Үш өлшемді әдістемелік жүйе



Дата17.02.2017
өлшемі28,67 Kb.
#9620

Ж.А.Қараевтың “Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі” педагогикалық технологиясының оқушылар шығармашылығын қалыптастырудағы рөлі

  • Бүгінгі таңда білім саласының алдында жүйелі дайындалып берген білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр.
  • Қазақстан Республикасында орта білімді дамыту тұжырымдамасы білім беру мекемелерінің ең негізгі мақсаты: дүниетанымдық, құзырлық, шығармашылық деп атап көрсетеді. Қоғамда “орындаушы” адамнан гөрі “шығармашыл” адамға деген сұраныстың көп екендігін қазіргі өмір талабы дәлелдеп отыр.

Шығармашылық – бүкіл тіршілік көзі. Ал бүгінгідей күрделі әлеуметтік экономикалық жаңартулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен мәселе саналып, оның ойландыруы тиіс деп ойлаймыз.

  • Шығармашылық – бүкіл тіршілік көзі. Ал бүгінгідей күрделі әлеуметтік экономикалық жаңартулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен мәселе саналып, оның ойландыруы тиіс деп ойлаймыз.
  • Мұндай күрделі мәселені шешуде білім беру саласы қызметкерлерінің басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адам келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
  • Соңғы жылдары кеңінен таралып, педагогтар қауымының қолдауын тапқан технологиялардың бірі – Ж.А.Қараевтың “Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі” педагогикалық технологиясы.
  • “Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі” педагогикалық технологиясы 1998 - 1999 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді.
  • Профессор Ж.Қараевтың “Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі” педагогикалық технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударады.

Сонымен бірге аталмыш технологияда оқушы өзі ізденіп, өзі оқып, өзі үйренеді. Сабақта проблемалық оқыту іске асырылады (жағдаятты шешу, балаға ой тастау, “миға шабуыл”, дебаттар, т.б.). Мұғалім сабақта басқарушылық міндеттер атқарады, оқушыға бағыт-бағдар беріп тұрады. Негізгі көңілді әрбір оқушының жеке мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызығушылық-тарын анықтауға бөледі.

  • Сонымен бірге аталмыш технологияда оқушы өзі ізденіп, өзі оқып, өзі үйренеді. Сабақта проблемалық оқыту іске асырылады (жағдаятты шешу, балаға ой тастау, “миға шабуыл”, дебаттар, т.б.). Мұғалім сабақта басқарушылық міндеттер атқарады, оқушыға бағыт-бағдар беріп тұрады. Негізгі көңілді әрбір оқушының жеке мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызығушылық-тарын анықтауға бөледі.
  • Оқушының қызметі көптеген тұлғалық қасиеттеріне қарай бағаланады (интеллектуалды дамуы, тіл мәдениеті, дербестігі, инициативасы, жауапкершілігі, т.б.). Әрбір оқушының дамуы басқа оқушымен емес, өзімен салыстырылады. Оқушыға өзін-өзі бағалауға мүмкіндік беріледі.
  • Бұл технологияда жеке оқыту және топтық оқыту түрлері негізгі болып табылады. Топтық оқытудың негізгі мақсаты – оқушыларды шағын топтағы бірлескен жұмысқа тарту.

  • Мұндай топта оқушы өз даралығын жоғалтпайды. Қажетті жағдайда оқушылар бір-бірінен көмек сұрай алады, ортақ міндеттерді шешеді, т.б. Бұл жағдайда әрбір оқушы тек өзінің жетістіктерін бағалап немесе кемшіліктерін түсініп қана қоймайды, сонымен бірге ортақ нәтижеге өзі қалай әсер ететінін көре алады.
  • Жеке оқыту түрі оқушыға кейбір тапсырмаларға тереңінен тоқталуға мүмкіндік береді, өзінің де, мұғалімнің де алдында тапсырмаларды орындау нәтижесіне жауапты болуға үйретеді. Оқытудың бұл түрлерінің негізгісі – оқушыға сенімділік, өзіне жауап беру қабілетіне сүйену, ар-намыс және өзін-өзі сыйлау қасиеттерін ынталандыру.

Күнтізбелік жоспарлауға және сабақ жоспарлауға қойылатын талаптар

  • Аталған технология бойынша күнтізбелік жоспарды
  • жасау барысында ең алдымен барлық тақырыпты
  • модульге бөлу керек. Модуль дегеніміз не?
  • Модуль – бұл үлкен, ауқымды тақырып немесе бірнеше
  • параграфтан тұратын тарау.
  • Бұл жоспарлаудың ерекшелігі, әрбір тарау (немесе
  • модуль) үш қорытынды сабақпен аяқталады:
  • 1. Деңгейлік тапсырмалардан тұратын тақырыптық өзіндік жұмыс;
  • 2. Қатемен жұмыс (Коррекциялық);
  • 3. Деңгейлік тапсырмалардан тұратын бақылау жұмысы.

Сабақтың құрылымы

  • Тақырыпты оқып үйренудің үшкезеңдік алгоритмі
  • І кезең
  • 1. Сабақтың ұйымдастыру кезеңі.
  • 2. Үй жұмысын тексеру (өткен тақырып бойынша деңгейлік тапсырмаларды аяқтау дәрежесін тексеру).
  • 3. Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық ретінде өткенді пысықтау.

  • ІІ кезең
  • 1. Оқушылардың жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеруін ұйымдастыру (оқытудың проблемалық әдістері бойынша).
  • 2. Жұмыс нәтижесін мұғаліммен бірігіп талқылау.
  • 3. Жаңа тақырып бойынша алынған теориялық білімді практика жүзінде пысықтау.

  • ІІІ кезең
  • 1. Деңгейлік тапсырмаларды орындау
  • 2. Сыныпта орындалған деңгейлік тапсырмалардың ұпайы саналады.

Бұл оқыту технологиясы оқушыларға жұмыс

  • Бұл оқыту технологиясы оқушыларға жұмыс
  • міндетті түрде үш деңгейлік, қосымша
  • шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады.
  • Оқушыларға үш деңгейлік тапсырлалар
  • ұсынылады;
  • 1-ші деңгей – оқушылық (репродуктивтік);
  • 2-ші деңгей – алгоритмдік;
  • 3-ші деңгей – эвристикалық.
  • 1-ші деңгей – 5 тапсырма (Стандарт);
  • 2-ші деңгей – 4 тапсырма (Орташа қиындық);
  • 3-ші деңгей – 3 тапсырма (Күрделі).

«Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясын қолдану арқылы топтағы оқушылардың білім сапасын көтеруге болады. Бұл технологияны негізінде оқушының жеке басының қабілетіне сәйкес ой белсенділігі мен шығармашылығы қарапайымнан күрделіге бағытталады.

  • «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясын қолдану арқылы топтағы оқушылардың білім сапасын көтеруге болады. Бұл технологияны негізінде оқушының жеке басының қабілетіне сәйкес ой белсенділігі мен шығармашылығы қарапайымнан күрделіге бағытталады.
  • Бұл әдістеменің тағы бір ерекшелігі, оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандырып, арттыратын құрал ретінде «ашық журналда» қолдану аталмыш технологияның оқушыларды бағалаудың ынталандыру жағын күшейтетін ұтымды бөлігі болып табылады.

Оқушылар да әр тақырып бойынша өз жетістіктерін өздеріндегі “Жеке журналға” белгілеп отырады.

Профессор Ж.Қараевтың “Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі” педагогикалық технологиясы бойынша жүргізілген эксперимент және тәжірибе жұмыстары нәтижесінде оқытудың төмендегі өзекті проблемаларын шешетінін көрсетті:

  • Профессор Ж.Қараевтың “Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі” педагогикалық технологиясы бойынша жүргізілген эксперимент және тәжірибе жұмыстары нәтижесінде оқытудың төмендегі өзекті проблемаларын шешетінін көрсетті:
  • оқытудың әдістемелік жүйесін жетілдіру;
  • білім беруді гуманизациялау және демократизациялау;
  • белсенділіктің, біліктіліктің жоғары деңгейін қалыптастыру;
  • оқу үрдісін басқарудың тиімділігін арттыру;
  • білім сапасын көтеру, оқушының әрбір пән бойынша мемлекеттік стандарт деңгейінде 100 пайыздық үлгерімін қамтамасыз ету;
  • оқу үрдісінің субъекттеріне қолайлы жағдайлар жасау;
  • оқушыларды жеке дифференциалды үй жұмысымен қамтамасыз ету;

дарынды балаларды дер кезінде анықтау және дамыту;

  • дарынды балаларды дер кезінде анықтау және дамыту;
  • оқыту сапасының мониторингін және диагностикасын, оқушы білімін бағалаудың әділеттілігін қамтамасыз ету;
  • оқытуда ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану.
  • Сонымен қатар оқыту әрекетінде мұғалім мен оқушының тығыз байланыста болуы, мұғалім бар күш-жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы, оқушының өз тарапынан белсенділік, дербестік көрсетуі, өзіне деген сенімділігін арттырады. Олай болса Тәуелсіз Қазақстан елінің еңсесі биік 50 елдің қатарына қосылуына жеткіншек тұлғаның бойына шығармашылық қалыптастыру арқылы ғана жете аламыз.

Гидравлика сабағында “Үш өлшемді әдістемелік жүйе” технологиясын қолдану арқылы оқушы білімін арттыру жолдары

  • Күні:
  • Пәні: Гидравлика
  • Тақырыбы:
  • Бернулли теңдеуі.
  • Негізгі мақсаты:
  • Білімділік: Энергияның сақталу заңы негізінде сұйықтар мен газдардың қозғалысын зерделеуді, Бернулли принципінің тұрмыста және техникада қолдану жағдайларын білу, Бернулли теңдеуіне, үзіліссіздік теңдеуіне есептер шығаруды меңгеру.
  • Тәрбиелік: Өзін-өзі бағалауға, жұппен жұмыс жасауға, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
  • Дамытушылық: Өз бетінше ізденіп жұмыс жасауға, ойын толық жеткізе алуға, өз бетінше шешім қабылдауға баулу.
  • І кезең. Төмендегі көпір тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді (15 минут)
  • «Көпір» тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары
  • 1. Неліктен екі кеме бір-біріне жақын жүзіп бара жатқанда олардың бірі екіншісі өткенше тоқтап тұруы қажет?
  • 2. Жоғарыдағы құбылысты қалай түсіндіреміз?
  • 3. Сұйықтар дегеніміз не?
  • 4. Ағыстың қандай түрлері бар?
  • Демонстрациялық тәжірибе
  • «Екі жолақ қағаз»
  • ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын дері толтырады (30минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10минут).
  • «Білу» тапсырмалары
  • 1. Идеал сұйық. Тұтқыр сұйық
  • 2. Ағыстың түрлері
  • 3.Үзіліссіздік теңдеуі. S1⋅v1= S2⋅v2
  • 4. Теңізде, мұхитта, каналда және көлдерде ағыстың қандай түрлері болады?
  • 5.Бернулли тұжырымы.
  • 6. Неліктен екі құбырда су екі түрлі (үлкен және кіші) жылдамдықпен ағады?
  • Түсіну тапсырмалары
  • 1. Идеал және нақты сұйықтардың элементар ағыншалары үшін бернулли теңдеуін жазыңыз. (Сұйық ағыны үшін)
  • 2.Ағынның орташа жылдамдығы және тірі қима арасындағы өзара байланыс қандай?
  • 3. Бернулли теңдеуінің геометриялық және энергетикалық мәні, олардың өлшем бірліктері қандай?
  • 4. Гидравликалық, пьезометрлік және геометриялық көлбеулік нені сипаттайды?
  • 5. Сұйық қозғалысы кезіндегі геометриялық, пьезометриялық және ағынды сызықтардың орналасу мүмкіндігін түсіндіріңіз?
  • ІІІ кезең (жеке жұмыс)
  • Деңгейлік тапсырмаларды орындап, балл жинау кезеңі
  • 1.Олардың әр қайсысы ағын бағыты бойынша горизонтальды бола ала ма?
  • 2. Кариолис коэффициентінің сандық мәні неменеге байланысты болады?
  • 3. Сұйық шығынын өлшеу тәсілдері мен әдістерін атап көрсетіңіз?
  • 4. Ағыстың тірі қимасының өлшемін өзгерткен кезде сұйық ағынындағы қысым өзгере ме?
  • 5.Есептерді шешіңіз.
  • Толық қимада жұмыс істейтін құбырдың гидравликалық радиусын анықтаңыз, егер оның диаметрі болса.
  • ІІ деңгейлік тапсырмалар
  • (4 балл)
  • «Түсіну» тапсырмалары
  • 1. Бернулли теңдеуінің геометриялық және энергетикалық мәні, олардың өлшем бірліктері қандай?
  • 2. Гидравликалық, пьезометрлік және геометриялық көлбеулік нені сипаттайды?
  • 3. Сұйық қозғалысы кезіндегі геометриялық, пьезометриялық және ағынды сызықтардың орналасу мүмкіндігін түсіндіріңіз?
  • 4.Ашық каналдың гидравликалық радиусын анықтаңыз, оның ені және тереңдігі .
  • ІІІ деңгейлік тапсырмалар
  • (3 балл)
  • «Жинақтау» тапсырмалары
  • 1.Вентури суөлшегіші орнатылған құбырөткізгіштегі сұйық шығынын анықтаңыз. Құбырөткізгіш диаметрі , су өлшегіштің қысылған бөлімінің диаметрі , пьезометр көрсеткішінің айырмашылығы
  • 2. және құбырөткізгіштерге арналған суреттерде тегеуріннің және пьезометрлік желінің сұлбасы көрсетілген:
  • а. идеал сұйық ағысы;
  • б. нақты сұйық ағысы.
  • 3.Судың теориялық шығынын анықтаңыз, егер Вентури суөлшегішіндегі үлкен және кіші қималардағы тегеурін айырмашылығы Құбыр диаметрі , суөлшегіштің цилиндрлік бөлімінің диаметрі .

Қорыта келе, « Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі » педагогикалық технологиясы арқылы мәселелер шешімін табатынын айтуға болады:

  • Қорыта келе, « Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі » педагогикалық технологиясы арқылы мәселелер шешімін табатынын айтуға болады:
  • Оқушылардың білім сапасы көрсетіледі олар әрбір пән бойынша мемлекеттік стандарт деңгейінің ең аз қажетті көлемін 100% үлгеріммен қамытуына кепілдік алады;
  • Қабілеті жететін пәндерден жоғары деңгейлерге дейін жете алатын болады;
  • Әр оқушыға үй жұмысы жеке басының қабілетіне сәйкес сараланып берілетін болады. Сол арқылы артық жүктемені жою мәселесі шешімін табады.
  • Дарынды балалар дер кезінде анықталып, дами алады.
  • Оқу сапасының мониторингісі және диагностикасы оқушы білімін бағалаудың әділеттілігі қамтамассыз етіледі.
  • Оқытуды ақпараттық технологиялар тиімді пайдаланады.

Назар аударғандарыңыз үшін рахмет!


Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет