Семинар сабақтарының жоспары политология планы семинарских занятий



бет1/6
Дата24.11.2016
өлшемі1,18 Mb.
#2438
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6



Қазақстан Республикасының Министерство

Білім және ғылым образования и науки

министрлігі Республики Казахстан
Д. Серікбаев атындағы ВКГТУ

ШҚМТУ им. Д. Серикбаева


БЕКІТЕМІН

Инженерия факультет деканы


__________М.В. Дудкин

__________________2015ж.


CАЯСАТТАНУ

Семинар сабақтарының жоспары
ПОЛИТОЛОГИЯ

Планы семинарских занятий

Барлық мамандықтар бойынша студенттерге арналған
Пәннің кредиттер саны 2

Өскемен


Усть-Каменогорск

2015

КІРІСПЕ
Саясаттану атының өзі әйгілеп тұрғандай – саясат туралы ғылым. Саясат әлемі табиғатының сан алуандығы сондай, көптеген ғалымдардың өздері бүгінгі дейін саясаттың не екендігін жайлы біржақты көзқарасқа тоқтала қойған жоқ. Үстіміздегі кезеңде де мемлекет дегеніміз не, оның пайда болуының қайнар көздері қайдан шығады деген сауалдар төңірегінде таластар бар. Зерттеушілер заманымыздың негізгі саяси институттарын айқындау мен олардың қоғамдағы орналасу ретін белгілеуде де әртүрлі пікірлер туралы, саясаттағы билік және элита топтарының түрлерін біріктіреді.

Саясаттану өзінің алдына мақсат ретінде студенттерді теориялық проблемалардың кең ауқымымен таныстыру, саяси өмірдің даму заңдылықтарына назар аудару негізінде олардың дұрыс дүниетанымын қалыптастыру, саяси үрдістердің белгілі бір мемлекеттер көлемінде немесе ғаламдық тұрғыда қалыптасуы мен іске асу ерекшеліктерін ашып көрсету, нақты саяси ортада іс-әрекет жасау қабілетіне дағдыландыру, қандай болмасын саяси оқиғалар мен құбылыстар жағдайына баға беру тұрғысында қажетті ғылыми ұстанымдарды қалыптастыру, өзінің кәсіби проблемаларын саяси тұжырымдар мен әдістерді қолдану арқылы шешуге қажетті білімдермен қаруландыру; саяси сана сезімді және саяси мәдениетті қалыптастыру; болашақта Қазақстанның қоғамдық - саяси сферасында белсенді болуға талап; арнаулы және гуманитарлық білімдерді үйлестіруге, кәсіби этиканы тудыруға көмектесу.

Студенттердің негізгі саясаттану теориялары туралы жалпы білім беру; саясаттану білімдерінің негіздерін үйренумен қатар қазіргі заманғы зерттеулер жүргізудің дағдыларымен таныстыру; саясат, оны жүргізетін кімдер, саясат қандай заңдылықтармен жүргізіледі, саяси институттар мен ұйымдардың ролі мен маңызы, қоғамдық өзгерістер, олардың жіктелуі туралы мәліметтерді толық меңгеру; саяси өмірдің күрделі мәселелермен кезігіп, оларға төтеп беруге, өз әрекетіңізді жоспарлап, дұрыс шешімдер қабылдауға үйрену.

Студенттерге ұсынылып отырған әдістемелік нұсқауларда семинар тақырыптары мен қажетті түсініктер, терминдер мен сұрақтар берілген, саясаттану тақырыптарына байланысты рефераттар жазады, оларды қорғайды, өзара пікірлерімен алмасады, олардың тақырыптарының тізімі берілген.

1 ЖАЛПЫ ТҮСІНІКТЕМЕ


1.1 Пән мазмұны: саясаттану атының өзі әйгілеп тұрғандай – саясат туралы ғылым. Саясат әлемі табиғатының сан алуандығы сондай, көптеген ғалымдардың өздері бүгінгі дейін саясаттың не екендігін жайлы біржақты көзқарасқа тоқтала қойған жоқ. Үстіміздегі кезеңде де мемлекет дегеніміз не, оның пайда болуының қайнар көздері қайдан шығады деген сауалдар төңірегінде таластар бар. Зерттеушілер заманымыздың негізгі саяси институттарын айқындау мен олардың қоғамдағы орналасу ретін белгілеуде де әртүрлі пікірлер туралы, саясаттағы билік және элита топтарының түрлерін біріктіреді

1.2 Курс мақсаты: студенттерді теориялық проблемалардың кең ауқымымен таныстыру, саяси өмірдің даму заңдылықтарына назар аудару негізінде олардың дұрыс дүниетанымын қалыптастыру, саяси үрдістердің белгілі бір мемлекеттер көлемінде немесе ғаламдық тұрғыда қалыптасуы мен іске асу ерекшеліктерін ашып көрсету, нақты саяси ортада іс-әрекет жасау қабілетіне дағдыландыру, қандай болмасын саяси оқиғалар мен құбылыстар жағдайына баға беру тұрғысында қажетті ғылыми ұстанымдарды қалыптастыру, өзінің кәсіби проблемаларын саяси тұжырымдар мен әдістерді қолдану арқылы шешуге қажетті білімдермен қаруландыру; саяси сана сезімді және саяси мәдениетті қалыптастыру; болашақта Қазақстанның қоғамдық - саяси сферасында белсенді болуға талап; арнаулы және гуманитарлық білімдерді үйлестіруге, кәсіби этиканы тудыруға көмектесу.

1.3 Курс міндеті: студенттердің негізгі саясаттану теориялары туралы жалпы білім беру; саясаттану білімдерінің негіздерін үйренумен қатар қазіргі заманғы зерттеулер жүргізудің дағдыларымен таныстыру; саясат, оны жүргізетін кімдер, саясат қандай заңдылықтармен жүргізіледі, саяси институттар мен ұйымдардың ролі мен маңызы, қоғамдық өзгерістер, олардың жіктелуі туралы мәліметтерді толық меңгеру;саяси өмірдің күрделі мәселелермен кезігіп, оларға төтеп беруге, өз әрекетіңізді жоспарлап, дұрыс шешімдер қабылдауға үйрену.

1.3 Курстың құрылымы

Оқылатын пән 15 лекциялық, 15 семинарлық және 30 СӨЖ сабақтарынан құралады, оның өзінде студенттердің өз беттерімен жұмыс істеуіне ерекше көңіл бөлінген. Оларға әр апта сайын консультация ұйымдастырылады. Семестр бойынша студенттер саясаттану тақырыптарына байланысты рефераттар жазады, оларды қорғайды, өзара пікірлерімен алмасады, диспутқа барады.

1.4 ТалаптарСтуденттер сабақтардан себепсіз қалмауға тиіс, ауырып қалған жағдайда дәрігерлік анықтамалары болуы керек. Әрбір сабақта олар өз белсенділігін көрсетіп отыруы қажет. Ұялы телефондарды дәріс үстінде пайдалануға, кешігуге рұқсат етілмейді. Тест бақылау жұмыстарын жазарда студент өзі жауап беруге тиіс, басқа жағдайда тапсырма ауыстырылады немесе бағасы төмендетіледі.

2 САЯСАТТАНУ ПӘНІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
2.1 Саясаттану пәні. Саясат әлеуметтік феномен және зерттеу объектісі ретінде. Саясаттану – қоғам өміріндегі саясаттың ролі және орны, саяси қатынастар, іс-әрекет, институттар, жүйелер және теориялар туралы ғылым. Саясаттану интегративті ғылым ретінде және оның негізгі бөлімдері: саяси әлеуметтану, саяси философия, саяси психология, мемлекет пен құқық тарихы және қолданбалы аспектілері. Саясаттану әдістері: диалектикалық, әлеуметтік, бихевиористік және басқалар.

2.2 Қазақстандағы саяси ойдың дамуы. Қазақ ойшылдығына, шежірешілдігіне, тарихшылдығына ұлттық қасиет тұрғысынан берілген баға. Тарихи тұлғалардың саяси ой-пікірлері. Скиф заманында қазақ даласынан шыққан Анақарсының саяси көзқарасынан туындаған ойлар. Тоныкөк, Қорқыт ата, Әл-Фараби, Асан Қайғы, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Яссауи, Шоқан, Абай, Ыбырай мұралары-қазақтың саяси ой-пікірлерінің кемел арналары. Ел басқарудың тарих сынынан өткен билердің рөлі мен билер алқасының атқарған қызметі. Үш жүздің атақты кемеңгер билері. Төле бидің, Қазыбек бидің, Әйтеке бидің ой-сана сарайынан шыққан асыл мұралары бүгінгі күннің тыныс-тіршілігімен көп жағдайда сабақтас келетіндігі туралы толғаныс. Билер институтындағы аталған ұлы тұлғалардың алатын орны.

Қарапайым халық ортасынан шыққан билер: Едігенің Шоңының, Шорманның Мұсасының, Тұрсынбайдың Боштайының, Сатыбалдының Қазаңқапының, Өскенбайдың Құнанбайының, Естеместің Есенейінің ой-өрістің, іс-тәжірибенің қайталанбас үлгілері. Қазақ мемлекетіндегі билер басқарудың сабақтастығы Қазақстан Республикасның жер-жерлердегі нақты көріністері мен оның озық тәжірибелері.

2.3 Билік және саясат. Заң шығарушы, атқарушы және соттық билік тармақтары. Саяси биліктің қазіргі заманғы сипатының ерекшеліктері. Атқарушы биліктегі әкімшілік қызметі: егемендікті жүзеге асыру, экономикалық байланыс, коммуникация, әлеуметтік, мәдени-тәрбиелік бағыттарының сипаттамасы. Жоғарғы биліктің субъектісі бойынша мемлекеттердің авторитарлық, тоталитарлық, демократиялық болып, биліктің және оның органдарының құрылымы жағынан: монархиялық, республикалық болып бөлінуі. Территориялық жағынан унитарлы, федерациялы, конфедерациялы болып бөлінетін мемлекеттерді қарастыру. 2.4 Қоғамның саяси жүйесі. Саяси жүйе туралы теория. Саяси жүйе биліктің тетігі ретінде. Саяси жүйенің құрылымы: саяси институттар, саяси қатынастар, саяси ережелер және саяси мәдениет деп бөлінуі.Саяси жүйенің жіктелуі. Ашық және жабық жүйелер. Жүйеге кіріс және шығыс. Қазақстандағы саяси жүйе және оны реформалау туралы көзқарастар. 2.5 Мемлекет – саяси жүйенің ең негізгі институты. Мемлекеттің пайда болу теориялары. Мемлекеттің түрлері, белгілері мен қызметтері. Қазіргі сайлау жүйесі. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет. Қазақстандық жаңа мемлекеттің қалыптасуы.



2.6 Демократия туралы ұғым және оның белгілері. Демократияның антикалық теориясы. Жаңа дәуірдегі демократияның классикалық теориялары. Демократияның алуан түрлілік және төбе топ теориялары.

2.7 Саяси партиялар мен қоғамдық-саяси қозғалыстар. Партиялардың пайда болуы және мәні. Партиялардың типологиясы және атқаратын қызметі. Партиялық жүйелер. Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасуы мәселелері.

2.8 Саяси тәртіп түрлері. Демократиялық және антидемократиялық режим, тоталитарлық және авторитарлық тәртіптің орын алған кезеңдері. Әртүрлі елдердегі алуан түрлі тәртіп түрлеріне сипаттама.

2.9 Саяси элита және саяси топ бастаушылық. Элита туралы классикалық теориялар. «Олигархияның темірдей заңының» мәні. В.Парето, Р.Михельс, Г.Москаның саяси теориялары. Қазіргі замандағы саяси элита. Басшы түрлері және тегі. Қазақстандық саяси элита және саяси жетекшілік.

2.10 Қоғамның саяси мәдениеті. Саяси идеологиялар. Саяси әлеуметтану концепциясы. Идеологияның пайда болуы және оның қызметі. Идеологияның типтері.

2.11 Саяси даму. Саяси даму туралы ұғым және концепциялар. Саяси дамудың дағдырыстары. Саяси модернизация туралы теория. Қазақстандағы тұрақты жағдай республикада саяси модернизацияны жүргізудің шарттарының бірі. Саяси процесс: мазмұны және типологиясы. Қазіргі замандағы Қазақстандағы саяси процесс.

1.12 Тұлға саясат объектісі және субъектісі. Тұлғаның саяси әлеуметтенуі. Жеке адамның құқығы мен бостандығы. Жеке адамның құқықтарының жіктелуі. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен жалпыға бірдей адам құқығының декларациясы

2.13 Саяси мәдениет, оның мәні және қызметтері. Саяси мәдениеттің құрылымы және оны қалыптастыратын қоғамдық күштер. Саяси мәдениеттің мәні мен мағынасы.Саяси мәдениет және саяси мінездеме. Қазақстандағы саяси мәдениеттің жағдайы

2.14 Ғаламдану және ғаламдық мәселелер қатарының өсу тенденциясы. Экологиялық және демографиялық саясат. Ғылыми-техникалық прогресс пен дегуманистік саясаттың экологиялық және демографиялық нәтижесі. Қоршаған ортаны қорғау. Экологиялық шаралар және өндіріс тазалығы.

2.15 Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар. Халықаралық саясаттың тегі, мазмұны, принциптері. Халықаралық қатынастардың типологиясы. Қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың ерекшелігі және дамуындағы жаңа тенденциялар. Қазіргі замандағы халықаралық қатынастар жүйесінде Қазақстанның алатын орны.

3 СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ


3.1 Саясаттану пәніне кіріспе

1 Саясаттану пәнінің міндеттері мен мақсаттары.

2 Саясат түсінігі, саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы.

3 Саясаттану пәні, ұғымдары, әдіс-тәсілдері мен қызметтері.

4 Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы.
Білуге қажетті түсініктер мен категориялар:

Саясат, саясаттану, саясаттану объектісі мен пәні, саяси философия, саяси әлеуметттану, бихевиоризм, құрылымдық функционализм, қолданбалы саясаттану, позитивизм, салыстырмалы саясаттану.


Студенттер мен оқытушының өздік жұмысы:

  1. Саясат деген не, ол қашан пайда болды?

  2. Саясаттан тыс адам өмір сүре ала ма? Аристотель «адам өзінің табиғаты бойынша саяси жануар » деп не себепті айтқан.

  3. Саясаттанудың негізгі қарастыратын мәселелері қандай?

  4. Саясаттың қызметтеріне не жатады?

  5. Саяси процестерді зерттегенде саясаттану қандай әдістерді пайдаланады?

  6. Саясат пен моральдың ерекшеліктері неде?

  7. Саясатты тек ғылым ғана емес, өнер деп те атайды. Неге?

  8. «Теориялық» және «қолданбалы» саясаттанудың ара қатынасы қандай?

  9. Басқа әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың ішінде саяси ғылымның орны қандай?

  10. Тұлғаның саяси мәдениетін қалыптастыруда, оның демократиялық құндылықтарды бойына сіңіруде саясаттанудың маңызы қандай?

  11. Саясаттанудың Сіздің мамандығыңызға қандай қажеті бар ?

  12. Саясаттанудың болашақта қажетсіз болып қалу мүмкіндігі туралы ойыңыз?

  13. Бихевиоризмнің негізгі белгілері туралы біліміңіз?


3.2 Саяси ілімдер: даму тарихы мен негізгі кезеңдері
1 Құлдық дәуірдегі саяси ойлар (Ежелгі Шығыстағы Вавилон, Египет, Қытай, Ежелгі Греция және Рим).

2 Орта ғасыр(Батыс Европа мен Арабтық Шығыс) және Қайта Өрлеу дәуіріндегі саяси ұғымдар.

3 Жаңа Дәуірдегі саяси ойлар.

4 Қазақ даласындағы саяси пікірлер. ХХ ғасырдағы саяси ілімдер.


Білуге қажетті түсініктер мен категориялар:

Аристократия, олигархия, плутократия, демократия, теократия, табиғи құқық, билікті бөлу принципі, қоғамдық келісім, гуманизм, либерализм, позитивизм, билер институты, «жеті жарғы», «Алаш-орда» , консерватизм, социал-реформизм, анархизм, прагматизм, плюрализм, аксеологизм, конвергенсия, футурология, марксизм, постиндустриалды қоғам мен ақпараттық қоғам теориялары, элита.


Студенттер мен оқытушының өздік жұмысы

  1. Саяси ғылымның тарихын оқып білудің маңызы неде?

  2. Аристотель мемлекеттің түрлерін бөлгенде қандай өлшемді басшылыққа алды?

  3. Платон, Аристотель, Цицерон жеке меншіке қалай қарады? Неге?

  4. Платон мен Аристотель мемлекеттік басқарудың түрі ретінде демократияға не себептен қарсы болды?

  5. Орта ғасырлық саяси ойлардың ерекшеліктері неде?

  6. «Макиавилизм» деген не?

  7. Социал-утопистердің саяси көзқарастарының кемшіліктері қандай, олардың еңбектеріндегі жалпы адамзаттық идеяларға нелерді жатқызар едіңіз?

  8. Қоғамдық келісім теориясы деп нені айтады ?

  9. Асан Қайғы мен социал- утопистер көзқарасында қандай ортақтық бар деп ойлайсыз?

  10. Қазақ халқының рухани мұрасындағы саяси ойларға не жатады?

  11. Батыс Европадағы орта ғасырлардағы мемлекет пен діннің ара қатынасы.

  12. Қазіргі кезеңдегі саясаттану ғылымдарының негізгі даму кезеңдері жайында не білесіз?

  13. ХХ ғасырдағы саяси ойлардың дамуының жаңа тенденциясы.

  14. Кейнстік теориялар туралы ойларыңыз.

  15. ХХ ғасырдың 40-70 жылдарындағы мемлекеттік әлеуметтік саясатты демократияландыру және либералдандыру мәселелері.

  16. ХХ ғасырдың аяғындағы билік жөніндегі жаңа теориялық модельдер мен концепциялар.


3.3 Саяси билік. Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдалар
1 Биліктің қызметтері мен жіктелуі.

2 Саяси билік пен мемлекеттік билік.

3 Қазақстандағы биліктің тармақтары және оның жүзеге асуы.

4 Биліктің тиімділігі мен легитимділігі. Биліктің түрлері


Білуге қажетті түсініктер мен категориялар

Билік, кратология, авторитаризм, зорлық, заңдылық, легитимділік, билік ресурстары, билік құралдары, харизматикалық билік, монархия, республика, парламент, федерация, конфедерация.


Студенттер мен оқытушының өздік жұмысы


  1. Қоғам биліксіз өмір сүре алма ма?

  2. Биліктің қандай анықтамаларын білесіз?

  3. Саяси биліктің экономикалық, идеологиялық, діни биліктерден айырмашылығы неде?

  4. Биліктің қорына нелер жатады?

  5. «Егемендік» деген не? Мемлекеттік билік не себепті егеменді болуы керек?

  6. Биліктің легитимдігіне не жатады? Қандай түрлері болады?

  7. Саяси билік пен мемлекеттік биліктің айырмашылығы.

  8. Қазіргі Қазақстандағы биліктің легитимдігінің түрі қандай?

  9. Қазақстандағы саяси тәртіп биліктің қандай қорларын пайдаланады?

  10. Билік беделге, зорлыққа сүйенетіні белгілі, тағы қандай белгілерді қоса аласыз?


3.4 Саяси жүйе
1 Саяси жүйе туралы ұғым.

2 Саяси жүйенің құрылымы.

3 Саяси жүйенің жіктелуі.

4 Қазақстандағы саяси жүйенің қалыптасу мәселелері


Білуге қажетті түсініктер мен категориялар

Саяси жүйе, жүйеге «кіру», «шығу», ашық және жабық жүйелер, саяси ұйымдар, саяси институттар, саяси қатынастар, саяси ережелер, саяси мәдениет.


Студенттер мен оқытушының өздік жұмысы

  1. «Қоғамның саяси жүйесі» деп нені атайды?

  2. Саяси жүйе қандай қызметтерді атқарады?

  3. Саяси жүйенің басты элементтеріне не жатады? Неге?

  4. Г. Алмонд пен Д. Истонның саяси жүйе теорияларындағы айырмашылықтар қандай?

  5. Саяси жүйені жіктегенде қандай өлшемдер қолданылады?

  6. Саяси жүйені топтастырудың қандай түрлерін білесің? Тұрақтылары қайсы?

  7. Қазақстандағы қазіргі саяси жүйе қандай түрге жатады?



3.5 Мемлекет – қоғамның саяси жүйесінің негізгі институты
1 Мемлекеттің пайда болуы мен мәні.

2 Мемлекеттің белгілері мен қызметтері.

3 Қазіргі сайлау жүйесі. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет.

4 Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының ерекшеліктері


Білуге қажетті түсініктер мен категориялар

Азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет, унитарлы мемлекет, автономия, импичмент, мажоритарлық жүйе, пропорционалдық жүйе.


Студенттер мен оқытушының өздік жұмысы

  1. Мемлекеттің пайда болуы туралы қандай теорияларды білесің? Оның қайсысы дұрыс деп ойлайсың? Неге?

  2. Мемлекеттің басқа саяси ұйымдардан айырмасы қандай?

  3. Мемлекет кімге қызмет етуі керек: өзіне өзі, адамдардың бір тобына , бүкіл қоғамға ма? Ойыңызды дәлелдеңіз?

  4. Қоғамдық өмірдің мемлекеттенуі дегеніміз не? Ол қандай жағдайда болады?

  5. Мемлекеттің белгілері қандай? Бұл белгілерсіз мемлекет бола ма?

  6. Мемлекеттің ішкі, сыртқы қызметтері.

  7. Сайлау жүйесі деп нені айтады? Олардың қандай түрлерін білесіз және олар немен ерекшеленеді?

  8. Азаматтық қоғам деген не?

  9. Құқықтық мемлекеттің ерекшелігі неде?


3.6 Саяси режимдер
1 Саяси режим түсінігі мен түрлері.

2 Тоталитаризм және авторитарлық тәртіп.

3 Демократиялық режимнің белгілері
Білуге қажетті түсініктер мен категориялар

Саяси режим, тоталитаризм, посттоталитаризм, фашизм, авторитаризм, диктаторлық режим, хунта, референдум, плебисцит, көсемшілдік, полиархия, демократия


Студенттер мен оқытушының өздік жұмысы

1) Саяси тәртіп қандай критерийлер бойыша анықталады?

2) Тоталитарлық режимдерді легитимді және тиімді деп айта аламыз ба?

3) Демократияның белгілеріне не жатады?

4) Демократияның антикалық теориясы немен ерекшеленеді?

5) Басқа саяси тәртіптермен салыстырғанда демократия не себепті ең жақсысы болып есептеледі?

6) Қазіргі кезде анық халық билігі жүзеге асуы мүмкін бе?

7) Саяси тәртіптерді қандай критерийлер бойынша белгілейміз.

8) Саяси тәртіптердің негізгі түрлері атаңыз.

9) Тоталитаризм мен авторитаризмның негізгі ұқсастықтары мен айырмашылықтары

10) Қазақстандағы саяси режим түрін атаңыз.

11) Қазіргі таңдағы кейбір мемлекеттердегі авторитарлық режимнің сақталуы мен дамуына не себеп болып отыр?

12) Тоталитаризмды легитимді әрі тиімді деп есептеуге бола ма?
3.7 Саяси партиялар мен қоғамдық-саяси қозғалыстар
1 Саяси партиялардың мәні, негізгі даму кезеңдері және қызметтері.

2 Саяси партиялардың жіктелуі.

3 Қазақстандағы көппартиялылықтың қалыптасуы.

4 Қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстар.


Білуге қажетті түсініктер мен категориялар

Саяси партиялар, оппозиция, партиялық жүйе, көппартиялылық, бипартизм (екі партиялық жүйе), фракция, коалиция, әлеуметтік белсенділік, бейресми ұйымдар мен құрылымдар, лоббизм, қысымшы топтар.


Студенттер мен оқытушының өздік жұмысы

1) Саяси партиялар дегеніміз не?

2) Европадағы партиялардың құрылуының негізгі айырмашылықтары

3) Партияның негізгі қызметтері қандай?

4) Партияның басты белгілері мен құрылымы

5) Партияларды жіктеуде қандай белгілерге жүгінуге болады?

6) Партиялық жүйе деп нені айтады және оның қандай түрлерін білесіз?

7) «Қысымшы топтар» дегеніміз не, олар мемлекетке қалай әсер етеді?

8) Лоббизм дегеніміз не, оның қандай түрлерін білесіз?

9) Бірпартиялық, екіпартиялық және көппартиялық жүйелердің артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

10) Қазақстанда көппартиялық жүйе қалыптасты деп айта аласыз ба?

11)Саяси партиялар мен қоғамдық-саяси қозғалыстардың айырмашылығы неде?


3.8 Демократиялық билік түрі
1 Демократия түсінігі және қағидалары.

2 Демократияның негізгі теориялары: классикалық, элитарлық, плюралистік және партиялық.

3 Қазақстандық демократияны қалыптастырудағы қиындықтар: қоғамдық құрылыстың идеалы және шындық.
Білуге қажетті түсініктер мен категориялар

Демократия, оппозиция, саяси плюрализм, демократиялық қозғалыс, жариялылық, референдум, демократиялық принциптер.

Студенттер мен оқытушының өздік жұмысы


  1. «Демократия» түсінігі туралы.

  2. Қазіргі демократияның антикалықтан қандай айырмашылығы бар?

  3. Тура демократия, плебисцитарлық , өкілдік демократиялардың айырмашылықтары қандай?

  4. Демократияның төбе топ теориясы деген не?

  5. Демократияның қандай теорияларын білесіз?

  6. Демократиялық концепциялардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары (топтық, дара, плюралистік)

  7. Қоғамның экономикалық дамуының өте жоғары болуының алғышарты демократияның тұрақтылығы екенін дәлелдеңіз?

  8. Демократияның белгісі ретінде биліктің сайлау жүйесімен өтуі жеткілікті ме ?

  9. Қазақстандық демократияны қалыптастырудағы қандай қиындықтарды атай аласыз?



3.9 Саяси басшы
1 Басшылық теориясы.

2 Саяси басшылықтың негізі мен әлеуметтік рөлі.

3 Басшылықтың қазіргі технологиялары.
Білуге қажетті түсініктер мен категориялар

Басшы, басшы имиджі, харизматикалық лидер, дәстүрлі басшы, көсем, көсемсымақ, номенклатура, жетекші, саясаткер, бюрократиялық басшылық, саяси маркетинг


Студенттер мен оқытушының өздік жұмысы

  1. Саяси басшы болу үшін қандай қасиеттер керек деп ойлайсың?

  2. Саяси лидердің қызметі қандай?

  3. Лидердің басқарушыдан айырмасы неде?

  4. Қазақстанға қандай лидер керек деп ойлайсыз?

  5. Басшылықтың негізгі теориялары қандай?

  6. Саяси басшыны жіктейтін негізгі критерийлерді атаңыз?

  7. Басшы «имиджі» дегеніміз не?

  8. Дәстүрлі, харизматикалық және құқықтық басшылықтың негізгі белгілерін анықтаңыз.


3.10 Саяси элита
1Саяси элита түсінігі мен қызметі.

2 Саяси элиталардың қалыптасуы мен жіктелуі.

3 Антрепренерлік және гильдия жүйелері.

4 Қазақстанның саяси элитасы. туралы.


Білуге қажетті түсініктер мен категориялар

Элита, мәртебе, дәреже, номенклатура, билеуші топ, корпоративизм, неокорпоративизм, антрепренерлік және гильдия жүйесі, ашық және жабық элита, контрэлита,меритократия, әлеуметтік элита, олигархия.


Студенттер мен оқытушының өздік жұмысы

  1. В.Парето, Г.Моска, Р.Михельстің элита теорияларын салыстырыңдар.

  2. «Олигархияның темірдей заңын» кім шығарды, оның негізі неде?

  3. Саяси элитаның негізгі белгілері қандай?

  4. Қоғамның түбегейлі өзгеру жағдайына саяси элитаның қызметінде тиімді бағыттарына нелерді жатқызар едіңіз?

  5. Қазақстанның элитасына кімді жатқызасыз?

  6. Корпоративизм мен неокорпоративизм дегеніміз не?

  7. Ашық және жабық элитаға кіру жүйесі туралы не білесіз?

  8. Элиталар ауысуы қалай жүзеге асады?


Каталог: files -> DistanceEducation -> Resource
Resource -> Мазмұны кіріспе 1 Саясаттану пәнінің әдістемелік негізі
Resource -> 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Лекция 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы
Resource -> Рабочая учебная программа Барлық мамандықтардың студенттеріне арналған Өскемен Усть-Каменогорск 2014
Resource -> Лекция №6 саяси режимдер
Resource -> 6 саяси режимдер
Resource -> Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы
Resource -> Берілген сөйлемдердің ішінен септеулік шылауды табыңыз
Resource -> Көркем әдебиет стилі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет