Семинар Тақырыбы: ОҚу сапасын арттырудағы диалогтік оқытудың



бет1/9
Дата04.07.2018
өлшемі1,48 Mb.
#47086
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
«Мектепке дейінгі шағын орталығы бар №9 орта мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Мектепішілік семинар

Тақырыбы:

ОҚУ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ ДИАЛОГТІК ОҚЫТУДЫҢ

РӨЛІ МЕН МАҢЫЗЫ

Талдықорған қаласы

2017 жыл
Оқу сапасын арттырудағы диалогтік оқытудың рөлі мен маңызы атты мектепішілік семинар бойынша

Рефлексивті есеп

Қоғам неғұрлым танылған сайын, тек

өзінің болашағына жақсы ықпал ететін

дәстүрлерді ғана сақтап, оларды ұрпақтан

-ұрпаққа берудегі жауапкершілігін

соғұрлым танитын болды.

Мектеп – осы мақсатқа жетудегі бірден-

бір басты құрал.” 


Джон Дьюи
Білім беру жүйесінен көрініс табатын көкжиегiмiзде көрініп тұрғaн жарқын болaшақ. Әлем өзгеруде, соған сәйкес мұғалім де өзгеріссіз қалмай, өздерінің білім беру жүйесі арқылы орын алған өзгерістерге қалай ықпал ететіндігін білуі тиіс.

Шульманның «үш көмекші» деп анықтаған – «бас – кәсіби түсінік, қол – оқытудың тәжірибелік дағдылары, жүрек – кәсіби тұтастық» мұғалім бойындағы қасиеттерді тізбектеген, ал Абайдың «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деген фило¬софиялық ойларымен үйлессе ғана оқы¬ту сапалы және табысты болатынына көз жеткізді. Деңгейліктен өткен ұстаздардың атқаратын жұмысы осыған дәлел.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Жаңа формация педагогы әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогика құралдарын шебер меңгерген, өзін - өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға» - деп анықтама берді.
Біздің мектепте соның айғағы ретінде Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының бірінші (ілгері) деңгейінің бағдарламасының негізгі факторының бірі желілік қауымдастық» делінген. Сондықтан да мектептегі бірінші деңгейдегі курстан өткен мұғалімдерге үлкен талаптар қойылған. Үздіксіз оқытуды дамытуда «желі» ұғымы аса маңызды болып отырғаны байқалады. Мектептер ішіндегі ынтымақтастық, мектепте оқитын оқушылардың ғана емес, барлық балалардың мүддесі үшін мектептердің «Білім беру желілеріне» бірігуі уақыт өткен сайын маңыз алуда .

Сондықтан да мектеп тәжірибесін жетілдіру мақсатында басқа мектептердің көшбасшылық командаларымен тығыз ынтымақтастықта болып мектеп мұғалімдер арасында желілік қоғамдастықты құрылған.
Мектебіміздің мұғалімдер арасындағы кәсіби желілік қоғамдастықтың тақырыбы/мәселесі: Оқу үдерісіне оқытудың жаңа тәсілдерін енгізу аясында тәлімгерлік жұмысты жетілдіру арқылы оқыту мен оқу сапасын жақсарту.

Алдымызға қойылған мақсаты: Оқу үдерісінде мұғалімдерге әдістемелік тұрғыдан қолдау көрсетуде тәлімгерлік жұмысты жетілдіріп, оқыту мен оқу сапасын жақсартуға ықпал ету .

Осы мақсатқа жетіп келесі нәтижелер күтудеміз:


  • Тәлімгерлік жұмысты жетілдіру арқылы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі артады;

  • Берілетін білімнің мақсатын түсінеді;

  • Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді меңгереді;

  • Алған білімдерін тәжірибеде тиімді қолдана алуды үйренеді;

  • Білім сапасын арттыру жолдарын әр түрлі тәсілдермен (7 модуль бойынша) дәлелдейді.

  • оқушылардың білім деңгейі көтеріледі ;

  • Оқушылардың функционалдық сауаттылығы артады.

Осы мақсат міндеттерді орындау барысында мектептің даму жоспары құрылды. Желілік қауымның шешімі бойынша жоспарға өзгеріс еңгізіліп мектеп ішілік семинар ұйымдастыру қажет деп шешімге келдік. Семинарға арналған жоспар құрылып ақпан айынын 20-22 аралығында өтті.

Мектепішілік семинардын мақсаты:

Мұғалімдерді жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында өзін-өзі дамытуға дайын болуын , жеті модуль технологиясы бойынша әдістемелік жұмыстың тиімділігін қолдана отырып, іс-тәжірибесін жетілдіру мақсатында оларды оқыту және тәлімгерлік көмек көрсету.



Міндеті:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдістерді қолдану арқылы оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім арасында еркін қарым-қатынас қалыптастыру, диалогтік әдістерді жетілдіру, тапсырмаларды түрлендіре отырып, мұғалімдердің жұмысын жақсарту.

Осы мақсат міндеттерді алға қойып семинардың бағдарламасын құрастырдық.

Семинарды салтанатты түрде мектеп мәжіліс залында директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Т. Ж. Ибраева ашты.

Жоспар бойынша орыс тілінде «Диалог как ключ успешного обучения» атты коучингті Б.Д. Қалиева, Б.Н. Солтанханова, М.Н.Бекбосынова жүргізді. Мақсаты:

Күтілетін нәтиже:

Коучинг психологиялық ахуалды орнатудан басталып, топқа «Фантики» ойыны арқылы бөлініп қатысушылардың қызығушылықтарын оятты. Коучингтын басында кинометафора әдісі тиімді қолданылды. Қатысушылар диалог туралы білімдерін қолдана отырып, видеороликтен алған әсерлері бойынша сұрақтар қойылды. Бейнетаспадан диалогтың түрлерін анықтау мақсатында сұрақтар қойылды, әр мұғалім өз тәжірибесінде диалогтың осы түрлерін қолдануды ұйғарды. Кері байланыс орната отырып, коучер Қалиева Б. және Бекбосынова М. мұғалімдердін белсенді қатысып, сұрақтарға жақсы жауап бергендерін смайликпен бағалады. Қосымша мәліметтерді қолдана отырып топтар «Кластер» арқылы диалог түрлері туралы білімдерін көрсете білді. Топтар бірін-бірі жауаптарын тындай отырып толықтырды. Келесі тапсырманы коучинг жүргізушілері Қалиева Б.,Солтанханова Б., Бекбосынова топтарға таратып жеке топтармен түсіндіру көмек беру жұмыстарын жүргізіп отырды.Тапсырма өте қызықты құрастырылған.Топтағы әр мұғалім өз салатын құрастырады.Келесіде әр қайсысы өз салаттарынын қалай жасалынатынын және денсаулыққа пайдалы екенін түсіндіреді.Бір-бірін тындап болғансон әр қайсысы көкөністін бір түрін атап ортақ бір салатты құрастырады. Салат құрастырған кезінде қатысушылар бір-бірінің пікірлерін тындап, келіспесе сұрақтар қойып, жауап алып отырды. постерді толтырды. Постерді толтырған кезінде топтағы мұғалімдер пікірлерімен бөлісіп,бір –біріне сұрақтар қойып диалогтың қандай түрлерін көргендерін анықтады. Анықтағаннан кейін, берілген қосымша мәліметтердегі диалог түрлері жайлы мәліметтерді пайдалана отырып, өз пікірлерін топқа дәлелдеп шықты. Әр топта куммулятивті диалог түрі көрінді. Мұғалімдер арасында диалог орнатылды. Бір топ кластер қорғап ортаға шықса, екінші және үшінші топтар «шапалақ» әдісімен формативті бағалап отырды. Коучер Қалиева Б. және Бекбосынова М. жауаптарын жұлдызшамен мадақтап кері байланыс орната білді. Сабақта осы диалог түрлері тиімді екені дәлелденді. Қатысушыларға коучинг қызықты да әсерлі өткенін соныңда рефлексиядан көрінді. Әр мұғалім өз тәжрибесіне көп мәліметтер жинап алғаны байқалды.

Келесі іс шарамыз Г. Мамытаева мен Г. Байтокова және Қ . Жакупованың ұйымдастыруымен өтті. Коучинг тақырыбы «Диалогтік оқытудың мәні»

Коучингтің мақсаты: Мұғалімдер тиімді педагогиканың бөлігі ретінде оқытудың диалогтік әдістерін енгізуге арналған тәсілдеріне талдау жасайды.

Оқу нәтижесі: Мұғалімдер жауап алу мен шағын топтардағы жұмысты қоса алғанда, әңгімені жеке оқуға ықпал ететін педагогика құралы ретінде тиімді қолдану өз идеяларын тұжырымдайды.

Түйінді идеялар: Әңгімелесу- мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрмендік тетік. Сыныпта диалогті қолдану арқылы мұғалімджер балалардың білім алу сапасына үлкен ықпал ете алады. Балалардың білімі мен идеясын анықтауға бағытталған шынайы әрекет оларды оқыту үдерісіне мейлінше тартуға көмектеседі.

Бұл коучинг релаксация арқылы басталды. Себебі жағымды психологиялық ахуал туғызу коучингтің жақсы өтуіне ықпал етеді. Содан «Кіру билеті» әдісі бойынша шағын үш топқа бөлінді.

Коучингке қатысушыларға бағыттаушы сұрақтар қойылды. - Қандай тақырыпта ой қозғаймыз деп ойлайсыздар? - Қарым-қатынастың негізгі құралы не деп ойлайсыздар? - Екі немесе бірнеше адам бір-бірімен қалай түсініседі? - Диалог дегеніміз не? -Диалог барысында қандай іс әрекеттер жүзеге асырылады. Одан кейін олардың мазмұны бойынша ой бөлісті.

Қатысушылар қандай тақырыпта ой қозғайтынымызды тез тапты. Диалогтік оқыту және диалогтін турлері туралы тусінік берді. Мұғалімдер слайдты көре отырып, түсіну арқылы өздеріне керек жерлерін түртіп алды.

География пәнінің мұғалімі Еркенова Т. өз сабағында диалогтық оқытуды қалай пайдаланатынын көрсетті.

Практикалық бөлімінің бірінші тапсырмасы жұптық жұмыс турінде ұйымдастырылды.

Диалогтік оқытуда сұрақ қою маңызды орын алады. Сұрақ қою техникасының өз ерекшеліктері бар.

Ойынның мақсаты қатысушыларға дұрыс сурақ қоюды үйрету болды. Бірінші алдыға шыққан жұп Анар мен Айнагүл тапсырманы орындауда біраз қиыншылықтарға тап болды. Сондықтан оларға колдау көрсетілді. Келесі екі жұп тапсырманы тез орындай білді.

Екінші тапсырма топтық турде жургізілді. Топтарға берілген диалогты жалғастыру керек болды. Топтар белсенділікпен берілген тапсырманы орындап, қызығушылық танытып жатты. Соңында топтар өзара бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» тәсілін қолдана отырып бағалап өтті.

Коучинг соңында аса белсенділік танытпай отырған А. атты әріптесті ыстық орындыққа отыруға шақырдық. Тақырыпты қаншалықты меңгергендігін байқау мақсатында әріптестері сұрақ қойып ыстык орындыққа күйдірмеуіне тырысты.

Жалпы коучинг сессия сәтті өтті деп айтуға болады. Әрине оның сәтті өтуіне әріптестеріміздің бізді қолдауы, демеуі себеп болды дер едік. Мұғалімдердің диалог әдістерін тиімді пайдалануына көз жеткізе отырып, диалогтік әңгіме кезінде тілдік қоры байығандығын, сыни тұрғыдан ойлауы артқанын аңғардық. Осы тәсілді өз сабақтарында орынды пайдаланатына сенімдіміз.

«Ұстаз үздіксіз ізденгенде шәкірт жанына нұр құя алады» деп А.Байтұрсынов айтқандай ендігі кезеңде шебер сыныпты Рахимова Ажар Кенесхановна жүргізді. Шебер – сынып келесі мақсат бойынша өтті: Оқытудағы диалогтын маңыздылығын көрсету.



Міндеттері:

-Диалогтік оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы білім деңгейін көтеру;

-Диалогтік оқыту арқылы оқушыларды сындарлы сөйлеуге ынталандыру;

-Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру;

-Жағдаяттық тапсырмалар беру арқылы ашық диалогқа түсіру;

-Формативті бағалауды тиімді пайдалану негізінде оқушылардың мотивациясын арттыру.

Күтілетін нәтиже:

-оқушылардың білім деңгейі көтеріледі;

-оқушылар сындарлы сөйлей біледі;

-оқушылардың шынайы сезімі мен қызығушылығы анықталады;

-жағдаяттық тапсырмалар негізінде ашық диалогке түседі;

-формативті бағалауды тиімді қолдану нәтижесінде оқушылардың мотивациясы артады;

Шебер сыныпта презентация, топтық жұмыс, ықпалдасу сәті, кері байланыс һз орнын алды.

Шебер сыныпқа жұмысына қатысқан әріптестері «Сыйға – сый» страегиясы арқылы қолдарындағы екі стикер арқылы бір - біріне тілек сый жасады. Әр мұғалімнің қолындағы стикерді ол өзіне қарсы келген адманың қолына тілек айтып сыйға берді. Сол сыйға алған стикер арқылы топқа бөлініп отырды.Мұғалімдер бір-біріне жақсы көңіл күй силағандарына риза болды. «Бәрі өз қолыңда» видеоролик көру» релаксацияны тыңдап, іштей өздерінің адами болмысын, көшбасшылық қасиеттерін байқап, жұмысқа ынталанып кірісті. Абай Құнанбаевтың "Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек" қара сөзін басшылықа алып,берілген сұрақтарды топта талқылау, пiкiрлecу, oй бөлicу де белсенділік көрсетті.

Топпен жұмыc бaрыcындa бiр-бiрiнiң пiкiрiн тындaмaй, бiрiнiң cөзiн бiрi бөлiп, тiптi бiрiнiң aйтылғaн ойын екiншici қaйтaлaп жaтты. Бiрaқ, бұл қaтелiктер уaқытыcындa еcкертiлiп, түзетіліп отырды. Ал оқу топтарына мүше мұғалімдерге қатысты әлсіз жақтарымыз мыналар: енжарлық, ақпарат алуға дайын бірақ өз тәжірибесімен бөлісуге дайын емес мұғалімдердің болуы. Мұғалімнің көшбасшылығы жолындағы негізгі тосқауылдардың бірі мектепте әлі күнге дейін басым болып отырған басқарудың иерархиялық моделіне қатысты кедергілер болып отыр.

Ал жақсы жағын айтсақ болашақта тәлiм алушылармен жүйелі түрде жұмысты жандандыру .Әдіс-тәсілдерді түрлендіре отырып, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлануына баса назар аударып, тәлім алушылардың кәсіби өсуіне ықпал жасаймыз. Коуч өз есебінде : «Тобымдағы мұғалімдердің өзге жаңа бағдарламаға қызығушылық танытушы әріптестерімді де өз тобыма қосып, үйретуге мүмкіндік туып отыр» деп нәтижеге келді.



Семинар барысында 9 «Ә» сыныбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақтың тақырыбы: Жарық кванттары тақырыбын қайталау. Ашық сабақты көрсету мақсаты: сабақта диалогты қолдану, әріптестермен тәжірибе алмасу.

Диалог білім алуды зерттеуге және тілді дамытуға, оқушылардың ойлау қаблеттерін арттыруға, оқушылармен сыныптағы қарым – қатынас жасауға өзіндік тәсілді ойластыруға, жетелеу сұрақтары арқылы әңгімеге таратуға көмектеседі. Диалогтық әдістерді қолдана отырып сыныпта мұғалімдер балалардың білім алу сапасына үлкен ықпал бола алады, яғни мұғалімнің негізгі міндеті: барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару болып табылады. Балалардың білімі мен ойын анықтауға бағытталған шынайы әрекет оларды оқыту үдерісіне мейлінше тартуға көмектеседі. Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтың, окушылардың өзіндік ой пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін түсіндім. Диалог арқылы оқыту әлеуметтік сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. Диалог түрінде оқытуды Бахтин мен Мерсер зерттеген. Александер диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді дегенін білдік. Александердің пайымдауынша, диалог арқылы мұғалімдер күнделікті ой талқыларда салауатты келешек мүмкіндіктерін анықтап, оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауларына және түсінбеушілікті және білулеріне көмектесе алады. Оқушыларға әр-түрлі және кеңейтілген сыныпта жүргізілген диалогтерге қатысу мүмкіндіктері берілгенде, олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін зерттей алады. Бұл мүмкіндіктер олардың тілді, білімді құру құралы ретінде қолданудың жаңа тәсілдерін тәжірибеден өткізуіне жол ашады деп ой түйдім. Сабақ барысындағы әлеуметтік өзара іс – әрекеттер оқуда маңызды рөл атқарады. «Мұғалім – оқушы» және «оқушы – оқушы» жағдайындағы қарым – қатынас түсінікті дамыту мен мағынаны ашудың елеулі бөлігін құрайды. Оқушылар диалог әдісін қолдана отырып, талқылау, дебат, ынтымақтастық, білімді бірлесіп құру арқылы түсінік пен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады. Александр айтып кеткендей, оқытудағы әңгімелесу – идеялар екіжақты бағытта жүреді. Осыған байланысты оқушының білім алуы алға жылжитынына көзім жетті. Оқушылармен диалог құру арқылы пікір алмасу іске асады, оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында анықтай алады. Мерсердің зерттеуінше диалог оқушылардың оқуының ажырмас бөлшегі болып табылады және диалогтың үш түрі бар екенін ескере отырып мұғалім сабағын жоспарлау барысында оқушылардың жас ерекшеліктерін, қабілеттерін, білім деңгейін ескерді. Сабақты психологиялық ахуалды реттеуден бастап балаларға бірнеше тапсырмалар берілді. Ол тапсырмаларды балалар ойдағыдай орындап, алған білімдерін практикада қолдана алды. «Жалғасын тап» деп аталған алғашқы тапсырманы орындалып аталған тапсырмада «мұғалім – оқушы» арасында қарым – қатынас болды. Оқытудағы мұғалім негізгі тұлға болғандықтан, оқушы мұғаліммен диалогқа түсуі міндет деп ойлаймыз. Балалар диалогқа түсе отырып, заңдылықтардың жалғасын оңай таба білді. Жетелеу сұрақтары арқылы өткен тақырыптарды қайталап, формуланы еске түсіріп планк тұрақтысының мәнін білетінін көрсете алды. Графикалық диктантты орындап біткеннен кейін, еске түсірген формула туралы білімдерін есеп шығаруда қолдану машықтарын дамыту мақсатында, әр топқа үш есептен берді. Есептерді оқушылар үлкен қызығушылықпен, ынтамен шығарды. Пәнге деген ынталары көтеріле бастады. Өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында берілген есептердің дұрыс жауаптарын интербелсенді тақтады көрсеттім. Оқушылар сабақ басында өз-өздерін бағалады. Осындай бағалау кезінде оқушыларымның арасынан көшбасшылықты байқауға болады. Уақытты үнемдемегеннен кейін топты бағалау жүжеге аспай қалды. Сонымен, оқушылар "нені түсінді", "нені үйреді" екенін білу мақсатында оқушыларға сабақ соңында рефлексия жасаттым.

Қорыта келгенде, бұл сабақ сәтті өтіп сонымен қатар, оқушылардың бір-бірін тыңдау мәдениетінің өскенін, сөйлеу мәдениеті дами бастағанын байқалды. Сабақ қызықты өтті.

7 «А» сыныбында «Компьютерлік графиканың түрлері» тақырыбында өткізілген ашық сабақты информатика пәнінің мұғалімі С.Тұтқабаева жүргізілді. Қазіргі таңда оқу мен оқытуда оқушылардың белсенділігін арттыруда олардың білім алуы, өзін – өзі бағалауы, өзгенің пікірімен санасу қасиеттерін есепке алу, танымдық өсуінде өте маңызды рөл атқаратынын көреміз. Осы орайда оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мақсатында сабақ кезінде диалогтік оқытудың түрлерін қолдану тиімді деуге болады.

Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетеді. (МАН, 39 – бет) Сабақ үдерістерінде «оқушы мен оқушы» және «мұғалім мен оқушы» арасында жүйелі түрде диалог жүретін болса, онда әрбір оқушы өз ойларын еркін жеткізуге, қорытып шығаруға, сонымен қатар мұғалімдер оқушылардың пікірін тыңдай отырып өтілген тақырыпты қандай деңгейде түсінгенін аңғаруға болады. Сондықтан да, сабақ беретін пән аясында «оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулі қалай жүзеге асқандығы туралы ашып көрсеткім келді.

Өткізілген сабақтың тақырыбы: Компьютерлік графика. Мақсаты: Компьютерлік графика түрлерін бір-бірімен салыстыру арқылы олардың өмірдегі маңыздылығын түсіну және қандай компьютерлік программаларда жасалатынын ажыратуды меңгеру. Жаңа сабақ тақырыбын ашу мақсатында интербелсенді тақтадан «Графика әлемі» туралы бейнежазба көрсету арқылы түрткі, сынақтан өткізу, қайта бағыттау сұрақтар техникасын пайдалана отырып сұрақтар қойылды. Бұл жерде Қ. есімді оқушы ойланып қалды. Сондықтан мұғалім басқа оқушыларға қарап, «Көмектесе алатындарың бар ма?» деп сұрағына Ж. есімді оқушы: Компьютерлік графиканың түрлерін ажырата білу өмірде қажет, өйткені біз қай суреттің қандай графика түріне жататындығын ажырата аламыз. - деп жауап берді. Осы сұрақтар арқылы сабақтағы оқушы мен мұғалімнің әрекеттестігі басталғандай болды.

Дегенменде, оқушылар арасында бейнежазбадан, әр түрлі суреттерден тақырыптарға

Диалогтік оқыту барысында оқушылар берілген тапсырма төңірегінде жетістіктерге қол жеткізу үшін бір – бірімен пікір алмасады. Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрі бар: әңгіме – дебат, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме (МАН, 40 – бет).

Тапсырмаларды қорғaу кезiнде қиындыққa тaп болып, өз пiкiрлерiн aшық aйтa aлмaғaн оқушылaр дa кездесіп жaтты. Жaңa әдic – тәciлдердi қолдaнып, берiлген тaпcырмaлaрды орындaудa оқушылaрдың шынaйы бiр–бiрiне көмектеciп, шешiмдi топпен қaбылдaп, ойлaрын aшық және еркiн жеткiзiп отырғaндaрынa өзiм де қызығa қaрaдым. Нәтижесінде топтық жұмыс кезінде оқушылaрдың өзіне деген сенімділіктері aртып, топ мүшелері aрaсындa достық қaрым-қaтынaс орнaй бaстaғaнын бaйқaдым.

Оқушылардың алғашқы әрекеттерінен ортақ келісімге келе алмай жатқан топтарды бақылай отырып, әр топтың жанына барып жасайтын жұмыстары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырдым.

Осы жерде оқушылардың ұтымды жауаптарын бақылай отырып, сыни ойлаудың ұтқырлығы мен диалогтік оқытудың өздігінен ықпалдасып жатқандығын байқауға болады.

Яғни, бұл жерде мұғалім оқушылардың оқу ептілігін дамытып, көмек беріп, әрбір оқушының іс – әрекеттерін бақылай отырып, жұмыстың жүйелі жүруіне ықпал жасап отыру керек. Мұғалім әңгімеге арқау болатын ақпарат беріп отырады. Оқушылар бойында білім мен түсінік қалыптасады. Сондықтан да әр топтан шыққан баяндамашылар постерді қорғау барысында алған ақпараттарын ары қарай толықтырып, оқушыларға құрдастар тілімен жеткізуге үйренеді және оқушылардың қойған сұрақтарына жауап бере отырып, сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.

«Жұптас, ойлан, топтас, бөліс» әдісі арқылы компьютерде жасаған жұмыстарын қорғайды, талдайды, дәлелдейді. Оқушылар жұпты «Мадақтау сэндвичі» арқылы бағалайды. Оқушылар бір жұп келесі екінші топтағы жұптарды бағалағанда өздеріне не ұнады, немесе бір-біріне сын айтып, өте жақсы кері байланыс болғанын байқадым.

Сaбaқ соңындa критерий арқылы бағалау бойынша оқушылардың алған ұпайларын, топ басшысы бағалап отырды. Oқушылaрдың oқыту үшiн бaғaлaуды мeңгeрiп қaлғaндaры, қoйғaн бaғaлaрын дәлeлдeй aлулaры ұнaды. Кeрi бaйлaныс кeзiндe «Серіппелі доп» ойыны арқылы оқушылардың сабақта не ұнады, не қиын болды, келешекке не ұсынар едің деген сұрақтар арқылы мұғалім мен оқушы арасында диалог жүрді. Оқушыға сұрақ қою арқылы олардың бүгінгі сабақтан алған әсерлерін байқай алды.



Приложение №1

1


Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет