Семинар-кеңес тақырыбы: Оқушыларға адамгершілік-жыныстық тәрбие беру-бүгінгі күннің талабы Құлан ауылы 20 қаңтар 2016 жыл



Дата24.05.2017
өлшемі303,74 Kb.
#16926
түріСеминар
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен семинар-кеңестің №1 хаттамасы
Семинар-кеңес тақырыбы:Оқушыларға адамгершілік-жыныстық тәрбие беру-бүгінгі күннің талабы
Құлан ауылы 20 қаңтар 2016 жыл
Өткізілген орны: №2 шағын орталықты орта мектебі Акт залы

Қатысушылар: мектеп директорлары, тәрбие және құқықтық ісі жөніндегі орынбасарлар, әлеуметтік педагогтар;ата-аналар;аудандық бңлңм бөлімінің қызметкерлері;

Шақырылғандар: Прокуратура қызметкерлері, Ішкі істер бөлімі қызметкерлері, аудандық орталық аурухана қызметкерлері, «Жас отан» жастар қанаты жетекшісі, аудан әкімдігінің жасөспірімдер ісі жөніндегі кеңес хатшысы,

Қатысқандар:

Б.А.Алпейсов-аудан әкімінің орынбасары

Қ.Қ.Есалиев-аудан прокурорының орынбасары

Л.Ш.Утеулиева- аудандық білім бөлімі басшысы

М.Зауырбеков-аудандық «Жас отан» жастар қанаты жетекшісі

Ш.Дидай-аудандық ішкі істер бөлімі қызметкері

Ә.Саринжиева-аудандық ата-аналар кеңесі төрайымы

Т.Жаманбаев- аудандық «Құлан таңы» газетінің бас редакторы

Н.С.Жамалбеков –аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы
Тыңдалды:Л.Утеулиева-аудандық білім бөлімі басшысы

«Оқушыларға адамгершілік-жыныстық тәрбие беру-бүгінгі күннің талабы» тақырыбындағы баяндамасын оқыды. (Баяндама мәтіні тіркеледі)

Сөйледі:Ш.Дидай-аудандық ІІБ қызметкері,ЮПТ-ның аға инспекторы, майор

«Жасы кәелетке толмағандар арасындағы зорлық, зомбылық фактілері туралы» тақырыпты Т.Рысқұлов ауданы бойынша жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық әрекеттердің орын алуы туралы 2015 жылдың 12 айының қорытындысы брйынша баяндама жасады.

Сөйледі:Р.Ж.Естемесова- аудандық емхананың бас дәрігері

«Тән саулығы-ұлт саулығы» тақырыбында аудандық орталық емхана тарапынан жасөспірімдер арасындағы жыныстық қол сұғушылық пен ерте жастан жүктілік фактілері бойынша баяндама жасады.

«Қыз тәрбиесі-қоғам тәрбиесі», «Қыз тәрбиесіндегі басты ерекшелік» бейнебаяндары бойынша көрсетілім жүргізіліп, «Ашық мінбе» ұйымдастырылды.




Семинар-кеңес шешімі:

1. «Сәтсіз жанұялар» тізімін алу;Ондағы балалар туралы мәліметтерді анықтап, профилактикалық есепке алу;Ондағы балалардың тізімін жергілікті медициналық ұйымға жіберу арқылы дене жарақаты, зорлық-зомбылық, зәбір көру бойынша мәліметтер алу, тіркеу;

2.ІІБ қызметкерлерімен бірлесіп, жол-патрульдік полициямен бірлесіп, жыныстық қол сұғушылықтың алдын алу, болатын орындарды анықтау, жою шараларын жүзеге асыру;

3. Жыныстық қол сұғушылық туралы ақпарат , мәлімет берген, көмектескен, қылмысты ашуға әрекет еткен азаматтарды көтермелеу жұмыстарын жолға қою;

4.Білім мекемелері басшыларының 2 айда бір рет профилактикалық-ақпараттық жұмыстары бойынша есептерін тыңдау;

5. Апта сайын жасөспірімдер арасындағы жыныстық қол сұғушылық (жүктілік, зорлау, зорлық әрекеті) фактілері бойынша аудандық ІІБ мен аудандық орталық ауруханадан салыстырмалы мәлімет алу;

6. Мектеп әкімшілігі тарапынан ерекше назардағы балалардың отбасын аралау, түрлі сипаттағы құқығына қол сұғушылық (ұру, зорлау, дене жарақаты т.б.)

7. Түрлі сипаттағы құқықбұзушылық пен жыныстық қол сұғушылық фактілері орын алған мектеп, балабақша әкімшілік мүшелеріне , қызметкерлеріне қатаң тәртіптік шара қолдану;

8.Ата-аналық міндетін тиісінше атқармаған азаматтардың жауапкершілігі туралы мәліметтер әзірлеу, коммуналдық қызметтерді төлемейтін, жайсыз, ерекше бақылаудағы азаматтарды есепке алу, нашақорлық пенн ішімдік ішу фактілері бойынша есепте тұрғандарды есепке алу, сексуалды сипаттағы және жыныстық қол сұғушылық, зорлық әрекеттері бойынша бұрын сотталғандар тізімін алу;

9. Тұрғын үйлерде (этажды) шатырлар мен подвалдарға бармау туралы шектеулер қою, подъездер мен үйлерге аралау жұмыстарын жүргізу;

5.Екі айда 1 рет мектеп инспекторларын, басшыларын, поликлиника қызметкерлерін үгіт-насихат жұмыстары бойынша атқарылған жұмыстары туралы есебін тыңдау;

10. Жыныстық қол сұғушылыққа жол бермес үшін басқа да ақпараттық-профилактикалық жұмыстарды жүргізу;



Төрайым Утеулиева.Л.Ш.

Хатшы Сейтжапаров.Е.С.
Оқушыларға адамгершілік-жыныстық тәрбие беру-бүгінгі күннің талабы
Ата-аналардың және білім мекемелерінің бала тәрбиесімен айналыспауы,балалардың панасыз және қадағалауынсыз қалған бүгінгі жасөспірімдер арасында орын алған келеңсіз құбылыстардың басты себебі болып отыр.

2015 жылы Жамбыл облысы бойынша білім беру ұйымдарының араласуымен 438 ата-ананың ісі сотқа өткізіліп, 61 ата-ана ата-аналық құқығынан айырылса, 4051 ата-анаға әкімшілік айыппұл салынды.Білім беру және құқық қорғау ұйымдары қызметкерлерімен 3512 жедел алдын алу рейдтері жүргізіліп, қаңғыбастыққа салынған 3849 бала ата-аналарына қайтарылды.

Оқушылардың беймезгіл уақытта көшеде жүруінің, құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында 2015 жылдың 13 ақпан-13 наурыз, 20-30 наурыз, 6-11 мамыр, 14-20 мамыр, 22-26 мамыр, 2-6 маусым, 1-31 қыркүйек, 17-21 қыркүйек, 24 қазан-03 қараша, 1-31 желтоқсан күндері аралығында Құлан ауылы, Луговой ауылдарында білім және ішкі істер қызметкерлерінің қатысуымен сағат 20.00-24.00 аралығында түнгі рейдтер ұйымдастырылды.

Бүгінгі таңда облыс бойынша Ішкі істер бөлімдерінің есептеріне алынған 743 жайсыз отбасында 663 мектеп жасындағы балалар тәрбиеленуде.

Сондай-ақ, 10236 бала (6811-і тек әкесімен, 3425-і тек анасымен тұрады) жартылай отбасында тәрбиеленсе, 8604 бала некесіз туылып, жалғызбасты отбасында тәрбиеленуде.1695 бала –жетім және ата-аналарының қамқорлығынан айырылған, оның 1277-і қорғаншылыққа, 117-і патронаттық тәрбиеге берілген. 9178 баланың ата-анасы жұмыссыз;

Отбасы құндылықтарын насихаттау бағытында жүргізілген жұмыстарға қарамастан, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлі азаюда. 2015 жылы жасөспірімдер арасында жасалған 164 қылмыстың 142-і сабақтан тыс уақытта жасалған, оның 50-і каникул уақытында, 7-і демалыс күндерінде, 78-і сабақтан тыс уақытта,7-і түнгі уақытта жасалған. Беймезгіл уақытта баласының қай жақта жүргенін білмейтін ата-аналар саны күрт өсуде. Бұл-бүгінгі күні қоғам болып күресетін құбылыс.

Жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтар мен қылмыс фактілерінің азаймай, артып отырғаны баршамызды алаңдатуы тиіс. Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің оперативті мәліметі бойынша, 2015 жылдың 12 айында кәмелетке толмаған жасөспірімдер тарапынан 176 қылмыстың тергеу жұмыстары аяқталып, бұл көрсеткіш 2014 жылдың 12 айымен салыстырғанда, 2,2 пайызға кеміген. Дегенмен, облыста тіркелген 176 қылмыстың ішінде орта мектептер бойынша 160 қылмыс тіркеліп, осы қылмысқа барлығы 191 жасөспірім оқушы қатысқан. (2014 жылы 120 қылмыс жасалып, оған 133 мектеп жасындағы оқушы қатысқан), қылмыс саны 40-қа азайғанмен, оған қатысқан жасөспірім саны 58 оқушыға көбейген.

160 қылмыстың-109-ы ұрлық, 29-ы бұзақылық, 4-і денеге ауыр жарақат салу,1-і заңсыз қару ұстау, 1-і бопсалау, 2-і зорлау, 2-і автокөлік ұрлау,1-і өзгенің мүлкін жою фактісі ретінде тіркелген. (2014 жылы 91-і ұрлық, 28-тонау, 18-бұзақылық, 2-бопсалау, 2-зорлау, 3-қарақшылық шабуыл, 2-денеге ауыр жарақат салу, 2-автокөлік ұрлау, 2-жалған ақпарат беру фактісі тіркелеген.). Осы 160 қылмысқа қатысқан 191 оқушының 130-ы(68%) толық отбасында, 59-ы (30,8%) әкесі жоқ жартылай отбасында, 2-і (1,1, %) тұл жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушы екендігі анықталған.

Мектеп оқушылары арасындағы қылмыс санының өсуі Талас (2014ж-1,2015ж-1) және Т.Рысқұлов (2014ж-12,2015ж-12) аудандарынан басқа аудандарда өскені байқалады. Мысалы:Жамбыл ауданы- 2014 ж-9 , 2015 ж-12 ,Жуалы ауданы-2014ж-4,2015ж-8; Қордай ауданы-2014 ж-14,2015ж-23, Меркі ауданы-2014ж-2, 2015ж-10, Мойынқұм ауданы-2014ж-0, 2015ж-4; Сарысу ауданы-2014ж-1, 2015ж-4; Шу ауданы-2014ж-9, 2015ж-20; Тараз қаласы-2014ж-56,2015ж-58;
Жамбыл облысы бойынша 2015 жылдың 12 айында Ішкі істер бөліміне 1031 жасөспірім, оның ішінде 231 мектеп оқушысы тіркеліп, ол 2014 жылдың 12 айымен салыстырғанда, 103 жасөспірімге көбейсе, 33 мектеп оқушысына азайған.(2014 жылы есепке алынғаны-928, мектеп оқушылары-264)

Ай сайын тәртібі түзелуіне байланысты Ішкі істер бөлімінің тізімдік есебінен алынған оқушылар саны Байзақ ауданында (29/ 10), Жамбыл(12/9), Жуалы (10/2), Меркі (34/32), Мойынқұм (32/22), Т.Рысқұлов (14/10), Сарысу(5/4), Талас(2/0), Шу (23/22) аудандарында азайып отырса, Қордай (36/39), Тараз қаласы (45/81) көбейген.

Т.Рысқұлов ауданы бойынша қазіргі күні есепте тұрған бала саны-10; (№2 орта мектеп-2, А.М.Демченко, Н.О.Худяков,; Құлан -1,А.И.Сиримов, Т.Рысқұлов-1, Б.О.Алдыбай, Б.Момышұлы-1, Р.Б.Абен, М.Горький-1 К.А.Сагиев, Р.Смаилов-4, Қ.Б.Рахымқұл, Қ.Н.Баймен, Н.Н.Маханбет, А.Нұржанұлы);

Аудан бойынша 2015 жылдың 12 айында аудандық ІІБ-не әр түрлі құқықбұзушылық жасағаны үшін 529 (2014ж-369) жасөспірім жеткізіліп, 223 жасөспірім әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін, оның ішінде түнгі уақытта қараусыз жүргені үшін 228 жасөспірім (2014ж-189) жеткізілген. 2015 жылдың басында аудан бойынша 62 сәтсіз жанұя есепте тұрып, оның ішінде АІІБ-нің ЮПТ-нің есебінде 29 жасөспірім, 65/79 сәтсіз жанұя тіркелді. Қазіргі уақытта Ішкі істер бөлімінде «сәтсіз жанұя» ретінде тіркелген барлығы 11 отбасы бар, ондағы оқушылар саны-26; Құлан, Ю.Гагарин, М.Горький, Т.Рысқұлов,, Жамбыл, №2 орта мектеп, Абай орта мектептері оқушылары.

Аудан бойынша 2015 жылдың 12 айында кәмелетке толмағандармен жалпы 14 қылмыс ҚР ҚК-нің 293 бабы 2 тармағы, 191 бабы бойынша -1 қылмыс, 122 бабы бойынша -2 қылмыс, 188 бабы бойынша -9 қылмыс, (2014 жылы 6 қылмыс) тіркелген. ҚР ҚК-нің 175 бабы,2 бабы бойынша 5 дерек, 257 бабы бойынша 1 дерек тіркеліп, 2014 жылмен салыстырғанда, қылмыс саны 8-ге өскен.

2015 жылы өз балаларын оқыту және қадағалау жөніндегі міндетін атқармағаны бойынша 15 (2014 ж-15) ата-анаға, ҚР ӘҚБК-нің 27 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, құжаттары сотқа жолданды. Тараз қаласындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы мектепке қаңғыбастықпен айналысып, қылмыстық іс-әрекеттері үшін Ақтоған орта мектебі оқушысы 1998 жылы туылған А.Байсымақ сот шешімімен 1 жылға орналастырылды.



2015 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстар бойынша:

Берілгені

2014ж

2015ж

ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабы ( ата-аналық міндетін дұрыс орындамаған)

15

15

ҚР ӘҚБтК-нің 132 бабы(ойын-сауық орындарында жасөспірімдердің болуына сағат 22 00 –ден кейі жол беруі, кафе иесіне толтырылғаны)

2

3

ҚРӘҚБтК-нің 133 бабы (темекі өнімдерін 18 жасқа дейін сатқан)

4

4

ҚРӘҚБтК-нің 200 бабы (21 жасқа дейін алкогаль сатқан)

2

5

ҚРӘтК-нің 442 бабы, 1 б (ойын-сауық орындарына жасөспірімдердің сағ 22 00 –ден кейін болуы) жасөспірімге толтырылған.

4

4

ҚТБО орналастыру бойынша ( ҚЖТ қаңғыбастарды бейімдеу орталығы)

6

6

Ата-ана құқығынан айыру бойынша

2

2

Арнаулы мектепке орналастыру бойынша

1

1

Өзге де хаттамалар

35

384

Барлық толтырылған хаттамалар

266

647

Аяқтаған қылмыстық істер

6

14 (8 дерекке өскен)

Осы фактілерді назарға ала отырып, білім мекемелері басшылары аудандық білім және ішкі істер бөлімдерімен, әкімдік жанындағы жасы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссиямен бірлесе жұмыстар атқарып, бақылауға алу, тәрбие мәселесіне аса жауапкершілікпен қарауы қажет. Әсіресе мектеп жасындағы балалардың күнделікті сабаққа қатысуы, қайтуы, бос уақытын тиімді өткізуі, құқықбұзушылық әрекеттерге жол бермеуі орынбасарлары мен сынып жетекшілер, әлеуметтік педагог тарапынан қатаң бақылауда болуы қажет. Әсіресе аз қамтылған, ерекше бақылауды қажет ететін, сәтсіз жанұя балаларының күнделікті әрекеті, олардың ата-аналарымен қарым-қатынас сапалы, нәтижелі жүргізілуі қажет.



Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының 2016 жылғы 13 қаңтардағы №01-112 хаты таратылып, барлық білім мекемелері басшыларына ескертілді. Сондай- ақ, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының 2016 жылғы 13 қаңтардағы №03-118 хатында көрсетілген бірқатар мәліметтерді жұмыс барысында қатаң басшылыққа алу қажеттігі ескертіледі. Жамбыл облысы перзентханаларында кәмелетке толмай жүкті болып босанған жасөспірімдер Тараз қаласы мен аудандары бойынша 2014-2015 жылдардағы 11 айында салыстырмалы мәліметі облыстық денсаулық сақтау басқармасынан алынып, төмендегі жағдай анықталған:

2015 жылдың 11 айында 15-17 жас аралығында кәмелетке толмай жүкті болып босанған 372 факті тіркелген:

Аудандар/жасы

барлығы

15 жас

16 жас

17 жас

Байзақ

36

1

8

27

Жамбыл

26




3

23

Жуалы

6

1




5

Қордай

92

2

16

74

Меркі

31

1

7

23

Мойынқұм

11




3

8

Сарысу

9




1

8

Талас

6







6

Шу

36

1

9

26

Тараз

94

4

12

78

Т.Рысқұлов

25




4

21

Барлығы:

372

10

63

299


2014 жылдың 11 айында 15-17 жас аралығында кәмелетке толмай жүкті болып босанған 465 факті тіркелген:

Аудандар/жасы

барлығы

15 жас

16 жас

17 жас

Байзақ

41

2

13

26

Жамбыл

37




11

26

Жуалы

14




2

12

Қордай

71

3

8

60

Меркі

42




13

29

Мойынқұм

8




2

6

Сарысу

10




4

6

Талас

10




1

9

Шу

74

2

17

55

Тараз

126

2

29

95

Т.Рысқұлов

32

1

6

25

Барлығы:

465

10

106

349

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 21 шілдедегі №470, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі №625, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің 2015 жылғы 28 шілдедегі №814, ҚР Ішкі істер министрлігінің 2015 жылғы 24 шілдедегі №628 бірлескен бұйрығымен бекітілген «Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарының 17 тармағына сәйкес сексуалды зорлықтың құрбандары болғандарды « болып жатқан) анықтау мақсатында мектеп оқушылары арасында анонимді сауалнамалар жүргізу, жасөспірімдер арасындағы жүктілік фактілері туралы Ішкі істер органдарына уақтылы хабарлау міндеті мектеп басшыларына жүктелетінін естен шығармау қажет.

Талас ауданы Үшарал ауылы, Ә.Сағынтаев атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысының қатысуымен осы жылдың 13 қаңтарында болған оқиға отбасы тарапынан қадағалаусыздықтың салдарынан болған. Жаңа туылған нәрестені жолға лақтырып жіберу оқиғасы- адами құндылықтардың азайғандығын, бұл бүкіл қоғам болып күресетін індет екендігін, ата-ананың бала тәрбиесіндегі ролінің азайғандығын көрсетті.

Осы оқиғаға байланысты облыс әкімдігінің білім басқармасының 2016 жылғы 19 қаңтардағы №01-203 хаты негізінде барлық білім мекемелерінде ҚР Ұлттық Экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №283 «паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығының 21 бабының 4 тармақшасына сәйкес «білім беру ұйымдарының оқушылары демалыстан кейін тоқсан сайын тексерілуі қажет» деп көрсетілгенін ескерте отырып, жергілікті медициналық мекемелердің тарапынан ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №361 бұйрығының 3 қосымшасы «Халықтың нысаналы топтарын скрингтік тексеріп-қарауды жүргізу кезеңділігінің алгоритмдеріне сәйкес әр жылдың 15 қарашасына дейін 18 жасқа дейінгі оқушыларды скрингтік тексеріп-қарауға жататын нысаналы топтың жыл сайынғы тізімін құрып, балалардың нысаналы топтарын скрингтік тексеруден өткізуіне бақылау жасауды,ата-аналармен тығыз жұмыс жасап, оларға құқықтық тұрғыдан жан-жақты көмек көрсетілуіне баса назар аудару қажеттігін тапсырды.

Аталған фактілер арасында Т.Рысқұлов ауданы бойынша 2014 жылы 15 жасар 2 жасөспірім ерте жастан босанған.Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Ю.Гагарин атындағы негізгі мектебі» КММ оқушысы, 1998 ж.т. Б.М.Ж. ; Құлан ауылы, Ш.Ұлтарақов көшесі №29 үй тұрғыны болған, кәмелет жасқа толмаған, Ш.Уәлиханов атындағы шағын орталықты орта мектебінің 8 сынып оқушысы 16.07.1999 жылы туылған М.А.Ғ.және Сөгеті ауылы тұрғыны, Р.Смаилов атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы Ә.Ә. зорлық салдарынан

16 және 17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 2014-2015 жылдар аралығында мектеп оқушылары арасынан ерте жастан аяғы ауыр болған азаматшалар аудандық аурухана мәліметіне сай анықталған жоқ.

Жамбыл облысы прокуратурасы тарапынан 2015 жылы 06 қарашада №2-070070-15-13691 хатымен жасөспірімдер арасындағы жыныстық қол сұғушылықтың алдын алу бойынша тапсырма берілген.Облыста Қылмыстық Кодекстің 120 бабы (зорлау) және 121 бабы (сексуалды сипаттағы зорлық әрекеті) бұзылған фактілер орын алғанын жариялап, оның алдын алу бойынша шараларды жүзеге асыру қажеттігін ескерткен.

2015 жылдың 10 айында жасөспірімдер арасында 71 жасөспірімдер арасындағы жыныстық қолсұғушылық бойынша құқықбұзушылық әрекеттері тіркелген.Мысалы: Меркі ауданы, Ойтал ауылы, Ращупкин көшесі №30 үй тұрғыны 1981ж туылған азамат А.Мусубаев , 22.08.2015 жылы сағат 14 30-да 2002 ж т. өз туысы М.Д.есімді қыз баланы зорлық жасауға ұмтылу әрекеттеріне жол берген, дене жарақатын салған, жартылай отбасында, жұмыссыз жалғыз анасымен тұратын азаматты өзара келісіммен туыстары сотта кешірген.Сол сияқты Қордай ауданы азаматшасы А.Байсеитова Алматы-Ташкент трассасы бойынан 210 км қашықтықта жасөспірім қызы 2001 жылы туылған К.А.есімді азаматшаны 2015 жылы 12 мамырда белгісіз азамат Е.Кенжебаевтың зорлау әрекетіне ұмтылушылық фактісі бойынша шағымданған.Қазіргі уақытта сот процесі жүргізілуде.

Сонымен қатар облыстық прокуратура тарапынан перинатальдық орталықтарда 16 жасқа толмаған жасөспірімдердің арасында ерте жүкті болудың 2 фактісін анықтаған.Осы әрекеттердің барлығы білім мекемелері мен ата-аналар тарапынан бала қараусыздығы салдарынан болғанын ескертеді. Мысалы, 2015 жылы мамыр айында Ақермен ауылында 4 жасар баланың қараусыз қалуы салдарынан өлімге әкелген оқиғасы, Жуалы ауданында өазан айында 52 жастағы ер азаматтың 8 жасар 3 сынып оқушысын сексуалды сипаттағы зорлау әрекетіне баруы –осының дәлелі.Ол қыз жағдайы төмен отбасында тәрбиеленіп жатқан, әкесі ішімдікке құмар, анасы да әкесі де жұмыссыз, әлеуметтік көмек алмайды, сәтсіз жанұя ретінде бақылауда болмаған, мектеп тарапынан профилактикалық жұмыс жүргізілмеген. Осы фактілерді мысалға ала отырып, облыстық прокуратура мектеп әкімшілігіне бірқатар шараларды жүзеге асыруды ұсынған:

-ұсынысты білім бөлімдері арқылы білім мекемелері басшыларының назарына жеткізіп, оның алдын алу шараларын жүзеге асыру;

-жыныстық қол сұғушылықтың алдын алу бойынша нақты шаралар қабылдап, жұмыстар атқаруға;

-әрбір мөлтекаудандар бойынша ІІБ және медицина, білім бөлімі қызметкерлерімен бірлескен үйме-үй аралау жұмыстарын жүргізіп, «сәтсіз жанұя» санатындағы отбасыларын анықтап, деректер қорын жасақтау және аудандық ІІБ-не есепке алу арқылы төмендегі мәліметтерді жинақтау:

1. «Сәтсіз жанұялар» тізімін алу;

2.Ондағы балалар туралы мәліметтерді анықтап, профилактикалық есепке алу;

3.Ондағы балалардың тізімін жергілікті медициналық ұйымға жіберу арқылы дене жарақаты, зорлық-зомбылық, зәбір көру бойынша мәліметтер алу, тіркеу;

4.ІІБ қызметкерлерімен бірлесіп, жол-патрульдік полициямен бірлесіп, жыныстық қол сұғушылықтың алдын алу, болатын орындарды анықтау, жою шараларын жүзеге асыру;

5. Жыныстық қол сұғушылық туралы ақпарат , мәлімет берген, көмектескен, қылмысты ашуға әрекет еткен азаматтарды көтермелеу жұмыстарын жолға қою;

6.Білім мекемелері басшыларының 2 айда бір рет профилактикалық-ақпараттық жұмыстары бойынша есептерін тыңдау;

7. Апта сайын жасөспірімдер арасындағы жыныстық қол сұғушылық (жүктілік, зорлау, зорлық әрекеті) фактілері бойынша аудандық ІІБ мен аудандық орталық ауруханадан салыстырмалы мәлімет алу;

8. Мектеп әкімшілігі тарапынан ерекше назардағы балалардың отбасын аралау, түрлі сипаттағы құқығына қол сұғушылық (ұру, зорлау, дене жарақаты т.б.)

9. Түрлі сипаттағы құқықбұзушылық пен жыныстық қол сұғушылық фактілері орын алған мектеп, балабақша әкімшілік мүшелеріне, қызметкерлеріне қатаң тәртіптік шара қолдану;

Жамбыл облысы прокуратурасының 2016 жылғы 15 қаңтардағы №2-070070-16-00426 санды хатымен облыс әкімі орынбасары Е.Манжуовтың атына да жасөспірімдер арасындағы жыныстық қол сұғушылық (жүктілік, зорлау, зорлық әрекеті) фактілері бойынша хат келіп, облыстық білім басқармасының тапсырмасымен барлық білім мекемелеріне таратылып, тапсырмалар берілді.2016 жылдың 10 күні ішінде Қылмыстық Кодекстің 122 бабы(16 жасқа толмаған жасөспірімдер арасында жыныстық әрекет) бойынша 57 материал анықталған.(2015 жылы-77, 2014 жылы-100)

2016 жылы 13 қаңтарда таңғы сағат 7 50-де Тараз қаласына асырап алған анасының бірге болуымен келе жатқан 17.07.1999 жылы туылған, Талас ауданы Үшарал ауылы, Ә.Сағынтаев атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы М.А.Д. қансырау диагнозымен облыстық перинатальдық орталыққа медициналық алғашқы көмек берілген соң жеткізілген.

Сағат 9 20-да «Ақкөл-Тараз» бағыты бойынша автожолынан өлі нәрестенің денесі табылған.Осыған байланысты анасы мен қызын Тараз қаласына әкеле жатқан автокөлік иесі ұсталып, тергеуге алынған, ол бойынша ҚК 100 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.Басқа мәліметтер бойынша Республикалық «КТК» арнасының жаңалықтар қызметі арқылы таныс болдық.

2016 жылы 03 қаңтарда сағат 900 де Тараз қаласы, 2 мөлтекаудан, 37а үй, 123 пәтерде азамат Е.Люцкан 2006 жылы туылған «М» есімді жасөспірімге зорлық әрекеттерін жасауға ұмтылған, сол күні сағат 1000-де бұрын құқықбұзушылықпен жауапты болған ол «М» есімді және 2007 жылы туылған «К» есімді жасөспірімдерге айуандық әрекеттермен тиіскен. Ол бұл әрекетімен ҚК 124 бабы 1 тармақшасы бойынша айыпталған.Осы сияқты факт 2016 жылы 08 қаңтар күні Қордай ауданында тіркелген.Бұл фактілер Ішкі істер қызметкерлері мен білім мекемелері тарапынан, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамту т.б. органдары тарапынан профилактикалық жұмыстардың өз деңгейінде жүргізілмегенін көрсетті. Бұл жұмысқа БАҚ өкілдері, қоғамдық ұйымдар тартылмайтынын көрсетті.Сол себепті аталған жұмыстарды жүзеге асыру, нәтижелі жұмыс атқару бойынша жасөспірімдер ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссияларында қарап, тиісті жұмыстар жүргізу қатаң тапсырылды.

Осыған байланысты облыстық прокуратура тарапынан барлық білім мекемелері мен білім бөлімдеріне, ішкі істер бөлімі мен медициналық қызметкерлерге, аудан әкімдігі жанындағы жасы кәмелетке толмағандар және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелеріне қатаң талаптар қойып, бірқатар тапсырмалар берді. Әр аптаның бейсенбі күндері аталған тапсырмалар бойынша тиісті орындарға ақпарат беріп, сапалы жұмыстар атқарылуын қадағалауды барлық деңгейдегі басшыларға жүктеді.Сонымен қатар мектеп психологтары, дәрігер-гинекологтар, прокуратура, құқық қорғау органдары қызметкерлері, Бақ өкілдері, Тәуелсіз ұйым мүшелері қатысқан Мобильді-лекторлық топ құрып, барлық білім мекемелерінде ата-аналармен, жасөспірімдермен жұмыстар атқару қажеттігін ескертті.Барлық білім мекемелерінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын, профилактикалық шараларды қатаң жүргізу қажеттігін ескертті.

Облыстық прокуратура тарапынан ұсынылған ұсынымдарды ескертіп, барлық білім мекемелерінде жүзеге асырылуы бойынша жұмыстар жүргізу мекеме басшыларына жүктелетіні белгілі. Мобильді-лекторлық топ тарапынан төмендегі ұсынымдар жүзеге асырылуға тиіс.



Ұсынымдар :

1.Ата-аналық міндетін тиісінше атқармаған азаматтардың жауапкершілігі туралы мәліметтер әзірлеу, коммуналдық қызметтерді төлемейтін, жайсыз, ерекше бақылаудағы азаматтарды есепке алу, нашақорлық пенн ішімдік ішу фактілері бойынша есепте тұрғандарды есепке алу, сексуалды сипаттағы және жыныстық қол сұғушылық, зорлық әрекеттері бойынша бұрын сотталғандар тізімін алу;

2. Жартылай отбасы туралы тізім жасау; өгей ана немесе өгей әкесімен тұратын балалар тізімін жасақтау, ата-аналары некесіз, азаматтық некеде тұратын отбасылар туралы деректер мен тізім жасау;

3. Сексуалды сипаттағы құқықбұзушылық орын алуы мүмкін жерлерді есепке алу, карта жасау;маршруттарын белгілеу, жол-патрульдік полициясының қарауына ұсыну;

4. Тұрғын үйлерде (этажды) шатырлар мен подвалдарға бармау туралы шектеулер қою, подъездер мен үйлерге аралау жұмыстарын жүргізу;

5.Екі айда 1 рет мектеп инспекторларын, басшыларын, поликлиника қызметкерлерін үгіт-насихат жұмыстары бойынша атқарылған жұмыстары туралы есебін тыңдау;

6. Жыныстық қол сұғушылыққа жол бермес үшін басқа да ақпараттық-профилактикалық жұмыстарды жүргізу;

7.Жоғарыда көтерілген мәселелер Президент Әкімшілігі мен ҚР Бас прокуратурасының назарында екенін білім мекемелері қызметкерлеріне, ата-аналар мен оқушыларға жеткізу қажет.

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінде білім мекемелерінде 2016 жылға арналған адамгершілік-жыныстық тәрбие бойынша жылдық жоспар жасалып,мектептерге таратылды. Барлық 8-11 сынып аралығындағы қыз балалардың Деректер қоры базасы жасақталуда. Барлық білім мекемелерінен «Әлеуметтік паспорт» жинақталып, «сәтсіз жанұя» және әлеуметтік аз қамтылған жанұя балалары туралы Деректер қоры жасақталуда.

Білім бөліміне қарасты білім беру мекемелерінде зорлықтың құрбандарын болдырмауды (болып жатқан) анықтау мақсатында мектеп оқушылары арасында анонимді сауалнама жүргізіліп, «Мейірім» тренинг орталығы мүшелері жұмыстар атқарудаБалалар мен ата-аналарға «Сенім телефондары» туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.



Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінде 2015 жылы жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша іс-шаралар жоспары жасалынды. Жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілді.

2015 жылында атқарылған бірқатар шараларға тоқталайық:Қаңтар айында білім беру мекемелерінде 8-11 сынып оқушыларымен «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Ақпан айында «Бәріне заң біреу» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. 8-11 сынып оқушыларынан «Қылмыстық іс-әркеттерге жасөспірімдерді не итереді?» атты сауалнама алынып, сауалнама қорытындысы шығарылды. Әр ай сайын оқумен қамтылмаған оқушылар туралы, қиындық тудыратын оқушылардың тізімі АІІБ-нен алынып, есепте тұратын оқушылармен жеке жұмыстар (арнайы тәлімгерлер бекітіліп, папка арналып) жүргізілуде. Наурыз айында Абай атындағы орта мектебінде «Жасөспірім-қоғам болашағы» атты АІІБ-нің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылып, өткізілді. Алғабас орта мектебінде «Жастар-еліміздің тірегі» атты кездесу өтсе, сәуір айында Р.Смаилов атындағы орта мектебінде ІІБ-нің қызметкерлерімен «Жастық шақ-бұл тамаша нәрсе, оны рәсуә ету қылмыс» атты жиын өткізілді. Мамыр айында аудан мектептерінде «Жасөспірімдердің құқық бұзуына әсер ететін жағдайлар» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Аттестат тапсыру кешінде құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында білім бөлімінде және мектептерде жедел штаб құрылған.

Оқушылардың көктемгі-жазғы уақытта өз беттерінше табиғат аясына, тау бөктеріне және тарихи орындарына баруына қатаң тыйым салынатындығы туралы 2015 жылдың 27 сәуірі (№12-02-913), 15 мамыр күндері (№12-02-1079) мектептерге арнайы хат таратылды. Қорағаты орта мектебінде «Адам және адамзат» тақырыбында лекция жұмыстары, 9-11 сынып оқушыларымен «Мен және менің құқығым» тақырыбында ауыл инспекторымен кездесу өткізілді. Жамбыл атындағы орта мектебінде «Жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі» тақырыбында жиналыс, «Заң талаптары көпке ортақ» атты кездесу, «Тәртіпсіздік қылмысқа апарады» атты әңгіме жұмыстары жүргізілді. Ақбұлақ орта мектебінде «Адам және заң» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Тарих пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Қандай әрекет лаңкестік болып саналмайды?» атты тақырыпта дөңгелек үстел, «Тәртіп-қылмысқа тосқауыл» тақырыбында кездесу өткізілді.Подгорное орта мектебінде «Жастар тәрбиесі -мемлекет мүддесі», «Құқық әлемінде» тақырыбында дөңгелек үстел, мектеп психологының ұйымдастыруымен «Қиын жасөспірімдер және олардың әлеуметтік ортасы» тақырыбында сынып жетекшілерімен семинар, 8-11 сыныптармен «Қылмыс пен жаза» тақырыбында пікіралмасу сабағы өткізілді. Малдыбай орта мектебінде «Заңды біл де, құрметте!» ашық сынып сағаты, 9-10 сынып оқушыларымен «Қылмыс қайдан шығады?» тақырыбында пікірталас, ата-аналармен «Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы» тақырыбында дөңгелек үстел, 9-11 сынып оқушыларымен «Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында пікірсайыс,10 сыныппен «Бала құқығы-асыл қазына» тақырыбында сынып сағаты, 8 сыныппен «Заң бәрімізге ортақ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. М.Горький атындағы орта мектебінде ақпан айында «Жасөспірім және заң» тақырыбында онкүндік өткізілді. Онкүндікте «Сенің құқықтық жауапкершілігің», «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында пікірталас, дөңгелек үстел өткізілді. «Заң және заман» тақырыбында құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылып, өткізілді. №2 шағын орталықты орта мектебінде мектеп инспекторы, білім бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен «Балаларымыз- болашағы Қазақстан елінің» тақырыбында кездесу ұйымдастырылып, өткізілді. «ҚР-ның Әкімшілік құқықбұзушылықтар, Қылмыстық және қылмыстық Кодекстерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды» таныстыру мақсатында барлық білім беру мекемелерінде ата-аналар және оқушылармен жиналыстар өткізілді. №1 мектеп-лицейінде «Қылмыс жасаушы және оны жазалау, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауабы» тақырыбында АІІБ-нің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылып, өткізілді. 2015 жылдың 16-19 мамыр күндері Құлан ауылы орталығындағы мектептерде «Соңғы қоңырау» және аттестат тапсыру кешінде құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында АІІБ-нің қызметкерлері, білім бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен ата-аналармен жиналыстар өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Т.Рысқұлов орта мектебінде мектеп психологының ұйымдастыруымен «Өмірдегі ең басты нәрсе не?» тақырыбында дөңгелек үстел, 7-11 сынып оқушыларымен «Күйзеліспен күресудің әдістері» тақырыбында дәріс сабағы өткізілді. 2015 жылдың қыркүйек айында Ю.Гагарин атындағы негізгі мектебінде «Жанұя және жасөспірім» атты пікірталас өткізілді. Қыркүйектің 28 күні ішкі істер бөлімімен бірлесіп,қиындық тудыратын оқушылардың есебін алып,олармен жұмыс жүргізілді.Білім басқармасына ақпарат ұсынылды.2015 жылдың 30 қыркүйек күні мектеп басшыларынан сабаққа келмейтін оқушылардың есебін алынып,білім басқармасына ұсынылды.Қазан айында АІІБ есебінде тұратын оқушылармен Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінде Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен Марафон-тренинг өткізілді.ИДН қызметкерлерімен аудан мектептерінде кездесулер өткізілуде. «Азамат» қоғамдық бірлестігінің басшысы Қ.Қойшымановтың ұйымдастыруымен білім бөліміне қарасты білім беру мекемелерінде «Нашақорлық пен қылмыстың алдын алу» тақырыбында пікірталас пен кездесулер өткізілді.Қараша айының 26 күні №2 шағын орталықты орта мектебінде «Менің құқықтарым мен міндеттерім» тақырыбында ИДН қызметкерлерімен кездесу өтті. Қарашаның 24 күні ІІМ-нің ұйымдастыруымен «кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында онлайн-конференция өтті.

Т.Рысқұлов ауданы бойынша 2015 жылы мектептерде құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алумақсатында өткізілген іс-шаралар саны:


Білім мекемесінің атауы

Өткізілген іс-шаралардың жалпы саны

Оның ішінде

Қамтылған оқушы саны

сауалнама

Қамтылған білімгер саны

Рейдтер саны

Қамтылған білімгер саны

кездесу

Дөңгелек үстел

пікірталас

конференция

Семинар-тренинг

4

4121

81

638

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімі

218

62

69

61

3

23

2657














Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінде тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету жөніндегі 2015-2016 жылдарға арналған жұмыс жоспары жасалған. Жоспар барлық мектептерге таратылды. Жоспарға сәйкес төмендегідей жұмыстар жүргізілді. Білім беру мекемелерінде «Заң талабы- көпке ортақ» атты тәрбие сағаттары өткізілді. Болтай батыр атындағы орта мектебінде «Жастық шақ-бұл тамаша нәрсе, оны рәсуа ету қылмыс...» атты дөңгелек үстел өткізілді. Ақыртөбе орта мектебінде «Заңға көмектесейік» атты дөңгелек үстел өткізілді. №2 орта мектебінде «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтарға жол бермейік!» флеш-моб ұйымдастырылып, өткізілді. Абай атындағы орта мектебінде «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» «Нұр Отан» ХДП өкілдерімен әңгіме жұмыстары жүргізілді. Мектеп психологтары «Менікі әр уақытта дұрыс па?» атты тренинг жүргізілді. Қараша айында «Тәртіпсіздік пен құқықбұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік» атты аудандық мектепішілік акциясы өтті.«Қылмыстық Кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтырулар» тақырыбында ата-аналар жиналыстары өткізілді. Білім беру мекемелерінде «Бәріне заң біреу» тақырыбында сынып сағаттарын өткізілді. Мектеп психологтарының ұйымдастыруымен «Баланы отбасында тәрбиелеуде кездесетін қиыншылықтарды жеңу» атты 8-11 сынып оқушыларынан сауалнама алынды. Подгорное орта мектебі «Құқық бұзушылыққа жол бермейік!» атты дөңгелек үстел өткізілді. Б.Момышұлы орта мектебінде «Біз құқық бұзушылыққа қарсымыз» сурет байқауы өткізілді. Құлан орта мектебінде «Жеке тұлғаның дамуындағы ата-ананың ролі» атты баяндама жұмыстары жүргізілді. Бірлес орта мектебінде «Кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі» атты дөңгелек үстел өткізілді.Ю.Гагарин атындағы негізгі мектебінде Оқушылар арасында зорлық – зомбылыққа қарсы әрекет жасаудың әдістері мен дағдыларын үйрету мақсатында жасөспірімдерге арналған «Мен өмірді таңдаймын!» атты психологиялық тренинг өткізілді. Ю.Гагарин атындағы негізгі мектебінде аудандық білім бөлімі қызметкерлерімен, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен «Құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу, Октябрь шаруа орта мектебінде 7-11 сынып оқушылары арасында «Жасөспірім және Заң» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.Құлан орта мектебінде АІІБ қызметкерлерімен 7-11 сынып оқушыларымен «Қылмыс пен жаза» және Абай атындағы орта мектебінде «Тәртіп бұзушылық және оның алдын алу жолдары» атты КТІЖБ бөлімінің инспекторымен бірлескен дөңгелек үстел өткізілді.Тоқсан сайын жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың, балалардың беймезгіл уақытта көшеде жүруінің алдын алу мақсатында түнгі рейдтер ұйымдастырылып, өткізілуде. Жүргізілген рейдтер барысында ешқандай келеңсіз оқиғалар тіркелген жоқ.Мектеп оқушыларының арасында өткізілген «Бұл өмірде мен кіммін?», «Мен және менің болашағым» атты тренингтерге аудандық, мектепішілік есепте тұратын жасөспірімдер қамтылды. Профилактикалық есепте тұратын жасөспірімдермен жеке жұмыстар жүргізілді. Білім бөліміне қарасты білім беру мекемелерінде отбасының жағдайы зерттеліп, жеке әңгіме, тренинг өткізілді. Әр балаға қоғамдық жетекші ретінде тәлімгерлер бөлініп жұмыс жүргізді. Барлық оқушыға қоғамдық жұмыстар тапсырылып, аудандық спорттық ойындарға балаларды тарту ұйымдастырылды. Жазғы демалыс кезінде бұл балалар сауықтыру және еңбек лагерьлеріне қамтылады. Аудан мектептерінде «Жасөспірімдердің құқық бұзуына әсер ететін жағдайлар» атты тәрбие сағаттары өткізілді. Алғабас орта мектебінде 9,10 сынып оқушыларымен «Жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі», «Отбасындағы қолайсыздық» атты тәрбие сағаттары өткізілді. Білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушыларынан «Жасөспірімдерді қылмыстық әрекеттерге не итереді?» атты сауалнама жұмыстары жүргізілді. 2015 жылдың 4 наурызында Алғабас орта мектебінде «Жастар- еліміздің тірегі» атты кездесу ұйымдастырылды. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу жұмыстары жүргізілуде.

Л.Ш.Утеулиева- аудандық білім бөлімінің басшысы
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет