдімін.

Олар – әлемнің азаматтары. Олар саяхаттап жүреді. Олар жаңа білім меңгеруге құштар. Олар еңбексүйгіш. Олар – өз елінің патриоттары.»

Дана халқымыз «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» - деген.

Алдымызғы қойылған жаңа белес – «Қазақстан-2050» стратегиясында көрсетілген мақсаттар, бәріміздің бірлесіп атқаратын жұмыстарымыз нәтижесінде толығымен орындалады деген сенімдемін.

Әдебиеттер тізімі




  1. Егемен Қазақстан газеті. 18.06.2016ж

  2. KazOrta.org (порталы) 04.10ю2015ж

  3. El.kz (порталы) 29.03.2013ж

  4. Kazakhstan Today (ақпараттық порталы) 05.02.2016ж

Каталог: uploads -> doc -> 09a9
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
09a9 -> Сабақтың тақырыбы Ә. Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі Мақсаты
09a9 -> Сабақ Тақырыбы: Саңырауқұлақтар дүние бөлімі Орындаған: Байдунгенова Ш.Ұ


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет