Семинардың тақырыбы: «Үлгермеуші оқушылармен жұмыс. Үлгермеушілік себептері және оны түзету жолдары»



Дата26.08.2017
өлшемі136,86 Kb.
#29265
түріСеминар


«Үлгермеуші оқушылармен жұмыс.

Үлгермеушілік себептеріжәне оны түзету жолдары»

Жауапты: педагог-психолог

Жексенова Б.О.

«Үлгермеуші оқушылармен жұмыс.

Үлгермеушілік себептеріжәне оны түзету жолдары»

Семинардың тақырыбы:«Үлгермеуші оқушылармен жұмыс. Үлгермеушілік себептері және оны түзету жолдары»

Мақсаты:Үлгермеуші оқушыларды анықтау және оның түзету жолдарын қарастыру

Қазіргі кезде білім беру жүйесінде оқушының дамуындағы оның үлгерімінің үлкен мәні бар. Баланың жеке басын жан-жақты дамытуға бүгінгі таңда білім беру саласындағы оқу процесіндегі оның үлгерімі негізгі роль атқарады. Мектепте оқушылардың оқу мен тәрбиелеу бағдарламалары және жағдайлары бірдей болғанмен, білімді игеруде барлығы бірдей емес. Оқушылардың үлгерімінің көрсеткіштері, оқу міндеттеріне қатынасы, тәрбиелері, даму деңгейлері әртүрлі болып келеді. Білім беру орындарында оқушыларды тәрбиелеу мен оқыту бойынша қоғам мен мемлекеттің алдында, олардың үлгермеушіліктерін уақытылы жою міндеттері тұр. Олардың көптеген себептері болуы мүмкін.

Мектептегі оқушылардың үлгермеушілік мәселелерімен көптеген психологтар мен педагогтар: И.В.Дубровина, П.П.Блонский, Н.И.Мурачковский, Ю.З.Гильбух, С.Н.Костромина, З.И.Калмыкова, П.П.Борисов, Ю.К.Бабанский, В.С. Цетлин, Г.М. Гульнев, С.Д. Замбрамняя, А.Я. Иванова, К.С. Лебединская, А.Р.Лурий, С.С. Ляпидевский, Г.Е. Сухарева және тағы басқалары айналысты.

Әйгілі психологтар Ю.К.Бабанский және В.С.Цетлин үлгермеушіліктің ішкі – әлеуметтік және сыртқы – оқу орындарындағы оқу процесінің кемеліне жетпеген ұйымдастыру себептерін көрсетеді. Ал, И.В. Дубровина, П.П. Блонский және Н.И.Мурачковскийдің еңбектеріне үлгермеуші оқушылар оқуды білмейтіндігі, олар оқу материалдарының тақырыптарын меңгеруде логикалық өңдеу жасай алмайтындығын көрсетеді.

Бастауыш сынып оқушыларының жазу жұмыстарындағы әріптерді қалдырып кету, ережелерді жақсы білуде орфографиялық қателер жіберу, зейінсіздік пен ұмытшақтық, математикалық есептерді шығарудағы, тексті айтудағы қиындықтар, көбейту кестесін нашар білуі, дербес тапсырмаларды орындауда оқу іс – әрекетіндегі қиындықтардың бала үлгерімінің төмендеуіне әсер ететіндігін психолог С.Н.Костромина қарастырған.

Бастауыш сынып оқушыларының алғашқы мектеп табалдырығын аттауда әлі де болса, жаңа білімдерді қабылдауға зейін қою, естеріне сақтау және ойлау процестері баяу өтеді. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгеріміндегі танымдық мотивациялық қызығушылықтарын арттыру, олардың тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз ету – бүгінгі таңда мектептегі психолог жұмысының басты мәселесі болып табылады.

Психолог ғалым А.М.Гельмонт оқудағы үлгермеушілік себептерді оның категорияларына байланысты бөлуді міндет етіп қойған. Ол оқу пәндерінің саны мен үлгермеушілік тұрақтылығына байланысты үлгермеушіліктің 3 түрін бөліп көрсеткен.


  1. Жалпы және тұрақты үлгермеушілік - ұзақ уақыт бойы барлық немесе көптеген пәннен үлгермеу.

  2. Жекелеген, бірақ салыстырмалы тұрақты үлгермеушілік – бұл бір немесе екі үш қиын пәндерден үлгермеу.

  3. Эпизодтық тұрғыдағы үлгермеушілік – бірде жеңіл пәннен бірде екінші пәннен үлгермей қалу.

I категория себептері ретінде: оқушының алдыңғы дайындығының төменгі деңгейі әр түрлі себептерге байланысты қолайсыз жағдайлар (дене кемістіктері, ауру, тұрмыс жағдайының нашарлығы, ата-ананың қамқорлығының жоқтығы); оқушы тәрбиесінің жетіспеушілігі (жалқаулық, тәртіпсіздік); ақыл – ойының дамуының әлсіздігі.

II категория алдыңғы сыныптардағы кемшіліктер, оқылатын пәнге деген оқушының қызығушылығының жетіспеушілігі, оқудағы қиындықтарды жеңуде ерік әлсіздігі;

III категория дұрыс оқытпау, оқудағы бақылаусыздық, сабаққа дұрыс қатыспау, сабақтағы зейінсіздік, үй тапсырмаларын жүйелі орындамау.

А.М. Гельмонт барлық жағдайларда белгіленген немесе бекітілген үлгермеушілікті айтады, яғни үлгермеушілерге ол «тоқсан аяғына қанағаттандырылмаған бағалардан тұратын ауыр жүкпен келетін» оқушыларды жатқызады.

Ю.К.Бабанский еңбектерінде үлгермеушіліктің себеп салдарының байланыс жүйесі сипатталған. Ол оқушылардың оқу мүмкіндіктерін зерттеп, үлгермеушіліктің 2 негізгі факторларын осы түсінікке біріктірген. Оның түсінігінше оқу мүмкіндіктері бұл тұлғаның оқу іс –әрекетіндегі кейбір мүмкіндіктері және ол тұлғаның сыртқы әсерлермен қарым-қатынаста болатын ерекшеліктерінің синтезі.

Ішкі жағдай себептеріне ол – балардың ақауларын, олардың дамуын, білік, білім дағдыларының толық еместігін жатқызады. Сыртқы жағдайлар себептеріне біріншіден, педагогикалық себептерді жатқызған.



Үлгермеушіліктің психологиялық себептерінің негізі

Мектептегі үлгермеушіліктің негізі – бір ғана себеп емес, көбінесе бірнеше себептердің жинақталған әсері болып табылады. Солардың ішінен негізгілері ретінде: оқыту әдістерінің жетілдірілмеуі, оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамытудағы кемшіліктер, әсіресе ойлау қабілетінің қалыптаспауы, оқушы мен оқытушы арасындағы жағымды қатынастың болмауы, басқалармен салыстырғанда жақсы оқушы болудың қорқынышы, және т.б.

Үлгермеушіліктің мәнін толық түсіну үшін үлгермеуші оқушылардың ерекшеліктерін анықтап, қарастыруғы болады. Үлгермеуші оқушыларға тән жалпы ұқсастық болғанмен, олар бір-бірінен айрықша ерекшеленеді. Күнделікті олармен жұмыс тәжірибесінде, үлгермеушіліктің әрбір нақты жағдайын, әрбір оқушымен жекелеген жұмыс істеу жолдарын талап ететіндей, үлгермеушіліктің түрлі ерекшеліктерімен кездесіп отырамыз.

Оқушылардың үлгермеушілігін ұзақ уақыт зерттеу, оның түрлі типтік тұрғыдан көрінуінен деген қорытындыға тіреледі. Үлгермеуші оқушының түрі (типі) оның оқудағы жетістігін анықтайтын, көп уақыт бойы үлгермеудің нәтижесінде пайда болған тұлғаның маңызды қасиеттерінің өзіндік үйлесімділігімен сипатталады.

Көптеген авторлар үлгермеуші оқушыларды әр түрге топтаудың негізі етіп өздері зерттеп анықтаған үлгермеушілік себептерін алған. Көбінесе, осылайша Л.С.Славина ұсынады: үлгермеуші оқушылардың түрлері Славина бойынша басымырақ себептеріне байланысты бөлінеді. Үлгермеушілердің бір тобын оқуға деген түрткісі жоқ оқушылар құраса, ал екінші тобын оқуға деген қабілеті жоқ балалар, ал үшінші түрін оқу дағдысы дұрыс қалыптаспаған, дұрыс жұмыс істей алмайтын балалар құрайды.

Жас ерекшелігіне байланысты оқушылардың үлгермеушілік себептері де әртүрлі.

Бастауыш сыныпта балардың білімге құмарлығы, айналасындағыларға қызығушылығы, қоғамдық маңызды іс-әрекеттерді орындауға талпыныстары оқуға деген оң көзқарасты және соған байланысты эмоционалдық мазасыздықты тудырады. Оқуда артта қалу, жаман бағалар көбінесе оларды жылауға дейін апарып, күйзеліске түсіреді. Оқуда артта қалушылық, олар үшін жаман баға алу болып табылады.

Ал, жасөспірімдердегі үлгермеушілік – бұл оқушының оқу тапсырмасына деген зейіннің аз болуы. Бірақ олардың өмірге деген іс-әрекеттері кеңейеді, яғни спортпен шұғылданады, ойындарға көп барады т.б. көрінеді. Көптеген жасөспірімдер орта мектеп жасында үлгерімі төмендер қатарына ілігеді.

Жоғары сынып оқушылары оқу сабақтарына, мұғалімдеріне тәуелсіздігін көрсетеді. Олар көбінесе өздері таңдаған мамандыққа керек пәндерге қызығушылық танытады. Егер алған «жаман» бағасы өзінің таңдаған мамандығына қатысты болмаса, оған олар мейлінше сабырлылықпен қарайды.

Үлгермеуші оқушыларды түрге бөлгенде кейбір зерттеушылер оқушының тұлғалық құрылымына және оқу оқуының сипатына негізделген. Осындай жолмен П.П.Блонский оқудың жалпы типалогиясын құрып, үлгермеушілердің түрлерін бөліп көрсеткен.

Психолог З.И.Калмыкованың зерттеулері «үйретілудің» (обучаемость) жалпы және арнайы түрлерінің болатынын дәлелдеген.

И.В.Дубровина, М.К.Акимова және В.Т.Козлова зерттеулерінде үлгермеушілердің негізіне жататын психологиялық себептерді 2 топқа біріктіріп, соған байланысты балалардың ерекшеліктерін сипаттаған. Ол себептер:

1. Баланың танымдық іс-әрекетіндегі кемшіліктер.

2. баланың мотивациялық дамуындағы кемшіліктер.

Сонымен қатаркөптеген жылдар бойы үлгермеушіліктің мәселелерін Н.А. Минчинская басқарған ғалымдар тобы зерттеп келген. Олар оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін негізіне «үйретілу» түсінігін алған, яғни оқу іс-әрекетінің әдістері мен оқуды меңгеруіне байланысты оқушының алғырлығы. Олар үлгерімі төмен оқушыларды үйрете отырып және олардың ойлау деңгейін зерттей отырып, олар дедуктивтік ой қорытындыларын жасай алмайды, оларға көптеген қасиеттері бойынша ұғымдарды жалпылау қиындық туғызады деген қорытындыға келген. Ондай оқушылардың абстракциялау және жалпылау деңгейі әдетте өте төмен болатындығын дәлелдеген.

Үлгермеуші оқушылардың сөздік-логикалы ойлау қызметі іс-әрекеттік түрінен әлдеқайда артта қалып қояды, бұл ережелердің тұжырымдамаларын түсінбеуінен немесе ережелерді құр білгенмен тапсырмаларды орындай алмауынан білінеді. Кейбіреулеріне тіпті, көрнекі құралдар бөгет болады, себебі оларды ол көрнекіліктегі басқа да керексіз белгілер алаңдатады.

Көрсетілген психикалық процестерінің ерекшелігі оқушылардың өздерін ұйымдастыра алмауынан, өз еркімен зейінін басқара алмауынан және зейінін шоғырландырғысы келмейтіндігімен тығыз байланысты. Олар көбінесе ой жұмысынан қаша отыра, оларды белсенді ойлаудан құтқаратын, «айналып өтетін» жол іздейді. Осының себебінен ойлау жүйесіне жүйелі интеллектуалдық жүктеме түспеуінен ойлау деңгейі бірте-бірте төмендейді. Осы кезді байқап, дер кезінде көмек көрсетілмесе оқытылуы төмен деңгейдегі бала бірте-бірте сыныптастарынан артта қала бастайды. Оған деген сыныптастарының көзқарастары да өзгереді, мұғалімдерінің стереотиптік пікірлері қалыптасады, ең бастысы өзіне деген сенімділігі жоғалады да, өзін төмен бағалаушылар қатарына қосады.

Психологиялық процестерінің ерекшеліктеріне тән үлгермеушіліктің психологиялық типологиясын Н.И. Мурачкевский ұсынған: бұл жағдайда ол негіз етіп келесі қасиеттерді алған:



  1. Ойлау қасиеті

  2. Жеке адамның бағыттылығы.

Оқу үлгерімін тежейтін қиындықтар мен кедергілер

Оқу үлгерімін тежейтін себептер өте көп, олардың ішінен негізгі жеті кедергіні атап өту орынды.



  1. Іс-әрекеттің табиғи қарқыны.

  2. Регресс.

  3. Антиципация.

  4. Артикуляция.

  5. Көрудің кеңістігі.

  6. Зейіннің деңгейі.

  7. Жады.

Аталған себептердің әрқайсысы оқу қарқынына әсер етеді.

  1. Іс-әрекеттің табиғи қарқыны.

Іс-әрекеттің табиғи қарқыны адамның темпераментін құраушы қасиет болып табылады. Бұл қасиет басқа да туа біткен қасиеттер сияқты тұрақтылық танытып, ұзақ уақыт бойы өзгеріссіз сақталады. Іс – әрекеттің қарқыны – бұл зейін, ойлау, қабылдау, елестету психикалық процестері жұмыс істейтін жылдамдық. Бұл – адамның белгілі бір уақыт ішінде орындайтын түрлі операциялар, іс – қимыл қозғалыстарының мөлшері. Сөйтіп қарқын туа біткен қасиет бола тұрып, адамның қаншалықты тез жұмыс жасайтынын, есте сақтайтынын, ойлайтынын, оқитынын анықтайды. Егер бала берілген уақыт ішінде қажетті мөлшерді оқи алмаса, оның табиғи қарқынын анықтау қажет. Бұны арнайы психологиялық тесттің көмегімен жүргізуге болады.

  1. Регресс.

Регресс - бұл оқығанды қайталап оқу кезіндегі көздің қайта оралу қозғалысы. Бұл өте кеңінен тараған кемшілік. Егер оқу барысында баланың көзі қайталап оқу үшін жиі-жиі артқа орала берсе немесе ол бір жолдағы сөздерді түсіну үшін қайталап оқи берсе, онда оқудың бала қолданып отырған бұл тәсілінде регрестің бар болғаны. Регрестің болу себептері:

  1. Мәтіннің қиын болып көрінуі

  2. Зейіннің жоқтығы

  3. Антиципация

Адамдар оқып отырып көптеген сөздің аяғын оқымайды. Яғни, ол сөздің мағынасын оқымай тұрып алдын-ала түсіне қояды. Мәтіннің әрі қарайғы мәнін түсінудегі бұл тәсіл антиципация деп аталады. Бұл келешекті алдын-ала психологиялық тұрғыда болжайтын процесс. Егер балада сөздің мәнін түсіну қабілеті дамымаса, онда оған әр сөзді аяғына дейін оқуға тура келеді.

  1. Артикуляция

Оқу үлгерімін тежейтін келесі себеп – сөйлеу мәнеріндегі артикуляциялық аппараттың бұзылуы. Дыбысты дұрыс айтпайтын балаларға өте қиын. Олардың сөйлеуі анық емес және түсініксіз. Баланың тілі, ерні астыңғы жағы бір дыбыстан, екінші дыбысқа ауысқанда, бір-бірімен келісімді қозғалыста болмайды. Бұл балардың үштен бір бөлігі дауыстап оқуда , сөйлеуде қиналады. Бұндай балалар ерекше назар аудару тобына жатады.

  1. Көру аймағының аздығы

Зерттеулер көрсеткіші бойынша оқып отырған адамның көзі екі жағдайда болады.

  1. Бір нүктеге көз тоқтату (тоқтау)

  2. Нүктеден нүктеге ауысу (қозғалыс)

Адамның ақпаратты қабылдау жылдамдығы, көз тоқтатқан кездегі ақпарат көлеміне байланысты болады. Жылдам оқитын адам мен баяу оқитын адамның арасындағы айырмашылық көз қозғалысының жылдамдығына емес, көз тоқтату мезетіндегі қабылданған ақпараттың мөлшерінде.

  1. Зейін деңгейін ұйымдастыру

Оқу кезіндегі зейін адамның басқада іс-әрекеттері сияқты маңызды роль атқарады. Өз ойын жинақтау, қорытындылау, орындалатын жұмыстың нәтижесіне әсер етеді. Көп жағдайда бастауыш сынып оқушыларына берілген ақпараттың қызықсыздығы баланың зейінін тұрақсыздандырады. Мұны мұғалімдер біледі. Сондықтан да өз жұмыстарында оқушылардың зейінін тұрақтандыру үшін ойлау қабілетін дамытуға әр түрлі жаттығулар мен тәсілдер пайдаланады. Егер баланың зейіні тұрақсыз болса, қиынырақ жаттығуды орындауда қиналса, онда оған сіздің көмегіңіз қажет.

  • Зейіннің негізгі қасиеттерін қалыптастыратын арнайы жаттығуларды қолдану;

  • Баланың қабілетін, ынтасын, ілтипатын дамытатын арнайы жаттығуларды қолдану.



  1. Жады

Жадының негізгі типтері көру, есту. Бала жадының типін қалай анықтауға болады? Мәселен, бала кітаппен жұмыс жасай отырып, өзінің іштей оқығанда жақсы түсінетіндігін аңғарады. Өзіне қажет мәтін жолын, оның бетін, қандай үлгімен жазылғанын есіне тез сақтап, алдын-ала білетін болады. Бұл баланың көру жады жақсы дамыған.

Егер бала дауыстап оқығанда немесе сіздің оқығаныңызды тыңдаған кезде тез қабылдаса, ол балада есту арқылы жадына сақтау қабілеті жақсы дамыған. Егер бала оқығанын жазып, салу арқылы жадына сақтаса, ол балада моторикалық жады жақсы дамыған.

Көру арқылы жадына сақтау қабілеті төмен балалармен түрлі жұмыстар жүргізілуі керек. Ал қатесіз жазу үшін дұрыс жазу ережесін білуі қажет. Осыған байланысты баладағы көру арқылы жадыны сақтау қабілетін суретті көрнекіліктер арқылы дамытуға болады.

Оқушының үлгермеуінің тағы бір себебіне отбасы тәрбиесінің ерекшеліктерін жатқызуға болады. Сондай себептерге отбасындағы ұрыс жанжалдар, дөрекі қарым-қатынастар, ата-ананың ажырасуы, олардың қоғамға жат қылықтары жатады. Ата-аналардың балаларына және олардың оқуына салғырт қарауы, тәрбеиедегі қателіктері, балаларына д.рыс көмек бере алмауы да үлгермеушілік себептері болып табылатыны анықталған.

Оқудағы артта қалып қойған балаларға ата-аналардың көңіл аударуы, кқмегі, аяулары, ал қабілетті оқушыларға білімдеріне, оқуларына дұрыс козқараста болу керектігі өте маңызды екендігі белгілі болып отыр. Ата-ана көбінесе балаларының оқуларына және жетістіктеріне қызығушылық танытады, бірақ ол негізінен тек бағаларын білумен шектеледі. Баланың адам ретінде, қоғамның белсенді мүшесі ретінде өсіп жетілуіне мектептегі білік пен дағдының білімділіктің маңыздылығында екендігі кейінге ығыстырылады, балаларынан мектепте қызықтар болғандығы жөнінде, қандай жаңа нәрселер білді, қандай жетістіктерге жеткендігі туралы, өз жұмыстарына өздерінің және мұғалімдерінің көңілі толғандығы жөнінде сұрамайды.

Ата-аналары балаларының оқудағы іс-әрекетінің мазмұнына жете көңіл бөлмегендіктен, олар білімнің сапалы жағын көре алмайды. Ата-аналар көбінесе балаларын ең жақсы, қабілетті оқушы ретінде көргісі келеді, бірақ сәтсіздіктерін көргенде: «Мінекей, сен тағы басқалардан жамансың», «сенен еш нәрсе шықпайды, сен нағыз түк білмессің, басқалардай болу қайда, саған» т.с.с сөздермен сынап мінейді. Кейде ата-аналар істің мән жайына бармай мұғалімдерге кнә тағуға ғана келеді.

Сонымен, баланың оқу іс-әрекетіне зейінін шоғырландыра алмауы, алаңғасарлығы тек қана ми қызметінің жұмысының бұзылуынан немесе оқу мотивациясының жеткіліксіздігінен емес, ол отбасындағы маңызды адамдардың дұрысемес әрекеттерінен де болады, мысалы, жаңа жаңалықтарға, ақпараттарға мән бермеулері, оларға қызығушылық танытпауы. Ал, бала соларға еліктеп, солардың қылықтарын қайталап, солар сияқты өздерін ұстайды.

Үлгермеушіліктердің жіктелуі.

үлгермеуші

Ойлау қабілеті төмен, Ойлау қабілеті төмен,

бірақ сабаққа деген ынтасы жоғары бірақ сабаққа деген ынтасы жоқ

Ойлау қабілеті қалыпты,

бірақ сабаққа деген ынтасы жоқ

Сонымен, үлгермеуші оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін сипаттай келе, үлгермеушіліктің негізінде жатқан психологиялық себептердің көпшілігін 5 топқа біріктіруге болады.

1 топ – жүйке жүйесіндегі жекедара психикалық ерекшеліктер:

2 топ – таным әрекетіндегі жетіспеушілік;

3 топ – мотивациялық сфераның дамуындағы кемшіліктер;

4 топ – өзін-өзі бағалау мен талаптану деңгейінің теңсіздігі;

5 топ – оқуға басқалардың әсері.

Көбінесе үлгермеушілік бастауыш сыныптарда балалардың оқу дағдылары қалыптаспағандығынан, яғни оқу іс-әрекет дағдыларын дұрыс меңгермегендіктерінен болатынын айтып кеткенбіз. Енді , осындай жағдайда мектеп психологі балаларға қандай жолдармен көмек көрсете алады?

Мектеп психологі оқушымен жеке жұмыс жасағанда, оқу процесі кезінде бақылағанда және арнайы эксперименталдық тапсырмаларды орындатқанда оның оқу тапсырмаларын қалай орындайтыны жөнінде кейін сол қателіктеріне баланы өзінің және ата-анасының көңілін аударғызады. Баланы оқу жұмысының дұрыс тәсілдерінде үйретіп ал ата-анасын баласынын дұрыс жұмыс істеуіне бақылаушы ретінде ұйымдастырады. Көбіне психологтың міндеті оқушыда оқу жұмысының дұрыс емес қалыптасқан әдісті толығымен жойып, жаңасын қалыптастыру әрқашан да дұрыс бола бермейтінін есте ұстау керек. Егер сол әдісті жетілдіру керек болса онда, әдептілікті сақтай отырып, баланы өзінің жұмысын ерекше құқығынан айырмай,оның өзімен бірге орындау керек. Мысалы, көптеген оқушыардың (тіпті жоғары сыныпта да ), мәтінді топтастыру, тірек пунктерін ерекшелеу, жоспар құру, оқығаннының логикалық сызбасын жасау , негізгі ойды тұжырымдау сияқты ойша өңдеудің тиімді әдістерін пайдаланылған дұрыс. Осы тәсілдерді, оқушының үйреншікті бірнеше рет қайталап оқып шығу, оқу әдісіннен бірдей айырмай, оның оқу әрекетіне бірте-бірте енгізе білу керек. Мысалы, оның мәтінді бірінші оқып шығуы, сол мәтінмен жалпы танысып шығуы болса, екінші рет қайталағанда мәтінді аз ғана кідіріспен үзінділерінен бөліп, ойша байланыстырып оқып болған соң, осы ойларды логикалық сызба бөлген үзінділерінен негізгі ойды білдіретін сөздерді табуға, оқып болған соң осы негізгі ойларды логикалық сызба түрінде бір-біріне жалғастырып айтып беруді сұрау керек. Осылайшы оқу тәсілдерін коррекциялау міндет шешкен кезде, мектеп психологі біріншіден, баланың үйреншікті меңгерген тәсілдерін коррекциялау табуға және ондағы ұтымды жақтарын сақтап қалуға, екіншіден, оушының кейбір тәсілдерінің әлсіз немесе жағымсыз жақтарын саралап, талдауға тиіс екендігін білу керек. Ойлау деңгейі төмен оқушыларға психологиялық көмекті ұйымдастыру.

Қолданылған әдебиеттер:



1. И.В.Дубровина, П.П.Блонский, Н.И.Мурачковский, Ю.З.Гильбух, С.Н.Костромина, З.И.Калмыкова, П.П.Борисов, Ю.К.Бабанский, В.С. Цетлин, Г.М. Гульнев, С.Д. Замбрамняя, А.Я. Иванова, К.С. Лебединская, А.Р.Лурий, С.С. Ляпидевский, Г.Е. Сухарева ,А.М.Гельмонт еңбектерінен алынды.
Каталог: download -> umnpk -> teacher -> opyt
opyt -> №101 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі
opyt -> А.Қ. Нұрғалиева. №101 мектеп-лицейі,Қарағанды қаласы
teacher -> 92 гимназия 3 «А» сынып жетекшісі Тлеубергенова Жанар Сайлаукызы Пән қазақ тілі Тақырыбы
opyt -> Ахметова З. С. №17 орта мектеп Жобалау әдісі
teacher -> Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың, тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табу.Қайталау
teacher -> Сабақ тақырыбы: Еуразияның табиғат зоналары. Мақсаты: Еуразия материгіндегі табиғат зоналарының ерекшеліктерін
opyt -> Дүниетану сабағында ойын түрлерін қолданудың тиімділігі «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»
opyt -> Занятие по модулю «Гармония», 6 класс Рахматулаева Н. В. «Действия над обыкновенными дробями»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет