Ш. Жақсылықова №6 Хромтау гимназиясының директордың



Дата18.02.2017
өлшемі145,01 Kb.
#10223
Ш. Жақсылықова

6 Хромтау гимназиясының директордың

инновациялық жұмысы жөніндегі орынбасары
Педагогикалық іс- әрекетті талдауға дайындықты ұйымдастырудағы әдістемелік нұсқаулар


    1. І.1.Педагогикалық іс-әрекетті өзіндік талдау.

    2. 2. Педагогикалық іс-әрекетті талдауды жазудағы жиі жіберілетін қателіктер.

    3. 3. Педагогикалық іс-әрекетті өзіндік талдауға қойылатын талаптар.

    4. 4. Педагоикалық іс-әрекетті өзіндік талдауға дайындық сұрақтары.

    5. 6. Өзіндік талдауды эксперттік бағалау.

ІІ.Сабаққа өзіндік талдау.

    1. Өтілген сабақты талдау алгоритмі.

    2. Сабақтың өтуін қиындатады.


1.Педагогикалық іс- әрекетті өзіндік талдау.

Өзіндік талдау педагогтың өзінің іс-әрекетін зерттеуі, жүргізілген кәсіби жұмыстары бойынша нәтижесін зерделеуі, педагогикалық құбылыстар элементтерінің арасындағы себеп-салдар байланысын табуы, өзін-өзі әрі қарай дамыту жолдарын анықтауы. Ө Өзіндік талдау бірнеше міндет атқарады: диагностикалық,танымдық, өзгергіштік, өздігінен білім алушылық.

Мақсаты аттестатталушының өзін-өзі талдауы көрсетілген бағыттар бойынша педагог қызметкердің берілген санатты растауы болып табылады:

    • педагогикалық ғылым мен тәжірибеде жаңашыл жетістіктерді меңгеруі,

    • педагогикалық ( басқару) сұрақтарын шығармашылық тұрғыда шеше білуі,

    • оқыту мен тәрбиелеудің (басқарудың) әдістерін, жолдарын тиімді таңдай білуі,

жаңашыл педагогикалық технологияларды өздігінен қолдана және тиімді пайдалана білуі,

    • білім алушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға жағдай туғыза білуі,

    • оқытудың зерттеушілік және эксперименттік- тәжірибелік әдістерін оқу үрдісінде қолдана білуі,

    • білім алушылардың өздігінен білім алу және өзіндік білім көтеру жоспарын құра білуі.

Өзін-өзі талдау педагогтың іс-әрекеті мен оның жұмысының нәтижесі жөнінде толық мағлұмат бере алатындай болуы, перспективалық жұмысын елестету мүмкіндігі болатындай болуы тиіс.
Өзін-өзі талдау алдына дарлық барысында есте сақтау керек: өзін-өзі талдауы – бұл статистикалық есеп беру емес! Өзін-өзі талдауы – бұл статистикалық көрсеткіш емес, ал педагогтың мазмұнды іс-әрекетінің аналитикалық индикаторлары мен көрсеткіштері. Өзін- өзі талдау мазмұны – белгі уақыт аралығындағы бар затты көсрсету емес, өзінің іс- әрекетін талдауы және интерпретациялауы (мағынасын түсінуі).

2.Педагогикалық іс- әрекетті өзіндік талдауды жазудағы жиі жіберілетін қателіктер.

Өз жұмысына талдау барысында жиі жіберілетін қателіктер:

1. Педагог белгілі уақыт аралығында қандай жұмыс жасағандығы жөнінде жазады.

Педагогтың өз жұмысына талдау жүргізу барысында не жүргізгендігі маңызды емес, қандай да бір сұрақтарды қалай шешкендігі маңызды. Неліктен осы сұрақ маңызды, нәтижесі қандай т.б. яғни, алдымен мәселе қойылады, содан кейін, оларды шешудегі жасаған қадамдары қажет.



  1. Фактілер мен цифлардың көптігі.

Көпшілік жағдайда педагогтар ешқандай мазмұнды мәлімет бермейтін, педагогтың жоспарланған іс-әрекетіне қатысы жоқ көптеген фактілер мен цифрларды келтіруге әуес. Өз жұмысын талдау үшін педагог неліктен осы әдісті, технологияны таңдады, қалай қолданды, ол соңғы нәтижеге қалай әсер етті, соны көрсете білгені маңызды.

3. Педагог өз қызметі барысында қандай қиындықтар кездескендігін айтпайды.

Педагогтар арасында мынадай пікір бар (әсіресі жоғары біліктілік санатты мұғалімдер): оларда ешқандай қиындық болмауы тиіс, әйтпесе аталған санатқа қандай сәйкестік болуы мүмкін?



Өздігінен талдау барысында мынал жайттарды есте сақтау керек: егер тәжірибе құрылымдық талдау объекті бола алса, ол педагогтың кәсіби өсуінің көзі бола алады. Рефлексия жасалмаған тәжірибенің тигізер пайдасы жоқ, ол өз кезегінде өсуге емес, педагогикалық стагнацияға (тоқырауға) алып келеді. Педагогикалық рефлексияны іс- әрекетке қосу дегеніміз – ол қиындықтарды (көңілге алған нәрсені) өздігінен тұжырымдай отырып, талдау және тығырықтан шығу үшін бірінен соң бірі жалғасқан жолдарын іздестіру. Кәсіби педагогикалық іс –әрекетте негізгі өзекті мәселені көре білу, шығу жолдарын жоспарлау кәсіби шыңдалған педагогқа тән. Негізгі интеллектуалдық біліктер қатары бар рефлексиялық қабілеттер арқылы, өзіңнің кәсіби іс- әрекетіңді басқаруға болады.

Есіңізге сақтаңыз: өз жұмысына талдау жазу дегеніміз- бұл өз тәжірибеңді талдай отырып, даму болашағыңды терең тұжырымдауды талап ететін аналитикалық іс-әрекеті.

3.













Педагогикалық іс-әрекетті өзіндік талдауға қойылатын талап


Өзін-өзі талдау жазу көлемі – 20 бетке дейігі баспа беті (шрифт № 14 арлығы 1,5 интервал).

Титул беті:

  1. Жоғары жағында педагог жұмыс жасайтын білім мекемесінің атауы, одан кейін педагогтың аты- жөні, лауазымы.

  2. Беттің ортасында – тақырып атауы

  3. Бет соңында –жұмыстың дайындалған жылы.

Екнші бетінде – беттері көрсетілген мазмұны (беттері нөмірленген), бөлімдер, тараулар, параграфтар.
Өздігінен талдау құрылымы:

  • Жұмыстың негізі болып табылатын тақырыпты анықтау. Тақырып білім беру тенденциясына сәйкес өзекті болуы тиіс.

  • Тақырыптан шығатын және іздеу шекарасын кішірейтетін зерттелетін мәселені бөліп алу.

  • Тәжірибе барысында негізгі көзі болып табылатын теориялық позициялар, идеяларды таба білу.

  • Педагогикалық тәжірибеңнің негізі болып табылатын өзіңнің тәжірибеңнің негізгі идеяларын бөліп көрсету. Оқушылардың әлеуметтік- педагогикалық іс-әрекетінің шарттары мен берілген осы әлеуметтік ортаға сәйкес негіздеу. Оқушылардың ерекшелігіне мінездеме беру, олардың зерттеу барысындағы даму деңгейін көрсету.




  • Пәнді оқыту мазмұнын, оның қызметін және оқуышлардың даму мүмкіндіктерін қысқаша баяндау.Бағдарламаның ерекшелігіне, базистік оқу жоспарын жүзеге асыру ерекшелігіне тоқталыңыз. Білім мазмұнын берудің, пәннің, іс-әрекеттің жаңашылдығын атаңыз.




  • Білім беру мен тәрбиелеудің дамушылық іс-әрекеті бар екендігін көрсету үшін таңдалып алынған технологияның ерекшелігі.

  • Жоғарыда аталған идеяларды жүзеге асыру үшін оқушылардың жақсы дамуына, жоғары көрсеткіштер бере алуына әсер ететін дәстүрлі әдістерден өзгеше мазмұнына, әдістеріне, ерекше мән бере отырып, сабақтар, басқа да жұмыс формалары жүйесін жазу. Жаңашылдықты аргументі түрде көрсету, оларды диагностикалық материалдармен растау ( аралық және бақылау кесінділері арқылы).

  • Басында жобаланған мақсат пен міндеттерге сәйкес педагогикалық іс- тәжірибенің нәтижелілігін талдау. Қорытынды педагогикалық іс- тәжірибенің негізін, табылған жаңалықты, жаңашылдықты енгізуді, өзіне ғана тән ерекшелігін, білім беру тенденциясына сәйкестігін анықтайды.







Педагогикалық іс-әрекетті өзіндік талдауға дайындық сұрақтары :


  1. Сіздің кәсіби іс-әрекетіңіздің мақсаты білім беру мекемесінің мақсатымен қаншалықты сәйкес?

  2. Соңғы аттестаттаудан кейінгі аралықта қандай маңызды шараларды шешуге қатысыңыз? Сіздің өзекті мәселені шешудегі жұмысыңыз қандай түрде ұсынылады?

  3. Сіздің «Білім беруді дамыту-2020» бағдарламасын жүзеге асырудағы роліңіз қандай?

  4. Өзіңіздің педагогикалық сі- әрекетіңізде балалардың талап ету қажеттілігін қаншалықты ескересіз? Қаншалықты мақсат-міндеттеріңіз білім алушылардың жеке ерекшеліктерімен сәйкес келеді?

  5. Сабақ кезінде және тыс уақытта балалардың және өзіңіздің уақытыңызды тиімді пайдалануды қалай жоспарлайсыз? Қандай жаңа технологияларды қолданасыз? Ол қаншалықты оқушылардың талабына сәйкес?

  6. Сабақ кезіндегі және сабақтан тыс мезгілдегі класпен қарым-қатынас қалай ұйымдастырылады? Сабақ кезіндегі оқушылардың бірлесіп еңбек етуі қалай ұйымдастырылған?

  7. Сіздің сабағыңызда оқушылардың танымдық қызығушылығы қандай деңгейде екендігін анықтаңыз. Пәніңізге қызықтыру үшін қандай нәрселердің алдын аласыз?

  8. Ерекше мүмкіндіктері мен бейімділігі бар оқушылармен қандай жұмыстар жүргізесіз?

  9. Сіз сабақ беретін кластардағы білім сапасының динамикасы қандай?

  10. Оқушыларыңыздың еңбегін қандай әдістер арқылы бағалайсыз? Ол қаншалықты Сіз қойған жоспарға сәйкес келеді?

  11. Кластың психологиялық атмосферасын бағалаңыз: Сіздің тарапыңыздан өзара сенім, сыйластық,ашықтық болуы үшін қандай мүмкіндіктерді пайдаланасыз?

  12. Оқушылардың ата-аналарымен қаншалықты араласасыз? Жетістіктері жөніндегі ақпаратты қалай жеткізесіз? Сіздің тарапыңыздан ата-аналардың баласының оқу үлгерімі жөніндегі пікірлері мен прогрессивті даму бағытындағы мүмкіндіктері қаншалықты ескеріледі? Өзіңіздің ұжымдастарыңызбен арым- қатынасыңызды қалай деп бағалайсыз?

  13. Кәсіби шеберлігіңіздіқалай арттырасыз? Сіздің қызметіңізде өздігінен білім алу қандай орын алады? Өзіңізідің кәсіби қызметіңізде қандай қиындықтар кездесті? Оларды жоюға қандай әрекет жасадыңыз? Нәтижесі қандай?











5.Өзін-өзі талдауға эксперттік бағалау


Ұпай

лары

Мәлімдеме

5

ұпай


Сұрақтарға жауаптары ойланып берілген. Жүйелілік, нәтижеге бағытталушылық және сыни талдау арқылы нәтижеленген. Аттесталушыөзекті мәселелерді анықтайды, оның қаншалықты маңыздылығын және шығу себептерін ашады. Қабылданатын шешімдердің нәтижесі қандай болатынын көре біледі, себеп-салдар байланысын анықтайды,сыни бағалайды.

Сұрақтарға берген жауаптары педагогикалық іс-әрекетінің технологияға сәйкес, алдын ала таңдалған педагогикалық нәтижеге жетудегі тәртібі, педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты туралы кең түрде мағлұмат береді.Өз тәжірибесін бағалауға қабілеттілігі анық байқалады.



4

ұпай


Аттестатталушының нәтижеге бағытталған маңызды педагогикалық жағдаяттарды айыра біледі; ойланып таңдау жасайды,салыстырады, қажетті фактілерді қолданады. Іс-әрекетттегі өзекті мәселені анықтайды, бірақ себептерінтүсінбейді. Жүзеге асырылған педагогикалық идеялары теориялық негізделген, бірақөз тәжірибесін жалпылау қабілеті жеткіліксіз.

Аттестатталушы іс-әрекеттің түйінді идеясын анық түсінеді, бірақ қойылған сұрақтарға аргументті жауаптары жеткіліксіз.



3

ұпай



Аттестатталушының өз тәжірибесін талдау қабілеті жеткілікісіз. Жауаптарында практикалық бағыт байқалады, шешілетін сұрақтарды анықтайды, қолдануға мүмкіндігі бар әдістер мен технологияларды қолданады. Іс-әрекетіне ойланып жауап береді.Өзінің тәжірибелік іс-әрекетін теориялық негіздеуі төмен. Сұрақтарға берген жауабы кәсіби іс-әрекеті жөнінде толық түсінік бермейді.

2

ұпай



Педагог таза ұйымдастырушылық өзгерістерді қабылдайды, білім беру мазмұнын, технологиялар, әдістер мен тәсілдерді жетілдіру қажеттігін соңына дейін түсінбейді. Кәсіби қиындықтарды сезінуі төмен; өзін-өзі бағалауы жеткілікті деңгейде дамымаған; ұсынылған фактілер шын мәнінде расталмайды.

1

ұпай



Талдау әрекеті жүйеленбеген, эмоция мен сезім арқылы берілген; бақылауы жүйесіз, интуиция көмегімен анықталған. не владеет навыками проведения диагностика жүргізу дағдысы қалыптаспаған; кәсіби қиындықтарды сезінуі анқыталмаған; өзін –өзі бағалауы төмен дамыған; ұсынылған фактілерді шын мәнінде дәлелдей алмайды.


II. Сабаққа өзіндік талдау.
Өтілген сабақ талдау алгоритмі.

Қатысушы педагог сабақ барысын бақылайды және белгілеп отырады. Сабақтан кейін мұғалім 2 сұраққа жауап беруі тиіс:

Сабақ барысында оқушы нені білуі және не нәрсені үйренуі керек еді?

Мұғалім оны қалай өткізеді? (әдісін және әрекетін айту)

Содан кейін мұғалім мен қатысушы сабақты талдайды, бағалайды.

Сабақ элементтері төмендегі критерийлермен бағаланады (үлгісі).



  1. Сабақтың құрылымын бағалау:

- гигиеналық талабы, мұғалімнің сабақтың сабақ кестесіндегі орнын , апта күндерін, жыл мезгілін, балалардың шаршай немесе қозу деңгейін бағалайды,

- сабақтың тақырыбының бағдарлама бойынша тараудағы өзара байланысын,

- сабақ мақсатының –типінің-құрылымының сәйкестігін.


  1. Мақсат қою мен оқу үрдісінің мотивациясын:

- мұғалімнің сабақ мақсаты мен үш міндетінің бірлігін,

-оқушылардың алдында мақсатын қоя білуі,

- мақсатының, міндетінің сабақтың кезеңдері мен мазмұнына сәйкестігін,

- сабақ үстінде оқылатын материалдың маңыздылығын, өміршеңдігін анықтау,

-оқушылардың оң мотивациясы,

- сабақ үстінде жетістік жағдаяты, оқушының өзін-өзі бағалауының сақталуы,



- оқушының белсенділігі мен танымдық қызығушылығын дамытудағы іс-әрекетін бағалау тиімділігі .

  1. Білім беру мазмұнын бағалау:

- ғылымилығы, қолжетімділігі және оқылатын материалдың меңгеругемүмкінділігі,

- оқу ақпаратының жаңашылдығы, өзектілігі және тартымдылығы,

-сабақ компоненттернінің тиімді жиналуы (оқу материалы, бекіту, қайталауы, өз бетінше жұмысы және т.б.)

- сабақ кезеңдері арасындағы логикалық байланыстың негізделуі,

- сабақты қорытындылауы, оқушы іс-әрекетін талдауы,

- үй тапсырмасы (әдісі мен көлемі), тапсырмалардың ізденушілік бағытының болуы,

- сабақ уақытын ұтымды пайдалануы, жұмыс темпінің тиімділігі.

  1. Оқытуды ұйымдастыру формасының тиімділігін бағалау

Берілген педагогикалық және психологиялық диагностикаға сәйкес оқыту формасының мақсатқа сәйкестігі мен негізделуі.

Сабақ жүйесі

Типі бойынша

Оқыту формалары бойынша

жаңа материалдарды оқу

дәстүрлі сабақ

оқыған материалды қайталау

лекция

оқыған материалды бекіту

семинар

бақылау, ББД-н тексеру

конференция

ББД-н түзету

зертханалық-тәжірибелік сабақтар, практикумдар

алған білімді тәжірибеде пайдалану

факультативтік сабақтар

жалпылау сабағы

экскурсия

аралас сабақ

консультация

  1. Сабақ беру әдісінің тиімділігін бағалау

Әдістерінің сабақ мақсатына сәйкестігінің негізделуі.

Оқыту әдістерінің классификациясы

Алынған білім көзі бойынша

Танымдық іс-әрекеті бойынша

сөздік (әңгіме, түсіндіру,сұқбат, дискуссия, лекция, кітаппен жұмыс)

түсіндіру-иллюстративтік

көрнекілік

репродуктивтік

тәжірибелік

проблемалық мазмұндау




эвристикалық




зерттеушілік




ізденушілік




жартылай ізденушілік


6.Сабақ беру тиімділігі артты

- дамытушылық тапсырмалардың мол болуы, әр оқушыға жеке келуі.

- көрнекілік құралдардың сәйкес болуы,

- сабақтың орташа оқушыға емес, әр оқушының жеке қабілеттерінің ескеріліп құрылуы,

- денсаулық сақтау технологияларының және әдістерінің ескерілуі,

- түсіндіру барысында оқушыларда кететін мүмкін болатын қателіктердіңалдын алыну

- оқушылардың шығармашылығын дамытатын эвристикалық әдістердің қолданылуы (үлгі бойынша емес),

- сабақта оқу кабинетігнің тиімді пайдаланылуы.



7.Сабақта оқушыларды бағалауы

- оқушылардың сабақтағы белсенділік деңгейі,

- мұғалім сұрағына оқушының адекватты жауап беруі, оқушылардың сабақты меңгеру , түсіну барысында сұрақтар қоюы,

-оқушының сөйлеу тілінің жетік болуы.

8.Педагогтың сабақ үстіндегі сі- әрекетін бағалауы

- педагогикалық такт,

- мұғалімнің оқушылармен бірлескен еңбегінің деңгейі,

- диалог мен пікір алмасуларынң жиі болуы,

- оқушыны естиіжәне тыңдай білуі, сабақтың психологиялық атмосферасы,

- мұғалімнің тез шешім қабылдай білуі, өзінің іс-әректін түзей алуы, нәтижеллігін бағалауы, конфликт жағдаяттарын шеше білуі.

Сабақ өткізуді қиындатады:

  • Өз білімі мен «мұғалімдік күшіне» сенімсіздігі,

  • Сабақта болып жатырған нәрселерге бей-жай қарауы,

  • Сабақ композициясының шашыраңқылығы,

  • Мұғалім қозғалысының баяулығы, шеңберден шықпауы,

  • Оқушылардың ұсынылған әдістермен жұмыс жасай алмауы,

  • Оқыту әдістерінің бірыңғайлығы,

  • Мұғалімнің баяндауының тартымсыздығы,

  • Жаңа материалды берудегі монотондылығы және құрғақтығы,

  • Тақырыптан ауытқуы, тақырыппен және сабақ міндеттерімен үйлеспейтін бөгде заттармен айналысып кетуі.






Каталог: images -> doc -> kobdisha
doc -> Галилео Галилей Физик или астроном? Сначала давайте посмотрим его краткую биографию… Галилео Галилей
doc -> Оқу жылы бойынша №6 Хромтау гимназиясының тәрбие жұмысы бойынша жылдық есебі
doc -> 6 Хромтау гимназиясының әлеуметтік педагогтың 2013-2014 оқу жылына арнаған жұмыс жоспары
kobdisha -> №6 Хромтау гимназиясы Хромтау – 2012 ж
kobdisha -> Эссе жазу әдістемесі
kobdisha -> «№6 Хромтау гимназиясы» мм «Білікті ұстаз – сапалы білім бастауы» тақырыбындағы «Гимназия өмірінің
kobdisha -> “ Мектептің дамуын басқаруда педагогикалық кеңесте синергетикалық ұстанымның жүзеге асырылуы” тақырыбындағы интернет – педкеңес материалдарының байқауы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет