Семинарда «Бастауыш сынып сабақтарында сындарлы оқытудың сыни тұрғыдан ойлау модулін қолдану»



Дата22.08.2017
өлшемі1,57 Mb.
#24320
түріСеминар
Тасты-Талды орта мектебінде өткен пән мұғалімдері арасындағы аудандық семинарда «Бастауыш сынып сабақтарында сындарлы оқытудың сыни тұрғыдан ойлау модулін қолдану» тақырыбына өткізілген коучинг жоспары

І коуч: Какимжанова Айгуль Темиржановна



Еңбек өтілі: 17 жыл 5 ай

Пәні: бастауыш сынып

Сыныбы: 4 «А»

Санаты: І

ІІ коуч: Бейсенова Марина Маулетовна



Еңбек өтілі: 8 жыл

Пәні: бастауыш сынып

Сыныбы: 4 «Б»

Санаты: ІІ

ІІІ коуч: Есенгазина Ляззат Шукировна



Еңбек өтілі: 18 жыл 11 ай

Пәні: бастауыш сынып

Сыныбы: 3 «А»

Санаты: І

Мақсаты: Оқыту үдерісіне сындарлы оқытудың сыни тұрғысынан ойлауға үйрету модулін енгізу арқылы оқуда өзара қарым-қатынас орнатады, ұтқырлық, жан-жақты болуы, өзіндік сана-сезімі қалыптасады, сыни ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын, баланың не үйренгені жайында сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастырады.

Негізгі басымдықтар:

Мұғалімдер:


  • Мектепке оқыту мен оқудың жаңа тәсілдерін енгізу;

  • Тұрақты түрде кәсіби дамуға ұмтылу;

  • Сыни тұрғысынан ойлауды үйретуді оқыту үдерісіне енгізуде тиімді стратегияларды қолдана білу;

  • Коуч мұғалімдер әріптестердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында коучинг пен тәлімгерлік жұмысын жүргізу;

  • Оқушылардың өз бетінше білімді меңгеруіне, сыни ойлай білуге,сұрақтарды жан-жақты қарастыру білуге бағыттау; бағдар беру, қолдау көрсету;

  • Оқушыларға қалай оқу керектігін үйрету;

  • Өз іс-әрекетіне рефлексия жасай білу

Оқушылар:

  • Жаңашыл, креативті, келешекке деген сенімі бар;

  • Жағымды «мен» тұжырымы пайда болады;

  • Оқушылардың метатанымдық, өзін-өзі реттеушілік дағдылары дамиды;

Табыс критерийлері:

  • Мұғалімдер сыни тұрғысынан ойлауға үйрету модулін оқыту мен оқудың басқа тәсілдерімен ықпалдастыра отырып, өз сабақ үрдісіне белсенді қолдана алады:

  • Мұғалімдер сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастырады: талдау, интерпретация, өзін-өзі реттеу, қорытынды, түсіндіру, бағалау;

  • Мұғалімдер сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын белсенді қолданысқа енгізеді;

  • Мұғалімдер сыни сұрақтар қойып үйренеді;

  • Мұғалімдер ресурстарды тиімді пайдаланады.

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы оянып, ынталанады ;

  • Оқушылар белсенді болады, олар мәселеге басқаша көзқараспен қарап, дәлелдемелермен толықтырады

  • Сұрақ қойып үйренеді, проблемадан шығу жолдарын іздеп үйренеді;

  • Стратегияларды орынды, саналы түрде қолдана алады;

  • Өзін-өзі бағалауы артады;

  • Кері байланыс жасап үйренеді.

07.10.2015 ж

 Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі бойынша  коучинг сабағының жоспары.



Коучинг тақырыбы:

«Бастауыш сынып сабақтарында сындарлы оқытудың сыни тұрғыдан ойлау модулін қолдану»


Мақсаты:

Тәжірибе алмасу, ой бөлісу. Прaктикaлық тaпcырмaлaр бeру aрқылы cыни тұрғыдaн oйлaу дaғдыcын қaлыптacтыру, caбaқтa тиiмдi пaйдaлaнуынa ықпaл жacaу


Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 20-21 б.

 


Күтілетін нәтиже:

Әріптестерімізде сыни тұрғыдан ойлау модулі туралы түсінік қалыптасады; Оқу мен оқыту үрдісін жақсарту мақсатында сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау модулінің тиімді стратегияларын қолданатын болады.

Сабақта қолданылатын материалдар:

 Слайд-презентация, үлестірме қағаздар,

түрлі-түсті стикерлер, маркерлер



Оқыту әдістері:

«Қызықты» диктант стратегиясы

«5 жолды өлең» әдісі

Кластер

«Корзина идеи»



«Тыңдалым» стратегиясы


Дерек көздері:

Интербелсенді тақта, сюжетті суреттер,

Тапсырмалар:

Топтық  талдау, жұптық жұмыс,болжау, тапсырмаларға ат қою, салыстыру,  зерттеу

Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс- әрекеті

І. Ынтымақтастық атмосфера (2 мин)

Коучтың іс-әрекеті

Көтеріңкі көңіл орнату үшін «Әсем күлкі» тренингін ұйымдастырамыз.

Рахмет.


Мұғалімдердің  іс-әрекеті

Мұғалімдер жүргізушінің соңынан суретке қарап іс-қимылдар арқылы жауап беріп отырады.



Ұйымдастыру кезеңі

Топтарға бөлу

5 минут











1 коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің  іс-әрекеті

«Қызықты» диктант стратегиясы

15 минут


Топтарға бірдей тапсырма беріледі. Тапсырманың тақырыбы: «Аққу».  Оларға тірек сөздері таратылады: аққу, ұя, балапан, жұмыртқа. Осы тірек сөздерді пайдаланып әңгіме құрастыру керек.

 Топ спикерлері тапсырмаларды қорғайды.

 

2 коучтың  іс-әрекеті

Мұғалімдердің  іс-әрекеті

«Корзина идеи»

15 минут


Топтарға  әртүрлі суреттер беріледі. Суреттерге зерттеп, ондағы ой мен мағынаны ашу керек.


Әріптестеріміз ең алдымен жұпта, кейін топтың ішінде суреттердіталқылайды. Осы сурет арқылы автор не айтқысы келгенді туралы толғанады. Әртүрлі көзқарастар айтылады.



 

3 коучтың  іс-әрекеті

Мұғалімдердің  іс-әрекеті

«Тыңдалым» стратегиясы

15 минут


Уақыт өткеннен кейін әрбір топ өздеріне берілген тапсырмаларды қорғайды.

Топтар өздерінің пікірін, көзқарасын білдіреді.


Рефлексия

Кері байланыс



5 минут

 «Екі жұлдыз, бір тілек» әдістері.


 Мұғалімдер бүгінгі сабақ арқылы не білгендігі туралы, әлі де қарастыратын мәселелері жайлы жазады. Әркім өз пікірлерін ұсынады.



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет