«Үш тілде сабақ өткізу тиімділігі мен ұтымдылығы»



бет1/3
Дата20.06.2018
өлшемі13,47 Mb.
#43383
  1   2   3
Аксенова Альфия Ринатқызы

І санатты мектеп психологі,

І санатты бастауыш сынып мұғалімі

Батыс Қазақстан облысы,

Бөкей Ордасы ауданы,

Хан Ордасы ауылы,

Жәңгір хан атындағы ЖББО мектеп

«Үш тілде сабақ өткізу тиімділігі мен ұтымдылығы»

Кез келген ұлт-мемлекет – бұл, бірінші кезекте, оның бірегей мемлекеттік тілі. Қазақ тілін дамыту өзінің тарихында ешқашан осындай ауқым мен қарқынды білген емес. Бүгінде қаншама қазақ еместер қазақ тілін біледі! Мемлекет қазақстандықтардың барлық этностық топтарының тілдерін дамытуға қамқорлық көрсетіп келеді. Біз үштұғырлы тіл енгізу қарқынын өрістетудеміз. Қазақстандықтардың 20 пайызы қазірдің өзінде ағылшын тілін меңгерген. Яғни үш тілді білу – жаһандық өмірге жолдама алу деген сөз. Бұл – адамның өмірдегі табыстылығының қағидаты.

Біз тіл мәселесіне келгенде білім мен мәдениетті жиі шатыстырамыз. Қазіргі заманда білім беру мен мәдени тәрбие беру – бір-біріне жақын, бірақ екі бөлек жұмыс. Білім берудің міндеті – заманға сай білімі бар, тәжірибелі, білікті, жаңа технологияларды меңгерген, бәсекеге қабілетті азамат қалыптастыру. Осы арқылы өзінің, бала-шағасы мен отбасының, елінің игілігі үшін табыс таба алатын азамат қалыптастыру. Ал мәдени тәрбие берудің міндеті – адамды ұлттық болмысын сақтауға, туған тілін, тарихы мен мәдениетін игеріп, дамытуға үйрету, деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Басты проблема неде? Қазіргі заманғы білім мен ғылым негізінен басқа тілдерде, әлемдік тілдерде жасалады. 2014 жылы әлемде ағылшын тілінде 500 мыңнан астам жаңа кітап жарыққа шықты. Қазақ тіліндегі кітаптардың саны – 2300. Айырмашылық – жер мен көктей. Ғылыми әдебиетте де  осындай көрініс. Медицина саласында ағылшынша 15 мың, қазақша 100 жаңа басылым шықты.  Ғылым мен жаңа технологияда 30 мың және 200. Жыл сайынғы көрініс – осы! – деді Мемлекет басшысы.

Сапаны салыстырсақ та жағдай шамалас. Бұл – әлемдік үрдіс. Осы проблема Еуропадағы,  Оңтүстік Америкадағы, Азия мен Африкадағы елдердің басым көпшілігінде бар. Барлық мемлекеттер бәріне ортақ бір проблемамен бетпе-бет келіп отыр. Ол – аса ауқымды ақпарат тасқынын аударып үлгермеу мәселесі. Әлемдегі техникалық ақпараттардың 70 пайызы – ағылшын тілінде. Электронды тасымал құралдардағы ақпараттың 80 пайызы – ағылшынша. Жапон, қытай, орыс, француз, араб, түрік және басқа да тілдердің бәрін қоса алғандағы өзге тілдердің үлесі небәрі 20 пайыз. Осы тілдерді ғана білетін адамдардың ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі барынша шектеулі. Бұл айырмашылықты еңсеру тіптен мүмкін емес, деді Елбасы.

Әлемде білім саласының қарқынды дамитыны соншалық, оны ұлттар өз тілдеріне аударып үлгере алмайды, деп жалғады сөзін Президент. Біз аударғанша ол мәліметтер ескіріп қалады. Сондықтан жоғарыда айтылған салалар түгелімен ағылшын тіліне көшуде. Бұл үрдіс жыл өткен сайын кеңейіп, тереңдеп, жеделдеп барады. Сонда, жаһандану заманында бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылуға бел байлаған ел не істеуі керек? Тезірек әрекет жасауы қажет. Осыны түсінген ел өзгелердің алдында артықшылыққа ие болады. Оған мысалдар да жеткілікті: Сингапур, Малайзия, Корея, Гонконг, Тайвань, Біріккен  Араб  Әмірліктері.

Ағылшын тілінде бәрі бірдей еркін сөйлемеуі мүмкін, бірақ оқып, түсіне алады, деді әрі қарай Нұрсұлтан Назарбаев. Әлемдегі негізгі ақпараттарға қолы жетпейтін  ұлт бәсекеге қабілетті бола алмайды. Бұл – ХХІ ғасырдың заңы. Сондықтан ғылымда, медицинада жұмыс істейтін және мемлекеттік қызметтегі азаматтар ағылшын тілін тезірек меңгеруі қажет. Ұстаздар мен ата-аналарға айтарым – Қазақстанның білім беру саласында осы мәселе мұқият ескерілуі тиіс. Біздің мектептеріміздің бәріне ортақ бір үлгі қажет. Бұл үлгідегі мектепте Қазақстанның мәдениеті мен тарихы, тілі мен әдебиеті  қазақша, жаратылыстану пәндері ағылшынша үйретіліп, орыс тілі пән ретінде оқытылуы керек. Ұлттық тіл мен мәдениетті сақтап, дамыту әлемдік ақпараттан құралақан қалуға негіз болмауы тиіс. Мектептің соңғы сыныптарында және жоғары білім беру – бірте-бірте ағылшын тіліне көшу керек.  «Үш тұғырлы тіл» саясатының негізгі мәні – осы! Сондықтан Білім және ғылым министрлігіне Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп, Үш тілде білім беруді дамытудың жол картасын  жасау  қажет.[1]

Үш тілде оқыту – заман талабы. Негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік анықтауға қабілетті мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Үштілдік туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев білім және ғылым саласы қызметкерлерінің III съезінде сөйлеген сөзінде: «Ағылшын тілінің қажеттілігі әлемге тән қажеттілік, бүгінгі күн талабы. Ал орыс тілін жақсы білу – біздің байлығымыз» десе, 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген болатын.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеру адамның жеке және кәсіби қызметінің қазіргі қоғамның ажырамас компоненті болып отыр. Осының өзі үлкен көлемде адамдардың практикалық және кәсіби тұрғыда көп тілді меңгеру қажеттілігін тудыруда.

Ағылшын тіліне ерте жастан оқыту жақсы әрі еркін меңгеруге ғана емес, сонымен бірге адамның интеллектуалдық, тәрбиелілік және рухани потенциалын жақсартатынын бүгінгі таңда түсіндіріп жатудың қажеті жоқ. Көпжылдық зерттеу көрсеткендей, ағылшын тіліне ерте жастан оқыту балалардың жалпы және тілдік дамуын реттейді, бастауыш мектепте тәрбиенің жалпыбілімдік құндылығын көтереді, балаларды өзге ұлт мәдениетін білуге үйретеді.

Бүгінде еліміз жаңа ғасырдың табалдырығын абыройлы көрсеткіштермен аттап, дамыған елу елдің қатарына қосылуға бет бұрғандықтан, еліміздің білім беру жүйесі де әлемдік білім талаптарына сәйкес болуы тиіс. Сондықтан ақпараттық және коммуникативтік құзыреттілікпен қатар, бүгінгі таңда полимәдениеттілік білімнің базалық құзыреттілігі ретінде танылып отыр. Осыған орай Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің 7.08.2007 жылғы № 387 бұйрығының негізінде 2007 жылы қазақ мектеп-гимназиясында дарынды балаларға мамандандырылған үш тілде оқытылатын мектеп ашылды. Бұнда:


  • Жаратылыстану-математика бағытында бір не одан да көп пәндерді ағылшын тілінде оқыту;

  • Қазақ және ағылшын тілдерін тереңдетіп оқыту;

  • Орыс тілі мен әдебиет пәндерін орыс тілді мектеп бағдарламасымен оқыту ескерілген.

Білім беру жүйесі заман сұранысына лайықты білім беруді көздейді. Жаңа технологиялар мен ақпараттық комму ата-аналар қауымы да қолдады.никативтік құралдармен, техникамен жастардың бойына еліміздің рухын, ұлттық мәдениетін де дарыту болашақ үшін маңызды. Баланың бойына ұлтының ұлылығы ананың сүті, ананың тілімен дариды. Сондықтан ең алдымен тілді жетік меңгерту қажет.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақ» атты Мемлекеттік бағдарламасы Қазақстанның бүкіләлемдік білім жүйесіне енгендігінің куәсі.[2]

Осыдан екі жыл бұрын 1 сыныпқа жалпы барлық мектептерде ағылшын тілі оқытыла бастады. 2013-2014 оқу жылында 1 сыныпты алған кезде мен ІІ жартыжылдықтан бастап, үш тұғырлы тілді арттыру мақсатында сабақтарымды үш тілде өткізуді жөн көрдім. Алдымен сөздік жұмыстарынан бастадым. Мысалы: егер математика пәнінде алма туралы есеп шығарсақ, балаларға алманы көрсете отырып, оның үш тілдегі баламасын айтып беріп отырдым. «Бұл алма. Оны орыс тілінде яблоко, ал ағылшын тілінде apple деп атайды». Сабақ соңында жаңа сөздерді қайталаймыз. Кейін мен сергіту сәттерін ағылшын, орыс тілдерінде өткізе бастадым. 2 сыныпта сабақтың бір бөлігі үш тілде өтуі дәстүрге айналды. Әрине, мен сабақтың жоспарын жасамас бұрын ағылшын тілі пәнінің мұғалімімен ақылдасып отырдым. Ең бастысы: оқушылар үлкен қызығушылық танытып отырды. Сабақтарыма қатысқан ұстаздар да жағымды пікір айтып, бұл әдісті мектеп бойына еңгізуді жоспарға қойып отырмыз. Алдымен бұл жүйеге көшпес бұрын ұстаздың өзі үш тілді жетік меңгеру қажет және сауатты сөйлеу керек. Облыстық көлемінде өткен бастауыш сынып мұғалімдерінің олимпиадасында көрсеткен үш тілдегі мастер-класс сабағым жоғары бағаға ие болды.

Енді сол сабақтарымның жоспарларын ұсынамын:



Пәні:

Математика

Сыныбы:



Сабақтың тақырыбы:

Ондықтарды салыстыру. Айырманы салыстыру. Екітаңбалы сандарды косып, алуға есептер шығару. Қайталау сабағы.

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) ақпараттық құзыреттілік

Ондықтарды салыстыру. Айырманы салыстыру. Екітаңбалы сандарды косып, алуға есептер шығаруды қайталау.

Ә) коммуникативтік құзыреттілік

Ауызша, жазбаша сөйлесу арқылы өзіндік ойлау дағдыларын, есеп шығару нормаларын сақтауға, жауапкершілікке тәрбиелеу. Жинақылыққа, ұқыптылыққа, әкелерге мақтанышпен қарауға, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Б) проблеманы шешу құзыреттілігі

Өз әрекетін бақылау, салыстыру, шешім шығару біліктерін дамыту. Есептерді әдеттен тыс жағдайда қолдануға, мақсатқа сай шешімнің дұрыстығын дәлелдеуге үйрету, өзіндік бақылау мен бағалауға дайын болу.

Сабақтың түрі:

спортты-математикалық сабақ

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Білім беруді ізгілендіру, «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасы

Сабақтың әдісі:

түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік.

Пәнаралық байланыс:

Дене шынықтыру пәні

Оқыту құралдары:

интернет жүйесі: скайп бағдарламасы, магнитті тақта мен суреттер, АКТ

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу, түгендеу;

оқу-құралдарының дайындығын, сабақтың мақсат-міндеттерін таныстыру; бүгінгі сабаққа оқушылардың қызығушылығын ояту, назарын сабаққа аудару. -Сәлеметсіздерме, құрметті оқушылар, шақырулы қонақтар! «Мен әкеммен біргемін» атты спортты-математикалық олимпиаданы ашық деп жариялаймын!



Амандасады;

оқу-құралдарын дайындайды, сабақтың мақсат-міндеттерімен танысады;көңіл-күйі көтеріңкі болады



Сынып сабаққа психологиялық тұрғыдан дайын, мұғалім мен оқушының арасында ынтымақтастық қарым-қатынасы орнайды.

Сабаққа психологиялық дайындық


Қазақстан Республикасының әнұраны ойналалсын!

-Құрметті математикалық олимпиадаға қатысушы оқушылар, бүгінгі сабағымызды біздер 7 мамыр- Отан қорғаушылар күніне, яғни әкелерге арнаймыз. Олар бүгін математикалық ойлауды қажет ететін спорттық ойындар: тоғызқұмалақ, шахмат және шашкиден жарысқа түседі.

Бірге Қазақстан Республикасының әнұраны айтады.

Әкелеріне арнап өлеңдерін оқиды.




Бірге Қазақстан Республикасының әнұраны айтылады

Әкелеріне арнап өлеңдерін оқыды.




Негізгі бөлім. Есептер шығару

Оқушыларға тапсырмалар беремін

Оқушылар тапсырманы орындайды

тапсырмалар орындалып, жауаптары көрсетіледі

Біртаңбалы сандарды салыстыруға берілген есептер



Оқушылар 4<5, 10>5, 4=4 белгілерін қолдарындағы карточкалар арқылы көрсетеді.

Есептердің барлығы шығарылады

Айырымдылықты салыстыруға берілген есептер



Оқушылар 10-1=9, 8-2=6, 9>6, 6+4=10, 3+7=10, 10=10, 10-4=6, 4+4=8, 6<8

Барлық есептерді оқушылар шығарып, дұрыс жауаптарын айтады

Каталог: uploads -> doc -> 10bc
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
10bc -> Бастау 1 2 3 Сәттілік кезең
10bc -> Сабақтың тақырыбы: Батырлар жыры және Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі ерлік, елдік, тәуелсіздік. Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет