Семинар сабақтарын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау 5В011400 «Тарих» мамандығының студенттеріне жасалған курс 4



Дата17.02.2017
өлшемі107,28 Kb.
#9586
түріСеминар
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті

«Тарихты оқыту әдістемесі» пәнінен семинар сабақтарын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау

Семей, 2015 ж.

Семинар сабақтарын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау 5В011400 «Тарих» мамандығының студенттеріне жасалған

курс 4

Құрастырушы: аға оқытушы Ахметова А.К.



Тақырып №1 Орта мектептегі тарих білімінің қазіргі жүйесі. Қазақстан Республикасында мектепте тарихтан білім берудің құрылымы

Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасында тарих білімінің қазіргі жүйесін көрсету


  1. Тарих оқу пәні ретіндегі мазмұнының мәселелері

  2. Көпұлтты мемлекетте жергілікті, аймақтық және ұлттық тарих арасындағы баланс

  3. Қазақстан Республикасында мектепте тарихтан білім берудің құрылымы

Семинар сабағында бірінші мәселе бойынша Қазақстан тарихын оқыту процесінің ғылыми зерттеу әдістері. Тарихты оқыту әдістемесінің ғылыми негізінде теориялық және әдістемелік зерттеулерді енгізуде әдіскер - тарихшылардың қосқан үлесітеріне тоқталу керек. Тарихты оқыту әдісінің пайда болуы мен қалыптасуы оның кезеңдеріне тоқталу керек. Екінші мәселе бойынша ТОӘ курсының пайда болуы мен осы пәннің міндеті мен мақсаты. Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі курсының құрылымын анықтап беру мен қатар пәнің білімдік атқаратын функциясына тоқталып өту қажет.


Есеп формасы: семинар сабағы
Тақырып №2 Оқушының тарихи білімін қалыптастыру үрдісі

Сабақтың мақсаты: Оқушының тарихи білімін қалыптастыру үрдісі көрсету

  1. Мектептегі тарих курсы мазмұнын әдістемелік тұрғыдан сараптау

  2. Тарихты оқыту үрдісінде тарихи ұғымдарды қалыптастыру

  3. Оқушыларда тарихи үрдістің заңдылықтары туралы түсінік қалыптастыру

Бірінші мәселе бойынша тарихи фактілер арқылы тарихты оқыту әдістері мен тәсілдерінің жолдарына тоқталу керек. Екінші мәселе бойынша, тарихи фактілердің мазмұны бойынша сабақта қолданудың тәсілдерін қалай пайдалануға болатынына мысалдар келтіру қажет. Үшінші мәселе бойынша, тарихи материалды құрастыру жолдарының тәсілдері бойынша әдіскер – тарихшылардың тәжірибелеріне сүйену арқылы тиімді әдіс жолдарын қалай таңдауға болатындығы туралы нақты дәлелдер келтіре кеткен жөн.


Есеп формасы: семинар сабағы
Тақырып №3 Тарих пәнінен мектеп оқулықтарының сипаттамасы

Сабақтың мақсаты: Тарих пәнінен мектеп оқулықтарының сипаттама беру

  1. Мектеп оқулықтарына қойылатын негізгі дидактикалық талаптар

  2. Қазақстан Республикасындағы «жаңа кезеңдегі» тарих оқулықтарының ерекшеліктері

  3. Тарих оқулықтарының мәтіндік және мәтіндік емес компоненттері

  4. Тарихтан мектеп оқулықтарының құрылымдық-функционалды талдаудың негіздері

Семинар сабағында Қазақстан Республикасындағы тарих пәні 5 сыныптан оқытылатынын атап кету жөн. Мектеп оқулықтарына қойылатын негізгі дидактикалық талаптарды көрсетіңіз. Сонымен бірге Қазақстан Республикасындағы «жаңа кезеңдегі» тарих оқулықтарының ерекшеліктерін анықтаңыз.

Тарихтан мектеп оқулықтарының құрылымдық-функционалды талдаудың негіздері.


Есеп формасы: семинар сабағы
Тақырып №4 Тарихты оқыту үрдісінде оқушылардың іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру

Сабақтың мақсаты: Тарихты оқыту үрдісінде оқушылардың іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру жолдарын көрсету


  1. Тарихты оқыту үрдісінде қалыптасатын оқушылардың іскерліктері мен дағдыларының сипаты

  2. Тарихты оқыту барысында оқу дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік тәсілдері


Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсінуді талап етеді.

Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе олар қоғамдык тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратынын атап көрсетеді.

«Қабілет - іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті» - деп жазады Т.Тәжібаев. Ал «Шығармашылық» ұғымы - жаңа нәрсе «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек, бұрын тәжірбиеде болмаған жаңа нәрсе ойлап, жетістікке қол жеткізу деген сөз. Ал шығармашылық мәселесін терең зерттеген Я.Н.Пономарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені, әрбір жаңалык, әсіресе, интеллектуалдық тұрғыдағы баланы жаңа техникалық сапаға көтереді. Шығармашылық әрекет өте күрделі үрдіс және ол адамға ғана тән. Шығармашылық қабілеті дамыған тұлға калыптастыру - қазіргі оку үрдісінің ең басты талаптарының бірі. Шығармашылық тұлға қалыптастырудың бір жолы ең алдымен оқушылардың танымдық ізденістерін тиімді ұйымдастырумен жүзеге аспақ. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Оқушыны шығармашылыкқа баулу, өз еңбегінің нәтижесін көруге, оны бағалауға бағыттау - өте күрделі үрдіс. Оқушының шығармашылық мүмкіндігі оның жеке тұлға ретінде қалыптастыру үрдісінде пайда болады. Егер шығармашылық оқушының жас кезінде бағалы бағдар болып қалыптаспаса, онда болашақта оның қалыптасуы екі талай. Жалпы алғанда, оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда түрлендірілген сабақтың берері мол. Оқушылардың белсенділігін арттыру, олардың іс-әрекетін басқару арқы-лы іздестіру, зерттеу, ой таласын туғызумен қатар, сабақта өмірмен ұштастыру, оқу материалдарының мазмұнын қоршаған ортаның өзгерісімен, қозғалысымен, шындығымен үнемі байланыстыру - оқыту үрдісінің ең негізгі мақсаты.
Есеп формасы: семинар сабағы
Тақырып №5 Тарихты оқытуда пәнаралық және курсаралық байланыс

Сабақтың мақсаты: Тарихты оқытуда пәнаралық және курсаралық байланысты көрсету


  1. Тарихты оқыту барысында пәнаралық байланысты пайдалану әдістері

  2. Тарихты оқыту барысында курсаралық байланысты пайдалану әдістері

Оқушылардың оқу жұмысының көптеген түрлері бар. Олар сабақ, кеңес, сынақ,семинар және конференция, оқу саяхаттары болып бөлінеді. Мемлкеттік мектептерде оқытудың негізгі түрі – сынып сабақ деп аталады. Бұл жердегі сынып – сынып-сабақ бірыңғай базалық білім алатын, сынып оқушыларының 40-45 минуттан тұратын оқуы. Бұндай оқудың санын мектептің оқу жоспары, ал мазмұнын мемлекеттік стандарт пен оқу бағдарламасы айқындайды.

Практикада тарихты оқыту ортақ, ұқсас белгілі көп сабақтар арқылы жүргізіледі. Соған сәйкес ғалымдар сабақ типтерін олардың негізгі мазмұнына, дидактикалық мақсаттарына, өткізу тәсілдеріне, оқыту процесінің буындарына қарай топтастырады.

Көрнекті әдіскер А.А.Вагиннің пікірінше, оқыту процесінде оның негізгі бөлімдері, қысқаруы немесе кеңеюі, бір немесе бірнеше сабақта іске асуы мүмкін. Осы жағдайлар практикада ескеріліп, сабақтар барлық құрамды бөлімдері сақталып немесе белгілі бір бөлігі басым болып жүргізілуі мүмкін. Оқытуда бөлімдердің үйлесуін сабақтың құрылымы деп атайды.

Кейбір топтастыруда сабақты жүргізу әдісі (дәріс-сабақ, пікірталас-сабақ, кино-сабақ, зертханалық сабақ); оқушылардың әрекеті (жинақтау сабағы, проблемалық); материал сипаты (жаңа деректі игеру) басшылыққа алынады. Дағдылар мен іскерлікті қалыптастыратын сабақтарды ерекше типке жатқызуға болады.

Кіріспе сабақ оқушыларға алдыңғы курстарда алған негізгі білімдерін жаңғыртып, тарихтың жаңа курсының негіздеріне жалпы сипаттама беруі тиіс. Кіріспе сабақтың мазмұнында оқушылардың жаңа тақырыпты игеруіне көмектесетін мақсаттардың болғаны дұрыс. Қажет болғанын жағдайда мұғалім бұл сабақта оқушылардың базалық білімін, негізгі дағдыларын айқындайды.

Жаңа материалды игеру типіндегі сабақтардың мынандай түрлерін атауға болады: материалды мұғалімнің мазмұндау сабағы; мектеп дәрісі; саяхат сабақ; кино-сабақ; оқушылардың хабарламалары мен баяндамаларына арналған сабақ. Жаңа материалды игеру сабағында оқу әрекетінің бұл түрлері басым болып келеді және сабақтың едәуір бөлігін қамтиды. Ал, бекіту, қайталау, оқушылар білімін тексеруге аз уақыт, аз көлем бөлінеді.


Есеп формасы: семинар сабағы
Тақырып №6 Мектепте тарихты оқытудың әдістері және әдістемелік тәсілдері

Сабақтың мақсаты: Мектепте тарихты оқытудың әдістері және әдістемелік тәсілдерін анықтау


  1. Мектепте тарихты оқытудың ғылыми, психологиялық-педагогикалық және дидактикалық негіздері

  2. Мектепте тарихты оқытудың жалпы әдістері мен тәсілдері

Семинар сабағында «әдіс» түсінігіне оның анықтамасына тоқталып өту керек. Әдіскер – тарихшылардың тарихты оқыту әдіснамасын дамытудағы қосып жатқан үлестеріне тоқталу керек. Екінші мәселе бойынша, ауызша оқыту әдіс түрлеріне және оның тәсілдеріне мінездеме беріп кету қажет. Ауызша әдісті қолданып оқушылардың жұмысын ұйымдастырудың тәсілдерін қарастырып өту керек. Тарих сабғында проблемалық оқыту әдісін қолданудың тәсілдері бойынша, әдіскер – тарихшылардың тәжірибелеріне сүйене отырып тиімді тәсілдердге таңдау жасау жолдары туралы қамту қажет.
Есеп формасы: семинар сабағы
Тақырып №7 Тарихты оқытуды ұйымдастыру формалары. Тарих сабағы

Сабақтың мақсаты: Тарихты оқытуды ұйымдастыру формаларымен танысу

  1. Тарихты оқытуда сабақ және сабақтан тыс формаларының жалпы сипаттамасы

  2. Қазіргі тарих сабағы және оның түрлері: дәріс, семинар, сабақтың дәстүрлі емес түрлері

Бірінші мәселе бойынша, сабақтың – мектепте негізгі білім беретін ұйымдастырушы формасына тоқталу керек. Сабаққа қойылатын талаптармен сабақтың – үш бағыттығы мақсаттарына түсінік беру қажет. Сабақтың құрал-жабдықтары. Жоспар. Екінші мәселе бойынша, сабақтың түрі типі. Мұғалімнің сабаққа дайындығы. Күнделікті жоспар. Сонымен қатар жаңа сабақ түрлері т.б. негізгі оқыту процесінің элементтеріне жеке – жеке тоқталу арқылы функциялық маңыздарын әдіскер – тарихшылардың тәжірибелері бойынша талдап беру қажет.


Есеп формасы: семинар сабағы
Тақырып №8 Тарихты оқытуда көрнекті құралдарды қолдану

Сабақтың мақсаты: Тарихты оқытуда көрнекті құралдарды қолданудың маңыздылығын көрсету


  1. Тарихты оқытудағы көрнекті құралдардың ролі мен мәні

  2. Тарихты оқытудағы көрнектіліктің түрлері

  3. Оқытуда техникалық құралдардың мүмкіншілігін пайдалану

Бірінші мәселе бойынша, көрнекіліктерді қолдану әдістеріне қойылатын талаптар бойынша, әдіскер – тарихшылардың тәжірибелерінен мысалдар келтіру қажет.

Екінші мәселе бойынша көрнекіліктердің түрлеріне жеке – жеке талдау жасау керек:

а) Сурет көрнекілігі

б) Графикалық көрнекілік

в) карта

Үшінші мәселе бойынша көрінекіліктің тиімділігіне тоқталу керек.


Есеп формасы: семинар сабағы
Тақырып №9 Таңдаған тақырып бойынша сабақтын мақсатын анықтау. Сабақтың жоспар-конспектін құрастыру

Сабақтың мақсаты: Тарих сабағының белгіленген тақырып бойынша мақсатын анықтауды үйрену


  1. Мектепте тарихты оқытудың педагогикалық мақсаттарының түрлері: тұлғаны қалыптастырудың жалпы мақсаты, мектепте оқытудың мақсаты, оқу пәнінің мақсаты, тақырыптың мақсаты, сабақтың мақсаты

  2. Тарих сабағының мақсатын анықтаудың негізгі принциптері

  3. Тарих пәнінен дәстүрлі сабақ жоспарының негізгі элементтері

  4. Мектептегі тарих сабағының жоспар-конспектілерінің түрлері

Семинар сабағында тарихи фактілер арқылы тарихты оқыту әдістері мен тәсілдерінің жолдарына тоқталу керек. Тарихи фактілердің мазмұны бойынша сабақта қолданудың тәсілдерін қалай пайдалануға болатынына мысалдар келтіру қажет. Тарихи материалды құрастыру жолдарының тәсілдері бойынша әдіскер – тарихшылардың тәжірибелеріне сүйену арқылы тиімді әдіс жолдарын қалай таңдауға болатындығы туралы нақты дәлелдер келтіре кеткен жөн.



Тарихи кезеңдер мен тарихи оқиғалар арқылы тарихи көріністерді қалыптастыруға жағдай туғызу мәселесі бойынша тарихи көріністер әдісіне анықтама беру қажет.
Есеп формасы: семинар сабағы
Тақырып №10 Тарихты оқыту үрдісінде оқушылардың білімін, іскерлігін тексеру және бағалау жүйесі

Сабақтың мақсаты: Тарихты оқыту үрдісінде оқушылардың білімін, іскерлігін тексеру және бағалау жүйесімен таныстыру



  1. Мектептегі тарих курсында оқушылардың танымдық мүмкіншіліктері

  2. Оқушылардың білімін тексерудің түрлері

  3. Тарихи білімнің нәтижесін бағалау көрсеткіштері мәселесі

Бірінші мәселе бойынша, оқушылардың білімін бағалаудың мақсаты мен міндеттерін әдіскер – тарихшылардың тәжірибелеріне сүйене отырып талдау. Екінші мәселе бойынша, оқшылардың – тарихи заңдылықтармен тарихи терминологияның меңгеруін тексеру. Оқушылардың тарихи білімінің тереңділігін жүйелендіру. Екінші мәселе бойынша, білімді тексеру түрлері: ауызша; жазбаша; қорытынды; компьютерлік түрі және т.б. Білімді тексеру мен бекіту. Қорытынды білім тексеру жүйесі: тоқсандық; жарты жылдық; жылдық. Емтиханға дайындық. Емтихан нәтижелерінің бағаларының білімдік көрсеткіштерін есептеу арқылы сапалық үлгерімдерін анықтау жолдарының тәсілдерін меңгерудің жолдарын үйрену. Баға түрімен білімді бағалаудың критериилерімен педагогтік принцп мәселелері бойынша, әдіскер – тарихшылардың тәжірибелеріне нақты мысалдар беру арқылы талқыға салу.


Есеп формасы: семинар сабағы
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет