Ш. юлдошева, А. Нисанбаева



бет15/18
Дата05.11.2016
өлшемі3,38 Mb.
#1023
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Сөз құрамы

1. Жазушы сөзіндегішы, жұрнақ па, жалғау ма?

а) жұрнақ; б) жалғау.



2. Таза қандай сөз (түбір, туынды).

а) түбір сөз; б) туынды сөз.

3. Керуеншілер сөзі қандай сөзге жатады?

а) түбір сөз; б) қосымшалы сөз.

4. Тасбақа сөзі қандай сөз?

а)біріккен; б)ңоссөз.



5. Жарқ-жұрқ қандай сөзге жатады?

а) біріккен сөз; б) қос сөз, т.б.

Осындай бағытта оқушылардың білімін тест әдісін қолданып үнемі тексеріп отырсаң, бұл оқушылардың да білім сапасын, өз еңбегіміздің нәтижесін де көрсеткен болареді.

Біз осы мемлекеттік машық кезінде оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып сабақ өткізу, оның нәтижесін тексеру бағытында жұмыстар жасадың.

Жалпы қай мұғалім болсын жаңа технологиялық бағытта сабақ жоспарын құрған кезде мынадай мәселелерге ерекше көңіл бөлген жөн.



Сұрақтар мен тапсырмалар:


  1. Бастауыш сыныпта сөз құрамын оқытуга үйрету.

  2. Сөз құрамы тақырыбы - бастауыш сынып оқушылары үшін ерекше мәселе.

  3. Сөз құрамы туралы білім беру - грамматикалық оқытудың негізгі мәні.

4. Бастауыш сыныпта сөз құрамын топтап, жүйелеп оқы-ту жолдары.

  1. Сөз құрамын үйрету - сауаттылық негізі дегенді қалай түсінесің?

  2. Сөз құрамына арналған жаттығу жұмыстарының түрлері және олардың тиімділігі.

  3. Сөз құрамын оқытуда ойын элементтерін енгізу және олардың маңызы.

  4. Сөз құрамына байланысты сабақ жоспарларын жаса.


ЖАЗУ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

1-тақырып. Грамматика мен жазу сабақтарының түрлері

Білім мен дағды беруде іске асырылатын оқу жұмысының ең негізгі түрі - сабақ болып есептеледі.

Оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру мен шығармашылық қабілетін қалыптастыратын сабақ түрлері негізінен мыналар: біріккен сабақ, жаңа сабақ, қайталау, бекіту, жаттығу, Оқушылардың білімі мен дағдысын есепке алу сабағы, жазу сабақтарын талдау сабағы, саяхат, диспут, бәйге, ойын, т.б. сабақтар.

Біріккен сабақта үй тапсырмасын тексеру, бұрын өтілген материалды қайталау, жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау, түрлі жаттығу жұмыстары, өз бетімен орындайтын жұмыстар, үйге тапсырма беру, сабақты қорыту, т.б. жұмыс түрлері орындалады.

Біріккен сабаққа қойылатын талаптар:


  1. сабақтың әр бөлігі жымдасып, жүйелі бір тұтас сабақ болып өтуі қажет;

  2. Оқушы сабақтың тақырыбы мен мақсатын анық түсінуі қажет;

  3. сабаққа қажетті материалдарды алдын ала іріктеп алып, толық дайындалған жөн;

  1. сабақтың жоспары жасалуға тиіс.

Сонымен қатар мынадай дидактикалық талаптар да қойылады:

  1. Жаңа материал өткен материалмен байланысты және оған негізделіп келуі шарт.

  2. Тәрбиелік мәні күшті мысалдарды іріктеп қолдану қажет.

  1. Жаттығудың түрлері, формасы мейлінше түрленіп отырылуға тиіс; (грамматикалық тапсырмалар, жазба жұмыстары, көшіру, сөйлем құрастыру, мазмұндама, шығарма).

  2. Қайталауды сабақ сайын ұйымдастыру, оқу жылы-ның басында, бөлім сайын, тоңсан аяғында.

  3. Сабақтың әр минутын үнемдеп пайдалану. Ол үшін алдын ала жүйелі жоспар жасау, оқу құралдарды дайындау.

  1. Мұғалімнің түсіндірмесі анық, қысқа, нақты, тартымды болуы керек.

  2. Грамматика мен жазу сабақтарында тіл дамыту жұмысы іске асырылып отыру керек.

  3. Қазақ тілі сабақтарында кесте, схема, дидактикалық материал, суреттер, заттар, техникалық-ақпараттық құралдарды пайдалану.

  4. Оқушылардың жас ерекшеліктері мен жеке ерек-шеліктерін ескеру; Сабақ бірде өткен материалды жаңа материалмен бай-ланыстырудан басталса, бірде жаңа материалды түсіндіруден не жаттығу жұмыстарынан басталады. Оқушылар сабақ бойы орындаған істердің негізінде бағаланады. Сабақ барысында байқау, түсіндіру, әңгіме, жаттығу, кітапты пайдалану, грамматикалық талдау, т.б. әдіс-тәсілдерді пайдаланамыз. Бұлардың барлығын бірден пайдалану мүмкін емес, тиімді деп табылғандарын ғана алуымыз қажет.

Сабақта үй тапсырмасын тексеру бөлігінде оқушылар тапсырманы қалай орындағандарын, не білгендерін айтады және сыныпта істеген жұмыстарының нөтижесін береді. Жаттығуларды талдап, қателерін түзетеді.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіруде мұғалім тақырыпты тақтаға жазады және оқушылардың дәптерлеріне жаздырады. Мысалы, тақырып: "Бір буынды және көп буынды сөздерді буынға бөлу". Мақсаты: бір буынды және көп буынды сөздерді буынға бөлу сөздерін ажырата білуге үйрету.

Жаңа материалды түсіндіру барысында оқушылар мұғалімнің көмегімен тақтаға немесе плакатқа жазылған сөйлемдерді, сөздерді оқиды, олардың арасындағы байланыстарды анықтайды. Жаңа материалды бекіту бөлімі де түрлі жолдармен ұйымдастырылады, оқушыларға жаттығулар орындату, жатқа жазу жұмыстары, топшамалар арқылы жүргізілуі мүмкін.

Үй тапсырмасын оқушылар дәптерлеріне жазып алуы тиіс.

Сабақтың әр бөлімі әр түрлі дәрежеде ұйымдастырылады. Мысалы:

Үй тапсырмасын мұғалім толық және ішінара тексеруі мүмкін.

Егер оқушылар үйге берілген жаттығуды түгел оқып, қалай орындағанына түсінік беріп шықса - толық тексеру, ал кейбір маңызды сөздерді, немесе сөйлемдерді ғана іріктеп оқытып, талдатса ішінара тексеру жүзеге асады. Сонымен қатар тексеру жалпы және жеке де болады. Алғашқысында оқушылардан түгел сұралып, же-ке тексеруде Оқушы мұғалімге дәптерін тапсырады.

Жаңа материал мұғалімнің түсіндіруі арқылы да, әңгіме әдісі арқылы да өткізіле береді. Бастауыш мектеп жасындағы балалар үшін әсіресе әңгіме әдісі тиімдірек, әңгіме барысында сұрақ-жауап қолданылады. Қойылған сұрақтарға қарай балаларға кітаптағы ережені оқымас бұрын қорытынды шығарту көзделеді.

Үйге берілетін тапсырмаларда балалардың белсенділігін, өздіктерінен орындай алу қабілетін жетілдіру мақсаты көзделуге тиіс.

Мұғалімнің қабілеттілігі мен шеберлігіне байланысты байланысты сабақтың әр бөлімі немесе кезеңі әр түрлі ұйымдастырыл ады.

Жоғарыда көрсетілген бөлімнің барлығы бірдей бір сабақта міндетті түрде іске асырыла берілмеуі де мүмкін. Кейбір сабақтарда жаңа материалдар түсіндірілмесе, кейбіреуінде үй тапсырмасы тексерілмеуі де мүмкін.

Сирек болғанымен, кейде түгелдей жаңа материалды түсіндіруге арналатын жағдайлар да кездеседі. Мұндай сабақ жаңа материалды түсіндіру сабағы болады.

Сабақтың бұл түрінде мұғалімнің назары материалды оқушылар санасына жеткізуге арналады да, уақыттың дені осыған жүмсалады. Жаңа материалды өткен материалмен байланыстырып сабақтың басында, жалпылай қойылған сұрауларға жауап алу арқылы немесе кіріспе әңгіме арқылы немесе жаңа материалды түсіндіру процесінде өткен материалдармен салыстыру арқылы іске асырылады. Өткен мен жаңа материалды байланыстыру арқылы мұғалім оқушылардың ықыласы мен ынтасын оятып, жаңа материалды меңгертуге дайындық жасайды.

Жаңа материал оқушылардың санасына байқау, тү-сіндіру, грамматикалық талдау, кітапты пайдалану, әңгіме әдістері арқылы жеткізіледі. Бұл әдістердің қашан қолданылатыны материалдың көлеміне, сабақтың мақсатына байланысты .

Жаңа материалды түсіндіру сабағында оны бекітуге арнайы уақыт бөлінбейді. Материалды оқушылардың қаншалықты түсінгенін байқау үшін, сыныпқа сұраулар қоюға немесе бір-екі сөйлемді талдатуға болады. Үйге берілетін тапсырма шағын, творчестволық сипатта болуы керек.

Жаңа материалды түсіндіру сабағы белгілі бір тақы-рып бойынша оқушыларды бөлшектемей, тұтас білім беру керек болған жағдайда өткізіледі.

Оқушылардың білімін бекіту сабағында жаңа білім берілмейді, оқушылардың алдыңғы сабақта алған білімін жетілдіру мен дағдысын қалыптастыра түсу мақсаты көзделеді. Сондықтан мұндай сабақтарда түрлі-түрлі жаттығулар жүргізіледі, арнаулы талдаулар жасалады; өткен материалдардан түсінбей қалған жерлерді пысық-тайды.

Кейбір жағдайларда, әсіресе белгілі бір үлкен тақы-рыпты аяқтаған кездерде оқушылардың өтілген материалдардан алған білімі мен дағдысын есепке алу сабағы жүргізіледі. Бұл сабақтар, бір жағынан, өтілген материалды қайталау, қорытындылау мақсатында ұйымдастырылады. Мұнда оқушылардың алған білімі мен дағдысы ауызша да, жазбаша да тексеріледі. Балалар түрлі жаттығулар орындайды, мәтіннен қажетті объектіні табады, мысалдар келтіреді, талдау жасайды, диктант, мазмұндама, шығармаларжазады. Оқушылар жазу жұмыстарында кететін қателерді болдырмау мақсатында кейбір жағдайларда сабақ түгелдей жазу жұмыстарын талдауға арналады.



Сабақтың тақырыбы: Сын есімді қайталау.

Сабақтың білімдік мақсаты:

а) Абай өлеңдері арқылы сын есімнің оқушы тіліндегі қолданыс аясын кеңейту.

ә) Оқушының сөздік қорын молайтып, шешен сөйлеуге үйрету.



б) Сын есімді соз ішінен ажырата білуге үйрету.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты:

а) Абай тағылымына баулу.

ә) Оқушыны өнерді түсіне білуге, сұлулықты сезіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың дамытушылық мақсаты:

а) Өленнің қыр-сырын меңгеріп, өлеңмен жазылған шығарманы түсіне білуге үйрету.

ә) Жекелеген оқушылардың дарақабілеттерін ұштау.



б) Шығармашылыққа, көркем соз өнеріне баулу.
Сабақтың түрі: Білім мен дағдыны бекіту сабағы.
Сабақтың әдісі: Поэзия сабағы.

Сабақтың көрнекілігі:

Абайдың портреті. Үстел үстіндегі орналастырылған жадыраған жаз көрінісі.



Пәнаралық байланыс.

Ана тілі, ән-күй, табиғаттану.



1. "Қазақ тілі — ардағым" әнін хормен орындаудан басталады.

Қазақ тілі - өз тілім, ана тілім, Абай,

Мұхтар сөйлеген - дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Қуанышым, бақытым, даратілім.

Сен арқылы биікпен теңесемін.

Өлең жазып, ой толғап оз тілімде,

Шыңға қадам басамын, мен өсемін.

Ән оқушылардың қазақ тілі пәніне сүйіспеншілігін арттырады.

Үй тапсырмасының орындалуын тексеру: кок, әдепті, өнерлі, қаңбақтай, жақсы сын есім создерін қатыстырып, жазған сөйлемдері оқылып, талданады.



Білімі мен дағдыны бекіту.

Сабақтың келесі кезеңінде оқушыларды қатыстыра жүргізген мұғалім әңгімесі:

- Балалар, сын есімнің көптеген түрін есте сақтап, жасалу жолдарын меңгерген екенсіздер.

Айналадағы әсемдікті, табиғат кәріністерін, жыл мезгілдерін өлең жолдарымен ернектеп, Көркем созбен суреттеген біздің ақындарымыздың өлеңдерінде сын есімдер көптеп кездеседі. Әсіресе қазақтың ұлы ақыны Абай өлеңдері сын есім сөздеріне тұнып тұр десек, артық емес. Бүгінгі сабақ барысында Абай шығармаларымен жұмыс жасап, сын есім туралы білімімізді кеңейтеміз.



  • Абай кім?

  • Қазақтың ұлы ақыны.

  • Қандай өлеңдерін оқыдыңыздар?

  • "Күз".

  • "Қыс".

  • "Жазғытұры".

  • "Жаз".

  • "Ғылым таппай мақтанба".

  • Абай қай жерде дүниеге келген.

  • Абай Семей облысында дүниеге келген?

Абай аталарын 1844 жылы Семей облысында дүниеге келген.

Бүгін сабақта Абайдың 2, 3-сыныпта оқып үйренген өлеңдерін еске түсіріп, жаңа өлеңдерімен танысамыз. Абай өлендеріндегі сын есім сөздерін анықтаймыз. Абай жьшдың 4 мезгіліне арнап өлең жазған. 4 маусымдағы табиғат ерекшелігін өлеңмен суреттеген.

- Абайдың "Күз" атты өлеңін кім еске түсіреді?
(Бір оқушы жатқа айтады).

Сұр Бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тоңғаны ма, тойғаны ма.

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.


  • Осы өлеңдегі сын есімдерді атайықшы.

  • Суық, сұр, дымқыл.

  • Енді Абай атанық "Қыс"атты өлеңін жатқа жазамыз. Бұл өлеңнің ең алдымен қалай жазылатынын еске түсірейік.

  • Өлеңнің әр жолы бас әріппен, жаңа жолдан бастап жазылады.

(5-6 оқушы өлеңді жатқа айтады. Өлеңнің алғашқы шумағы жатқа жазылады).

Ақ киімді денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы-ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Сын есімдер анықталып, ауызша сұрақ қойылды. Осы өлеңде ақын сөзбен қысты мүсіндеп береді, сөзбен сурет салып, қысқа жан бітіріп, оны адам кейіпінде көрсетеді. Енді бір сәт қысты ұмытып, "Жайдарлы жаз" көрінісіне назар аударайықшы.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа дайындау. Көкорай шалғын бәйшешекке оранған даланы көріп отырсыңдар. Осы көріністен өздеріңді тағы қандай құбылыстар қызықтырады? Оқушылар жауабы:


  • Алыстан сылдырап аққан өзен кәрінеді. Өзен бойын жағалай аппақ киіз үйлер тігілген.

  • Өзенде аққу, қаз жүзіп жүр.

  • Биік шалғын арасында жылқылар жайылып жүр.

  • Балалар, шалғын арасында жылқылар жайылып жүр.

  • Балалар, алдарыңдағы құрастырмалы композиция бойынша сендер жаз кәрінісін тамаша суреттедіңдер.

Енді жаз кәрінісін ақын Абай қалай суреттеген екен, тыңдап кәрелік. "Жайдарлы жаз" көрінісінің жанында 2 оқушы кітаптан Абайдын "Жаз"өлеңін мәнерлеп толық оқыды. Оқушылар өлеңді мұқият тыңдап, сын есімі бар өлең жолдарын тақтаға жазады. Қыз-келіншек үй тігер, Ақ білегін сыбанып.

Енді Абай өлеңдерінен алған әсерлерің бойынша жаз кәрінісіне сын есімі бар сөйлемдер ойлап жазыңдар.

Оқушылардың құрастырған сөйлемдерінен үзінді:


  1. Өзенде жүзген аққу, қаз, гүлге қонған әсем көбе-лектер - жазғы жайлауға ерекше кәрік береді.

  2. Алыстан алты қанат ақ боз үйлер көз тартады.

  3. Жаз мезгілі адамның көңілін көтеріп, көп қуа-нышқа бөлейді.

  4. Жазда жасыл жайлауда демалған ұнайды.

  5. Абай ауылына жазда қонақтар көп келетін, қызық-ты әңгімелер айтылатын.

- Иә, Абай ауылына жазда қонақтар көп келетін. Абай жолдастарын жанына алып, ән тыңдауды, әңгімелесуді жақсы кәретін.

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсен, менше сүй, деп ақын жырлағандай, ендігі кезекті әнге берейік.

Оқушылар Абайдың "Желсіз түнде жарық ай" өлеңін әнімен орындап, сергіту сәтін өткізді.

Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп,

Ауылдың жаны - терең сай,

Тасыған өзен күрілдеп.

Қалық ағаш жапырағы,

Сыбырласып өзді-өзі.

Кәрінбей жердің топырағы.

Құлпырған жердің жер жүзі. Өлеңдегі сын есімдердін мағынасына қарай қай топқа жататыны ауызша анықталып, осы өлеңдегі сын есімдерге қарсы мағыналас сын есімдер ойлап табу тапсырылды.

Оқушылар мынадай сын есімдер ойлап тапты:

Желсіз - желді.

Жарың - қараңғы.

Терең - саяз.

Қалық - жұқа.

Енді Абайдың "Қансонарда бүркітші шығады аңға" өлеңімен танысамыз. Бұл өлең мазмұнында Қазақтың бүркітпен аң аулау кәсібі туралы айтылады.

(Өлеңді мұғалім өзі мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіреді).

Оқушылардың ұлттың салт-дәстүрді үйрену дәптерлеріне мына сөздер жазылып, мағынасы түсіндірілді:

Қансонар - жаңа жауған қар үстіндегі аңның ізі.

Құсбегілік аңшылық - қазақ халқының кәсібі.



Осы өлеңнен зат есіммен байланысты сын есімді, яғни сөз тіркесін жазу тапсырылады.

Кітаппен жұмыс жасай отырып, Оқушылардың жаз-ған сөз тіркесі мыналар: жақсы ат, тату жолдас, ыңшам киім, қар - аппақ, түлкі - қызыл, бүркіт - қара.

Абайдың "Аттың сыны" өлеңін мұғалім өзі мәнерлеп оқып, үнтаспаға тыңдатады. Оқушылар тыңдай отырып, сын есім сөздерді есте сақтап, теріп жазады: омыраулы, шығыңңы, салпы, майда, ұзын, жуан, тақыр, жұмып, жалпақ, кең, тар.

Балалар, енді назарымызды тақтаға аударайық.

Абайдың мына даналық сөздерін жаттап алып, дәптерлерімізге жазайық, есте сақтаңдар.

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Ендігі кезекті ойынға берейік. Ойынның аты: "Мақал қуаласпақ".

Балалар мен мақалды бастаймын, сендер жалғастырасыңдар.

Мұғалім: Досына достық - қарыз іс.

Оқушы: Дұшпанына әділ бол.

Мұғалім: Әсемпаз болма әрнеге.

Оқушы: Өнерпаз болсан, әрқалан.

Мұғалім: Еңбек етсең ерінбей.

Оқушы: Тояды қарның тіленбей.

Мұғалім: Білімдіден шыққан сөз.

Оқушы: Талаптыға болсын кез.

Үйге тапсырма:

Оқушыларды қабілетіне қарай үш топқа алдын ала бөліп, үйге мынадай тапсырмалар беріледі:

1-топ. Жаз кәрінісі бойынша "Жайдарлы жаз" тақырыбына шығарма жазу.

2-топ. а) "Жайдарлы " тақырыбына сурет салу. ө) "Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы" атты өлеңдегі сын есімдерге қарсы мағыналас сөз ойлау.

3-топ. "Болмасаң да ұқсап баң" деп Абай ата айт-қандай, "Жаз" тақырыбында өлең шумақтарын құрастыру.

Қорытынды:

Сабақты бекіту кезінде, сабақ барысында Абай өлеңдерінен үйренген сын есім сөздер жинақталып, оқушылар осы сөздерге сөйлем ойлайды. Сын есімді пысықтау мақсатында ойлы тапсырмалар беріліп, оқушылар жауа-бы сараланды. Қорытынды кезінде Абайдың артында қалдырған мұрасы, ғасырдан-ғасырға жалғасып, үмы-тылмайтын - оқушылар үшін ұлағатты тағылым-тәрбие екенін айтып кету.


Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Сабақтың қандай түрлері болады?

  2. Олардың әр түрін сипаттап түсіндіріңдер.

  3. Біріккен сабақ дегеніміз не?

  4. Әр сабақтың түріне жоспар жасаңдар.

  5. Сабаққа қандай дидактикалық талаптар қойылады?

  1. Осы талаптарды басшылықңа алып, грамматикадан белгілі тақырып бойынша бір сабаққа талдау жасаңдар.

  2. Өздерің қатысқан сабақтарда оқушыларға өз бе-тімен орындайтын қандай жұмыс түрлерін ұсынар едің-дер?

2-тақырып. Бастауыш сыныптағы диктант, оның түрлері

Диктантты есту факторына негізделген жаттығу жұмыстарының бірі деп атау керек. Бастауыш сыныптардадиктанттың есту, түсіндірмелі, терме, еркін, бақылау, өздік және шығармашылық тәрізді түрлері қолданылады. Ал жаздырылатын материалдың сипатына қарай 1-сыныпта әріп диктанты, буын диктанты, сөз дик-танты дейтін түрлер де пайдаланылады. Бұл балалардың әріп жазуды қалай үйреніп келе жатқанын белгілі буындардың құрамында неше әріп, қай әріптер бар еке-нін, буын жасап тұрған не әріп екенін, қалай түсінетіндігін байқау үшін, кемшіліктерін қолма-қол түзетіп, дұрыс бағыт беру үшін жүргізіледі. Сонымен, Бұл диктанттардың оқушылар білімін байқау, бақылау, үйрету мәні бар.



Диктантқа қажетті қағидалар

Мәтінді таңдағанда, мынадай қағидаларға сүйену керек:



  1. Диктант тексі мазмұны жағынан оқушыларға түсінікті, тәрбиелік мөні бар және әдеби тілдің талаптарына сай болуы керек.

  2. Екінші, бақылау диктанты әр түрлі жанрдағы шығармалар үзінділерінен құрастырылуы қажет. Егер белгілеген мәтін үзіндісінде сөз саны мөлшерден аз болса, онда мәтінге мөлшерге сөйкестендіріп бірнеше қосымша сөйлемдер қосуға болады.









Тоқсандар




I тоқсан

II тоқсан

III тоқсан

IV тоқсан

2-сынып

20 - 25 сөз

25 - 30 сөз

30 - 35 сөз

35 - 40 сөз

3-сынып

40 - 50 сөз

45 - 50 сөз

50 т 55 сөз

55 - 60 сез

4-сынып

60 — 65 сөз

65 - 70 сөз

70 - 75 сөз

75- 80 сөз




  1. Диктант мәтінінің құрамындағы сөздердің бәрі оқушыларға түсінікті болуы керек. Егер түсініксіз және сирек қолданылатын емілесі қиын сөздер үшырасып қалса, ондай сөздер түсіндіріліп, тақтаға жазылады.

  2. Диктант мәтінінің емле қиындығы орташа дәрежеде болады. Мәтін құрамындағы сөздер, сөз тіркестері, сөйлем құрылыстары өтілген бағдарлама материалына сай сұрыпталады.

  3. Диктант мөтінінде әрбір өтілген ережеге байланысты кем дегенде 2-3 орфографиялық және тыныс белгілерінің объектілері болуға тиіс.

Жазба жұмыстарының нормалары

Бағасы

1-сынып

2-сынып

3-сынып

4-сынып

"5"

Қатесіз 1 қате

Қатесіз 1 әріп

қатесі


каллиграфия

Қатесіз

Қатесіз

"4"

2 қате 1 -2 түзету

1-2 қате 1 түзету

1 қате Ітүзету

1 қате 1 түзету

"3"

3 қате, 2-3 түзету

3 қате 1 түзету

2 қате 1 түзету

2 қате Ітүзету

Ескерту: 1-сыныпта шығарма, мазмұндама берілмеген, бірақ Бұл жұмыстарға дайындық жұмыстарын жүргізуге болады.

1 -сыныптың аяғында оқушы 15-17 сөз жаза алатындай болуы керек.

Қатемен жұмыс

Есепке алынбайтын қателер


  1. Бағдарламада көрсетілген ережелерден жіберілген қателерден өзге осы сыныпта орфография мен тыныс белгісінің ережелері оқытылуына байланысты жіберілген қателер есепке кірмейді.

  2. Бастауыш мектептерде және осы сыныпқа арналған оқулықтың жаттығуларында кездеспеген сөздерден жіберілген қате есепке алынбайды.

  3. Байқаусыздан жаңсақ жазылған сөздердегі қате есепке кірмейді: келмейді - кемейді, болыпты - бопты, т.б.

Алайда, қателерді жаңылып жазылған дей беруге болмайды. Оқушының жаңылып жазған сөзін оның дұрыс жаза алатынын көз жеткенде ғана қатеге есептемеу керек. Егер де жаңылып жазылған жағдай үштен асып кетсе, онда оларды емле қатесі деп санайды.

4) Екі түрлі жазылып жүрген сөздердің бір түрі жазылса, немесе екі түрлі қойылып жүрген тыныс белгісінің біреуі қойылса, онда диктант тексіндегі жазуға дәл келмей тұр деп, қатеге есептеуге болмайды. Мысалы: қазір-кәзір, өйткені-үйткені, т.б. Егер де диктантта қате жазылған сөз не тыныс белгісі қайталанып келсе, онда олар бір қатеге есептеледі.

Өрескел қателер

  1. Орфография мен тыныс белгісінің өтілген ережелерінен жіберілген қателер.

  2. Игеріп алуы қиынға соқпайтын ережелерге байланысты жіберілген қателер.

  3. Сөздерді тасымалдаудан жіберілген қателер.

  4. Дефис арқылы жазылатын сөздерден жіберілген қателер. Мысалы: қоссөздер, демеулік шылаулар, қысқарған сөздерге дефис арқылы жалғанатын қосымшалар.

Жеңіл қателер

  1. Диктант өткізген кезде оқытылып бітпеген және әлі өтілмеген ережелерге байланысты.

  2. Күрделі жалқы есімдердің бас әрпін дұрыс қолданбау, сол сияқты әріптерді дұрыс таңбаламау.

  3. Үтір, тырнақшаларды дұрыс қолданбау (сөзді, сөз тіркестерінің үтір, тырнақшаларын бір жағына ғана қойып, екінші жағына қоймай кету)

  4. Төл сөзден кейін келген автор сөзінің алдынан, сызықшанық алдынан үтірдің орнына нүкте қойып қою.

  5. Бір ережеге байланысты жіберілген бірнеше қате (үш және оннан да көп қате) болса, онда оқушының бір ғана ережені нашар білетінін ескерту қажет. Тыныс белгісінен де бір ғана ережені нашар білетінін ескерту қажет. Тыныс белгісінен де бір ғана ережені білмегендіктен, жіберілген қатені жеңілге жатқызған жөн.

Грамматикалық ойындар

"Қай әріпті жоғалттым?" ойыны.

Бұл ойын бірінші сыныпта әліппеден а, ә, и, й, у, ц, ө, о әріптерін үйренгенде; екінші сыныпта қазақ тілінен дыбыс пен әріп оның ішінде жуан және жіңішке дауыстылар: ы, і, у, у, и, й, я әріптерінің жазылуын өткенде; үшінші сыныпта и, й, я, ю әріптерінің емлесі, сондай-ақ э, е, в, х, һ, ч, щ, ц әріптері бар сөздерді қайталау кезінде пайдаланылады.

Ойынға бір әрпі қалдырылып кеткен сөздер бар бір-неше карточкалар жасалынады. Карточкалардың суреттегі заттың атын білдіруге арналған түрі төмендегідей болады.

Ал жеке сөздерг еарналған карточкалар кіта..., б...лық, ...ғаш сияқты болып дайындалады. Жоғалған әріптер карточкаларын жаеағанда сөздердің басынан, ортасынан, немесе соңынан әріптер қалдырылады. Карточкалар сыныпттағы 5-6-дан келетіндей мөлшерде, әр тақырыптың мазмұнына қарай жасауға тиіс. Ойынға ең алдымен суретті карточкалар қолдану қажет.

"Қай әріпті жоғалттым?" ойыны сабақта жаттығудың бір бөлімі ретінде 4-5 минут көлемінде жүргізіледі. Сондай-ақ мектепте күн ұзағына болатын топтарда, мектеп интернаттарында, сыныптан тыс уақыттарында да ойнауға болады.

Ойын төртібі: а) әріптері кем карточкалар сыныптағы оқушыларға үйлестіріліп беріледі. Ойынға қатысушы әрбір оқушы өзіндегі әріптерден керектерін алып, әр сөздегі жоқ әріптердің орнына қоюға тиісті. Мұғалім белгіленген уақыт ішінде оқушылардың орындаған жұмыстарын көріп шығады, қай оқушының қалай орындағанына талдау жасайды. Қолына берілген карточкалардың жоғалған әріптерін түгелдей дұрыс тауып қойған оқушы ойында үтқан болады; ә) Ойынның екінші түрінде екінші сыныптар екі топңа (вариантқа) бөлінеді. Тақтаға әр топтың орындауына арналған карточкалар ілініп қойылады. Ойынға қатысушы оқушылар өз топ-тарына берілген карточкалардың жоғалтқан әріптерін тауып, сөздерді дөптерлеріне толық етіп жазып шығады. Мұғалім орындалған жұмыстарды қарап, қай топтан қанша оқушының дұрыс орындағанын анықтайды. Қай топтың қатесі аз болса, сол топ ұтады.

"Қай буынды жоғалттым?" ойыны \/

Бұл ойын 1-сыныпта әліппені үйрету кезінде сөздерді буынға дұрыс бөлуге тәсілдіру үшін қолданылады.



"Қай буынды жоғалттым?" ойынына бір буыны қалдырылып кеткен сөз карточкалары жасалады.

Суреттің атын жазуға арналған карточкалар мына түрде:





Әр түрлі кеспе буындар оқушылардың қолында болуы тиіс.

Ойын жаңа сабақты пысықтау кезінде немесе сабақтан тыс уақытта өткізіледі. Ойын тәртібі: "Қай әріпті жоғалттым?" ойынына ұқсас.

а) буындары жоқ карточкалар сыныптағы оқушыларға таратылып беріледі. Ойынға қатысушы әр оқушы өзіндегі кеспе буындардың ішінен керегін тауып алып, керекті орындарға дұрыс қою керек. Жоғалтқан буындарды түгелдей дұрыс тауып қойған оқушылар ұтқан

болып табылады.

ә) Сыныптағы оқушылар партадағы отырыстарына қарай екі топқа бөлінеді. Тақтаға әр топқа байланысты буындарын жоғалтқан бірнеше сөз карточкалары ілінеді. Мұғалім шақыруына қарай әр топтың оқушылары өздерінің варианттарына байланысты ілінген сөздерге қандай буын қажет екендігін ойлап табады.

Әр топтың оқушылары жоғалтқан буынды тапса, ұтқан болып шығады.

б) ойынға қатысатын әрбір оқушыға өз орындары ауысқан бірнеше жеке және кеспе буындарды таратып береді. Кеспе буындарды орындарына тез әрі дұрыс қойып, бірнеше сөздер құрау керек. Қай бала тез тапса, сол балаүтады.



Каталог: uploads -> books -> 47828
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева Қазіргі әдеби процесс
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Методикасы кафедрасы
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби
47828 -> Низами атындағы тмпу-дың Қазақ тілі және әдебиетін оқыту әдістемесі кафедрасының доценті Е. Абдувалитовтың “Абай халық данасы” тақырыбындағы сабақ үлгісі
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби
47828 -> Низомий номидаги тошкент давлат педагогика университети


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет