«Үш тілдің патшалығы» атты ойын-сауық кеші Мақсаты



бет2/2
Дата12.03.2018
өлшемі0,78 Mb.
#38923
1   2

6. «Өнерлі өрге жүзер». Балалар қазақ, орыс, ағылшын ұлттарына тән бір өнер түрін көрсетеді.

Қазақ биі, орыс биі, ағылшын биі.


Жүргізуші:

-Балалар, сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме?

- Иә.


- Енді «Ертегілер еліне саяхатқа» барамыз. Сендер қандай ертегілерді білесіңдер?

- «Бауырсақ», «Шалқан», «Жеті лақ», «Ешкі мен түлкі».

- Өте жақсы.
7. «Ерте, ерте, ертеде...». Балалар үш тілде белгілі бір ертегі желісін шағын сахналап, көрініс көрсетеді.

1. «Бауырсақ» ертегісі (орыстілді топтары қазақ тілінде).


2. «Курочка Ряба» ертегісі (қазақтілді топтары орыс тілінде).
3. «Шалқан» ертегісі (ағылшын тілінде).
Жүргізуші: Патшайым, қораптың ішінде бір нәрсе жылт-жылт етеді. Кәне, ашып көрейікші! Ой, Патшайым, қорап ішінде «Білім кілті» тұр. «Білім кілті» жалмауыз кемпірдің қолынан қалай келген?

Патшайым: Міне, балалар, мен сендерге айтып едім ғой, «Білім кілті» білімдінің қолына өзі-ақ келеді деп. «Білім кілті» сендерді адаспай тапқан екен.(Жалмауыз кемпір есік соғады).

Жүргізуші: Біреу есік қағып тұрған сияқты, есікті ашайын! М-м-м, жалмауыз кемпір, сізді мұнда кім шақырып еді? Балаларға тағы да қиянат жасамақшысыз ба?

Жалмауыз кемпір: Жоқ, менің балалар мен патшайымға айтар сөзім бар. Балалар, сендер үш тілге де жүйрік екенсіңдер ғой. Сондықтан «Білім кілті» менің қолымда ұзақ тұра алмады. Мен кілтті бекер ұрлап алған екенмін. Ай, ақымақ басым-ай! Сендерден және патшайымнан мың рет кешірім сұраймын. Балалардың үш тілге жетік екеніне көзім жетті. Енді мұндай жамандық жасамаймын. Мені кешіресіз бе, патшайым?

Патшайым: Алдымен, мұны балалардан сұрайық. Балалар, жалмауыз кемпірді кешіресіңдер ме?

Балалар: Иә, кешіреміз!

Патшайым: Балалар кешірсе, мен де кешіремін сені. Тек енді адамдарға ешқашан жамандық жасамаймын деп уәде бер!

Жалмауыз кемпір: Иә, патшайым, иә, балалар, мен енді ешкімге қиянат жасамаймын. Мен елімізде бейбітшілік пен білімді ұрпақ көп болсын деп тілеймін! Сау болыңдар, балалар!

Патшайым: Міне, балалар, енді «Білім кілті» сендердікі! Осы кілттің атына сай білімді де тілге жүйрік болыңдар! Әлі де алатын асуларыңыз алда. Сол асулардан сүрінбей өтіңдер дегім келеді.

Жүргізуші: Рахмет, патшайым, айтқаныңыз келсін! Ендеше,

Ақыл көпке жеткізер,

Өнер көкке жеткізер,- дегендей, гимназия бүлдіршіндерінің дайындаған өнерлерін тамашалайық!

Осымен «Үш тілдің патшалығы» атты кешіміз аяқталды. Барлық қатысушы бүлдіршіндерге үлкен рахметімізді айтамыз. Благодарим всех детей за участие!



Балалар «Алғыс хатпен» мадақталады.

Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет