Ш. юлдошева, А. Нисанбаева


Мәтінге байланысты ұйымдастырылатын сөздік жұмысы



бет6/18
Дата05.11.2016
өлшемі3,38 Mb.
#1023
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Мәтінге байланысты ұйымдастырылатын сөздік жұмысы

Оқу сабақтарында сөздік жұмысына арнайы кезең бөлінбейді. Ол сабақтың өн бойында жүреді. Мәтінді дұрыс қабылдау үшін сөздік жұмысын жүргізбейінше мақсатқа жету мүмкін емес.

Сөздік жұмысын үш кезең бойынша жүргізуге болады.


  1. Мәтінді оқуға дайындық кезеңінде.

  2. Шығарманы оқу барысында.

  3. Оқып болған соң.

Мәтінді оқуға дайындық кезеңінде шығарманық мазмұнын ұғынуға қиындық келтіреді, сөздер түсіндіріледі. Оның түрлері мынадай:

  • термин;

  • мағынасын түрлендіретін сөздер;

  • грамматикалық емлесі қиын сөздер;

  • кейбір тіркестер;

  • мақал-мәтелдер;

  • мәтіннің қоршалған түрі;

  • сұрақтар мен тапсырмалар.

Сөздік жұмысын оқып келе жатқан материалды үзіп тастап жүргізу оқушылардың көңілін алаңдатады. Сондықтан да оқу барысында түсіндіруге көп әуес болмау керек.

Өлең оқу барысында қиын сөздерді түсіндіруден аулақ болган дұрыс. Өйткені, бұдан өлең ырғағы бұзылады. Сөздік жұмысы тек қиын сөздермен шектелмейді. Басқа да баланық тілін, ойын дамыту үшін жұмыстардың түрлері берілуі қажет. Олар:



  1. Мәтінде синоним сөздер бар ма, болса оны қалай ұғындыру керек? Қалай қолданамыз?

  2. Синонимдері болмаса архаизм, истаризм секілді басқа да сөз түрлері кездеседі. Осыларды ұғындыру жұмыстары баланық сөздік қорын дамытады. Мұғалім мәтінді оқымас бұрын шығармадағы мазмұнын түсіну қиын және көркем сөздерді қарап алады да, шығарманы оқушыларға жеткізу барысында қай кезеңде қай сөздерді түсіну керектігін анықтайды. Сөздік жұмысын жүргізу оқушының мәтін мазмұнын жете түсінуіне әрі тілдік қорын байытуға игі ықпал етеді.

Сөздік жұмысын түрлендіріп жүргізуге болады:

"+" - жаңа білдім

"-" -білмедім.

"?" - мен үшін жақалық.

"V" - білемін.

Мысалы: "Райымбек бастауы" әңгімесі бойынша мынадай сөздік жұмысын ұсынуға болады. Ол тіл дамыту жұмыстарымен байланысты.


Райымбек

рухты

киелі

тапқыр

батыр

намысшыл




қасиетті

сезімтал

Әлденді.

Күш жинады. > Беті бері қарады.

Денсаулығы жақсарды.

2.Күтілетін нәтиже


Сыни тұрғысынан ойлау

Белсенділік

Қажет болса көзқарастар өзгерту

Ең алдымен шығып өз ойын ашық айтуға үйрету

Іскерлік дағдыны қалыптастыру

Әдістері



Осы бағдарламаға сай мынандай сабақтар жүргізуге болады.
Практикалық іс-әрекетте болу

Басқаларды тыңдай білу

Қарым-қатынас жасауға үйрету

Өз ойын тұжырымдай білу

Мысалы: Б.Бұлқышев "Ана".

I. Қызығушылығын ояту.

4-топқа бөліп отырғызылады, Джик Со әдісі бойынша топпен жұмыс істелінеді. Ең алдымен "Кубизм" әдісі бойынша сұрақ қойылады.

Топтың жұмыс үрдісіне байланысты міндеті:


  1. Оқушылар бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады.

  2. Тақырыптың түсініксіз жерлерін айқындайды.

  3. Топтың сұрақтарына жауап береді.

  4. Қорытынды шығарады, өз пікірін дәлелдейді.


Дос







Мейірімді




Ана

Ұстаз




Жанашыр



Жылы

құшақты


Ең жақын адам

Тәрбиеші

II. Мағынаны тану.

INSERT стратегиясы бойынша жұмыс.

"V" - білемін.

"+" –жаңа білдім.

"-" -білмедім.

"?" - мен үшін жақалық.

Стратегия: Джиксо-1.

Мәтін 4 логикалық бөлімге бөлінеді. Топтағы адамдар 1,2,3,4-ке санау арқылы өзара бөлінеді. Мәтінің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін-2, 3-3, 4-4 топтарға оқуға тапсырылады. Оқушылар өздерінің тиісті бөлігімен оқып танысады. Әр топ бөлек-бөлек өз жұмыс тобын құрайды. Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапңы топтармен қайта-қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктерінің мазмұнын ортаға салады.

III. Ой-қозғау.

Стратегия: 5 жолды өлең.

Аяулы да ақ сүт берген анашым



баласын

бейнесі

жомартсың

Стратегия: 2 жақты күнделік.



Мәтіннің әсер еткен тұстары

Сол әсер еткен тұстарға пікірі







Экскурсияда білгендерін пайдалану

Оқушылар мен мұғалім әңгімесінің қай-қайсысын да байланыстыру өте тиімді. Осы эксурсияда көрген-білгендерін оқушыларға оқулықтағы шығармалармен танысу жұмыстарында пайдаланып, үйретудің маңызы зор. Алдын ала сұрақ берудің қажеті жоқ. Шығарма оқылатын жағдайда ғана оның мазмұны бойынша 2-3 сұрақ қоюғаболады.



  1. Мәтінді оқуға дайындық кезінде.

  2. Шығарманы оқу барысында.

  3. Оқып болған соң мәтінді оқуға дайындық кезінде шығарманық мазмұнын ұғынуда дайындау.

  4. Затты табиғи жағдайда бақылау және оны экскурсия кезінде.

  5. Түрлі суреттер арқылы сөздердің мағынасын ашып көрсету кезінде.

з) Оқу сабақтарында көрнекі және технологиялық құралдарды пайдалану.

Мәтінді қабылдаттыру үшін істелетін жұмыстардың маңызы

Оқушыларға мәтінді қабылдаттыру үшін осындай түрлі әдістерді қолданып, сабақты жаңартып отырса құба-құп. Ол үшін ең алдымен дұрыс мәнерлеп оқуға көп көңіл бөлу керек. Оқушылардың білім алуы - ең алдымен мәтінді қабылдауы болып табылады.


Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Бастауыш сыныпта оқушыларға мәтінді саналы түрде қабылдаттырудың негізгі мәселелері.

  2. Мәтінді қабылдау үшін істелетін жұмыстар.

  3. Мәтін. Мәтін түрлеріне түсінік бер.

  4. Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық жағынан дайындау.

  5. Мәтінді саналы түрде түсініп оқуга дағдыландыру.

  6. Шығарманы сауатты оқып, мазмұнын айту.

  7. Жоспар құру.

8. Мәтінге байланысты сөздік жұмысы.

9. Экскурсияда білгендерін пайдалану.

  1. Мәтінді қабылдаттыру үшін істелетін жұмыстардың маңызы.

  2. Мәтін қабылдаттыру үшін істелетін жұмыстарға жоспар жаса.

5-тақырып. Оқу сабақтарына арналған тәрбие жұмыстарының жоспарлары. "Көктемді қондырып қанатына!"

Сабақтың мақсаты мен міндеттері: Балаларға табиғатты қорғаушы қанатты достарымыз - құстар туралы мәліметтер бере отырып, оқушыларды құстарға қамқор болып, көңіл бөлуге, ұя жасап, оларды қарсы алуға шақыру.

Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, ойын.

Көрнекілігі: Плакаттар, сөзжұмбақ, жұмбақтар аял-дамасы.

Сабақ барысы:

- Балалар мен сіздерге қазір мына бір өлең жолын оқып берейін. Тыныш отырып, мұқият тыңдаңыздар.

Көктем келіп жылғалардан су ақты,

Өзен тасып, күн нүр төкті шуақты.

Құстар қайтты туған елге ағылып,

Балалар жүр құстар әнін сағынып.

Балалар, Бұл өлеңде не туралы айтылған? Ендеше балалар, бүгін құстар қонаққа келіпті. Біз жыл сайын көктемде құрметті достарымызды бағалап күтеміз. Адамдардың құстармен достығы өте ерте заманнан-ақ басталған. Оған дәлел халықтың аңыз әңгімелерімен ертегілері құстар туралы ән-жырлары.

"Бақыт құсы" кездеседі.Сонымен қатар халқымыз-дың қаһармандық пен ерлік көрсеткен, үл-қыздарын қыран құсқа, бүркітке және жезтаңдай әншілерін бұл-бұл құсқа теңеп құрметтеу, яғни Бұдан адамдардың құстарға деген көзқарасын анық та айқын көруге болады.

Ендеше, құстар туралы өлеңге жол берсек қайтеді? Қане, кім жақсы өлең оқыр екен.

1-оқушы: Көкек келді,

Тіршілікке жан кірді.

Кең дала жасарып, жаңғырды,

Бар өңір қүлпыра бастады.

2-Оқушы: Тіршілікке жан кірді көктем кеп,

Айнала, сай-сала көкпеңбек.

Диқанның арқасы босады,

Қытымыр қысымыз кетті деп.

3-оқушы: Жыл құстары келді деп,

Балдырғандар мәз болды.

Қос қанаты желпілдеп,

Көлге келіп қаз қонды.

4-оқушы: Қызыл тал, қызыл тал,

Қызыл талда бүршік бар.

Бүршігін ол жарғаны,

Көктем келіп қалғаны.

5-оқушы: Құстар келіп құттықтап.

Қуанамыз қолдаймыз.

Ұя жасап ұқыптап,

Біз оларды қорғаймыз.

6-оқушы: Сәлем, елдің көктемі.

Әлем енді көктеді.

Құрметпен бас иді,

Құстарыңа көктегі.

7-оқушы:


Құс сұлуы - аққуым,

Табиғат көркін сыйлаған.

Мылтығын кезеп кей аңшы.

Атуға көзі қимаған.

Балалар аққу туралы жақсы тақпақ оқып берді. Енді мен сол аққу туралы кішкене мағлұмат бере кетейін.

Аққу - қаз тәрізділер отрядының үйрек тұқымдастарына жатады. Дүние жүзінде аққудың 28 түрі бар. Олардың салмағы 12-13 кг. Негізгі қорегі су өсімдігі. Сұңқылдақ аққудың мойны түзу, ал, сыбырлақ аққудың мойны "Г" әрпімен ұқсас болып келеді. Қазір сұңқылдақ аққудың түрі сирегендіктен, олар "Қызыл кітабына" тіркелген.

8-оқушы:

Сұлулықты паш етіп,

Жырлаған талай ақындар.

Нәзік үнді көл көркі.

Құс патшасы аққу бар.

- Балалар бізге ең жақын құс қандай құс ?

Қане кім айтады?

-Қарлығаш.

-Дұрыс,балалар, білесіңдер олар өздерінің ұяларын адамның тұрақ етіп жүрген жерлеріне салады. Олар адамның нағыз қамқоршысы. Қарлығаш туралы көптеген ертегі, аңыз әңгімелер өте көп. Сондықтан балалар мен сендерге қарлығаш туралы бір аңыз-әңгіме айтып берейін.

"Төле бидің қамқоршысы".

9-оқушы:

Қарлығашпын.

Мен адамның тұрағын,

Мекен етіп тұрамын.

Тазалаймын үй ішін.

Шыбын деген кеселден

Ел аузында мақтаулы

Санитармын тәсілген.

- Балалар, мына құсты сіздер білесіздер (суреті). Яғни, мұның аты тоқылдақ. Оны бәрің де орман емшісі деп атайсыздар. Өйткені, ол өзінің тұмсығымен ағаш қабығының астындағы зиянкестерді оқай табады (1 тәулікте ол 100-ден астам зиянкестің көзін құртады).

10-Оқушы: бір қонып, бір секектеп,

Менің атым көкек деп.

Қорыңпаңдар жаз өтеді деп,

Мен ғой келген жетектеп.

Тұрады жаз тамылжып,

Қойсам болды көкек деп.


  • Міне, балалар бізге көкек туралы тақпақ оқып берді. Жыл сайын құстардан бұрын келетін көкек қой. Оны бәріңіз де білесіздер. Көкек жұмыртқасын өзі баспай басқа құстардың ұясына салатын құстардың бірі. Көкек -жыл құсы. Оның дене тұрқы - 40 см. Шыбын-шіркеймен қоректенетін пайдалы құс.

  • Балалар, айтыңдаршы, әсем әнімен әлемді таңқалдыратын қандай құсты білесіңдер?

  • Бұлбұл!

- Өте дұрыс.
11-оқушы:

Мен еркін бақыттымын, бұлбұлмын,

Бұлағын тасытқан ән-жырдың.

Тамаша тамылжытып шырқаған.

Шаттығын тауыса алмай әр күннің.


  • Дұрыс, енді маған айта қойыңызшы, қыста тұрған жерінде қыстап қалатын қандай құстар?

  • Торғай, қарға, т.б.

  • Дұрыс-ақ. Балалар, соның ішінде торғай адам мекеніне жақын жүретін құстардың бірі. Олар шөлді аймақтардан басқа жерлердің бәрінде кездеседі. Олардың денесі шағын. Қорегі - өсімдік текті азықтар. Оның жүрегі минутына 260 рет соғады. Сонымен, балалар, біз шаршаған шығармыз, кішкене дем алып, саяхатңа шығалық.

  • Ал, кәне, автобусқа отырыңдар. Автобусқа қалай отырушы едік. Ал енді көңілді көтерейік. Қандай өлең білесіңдер?

"Ақ көгершін" әні.

- Балалар, біз жұмбақтар аялдамасына келіп қалыппыз. Ендеше жұмбақ шешіп көрейік. Кім тапқыр екен?



Жұмбақтар:

Бейбіт өмір нышаны,

Самғап көкке ұшады. (Көгершін).

Көктемде құстар қайтқанда,

Ең алдымен келетін,

Өзіміз күтіп алатын,

Ұя жасап беретін.

Бұл қандай құс, балалар? (Қараторғай).

- Балалар, өздерің де жұмбақтар білетін шығарсыздар. Соларды ортаға салып, бәріміз бірлесіп шешейік (Балалардың жұмбақтары).

Сөзжұмбаұұстар"


  1. Қыз есімімен аталатын құс.

  2. Құстар мекені.

  3. Өзі ұсақ, өзі сақ

Шықылықтап тұрмайды

Құйрығы ұзын, өзі ала

Бұл қандай құс балалар?


  1. Орман еншісі.

  2. Құс төресі.

  3. Қыста қыстап қалатын құс.

Жауаптары:

  1. Қарлығаш.

  2. Ұя.

  3. Сауысқан.

  4. Тоқылдақ.

  5. Аққу.

  6. Қарға.

  • Балалардан осы сабақтан түсінгендерін сұрау және соған жауап алу. Сабақты қорытындылап, тағы да тәрбие сағатын өткізуді айту, алдағы уақытта саяхатқа шығуды ескерту:

  • Оқушылармен қоштасу.

"Орманға серуен" сабағы

Сабақтың мақсаты: Жыл бойы өткен тақырыптарды қайталай отырып, оны ойын түрінде бекіту. Сабақты қоршаған ортамен дамыту. Оқушылардың байланыстыра сөйлем құрап және Көркем жаза білу әдетін әрі қарай қалыптастыру. Сөйлем түрлерін, сөз топтарын, олардың ережелеріне оқушылардың қалай меңгергенін тексеру. Оқушыларды табиғатқа сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер, қима суреттер, плакаттар.

Қолданылатын әдістемелік тәсілдер сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру әдістері.

Сабақтың барысы

Мұғалім: - Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Себебі, біз бүгін орманға серуенге барамыз. Серуенге баруға дайынбыз ба?

- Дайынбыз!

Мұғалім: - Кеттік ендеше! Мында назар аударыңыздар, бізді орманнан ызыңдаған аралар қарсы алады (Аралардың суретін көрсетеді). Кәне, бәрің де осы араларға құсап ызыңдап алдарыңыздағы кітаптарыңызды ашып, оқи қойыңыздар.

(Балалар біркелкі дауыспен дауыстап, алдарындағы балаларға арналған әдеби кітаптарын ашып оқи бастайды. Осылай оқыту әдісі әрқашанда әр сабақтың кіріспе бөлімінде қолданылып отырылады, 2-3 минут).

Мұғалім: - Жарайды, өте жақсы. Енді дәптерлеріңді ашып, тақтадағы бүгінгі ай, күн аттарын, мына жаңылтпашты өсем етіп көшіріп, жазып ала қойыңдар. Жазуымыз көркем, әдемі болу үшін денемізді тік ұстаймыз. Шынтағымыз парта үстінде жатсын, дәптерді сәл қиғаштап қоямыз.

(Өзім көрсетіп, кейін парта аралап қадағалаймын).

Жаңылтпаш: Бал араға, балға

Бара ала ма бала?

(Дауыстап оқылып, жаңылтпаш жатталады, тез жаттаған оқушы бағаланады).

Мұғалім: - Қараңыздар, балалар біздің араларымыздың омартасына бал аюы бал ұрлауға келіпті.

(Суретте аю ағаштың қуысындағы балға әрмелеп келеді, аралар оны жан-жағынан талауда).

Мұғалім: - Балалар, біз осы сурет бойынша сөйлемдер құруымыз керек. Қане, кім айтады, сөйлемнің неше түрі бар?

("Сөйлемнің үш түрі бар. Олар: лепті сөйлем, хабарлы сөйлем, сұраулы сөйлем"- деген жауап алынады).

Мұғалім: - Өте дұрыс. Енді сендер осы суретке қарап бір сұраулы, бір лепті, бір хабарлы сөйлем құрауларың керек.

(Тақтаға кезекпен үш бала шығарылып, үш сөйлем жазады. Қалған балалар дәптерлеріне орындайды).

Мұғалім: - Серуенімізді жалғастырамыз. Біз орманнан гүлдер теріп алған едік. Енді осы гүлдермен ойын ойнайық.

(Балаларға гүлдер таратылады, "Сары гүл - зат есім, қызыл гүл - сан есім, көк гүл - сын есім, жапырақ -етістік" екені тақтаға жазылады).

Мұғалім: - "Жасыл шөп жайқалды" (Сөйлем оқылды).

Оқушылар көк, сары гүлді және жапырақты жоғары көтеріп көрсетеді.

Өйткені: жасыл - (қандай?) - сын есім (көк гүл) шөп - (не?) - зат есім (сары гүл). жайқалды - (неғылды?) - етістік (жапырақ).

Мұғалім: - Орманда біз серуендедік. Келе жатсақ, мынадай әдемі елік пен тырна кездесті. Бұл жануарлар біздерге бірдене айтқысы келді. Бірақ, олар адамша сөйлей алмағандыңтан, сөздері байланыспай тұр. Біздер осы аңдардың не айтқысы келгенін біліп тақтаға буынға бөліп жазып, дауысты және дауыссыз дыбыстарға талдау керек. Кәне, кім айтады? Қалай дұрыс болады?

(Елік суретінің астында: біл, туған, табиғатын, қорғай, жердің. Дұрысы: "Туған жердің табиғатын қорғай біл".

Тырна суреті астында: қайырымды, әрқашанда, қоршаған, бол, ортаға. Дұрысы: "Қоршаған ортаға әрқашан да қайырымды бол"). Сөйлемдер тақтаға жазылып, талданады.

Мұғалім: - Балалар, енді мына ағашқа назар аударыңдаршы, өзі бір таңғажайып ағаш екен. Алмалары да жай алма емес-ау деймін өзі?! Сандар жазылыпты. Жақындап кәрейік. Шынымен дінінде конверт тұр екен. Қазір Бұл хатты оқимын. "Мен сиқырлы ағашпын. Менің алмала-рымдағы сандар бойынша сұрақтарыма жауап берген оқушыларға алғысымды айтып, алмаларымды жеуге рқұсат етемін".

Сұрақтар:


  1. Зат есім дегеніміз не? Мысал келтір. (Жауап алынып, №1 алманы алып теріс айналдырып қоямыз, артында "ж" әріпі бар).

  2. Сын есім дегеніміз не? Ережесін айт, мысал келтір. (№ 2 алманық артында "а" әріпі бар).

  3. Сан есім дегеніміз не? (№ 3 алманық артында "р" әріпі бар)

  4. Етістік дегеніміз не? (№ 4 алманық артында "а" әрпібар).

  5. Тәуелдік жалғаулары дегеніміз не? (№5 алманық артында "й" әріпі бар).

  6. Хабарлы сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір. (№ 6 алма-ның артында "с" әріпі бар).

  7. Сұраулы сейлем қалай жасалады? Мысал келтір. (№ 7 алманық артыңда "ы" әріпі бар).

  8. Лепті сөйлем қалай жасалады? (№8 алманық артында "н" әріпі бар).

  9. Бастауыш дегеніміз не? (№9 алманың артында "д" әріпі бар).

10. Баяндауыш дегеніміз не? (№10алманың артында "а" әріпі бар).

  1. Тұрлаусыз мүшелер қалай жасалады? (№11 алманың артында "р" әріпі бар).

  2. (Әр сұрақ бойынша жауап дұрыс болса, алмалар нөмір реті бойынша ашылып: "Жарайсыңдар"деген сөз шығады).

Мұғалім: - Алма өте дәмді екен, ағашқа рахмет айтайық.

Міне, қызық! Үйдегі жануарларға не болған?! Адасып жүрген әрқайсысын өз орнына орналастыру керек. Сиырдын суреті, қасында "қаңқылдады"деген сез. Аттың суретінің қасындағы қима қағазда "шықылықтады"деген сез. Үйректің суретінін қасында "мөңіреді"деген сөз. Өтеш суретінің қасында "кісінеді"деген сөз. Балалар тақтаға шығып қима қағазбен жазылған сөздерді алып, өз орындарына қояды. Бастауышы мен баяндауышын табады. Сөйтіп, балалар бұл тапсырманы да дұрыс орындап шықты.

Қорытынды: Сабақ аяқталып, қорытындыланды. Берген жауаптарына қарай оқушылар білімі бағаланады.

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

1-тақырып. Көркем шығармалардың кейбір түрлерін оқыту

Бастауыш сыныптардың оқу сабақтарында ғылыми тұрғыдан болмаса да, практикалық жағынан түрлі жанрдағы шығармалар өтіледі. Оқу сабақтарына негізінен әңгіме, өлең, ертегі, мысал, мақал-мәтелдер, жұмбақтар мен жаңылтпаштар, ғылыми-танымдық материалдар енгізілген.

Түрлі жанрдағы көркем шығармалар құрылысы, стилі жағынан өзіне тән ерекшеліктерге ие болып, олардың оқушыларға әсері де әртүрлі болады. Әр жанрға тән шығармалардың мәтіні лингвистикалық тұрғыдан да өзіндік ерекше тұстары бар. Мысалы, поэзиялық туындылардың мәтіні әңгіменің мәтінінен, ғылыми-тынымдық материалдың мәтіні мысал жанрына тән шығарманың мәтінінен түбегейлі айырмашылық жасайды. Жұмбақтар заттар мен оқиға-құбылыстар арасындағы ұқсастықты салыстыру арқылы меңгерілсе, мақалдардың мазмұны өмірлік мысалдар негізінде талдауды талап етеді. Осыдан, түрлі жанрдағы шығармаларды оқытуда оқытушыдан сол шығармаға сай келетін тәсілдерді таңдай талап етіледі.

Әдеби шығарма өмірді түсінуге көмектеседі. Ақын-жазушылардың идеясы, көркемдік шындығы, шығарманық мазмұны арқылы оқушыларды баурап, оларға түрлі сезім, ой туғызады, өмірге көзқарасын қалыптастырады. Көркем әдеби шығармалардың мұндай ерекшеліктері өзіндік әдістемені қажет етеді.

Бастауыш сыныптың ана тілі оқулықтарына көркем шығарманық мынадай жанрлары енгізілген: өлең, жұмбақ, әңгіме, мысал, ертегілер, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер, айтыс, шешендік сөздер, ғылыми мақалалар мен очерктер, т.б.

2-тақырып. Бастауыш сыныпта өлеңді оқыту

Көркем сөзді мәнерлеп, өлеңді мәнерлеп оқып, жатңа айтудың, оқушылардың шығармашылық түйсігін қалыптастыруда маңызы зор.

Өлең сөздің тыңдаушыларын өзіне баурайтын сазды, әуезді өрнекнақышы, эмоциялық бояуы, үні, дыбыс өуені, мәні, табиғаты ауызекі естілгенде ғана ашылмақ. Осындай сиқырлы күшінен де болар, ұлы Абай "Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы" деген. Өлең сөздің құдыретті қасиетін бала бойына ерте бастан сіңіру, зердесіне жеткізу - оқу-тәрбие ісінде үлкен мәнге ие.

Жақсы өлең жақсы оқылмаса, оның өңі қашады, мазмұны сүреңсіз, әсерсіз шығады.

Өлең сөздің ырғақ, ұйқас, бунақ, тармақ, шумақ кідірістері - қара сөзбен жазылған шығармалардан даралап тұратын белгісі. Осы ерекшеліктер өлеңді ауызша оқығанда, жатқа айтқанда арнайы ескертіледі.

Бастауыш сынып оқушыларына берілген өлеңдер алуан түрлі болып келеді. Кейбір өлеңдер белгілі бір оқиғаға құрылса, ал енді бір тобы автордың көңіл-күйіне, асқақ ойының мағынасын білдіреді.

Өлеңдерді оқу тәртібін шамамен былайша көрсетуге болады:


  1. Өлең оқылмас бұрын оның мазмұнына қарай оқушымен әңгіме өткізіледі. Бұл әңгімеде өлең ішіндегі оқушылардың ұғымына ауыр-ау деген бейнелі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасы түсіндіріледі.

  2. Өлеңді ырғағына келтіре, мәнерлеп алдымен мұғалімнің өзі оқып шығады. Оқу барысында балалар кітаптарын жауып, тыңдап отырады.

  3. Оқушылар өлеңге әуелі іштерінен көз жүгіртіп өтеді де, сонан кейін оны дұрыстап оқиды.

  4. Өлең мазмұны талданады. Кейбір көлемдірек өлеңдер бөлім-бөлімге бөлініп, ал қысқа өлеңдер тұтас талданады.

  5. Өлеңді 2-ші рет қорытындылау мақсатында оқуға дайындық жұмысы жүргізіледі. Оқу техникасы (шапшаң, жай) дауыс сазы, хормен оқу, жеке оқушыға оқыту, т.б. жұмыстар.

Дауыстап оқуға үйрету үшін қойылатын талаптардың бірі - мәнерлеп оқу. Ол дауыс интонациясы арқылы дұрыс оқу, мәтіндегі негізгі ойды жеткізу, автордың көзқарасын беру, кейіпкерлердің көңіл-күйін сезіну. Сондықтан әр сөз, сөйлем дұрыс оқылуы керек. Мәнерлеп оқуға дауыстың да қатысы бар. Оған дауыстың күші мен дауыстың қарқыны жатады.

Өлең шумақтары бір-біріне байланыссыз тұрады. Мұндай өлеңдердің бір тақырыптан екінші тақырыпқа тез ауысып, тез өзгеру себептері баланық жастық ерекшеліктері мен білім деңгейіне байланысты. Екіншіден, баланы қоршаған ортанық әр алуан жақалықтарына байланысты өзгереді. Үшіншіден, табиғат байлықтары мен ондағы түрлі құбылыстардан, тез әсер алуына байланысты бір тақырыптан екінші тақырыпқа тез ауыса береді. Төртіншіден, езін қоршаған ортанық және табиғат сырларын білуге ынталанған бала тілі жаңа шыға бастағанда-ақ шамадан тыс көп сұрақтар қояды. Шамамен айтқанда бала ата-анаға бір күнде ең кемі 250-300-ге дейін сұрақтар қояды. Бала сөзі сұрақтан басталады. Баланық бір сұрақтан екінші сұраққа тез ауысып оты-руы оның әр нәрсенің себеп-салдарын білуге тырысатынына байланысты. Балаларға арналған өлең-тақпақтары да әр алуан болып келеді. Мұндай өлеңдерде түсінікті болуы үшін қайталаулар да жиі кездеседі. Қайталау, өлең айырмасы, өлең құрылысы, формасы, көлемі, өлшемі, варианттары, портрет, пейзаж, гипербола, кейіптеу секілді суреттеу тәсілдері балаларға арналған халық өлеңдерінде ерекше орын алады. Бұл әдебиеттік түсініктерді бастауыш сыныпта беру қажет.



Каталог: uploads -> books -> 47828
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева Қазіргі әдеби процесс
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Методикасы кафедрасы
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби
47828 -> Низами атындағы тмпу-дың Қазақ тілі және әдебиетін оқыту әдістемесі кафедрасының доценті Е. Абдувалитовтың “Абай халық данасы” тақырыбындағы сабақ үлгісі
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби
47828 -> Низомий номидаги тошкент давлат педагогика университети


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет