Ш. юлдошева, А. Нисанбаева


-тақырып. Оқудың түрлері мен сапалары



бет5/18
Дата05.11.2016
өлшемі3,38 Mb.
#1023
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

3-тақырып. Оқудың түрлері мен сапалары

Оқудың екі түрі бар: дауыстап оқу, іштен оқу. Оқудың бұл екі түрі де бастауыш сыныпта қолданылып, дамытылады.

Сауат ашу кезеңінде дауыстап оқу жүзеге асырылады, өйткені балаларға іштен оқытсақ, оның оқу деңгейін тексере алмаймыз. Дауыстап оқыту арқылы оқуға енді тәсіліп отырған Оқушылардың Оқу сапасын дұрыс, яғни түсініп, мәнерлеп оқуын, оқуға шапшандығын байқауға болады.

Әліппеден кейінгі кезең материалдарын оқыту кезеңіндеіштен оқуға дағдыландыра бастаймыз. Іштен оқуға үйретудің маңызы зор. Тек дауыстап оқуға үйренген бала мектептің негізгі білім жүйесіне көшкен кезде көп қиыншылыққа кездеседі. Біріншіден, оқушы сабаққа дайындалу үшін жеке өзі ғана болуы керек. Дауыстап оқып отырса, қалған оқушыларға зияны тиеді. Оқу залдарында сабаққа дайындалу қиынға түседі. Екіншіден, оқу шапшаңдығы дамымайды. Дауыстап оқығаннан гөрі іштей оқу жылдамдығы артады. Мысалы: 2-сыныпта дауыстап оқығанда, оқу шапшаңдығы минутына 35-50 сөз болса, іштен оқығанда, оқу шапшаңдығы 45-60 сөз болады. 3-сыныпта дауыстап оқығанда, минутына 60-75 сөз болса, іштей оқығанда 80-100 болады. 2,3,4 сыныптарда оқудың екі түрі де қабаттаса жүргізіледі. 3,4 сыныпта дауыстап оқудан гөрі іштей оқуға баса назар аударған жөн. Оқушыларғажаңа материалды өздігінен іштей оқып түсіну қиын. Сондықтан тексті іштен Оқуға тапсырмас бұрын саналы, түсініп оқуға дайындық жү-мыстары жүргізіледі. Жаңа тексті алдымен дауыстап оқытып, содан соң ғана іштен оқуға нұсқау беруге болады.

Оқушының іштен оқуға қаншалықты тәсілгенін байқау үшін, түсінуге жеңіл материалдарды іштен оқуға беріп, оқып шыққан соң, әр түрлі әдіс-тәсілмен түсінігін байқау жұмыстарын жүргізген дұрыс. Мұғалім оқудың бұл екі түрін де іске асыру кезінде оқу сапаларына назар аударуы керек. Оқу сапаларына жататындар: дұрыс оқу, түсініп оқу, мәнерлеп оқу, шапшаң оқу.

Мәтінді дұрыс оқу жеке сейлемді дұрыс оқудан тұрады. Дұрыс оқу үшін оқушылар төмендегідей талаптарды орындауы керек: 1. Сөзді оқығанда әріптеп оқымай, буындап, буындарды жалғастырып Оқу, ша-на-лар, то-қу. 2. Оқып тұрған сөздің алдынан не артынан, не ортасына артық дыбыс қоспай, не түсірмей оқу, ұқсас дыбыспен ауыстырмай оқу. 3. Бір дыбысты не буынды ұзақ созып, не екі рет айтпау аа-на, баа- ла, а-на-на, ба-ба-ла, т.б. 4. Бір сөз орнына екінші бір сөзді, /мағынасына сәйкес келетін/ айтпау, сөйлем соңындағы сөзді, буынды жұтып қоймау. 5. Ұсақ дыбыстарды, тілі келмейтін дыбыстарды ауыстырмау.

Сауат ашу кезеңінде Оқушылар Бұл талаптарды орындамай, оқу кезінде көптеген қателер жібереді. Сондықтан мұғалім оқудың қалған сапаларын жүзеге асырып, оқудағдысын жетілдіру үшін, Оқу сапасының негізі болып табылатын дұрыс оқу түріне баса назар аудару керек. Егер бала оқуға үйрету кезінде қате оқыса, мұғалім дереу дұрыс оқуға үйрету керек. Бұл жұмыстарды төмендегіше топтап көрсетуге болады. 1. Әр оқушының оқу дағдысын мұғалімнің жеке есепке алып, сол бойынша жұмыс жүргізуі. 2. Қате оқыған сөзін оқыту, сөзді дұрыс оқымағанына көз жеткізу. Мысалы, тон деген сөзді оңн деп оқыса, сан мен сандық ұғымды қарапайым тілмен түсіндіріп, кеспе әріп, буынмен жұмыс жасату / ба-бал-ала, доп-топ, ас-аш/. 3. Сөздің, сөйлемнің мағынасын түсіндіру арқылы дұрыс оқуға үйрету. 4. Ұқсас дыбыстарды артикуляциялық жаттығулар арқылы дұрыс дыбыстауға үйрету. Мысалы, ш дыбысы тіл алдынан жасалса, с дыбысы тістін бір-біріне тиюінен жасалады. 5. Жаңылтпаштар айтқызып, тілін сындыру. 6. Орфоэпиялық талаптарға сай оқыту. 7. Оқушының өзіндік ерекшеліктерімен санасу, /көзі нашар, құлағы нашар еститін, қабылдауы төмен/ олармен жеке жұмыс түрін ойластыру. 8. Мәтіндегі сөздің мағынасына қарай лайықты дауыс ырғағын, интонациясын сақтап оқуға үйрету. Дұрыс оқымаса, мұғалім дұрыс оқып беріп, оқушыға қайталаттырады, немесе жақсы оқитын оқушыға оқыттырады.

Оқудың сапалық қасиетінің екінші бір түрі - түсініп оқу. Түсініп оқу дегеніміз - оқушыға оқыған сөз не сөйлемнің мағынасын, ондағы айтылған ойды дұрыс түсініп, оны екінші бөлімдегі айтылған оймен байланыстыруы. Сондай-ақ, тұтас мәтіндегі негізгі ойды айырып, оған өзінің көзқарасын білдіру.

Түсініп оқу дұрыс оқу сапасы арқылы іске асады. Егер бала оқыған материалын дұрыс оқымаса, онда айтылғалы тұрған ойды аңғармай, сөйлемдер арасындағы логикалық, психологиялық байланысты дұрыс қабылдай алмайды.

Егер оқушы оқыған материалдарының мазмұнын саналы түрде меңгермесе, оқушыда белгілі бір икемділік, өмір, зат, құбылыс табиғат, адам, олардың іс-әрекеті туралы өзіндік көзқарасы болмайды. Мұндай жағдайда оқу сабағы өзінің алдында тұрған негізгі мақсат-міндетін де шешпейді, сондықтан, бастауыш сынып мұғалімі дұрыс оқыта отырып, оқығанын түсіну, саналы меңгерту жұмыстарында ерекше мән беруі керек.

Өз бетінше мәтінді оқы, оның мазмұнын өз сөзімен айтып беру - бастауыш сынып балалары үшін қиынға соғады. Бұған қарағанда, олар ауызша айтылған әңгімені тез қабылдап, өз сөздерімен жеткізе алатынын байқатады. Өйткені ауызша айтылған сөзді қабылдауда бала үннің, дауыс ырғағының қалай естілетініне көңіл бөледі. Айтылудағы дауыс интонациясы мәтін мазмұнын дұрыс түсінуге көмектеседі.

Мәтінді өз бетінше оқығанда оқудың түрі мен техникасын /сапасын/ жақсы меңгерген, сөздік қоры мол бала тез түсініп, түсінігін айтуы мүмкін. Ал керісінше жағдайда мұндай іс-әрекет жүзеге аспайды.

Оқушы оқығанын саналы түрде түсініп, толық қабылдауы үшін мұғалімге көптеген жұмыс түрлерін ойластырып, әдіс-тәсілдерді іріктеуіне тура келеді. Мұндай жұмыс түрлерін шамамен төмендегідей бағытта топтап көрсетуге болады:

I. Оқытылатын мәтінге байланысты мұғалімнің өз дайындығы.



  1. Оқушыға оқытылатын мөтіннің қашан оқытыл-тынын, оның мазмұнын, ондағы айтылатын негізгі идеялық ойды мұғалімнің күні бұрын толық білуі.

  2. Оқу материалының көлемін, ауыр-жеңілдігін, өткен материалмен байланыстылығын ескеріп, саналы түрде түсініп оқуға итермелейтін әдіс-тәсілдерді іріктеуі.

  3. Мәтінде кездесетін түсініксіз сөздер мен образды ой оралымдарын бала лексиконына ендіру, мағынасын түсіндіру жұмыстарын ойластыруы.

  4. Ұзақ мәтіндерді бөлімдерге бөліп, ат қоюы. Шығарманық идеялық мазмұнына сәйкес қорытынды ой дайындауы.

II. Мәтінді түсініп қабылдауы үшін оқушылармен жүргізілетін жұмыстар:

  1. Оқытылатын мәтінге дайындық ретінде алдын ала экскурсияға шығару, әр түрлі тәжірибе жасату.

  2. Өтілетін тақырып мазмұнын толықтыратындай қосымша сыныптан тыс оқу материалдарын беру, оқыту.

  3. Жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тақырыптың суреттер іздету.

4. Ән, табиғаттану, бейнелеу өнері сабақтарында өті-летін мөтіндерге сәйкес жұмыстар жасату. /Материал осы пәндермен байланысты болатын жағдайда/. Мысалы, Наурыз мерекесі немесе, 8-наурыз мерекесі қарсаңында осы тақырыпта алдын ала әндер үйрету, жыл мезгілдеріне байланысты суреттер жинату.

III. Жаңа материалды түсініп қабылдау үшін сабақ үстінде жүргізілетін жұмыстар:



  1. Кіріспе әңгіме.

  2. Мұғалімнің мәтінді тұтас баяндауы не оқып беруі.

  3. Сөздік жұмысы.

  4. Бөлім-бөлім бойынша оқушыларға дауыстатып оқыту.

  5. Сұрақ-жауап арқылы не түсінгендерін, қалай тү-сінгендерін байқау.

  6. Іштен оқу.

  7. Қажетті жағдайда оқудың басқа түрлерін іске асыру. Мысалы: рөлге бөліп оқу, теріп оқу, бөлімге бөліп оқу.

  8. Түсінгендері бойынша бөлімге ат қою, мазмұндық сурет салу, мазмұнына сәйкес мақал-мәтел айту.

  9. Осы әңгімеге құсас, идеялық ойын аша түсетін қосымша әңгімеге өлең, т.б. айту.

10. Мәтінді қалай қабылдағанын байқау, алған білімін білікке айналдыруға бағытталған қорытынды әңгімеге өткізу.

Осындай жұмыс түрлері өз жүйесін тауып жүргізілгенде ғана бала оқу материалын толық түсініп, өзінің бойына рухани азық алмақ.

Бастауыш сынып оқушыларын дұрыс оқуға үйрету үшін қойылатын талаптың бірі - мәнерлеп оқу. Дауыс интонациясын сақтап оқығанда ғана бала дұрыс оқиды әрі оқығанын түсінеді. Бұдан шығатын қорытынды: оқудың сапалары бірімен-бірі тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырып отырады. Түсініп оқу үшін дұрыс оқу керек. Мәнерлеп оқу үшін оқып отырғанын түсіну керек. Мәнерлі оқылмаса, дұрыс оқыды дей алмаймыз. Еңдеше бастауыш сыныпта мәнерлеп оқуға үйрету сауат ашу кезеңінен басталады. Сауат ашу кезеңінің дайындық сатысынан бастап сөйлеуге үйретеміз. Ал оның басты үлгісі - мұғалімнің өзінің дауыс интонациясы. Мәнерлеп оқу дегеніміз - дұрыс оқу, сонымен бірге дауыс интонациясы арқылы сөйлем не мәтіндегі негізгі ойды жеткізу, мазмұндық ой екпінін қоя білу, кейіпкер көңіл-күйін сезіне оқу. Екінші сөзбен айтқанда, қарапайым сөйлеу тіліне жақын, еркін оқу, дауысты құбылтып, тындаушысына әсерлі етіп жеткізу.

Баланы мәнерлеп оқуға үйрету үшін мұғалімнің өзі мәнерлеп оқу техникасын жетік біліп, оның оқушыларына меңгерте алатындай дәрежеде болуы керек.

Көркем шығарманы мәнеріне келтіріп, әсерлі оқу үшін ең алдымен дыбыстау мүшелерінің қызметіне, әр дыбыстың жасалуына, естілуіне, оқылуына баса назар аударып, түрлі жаттығулар жасатып отырған жөн. Оқудың, сөйлеудің мәнерлі болуы дұрыс, еркін дем алуға байланысты. Оқу процесінде ауаны керегінше жұтып, сыртқа бірден сарқып шығармай, ерікті түрде дем алып, орынды пайдалана білсек, бұл мәнерлі оқудың негізгі құралы болмақ.

Мәнерлі оқуда дауыстың маңызы зор. Дауыс сөйлеу мүшелері мен ауанық бір-біріне соқтығысуымен жасалады. Соның ішінде дауыстың ажыратылуы дауыс шымылдырығына тікелей байланысты. Дауыс шымылдырығында пайдйболған үн қуыс мүшелері арқылы өткенде әр түрлі реңге ие болады. Сөйлеу мүшелерінің физиологиялық құрылысында кемшіліктер болмаса, дауыс таза, күшті шығады. Ал сөйлеу мүшелерін күтпей, суыққа шалдырса, дауыс қырылдап, дауыс шықпай немесе міңгірлеп, түсініксіз болуы мүмкін.

Әр адамның өз дауысы болады, өйткені әр адамның өзінше анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктері бар.

Дауыстың өзіндік сапасы болады, олар: дауыс күші, қарқыны, тембр.

Сөйлеу, не оқу кезінде дауыс күші бірде жоғары, бірде төмен болады. Мысалы: Құмырсқа мен қара қоңыз бір сыныпта оқып жүр.

Құмырсқа күн сайын бес алып, қоңыздың күнделігі екіге тола берді деген сөйлемдерде көтеріңкі дауыспен оқылатын сөздер - бір сыныпта, күн сайын, екіге, ал жай, төмендеп оқылатын сөздер - оқып жүрді, алып, тола берді, артынша бір қалыпта оқылатын сөздер - құмырсқа мен қара қоңыз, құмырсқа бес, қоңыздың күнделігі.

Осы сөздерді оқудағы дауыс қарқыны /темпі/ орташа болып келеді. Бұл сөйлемдерді тез оқуға болмайды.

Ал дауыстың тембрі /құбылуы/ тыңдаушыға әсер ететіндей болуы керек. Құбылта оқу шығарманық мазмұнын дұрыс түсінгенде ғана іске аспақ.

Дауыстың құбылуын, әсіресе мысал жанрында берілген Көркем шығармаларды оқығанда анық байқауға болады. Мәнерлеп оқуда дикцияның мәні зор. Дикция сөйлеудің тазалығы мен ашықтығы. Бастауыш сынып мұғалімдерінің, дикциясы ашық, таза болуы керек, сөйлеу тілінде мүкіс болмауы керек. Ол үшін мұғалім дыбыстардың жасалуының артикуляциясын жақсы біліп, сөйлеу барысындаоны дұрыс қолданып, оқушыларынан да соны талап етіп, түрлі артикуляциялық жаттығулар жасап отырғаны жөн. Мәнерлеп оқуда дауыс ырғағы-интонацияның орны бөлек. Көркем сөз оқушы адамның шығармадағы кейіпкерлердің көңіл-күйі, ішкі сезімін, жандүниесін тыңдаушыға сан алуан дауыс сазы арқылы жеткізуін интонация дейміз. Интонация дұрыс болу үшін оның элементтерін дұрыс, бір-бірімен ұштастыра пайдалануымыз керек.

Олар дауыс күші, тембрі, екпін, пауза түрлері, сөйлеу /мелодия/ нормативтік дауыс ырғағы.

Дауыстың күші, темпі /қарқын/, /тембрі/ туралы жоғарыда түсінік беріліп кетті. Енді қалған элементтеріне қысңаша түсінік берелік. Интонацияны сақтауда кіді-рістерді дұрыс пайдаланудың маңызы зор. Кідірістер /пауза/ логикалық, психологиялық, грамматикалық болып 3-ке бөлінеді. Әрбір сөйлемде айтылатын ойға қазық болатын жеке сөз, не сөз тіркестері болады. Бұл сөздер сөйлемдегі басқа сөздер мен сөз тіркестерінен көтеріңкі оқылып, тыңдаушының назарын өзіне аударады. Мұндай сөйлем ішіндегі мағына жағынан мәні басым сөздерге логикалық екпін түсіріліп, логикалық кідіріс жасалып, мәнерлі оқылуы керек. Мысалы, Сүлеймен деген патша кірпі мен қарғаға былай деп бүйрың береді:

- Сен, қарға, бір күнде жер дүниені аралап, жақсы сайрайтын құс тап. /Қазақтың халық ертегісінен/.

Бұл сөйлемде логикалық кідіріс "Сүлеймен деген патша", "сен, қарға", "бір күнде" деген сөз тіркестерінен соң жасалады. Өйткені, ой екпіні осы тіркестерге түсіп тұр.

Логикалық кідіріс жасап, ой екпінін дұрыс білу үшін сөйлем мағынасын, сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысын таба білу керек.

Психологиялық кідіріс текстің мазмұн-мағынасын, ондағы кейіпкердің іс, әрекетіне, оның көңіл-күйінің құбылуына байланысты оқылады. Мәтінді оқығанда психологиялық кідіріс дұрыс жасалса, тыңдаушы әрі қарай не болатынын тағатсыздана күтеді.


  • " Біраз сайрасам қайтеді ?.. " депті бұлбұл жалынып.

  • Жолбарыс:

  • "Мен саған сайрағанды көрсетейін", - деп ұмтыла бергенде, бұлбұл пыр етіп үша жәнеліпті. / "Мақтаншақ жолбарыс"/.

Бұл мысалда психологиялық кідірістер "сайрасам қайтеді", "жолбарыс", "сайрағанды көрсетейін" деген тіркестерден кейін қойылады.

Грамматикалық кідірістер - тыныс белгілеріне байланысты қойылатын кідірістер. Жазуда белгілі бір нормативті басшылыққа ала отырып, сөйлемге тыныс белгілерін қоямыз. Тиісті тыныс белгілерін сөйлемнің мән-мағынасына байланысты қою - сауаттылықтың негізі. Ал осы сөздерді оқуда тыныс белгі қойылған жерге грамматикалық немесе нормативтік кідіріс жасау - мәнерлеп оқудың негізгі шарты. Әрбір тыныс белгіге кідіріс жасаудың өзіндік ерекшелігі бар. Хабарлы сөйлемнің соңында қойылатын нүкте кілт тоқтамай, сөз соқындағы сөз не тіркес бояу созылыққырай оқылады. Сол сияқты бастауыштан кейін қойылатын сызықшаға арнайы тоқталып, кідіріс жасалмаса, бастауыштың синтаксистік қызметінің өзгеріп кетуі мүмкін. Ол - инженер Асыл. Ол инженер - Асыл. Бірінші сөйлемде ол сөзі бастауыш болса, екінші сөйлемде анықтауыш қызметін атқарып тұр.

Оқу саласының бір түрі - шапшаң оқу. Шапшаң оқуға үйрету сауат ашудың әліппе сатысының соңына таман жүргізіле бастайды. Дұрыс оқуға тәсілген бала біртіндеп шапшаңдықты қосып отыруы керек. Шапшаң оқу - қалай болса, солай тез оқу деген сөз емес. Түсініп, мәнерлеп оқуды жүзеге асыра отырып оқу деген сөз. Сондықтан да оқу бағдарламасында оқушылардың, оқу шапшан-дығына, икемділігіне қойылатын талаптың бірі - оқушылардың 1 минутта оқу жылдамдығының сөз санымен берілуі. Мысалы: 1-сыныпта - 15-20 сөз, 2-сыныпта -25-30 сөз, 3-сыныпта - 60-75 сөз, 4-сыныпта - 80-90 сөз.

Сұрақтар мен тапсырмалар:


  1. Оқу дағдысын қалыптастыру жолдары.

  2. Оқу түрлеріне мәтіндер дайында.

  3. Оқу түрлеріне түсінік бер.

  4. Мәтінді дұрыс Оқуға қалыптастыру жолдарын көрсет.

  5. Оқу нормаларын пайдаланып, мәтіндік талдау жаса.

4-тақырып. Мәтінді қабылдаттыру үшін істелетін жұмыстар

Бастауыш сыныпта оқушыларға мәтінді қабылдаттыру үшін істелетін жұмыстардың негізгі мәселелері

Қазіргі заманда оқыту технологияларын меңгерту өте күрделі де ұзақ үрдіс.

Оқу ағарту ісін қайта құру жаңаша ойлау қабілетіміз бен ізденістерімізге байланысты. Ахмет Байтұрсынов: "Ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика мен әдістемеден хабардар, оқыта білетін мұғалім" деген.

"Ана тілі" оқулықтарындағы түрлі тақырыптың мәтіидерді қабылдату үшін көптеген жұмыстар істеледі. 0л - жаңа әдістерді іздестіру, оларды дәлелдеу міндеті.



Мәтінді қабылдаттыру үшін істелетін жұмыстар

Алдын ала жүргізілген әңгімеде мұғалім оқылатын мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен қиын ұғымдарды түсіндіруді ұмытпаған жөн. Әңгіменің ішіндегі түсінбеген сөздердің мән-мағынасын біліп алмайынша, оны оқығанда мазмұнын ұғу балаларға қиынға соғады.

Жаңа материалды түсініп қабылдау үшін сабақ үстінде мынадай жұмыстар жүргізіледі:


  1. Кіріспе.

  2. Мұғалімнің мәтінді тұтас баяндауы және оқып беруі.

  3. Сөздік жұмысы.

  4. Сұрақтар арқылы не түсінгенін, қалай түсінгенін байқау.

  5. Бөлімдер бойынша оқушыларға дауыстап оқыту.

  6. Іштей оқу.

  7. Қажетті жағдайда оқудың басқа түрлерін іске асыру. Мысалы, рөлге бөліп оқу, теріп оқу , бөлімге бөліп оқу.

  8. Түсінгендері бойынша бөлімге ат қою, мазмұндық сурет салу, мазмұнына сай сурет салу, мақал-мәтел айту.

  9. Осы әңгімеге құсас идеялық ойын аша түсетін қосымша әңгіме не өлең, т.б айту.

Осындай жұмыс түрлері бойына өз жүйесін тауып жүргенде ғана бала оқу материалын толық түеініп, өз бойына рухани азық алады.

Мәтін

Мәтін - бірнеше сөйлемдерден құралған белгілі ойды, оқиғаны білдіреді.

Мәтінге әңгіме, өлең, жыр, ертегі сияқты жанрлар жатады.

Мәтінді оқушыларға мынадай түрлерімен береді: әңгімелесу, пайымдау, сипаттау.

Әңгімелесу арқылы мәтінді бергенде тек мұғалімні өзі емес оқушылар да қатысып, топта талқыланады.

Ал, сипаттау арқылы мысалы бір нәрсенің бейнесі немесе табиғат кәріністерін сипаттайды. Мысалы: Күзде жапырақтар сарғайып, айнала сары алтынға малынады.

Пайымдау дегеніміз - бір сөзбен алғанда, болжа дегенді білдіреді. Мәтін арқылы оқушылардың тіл байлығы жетіліп, ой-өрісі дамиды.

Мәтін неше сөйлемнен құралса да, белгілі бір түйіні болады. Соны ажырата білу керек.



Мәтінмен жұмыс

Сабақтың мақсаты. Мәтін түрлерін ажырата білуге дағдыландыру, мәтінді әңгімелегенде сөйлемдердің мағыналық байланысына қарай ретімен әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру.

Оқушылардың сөйлеу, әңгімелесу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сойлеуге баулу. Мысалы: Ақбөкен қойға құсайды. Бірақ оның басы үлкен, тұмсығы жалпақтау. Артқы аяқтары қысқалау, көздері мөп- мөлдір.

а) мәтінге ат қой;

ә) мәтіннің қай түріне жатады.

Оқушылар жауапты тақтада ілулі тұрған кестедеі көрсетеді.

Өткенді бекіту сұрақтары:

Берілген сызбамен мәтін туралы қорытындылау.



а) қыс

а) әңгімелесу




а) ақбөкен

ә) көктем

э) сипаттау




ә) қой

б)жаз

б) пайымдау




б)жануарлар әлемі

Дауысты, дауыссыз дыбыстардан - буын, буыннан -сөз, сөзден - сөйлем, сөйлемнен - мәтін құралады.

ә) Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық жағынан дайындау

Көркем шығарма жазушының сөз арқылы жасаған көркем бейнесі - сурет арқылы қабылданады. Шығарманы оқыған кезде оқушыға елес туады. Бұл оқушының сезімін қозғайды. Мысалы: балалар қояннан қорыққан қасқыр туралы оқығанда күледі. Яғни, мәтінді әр түрлі қабылдайды (күледі, көзіне жас алады, қорқыныш сезімі туады, т. б.)

б) Мәтінді саналы түрде түсініп оқуға дағдыландыру.

Оқушылардың мәтінді саналы түрде түсініп оқу дағдысын қалыптастыру жолын сөз етпес бұрын ол өзіне, оны меңгеруде қандай қиындықтар кездеседі дегенге тоқталайық.

Оқушылардың мәтінді саналы түрде түсініп оқығаны -оқушының дұрыс оқуы мен мазмұнын саналы түрде меңгергендігінен көрінеді. Мұндай жағдайда оқушыда белгілі бір көзқарас қалыптасады. Ол оқығанының мазмұнын ұғып, ондағы суреттерден адамдардың өзара қарым-қатынасын, іс-әрекеттің болу себебін анықтайды. Автордың не айтқалы тұрғанын түсіне алады.

Бастауыш сыныптағы оқу сабақтарында оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру негізінде оқығандарын қабылдау, түсіну мүмкіндіктерін арттыру мақсаты көзделгенімен, оны іске асыру әсіресе, 1-сыныпта өте қиын.

Мәтінді оқушылардың тезірек меңгеріп кетуі үшін мұғалім әрбір жеке сөздің мән-мағынасына баланың көңілін үнемі аударып, оған сөйлемдегі сөздердің ара қатынасын байланыстырып, мәтіндегі негізгі ой бағытын аңғартып отыруы керек.

Дайындық оқылғалы отырған шығармадағы оқиғаға ұқсас баланың өз өмірінде болған оқиғаларды еске түсіру сияқты тәсілдермен өткізіледі. Алдын ала жүргізілген әігімеде мұғалімнің оқылған мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен қиын ұғымдарды түсіндіруді ұмытпағаны жөн. Бұларды біліп алмайынша әңгіменің негізгі идеясы мен мазмұнын ұғу балаларға қиынға соғады.

Дайындық әңгіменің ұзақтығы оқылатын материалдың ауыр-жеңілдігіне байланысты.

Сонымен, шығарманы оқуға дайындық жұмысы біріншіден, балаларды оқылатын әңгіменің мазмұны мен ондағы кейіпкерлердің ісін саналы түсіне білуге дайындау. Екіншіден, оқылатын әңгіменің мазмұнына қызықтыру, үшіншіден ондағы сөздер мен ұғымдарды түсіндіру мақсатында жүргізіледі.

Жұмыстың көздейтін мақсаты - балаларға шығарманы толық та саналы қабылдауға мүмкіндік туғызады. Дайындық жұмысында қандай әдіс-тәсілдер қолдануға болады?

а) оқушының өзіне әңгіме айтқызу;


ә) мұғалімнің кіріспе әңгімесі;

б) ұжымдық түрде әңгіме айту.

Әңгіменің барысында оқушыларға қосымша материал беру, немесе бұрын өткен материалды қайталау тиімді.



в) экскурсияда білгендерін пайдалану (серуен, саяхат);

г) суреттерді қарау;

д) сұрақтар қою.

Кіріспе сөз тақырыпты аша алатындай болуы тиіс. Ұзақтығы 3-5 см. Мәтінді мұғалім дауыстап оқу өзі оқиды.

Мәтінді оқымас бұрын мұғалім оқушылардың қызығушылығын оятып, назарын аударуы қажет.

Түсініксіз сөздерді бірде оқушылардың өзіне айтқызып, бірде өзі атап, оқушылардың түсінігін жанама жетекші сұрақ арқылы анықтау тиімді.



Мәтінді түсініп оқу үшін істелетін жұмыстар.

I. Оқылатын мәтінге дайындық ретінде алдын ала экскурсияларға шығару, әр түрлі тәжірбие жасату.



  1. Өтілетін тақырып мазмұнын толықтай қосымша сабақтан тыс оқу материалдарымен беру.

  2. Жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тақырыптық суреттер іздету.

  3. Ән, табиғаттану, бейнелеу өнері сабақтарында өтілетін мәтіндерге сәйкес жұмбақтар жасату.

Материал осы пәнмен байланысты болатын жағдайда, мысалы, наурыз мерекесі мен 8 наурыз мерекесі қарсаң ында осы тақырыпта алдын ала әндер үйрету, жыл мез-гілдеріне байланысты суреттер жинату.

Түсіндірмелі оқу сабақтарында оқушыларды қатесіз ері мәнерлеп оқуға, саналы түрде түсініп оқуға жаттықтыру жұмыстары жүргізілуі тиіс. Бұл талап оқу сабақтарында оқушыларға дауыстап және іштен оқыту, мәтіннің мазмұнына байланысты қойылған сұрақтарға толық жауап бергізу, әңгіменің мазмұнын жоспар бойынша баяндату, т.б. Осы сияқты жұмыстарды іске асыру оқытылады.



в) Дұрыс оқуға үйрету.

Оқушыны дұрыс оқуға үйрету жұмысы 1-сыныпта басталып, әрбір жеке сөзді дыбыстап емес, буындап оқуға үйретіледі. I тоқсанда сөзді буындап оқып үйренген оқушы II тоқсанда сөзді буынға бөлмей тұтас оқи алатын болады.

2-сыныпта сөйлемді бірден оқиды, 3-сыныпта сөйлемді сазына келтіріп дұрыс, мәнерлеп оқуға жаттығады. 3-сыныпта дұрыс оқуға үйрету үшін алдымен мұғалім әр оқушының қалай оқитынын, әрқайсысының оқу машығын жетілдіретін жұмыстарды жүйелі жүргізу керек.

Түсініп оқу.

Шапшаң оқуда назар негізінен оқушының оқу жылдамдығына аударылса, түсініп оқуда мәтіннің мазмұнын қаншалықты түсінгенін және оны қалай айтып бере алатындығы ескеріледі.

Оқушы оқыған мәтіннің мазмұнын түсіну үшін оқығанның мазмұнын айттыру, сұрақ беру, бір оқығанды қайта оқыту, бір оқушының мазмұндағанын басқаларына толықтыртып қорытынды шығару керек.

Оқушы оқығанын түсіну үшін онда кездесетін жаңа сөздерді алдын ала түсіндіріп отыруы керек. Мұндай жұмыс оқушыға оқығанының мазмұнын жеңілірек түсінуіне көмектеседі.

Оқушыларды оқу машығына үйретумен бірге оларға білім, тәрбие беру мақсаты көзделеді. Білім мен тәрбиені оқушы тек оқығанын саналы түсінгенде ғана ала алады.

Шығарманық мазмұнын айту.

Мұғалім өзі жатқа айтқан, не оқып берген мәтіннің мазмұнын оқушылардың түсінген-түсінбегенін білу үшін сұрақтар қоюға болады. Ол сұрақтар өтілген шығарманық мазмұнын беретіндей болуға тиіс. Егер оқушылар қойылған сұрақтарға жауап берсе, онда олардың әңгіме мазмұнын түсінгені.

Міне, осындай жұмыстар жүргізу арқылы мұғалім оқыған мәтінді оқушылардың қаншалықты үққанын байқауына болады.

Оқыған мәтіннің мазмұнын айтудың өзі түрліше болады: оқығанның мазмұнын мұғалімнің қалауына, тыңдауына қарай айту, даяр жоспар бойынша айту, толық және қысқаша айту. Мұғалім шығарма мазмұнын олардың қай түрімен айтқызамын десе де ерікті, тақы-рыпты мұғалімнің жатқа айтуы немесе оқуы оқушыларға үлкен әсер етеді. Бұдан оқушылар ләззат алуға жаттығады.



г) Шығармаға жоспар жасау.

Оқушылар бөлім-бөлімге бөліп оқып, мазмұнын айтқан соң осы бөлімдерге ат қоюға, жоспар жасауға көшуге болады. Мысалы: " Сауысқан мен көкек " ертегісін алатын болсақ, Оқушылар оқып алады да, бөлім-бөлімге бөліп, әр бөлімде не жайында айтылғанын ұғып, оған орай бөлімге ат қояды.

Шығарманы бөлімге бөліп оқыту күн сайынғы сабақта іске асқанымен, бөлімдерге үнемі ат қойғыза беруге болмайды. Мүның өзі - қиын жұмыс. Сондықтан мұғалім оқулықтағы жоспар жасап, бөлімдерге ат қою қолайлы материалдарды ғана ұсыну керек. Сонымен, бірінші рет бөлімге бөліп оқытқанда, Оқушылар материалды саналы түсінгеніне көз жеткізсек, екінші рет оқығанда, оған жоспар жасау жағын қарастырамыз.

Жоспар шығарма мазмұн көрсететін оқиғанық жүйесін білдіреді.

Жоспар жасау жұмысы екі түрлі жолмен іске асады.


  1. Әңгімені бөлімге бөлу.

  2. Бөлімдерге ат қою. Оны төртіптеп жазу.

Оқушылар әңгімені бөлімге бөлу үшін ондағы ойды және қосымша мәселелерді анықтайды.

Оқу жылының басында істелетін жұмыстарды жоспар жасауға дайындық деуге болады. Мұнда суретті жоспар жасалады. Ол үшін мына сияқты жұмыстар жүргізіледі.



  1. Оқулықта берілген суреттердің қайсысы мәтіннің қай бөліміне жататынын анықтау және оған ат қою. Егер суреттер оқиғаны толық қамтитын болса, тағы қандай суреттер салуға болатынын ойлау, қиялындағы суреттерге ат қою.

  2. Мұғалім әңгімеге, не ертегіге бірнеше сурет береді. Оны оқушылар шығарманық желісі бойынша реттейді

  3. Бөлінген бөлімдерге қандай суреттер салуға болатынын оқушылардың өздері айтады, оған ат қояды.

  4. Берілген тақырыптарды шығармалардың желісі бойынша реттейді.

  5. Мұғалімнің берген тақырыптары бойынша шығарманы әр бөлікке бөледі.

  6. Мұғалімнің берген жоспарын дайындайды.

Каталог: uploads -> books -> 47828
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева Қазіргі әдеби процесс
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Методикасы кафедрасы
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби
47828 -> Низами атындағы тмпу-дың Қазақ тілі және әдебиетін оқыту әдістемесі кафедрасының доценті Е. Абдувалитовтың “Абай халық данасы” тақырыбындағы сабақ үлгісі
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби
47828 -> Низомий номидаги тошкент давлат педагогика университети


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет