Семинары ашық сабақ «Өзін өзі тану» пәні 11 «А» сыныбы «Бақыт сыры»



бет1/3
Дата29.03.2017
өлшемі316,14 Kb.
#12619
түріСеминар
  1   2   3
№1 В.И.Ленин атындағы орта мектеп
«Саған деген сүйіспеншілікпен»

тақырыбындағы өзін – өзі тану пәні бірлестігі семинары


АШЫҚ САБАҚ


«Өзін – өзі тану» пәні
11 «А» сыныбы

«Бақыт сыры»


Досқалиева Зейнеп Раушанқызы

2013 – 2014 оқу жылы



Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: №1 орта мектеп Мерзiм: 06.12.2013_6 сабақ

Тақырып: Бақыт сыры

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: Шыншылдық, мейірімділік, жауапкершілік,шыдамдылық.

Мұғалiм: Доскалиева Зейнеп Раушанқызы Сынып «11а» Оқушылар саны 15


Сабақ мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты:

Оқушыларға «бақыт» ұғымын түсіндіру, бұл ұғымның кең екенін, бақытты бол білуідің маңызын ұғындыру

  1. Дамытушылық мақсаты:

Бақытты сезіне білуге, біреуге сыйлай білуге үйрету

  1. Тәрбиелік мақсаты :

Оқушылардың өз ойларын жеткізе білуіне ықпал жасау

Міндеттері:

  • Бақыт сыры туралы түсінік беру;

  • Бақытқа ұмтылудың мәнін, бақытқа жету жолдарын үйрету;

Бақытты болуға, өмірдің әр сәтін қадірлей білуге үйрету.

Сабақ түрі: дәріс сабақ

Ресурстар:

Кітап, дәптер, үнтаспа, нақыл сөздер, слайд, сурет, шар, гүл, жүрекше

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңi.



1) Тыныштық сәтi. (5 мин) 

Жай музыка тыңдап тынығу. Ойлану жұмысының алдында балалардың бір сәт денесі, ойы сергітіледі. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, денелерін бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Осылайша екі минуттай отырады.

2)Үй тапсырмасын тексеру. (5 мин) 

Сахналау 

М.Шахановтың «Күре тамырды іздеу» поэмасынан қойылған үзіндіні тамашалауға шақырамын. 

Жастық шақ пен ақын шеткері тұрып сахнаға қарайды. Өрімдей жас жігіт өз Бақытының (Бақыт қыз бейнесінде) соңынан келеді. 

Жігіт: (сағынышпен) 


- О, Бақыт! 
Бар адамға өтімдісің сөйлесең, 
Баянсыз да секілдісің кейде сен. 
Сені көру еді менің арманым, 
Іздеп келем, іздеп келем талмадым. 
Іздеп келем әлі күнге жолдамын. 
Тым құрыса, қонағым да болмадың. 
Шаттығым да, қайғым да өзің күрсінсем, 
Айтшы маған қай биікте жүрсің сен? 
Бақыт: 
Есіңде ме аяулы анаң, қарт анаң, 
Нан пісірді саған арнап арпадан. 
Жер шырынын ұлым татсын деп еді, 
Бірақ сенің оны жегің келмеді. 
Жауар бұлттай қабағыңды түсіріп, 
Арпа нанды қойдың былай ысырып. 
Оранып зор мейірімінің отымен, 
Сонда саған анаң боп тіл қатып ем. 
Нан бергенім шақырғаным еді ғой
Егістікте сені күтіп жатып ем. 
Жігіт: 
Ол күні емес, ертесіне барғанмын, 
Сонда мені неге күтіп алмадың? 
Бақыт: 
Сенен бұрын келіп жеткен біреудің, 
Арбасына мініп кетіп қалғанмын. 
Жігіт: 
О, Бақытым, бала кезден аңсаған, 
Қалай айтсам екен мұны мен саған. 
Бір күні үйде отыр едім ерігіп, 
Сені маған көшеде жүр деді жұрт. 
Мен көшеге шықтым жылдам жүгіріп, 
Жан-жағыма қарап едім үңіліп, 
Таба алмадым іштей ойға малтыдым, 
Сен сол күні қайда болдың, жарқыным? 
Бақыт: 
Ха-ха-ха! 
Маған адал болғанымен тілегің, 
Аңғармайсың, аңғал сенің жүрегің, 
Саған жолда сәлем берген бір қыздың 
Жанарына жасырынып тұр едім. 
Бала кезгі өрлігіңді қайталай, 
Басыңды изеп, өте шықтың байқамай. 
Ха-ха-ха! (Бақыт ғайып болғанымен, көпке дейін күлкісі естіліп тұрады.) 

Сұрақ: 
1. Бақыт пен жігіттің көрінісінен не байқадыңдар ? 


2. Жігіт бақытын тапты ма

Сабақ барысын талқылау:
Оқушылардың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау


ІІ. Дәйек сөз.



«Меніңше, адамның ең бір үлкен бақыты – күресе білу, қуана білу, жұмыс істей білу және басқалардан қалыспай, өмірге ілесе білу»

В.Н.Терешкова
Өзін-өзі білген-ер бақытты,

Өзін-өзі билеген-ел бақытты.

Халық мақалы




ІІІ. Әңгiмелеу (сұхбат). (5 мин)

Оқушылармен бүгінгі тақырыпты аша түсу үшін әңгімелесу әдісі ұсынылады. 
Әңгімелесу сұрақтары: 
• «Адам бақыт үшін жаралған» деген пікірмен келісесіңдер ме? Неліктен? 
• Адамның әрқашан бақытты болуы мүмкін бе?

Неліктен бақытты құсқа теңейді? 


• Балалар қай кезде бақытты болады? 
• Бақытты сәттеріңіз жиі болып тұрады ма? 
• Жер бетіндегі барлық адамдарға ортақ бақыт болуы мүмкін бе? 
Сыр сандық танымдық ойын  (10 мин) 
І. Есенберлиннің «Бақыт сыры» шығармасында айтылған пікірлерге сүйене отырып, оқушылар бақытты болу сырларымен таныстырады. 
Бақыттың он сыры: 
Өмірдегі ең қалаулы нәрсесі не екенін кез келген адамнан сұраңызшы. Ең көп таралған жауап: «Мен тек бақытты болғым келеді». Сондай-ақ біз бәріміз сол үшін бұл дүниеге келгенбіз. Бірақ бақыт деген не? Шынайы бақыт біздің өмірімізде жабырқау мен қайғы-қасіреттің болмауында емес, қуаныш пен қанағатты сезіне біліп, өмірге шаттануда. Адам өмірде бақытты бола алады, болуы да керек, тек оны қатты аңсауы және бақыттың кейбір дана сырларын білуі керек. 
Шынайы бақыттың бірінші сыры-көзқарас күші. 
Осы сәттен бастап өз өмірімнен тек жақсылық іздеймін. Мен өз пейілімді, ақыл-ойымды тек өзімді бақытты сезінуге бағыттаймын. Менің бақытты немесе бақытсыз болуым сыртқы жағдайларға емес, өз ойыма, көңіл күйіме байланысты. Ендеше мен өз ойымды, яғни өз бақытымды басқара аламын. 
Шынайы бақыттың екінші сыры-дене күші 
Бұған айтар дауым жоқ. Сергек көңіл, ширақ дене өзімді бақытты, сезінуіме көмектеседі. 
Шынайы бақыттың үшінші сыры-бір сәттік өмір күші. 
Не туралы ойласам да, не істесем де, өмірімнің әр сәтіне: берумен сөйлессем-сол адамға, жұмыс істесем-сол нысанға; жолдан өтсем-машинаға көңіл бөлем. 
Шынайы бақыттың төртінші сыры-өзін-өзі тану күші. 
Өзім туралы жаман ойдан арылу үшін: 
● басқалардың айтқаны әділ екендігіне анықтаймын, егер оған негіз болса, өзімнің теріс жақтарымды өзгертемін; 
● күнбе-күн болашақта өзімнің қандай адам болатындығым туралы жақсы ойлармен өзімді-өзі сендіремін; 
● не үшін өзіме-өзім ұнаймын, не үшін өзімді-өзім сыйлаймын деген сауалдар қоямын. 
Адам баласының ең ғажап қасиеті-әрқашан дұрыс сұраққа дұрыс жауап бере алуында 
Шынайы бақыттың бесінші сыры-мақсат күші 

Мақсаттар өмірімнің қиын кезеңдерін неғұрлым жеңіл, жеңіл кезеңдерін одан да жарқын етеді. Ол өміріме мән мен мағына береді. Менің таңертең төсектен риза болып тұруыма түрткі болады 


Шынайы бақыттың алтыншы сыры-шаттық күші. 
Өмірді қызық жағынан қабылдай білсем, өз бақытымды сезіне аламын. 
Ұсақ нәрселер үшін мазамды алмаймын. Өмірімнің көпшілігі осы ұсақ-түйектен тұратынын есіме сақтаймын. 
Шынайы бақыттың жетінші сыры-кешірім күші. 
Қателіктер мен сәтсіздіктер менің өміріме сабақ болады. Өзгелерді де, өзімді де кешіре білемін. 

Шынайы бақыттың сегізінші сыры-сыйлық күші 


Өзіме бір нәрсе алып бақытқа бөлене алмаймын, қуануым мүмкін. Менің бақытым басқаларға беріп, көмектесуімде. Басқаларды көбірек бақытты етсем, менің бақытым шексіз болады. 
Шынайы бақыттың тоғызыншы сыры- қарым-қатынас күші. 
Өмірімнің жақсы болуы адамдармен қарым-қатынасыма, сыйластығыма байланысты. Мен достарымның, таныстарымның көп болғанын қалаймын.Біреумен бөліскен қуаныш-екі мәрте қуаныш, ал біреумен бөліскен реніш-жарты реніш. 
Шынайы бақыттың оныншы сыры-сенім күші 
Мен өзіме, өз жақындарыма, достарыма, болашағыма сенемін 

• Өздерің осы тұжырымдардың барлығымен келісесіңдер ме? 


• Бақыттың тағы қандай сыры бар деп ойлайсыңдар? 




  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Бақыттың түрлері оның адам өмірінің сан салалы көрінісінде танылатыны аңғарылады. Оқушыларға беріліп отырған осы ойды жалғастыру ұсынылады. 
Сәби бақыты, ол - ... 
Әйел бақыты, ол - ... 
Ер-азамат бақыты, ол - ... 
Ата-ана бақыты - ... 
Дәрігер бақыты, ол - ... 
Ұстаз бақыты, ол - ... 
Ұлт бақыты, ол - ... 
Қоғам бақыты, ол - ... 



3 топ мүшелері әуен біткенше бір – біріне ешнәрсе айтпастан сурет салады. Сурет қылқаламның көмегімен бір нүктеден басталып, қылқалам көтерілгенше салынады, қылқалам көтерілгеннен кейін топтың басқа мүшесі жалғастырады.


Түйіндеме 
Оқушылардан ұсынылып отырған «Бақытты адамның ұстанымдарынан» жанына жақынын таңдап алып, бүгінгі ашық сабаққа байланысты өз ойларын түйіндеп айту ұсынылады. 
• Бақыт деген – адамдар үшін өмір сүру және оларды бақытты ету. 
• Бақыт – бұл жаныңа жақын істі таңдап алу және шығармашылықпен еңбектену. 
• Бақыт – достарыңмен, жаныңа жақындарыңмен араласу. 
• Бақыт – қызықты өмір үшін барлық қажеттінің болуы. 
• Бақыт – денсаулығыңның мықты болуы және өзіңнің, айналаңдағылардың денсаулығына қамқорлық жасай білу. 
• Бақыт - әр күннің нұрлы шуағын сезіну. 

Сабақта балалардың эмоционалдық жағдайын анықтау. (кері байланыс)

Берілген терекке өздеріңнің ата – аналарыңа, бауырларыңа, достарыңа, мұғалімдеріңе, үлкен де сыйлы адамдарға арнап жақсы тілектеріңді жазыңдар


Дәптермен жұмыс


  1. Топпен ән айту.

«Бағалайық бақытты» өлеңі

Сөзі Қ.Жүнісовтікі

Әні Б.Жолдасқызынікі
Балғын дәурен, балауса кезің қандай,

Гүл бағында балқиды сезім балдай.

Құрбым, осы бақытты сезіне алмай,

Кейін налып жүрмейік, кезіге алмай.
Қайырмаасы

Жүрегімде махаббат ән тербейтін,

Бағалайық бақытты, жан тербейтін.

Мұңға батып қалмасын, көңіл бекер,

Оралмайды, жан құрбым, өмір кетер.
Арманның мекені алыстап кетеді,

Жастығың өтеді қас қағымда...

Бақ нұры таймасын, көңілің сайрасын,

Өмірің жайнасын жас шағында.

Жүректен жүрекке айдарында оқушылар шеңбер құрып тұрады да, музыка ырғағымен бір-біріне деген ыстық лебіздері мен жақсы тілектерін айтып, бақыт тілейді. 




  1. Үй тапсырмасы.

Әбу Насыр әл-Фараби «Бақыт жолын сілтеу» үзіндісін оқып келу. 
5 – 6 сабақ. Бет. 22 – 30. «Өзін -өзі тану» 





  1. Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)




Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет