Семинар (тәжірибелік) сабақтар 15



Дата27.02.2020
өлшемі48,45 Kb.
#58731

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

СИЛЛАБУС




Оқу бағдарламасы

«Абайтану» пәнінің оқу бағдарламасы



№ 1 басылым 08.09.2016

Оқу бағдарламасы

042-18-13.1.12/02.2016






 

 

  



 

Таңдау компонентінің  

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 

 

Абайтану



5В011600 – География, 5B010800 – Денешынықтыружәне спорт, 5В011200 – Химия

Кафедра қазақ әдебиеті

Курс ІІ

 Кредиттер саны 3



Барлық сағат 135

Дәрістер 30

Семинар (тәжірибелік) сабақтар 15

Зертханалық сабақтар-

БӨЖ 90

Емтихан  4 семестр 



 

 

Семей   2016



АЛҒЫСӨЗ

Абайдың көркем ой-танымы, шығармашылық мұрасы - ұлттық әдебиетіміздегі дәстүр мен жаңашылдықтың, әдеби дамудың зор белесі. Абайдың ақындық шалқарын, тарихи - философиялық мұраларын бірлікте алып қарастыру арқылы арман - мұратын анық танып алмай Абайдың өмірі мен шығармашылығын, ақындық дәстүрін өз биігінде межелей алмаймыз. «Абайтану» жоғарғы оқу орындарында арнайы курс ретінде енгізілуі біртуар ақынның шығармашылық еңбегінің өміршеңдігі мен өз шығармашылығында шығыс пен батыс ақындарының дәстүрімен жарастыра білуінде. Аталмыш пән Абай шығармаларынын рухани қуатын зерделей отырып бүкіл бір ұлттың болмысын, көркемдік дүниетанымын саралауға жол ашуымен құнды. Абайдың шығармашылық мұрасын зерттеу, талдау жасауда ғалымдардың пікірлерін үнемі дәйектеуден гөрі студенттің ой-тұжырымдар жасауы өзіндік ғылыми құндылық болып табылмақ. Бұл орайда студенттерге қойылар талап Абайтану турасындағы әр алуан пікірлерді бір жүйеге келтіріп, бүгінгі ұлттық мүдде тұрғысынан қарастыру маңызды. Абайтану ғылымына арналған тапсырмаларының тақырыптық мазмұнын ашуда студенттер көрсетілген әдебиеттер тізімімен ғана шектелмей, қосымша деректер мен ақпарат көздерін ұтымды пайдаланған жағдайда ғылыми құндылығы артады

 

1 ҚҰРАСТЫРҒАН



Болесова Ажар Ерсінғазықызы – қазақ әдебиеті кафедрасының

магистр оқытушысы________«05 » 09. 2016 жыл.


2 КЕЛІСІЛДІ

2.1 Қазақ әдебиеті кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды.

Хаттама №1 « 05 » 09. 2016 жыл.

Кафедра меңгерушісі _______________ Ақтанова А.С.

2.2 Қазақ филологиясы факультетінің оқу- әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді.

Хаттама №1 « 07 » 09. 2016 жыл.


Төрайым _________________Самекбаева Э.М.
3 БЕКІТІЛГЕН

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде бекітілді.

Хаттама №1 «07 » 09. 2016 жыл.
ОӘК төрағасы _________________Искакова Г.К.
АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ


МАЗМҰНЫ



  1. ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

  2. КІРІСПЕ

  3. ПӘННІҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМДЕРІ

  4. СЕМИНАР САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫБЫНЫҢ ТІЗІМІ

  5. БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

  6. ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1 ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Пәннің қысқаша мазмұны.

«Абайтану» пәні білімалушыларды дайындау барысында маңызды орын алады және 5В011600 – География, 5B010800 – Дене шынықтыру және спорт, 5В011200 – Химия мамандығында оқитын білімалушылар үшін базалық пәндер блогының таңдаулы бөлігі болып табылады. (БП-ТК)


Пәннің мақсаты

Абай шығармаларының мазмұн-мағынасын, тағылымдық мәнін, көркемдік қуаттылығын неғұрлым тереңірек түсіндіру, ақын поэзиясының мәні мен мағынасын, көркемдік қасиетін, нәрін ұғындыру.


Пәнді оқыту міндеттері

Абайдың қазақ әдебиетіндегі орнын айқындау;

Ұлттық сөз өнеріне қосылған Абай шығармаларын талдаудың ғылыми принциптеріне теориялық тұрғыдан дәйекті дәлелдеу;

Абайдың шығармашылық мұрасын зерттеу, талдау жасауда қоғамдық ой-санамен қабаттастыра зерделеу;

Студенттердің рухани жетілуіне және оның қоғамдық-саяси, әлеуметгік көзқарасын қалыптастыруға Абай мұрасының әсерін пайымдауға үйрету көзделеді.
Құзіреттіліктер( оқытудың нәтижелері):

Пәнді оқыту нәтижесінде студент білу керек:



білу:

- Абай лирикасының тақырыптық –идеялық сипатын саралай біледі;

-Ақын поэмаларының мазмұны мен негізгі көтерген мәселесін, сюжеттік- композициялық ерекшелігін бағамдай біледі;

-Жазба әдебиетімізде аударма саласын дамытудағы ақын еңбегін аударма шығармаларын талдау арқылы

Қарасөздерінің жанрлық сипаты мен тақырыптық бағытын саралай біледі

-Абайтану ғылымының қалыптасу арналары мен даму кезеңдерін пайымдау біледі



орындай алу:

  • теориялық білімді практикада қолдана білу

  • өздік жеке жұмыстарды орындау;

  • құжаттар жинақтары арқылы өз беттерімен одан әрі терең оқып зерттеу;

  • тарихи деректермен жұмыс жасай алуы;

дағдысының болуы:

- зерттеу жұмысына икем-дағдысы қалыптасады.

-Алған теориялық білімдерін практикалық түрде қолдану яғни шығарма оқып, оған әдеби талдау жасай білуге талпыну студенттердің білімдерін тереңдетіп қана қоймай, әдеби тілмен сөйлеу мәнерін қалыптастырады,

-өз ойларын жүйелі жеткізуге, көркем шығарманы талғаммен оқуға машықтандырады.

- Абай шығармашылығын терең меңгере отырып, өз ойын анық, дәл жеткізе алады.

Құзыретті болу:


  • Абайтану пәнінің даму жолын білу;

  • Абай шығармашылығының негізгі ойын, көркемдік ерекшеліктерін білу.

2 КІРІСПЕ

«Абайтану» пәні мазмұны білімалушылардың Абай ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы толық түсіну мен меңгеру арқылы шығармашылық қабілетін қалыптастыруға бағытталған.



5В011600 – География, 5B010800 – Дене шынықтыру және спорт, 5В011200 – Химиямамандығының студенттері балалар әдебиетіне тән шығармалардың ерекшеліктерімен, мазмұнымен, зерттелу аясымен танысады.

Абайдың көркем ой-танымы, шығармашылық мұрасы - ұлттық әдебиетіміздегі дәстүр мен жаңашылдықтың, әдеби дамудың зор белесі. Абайдыңң ақындық шалқарын, тарихи - философиялық мұраларын бірлікте алып қарастыру арқылы арман - мұратын анық танып алмай Абайдың өмірі мен шығармашылығын, ақындық дәстүрін өз биігінде межелей алмаймыз. «Абайтану» жоғарғы оқу орындарында арнайы курс ретінде енгізілуі біртуар ақынның шығармашылық еңбегінің өміршеңдігі мен өз шығармашылығында шығыс пен батыс ақындарының дәстүрімен жарастыра білуінде. Аталмыш пән Абай шығармаларынын рухани қуатын зерделей отырып бүкіл бір ұлттың болмысын, көркемдік дүниетанымын саралауға жол ашуымен құнды. Абайдың шығармашылық мұрасын зерттеу, талдау жасауда ғалымдардың пікірлерін үнемі дәйектеуден гөрі студенттің ой-тұжырымдар жасауы өзіндік ғылыми құндылық болып табылмақ. Бұл орайда студенттерге қойылар талап Абайтану турасындағы әр алуан пікірлерді бір жүйеге келтіріп, бүгінгі ұлттық мүдде тұрғысынан қарастыру маңызды. Абайтану ғылымына арналған бақылау - пысықтау тапсырмаларының тақырыптық мазмұнын ашуда студенттер көрсетілген әдебиеттер тізімімен ғана шектелмей, қосымша деректер мен ақпарат көздерін ұтымды пайдаланған жағдайда ғылыми құндылығы артады.


3 ПӘННІҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМДЕРІ

3.1. 1-Модуль. Абай және баспасөз

3.1.1. Абайтану пәнінің мақсаты мен міндеті. Кіріспе. Өмірі мен шығармашылығы Абай өмірі мен шығармашылық мұрасынан жалпы мәліметтер. Өмірбаяны. Шығармалары. Абайдың баспасөз бетінде жарияланған өлеңдері.

3.1.2. Абай және қазақ баспасөзіндегі сыни мақалалар. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, З.Әмрин, Н.Рамазан, т.б. мақалалары. Абай шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы Ақынның жастар тәрбиесіне арналған «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Бір дәурен кемді күнге бозбалалық» атты шығармаларының мазмұны. Кеңестік дәуірде Абай шығармашылығы жөнінде орын алған теріс көзқарастар.

3.1.3. 20-30 жылдарда Абай мұрасы жөнінде өрістеген айтыс.Абай және Шығыс. Абай шығармаларындағы реализм.
3.2. 2-Модуль. Абайтанудың жаңа белестері. Абай поэзиясындағы махаббат тақырыбы.Ақынның бұл тақырыпқа енгізген жаңалықтары.

3.2.1. Абайдың эстетикалық тағылымы. Эстетика туралы жалпы ұғым. Абайдың эстетикалық көзқарастары. Ақын өлеңдеріндегі даналық дәрістері.Абай –дана; Абай – кемеңгер. Батыс пен Шығыс даналығын бір басына жинақтаған, өз заманының әрі ғұлама ғалымы, әрі кемеңгер ойшылы, әрі данышпан ақыны

3.2.2. Абайдың көркем аудармалары.Абайдың, жазба әдебиетімізде көркем аударма саласын дамыту жөніндегі еңбектері, жаңашылдық бастамасы. Абайдың Батыс, Шығыс әдебиеттерінен аударған шығармалары.
3.3.3-Модуль. Абай шығармашылығындағы философиялық арна

3.3.1. Абай шығармашылығындағы философиялық арна. Абайдың қарасөздері.Абайдың шығармашылық мұрасында оның қарасөздерінің алатын орны, ұлттық көркем прозаны дамытудағы маңызы.

3.3.2. Абайдың ақындық мектебі.«Ақындық мектеп» концепциясының қалыптасуы, ақын шәкірттерінің шығармашылық мұрасы. Абайдың ақындық мектебі – оның кейінгі әдебиетке әкелген жаңашыл дәстүрлері мен сол әдеби үлгі-өрнектерді жалғастырып, дамытушы ізбасар ақындардың әдебиеттегі орнын айқындайтын, сол арқылы кемеңгердің тағлым беруші ұстаздық қырын танытатын қазақ әдебиетіндегі ерекше құбылыс.


4 СЕМИНАР САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫБЫНЫҢ ТІЗІМІ



Тақырыптар атауы

сағаттар

әдебиеттер

Дәріс

Тәжір

СТС

БӨЖ




1

2

3

4

5

6

7




1.Модуль. Абайтану пәнінің мақсаты мен міндеті.
















1

Кіріспе. Өмірі мен шығармашылығы Абай өмірі мен шығармашылық мұрасынан жалпы мәліметтер. Өмірбаяны. Шығармалары

1

2




6

16, Б. 3-9

12, Б. 3-8

3, Б. 3-11

4, Б. 3-12



2

Абай және баспасөз. Абайдың баспасөз бетінде жарияланған өлеңдері.

1

2




6

1, Б. 12-23

2, Б. 8-37

3, Б. 11-20

4, Б. 12-23



3

Абай – қазақ поэзиясының реформаторы. Қазақ поэзиясына Абай әкелген жаңалықтар. Абай – ойшыл, философ ақын.

1

2




6

16, Б. 25-37

4, Б. 64-68

8, Б. 23-38

9, Б. 63-67



4

Абай және қазақ баспасөзіндегі сыни мақалалар. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, З.Әмрин, Н.Рамазан, т.б. мақалалары

1

2




6




5

Абай шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы Ақынның жастар тәрбиесіне арналған «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Бір дәурен кемді күнге бозбалалық» атты шығармаларының мазмұны

1

2




6

15, Б. 37-53

4, Б.38-78

5, 24-28


6

«Абай» журналы. Ж.Аймауытов, М.Әуезов мақалалары.

1

2




6

2, Б. 53-61

4, Б. 80-92

5, Б. 20-24


7

Кеңестік дәуірде Абай шығармашылығы жөнінде орын алған теріс көзқарастар. 20-30 жылдарда Абай мұрасы жөнінде өрістеген айтыс.

1

2




6

2, Б.63-68

9, Б.92-125

5, Б. 25-37


8

Абай және Шығыс. Абай шығармаларындағы реализм.

1

2




6

2, Б. 52-68; 79-132

4, Б. 126-134; 134-166






2-модуль.

Абайтанудың жаңа белестері


















9

Абай поэзиясындағы махаббат тақырыбы.Ақынның бұл тақырыпқа енгізген жаңалықтары.

1

2




6

8, Б.133-148

4, Б. 166-183

5, Б. 42-45


10

Абайдың эстетикалық тағылымы. Эстетика туралы жалпы ұғым. Абайдың эстетикалық көзқарастары

1

2




6

2, Б. 148-164

7, Б. 183-190

16, Б. 46-48


11

Ақын өлеңдеріндегі даналық дәрістері.Абай –дана; Абай – кемеңгер. Батыс пен Шығыс даналығын бір басына жинақтаған, өз заманының әрі ғұлама ғалымы, әрі кемеңгер ойшылы, әрі данышпан ақыны

1

2




6

12, Б. 164-178

14, Б. 191-207

16, Б. 95-120


12

Абайдың поэмалары. Абайдың шығармашылық мұрасындағы оның поэмаларының орны. «Ескендір», «Масғұт» және «Әзімнің әңгімесі» поэмаларының жалпы мазмұны, көркемдік ерекшелігі, жазылу тарихы




2




6

3. Б. 179-200

4, Б. 207-222

6. Б. 121-132


13

Абайдың көркем аудармалары.Абайдың, жазба әдебиетімізде көркем аударма саласын дамыту жөніндегі еңбектері, жаңашылдық бастамасы..




2




6




14

3-Модуль. Абай шығармашылығындағы философиялық арна Абайдың қарасөздері.Абайдың шығармашылық мұрасында оның қарасөздерінің алатын орны, ұлттық көркем прозаны дамытудағы маңызы.

1

1




6

2, Б.200-322

4, Б.222-333


8, Б. 12-24

15

Абайдың ақындық мектебі. Шәкәрім және баспасөз.

1

1




6

2, Б. 200-322

4, Б. 222-333

10, Б. 64-71


16

Абайдың «Сенатқа хат», «Қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» мақалалары.

1

2




3

2, Б. 322-331

4, Б. 333-344 7, Б. 72-81



17

Абай және қазіргі қазақ баспасөзі. Қазіргі абайтанушы ғалымдар.

1

2




3

2, Б. 332-349

4, Б.344-358

5, Б. 82-86





  1. БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ



Жұмыс түрі

Тақырып

Әде

биет


Орын

далу уақыты



Бақылау түрі

1

Реферат

Абайтану ғылымының қалыптасуы, дамуы, өреу кезеңдері

1,4,8,

16


5 апта

Жазбаша

2

Конспект

Абайтанушы ғалымдар, олардың еңбектері, әр кездегі ғалымдардың құнды пікірлері


1,4,8,

5 апта

Жазбаша

3

Эссе

«Абай» журналы. Ж.Аймауытов, М.Әуезов мақалалары.

16,8

5 апта

Жазбаша

4

Мақала

Кеңестік дәуірде Абай шығармашылығы жөнінде орын алған теріс көзқарастар. 20-30 жылдарда Абай мұрасы жөнінде өрістеген айтыс.

1,4,8,

5 апта

Жазбаша

5

Реферат

М.Әуезов және Абай ғылыми өмірбаянының қалыптасу жолдары

4, 8,12,6

5 апта

Жазбаша

6

Баяндама

Абай лирикаларындағы шығыстық белгілер

10,11,14

5 апта

Ауызша

7

Талдау

Абайдың эстетикалық тағылымы. Эстетика туралы жалпы ұғым. Абайдың эстетикалық көзқарастары

10,11,14

6 апта

Ауызша

8

Эссе

Ақын өлеңдеріндегі даналық дәрістері.Абай –дана; Абай – кемеңгер. Батыс пен Шығыс даналығын бір басына жинақтаған, өз заманының әрі ғұлама ғалымы, әрі кемеңгер ойшылы, әрі данышпан ақыны

10,11,14

6 апта

Ауызша

9

Талдау

Абайдың поэмалары. Абайдың шығармашылық мұрасындағы оның поэмаларының орны. «Ескендір», «Масғұт» және «Әзімнің әңгімесі» поэмаларының жалпы мазмұны, көркемдік ерекшелігі, жазылу тарихы

10,11,14

6 апта

Ауызша

10

Реферат

Абайдың көркем аудармалары.Абайдың, жазба әдебиетімізде көркем аударма саласын дамыту жөніндегі еңбектері, жаңашылдық бастамасы..

10,11,14

6 апта

Жазбаша

11

Реферат

Абайдың қарасөздері.Абайдың шығармашылық мұрасында оның қарасөздерінің алатын орны, ұлттық көркем прозаны дамытудағы маңызы.

10,11,14

8 апта

Жазбаша

12

Мақала

Абайдың ақындық мектебі. Шәкәрім және баспасөз.

10,11,14

8 апта

Жазбаша

13

Реферат

Абай сатирик. Поэзиясындағы сатиралық образдар, мысқыл, ащы сын сипаты.(“Күлембайға”,”Дүтбайға”)


10,11,14

8 апта

Жазбаша

14

Эссе

Абайдың махаббат тақырыбына әкелген жаңалығы

10,11,14

8 апта

Жазбаша

15

Реферат

Абай қарасөздерінің қайнар көздері


13,7,

6,3


8 апта

Жазбаша

16

Конспект

М.Әуезовтің қарасөздер туралы пікірлері және оларды жіктеуі

13,7,

10 апта

Жазбаша

17

Реферат

Абай қарасөздерінің жазылуына шығыс әдебиетінің тигізген әсері. (Кейхауыс Ғиланидің «Хауыс нама, Жалаладдин Дауани «Ақлаки Жалали» т.б)

6,3

10 апта

Жазбаша

18

Мақала

Абай айналасындағы күлдіргілер өміріне шолу жасау (Қияспай, Қатпа)

13,7,

10апта

Жазбаша

19

Мақала

Б.Исабаевтың «Ұлылар мекені» еңбегінің алатын орны

6,3

10 апта

Жазбаша

20

Эссе

«Біреудің кісісі өлсе, қаралы — ол»... өлеңінің эстетикалық қуаты (эссе)

13,7,

10 апта

Жазбаша

21

Реферат

Абай аудармаларының көркемдік ерекшелігі және төл әдебиетімізге тән сипаттары

9,10


12 апта

Жазбаша

22

Талдау

Абай және Лермонтов. «Қараңғы түнде тау қалғып», «Қорқытпа мені дауылдан», «Жалау», «Жартас» «т.б. өлеңдерін түпнұсқамен салыстыра талдау

12,11

12 апта

Ауызша

23

Реферат

Абайдың Крыловтан аудармалары

9,10,

11,12


12 апта

Жазбаша

24

Мақала

Абайдың аудармашылық жаңалығы

9,10,

11,12


12 апта

Жазбаша







Абай ақындығына орыс әдебиетінің тигізген әсері

9,10,

11,12


12 апта

Ауызша

25

Реферат

Абай мен Пушкин арасындағы әдеби байланыс

9,10,

11,12


12 апта

Жазбаша

26

Баяндама

Абай поэмалары және нәзира дәстүрі

9,10,

11,12


12апта

Баяндама

27

Баяндама

«Ескендір» поэмасының тақырыптық-идеялық сипаты. Шығыс әдебиетінде сомдалған Ескендір бейнесі және Абай Ескендірі

11,14,9,10

12 апта

Ауызша

28

Баяндама

«Масғұт» поэмасының көркемдік ерекшелігі.


11,14,9,10

12 апта

Ауызша

29

Эссе

Абай ақындық мектебі және поэма жанры

11,14,9,10

12 апта

Жазбаша

30

Реферат

Абайдың «Евгени Онегин» аудармасыжәненәзирадәстүрі

11,14,9,10

14апта




31

Реферат

М.Әуезов – Абайтану ғылымының негізін қалаушы

11,14,9,10

14 апта

Жазбаша

32

Баяндама

20-30 жылдары Абай мұрасы жөнінде өрістеген айтыстар

11,14,9,10

14 апта

Ауызша

33




«Абай» журналы. Ж.Аймауытов, М.Әуезов мақалалары

9,10

14 апта

Жазбаша

34

Мақала

Абайдың «Сенатқа хат», «Қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» мақалалары.

9,11

14 апта

Жазбаша

35

Мақала

Абай және қазіргі қазақ баспасөзі. Қазіргі абайтанушы ғалымдар.

9,11

14 апта

Жазбаша

36

Мақала

Абай және Шәкәрім

9,11

14 апта

Жазбаша

37

Мақала

Абай және Көкбай

9,11

14 апта

Жазбаша

38

Реферат

Қ.Мұхаметхановтың Абайдың ақындық мектебін зерттеудегі орны

9,11

14 апта

Жазбаша

39

Реферат

М.Мырзахметов – абайтанушы ғалым

9,11

14 апта

Жазбаша

40

Мақала

Қазіргі кезеңдегі ақындар шығармашылығындағы Абай бейнесі

12

14 апта

Жазбаша



  1. ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАР


6.1.Негізгі әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

Негізгі әдебиет:

6.1.1.Абайдыңөмірі мен творчествосы.Жинақ.-Алматы, 2013.

6.1.2.Мырзахметов М. Абайтану тарихы.-Алматы:Ана тілі, 2014.-132 б.

6.1.3.Мырзахметов М. Абайтану. Библиограф. көрсеткіш .- Алматы: Ғылым, 2013.

6.1.4.Ердембеков Б. Абайтану. Оқу құралы. Алматы, 2013-121 б.

6.1.5.Ж.Әубәкір, Г.Кунафина «Абайтану» оқулық-кешені 2015ж.



6.2.Қосымша әдебиет:

6.2.1..Әлімқұлов Т.Жұмбақ жан.-Алматы:Жазушы , 1993-223 б.

2.2.2. Байғалиев Б. Абай өмірбаяны архив деректерінде. Алматы:Арыс,2001.

6.2.3.БазарбаевМ.Өлең- сөздіңпатшасы,сөзсарасы.- Алматы.

Жазушы, 1973-254 б

6.2.4. Байтұрсынов А. Қазақтыңбасақыны.

6.2.5.Бөкейханов Ә. Абай(Ибраһим) Құнанбаев.

6.2.6.Жұмалиев Қ. Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі.- Алматы, 1 т,1998ж.

6.1.18.Жиреншин Ә Абай Құнанбаев- қазақ халқының ұлы ақыны және ойшылы.- Алматы:Қазмембас,1950-222 б

6.2.7.Қасқабасов С Абай және фольклор.-Алматы:Білім, 1995.-64 б.

6.2.8.Машанов А. Әл- Фараби және Абай.-Алматы: Қазақстан, 1994.-192 б.

6.2.9.Нұрқатов А. Абайдың ақындық дәстүрі.-Алматы:Жазушы,1996.

6.2.10.Өмірәлиев Қ. Абай афоризмі.-Алматы:Қазақстан,1993-128 б

6.2.11.Сүйіншәлиев Х. Абайдың қара сөздері.- Алматы:ҚМКӘБ, 1956-151 б

6.2.12.Сыздықова Р Абай шығармаларының тілі. - Алматы, Ғылым,1968-736 б.

6.2.13.Тоғжанов Ғ. Абай-Алматы:Қазмембас, 1935-16 б

6.2.14.Ысқақов А. Абай тілі сөздігі.-Алматы:Ғылым,1968-736 б.

6.2.15.Ысмағұлов Ж. Абай ақындықтағылымы.-Алматы:Ғылым, 1994-280 б.

6.2.16. Картаева А. Абай мұрасы “Абай жолы” роман-эпопеясында. Алматы, 2005.

6.2.17. Ердембеков Б. Абайтану. Оқуқұралы. Алматы, 2009-121 б.

6.2.18.Оразалин К. Абайдансоңғыақындар. «Жұлдыз», 2000ж. №6.

6.2.19.Бөжеев М. Абайдыңақындықайналасы. Алматы, 2009

6.2.20.Ысмайлов Е. Ақындар . Алматы, 2006

6.2.21.Әуезов М. Абайтануданжарияланбағанматериалдар. Алматы, 2000



6.3.Интернет-ресурстар

6.3.1https://ru.wikipedia.org/wiki

6.3.2 http://referatikz.ru/load/aza_sha_referattar/aza_debieti/abaj

6.3.3 https://www.zharar.com/tags

6.3.4http://kzen.ru/publ/kazakhskij_jazyk/stikhi_na_kazakhskom/abaj_kunanbaev_zhaz_k_z_ys/22-1-0-447

6.3.5 http://www.people.su/131526



6.3.6 http://madi-kom.narod.ru/Abai.html

6.3.7 http://massaget.kz/blogs/2932/
Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет