Семинар сабағы Тақырыбы: «Күй әлемінің жарық жұлдызы»



бет1/4
Дата31.12.2019
өлшемі0,91 Mb.
#54133
түріСеминар
  1   2   3   4
Музыка пәнінің мұғалімі: Қойшибаева Зейнеп Сағикызы № 184 Жалпы білім беретің мектеп.


Семинар сабағы

Тақырыбы: «Күй – әлемінің жарық жұлдызы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Саз өнері, күй туралы түсініктерін, білімдерін арттыру. Музыка тыңдауды

қалыптастыру, күйді көңілге қондырып, жүрекке жылы тигізіп, сезе түсініп,

оның сиқырлы әлеміне оқушыларды баулу;

Дамытушылығы: Күйді дұрыс түсініп тыңдай білуге тәрбиелеу арқылы оқушылардың

ой-өрісін, сезімін, санасын, қиялын жалпы өнерге деген сүйіспеншілігі мен

мәдениеттілігін дамыту;

Тәрбиелілігі: Оқушыларға көркемдік тәрбие беру, өнер адамдарымен танысу өнерге

баулу. Күйді түсіне, тыңдай білуге, өнер адамдарын сыйлауға құрметтеуге

тәрбиелеу.

Түрі: Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, ой қозғау, топпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, сурет, саз өнері, тарих.

Көрнекі- құралдар: Интерактивті тақта, слайдтар, домбыра, күйшілер суреттері, буклеттер, көрме, СД- диски.

Сабақтың жоспары:


  1. Ұйымдастыру.

  2. Дауысқа арналған жаттығулар.

  3. Үй жұмысын тексеру.

  4. Жаңа сабақ:

  1. Домбыра аспабының тарихы.

  2. Құрманғазының өмір баянынан үзінді.

  3. Күйлерімен танысу, тыңдау, талдау.

  4. Дина Нұрпейсованың өмір баянымен танысу

  5. Күйлерін тындау.

  6. Ән жаттау



  1. Сабақты бекіту.

  2. Бағалау, Рефлексия.

  3. Үйге тапсырма беру.

  4. Сабақты аяқтау.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі ( музыкамен сыныпқа кіру, оқушыларды дұрыс отырғызып, сабаққа дайындау)

Кіріспе сөз.


  1. Дауысқа арналған жаттығулар орындау:

а) до-мажор гаммасы айтып, қол белгілерін көрсету.

б) домбыраға қосылып «Келіншек » күйін дауыспен айту (дың-ды-дың)



III. Үй жұмысын тексеру. Сұрақ-жауап.

  1. Жаңа сабақ: Балалар бүгін біздің сабағымыздың тақырыбы

«Күй – әлемінің жарық жұлдызы» деп аталады.
Домбыра аспабының шығу тарихы туралы аңыз өте көп. Кәне аңыздарды дайындап келген балаларға сөз берейік. Кім қандай аңыз біледі?

Енді тақтаға назар аударыңдар. 1986 жылы Майтөбе жайлауынан табылған тастағы сурет. 6 мың жыл бұрын қашап түсірілген бұл суретте билеп жүрген адамдар мен домбыра бейнеленген.



Қазақ халқының өзіне тән ардақ тұтар ешбір нәрсемен алмастыруға болмайтын ұлттың киелі мұрасы бар. Адам жанының ішкі толқынысын, сезім шеруінің үн, әуен, ырғақпен жеткізе білетін қазақтың қоңыр домбырасы, одан даланың мәңгі үзілмес әуеніндей төгілген күйлерді осындай мұра қатарына жатқызуға болады.

Домбыра-көшпелі елдің көне көз шежіресі, көпті көрген қарияның күйі. Қазақтардың музыкалық тұрмысында домбыра жетекші роль атқарады.

Күй өнері – қазақ музыка мәдениетінің ең жетекші жанры. Қазақ халқының шытырман, тайғақ кешулі тарихи тағдырының ең басты куәгері, ұлттың ары мен намысын бойына сіңірген кемел өнер. Тамаша музыкалық сымбат арқылы өткен тарихтан мол мағлұмат беретін қасиетті хат.



  • Балалар! қандай күйшілерді білесіңдер?

Қорқыт, Махамбет, Байжігіт, Боғда, Тәттімбет, Дәулеткерей, Құрманғазы, Қазанғап, Дина Нурпеисова, Ықылас.

  • Дұрыс.



Бүгін сабақта қазақтың бір туар дарынды күйшісі Құрманғазы Сағырбайұлының өмірімен шығармашылығын насихаттауға арналады.

Құрманғазы 1818 жылы Орал облысы Жаңакөл ауданындағы Жиделі деген жерде кедей шаруаның қырық жамау қараша үйінде дүниеге келеді. Құрбан айт күні туылған сон атын- Құрманғазы деп қояды.

Европадағы рухани Қайта өрлеу кезеңінің алғашқы қарлығаштары ақын Данте мен суретші Джотто болғаны сияқты, қазақ даласында ХIХ ғасырда күйші композитор Құрманғазы болды. Оның ғұмыр кешкен кезі патшалық Россия жүргізген отаршыл саясаттың ең бір қарқын алған, әбден құныққан, шектен шыға бастаған кезі еді. Озбырлықпен қарсыласу оның өмірбаянына айналып, күй тілінде көрініс алған.

Күй өнерінде есімі қастерлі, Құрманғазының шығармашылығы аспаптық музыканың алтын қорына енген.



Күйлері: «Адай», «Ақбай», «Ақсақ киік», «Алатау», «Аман бол, шешем, аман бол», «Балбырауын», «Кішкентай», «Көбік шашқан», «Машина», «Сарыарқа», т.б.
Каталог: uploads -> doc -> 0a56
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a56 -> Негізгі бөлім Менің жұмыс тақырыбым


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет