Семинар тақырыбы: Отбасы құндылықтары



Дата16.05.2020
өлшемі22,12 Kb.
#68947
түріСеминар
Байланысты:
тжә 11


11 семинар тақырыбы: Отбасы құндылықтары

Отбасылық тəрбие дегеніміз – ата-ананың баласының рухани жəне дене бітімінің қасиеттерін саналы түрде қалыптастыру үрдісі. Балалардың отбасындағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады, ол отбасы мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешқандай да түрі алмастыра алмайды. Отбасылық тəрбиеде біз келесі əдістерді қолданамыз:



  • сендіру;

  • тіршілікті ұйымдастыру;

  • түзету;

  • марапаттау жəне жазалау;

Сендіру əдісінің басты мақсаты тəрбиеленушілердің саналығын дамытуда, көзқарастар мен пікірлер жүйесінің қалыптасу үрдісін ұйымдастыруда, өзіндік ойлауды дамытуда .

Тіршілікті ұйымдастыру дегеніміз- баланың  дене  бітімінің, əлеуметтік жəне рухани қалыпты дамуы үшін ересектердің тиімді жағдай жасауы. Бұл əлеуметтік, шаруашылықтұрмыстық, санитарлық-гигиеналық жағдай, отбасындағы еңбек жəне рухани атмосфера, ата-ананың білімділік деңгейі.

Түзету дегеніміз  педагогикалық тəсілдердің көмегімен баланың жағымсыз мінезқұлық көріністерін түзету.

Марапаттау мен жазалау-педагогикалық ынталандыру əдістері, олар баланы қоғамдық пайдалы қызметке итермелей отырып, сонымен бірге жағымсыз мінезқұлық пен əрекеттерді тежейді.

Балаларды тəрбиелеуде ата-ананың стилі де маңызды рөл ойнайды. Атап   айтқанда, А. Болдуин ата-аналық тəрбие тəжірибесінің екі стилін бөліп көрсетеді: демократиялық жəне қадағалаушы.



Демократиялық стиль келесі параметрлермен анықталады: ата-ана мен баланың арасындағы тікелей сөзбен қарым-қатынас жасаудың жоғары деңгейі; баланы отбасы мəселелерін талқылауға тарту; ата-ананың баласына көмек беруге даярлығы.

Қадағалаушы стильде ата-ана баласының əрекеттерін едəуір шектеп отырады: балаға шектеудің мəнін анық түсіндіру, ата-ана мен баланың арасында жаза шаралары жөнінде келіспеушіліктің болмауы.

Тəрбиелеудің демократиялық стилі қолданылатын отбасындағы балалар жетекшілік қабілеттерінің байқалуымен, шабуылдаушылығымен, басқа балаларды қадағалауға ұмтылуымен сипатталады.

Тəрбиелеудің қадағалаушы стилі қолданылатын балалар көнгіш, қорқақ, шабуылдаушы емес болып келуі жиі кездеседі.

Балаларды тəрбиелеудегі əлеуметтендіру дегеніміз – индивидке қоғамның тең құқықты мүшесі ретінде өмір сүруіне мүмкіндік беретін білім, қағидалар мен құндылықтардың жүйесін меңгеруге көмектесетін бүкіл əлеуметтік жəне психологиялық үрдістер жиынтығы. Оған саналы, қадағаланатын, мақсатты əсер ету ғана жатпайды, сонымен бірге жеке тұлғаның қалыптасуына əсер ететін тылсым, кездейсоқ үрдістер де жатады.



В. А Сухомлинский оқушылардың ата-алаларымен жұмыс істеудің маңызына ерекше назар аударып “Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін”, – дейді. Олай болса, отбасы мектеппен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтан да педагогикадық әрекетте ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекше. Мектептің ата-аналармен жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы екі жақтың байланысы мен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылыкды ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. Ол мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастқты ұйымдастыруда жетекші қызмет атқарады.

Ата-аналарнен жүргізілетін жұмыстағы сынып   жетекшісінің негізгі міндеттері:

  1. Ата-аналарымен тұрақты байланыс орнату

  2. Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету

  3. Ата-аналар ұжымын құру

  4. Ата-аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру.

Ата-аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі:

  1. Ата-аналарды сыныптағы оқу-тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру. 

  2. Ата-аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру. 

  3. Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру. 

  4. Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарын идеясын қалыптастыру

  5. Ата-аналар белсенділерімен жұмыс және ата- аналардың әртүрлі қоғамдықұйымдарымен, шыншылықпен өзара әрекеттесуі.

Ата-аналармен кездрсіп, оларға педагогикалық кеңес беру сынып жетекшілерінің мұғалімдердің, мектеп басшыларының,борышы, нақты көмегі. Мектепте кездесу үшін ата-аналар күні белгіленеді Осы күні олар мектепке келіп, тәрбие оқу мәселелері жайлы пікір алысады, қажетгі педагогикалық кеңестер алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет