Семинарда өткізілген «Тіл тағдыры менің тағдырым»



Дата17.06.2018
өлшемі24,7 Kb.
#42966
түріСеминар
Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Абай орта мектебі

Аудандық қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімдеріне арналған

семинарда өткізілген

«Тіл тағдыры – менің тағдырым»

атты сыныптан тыс іс-шара.

Өткізген:

Қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі

Көшкінова Г.М.
2015 – 2016 оқу жылы

Тақырыбы:

«Тіл мәртебесі – менің мәртебем»
Мақсаты:

Оқушылардың мемлекеттік тілге қызығушылығын арттыру, құрмет сезімін ояту. Әсем ән – жыр айту, сахналық көріністер қою арқылы ана тіліміздің өміршеңдігін, адам өміріндегі маңызын жеткізу.


Құрал – жабдығы:

Мәжіліс залы түрлі түсті шарлармен безендірілген. Сахналық көрініске арналған ұлттық киімдер, т.б.

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар!
2-жүргізуші: Күздің жаймашуақ күнінде сіздермен жүздесіп отырғанымызға қуаныштымыз.
1-жүргізуші:Ана тілім әрекетім, азығым

Бар ғаламды тануымның қазығы

Ой-санамның өсуінің куәсі

Ғасырлардың кейінгіге әз үні.

Ана тілім-бәрін сөйлер шежірем

Тілсіз нені білдіре алам, не білем?


2-жүргшізуші:Қазақ тілі-ата-анаң

Қуат алар Отан да одан

Дүниеде ешбір асыл

Тең келмейді қатар оған.

Қазақ тілі қасиеті бабамның

Қыр-сыры көп кеңдігіндей даламның

Тіл-мәртебе, ұлт мерейі, сәніміз.

Мәңгі бақи шырқалатын әніміз. – дей келе ортаға 8-сынып оқушысы С.Жансерікті «Толғауымен» шақырамыз.

1-жүргізуші: Тілім барда ғана мынау ғаламның

Кілтін табар саналысы сезінем

О,адамдар,қадіріне жетіңдер

Ана тілің-анаң, сыйлап өтіңдер.


2-жүргізуші: Тілім барда қазағым бар, халқым бар.

Дәстүрім бар, ата жолы, салтым бар.

Кең даладай жиналмаған шалғайы.

Аңқау, ашық, жібек мінез халқым бар.- алдарыңызда 8- сынып оқушыларының орындауында «Ең тәтті де тіл, ең ащы да тіл» атты саналық қойылымды тамашалайық.

Хан ием келе жатыр, хан келе жатыр!!!

Баяғы өткен заманда, дін мұсылман аманда. Бір тәкаппар хан өмір сүріпті.Оның тәкәппарлығы сонша, қоластындағы қызметшілерін үнемі сынап жүреді екен. Бір күні хан аспазын сынамақ болады.



Хан: -Аспаз! Әй аспаз!

Аспаз: Иә, хан ием, тыңдап тұрмын.

Хан: Маған бүгін әлемдегі ең тәтті тағамды дайында.

Аспаз: Құп тақсыр.

Автор: Хан аспазы қандай тағам әзірлер екен деп тағатсыздана күтеді.

Хан: -Мынауың тым тәтті ғой! Сені де аспаз дейді ма? Ал енді маған дүниедегі ең ащы тағамды дайында!

Аспаз: Құп тақсыр!

Автор: Аспаз бар өнерін салып, тағы да тағам дайындап әкелді.

Хан: Әй, аспаз, мынауың тым ащы ғой! Тілімді қуырып жіберді. Одан да маған әлемдегі ең қатты тағамды әзірле!

Аспаз:Құп тақсыр!

Автор: Бұл жолы да хан аспаздың қандай тағам әзірлейтінін білгісі келіп, мазасызданады.

Хан: Мынауың тым қатты ғой! Тісім батпай тұр!Уа, аспаз! Сен мені мазақ қылғаның ба? Сен маған төрт күн бойы тілден тамақ дайындадың. Мұның мәнісі неде айтшы маған, басыңды шауып тастамай тұрғанда!

Аспаз: Хан ием! Дүниедегі ең тәтті де, ең ащы да, ең жұмсақ та, ең қатты тіл деп білем. Сондықтан сізге тілден тағам әзірледім.

Автор: - Жақсы да, жаман да, ұрыс та, керіс те, өсек те – бәрі де осы тілден шығады. Осы тілмен біз біреуді қарғаймыз, біреуді қолдаймыз, біреуді қорғаймыз, біреуді өлтіреміз, біреуді кетіреміз, біреуді жылатамыз, біреуді жұбатамыз. Олай болса, тілімізге сақ болайық!

2-жүргізуші: Ақын болғым келеді, ақын болғым

Тал бесігім табиғат жақын болдың.

Ана тілге арнап мен жыр жазамын.

Алтын күнмен арайлы нұрланамын.-дей келе алдарыңызға 11-сынып оқушысы Хуаныш Ақманатты өзі шығарған «Тіл тағдыры» атты өлеңімен ортаға шақырамыз.
Тәуелсіздік күні туды, ағайын

Арман болған күн екенін білсең де

Бағаламай жүрсің неге талайың?

Базынамды осы өлеңге жазайын.

Қазақ туы желбірейді аспанда.

Күллі әлемді мойындатты жастар да

Досқа күлкі, дұшпанға таба болып,

Қазақша тек оқылмасын дастандар.

Керегі не, керегі не білімнің?

Құдіретін түсінбесеңтіліңнің.

Тіл қадірін білмеу деген қасірет.

Ұмытқаның кім екенін түбіңнің.

Шұбар тілдік заманауи сән бе еді?

Намыссыздық қазағыма тән бе еді№

Жүректегі жан жарасы жазылмас,

Жазылса да жарақаттар тәндегі.

Менің тілім-баға жетпес асыл тіл

Қадірі мен қасиетін оның біл.

Он жыл емес, жүз жыл емес жасайтын

Менің тілім-мәңгілік тіл, ғасыр тіл!!!




  1. жүргізуші:Орта жолда бүріп тастап оқ құзғын

Құлап жаттым құшағында көк мұздың

Қасіретіңді, қанат қып, қазақ тілі.

Төрт бұрышты дүниеге жеткіздім.

2-жүргізуші: Сүйемін туған тілді – анам тілім.

Бесікте жатқанымда берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнім. -дей келе алардыңызға тіл туралы өлеңдерімен С.Бақыт, М.Ажар, С. Жансерікті шақырамыз.
1-оқушы: Тағдырдың көріп салғанын.

Көтердің ауыр салмағын.

Қалжырап жеттің бұл күнге

Ана тілім, ардағым!

Қыспаққа қалдың иланып,

Қиылып топшың қиналып,

Қансырап жеттің бұл күнге,

Ана тілім, ардағым!

Тамырың кеуіп қуарып,

Қан жүрмей қалды суалып,

Сансырап жеттің бұл күнге,

Ана тілім, ардағым!

Бір тұрып,бір құладың,

Сан талып,неше сұладың?!

Қалтырап жеттің бұл күнге,

Ана тілім, ардағым!

Жүректің қылын бұрадың,

Көзіңнің жасын бұладың.

Осылай жеттің бұл күнге,

Ана тілім, ардағым!


2-оқушы: Ана тілім,жүрегісің анамның,

Жүрек-ана,мен өзіңнен таралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.

Сенің арқаң қанып ішсем тұнықтан,

Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам.

Анашымды ұмытқаным емес пе?

Ана тілім,егер сені ұмытсам?

Сенің әрбір тынысыңнан күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем,

Ел бетіне қалай тура қараймын,

Ана тілім, егер сені білмесем.


3-оқушы: Тіршіліктің тірегі боп Абайларым нәр алған,

Қазақ үшін қазақ тілі отты тіл боп жаралған.

Өскіндерді өрлігіңмен өркендеттің өршітіп,

Бал боп тамдың асыл жанды,мейірбанды анадан.

Тілім менің,жалын болып шығарсың сен жүректен,

Сен дегенде бар қазақтың жүректері дір еткен.

Кеудемдегі жанымменен, ойымдағы бар сырым,

Сен арқылы, қазақ тілі,ашып айтып,жыр еткем.

Сен арқылы қуанып та,жылап та біз алғанбыз,

Өткір жебе сияқтанып қадалып та қалғанбыз.

Ал кей кезде қатал ханның жүректерін жібітіп,

Өшіп қалған тұманды да сәуле қылып жаққанбыз.

О,қазақ тілі!

Асыл тілім,жарқын тілім,тілегім,

Сеніменен барлық жерде мақтанып мен жүремін.

Сен арқылы биік шыңға қолымды да жеткізіп,

Самғап ұшып,қанат қағып,болам сенің тірегің!

2 – жүргізуші: Алуан-алуан ғасырдың

Шежіресі болған тіл.

Небір ұлы асылдың

Шын көңілі толған тіл.

Бір-ақ ауыз сөзбенен

Дауды әділ шешкен тіл. Қарсы алыңыздар, алдарыңызда «Найман-Ана» көрінісімен 11-сынып оқушылары.

Найман-Ана: О, құлыным, сенің басыңа көн қаптап, темір қысқышпен жаңғақ шаққандай етіп, шығыр салып бұрап, ақыл-есіңнен айырғанда, басыңды құрсаулап қойып қысқанда, үрейлі көзің шарасынан шыға қанды су аққанда, Сарыөзектің түтінсіз жалынына қақталып, ажал аузында ындының құрып жатқанда, кезерген ерніңе бір тамшы су тамбағанда,о, құлыным саған сонда күллі әлемге тіршілік беруші күнді сен қарғаған жоқ па екенсің? Сонда саған жарық күн Дүние-әлемдегі шамшырақ жұлдыздардың ішіндегі ең қап-қара дүлейі, көзсіз соқыры болып көрінген жоқ па екен? Адам айтқысыз азаптан айныған ақыл-ойыңды біржолата қараңғылық басып, зорақыдан алжасқан зерде тұманданып, анаңның дидарын, өзің жазда жағасында жүгіріп ойнап жүретін тау бұлақтың сылдырын мәңгі ұмытып бара жатқанда, өз атың, әкеңнің аты, ағайын-туғандарыңның түр-түсі, өзіңе қарап ұялып жымиятын қыздың аты жау жапырған жадыңнан мәңгі шығып бара жатқанада, сен сонда, құлыным, сені жарық дүнйеге әкелгенім үшін, сені туғаным үшін мына бейбақ анаңды қаһарлана қарғаған жоқ па екенсің?

О, ұлым менің, құлыным! Мен сені іздеп шарұқ ұрдым. Мен сенің анаңмын.



Отыр, сөйлесейік. Сенің атың кім?



Жоламан: Мәңгүрт.

Найман-Ана: Мәңгүрт деп сені қазір айтады. Ал бұрынғы атың есіңде ме? Есіңе түсірші шын атыңды. Әкеңнің атын білесің бе? Әкеңнің аты кім? Өз елің қайда, руың кім? Тым құрыса туған жеріңді білесің бе?Құдай-ау, қандай күйге душар еткен?! Ау, суды, жерді тартып алса, мейлі, тіпті жаныңды алса да мейлі. О, Құдай, бар екенің рас болса, мұндай сұмдықты жұртқа қалай дарыттың? Жер бетінде басқа сұмдық аз ба еді? Сенің атың-Жоламан. Естимісің сен? Сен-Жоламансың, әкеңнің аты-Дөненбай. Әкеңді ұмытып қалдың ба құлыным? Ол саған кішкентайыңнан садақ атуды үйретіп еді ғой. Мен сенің анаңмын. Сен менің баламсың. Сен найман руынан боласың, ұқтың ба? Сен мұнда келгенге дейін не болды?
Жоламан: Ештеңе де болған жоқ.

Найман-Ана: Мұнда келгенде күндіз бе еді, түн бе еді?

Жоламан: Ештеңе де.

Найман-Ана: Кіммен сөйлескің келеді?

Жоламан: Аймен. Бірақ біз бір-бірімізді естімейміз. Айда біреу отыр.

Найман-Ана:Тағы не қалар едің?

Жоламан:Басымда қожайынның басындағыдай шаш болса.

Найман-Ана:Келші бері басыңа олар не істеді екен көрейін.

Басынан ұстай бергенде, Жоламан қорықып кетеді.

Найман-Ана: Балам, анау келе жатқан кімдер?

Жоламан: Олар маған тамақ әкеле жатыр.

Найман-Ана:Сен ештеме айтпа, мен кешікпей келемін.

Найман-Ана кетіп қалады. Біршама уақыттан соң қайтып келеді.

Жоламан, Жоламан, амансың ба, құлыным? Ойланшы балам, атыңды айтшы. Атың кім сенің? Сенің атың Мәңгүрт емес, Жоламан. Наймандардың ұлы көшінде жолда келе жатқанда туғансың. Содан атыңды Жоламан қойғанбыз.



Анасы баласына тамағын беріп, бесік жырын айтады.

Найман-Ана: Құлыным, кетейік мына қарғыс атқыр жуан-жуандардан. Туған еліңе қайт. Ойланшы,балам, кімнің ұлысың? Атың кім? Сенің әкең-Дөненбай.
Осы кезде жуан – жуандар келіп қалады. Анасы қаыш кетіп, сырттай бақылап тұрады.

Бірінші жуан-жуан: Жаңағы жаныңда болған кім?

Жоламан: Ол маған анаңмын деді.

Екінші жуан-жуан: Қайдағы ана?! Анаң жоқ сенің! Оның неге келгенін білесің бе, ақымақ? Білесің бе-ей? Ол сенің басыңдағы кепешіңді сыпырып алып, ана басыңнан көн теріңді сыпырып тастамақшы

Бірінші жуан-жуан: Әй, сен қорықпа. Мә, мынаны ұста. Қазір . Әлгі адам келгенде оны осымен өлтір.

Найман-Ана: Жоламан, құлыным менің. Жоламан, қайдасың? Жоламан, қайдасың? Мен анаңмын ғой, қайдасың? Жоламан, құлыным менің. Атпаааа... Ойланшы, кімнің баласысың? Атың кім? Сенің әкең Дөненбааай. Дөненбаай!!!
2-жүргізуші: Танытқан қазағымның қазақтығын

Танытқан қазағымның азаттығын

Танытқан қазағымның ғажаптығын

Айналдым құдіретіңнен қазақ тілім!!! –келесі тамашалайтындарыңыз «Қазақ жастары» әнімен С.Жансерік.





  1. Құрметті ұстаздар, осымен бүгінгі кешіміз өз мәресіне жетті.

  2. Нұрлы күндерде жүздескенше, қош сау болыңыздар!!!



  1. С.Жансерік – «Толғау».

  2. Көрініс – «Ең тәтті де тәл, ең ащы да тіл».

  3. Қ. Ақманат – «Тіл тағдыры» өлеңі.

  4. С.Бақыт, М.Ажар, С.Жансерік – Тіл туралы өлеңдер.

  5. Найман – Ана.

  6. С.Жансерік – «Қазақ жастары» әні.

Каталог: 8DD1E344ADDC75B1
8DD1E344ADDC75B1 -> Заттардың қасиеттері. Заттарды санау
8DD1E344ADDC75B1 -> Бекітемін: Келісемін: Әдістемелік кеңес отырысында Мектеп директоры: Оқу ісінің меңгерушісі: қаралды: Хаттама №
8DD1E344ADDC75B1 -> Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді
8DD1E344ADDC75B1 -> Сабақтың тақырыбы, түрі. Пән Мұғалімнің аты-жөні Сынып 1
8DD1E344ADDC75B1 -> Сабақтың типі : Бекіту сабағы Сабақтың түрі : Сайыс- сабақ; кіріккен. Көрнекілігі
8DD1E344ADDC75B1 -> 7 оқу жылындағы істеген жұмыстарының жылдық есебі Біздің әдістемелік бірлестігінің мәселесі: «Сабақта оқытудың әдістерін түрлендіре отырып, білім сапасын арттыру»
8DD1E344ADDC75B1 -> Абай орта мектебінің 2015-2016 оқу жылындағы Әдістемелік жұмыстарының сараптамасы
8DD1E344ADDC75B1 -> Сабақтың тақырыбы Сабақтың міндеттері Оқушыларға функциялардың қасиеттерін
8DD1E344ADDC75B1 -> Мұғалімдердің Ұбт-ге дайындық жұмыстарының есебі 2014-2015 оқу жылы Қазақ тілі мұғалімі:Қойшыбаева Г.Қ


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет