Семинардың бағдарламасы тақырыбы: «Педагог-психологтың ата-аналармен жұмысты тиімді ұйымдастыру бағытындағы іс-әрекеті»



Дата25.12.2016
өлшемі0,79 Mb.
#4751
түріСеминар
«№61 жалпы білім беретін орта мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАРДЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
Тақырыбы: «Педагог-психологтың ата-аналармен жұмысты тиімді ұйымдастыру бағытындағы іс-әрекеті»


Педагог-психолог: Тусупбаева Н.Т.

2012-2013 оқу жылы

ТАҚЫРЫБЫ:

«Педагог-психологтың ата-аналармен жұмысты тиімді ұйымдастыру бағытындағы іс-әрекеті»

  1. Семинарға қатысушыларды тіркеу (Тіркеу кезінде қатысушыларға 4 түсті: қызыл, сары, көк, жасыл бағдарламалар ұсынылады. Олар осы бағдарламалардың ішінен қалауы бойынша біреуін таңдап алады. Содан кейін олар сондай түсті шар тұрған үстелге отыруға тиіс. Осылайша қатысушылар өздігімен 4 топқа бөлініп отырады. Бұлай отырғызу практикалық бөлімдегі топтық ойындар ойнатуға өте ыңғайлы).

  2. Семинардың ашылуы

  3. «Мектеп өмірі» слайд-шоу

  4. «Мектептің оқу-тәрбие үрдісімен таныстыру»

  5. Сәлемдесу «Жүректен-жүрекке – жалынды сәлем!»

Қатысушылар ортаға шеңбер құрып отырады.

Жүргізуші: «Құрметті қатысушылар. Әлемде сәлемдесудің көптеген түрі бар екендігін білесіздер. Сәлемдесу қарапайым бас изеуден бастап, хал-жағдайды сұрасуға дейін күрделенуі мүмкін. Бүгін мен сіздерді сәлемдесудің мына бір жаңа түрімен таныстырғым келіп отыр. Олай болса, біздің сәлемдесу шеңберіне қош келдіңіздер! Қазір әр қайсыларыңыз қолдарыңызды созып, ортада тұрған ыдыстан кішкентай шырақ шамдарды және ұсынылып тұрған қағаздардың біреуін таңдап алыңыздар». Қатысушылар ортада тұрған шырақ шамдарды және ұсынылып тұрғанның ішінен бір-бір қағаздан алады.

«Қағаздарыңызды ашыңыздар. Байқасаңыздар, қағаздарда сөздер жазылған. Ендеше қазір барлығымыз, кезектесе отырып, ортадағы шырақ шамнан от алып, қағаздағы сөдерді мұқият және нық оқимыз. Қандай интонациямен оқимыз десеңіздер өз еріктеріңізде».

Қағаздарда жазылатын сөздер үлгісі:



«Мен сүйкімді . . . (көп нүктенің орнына өз есіміңізді қосыңыз). Барлықтарыңызға . . . (көп нүктенің орнына өз мектебіңізді қосыңыз) мектептен ЖАЛЫНДЫ СӘЛЕМ!!!».

Сәлемдесу рәсімі аяқталғаннан кейін, қатысушылар өз орындарына отырып, теориялық бөлімді тыңдауға ыңғайланады.


  1. Теориялық бөлім: «Педагог-психологтың ата – аналармен жұмысты тиімді ұйымдастыру бағытындағы іс – әрекеті»


Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп,қалыптасады.

Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
Н.Ә.Назарбаев

Отбасы мен неке туралы ерте уақыттан біздің күндерге дейін көптеген зерттеулер жүргізілген. Антикалық ойшылдардың өзі Платон мен Аристотель жұбайылық және отбасы туралы өз көзқарастарын қалыптастырған, өз уақыттарындағы отбасы типтерін сынға алып, оның жаңалану проекттерін ұсынған болатын.

Ғылым қоғам дамуындағы отбасылық қарым-қатынас сипаты туралы көлемді және сенімді ақпарат береді. Отбасының өзгеруі промискуитеттан (ретсіз жыныстық қатынастар), топтық некелесуден, матриархат пен патриархаттан моногамиға дейін дамыды. Отбасы қоғамның даму сатысымен көтерілуіне қарай, төменгі формадан жоғарыға қарай өтті.

Қоғам дамуының тарихындағы отбасылық қарым-қатынас өзгерісін зерттеуге «Ана құқығы» кітабының (1861) авторы швейцарлық тарихшы И.Я. Баховен, және шотландық заңгер, «Алғашқы неке» (1865) зерттеу жұмысының авторы Дж. Ф. Мак-Леннан зор үлестерін тигізді.

Қоғамның дамуының ерте сатыларында ретсіз жыныстық қатынастар тән болатын. Рудың пайда болуымен топтық неке дүниеге келді, ол осы қатынастарды реттеп отырды. Әйелдер мен еркектер тобы қатар тұрып «коммуналдық некеде» тұратын - әр бір еркек өзін кез келген әйелдің күйеуімін деп есептейтін. Біртіндеп әйел ерекше орынға ие болатын топтық отбасылар қалыптаса бастады. Гетеризм (гинекократия) - әйелдің қоғамдағы жоғары орынына негізделген қатынастар арқылы – барлық елдер жекеленген неке мен отбасы бағытына өтті. Балалар ер жеткенше әйелдер тобында болып, кейін өскеннен кейін бірақ еркектер тобына ауысатын болған. Алдымен эндогамия - яғни ру арасындағы еркін қатынастар үстем болды, содан кейін әлеуметтік «табу» пайда болуының нәтижесінде, экзогамия (гректің «екзо» - сырт және «гамос» - неке) – «ішкі» рулардың ішінде некенің болмауы және басқа қауымдастрықтардың мүшелерімен некеге отыру қажеттілігі пайда болды. Табу инцестін (қанның араласуына тиым) Э.Вестермарк зерттеген болатын. Ол осы әлеуметтік норманың отбасын күшейтетінің дәлелдеді. Қандастық отбасы пайда болды: некеленген топтар ұрпақтарға бөлінді, ата-аналар мен балалар арасындағы жыныстық қатынастар шектетілді.

Кейін пуналуалды отбасы – әйелдерімен бірге ағаларды, немесе күйеулерімен бірге топталған әпкелерді қамтитын топтық неке қалыптасты. Мұндай отбасында әпкелермен және ағалармен жыныстық қатынасқа түсуге тиым салынды. Туыстық шеше жағынан ғана анықталатын, әкелік жақтан белгісіз болатын. Осындай отбасыларды Л.Морган Солтүстік Американың үндістік тайпаларынан бақылады.

Кейін полигамды неке қалыптасты: көп рет үйлену, көп рет тұрмысқа шығу. Жабайылар жаңа туған қыздарды өлтіретін, осыдан тайпаларда ер адамдар көп болып, әйелдердің бірнеше күйеулері болатын. Бұл жағдайда, әке жақтан туыстықты анықтай алмағандықтан, ана құқығы қалыптасты (балаға деген құқық анада ғана болатын).

Көп рет үйлену соғыс кезінде көп еркектердің жоғалуынан туындады. Ер адамдар аз болды да, олардың бірнеше әйелдері болды.

Отбасындағы жетекші рөл әйелден (матриархат) еркекке ауысты (патриархат). Негізінде патриархат мұрагерлік құқықпен, яғни күйеулік емес, әкелік билікпен байланысты болған. Әйелдің тапсырмасы әкенің мұрагерлерін, яғни балаларды тууға келіп тірелген. Одан некеге адалдық талап етілген, өйткені аналық әкелікке қарағанда анық.

Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас барлық тарихи кезеңде өзгеріп отырған. Балаға деген қарым-қатынастың келесідей 6 стилі көрсетіледі.



  • Инфантицидті – балаларды өлтіру, зорлау (ерте уақыттан біздің эрамыздың IV ғасырына дейін).

  • Тастанды – баланы асыраушыға, басқа отбасыларға, монастырларға және т.б. береді (IV–XVII ғғ.).

  • Амбивалентті – балалардың отбасының толыққанды мүшесі ретінде саналмайды, оларға өздігімен әрекет жасауға, жекеленуге тиым салынады, «мысал мен ұқсастыққа» қарай «сомдайды», қарсылық көрсеткен жағдайда қатаң жазалайды (XIV–XVII ғғ.).

  • Жабысып қалған – бала ата-анасына жақын болады, оның әрекеті және ішкі жан-дүниесі қатаң қадағаланады (XVIII ғ.).

  • Әлеуметтейтін – ата-ана бар күш-жігері баланы өзіндік өмірге бейімдеуге, оның мінезін қалыптастыруға жұмсалады; бала олар үшін – оқыту мен тәрбиелеу обьектісі (XIX – XX ғ. басы).

  • Көмектесетін – ата-аналар баланың бейіміділігі мен қабілетін ескере отырып, жеке дамуын қаматамасыз етуге, эмоционалды қарым-қатынас орнатуға тырысады. (XX ғ. ортасы – қазіргі уақыт).


Бүгін отбасы туралы ұғымды кім немесе не қалыптастарыды?

Бірнеше жыл бұрын психологтар өзінің отбасылық өміріне қанағаттанатын, некедегі ерлер мен әйелдердің бір тобына сауалнама жүргізді. Көп сұрақтардың ішінде мынадай сұрақтар болған еді: «Егер сіз бүгін қайтадан отбасы құрсаңыз, өзіңізбен қазір бірге тұратын адамды таңдар ма едіңіз?» Көбісі оң жауап береді деп болжамдалған еді. Зерттеушілердің таңданысына орай, сұрақ қойылғандардың үштен бір бөлігінен астамы жауап беруге қиналды, соншасы таңдауының басқаша болатынын айтты.

Басқаша айтқанда, берекелі отбасылардың көбісі үйреніп қалған әдет бойынша, бастапқы екпінмен өмір сүріп келеді. Жұбайлар бір-біріне нақты арыз-шағымдарының жоқ болғандығынан, бірге тұра береді. «Адамдар бір-бірін жақсы көрмесе, ажырасу үшін де себеп таба алмайды». Бірақ жүрегінің түбінде әрқайсысы да өзін бұдан гөрі жақсыға лайықпын деп есептейді, отбасылық өмірдің идеалға жетпейтіндігін біледі.

Ал өмірдің соңына дейін тату-тәтті өмір сүретін отбасы идеалы шын мәнінде бар ма?

Отбасылық қарым-қатынастар туралы мындаған белгілі еңбектер мен мақалалар жарияланды. Осы еңбектердің авторларына сенетін болсақ, әрқайсымыз бірнеше қарапайым кеңестерді орындай отырып, идеалды отбасын құра аламыз. Бірақ ұсынылған кеңестерге сене қою өте қиын. Болашақ миллионерлерге арналған нұсқаулықтарды миллионерлер емес, жолы болмаған адамдар жазатыны біршамаға мәлім.

Отбасы кеңесшілері де өз кеңестерін осыған сәйкес қиялынан алып жазады, өйткені олардың өмірлік тәжірибесінің біздің өмірлік тәжірбемізден еш артықшылығы жоқ. Егер идеалға жету соншалықты оңай болса, неге барлық адам оған бірден қол жеткізбейді. Адамдар ақыл-кеңес беретін кітаптарды оқымай ма, жақсы кеңестерді тыңдамай ма?

Бәрі керісінше сияқты – ақыл-кеңес беретін кітаптарды тым көп оқиды, аса мұқият тыңдайды. Содан кейін идеалға жету оңай екен ғой, бірақ мен осындай бақытсыз және ебедейсіз болғандығымнан, ештеңеге де қол жеткізе алмадым деп ойлайды. Шіркін, өмір басқаша болса ғой деп армандайды!

Атақты психолог Карл Юнг өзінің ізбасарларына «Теорияны мұқият оқыңдар. Алайда нақты адммен кездескенде, оның барлығын шетке ысырыңдар, себебі оған ерекше, өзіндік теориясы ғана қажет» деген. Сондықтан әр отбасын идеалға жеткізетін өзіндік, ешкімге ұқсамайтын бақытқа жеткізетін нұсқаулығы қажет. Барлығына да, біріне де беріліп жүрген кеңестер маған көмектесу үшін тым жалпылама болып келеді. Сонымен қатар басқаларға жарайтын кеңес мен үшін пайдасыз, тіпті зиянды болуы да мүмкін. Себебі әрқайсымыздың өміріміз теңдессіз болып саналады, ол өзіміздің өмірлік тәжірибемізден жинақталады. Бұл жағдайда «өз-өзіне психолог» секілді брошюралардан оқып алған жалпылама ұсыныстардан гөрі отбасылық «дөңгелек үстелдер» өткізу немесе мамандарға барып жеке отбасылық кеңес алу қажеттілігі біршама артық болады.

Отбасылық өмір туралы өзінің алғашқы көзқарасын әр адам ата-анасының отбасына қарап отырып, бала жасынан қалыптастырады. Бала бір-бірін және баласын шын жақсы көретін әкесі және анасы бар отбасында тәрбиеленгені дұрыс. Бірақ қоршаған ортадағы жағдай тіпті басқаша емес пе? Ата-ана шынайы үлгі бол алған күннің өзінде, біз өзіндік қиындығы бар, реніші, жаттанды тұрмысы, материалдық және тұрмыстық мұқтаждықтары және т.б. бар ата-анамыздың өмірін жасымыздан көріп өсеміз. Сондықтан біз «Әкем мен анамды қаншалықты жақсы көріп, құрметтесем де, менің отбасым бәрібір әлдеқайда жақсы болады» деп ойлаймыз. Ата-анамыздың өмірлік тәжірибесіне қарап отырып, біз өз отбасымызды құру үшін олардың қандай тәжірибесі қажет, қандай қажет емес екендігін ерте біле бастаймыз. Яғни бізге қажет емес нәрсені біз нақты білеміз, ал не қажет еместігін нақты біле алмаймыз.

Дәл осы кезе «көмекке» романтикалық сюжетке бай кино және түрлі әдебиеттер, «ғылыми» және тұрмыстан алынған ұсыныстары бар журналдар мен кітаптар келеді. Осы фильмдер мен кітаптарда не көрсетілген? Өмірдің қағидаларына қарсы келетін қызу құштарлық, опасыздық, қызғанушылық сезімі, бақытсыз сезім . . . Тұрақты, берекелі неке өнер туындысы үшін тым қызықсыз сюжет болып саналады. Экранда немесе кітап беттерінде жұбайлар туралы сөз қозғалатын болса, олар сюжет бойынша өмірдің қиындықтарынан өтуі қажет. Бірге тұрып, бірге жүретін жұбайлардың өмірін көрсету – көпшілікке көрсетуге келмейтін қызықсыз тақырып. Біз осылай балаларымыздың және басқа да «ерте есейгендердің» отбасылық өмір және оның құндылықтары туралы көзқарасын қалыптастырамыз.


Қай ұлт баласын қалай тәрбиелейді?



Әр елдің балалары бір-біріне ұқсамайды. Оларға берілетін тәрбие әрқилы болса да, бала атаулыға бірдей нәрселер қажет. Олар: туған отбасы, ұядай жылы үй, ата-анасының қамқорлығы мен сүйіспеншілігі. Сонымен, әлем балаларының елдеріне саяхат жасап көрелік.
Швецияның балалары. Швед отбасылары балаға сәби кезінен жеке тұлға ретінде қарап, еркін тәрбиелеуге тырысады. Қатаң жазалауларға тыйым салынған, тіпті мұны бұл елде қылмыс, деп есептейді. Сондықтан, әрбір шведтік бала әке-шешесі өзіне қол жұмсаса, полицияға хабарлауға құқылы. Мұндай кезде ата-аналарға әкімшілік тарапынан жаза қолданылады.
Жапонияның балалары. Жапонияның көптеген мектептерінде асхана жоқ. Балалар түскі астарын үйден арнайы ыдысқа салып әкеледі. Ал, мұғалімдер болса, балалардың үйден әкелген тамақтары денсаулыққа зиян емес пе, соны мұқият қадағалайды. Сол себепті, жапон аналары арнайы сабақтарға қатысады. Ол жерде баланың ағзасына қажетті дәрумендер тамақпен сіңу үшін, қандай ас әзірлеу керек және қалай даярлау керектігін түсіндіріп, үйретеді.
Үндістан балалары. Үндістер балаларын қатаң ұстайды. Оларда ата-ана мен бала арасындағы достық қарым-қатынасты өте сирек кездестіресіз. Балалар кішкентай кезінен бастап ата-анасының таңдауына, қалауына мойынсұнып өседі. Сондықтан, ержеткенде немесе бойжеткенде әке-шешесі кімді қалайды, сол адаммен бас қосады.
Германияның балалары. Германия мектептерінде міндетті түрде экскурсиялық сабақтар ұйымдастырылады. Бұл - ежелден қалыптасқан жүйе. Мысалы, мұғалім бүгін шоколад туралы, оның құрамы жөнінде сабақты түсіндірсе, онда ертенінде балалар шоколад музейіне немесе фабрикаға саяхат жасайды. Олар фабрикада өнімнің қалай жасалып жатқанын өз көздерімен көріп, біледі.
Ауғанстан балалары. Баланың дүниеге келгені, әсіресе ұл баланың өмір есігін ашқаны ауғандықтар үшін - үлкен қуаныш. Ауқатты тұратын отбасылар ұлан-асыр той жасайды. Ауылдарда той үстінде «ат байлар» ұлдың құрметіне барабан қағылып, аспанға қарумен оқ атылады.
Қытайдың балалары. Дао уағызшыларының бала туралы өсиеті әрбір қытай бүлдіршініне аңыз болып айтылады. «Балаға тәтті жеуді ұсынғанда, ол барлығын алудан ақылдылықпен бас тартады. Неге деген сұраққа: «Мен әлі кішкентаймын, сондықтан маған аз ғана бөлігі жетеді», деп түсіндіреді. Баланың осы қылығын барлық қытай перзентіне үлгі етеді, баламыз қанағатшыл, мейірімді, адамгершілігі жоғары болып өссін, дегені.
Франция балалары. Француздардың ежелгі дәстүрі бойынша бала дүниеге келмей тұрып, оның тәрбиесімен айналысуды қолға алу керек. Көбінесе, сәби өмірге келген соң, ол ата – анасымен ауылда болады. Балақай екі-үш жасқа дейін өзінің ата-бабасы қоныс тепкен ауылда болып, сол жердің суын ішіп, ауасын жұтып өседі.
Бразилия балалары. Бразилияда баланы ұл немесе қыз бала, деп бөле-жармай, бірге тәрбиелегенді жөн санайды. Сол себепті, бес жасқа дейін ер балалар мен қыз балалар бірге асыр салып ойнайды. Ал, бес жастан кейін ғана олар қыз бала мен қыз баланың, ұл бала мен ұл баланың достасуына мүмкіндік жасайды.
Румын балалары. «Үлкендерге құрмет көрсету керек», «ата-ананы жақсы көріп, сыйлай білу керек», сонымен бірге «әрқашан әділ болу» керек. Мұндай өнегелі сөздерді румындықтар балаларына үнемі үйретіп отырады. Ата-әжелері немерелеріне ата-бабаларының тарихын баяндап, румын халқына тән салт-дәстүрлердің берік сақталуына, бағалануына және мұның бәрі тәрбие арқылы іске асуына күшін салады.
Лаос балалары. Лаостықтар балаларын өздері тікелей тәрбиелегеннен гөрі бауырлары, туыстары, басқа да жақындарының ықпалы арқылы әсер етіп, өсіргенді дұрыс көреді. Балалары ержетіп үйленер жасқа жеткенде де осы әдісті қолданады. Яғни, ата-анасы туыстары арқылы сөзін жеткізіп, балаларына үйленуге рұқсат береді.
АҚШ балалары. Жергілікті педагогика «әрбір бала өз бетінше өмір сүріп үйрене алу керек» деген ұстанымды қолданады. Сондықтан, американдық ата-аналар балаларының қалауына қарсы шыға алмайды. Олар мейрамханаға, коктейлге, тіпті түнгі клубқа барамын, десе де, ата-аналар ертіп апарады.
Африка балалары (Масай тайпасы). Масайлықтардың өздерінше өмір сүру кестесі жасалып қойылған. Он бес жасында ұлдар «маран» атанады. Бұл - әскери шен. Яғни, ол - осы жасынан тайпаны қорғаушы ержүрек азамат. Отыз жасында отбасын құрады және бала-шағасын асырау үшін, өз алдына табын-табын мал бағады. Қырық бес жасында жастарды тәрбиелеумен айналысады, сонымен бірге тайпа халқы үшін жауапты шешімдер қабылдайды. Ал, алпыс жасында тайпаның «рухани көсемі» болады.
ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ
Адамның адамшылдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
Абай

Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.

Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» – деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе?

Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар.

Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:

Отбасы – шағын мемлекет,

Мен – президент, сен – премьер, дегені бар. Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс-шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері, т.б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс-тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. «Отан отбасынан басталады» деген сөздің мәнісі де осында.

Ата-ана өз отбасын нығайта отырып, сонымен бірге оның мүшелерін үй болуға, өз шаңырағын көтеруге әзірлеуі басты әрі өте жауапты міндет болып саналады. Жас отаудың түтіні түзу шығып, махаббат пен тату-тәттілік, береке-бірлік орын тепкен жылы ұяға айналуы, босағасы берік, болашағы нұрлы болуы көбіне-көп жас жұбайлардың үлкен үйде алған тәрбиесі, көрген өнегесіне байланысты.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда, соны ілерсің», «Анасына қарап, қызын ал», - деп, халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендіктен айтқан.

Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері – баланың «әдепті бала» болып өсуі.

Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген.

Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.

Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір-шапағат көзі - әйел. Әйелдің бұл рөлі отағасының жамағатына, бала-шағаның анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас-қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая, биіктей береді. Әрине, әйел де өзінің аналық борышын ұмытпағанда, әсіресе, ерімен қабағы жарасып, тату – сүйіспеншілікте тұрғанда мәртебесі арта түспек.

Әйелдің еріне қарым-қатынасы балалардың әкеге көзқарасының сипатын анықтайтыны берік есте болуға тиіс. Мұның өзі, бір жағынан, үй ішіндегі әдептің бастау көзі екені анық. Демек, балалар үшін әке беделі аналарының сөзі, іс-қимылы, қас-қабағы арқылы қалыптасады. Мысалы, ерлі-зайыптылар балалар көзінше бір-біріне қатты, балағат сөздер айтыспақ түгіл, дауыс көтеріп, керісуге тиіс емес. Олай еткенде, өз беделдерін жоғалтудың, бала – шағаның жүрегін шошытып, зәресін ұшырудың үстіне, олардың жанына кейін өздері үй болғанда, алдарынан шығатын жаман әдеттің ұрығын егеді.

Бұл жағынан аналардың балаларға: «әкеңмен ақылдас», «әкең біледі», «әкеңнің айтқанын істе» т.б. сияқты дәстүрімізде бар сөздерді айтып отыруы қандай ғанибет! Атақты «Абай» эпопеясында халқымыздың осыған орайлас қадірлі дәстүрін танытатын мынадай бір тағылымды эпизод бар. «...Семей қаласында үш жыл оқып, жайлаудағы әке үйіне күн кешкіре жеткен, 13 жасар шәкірт бала – Абай аттан түскен бетте, амандасу үшін, шешеге қарай жүреді. Сонда ақылды да байсалды ана Ұлжан: «Әй балам, анда әкеңдер тұр, әкеңе барып, сәлем бер!» – дейді. Бір сәтке балалық сезім жеңіп, қателік жіберіп алғанын түсінген жас Абай кілт бұрылып, ортасында әкесі Құнанбай бар шеткерірек тұрған оқшау топқа қарай адымдай жөнеледі». Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов мұны халықтың жүрекке жылы осындай тамаша дәстүрінен хабардар ету үшін ғана емес, оның тәрбиелік зор маңызын жоғары бағалағандықтан да келтіріп отырғаны анық.

Ата-ананың бір-бірінің қадір-қасиетін осылайша ардақтап, беделін өсіруі, араларында өкпе-наз, кикілжің туа қалғанда, оны балалардан оңашада, екеуара шешіп отыруы – шынайы инабаттылық, әдептілік.

Сайып келгенде, қоғамда әдеп-инабат өлшемдерінің терең тамырланып, кең жайылуында отбасының маңызы орасан зор. Әрбір ұяның қос тіреуі – ерлі-зайыптылар өздеріне қатысты әдеп-адамгершілік талаптарын, құқықтары мен міндеттерін мүлтіксіз орындаса, бүкіл қоғамда, елде бейбіт те берекелі тұрмысқа негіз қаланбақ, демек, ұрпақтарына құтты қоныс, жайлы болашақ қамтамасыз етілмек!

Отбасындағы жайлылық факторы, оның кезеңдері және некедегі дағдарыс периодтары


Отбасы құратын адамдар, махаббаттағы, баладағы, ортақ қуанышпен бөлісудегі, түсіністіктегі, қарым-қатынастағы қажеттіліктер комплексін қанағаттандыруға ұмтылады. Алайда отбасы болу – бұл болашак ерлі-зайыптылардың тек неке туралы идеалды түсініктерін жүзеге асыру ғана емес. Бұл екі, кейіннен бірнеше адамның шынайы өмірі, барлық оның қиындықтарымен және жан-жақтылығымен; ол үздіксіз келіссөздер, келісімшарттарды орнату, компромисстер және, әрине, барлық отбасында болатын қиындықтардан өту, қатығыстарды шешу.

Жас ерлі-зайыптылардың қоғамдық жетілуін, некелік және ата-аналық міндеттерді орындауға дайындығын анықтайды. Неғұрлым тиімді кез болып 20-24 жас есептелінеді. Ерлі зайыптылар арасында неғұрлым кәдімгі жас айырмашылық 1-4 жас. Теңсіз некелердің тұрақтылығы тек екі жақтың мінезіне, өзара сезімдеріне ғана байланысты емес, сонымен қатар жастық ерекшеліктерге дайындықтарынан, айналасындағылардың «жағымсыз сөздеріне» қарсы тұра білу қабілеттеріне және т.с.с. көп байланысты.

Осылайша, отбасылық-некелік қарым-қатынас гармониясын жекеленген параметрлер тұрғысынан бірнше негізгі элементтер анықтайды:


  • Некелік қарым-қатынастың эмоционалды жағы, бір-біріне бауыр басу дәрежесі;

  • Олардың өздері, жұптары және жалпы қоғам туралы ойларының, елестерінің ұқсастығы;

  • Әр бір жақтың қалайтын қарым-қатынас моделі, әрекеттік ерекшеліктер;

  • Жұптардың жыныстық және кеңірек алсақ психофизиологиялық сәйкестігі;

  • Жалпы мәдени деңгейі, жұптардың психикалық және әлеуметтік жетілу деңгейі, ерлі-зайыптылардың құндылық жүйелерінің сәйкестігі.

Некелік қарым-қатынас даму стадиясын талдауда келесілер бөлініп қарастырылады: жас неке, орта жастағы неке және кемелденген жастағы неке.

Жас неке бес жылдан аз уақытқа созылады. Ерлі – зайыптылар жасы –18 ден 30 жасқа дейін. Бұл периодта олар бір – біріне үйреніседі, жиһаз және тұрмысқа қажеттіні сатып алады, жиі өз пәтерлері болмайды және олар екеуінің біреуінің ата-анасының үйінде тұрады. Кейіннен пәтер сатып алады, олар оны әрлеуді бастайды, өз тұрмыстары пайда болады. Ерлі-зайыптылар сәби күтеді, сәби дүниеге келгеннен кейін оны бағып-қағуға байланысты міндеттер пайда болады. Кәсіби жағынан жастар қандай да бір квалификацияны иеленеді, жайлап қалыптасады, жаңа отбасылық жағдайға үйреніседі. Әйелі бірнеше уақыт бала күтіміне байланысты демалыста болады. Бірге өмір сүру бірталай «материалдық» және «моральдық» тұрғыдан шығындарды талап етеді, сондықтан бұл уақытта оларды ата-аналары қолдайды

Орта жастағы неке 6-14 жылға дейін созылуы мүмкін. Бұл периодта адамдар эконмикалық белсенді, қоғамды анықталған орындары бар және үй, жиһаз және т.с.с сатып алу қажеттіліктері болмайды. Үйде кішкентай балалар болмайды, көбісі мектеп жасындағы немесе студент балалар болады, және олар өзіндікке ұмтылады. Әйелі үй шаруасынан басқа кәсіби әрекетке көп уақытын бөлуі мүмкін.

Кемелденген жастағы неке 15 жылдан кейін пайда болады және 25 жылға дейін созылуы мүмкін. Отбасында үлкен балалар, ерлі-зайыптылар өздері жалғыз қалады немесе бір-бірінің отбасына үйренісіп, немерелерін бағады.

Ересек жастағы некеде еңбек жағы төмендеп, жиі денсаулыққа байланысты мәселелер туындай бастайды. Неке міндетті түрде тұрақты. Ерлі-зайыптылар көмекке зәру болады және бір-бірін жоғалтуға қорқады. Олардың арасындағы қатынас жылдар бойы қалыптасқандай болады, бұл уақытта бір нәрсені өзгерту қиын. Әдетте олар сыртқы ортамен байланыстың азаюына қатысты қақтығысып қалуы мүмкін, сонымен қатар олардың арасындағы қақтығыстың бір себебі «жастармен» қатынасқа байланысты болады.

Ата-ананың балаға деген қарым-қатынасы: анықтамасы, типтері, психикалық дамуына әсері


Ата-ана қатынасы түсінігі жалпылама сипатқа ие және ата-ана мен баланың өзара байланысы мен өзара тәуелділігін нұсқайды. Ата-ана қатынасы бала туралы субьективті-бағалау, саналы-таңдау түсінігін қамтиды, бұл ата-ана қабылдауының, баламен сөйлесу мәнерінің, оған әсер ету әдістерінің ерекшелігін анықтайды. Әдетте, ата-ана қарым-қатынасының құрылымында эмоционалды, когнетивті және әрекеттік компоненттерді бөліп қарастарды. Ата-ана позициясы және ата-ана нұсқауы ата-ана қатынасының синонимі ретінде па даланылады, бірақ ұғыну деңгейімен әрқилы болады. Ата-ана позициясы жиі саналы қабылданған, көзқараспен, ой-мақсатпен қалыптасқан; ал нұсқаулық – көпжақты.

Ата-ана позициясының, нұсқаулығының, қатынасының (жиі аналық) әр түрлі нұсқалары сипатталған.

Симбиоз (тым асыра эмоционалды жақындық), авторитарлық, эмоционалды қабылдамау («кішкентай жолы балмағыш») (А.Я. Варга, 1987).

Қолдау, рұқсат; бала қажеттіліктеріне бейімделу; балаға деген шынайы қызығушылықтың болмауы кезінде немқұрайлы қарыз сезімі; ретсіз әрекет (В.Н. Дружинин, 1996).

Әріптестік, изоляция, бәсекелестік, псевдоәріптестік.

Махаббат, жақсылық, сыйластық беделі. Басу, арақашықтық, педантизм, резонерстволық, жемқорлық беделі (А.С. Макаренко).

Үлгі - позициялар, отбасылық кеміс, оның ішінде бала мен ата-ана қарым-қатынасы: жағымпаз «бейбітшіл»; «кінә тағушы»; алдын ала ойлайтын «компьютер»; есі танып қалған «алаңдаушы».

Әрекеттің позитивті моделі – икемді, немесе салмақты, әр түрлі тәсілдер автоматты түрде емес, кейінгі әрекетін ескере отырып, саналы орындалады (В. Сатир, 2000).

Балаға әсер ету сипаты мен деңгейі көптеген факторларды анықтайды және ең алдымен әрекет субьектісі ретінде ата-ананың өз жеке тұлғасын аныұтайды:


  • Оның жынысы (дәл баланыкіндей немесе қарама-қарсы);

  • жасы (жас, кәмелетке толмаған ана, қарт ана, кеш босанған ана);

  • ата-ананың темпераменті және мінез бітісі (белсенді, шыдамсыз, күйгелек, өктемшіл, мейірімді, немқұрайлы, ұстамды және т.б.);

  • дінилік;

  • ұлттық-мәдени тәнділік (европейлік, англиялық, немістік, жапондық, американдық және тағы басқа тәрбиелеу моделі);

  • әлеуметтік жағдайы;

  • кәсіби бейімділігі;

  • жалпы және педагогикалық мәдениет деңгейі.

Отбасындағы өзара тәуелді қатынасты ескере отырып, оларды балалар орындайтын рөлдер арқылы сипаттайды. А.С. Спиваковскаяның ойы бойынша, бала рөлін дисгармониялы, бір-біріне астүртін, стереотипті қарайтын, жылдан-жылға қатып қалған регидті шындыққа сай келмейтін қатынастарды ұстап тұрған отбасында анықтау жеңіл. Рөл – бұл отбасындағы балаға қатысты қатынас, сезімдер, күтулер, әрекеттер, бағалаулар жиынтығы.

Келесі 4 рөл кең таралған: «мазақ обьектісі», «сүйікті», «достастырушы», «беби». «Мазақ обьектісі» - бұл ерлі-зайыпты ата-аналардың өзара бір-біріне деген көңіл толмаушылықтарының обьектісі. «Сүйікті» - ерлі-зайыптылық қарым-қатынастағы эмоционалды вакуумды толтырады. Оған деген махаббат пен қамқорлық тым асыра көп. Керісінше ерлі-зайыптылардың бір-біріне тым жақын болған жағдайында бала мәңгілікке бала болып қалады, құқықтары өте шектеулі «беби». «Достастырушы» үлкеннің рөлін атқаруға, ерлі-зайыптылар арасындағы қақтығысты реттеп және шешіп отыруға мәжбүр және ол осылайша отбасы құрылымында маңызды орынға ие болады.

Келесі рөлдерде бөлініп қарастырылады: «бала-масыл», «бала-құл», «бала-көңілдес» (әдетте жалғыз ана «екеуге арналған қатынасқа» қадалып қалады, баланы өз махаббатына қамап қояды); «бала қару ретінде» жолдасымен күрес барысында пайдаланады; бала – «күйеуінің орынбасары» (одан үнемі көңіл, қамқорлық, үнемі қасында болуды және жеке өмірімен бөлісіп отыруды талап етеді) (В.Н. Дружинин).

Сонымен қатар ата-ананың балаға деген махаббатын құрайтын қарым-қатынастың 3 спектірін бөліп көрсетеді: симпатия – антипатия, сыйластық – немқұрайлық, жақындастық - алыстық (А.С. Спиваковская). Бұл қатынас аспектілерінің үйлесімі ата-ана махаббатының кейбір типтерін сипаттауға мүмкіндік береді.



Әсерлі махаббат (симпатия, сыйластық, жақындық). Ата-аналық, отбасылық тәрбиенің формуласы былайша: «Менің баламның бақытты болғанын қалаймын жәнге оған бақытқа қол жеткізу үшін барлығын жасаймын».

Алшақтатылған махаббат (симпатия, сыйластық, бірақ баламен үлкен арақашықтық). «Қараңдар, менің балам қандай керемет, менің онымен араласуға уақытымың аз болғаны өкінішті».
Әсерлі аяушылық (симпатия, жақындастық, бірақ сыйластықтың болмауы). «Менің балам барлығы сияқты емес, менің балам соншалықты ақылды және дене-бітімі дамымаған болса да, бірақ ол менің балам және мен оны жақсы көрем».

Жұмсақ алшақтау типі бойынша махаббат (симпатия, сыйламау, үлкен тұлғааралық арақашықтық). «Менің балам жеткілікті ақылды және дене-бітімі дамымағаны үшін оны кінәлауға болмайды».

Шектету (антипатия, сыйламау, үлкен тұлғааралық арақашықтық). «Бұл бала менде жағымсыз сезімдерді тудырады және мен онымен араласқым келмейді».

Суқаны сүймеушілік (антипатия, сыйламау, аздаған тұлғааралық дистанция). «Менің баламның осыншама дамымағандығы, қолынан түк келмейтіндігі, қырсықтығы, қорқақтығы, басқа адамдарға жағымсыз болуы мені қатты қиналтады».

Аңду (антипатия, сыйламау, жақындық). «Менің балам сұмырай және мен оны дәлелдеймін!».

Бас тарту (антипатия, үлкен тұлғааралық арақашықтық). «Мен бұл сұмыраймен араласқым келмейді».

Оңтайлы ата-аналық позиция үш негізгі талапқа сай келуі керек: бара-барлық, икемділік және болжамалылық. Ересектің бара-барлық позициясы өз баласының ерекшелігін шынай нақты бағалауға, көру біліктілігіне, оның индивидуалдығын түсінуге және сыйлауға негізделеді. Ата-ана өз баласынан қалайтынына ғана қадалып қалмауы тиіс; оның мүмкіндіктерімен бейімділігін білу және ескеру – сәтті дамудың маңызды шарты.

Ата-ананың икемді позициясы баланың өсуіне және отбасы өмірінің жағдайларын өзгеруіне байланысты қарым-қатынас стилінің, әсер ету әдісін, өзгерте алу мүмкіндігі және соған дайындығы ретінде қарастырылады.

Болжаулық позициясы баланың «жақын даму зонасына бағытталғын».

Болжаулық позициясы баланың «жуырдағы даму зонасына» және ертеңгі күннің мақсаттарына бағытталуынан көрінеді; бұл баланың даму перспективасын ескере отырып оған жақындасу жолын өзгертуге бағытталған ересектің озық ынтасы.

Отбасылық тәрбиелеудің көптеген түрлерін жасайтын негізігі психолого-педагогикалық түсініктің бірі ата-аналық қарым-қатынас стилі немесе тәрбиелеу стилі болып табылады. Қоғамдық – психололгиялық түсінік ретінде стиль серіктестікке қатысты тілдесу әдіс-тәсілдерінің жиынтығын білдіреді. Тілдесудің жалпы, нақты және өзіндік стилдерін айрады. Стилдің детерминанты ретінде жеке тұлғаның жалпыланаған, біршама тұрақты түркілік тенденциясына бағытталған; қарым-қатынас партнеріне қатысты позиция және қарым-қатынас жағдайының параметрлері. Ата-ана стилі – бұл ата-ананың балаға қатысты қарым-қатынасы, жалыпыланған, өзіндік, жағдайлық - әдеттен тыс әдістері, балаға қатысты әрекетінің бейнесі.

Жиі ата-ана қарым-қатынасының анализын психологиялық-педгогикалық зереттеулерде екі критерий пайдаланады: эмоционалды жақындық деңгейі, ата-ананың балаға мейірімділігі (махаббаты, қабылдауы, жылулығы және эмоционалды қабылдамауы, суықтығы) және оның әрекетін бақылау деңгейі (жоғары – шектеулері көп; төмен – шектеулері минималды тенденцияда).

Ата-ана қарым-қатынасын және соған сәйкес әрекеті нақтырақ сипаттауға осы факторлардың көрінісі әсер етеді. Тәрбиелеудің келесі 4 типі қарастырылады (Г. Крайг, 2000).


  • Авторитетті (жылы қарым-қатынас, бақылаудың жоғары деңгейі).

  • Авторитарлы (суық қарым-қатынас, бақылаудың жоғары деңгейі)

  • Либералды (жылы қарым-қатынас, бақылаудың төмен деңгейі)

  • Индифферентті (суық қарым-қатынас, бақылаудың төмен деңгейі)

Тәрбиелеу стиліне қатысты ата-ана қатынасының бұзылуына және психикалық дамудың ауытқушылыған байланысты мәселелер өте маңызды; тәрбиелеу үрдісінің бір қатар параметрлері анықталады(А.И. Захаров, 1982).

  1. Балаларға қатысты ата-аналардың эмоционалды қатынастарының қарқындылығы: гиперқамқорлық, қамқорлық, қабылдау, қабылдамау.

  2. Бақылау параметрі: рұқсатты, мүмкін, жағдаяттық, шектеулі.

  3. Жүйелілік – жүйесіздік.

  4. Қызбалы тұрақтылық – тұрақсыздық.

  5. Алаңдаушылық – бейқамдық.

Тәрбиелеу үрдісінің типін анықтауға олардың әрқайсысының ерекшеліктері көмектеседі (Э. Г. Эйдемиллер, 1996):

  • Қолдау деңгейі – ата-аналардың тәрбиемен шұғылдану шамасы, ата-ананың балаға бөлетін күш-жігерін, уақытын бағалау;

  • Қажеттіліктерді қанағаттандыру толықтығы (материалдық-тұрмыстық және рухани);

  • Талап қою деңгейі – бала міндеттерінің саны мен сапасы;

  • Тыйым салу деңгейі – баланың өзіндік шамасы, әрекет түрін өзіне таңдауға мүмкіндік беру;

  • Тәрбиелеу стилінің тұрақтылығы – ауытқушылықтың, тәрбиелеу әдісінің тез ауысуының айқындығы.

Э.Г. Эйдемиллер жасап шығарған «Отбасы қарым-қатынасының анализі» (ОҚА) сауалнамасы арқылы тәрбиелеудің типтері мен себептерін білуге болады.

Үйлесімді емес отбасылық тәрбиенің типтері: мақұлдаушы гиперпротекция, басым гиперпротекция, жоғары моральдық жауапкершілік, баланың эмоционалды тұрғыда бетін қайтару, әлімжеттік, гипопротекция.

«Шынайы өмірде, - дейді В.С. Мухина, - кез-келген классификацияға қарағанда күрделірек. Отбасында балаға қатысты қарым-қатынас стилінің бірнеше түрі көрініс табуы мүмкін: әке, шеше, әже және ата әрқайсысы өз стилдерін және т.б. қорғап өз ара қақтығысулары мүмкін. Тікелей балаға қатыста қарым-қатынас стилінен басқа, оның тәрбиесіне отбасындағы ересектердің өз ара қарым-қатынас стиліде әсер етеді» (Мухина В.С. Возрастная психология. – М., 1997. – С. 259.).

Отбасы коммуникациясының бұзылуы


Көп психотерапевтер қақтығыс себебі ретінде де, қарым-қатынастағы қиыншылықтар ретінде де отбасы коммуникациясының бұзылуын атап көресетеді. (Эйдемиллер Э.Г., Юстицкий В.В., 1990; Сатир В., 2000).

Э.Г. Эйдемиллер және В.В. Юстицкий отабасы коммуникациясының «кәдімгі бұзылуларының» бірнеше түрін бөледі.



  • «Ауытқыған коммуникациялар» ата-ана сөзінің бұрмалануы, бір жақты коммуникацияға бейімділік (диалогтың орнына монолог), көздік контактінің болмауы (сөйлеу барысында отбасы мүшелері бір-біріне қарамайды) сияқты көптеген қатынастың бұзылуларын қамтиды. Сонымен қатар, қарым-қатынастың үзілуі де тән, яғни сөйлеп тұрған адам тілдесіп тұрғанын ұмытып кетіп арқасымен қарап, басқа шаруамен айналыса бастайды.

  • «Қосалқы байланыс» - «әдеттен тыс коммуникацияның» түрлілігі – коммуникациялық канал бойынша бір уақытта бірін бірі жоққа шығаратын екі хабарлама жіберіліп және әр қайсысы ақиқат ретінде қабылдануы тиіс болғанда пайда болады. «Әдеттен тыс коммуникацияның» қарапайым мысалы - әңгімелесуші оқып отырған газетадан көз алмай тұрып, оған бірдеме өте қызықты екенін айтады.

  • Р. Лэинг «жасырын коммуникация» түсінігін қарама-қайшы пікірлер және отбасы ішіндегі конфликтер бар коммуникация әдістерін сипаттау үшін енгізген. Отбасының бір мүшесі екіншісі айтып және сезіп отырған мазмұнды растайды, бірақ солай ете тұра оның ұсынған интерпретациясын қабылдамайды. Мысалы, балаға өзін нашар сезініп наразылық білдіргенде ата-аналары келесі түрде жауап береді: «Сенде бәрі бар, сен былай айтпауға тиістісің. Сен қайрымсызсың». Хабарлама мағынасы ата-ананың тынышытығы үшін өте бұрмаланып ақпараттық рөлі нөлге теңеседі.

Отбасылық өмір барысында ерлі-зайыптылар бір-біріне төзімді қарайды. Бұл отбасындағы конфилктерге әсер етеді, олар көптеген сұрақтар бойынша көзқарастарының сәйкес келмегендігіне көнеді. (Егидес А.П., 1987; Сысенко В.А., 1989).

Ажырасу себептері


Ажырасу үрдістерінің мәліметтері бойынша ажырасу түрткілерін зертеу әр бір автордың өзіндік классификациясын құруға алып келді. Түрткі дегеніміз ол ажырасудың әртүрлі жағдайлары және себептері.

Түрткілердің маңыздылығы мен саны қатты өзгеріп отырады. Ажырасудың түрткілерінің классификациясының бір үлгісі (Юркевич Н.Г., 1970):



  • Мінездің сәйкеспеуі;

  • Ерлі-зайыптылық адалдықтың сақталмауы;

  • Ата-анамен жаман қарым-қатынас (ата-аналардың және басқа туысқандардың араласуы);

  • Ішімдікке салыну (алкоголизм);

  • Некеге махаббатсыз және ойланбастан отыра салу;

  • Жұбайлардың біреуінің ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылуы.

Ата-ананың ажырасуының балаға әсері


Көптеген шетелдік және отандық психологтардың ойынша, эмоционалды сау баланың қалыптасуы оның екі ата-анамен де толық араласуына тікелей байланысты. Ажырасқа ата-аналардың балаларының 90% ажырасу туралы біліп, ауру және қорқыныш сезімімен қосарласқан қысқа мерзімі шок сезімін сезінеді екен. Американдық зерттеушілердің (Добсон Д., Николи А., 1995) мәліметтері бойынша, әкелердің 50% ажырасқаннан кейін 3 жылдан кейін балаларына баруды доғарады. Жартыға жуық балалар өзін тастанды және шектетілген болып сезінеді. Өздерін 1,5 жылдан кейін бақытсыз сезіндің бе, әлде 5 жылдан кейін бақытсыз сезіндің бе деген сұраққа балалардың 37% 5 жылдан кейін деп жауап берген екен.

Бәрімізге белгілідей, біраз уақыт әкесімен араласпаған ұл бала әрекеттің «әйелдік» типін қабылдайды, немесе барлық әйелдікке қарсы болып, анасы бойына дарытуға тырысқанның бәріне қарсы болады. Әкесіз өскен балалардың көбісі басқаларға қарағанда азырақ жетілген және аз мақсатқа ұмтылған болады, олар өздерін қауіпсіздікте сезінбейді, инициативалары аз және салмақты емес, оларда аяушылық сезімі қиын дамиды, әкелік міндеттерді оларға орындау да қиынырақ.



Әкесіз өскен қыздардың ер адам туралы түсініктері дұрыс қалыптаспайды, кейін оларға өз күйеулерін және ұлдарын түсіну және ананың рөлін орындау қиынға соғады. Әкенің қызына деген махаббаты оның өзіндік сансының, өзіне деген сенімділігінің дамуына, өзінің әйелдік бейнесін қалыптастырыруда өте маңызды.

Мамандардың сөзіне сенсек, бүгінгі Қазақстанда төрт миллионнан аса отбасы бар. «Отбасы – шағын мемлекет…». Елімізде қаншама шағын мемлекет барын өзіңіз ойлап көріңіз енді. Сол «шағын мемлекеттердің» рухани-әлеуметтік жағдайының жай-күйін ой елегінен тағы бір өткізіп алыңыз. Бұлай деуіміздің себебі, отбасы мәселесін зерттеп жүрген кез келген сала ғалымдарының сөзіне құлақ ассаңыз, заманауи отбасының дағдарыста тұрғанын мәселе қылып көтереді. Және бұл Қазақстанға ғана тән құбылыс емес. Заманауи отбасының жай-күйі қазір көптеген елде талқыланып жатқаны біз айтпай-ақ белгілі. Бұл жағына тереңдемей-ақ қоялық. Отбасы құлдыраса не тұр, ең әуелі адам, қоғам аман болсын деуге де болар еді. Олай айтсақ, қатты қателесетін түріміз бар. Қоғамның бастауы – отбасы деген пікірмен келіспейтін жан жоқ шығар. Адамзаттың дамуында отбасының қомақты рөлін жоққа шығару тіптен ұят. Ол аз десеңіз, сіз бен біз өмір сүріп отырған қоғамның қалыптасуына үлкен серпін берген де осы отбасы екенін мамандардың өзі мойындайды. Міне, осы әлеуметтік институтты жоғалтар болсақ, не боларын болжаудың өзі қиын. Бұлай қауіп айтуымыздың себебі – отбасы әлеуметтік институт ретінде құлдырап, өз рөлінен алшақтап барады. Бұл да біздің сөз емес. Мамандардың ескертуі. Ең әуелі, отбасы институты деген не? Қарапайым ғана сөзбен түсіндірсек, Жер бетінде мемлекет, білім, армия, керек десеңіз, нарықтық қарым-қатынастар пайда болмай-тұрып-ақ, ең алғашқы болып құрылған, адамзаттық қоғамның қалыптасуына, дамуына үлкен ықпал еткен ежелгі әлеуметтік институт – отбасы деп аталады. Көңілімізге медеу болатыны – 2009 жылғы жалпыхалықтық санақ нәтижесіне сенсек, 1999 жылғымен салыстырғанда отбасылардың саны 13,8%-ға өскен екен. Өкініштісі, отбасындағы орташа адам саны 3,5 адамға қысқарған. ҚР Статистика агенттігінің ақпаратында «Екі адамнан тұратын отбасы – 30,1%, үш адамнан құралған отбасы – 26,7%, төрт адамнан құралған отбасы – 22,2%. Бес адамнан құралған отбасы бар болғаны – 11,7%, алты адамнан құралған отбасы – 5,6%, жеті адамнан құралған отбасы – 1,9%. 8 – 10 адамнан құралған отбасының мөлшері тіптен аз, бар болғаны – 0,2%» екені көрсетілген. Бүгінгі күннің ағымы қоғамдағы отбасының рөлiн өзгертіп қана қоймай, отбасының қызмет аясын, сипатын, мазмұнын да өзгеріске ұшыратқан. Қазір ата-аналардың қызмет аясы отбасылық шаруашылықты жүргiзумен ғана шектелiп отырған шаңырақтар кездеседі. Тәрбие негізінен балабақша, білім беру мекемелерінің шаруасы дейтіндер де бар. Ол аз десеңіз, БАҚ арқылы кең көлемде насихатталып жатқан шетелдiк мәдениеттiң әсерін қосып қойыңыз. Өмірдің шындығын ата-анасынан естіп, отбасынан көрмеген бала теледидарға сенбегенде қайтпек? Міне, осы себептерге байланысты отбасы деген ұғымның өзі «заманына орай» өзгеріске түскен, «түзету мен толықтырулар» енгізілген. Бір ғана мысал, осы күні ажырасу мен толық емес отбасы – қалыпты дүние есебінде қарастырыла береді. «Бұрынырақта…» деп алысқа көз жүгіртпей-ақ қоялық, біздің бала күнімізде ауылда бірлі-жарым ажырасу оқиғаларын көзбен көргеніміз рас, бірақ ол өте бір ұят нәрсе секілді болып көрінетін. «Ажырасу» деген сөз, сыбырлап қана айтылатын. Осы күні ше? «Бұлай жүре берсең, жынданып кетерсің» деп, қызымды үйге әкеліп алдым»… «Кім ажыраспай жатыр дейсің, ең әуелі жан амандығы керек»… «Ішіме сыйған балам, сыртыма да сыяды»… «Ары кетсе қызы қайтып келді дер», «Күйеуге тимей жүрген қыз көп, соның біреуін қайта ала саларсың»… Қазіргілер дауысын анық шығарып, нығырлап айтады. Дауысты қойшы, «ажырасу – ұят» деген сезімді айтсаңызшы. Жалғызілікті отбасы мүшесіне біздің қоғамның еті үйренген. Әкесіз өсуге бейімделген бала да бар. Әйел өзінің ұлын, не қызын жалғыз өзі дүниеге әкеліп (некесіз), асырап бағуы (ажырасу) ұят саналмайды. Қазақта «шеше көрген тон пішер» деген сөз бар. Мұндай тәрбие көрген қыз баланың болашақтағы әдеп-қылығының қандай болмағын айтып жату артықтық етер. Ал жалғызілікті әйелдің перзенті ұл бала болса ше? Күндердің күнінде ол бала ержетіп, шаңырақ көтергісі келмей ме? Ал қазақта – «келін қайын ененің топырағынан». Яғни, бала өз анасына ұқсас әйел алса, ол келін де жалғыз өмір сүргісі келмесіне кім кепіл? Әрине, сөзіміз шындыққа сәйкес келмеуі де мүмкін… Дініміз ажырасуға мүлдем болмайды демейді. Мұсылмандықта ерекше бір жағдайларда, тығырықтан шығар басқа жол қалмағанда ажырасуға рұқсат берілген. Үлкен себептердің кесірінен шаңырағын шайқалтып алған жүрегі жаралы жандардың жан жарасын тырнағымыз келмейді. Біздің тілге тиек етіп отырған себептеріміз басқа. Бүгінгі қоғамда әйелдердің өзімшілдігі байқалады. Себебі, заманауи әйел ер-азаматпен бір деңгейде жұмыс істеп, кіріс кіргізуге қабілетті. Бұл әйелді қаржылық, әлеуметтік тұрғыдан тәуелсіз ете түспек. Нарық заңы да – осы. Ер-азаматтардың да мәселесі оңып тұрғаны шамалы: «Қыз – табылады!»… Міне, осындай өзімшілдік меңдеген қоғамда ер мен әйелдің бір-бірін түсініп, бір-бірінің ығына жығылып, айтқанына көнуі, бір-бірінің сөзіне құлақ асуы, отбасы мүшелерінің ортақ шаңырақ астында бірігуі жылы қарым-қатынас орнатуы – күрделі мәселеге айналып кеткендей. Нарықтық қатынастар да баланы өмірге әкеле бергенше, мансап қуу керек екенін айтады. Ал демографтар ата-ана дәнекері – бала саны азайғанын мәселе қылып көтеруде. Егер осы бір мәселенің шешімін қазірден таппасақ, болашақ қазақ үшін отбасы – өз құндылығын жоғалтып қана қоймай, ұлттық көбеміздің сөгілуіне де түрткі болары сөзсіз. Оның үстіне, адамның жан басына шаққанда ажырасу көрсеткіші ең жоғарғы үш ел байырғы посткеңестік мемлекеттер: Ресей, Белорусия, Украина екенін естен шығармаған жөн. Иә, тегі өзге болса да, дәл осы мемлекеттермен біз бір идеология аясында өмір кешкенбіз. Жетпіс жыл бойы болашақты бірге жоспарлағанбыз. Мұны да естен шығармаған абзал. Өткен ғасырдың 50 жылдары Қазақстанда некеге тұрған 100 жұптың біреуі ғана ажырасқан екен. Одан бері неке бұзу әдеті көбеймесе, кемімегені белгілі: 1960 жылдары 30 отбасының – біреуі; 1970 жылдары әрбір алты отбасының бірі; 1980 төрт отбасының бірі; ал 1990 жылдары үш отбасының бірі ажырасып тынғанын мамандар дерек қылады. Неге ажырасады? Себеп көп. Әлеуметтік, экономикалық, пікір алуандығы… «Үй-жоқ, күй жоқ, тұрақты кіріс көзі жоқ, сосын ажырасып кеттім» дейтін себеп айтатындар көп. Бірақ ажырасқаннан қалтасына алтын-күміс сауылдап құйылып жатқанын тағы байқамадық. Яғни,біздіңше, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлығы неке бұзу фактісінің айқын бір себебі емес. Тіпті, аузынан ақ май ақтарылып жатқан Батыс елдерін мысалға алайықшы. Қайта «тамағы тоқтық, көйлегі көктік» – ажырасудың басты көрсеткіші ме деген ойға қаласың. Қандай себеп айтсақ та, бүгінгі жастар ажырасудан үрікпейтінін атап көрсеткіміз келеді. Ажырасқан деген сөз қазір қорлық емес. Жәй, «көлігін сатып жіберіп, басқа көлік алғалы жүр екен» деген сияқты. (Мұншама сұрықсыз салыстырма жасағанымыз үшін, отбасын үлкен құндылық ретінде бағалайтындардан кешірім сұраймыз). Жастар отбасын жоғалтып алудан қорықпайды, себебі отбасын қайта-қайта құра беруге болады ғой. Өзімшілдіктің бастауы осы. Рухани кедейленген, өзімшілдігі асқынған адам ғұмыр бойы өзін бір ғана адамға байлап қойғысы жоқ, оған ғұмыр бойы адал болып өтті дегенге қазір ешкім сенбейді. Ажырасудың бір себебі – маскүнемдік пен нашақорлық деседі. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, отбасының шырқы дәл осы себеппен көбірек бұзылатын көрінеді. Әлеуметтік жағдайдың нашарлығы (баспананың болмауы) – 41%, жас жұбайлардың отбасылық өмірге әлі де болса дайын болмауы – 31%, тұрмыстық жағдайының төмендігі – 29%, туыстар арасындағы түсініспеушілік – 18%, нәрестенің болмауы – 10%… Әйтеуір, ажырасудың себебі көп, ажыраспаудың себебі жоқ. Түсіну, сыйластық, жақсы көру – бүгінгі қоғам үшін алыстап бара жатқандай көрінеді.

Психологтың ата-аналармен жұмысы


Мектеп психологының ата-аналармен жұмысы бірнеше бағытты құрайды:

  • Балаға отбасының демеу көрсетуіне жағдай жасау (отбасы жағдайына кіріспеу принципін ұстана отырып, әріптестік жағдайы);

  • Балалардың маңызды мәселелері жайында ағарту және кеңес беру (ата-аналар жиналысы, кездесулер);

  • Ата-ана сұранысы бойынша бала-ата-ана қарым-қатынасы сұрақтары бойынша кеңес беру;

  • Ата-анаға психологиялық қолдау көрсету.

Осы бағыттардың кез келгені мектеп психологының және ата-ананың өзара бірлескен әрекетін қажет етеді.

Ата-анамен жұмыс қажеттілігі дамудағы әлеуметтік жағдайды қалыптастырудағы олардың рөлімен анықталады. Баланың жақын ересекпен араласуы, дамудың негізгі шарты бола отырып, оның жеке тұлғасының ішкі құрылысын өзгертетін сыртқы әлеуметтік құрылысын береді

Психологтың отбасымен жұмысы отбасының жүйелі дамуын түсінуді талап етеді (отбасы балада симптом пайда болуына қалай әсер етеді) және жеке реакцияларды бағалауды да талап етеді (отбасының әр бір мүшесінің алдында және баланың алдында қандай мәселелер туындайды). Әңгіменің басында отбасыда және өзара қарым-қатынаста не жақсы жүріп жатқанын анықтап алған маңызды. Бұл жағымды бағытталуға және босаңсуға, отбасында жақсы және мықты не бар екенін, неге сүйенуге болатынын анықтауға мүмкіндік береді.

Әрбір жағдайда әртүрлі контексте талқыланады. Бірінші әңгіменің мақсаты - отбасының өзара әсерін түсіну, оның мықты және әлсіз жақтарын талқылау бола алады. Міне мысалға қоюға болатын сұрақтар: мәселе қай уақытта туындайды, қандай жағдайда, және қай уақытта туындамайды; туындап тұрған мәселелерге ата-ананың, балалардың, ұстаздардың қандай қатысы бар; ата-ана баладан не күтеді, өз балаларының болашақтарын олар қалай көреді. Ата-аналарға бала дамуын зерттеу сауалнамасын ұсынуға болады.

Ата-аналарға ұсынуға болатын сауалнаманың бір түрі.


  • Зерттеу күні

  • Баланың аты, тегі

  • Туған күні

  • Тұрмыстық жағдай: отбасының алатын жалпы көлемі, бөлме саны. Жеке, жалпы аз тұрғынды немесе көптұрғынды пәтер. Баланың жеке бөлмесі бар ма, онымен бірге бөлмеде тағы біреу тұра ма, адам саны

  • Материалдық жағдай: төмен, орташа, жоғары

  • Ата-анасы туралы мәлімет, олардың жасы, білімі, зерттеу кезіндегі мамандығы, отбасы құрамы (бірге тұратын)

  • Отбасы толық, айырылысқан (айырылысу кезінде бала неше жаста болды), айырылысу себебі, өгей әке мен өгей шешенің болу/болмауы

  • Отбасындағы қарым-қатынас

  • Отбасы мүшелерінің ішімдік пайдалануы

  • Ата-ансының денсаулық жағдайы, ұзақ мерзімді және психикалық аурумен ауру/ауырмаулары, ата – анасының мінезіндегі жарқын көріністері

  • Туыстарының арасында қиын оқыған, ауыр мінезді, психикалық аурулармен ауратын адамдардың болу/болмауы

  • Отбасындағы нешінші бала

  • Жүктілік кезінің өтуі, қиыншылықтардың болуы

  • Туу кезінде болған қиыншылықтар, туу кезінде алғагн жарақаттар, туа біткен кемшіліктер

  • Нәрестелік және ерте балалық шақ кезіндегі дамудағы ерекшеліктер: моторлы даму, сөйлеу, бір жасқа дейінгі күрделі аурулар, бір жастан кейінгі аурулар, операциялар, дәрігерде тіркеуде тұрды ма

  • Тәрбиелеудегі ерекшеліктер: ясли, балабақша, үйдегі тәрбие

  • Мектеп, мектепте қиындықтардың болуы, қосымша дайындық

  • Бала тәрбиесімен көбінде кім айналысады, бала кімнің ойымен санасады, тәрбиелеу принциптері, отбасында қабылданған жазалау түрлері

  • Бала бос уақытын қалай өткізеді

  • Бала дене дамуының жағдайы, жыныстық даму

  • Көңіл-күйі: көбінде қандай көңіл-күйде болады, көңіл-күйдің тұрақтылығы

  • Әрекеті, әрекетінің жеке ерекшеліктері, шаршауы, жиі айтатын шағымдары.

Сауалнамадан басқа ата-аналарға ұсынылатын әдістемелер: «Менің баламның өмір тарихы» атты шығарма, бала жұмысымен салыстырмалы алынатын бағалау-өзіндік бағалау әдістемесі РЕП және т.с.с.

Балаға ұсынылатын әдістемелер: отбасы суреті және оның модификациясы, Рене-Жиляның әдістемесінің бейімделген нұсқасы, «Аяқталмаған сөйлемдер» әдістемесінің әр түрлі нұсқалары, бағалау-өзіндік бағалау әдістемесінің модификациясы, Б.Шелбидің «Ертегі» тесті және т.с.с. Баламен проективті интервьюдің жобалап берілген сұрақтары:



  • Сен кіммен тұрасың?

  • Кімді ойнағың келеді?

  • Ең бірінші кімді күтесің?

  • Өз басындағы қиыншылықтармен кіммен бөлісесің?

  • Жазалаудан қорқасың ба?

  • Сен өз балаңды осылай тәрбиелейсің бе?

А. В. Потапова, С. К. Нартова-Бочавер

Психологтың ата-аналармен жұмысының формалары


Бала өмірін жақсарту мақсатында ата-ана рөлін мектеп өмірінде күшейту ерекше маңызды. Бұл жұмыс формасы тек қана отбасымен тығыз байланыс ұстау ғана емес, ал ата-ананың кез келген уақытта сабаққа қатысуы, бірге қыдыруға, саяхатқа шығуы, әр түрлі ойындарда, мерекелерде, туған күндерде бірге болуы.

Алайда барлық ата-ана бірдей бала өмірінде белсенді рөл атқаруға дайын болмайды. Осындай қиын кездерде мектеп пен отбасы арасындағы қарым-қатынаста делдал болатын, ата-ананы бала мен педагогтарға жақындастыратын психологтың атқаратын рөлі зор. Жиі психологтардың өзіне ата-анамен жағымды қарым-қатынас орнату қажет болып жатады, өйткені оларды педагогикалық және психологиялық дайындығы өте төмен болуы мүмкін.

Әдетте психологтың ата-анамен жұмысы баланы мектепке немесе басқа бір мекемеге қабылдар кездегі әңгімелесуден басталады. Осы әңгіме барысында ата-ананың баланың мектепке келуі туралы, оның тәрбиесіндегі мектептің атқаратын рөлі туралы көзқарастары және талап-тілектері анықталады, психологпен жағымды әріптестік қарым-қатынас орнатылады. Баланың мектепке келуіне дейінгі отбасымен қарым-қатынас орнату формалары да бар. Мәселен оларды мектепке шақыру, таныстыру, мектептің жабдықталуын көрсету және т.с.с. Мұндай демонстрация ата-анаға өзін қажетті сезінуге, өзін маңыздырақ сезінуге және барлық үрдістің бір мүшесі ретінде сезінуге көп көмегін тигізеді. Оларға тәрбиелеу мен оқытудың әдіс-тәсілдерін, жақын уақыттағы сабақ кестесін, факультатив сабақтардың кестесін жазбаша түрде ұсынуға болады.

Дұрысы ең алдымен алғашқы диагностиканы жүргізіп, медициналық картамен танысқан жөн.

Бала туралы және отбасы туралы негізгі мәліметтерді сауалнама жүзінде алу мағызды. Бұл мәліметтерге жатады: баланың туған күні, айы, жылы және қазіргі уақыттағы нақты жасы, ата-анасы туралы мәлімет (шешесі мен әкесінің тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы және орны, ұлты, білімі және мамандығы, оқу және жұмыс орны). Дәл осындай ақпаратты бала тәрбиесінде елеулі орын алған немесе алатын адамдар туралы алған жөн. Бұл ақпараттар отбасында қалыптасқан тәрбиелеу жүйесін, оның мәдени ерекшеліктерін, баланы тексеру кезінде анықталған дамуындағы белгілі бір тежеулер мен ахауларға әкелген жағдайларды түсінуге көмектеседі. Мысалы, алты жасар бала сөздерді дұрыс айта алмайды, оның грамматикалық сөйлеуі нашар. Ата-анамен сөйлесу кезінде, олардың ұзақ уақыт айталық Өзбекстанда тұрып келгендері және бала осы уақытқа дейін өзбекше сөйлегені анықталады. Сәйкесінше бұл оның интеллектуалдық дамуына еш қатысы жоқ. Бұл жиі оралмандарға және балалары ата-әженің қолында тәрбиеленген балаларға қатысты.

Психологқа отбасының әлеуметтік мінездемесі қажет, онда болады:



  1. Отбасы құрамы: толық, толық емес, ыдырап бара жатқан, тұрақты;

  2. Тұрмыстық жағдайы: жеке пәтер, коммуналды үйдегі бөлме, туыстарымен және с.с

  3. Айлық орта табыс: ортадан жоғары деңгей, орта деңгей, ортадан төмен деңгей;

  4. Ата-ана арасындағы қарым-қатынас сипаты: толық түсіністік, басымдылық (әкенің, ананың, басқа туыстарының), қақтығыстар, ұрыстар, келіспеушілік, елемеушілік, жақтырмау, т.с.с.;

  5. Баланың тәрбиесімен жиі айналысады: анасы, әкесі, әжесі, ағасы, әпкесі;

  6. Егер отбасы толық емес немесе айырылысқан болса, онда бұл жағдай балаға қалай әсер етті: ол ата-анасының екеуімен де көрісіп тұрады, әжесімен тұрады, әкесін немесе шешесін көрмейді, т.с.с;

  7. Отбасы құрамында қанда да бір өзгерістер болды ма, не себепті, балаға ол қалай әсер етті.

Психологтың бұл мәліметтерді толық ала алмауы да мүмкін, себебі бұл ақпараттар отбасының ішкі өміріне қатысты, және ата-аналар оны талқыламаулары да мүмкін. Егер қатты қажеттілік етпесе, ішіндег кейбір сұрақтарды қоймай-ақ қоюға болады. Алайда дамуда жағымсыз тенденциялар анықталған кезде, ата-аналармен жағымды ашық атмосфераны орнатқан жөн, мәселен отбасы жағдайы баланың психикалық жағдайын түсінуге аса мағызды септігін тигізеді. Баланың қорқынышы мен невротикалық жағдайы оның жақында бастан кешкен жағдайына тікелей байланысты болуы мүмкін. Бұл жағдайда олармен коррекция жүргізу оңайырақ. Ал мүмкін оның бұл жағдайының ұзақ тарихы бар және ол көптеген себептерге байланысты шығар, бұл жағдайда коррекция өте күрделі өтеді және мүмкін басқа мамандардың да көмегі қажет болып қалуы мүмкін.

Әртүрлі жағдайда психолог өз өкілдігін және мүмкіндіктерін анық елестетуге тиіс. Егер зерттеу барысында және ата-анамен сөлйесу барысында алынған ақпарат соншалықты анық болса, және коррекциялық жұмыстың нақты стратегиясын құруға мүмкіндік берсе, психолог коррекциялық жұмысты жүзеге асыруға кіріседі, ал егер анық болмаса – ол.

Мысалы, бала жиі жерлеу, өлген адамдар туралы және т.с.с. әңгімелер айтады, алайда барлығы үнемі жақсы аяқталады, кейіпкерлер тірілтетін суларды тауып жатады. Ата-анамен әңгіме барысында бала тәрбиесімен айналысқан әженің қайтыс болуы анықталады. Ол бұл жағдайды өте қиын қабылдап, жиі әжесін еске түсірген. Бірақ бала әрекетінде айтарлықтай өзгерістер білінбейді: бала дұрыс тамақтанады, басқа балалармен ойнайды, өзін басыңқы сезінбейді, тым қозбалы күйде ұстмайды. Бұл жағдайда психолог келесі шешімді жасайды: бала қиын жағдайды өз бетінше бастан өткеріп келеді және оны аман-есен өткереді де.

Басқа жағдайда зерттеу барысында бала жиі өлген адамдар туралы айтады, оқиғаның барлығы үнемі өліммен аяқталады. Әңгімелесу кезінде отбасында ешкім өлмегені, алайда баланың үнемі басыңқы күйде болатыны, тіпті кейде кішкентай қақтығыс барысында, ал кейде тіпті еш себепсіз осындай күйге түсетіні аныұталады. Отбасында айырылысу болған, бұл өз кезегінде балаға үлкен әсерін тигізген. Мұндай жағдайда балаға психологиялық көмек туралы және оны жүзеге асырудың нақты жолдары туралы әңгіме қозғауға болады.

Баланың психологиялық дамуын бағалау үшін оның денсаулығы туралы, жатырішілік дамуы, тіпті тұқымқуалауы туралы ақпараттар да өте маңызды. Әңгіме барысында психолог бала туу кезіндегі ата-ананың екеуінің де жасын, нешінші жүктіліктен туған бала екендігін, жүктілік немесе босану кезінде қандай да бір патологияның болу-болмауын, болса қандай, туғаннан кейінгі баланын денсаулық жағдайын анықтайды. Бұл мәліметтер баланың дамуындағы және әрекетіндегі ерекшеліктерді түсінуге септігін тигізеді.

Ата-анамен әңгімелесу кезінде алынған көптеген мәліметтер баламен қандай да бір қиындық кезінде көп септігін тигізеді.

Баланың даму тарихымен танысқаннан кейін оның отбасын тереңірек зерттеу керек.

Отбасымен жұмыс. Отбасындағы тұлғааралық қатынас диагностикасы:


  • Тәрбиелеудегі қателіктерді диагностикалау әдістемесі (Э.Г.Эй-демиллер, В.В.Юстицкий);

  • «Отбасының кинетикалық суреті» әдістемесі (Р.Берне, С.Кауфман);

  • «Аяқталмаған сөйлемдер» әдістемесі (Сакс және Леви нұсқасы);

  • Референтометрия;

  • Рене-Жиль тесті;

  • Ата-ана қатынасының тест-сауалнамасы (А.Я.Варга, В.В.Столин);

  • «Ата-ананың нұсқаулығы мен реакциясының өлшемі» сауалнамасы (PARY);

  • «Үй – ағаш – адам» тесті;

  • Некеге қанағаттанушылық тест-сауалнамасы (НҚС);

  • «Біз қандай ата-анамыз?» әуесқойлық тесті;

  • «Сіз өз балаңызға кімсіз: ата-анасыз, әлде жолдассыз?» әуесқойлық тесті




  1. Практикалық бөлім: «Психолог және ата-ана»

І Бейне-ролик «Бала мен ата-ана арасындағы идеалды қарым-қатынастың интерактивті картасы»
ІІ Пікірталас:

1 жағдаят: «11 сынып оқушысы өз қатарластарының көзінше беделін түсіріп алмас үшін ҰБТ қатысқысы келеді. Сынып жетекші және мұғалімдер баланың деңгейін көріп отыр: бала ҰБТ тапсыра алмайды, ол қажетті ұпайды жинай алмайды, тіпті «екілік» алуы да мүмкін. Ата-ана баласының қайтсе де ҰБТ тапсыруына қадалып отыр. Мектепке талап қояды. Психолог әрекеті?»
(1 – ата-ана; 2 – бала; 3 – мұғалім; 4 – психолог)
2 жағдаят: «5 сынып оқушысы Ахметов Арнурға қатысты пед.консилиум өтіп жатыр. Баланың бастауышта көрсеткен бағалары қазіргі күндегі бағасына сай келмейді. Бастауыш сынып мұғалімі баланың бағасын жоғарылатып қойған. Психолог өз тарапынан 4-ші сыныпта диагностика өткізген кезде бала «төмен» деңгей көрсеткен болатын. Енді ол сыныпқа келген кезде бейімделе алмай жатыр. Орта буын ұстаздары ашулы және қобалжулы. Мәселе. Шешу жолдары?»
(1 – ата-ана; 2 – бастауыш сынып мұғалімі; 3 – орта буын мұғалімі; 4 - психолог)
ІІІ Аңыз – жұмбақ

1) «Философ және көбелек» аңыз

1) Бір заманда керемет бір философ өмір сүрген екен. Ол барлық сұрақтарға жауап айта алатын болыпты. Оның даналығын сынап көргісі келген бір жігіт былай деп ойлапты: «Егер мен қолыма тірі көбелекті салып алып, оған барып сұрасам: менің қолымда тірі ме, әлде өліме деп ол маған не айтар екен? Егер ол «тірі» десе, мен көбелекті алақанымда қысып өлтіріп тастаймын, ал егер ол «өлі» десе мен оны босатып қоя беремін».

Сөйтіп ол өз ойын іске асырмақшы болып, қолына көбелекті қысып алып барған екен. Сонда оның сұрағына философ не деп жауап берді?


Жұмбақтың жауабы:


«Барлығы өз қолында»

2) «Екі егіз ағайын» жұмбақ


Сіз жолмен келе жатып, жолдардың қиылысына келіп тоқтайсыз. Мұнда екі жол болады: біріншісі – Сізді қарақшыларға алып келеді, екіншісі – қалаға. Сіз әрине қарақшылардың қолына емес, қалаға барғыңыз келеді. Тура қиылыста екі ағайын күзетшілер тұрады. Олар бір-бірінен еш бір айырмашылығы жоқ егіздер. Сырт пішіндерінен оларды айыру мүлдем мүмкін емес. Ең қызықтысы, олардың біреуі - өмірі шындықты айтпайтын өтірікші, ал екіншісі - өтірік айта алмайтын адал адам. Сіз олардың қайсысы шынайы сөйлейтіні, ал қайсысы өтірікші екенін айыра алмайсыз. Сізде осы екі ағайындының кез келгеніне (қалауыңыз бойынша) бір ғана сұрақ қоятын мүмкіндігіңіз бар. Оның үстіне, олар сұраққа қысқаша ғана «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді де, қайтадан үндемей қалады. Қалаға түсу үшін күзетшілерге қандай сұрақ қоюға болады?

Жұмбақтың жауабы:


Сұрақ: «Сенің ағаң, мына жол қалаға апарады деп айта ала ма?» Бұл кезде Сіз «мына жол» дей тұрып, кез келген бір жолға сілтеп, көрсетіп тұрасыз. Бұдан әрі 4 жауап нұсқасын қарастыру қажет.
1 нұсқа: сіздің алдыңызда шыншыл жігіт және сіз дұрыс жолды таңдап тұрсыз. Бұл кезде ол «ЖОҚ» деген жауапты айтады, өйткені оның ағасы - өтірікші, сізге өтірік айтар еді.
2 нұсқа: сіздің алдыңызда өтірікші жігіт және сіз дұрыс жолды таңдап тұрсыз. Онда сіз «ЖОҚ» деген жауапты естисіз, өйткені оның шыншыл ағасы «ИӘ» деп айтар еді.
3 нұсқа: сіздің алдыңызда шыншыл жігіт және сіз қарақшыларға апаратын жолды көрсетіп тұрсыз. Бұл жағдайда сіз «ИӘ» деген жауапты естисіз, өйткені ол өзінің өтірікші ағасы үшін сөйлеп тұр.
4 нұсқа: сіздің алдыңызда өтірікші жігіт, ал сіз қарақшыларға апаратын жолды көрсетіп тұрсыз. Сіз «ИӘ» жауабын естисіз, өйткені оның шыншыл ағасы сізге «ЖОҚ» деген болар еді.

Яғни, біз қаланы көрсетіп, «ЖОҚ» деген жауапты естісек – бұл жол қалаға әкеледі деген сөз. Ал егер біз «ИӘ» деген жауап естісек, онда бұл жол қарақшыларға апаратын жол болғаны.


IV «Отбасы құндылықтарының паравозы»

Әр бір топтан екі ойыншыдан шығып, біреуі тақырыпты таңдайды, екіншісі жұмыс материалын таңдайды. Барлығы таңдап болғаннан кейін, қатысушылар тақырып бойынша өз шығармашылық жұмыстарын бастайды. Соңынан әр бір топ өз жұмысын қорғап, ойларымен бөліседі.

1 поезд: отбасындағы қарым-қатынас құндылықтары:

1) . . .; 2) . . . ; 3) . . . ; 4) . . . ; 5) . . . .

2 поезд: отбасындағы әрекеттер құныдылықтары:

1) . . .; 2) . . . ; 3) . . . ; 4) . . . ; 5) . . . .

3 поезд: отбасындағы жоспарлар мен мақсаттар құндылықтары:

1) . . .; 2) . . . ; 3) . . . ; 4) . . . ; 5) . . . .

4 поезд: отбасындағы жетістіктер құндылықтары:

1) . . .; 2) . . . ; 3) . . . ; 4) . . . ; 5) . . . .



Қолданбалы материалдар:

  • ермексаз;

  • жіп, түйме, мата;

  • аппликация;

  • журналдағы суреттер қиындысы (коллаж)


V Топтық шығармашылық жұмыс «Менің отбасым»

Әр бір топқа бір-бір ақ парақ беріледі. Қатысушылар берілген тақырып бойынша параққа бір ауыз өз ойларын жазулары керек. Жазылған ой қазіргі шақта және әңгіменің жалғасы ретінде болып кетуі тиіс.

Мысалы, «. . . Мен сол кезде өз отбасымды қаншалықты қатты жақсы көретінімді түсіндім және оларға жетуге асықтым . . . ». Міндетті түрде, әрбір ойыншы өз ойын жазғаннан кейін, қағазды бүктеп, жауып береді. Келесі ойыншы алдыңғы ойыншының не жазғанын білмеуге тиісті. Яғни топтағы ойыншылар бір-бірімен ақылдаспай, бір әңгіме жазып шығулары керек.

Соңынан әр бір топтың әңгімесі оқылады.


VІ «Музыкалық сәлемдеме»

Әр бір топқа таңдау бойынша отбасы туралы өлең жолдары ұсынылады. Содан кейін оларға сол өлең жолдарын айтатын әуен тыңдатылады. Дайындыққа 3 минут уақыт беріледі. Дайындық аяқталғаннан кейін қатысушылар шығып, өздері таңдаған әуенге салып, өлең жолдарын оқиды.




  1. Ыстық – ау кім – кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай мәпелеген.

Өмірдің соқтығымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген.

Тағдырдың кеуде тосып жартасына,

Біз үшін түскен майдан ортасына,

Алаңсыз салып сайран шалқып жүрміз

Біз бүгін әкелердің арқасында ( «Жан әке» М.Садуақасаова)


  1. Ана деген асыл сөз,

Үш әріптен құралған,

Ана деген ғаламат.

Қасиетті ұғымсың.

Жер бетінде анаға,

Табынады адамзат.

Дүниеде жалғыз жан,

Анашым бір өзіңсің.

Әрбір ана сүйеді,

Өз баласын үнемі

Одан асқан жан жоқ деп,

Жер бетінде біледі. («Асыл ана» С.Майғазиев)

3) Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз

Той күні бір-бірден

Аналарға сыйлаймыз.
Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті аналар.


Ақ анашым, аппағым,

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де.


Шашымды өріп тараған,

Қабағыма қараған

Үлкен кіші демейді

Сыйлайды оны бар адам. (өз мелодиясымен)




  1. Алфавиттің «А» тұрады басында,

Әрқашанда «Ә» тұрады қасында.

Байқадың ба «Б» тұрады үшінші,

Ал осының сыры неде түсінші.

«А» деген ол - аналар ғой ардақты,

«Ә» деген ол-әкелер ғой салмақты,

«Б» деген ол-балалар ғой әдемі,

Біздің елде үшеуі де кәделі. («Армандастар»)
VІІ Рефлексия: «Алты шляпа» әдістемесі

«Алты шляпа» әдісі таныстырылып өтіледі. Әр бір топтан қалауы бойынша қатысушылар шығып, қалаған түсті шляпасын алып өз ойын білдіреді.


Әдістеменің мақсаты, мәні, тарихы

Адам бетпереденің артына тығылғанда, оған өз ойын білдіру анағұрлым оңайырақ. Бетперде тек тығып, күш беріп қана қоймай, ойды жинақтап, оған дұрыс бағыт береді. Бетперденің орнына біз . . . шляпаны қолданамыз.

1980-ші жылдардың басында, дәрігер Эдвард де Боно «Алты ойлайтын шляпа» техникасын ойлап тапты – бұл Батыстағы брейнсторминг техникасының кең тараған және сүйікті түрінің бірі.

Алты шляпа ойлаудың алты әдісін (немесе бағытын), алты мүлдем әр түрлі және бірін-бірі толықтыратын көзқарастарды білдіреді.




  • Ақ шляпа – таза ой, дұрыс ойлау.Ол тек нақты бар фактілерге, сандарға ғана сүйенеді. Тек бар нәрсеге ғана қарап отырып, алуға болатынды ғана аламыз. Ақ түс қағаз туралы ойға әкеледі. Осы режимде біз тек қолымызда бар немесе шешім қабылдауға қажетті ақпаратқа ғана сүйенеміз: тек қана фактілер мен сандар.

  • Қызыл шляпабұл эмоциялар, оқыстан көздің ашылуы және интуиция. Қызыл шляпаны киген адам басқа адамдардың мүмкін болатын эмоционалды реакцияларын зерттейді. Қызыл шляпа – бұл қызу сөлейтін, тілі мен жағына сүйенген адам және көпшіліктің дәл қазіргі сәттегі бағытын байқай білетін саясаткер. Қызыл түс от туралы ойға әкеледі. Қызыл шляпа интуициямен, сезімдермен және алдын ала сезулермен байланысты. Мұнда еш нәрсені негіздеудің қажеті жоқ. Сіздің сезімдеріңіз бар және қызыл шляпа Сізге оны білдіруге көмектеседі.

  • Қара шляпа – бұл штаттағы пессимист. Алайда, ол аргументтері бар пессимист болуы керек. Өзінің көңілсіз «қолдарыңыздан не келер дейсінін» айта отырып, ол өз көзқарасын дәлелдейтін баяндама айтуы керек. Байқаңыз: «қара шляпа» киген адам саны «1» аспау керек. Пессимистердің көбейіп кетпеуі үшін біреуі ғана жеткілікті.

  • Сары шляпабұл «позитивті» Күн. Сары шляпа – болашаққа деген ең оптимистті көзқарасты білдіреді. Ең Жақсысысын, Ең Сәттісін аңғарады. Барлық топқа оптимизм жұқтырады. Сары шляпа «негативтен» «позитив» таба білуі керек. Сары түс күн мен оптимизм туралы ойға әкеледі. Сары түстен біз жетістіктер мен артықшылықтарды іздеуге тырысамыз.

  • Жасыл шляпабұл сайқымазақтың шляпасы. Жасыл шляпаны киген адам ең оқыс, күтпеген, ерекше ойлар білдіруі тиіс. Жасыл шляпа – бұл қиял-елестің ұшқындауы, ең батыл және творчестволық идеялардың көзі. Жасыл түс өсімдіктер, өсу, энергия, өмір туралы ойға әкеледі. Жасыл шляпа – бұл шығармашылық, жаңа идеяны іздестіру, стандартты емес әдістер мен альтернативті көзқарастардың жиынтығы.

  • Көк шляпа бұл барлық үрдісті ұйымдастырушы. Көк шляпаның рөлі – бұл үйлестіруші, спикер болу – барлық шляпаларға сөз беріп, соңынан қорытындылау. Талқылаудың басында да қолданылады, ойлаудың міндетін қойып, соңынан қандай мақсатқа жеткізгісі келетінін анықтайды. Бұл барлық үрдісті бақылау және оны басқару (мақсатты қалыптастыру, қорытынды шығару және т.с.с.).

Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет