Ш. юлдошева, А. Нисанбаева



бет14/18
Дата05.11.2016
өлшемі3,38 Mb.
#1023
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

3-сынып. Қазақ тілі.

Сабақтың тақырыбы: Сөз.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: 2-сыныпта оқытылған сөйлемнің сөздерден, сөз дыбыстардан құралатынын, дыбыс әріппен таңбаланатынын оқушылардың есіне түсіру, сөздің белгілі бір мағынасы болатынын түсіндіру.

Тәрбиелік: Оқушыларды сауаттылықңа, әдемі қатесіз жазуға дағдыландыру.

Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын байыту, сөздерді дұрыс қолдана білу қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Әдісі: Түсіндіру, көрнекілік.

Пәнаралық байланыс:



Көрнекілігі: Оқулық, кесте, топшамалар, дыбыстар кассасы, суреттер, т.б.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі.

(Оқушылармен амандасып, зейінін сабақңа аударамыз).



II. Өткен сабақты қайталап бекіту.
(Оқушылардан үй тапсырмасын жалпы сыныпты

қатыстырып тексеріп, оқушылардың өткен тақырыпты қаншалықты меңгергенін байқау).



III. Жаңа сабақ.

(Оқушылардың сөз туралы ұғымдарын кеңейту, олардың 2-сыныптағы білімдеріне негізделеді. Ең алдымен оқушылардың сөз туралы не білетіндерін тексеріп, бұрын айтылған ұғымдарды сұрақ қою арқылы, өздеріне сөз мағынасының мәнін аштыру).



  • Балалар, біз жыл басынан бері дыбыстар туралы көп мағлұматтар алдық. Ал осы дыбыстардан не құралады?

  • Сөз құралады.

  • Ал сөзден ше? Олар не құрайды?

  • Олар сөйлем құрайды.

  • Сөйлем қанша сөзден құралады?

  • Сөйлемдегі сөздердің саны әр түрлі болады. Өткен материалды меңгерген оқушылар осылайша жауап береді. Ал оны ұмытыңқырап қалған бала сұрақ-жауаппен әңгімелесу барысында ғана еске түсіреді. Бұл білім дағдылары төмендегі кестені талдау барысында жинақталып, кеңейтіле түседі:

Сөз тақырыбына арналған кесте:

Дыбыстар

Сөздер

Сөйлем

К-і-т-а-п

Кітап

Кітап — білім бұлағы.

Б-і-л-і-м

Білім

Белгілі бір ойды

Б-ұ-л-а-қ

Бұлақ

бейнелейді. Сөздердің

Дербес тұрғанда

әрқайсысы белгілі бір

саны әр түрлі болады.

мағынасы жок,

мағынада аитылады,




жазғанда әрштермен

дыбыстардан




таңбаланады

кұралады, буынға бөлінеді.




Оқушылардың сабақңа деген қызығушылығын арттырып, олардың тақырыпты меңгеріп кетуіне орай кестемен жұмыстан кейін "Кім жылдам?" ойынын ұйымдастырамыз. Ойынның шарты: Қол көтеріп шыққан бала мейлінше аз уақыт ішінде үстел үстіндегі кесте әріптерден өзіне керектісін тез таңдап алып, тақта жанына ілінген әріптер кассасына апарып, алдымен сөздер құрасты-рады, содан соң ол сөздерден сөйлем құрайды. Сағатқа қарап әр баланық уақытын белгілейміз. Сөздер мен сөздердітез, дұрыс және күрделі етіп құрған оқушы жеңген болып есептеледі. Бұл ойыннан кейін дыбыстардан сөз, ал сөзден сөйлем құралатынын біліп алған оқушылар 215-218 жаттығуларды ауызша қиналмай орындайды. Сонымен қатар 216-217-219 жаттығуларды жазбаша жазып, жаттығуға байланысты берілген тапсырмаларды орындау әр оқушыдан жеке-жеке талап етіледі. Сөз тақырыбы жеңіл болғандыңтан, Оқушылар жаттығуларды орындап болғаннан кейін, балалардың сөз туралы алған білімін пысықтап, бекіте түсу үшін әр оқушыға білім деңгейіне қарай тақырыпқа байланысты топшамалар беріледі. Олардың үлгілері мынадай:

1 топшама.

Көп нүктенің орнына төменде берілген сөздердің тиістісін қойып, өлеңді көшіріп жаз.

Торғай келді, торғай келді,

Бірін-бірі келді.

Өрісінен менің қозым

Кешке үйге келді (тоңбай,қорғай).

Жаз шуағы берді,

Қаз, үйрегім келді.

Өрісінен менің қозым

Ақ саулықты келді.

(еміп, кәрік, еріп).

2 топшама.

Төмендегі сөйлемдердің тиісті жеріне жақша ішіндегі сөзді қойып, төрт сөзден тұратын сөйлемдер құрап жаз:

1. Асанның иті бар (қабаған). 2. Жапыраңтар жерге түсті (сарғайған). 3. Кітапта суреттер көп (әдемі). 4. Мұрат жүгіріп келді (қатты).

3 топшама.

Төмендегі төрт сөзден құралған сөйлемді үш сөзден құралған сөйлем етіп жаз.

Үлгі: Апай сыныпқа асыға кірді.

Апай сыныпқа кірді.

Балалар түгел орындарынан тұрды. Тақтаға өдемі сурет ілінді. Бүгінгі сабақ қызықты өтті.

4 Топшама.

Төменде берілген сөздерді қатыстырып үш сөйлем құра: Көшеде, ойынға, ойнап, көп, қосылдым, біздің, Балалар, жүр, олар, мен, де.

Оқушылардың өз беттерімен орындаған жұмыстарын, яғни топшамаларын жинап алып, Бұдан кейін тағы да сөз мағыналары бойынша шығармашылықпен жұмыс жүргізіледі. Ол үшін алдын ала дайындаған суреттерді көрсетіп, сол суреттер бойынша сөйлем құрауды оқушыларға тапсырады. Құрамына көп сөз қатыстырып, дұрыс сөйлем қүрған оқушыларды ынталандыру қажет. Сонымен қатар сөйлем құраған оқушыларға, сол құраған сөйлемнің неше сөзден құралғанын сұрап түрлі бағытта тапсырмалар беріледі.

V. Қорытынды.

Сабақты қорытындылау кезінде жоғардағы кестеге оқушылардың назарын аударып, сөз туралы мағлұматтарды еске түсіреміз:



  • дыбыстар сөз жасайды;

  • сөздер белгілі бір мағынада айтылады;

  • сөздер буынға бөлінеді;

  • сөздердің бірнешеуі қосылып, сөйлем құрайды;

  • сөйлемде ой болады;

  • сөйлем құрамындагы бір сөз түсіп қалса, сөйлемдегі ой да түсініксіз болып қалады.

VI. Үйге тапсырма: Үйге оқулықтағы 220-жаттығу беріледі.

  • Сабақ аяқталды.

  • Сау болықыздар!

  • Сау болықыз!

Бкінші сабақ. 3-сынып. Қазақ тілі.

Сабақтың тақырыбы: Сөз құрамы тақырыбын қайталау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: "Сөзқұрамы" тақырыбы бойынша оқушылардың алған білімін пысықтау.

Тәрбиелік: Сабақ барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын байыту, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: жарыс.

Сабақтың әдісі: кернекілік, ойын.

Пәнаралық байланыс: ана тілі.

Сабақтыңкөрнекілігі: кестелер, топшама, жаңылтпаш.

Сабақтың барысы:

/. Ұйымдастыру бөлімі:

(Оқушылармен амандасып, назарын сабаққа аудару).

17. Үй жұмысын тексеру, қорытындылау.

(Үй тапсырмасын тексеріп, өткен сабақты қорытындылау).

III. Жаңа сабақ:

(Оқушыларға сабақтың ерекше өтетіндігін хабарлап, оларды қатар бойынша үш топқа бөліп тастаймыз. Содан кейін жалпы сөз құрамы бойынша барлық тақырыптарды қамтып, ауызша сұрақтар, әр тақырыптардың ережелерін сұрап үш топты жарыстырамыз. Қай топтың оқушылары көп жауап берсе, сол топқа үпай қосылып отырады.



1)

Келесі екінші турда оқушылардың ойлауын қажет ететін басқатырғы ретінде мынадай тапсырма беруге болады:

қ










Қ


қ










Қ

қ










Қ

к










к

н










н

Қ










Қ

к










к

т










т




Оңнан солға қарай оқылса да, солдан оңға қарай оқылса да өзгермейтін бес әріптен тұратын 8 сөз ойлап жазу. Мысалы: қызық, қырық, қазақ, кесек, надан, қалақ, кебек. (Қай топ көп сөз тапса, сол топқа ұпай қосылып отырады).

2) Мына сөздердің ішінен солдан оңғақарай оқығанда жаңа сөз шығатын сөздерді теріп жазу. Сөз мағынасын ашу.

Қолқанат ішік есек түс

Тымақ нарың балық күрек

Нағашы шұлық қысым ұршық

3) Екі сөзді сызықпен қосып, бір сөз шығару және ол сөздер қай сөздер тобына жататынын сұрау.

4. Сөздердің оң жаңта бір бөлігі, сол жаңта екінші бөлігі берілген. Екі бөлікті қосып, күрделі сөз жасау. Сөз мағынасын түсіндіріп көру:



5. Оңнан оқылса да, солынан оқылса да өзгермейтін үш әріптен тұратын он сөз ойлап жазу (а - дан басталмайтын болсын).



Мысалы: нан, шаш, қаң, кек, көк, тот, тұт, сұс, іні, қүқ, т.б. Кейбір сөздерден сөз тіркесін жасап, мысал келтіру (кек алу, қақ тілу, тұт жинау, тот басу, қүқ қорғау). Осы турдан кейін оқушыларды сергітіп, әрі бірнеше мағынасы бар сөздер туралы берілген білімді орнықтыру үшін ойын ұйымдастыруға болады.

"Жаңылтпаштар" ойыны.

Ойынның шарты: Оқушыларға жаңылтпаш айтамыз. Жаңылтпашты бірден ұғып алған оқушы он қайталап, құрамында әр түрлі мағынада қолданған сөзді табуы тиіс.



Жаңылтпаштардың үлгілері:

  1. Көрмеген үш қыс 3. Таптырмай қырдан құр,

Көкеңді ұшқыш Қайттық біз, құрдан құр.

Құшаұтап қыс, қүш. 4. Тымақ киіп қасқа басқа,



  1. Алма, алмабал ал, Міндім мен басыңа қасқа.

Жая алма, жал ал.
7. Берілген буындардан сөз құрап жазу.

Жай

зе

ре

шық

о

Лау

Ба

те

ғай

Жа

ҮР

рын

пан

ла

За

дық

ше

Кө

найзағай, терезе ұршық, көше

балапан орындың, жалау

8. Сөзден сөз шығару.

кемпір қос





қосақ сақ

кем аң


пір (түту) ем (емдеу)

дөң – қырат ел - халық

дөңгеле – айналу еле - ұнды елеу өң- кәрік

ек - егін ек кел - мында кел



9. Жұмбақты шешу: (жұмбақтың шешуінде кездесетін і - әрпі мына сөзжұмбаққа сәйкес келуі керек.





1. Үңгірдіжайлаған
Сүйексіз, тиексіз
Жылмандап,
сайраған.

(Тіл).


2. Адамның сәні
Онсыз жоқ мәні. (Киім).

  1. Жұдырықтай тұрқы, ошағанға үңсас сырты. (Кірпі).

  2. Адамдардың киімін, ұстап тұрарлығым. (Ілгіш).

Іртік-іртік сүттен қайнатып кептірген.

Тәттідәмібар,

Кім бар оны жеп кәрген. (Ірімшік).

10.Осы тапсырмаларды дұрыс орындағандарға лабиринттегі жасырылған сөз арналады.





Бұл сабақты жарыс түрінде, сонымен қатар ойын әдісін пайдалана отырып оқушылардың әрі білімін тексеру үшін, әрі өзімізді тексеру үшін қолайлы әдіс. Кез келген сабақта сөзбен жүргізілетін жұмысты түрлендіруге болады. Бұл жұмыстар баланы бір жағынан қызығушылығын оятып, шығармашылық белсенділікке ынталандырады.

Әр түрлі бағытта сабақ өткізгеннен кейін, оқушылардың білімін қолданып отырғанды жөн көреміз. Мысалы:


Каталог: uploads -> books -> 47828
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева Қазіргі әдеби процесс
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Методикасы кафедрасы
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби
47828 -> Низами атындағы тмпу-дың Қазақ тілі және әдебиетін оқыту әдістемесі кафедрасының доценті Е. Абдувалитовтың “Абай халық данасы” тақырыбындағы сабақ үлгісі
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби
47828 -> Низомий номидаги тошкент давлат педагогика университети


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет