Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында бірпәндік оқыту принциптері



бет2/5
Дата13.02.2017
өлшемі2,01 Mb.
#9107
1   2   3   4   5

Сабақ кестесін тиімді құрастырудағы негізгі мәселе – ұқсас пәндерді дұрыс біріктіру. Осы орайда кесте құратын мұғалім не оқу меңгерушісі, не болмаса директор оқушылардың психологиялық-физиологиялық мүмкіндіктерін ескеруі қажет.

Сабақ кестесін дұрыс құру үшін оқушылардың өзіндік жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға барынша мүмкін деген ұстанымды басшылыққа алу керек. Мысалы, соңғы жылдары бірпәндік сабақтар өткізуге баса мән берілуде. Себебі мазмұны ұқсас сабақтарды екі сыныпқа ортақ өткізуге болады немесе кейбір пәндердің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты (мысалы, ән сабағы, дене шынықтыру) басқа пәндермен біріктіруге болмайды деген пікірлер туындап жүр. Бірақ пәндерді біріктіргенде, өзіндік жұмысты ұйымдастыру мүмкіндіктері бойынша пәндер екі топ құрайтынын ескерген дұрыс. Бірінші топқа шартты түрде математика, қазақ тілі, орыс тілі, бейнелеу өнері, технология сияқты, яғни өзіндік жұмыс ұйымдастыруға үлкен мүмкіндіктері бар пәндерді, ал екінші топқа табиғаттану, ана тілі, ән сабағы, дене шынықтыру пәндерін жатқызуға болады. Сабақ кестесін құрастырғанда, бірінші және екінші топ пәндерін біріктіруге болатынын есте ұстаған жөн. Сондықтан сабақ кестесін құрастырғанда пәндік біріктіру жүйесін енгізген дұрыс. Себебі бірнеше сыныпта сабақтың кейбір кезеңдерінде біріктіріп оқыту арқылы мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін жұмыс уақытының мөлшерін арттыруға мүмкіндік туады.

Шағын жинақты мектептегі әрбір сыныптағы оқушылар саны жағынан ықшам болғандықтан, олардың түсінгенін байқау, тапсырманы орындау, жаңа сабақты пысықтау сияқты жұмыстар мұғалімнің көп уақытын алмайды.

Демек, сабақ барысында оқушылардың жауапкершілігі күшейеді, түсінгенін, білгенін қайталап айтып отырады. Сондықтан оқушылар кез келген уақытта сұраққа жауап беруге дайын отыруға дағдыланады, алған білімі есінде берік сақталады.

Біріктірілген сыныптарда бірпәндік оқыту үдерісін ұйымдастыру мазмұны ұқсас және мазмұны әртүрлі тақырыптарды кіріктіре оқыту арқылы жүзеге асырылады. Мазмұны ұқсас тақырыптарды кіріктіре оқытуда жаңа тақырыптар екі сыныпқа ортақ түсіндіріледі де, жаңа оқу материалын бекіту барысында жаттығулары дараланып, өзіндік жұмыстар мен деңгейлік тапсырмалар беріледі. Білім мазмұнының жүйелілігін сақтай отырып, мазмұны әртүрлі тақырыптарды кіріктіре оқытуда жаңа тақырыптар әр сыныпқа жеке түсіндіріліп, өзіндік жұмыстармен ұштастырылады.

Шағын жинақты мектептің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты біріктірілген сыныптардағы бірпәндік сабақтар екі кезеңнен тұрады: мұғалім басшылығымен жұмыс және оқушының өздігінен орындайтын жұмысы. Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары әртүрлі болуы, белсенділікке, ізденушілікке ұмтылдыруы тиіс.

Бір мезгілде екі, үш сыныппен қатар жұмыс істегенде мұғалімнің алдына уақытты тиімді пайдалану мәселесі тұрады.

Сабақ – бұл педагогикалық еңбек, мұғалім мен оқушының бірыңғай ой еңбегі, екі жақты ішкі түсінушілігі, оның басқа процестерден өзгешелігі болуы керек.

Әрбір сабақ – мұғалімнің көздеген мақсатының нақты болуымен, оның қорытындысының дұрыстығымен басталады және сабақта мұғалімнің неге қол жеткізгісі келетіні де ескеріледі. Содан кейін тәсілдердің мақсатына жетуіне көмектеседі, әдістің нақтылығы – мұғалім мақсатының жүзеге асуына қандай іс-әрекет қолдануында болып табылады.

Сабақ оқудың басқа түрлерін: практикалық сабақтарды, оқушылардың өзіндік және үй жұмысын орындауға ынталандырады. Сонымен бірге барлық осы іс-әрекеттер сабақпен тығыз байланыста бола отырып, оның құрылымы мен жүргізуге ықпал етеді.

Оқыту барысында білімді қабылдайды, ойдан өткізіп, бекітеді және оларды іс жүзінде қолданады. Бұл тізбек сабақта әртүрлі үйлесімде көрінеді. Сабақтағы білімді меңгеру үрдісінің негізгі тізбектерінің түрлі комбинациялары оқу материалының сипатына, сабақтың дидактикалық мақсатына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне, сондай-ақ ұжым ретіндегі осы сыныптың ерекшеліктеріне де байланысты. Мысалы, бастауыш сыныптардың білім мазмұнына теориялық материалды енгізу мұғалімнің түсіндіруі мен оқушылардың өзіндік жұмысының уақыты арақатынасының өзгеруіне әкеледі, ал бұл өз кезегінде сабақ құрылымының өзгеруіне әкеп соқтырады. Сабақ құрылымы сабақтағы (жаңа білімді хабарлау, оларды бекіту, оқушылардың жаттығулары) қандай болмасын әрекет түрлерінің орны мен маңызының және олардың үйлесуінің арақатынастарын анықтайтын негізгі мақсатының сипатына тәуелді.

Екі сыныпты қатар оқытқанда, сабақ берудің негізгі 3 типі болады:

- екі сыныпқа да жаңа материалды түсіндіру сабағы;

- екі сыныптың бірінде жаңа материалды түсіндіру, ал екінші сыныпта қайталау немесе есепке алу сабағы;

- екі сыныпта да өткенді қайталау сабағы.

Екі сыныпта жаңа материалды түсіндіруге арналған сабақ төмендегідей жоспарланады (3-кесте).

3-кесте – Біріктірілген сыныптарда жаңа материалды түсіндіруге арналған сабақтың құрылымы

р/с

Төменгі сынып

Жоғары сынып

1

Оқушының өздігінен орын-дайтын жұмысы.

Оқушыларды жаңа сабаққа әзірлеу – 5 мин.



Мұғалім басшылығымен орында-латын жұмыс.

Жаңа материалды өтпес бұрын тапсырмаларды түсіндіру – 5 мин.



2

Мұғалім басшылығымен орын-далатын жұмыс.

Жаңа материалды түсіндіру, оқушыларға сыныпта және үйде өздігінен орындау үшін тапсырмалар беру және жұмыстың көпшілігін мұғалімнің басшылығымен орындау.



Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары.

Жаңа материалды пысықтау үшін тапсырмаларды жазбаша түрде орындау, өткен тақырыпты қайталау мақсатында оқулықтан тапсырмалар беру.



3

Оқушының өздігінен орын-дайтын жұмыстары.

Мұғалімнің түсіндірген мате-риалын пысықтау үшін оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын әрі қарай жүргізу, оқулықпен жұмыс.



Мұғалім басшылығымен орында-латын жұмыс.

Оқушылардың өздігінен орын-даған жұмыстарын тексеру, жаңа материалды түсіндіру, оқулықпен жұмыс, оқушылардың сыныпта және үйде өздігінен орындауы үшін тапсырмалар беру; жұмыстардың көпшілігін мұғалім басшылығымен орындау.



4

Мұғалім басшылығымен орын-далатын жұмыс.

Оқушылардың өздігінен орындаған жұмыстарын тексеру, үйге берілетін тапсырманы қайталау.



Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары.

Мұғалімнің түсіндірген мате-риалдарын пысықтау үшін жұмыстарды әрі қарай жүргізу.


Бір сыныпта жаңа материалды түсіндіру, ал екінші сыныпта қайталау сабағын жоспарлағанда, жұмыстың барысы жаңа материалды бірінші қай сыныпта түсіндіру қажеттігіне қарай анықталады. Егер де мұғалім жаңа материалды жоғары сыныпта түсіндіретін болса, сабақтың жоспары төмендегідей құрылуы мүмкін (4-кесте).




р/н

Төменгі сынып

Жоғары сынып

1

Мұғалім басшылығымен орын-далатын жұмыс.

Үйге берілген тапсырманы тексеру; өткен тақырыпты пысықтау мақсатында тапсырма беру.



Оқушының өздігінен орын-дайтын жұмыстары.

Үйге берілген тапсырманы оқушылардың бірін-бірі тексеруі, өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру мақсатындағы әртүрлі тапсырмаларды орындау.



2

Оқушының өздігінен орын-дайтын жұмыстары.

Өткен тақырыпты пысықтауға арналған түрлі тапсырмаларды орындау.




Мұғалім басшылығымен орын-далатын жұмыс.

Оқушылардың өздігінен орын-даған жұмыстарын тексеру, жаңа материалды түсіндіру, сыныпта және үйде өздігінен орындау үшін тапсырмалар беру.



3

Мұғалім басшылығымен орын-далатын жұмыс.

Оқушылардың өздігінен орын-даған жұмыстарын тексеру, үйге тапсырма беру.



Оқушының өздігінен орын-дайтын жұмыстары.

Жаңа тақырыпты пысықтау үшін әртүрлі тапсырмалар орындау.


4-кесте – Сабақ жоспарының үлгілері

Аптаның сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндері – оқушылардың ең жоғары деңгейде жұмыс істей алатын күндері. Екінші, үшінші сабақтар оқушылардың белсенділігіне әсер ететін нәтижелі сабақтар болып саналады.

Сонымен қатар шағын жинақты мектептегі бірпәндік оқу жүйесі іс жүзінде біртақырыптық сабақ жүргізуге мүмкіндік береді.

Біріктірілген сыныптардағы біртақырыптық сабақтың құрылымы, негізінен, 3 бөлімнен, 3 кезеңнен тұрады (5-кесте).

5-кесте – Бір тақырыптық сабақтың құрылымы

І Кіріктірілген бөлім

Бағдарлау-мотивациялық кезең

Мұғалім басшылығымен орындалатын жұмыстар

Екі сыныппен қатар жүргізілетін тапсырмалар беріледі, үй тапсырмасы тексеріліп, жаңа сабақ түсіндіріледі.




ІІ Сараланған бөлім

Операциялық-орындаушылық кезең

Әр сыныппен жеке дара жұмыстар жүргізіледі.



Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары.


Мұғалім басшылығымен орындалатын тапсырмалар


Мұғалім басшылығымен орындалатын тапсырмалар.

Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары.

ІІІ Кіріктірілген бөлім

Рефлексиялық-бағалау кезеңі

Сабақты бекіту үшін екі сыныппен қатар жүргізілетін тапсырмалар беріледі.


Жоғарыда келтірілген бірпәндік сабақтардың құрылымы бойынша әзірленген сабақ жоспарларының үлгілері әдістемелік құралда қарастырылады.



3 Біріктірілген сыныптарда бірпәндік сабақтарды ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері
ХХІ ғасыр – жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту ғасыры. Ауылдағы шағын жинақты мектепте бала тұлғасы қалыптасуына ықпал ететін негізгі әлеуметтік факторлар – ауыл мектебінің әлеуметтік-экономикалық және мәдени, тұрмыстық ахуалы. Осыған байланысты ауыл мектебі мұғалімінің негізгі мақсаты – өмір сүру қажеттілігіне сенімділігі бар баланың жеке тұлғасын қалыптастыру. Оқушының туған жеріне адалдығын сақтап, қоршаған ортаға белсенді араластырып, жалпы мәдени дамытып, білімге деген ынтасын арттыру, сөйлеу дағдысын жетілдіріп, болашақта үлкен орта жағдайына бейімделу қабілетіне тәрбиелеу болып табылады. Міне, осындай тұлғаны қалыптастыруда мұғалім оқытудың әртүрлі әдістерін қолдана отырып, біріктірілген сыныпта отырған әртүрлі жастағы оқушылардың мүмкіндіктерін, жас ерекшеліктерін жан-жақты ескеріп, олардың өздігінен білім алуға қызығушылығын ояту, білім, білік, дағдыларын одан әрі дамыту міндетін жүзеге асырады. Осы орайда біз оқыту әдістері деген ұғымға кеңінен тоқтала кетсек.

Оқыту әдістері – алға қойылған мақсатқа жетудің жолы деп те аталады. Педагогикалық энциклопедияда оқыту әдістерін былайша анықтайды: «Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушының өзара байланысты әрекеттерінің бірізділігі. Сол арқылы білім мазмұны меңгертіледі және меңгеріледі» [9].

Оқыту әдістерінің басты үш белгісі бар:



  • оқыту мақсатын;

  • білім мазмұнын меңгеру тәсілін;

  • оқыту үдерісіндегі тек субъектінің (мұғалім мен оқушы) өзара бірлескен іс-әрекетінің сипатын анықтайды.

Оқыту әдістері дегеніміз – тарихи категория. Оқыту әдістері уақыт өте келе жетіледі, дамиды, алмасады, қайта жаңғырып қолданылады, сөйтіп заман дамуына етене жақын болатын білім мазмұны мен білім беру мақсаты деген категорияларға қатысты түрлі даму жолдарына түсіп отырады.

А.Байтұрсынұлы «жалпылау» және «жалқылау» әдістері деп дедукция мен индукцияны көрсеткен. Осындағы дедукция әдісінің оқушылардың теориялық ойлау қабілетін дамытуда алатын орны үлкен екендігіне дамыта оқыту теориясын зерттеген ғалымдар ерекше назар қоятынын байқауға болады [10].

И.Я. Лернер мен М.Н. Скаткиннің айтуынша, оқыту мақсаты мен білім беру мазмұнын анықтау балаға теориялық білім беруде жеткіліксіз. Ол үшін, алдымен, қандай жолмен, қандай әдістермен сол мақсатқа жетуге болатынын анықтау қажет дейді [11].

И.П. Подласый оқыту әдістерінің классификациясын былайша ұсынады


(1-сурет) [12]:



1-сурет
1-сурет


Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында бірпәндік оқыту жүйесінің дидактикалық негіздерінің негізгі тұжырымдары – дидактиканың басты категорияларын тану және әдістемелік жүйеге тірек ретінде алу болып отыр. Ол категориялардың, яғни білім беру, оқу, оқыту, білім, білік-дағды, мақсат-міндеттер, білім мазмұны, оқыту формасы, оны ұйымдастыру жолдары, әдістері, оқыту тәсілдері және оқытудың нәтижесі сияқты маңызды дидактикалық ұғымдарды шағын жинақты мектеп мұғалімдерінің терең түйсінуі пәннің сапалы оқытылуының кепілі деп айта аламыз.

Жоғарыда айтылғандарға орай біздер оқытудың тиімді әдістерін жүйелеп, оларды түрлендіре, орын ауыстыра отырып, шағын жинақты мектеп тәжірибесінде қолдануға болатын төмендегідей әдістерді ұсынамыз:



  1. Талдау.

  2. Синтез жасау.

  3. Дедукция.

  4. Индукция.

  5. Модельдеу.

  6. Зерттеу.

  7. Салыстыру.

  8. Бақылау.

  9. Ойын әдістері.

  10. Белсенді оқыту.

  11. Проблемалық оқыту.

  12. Тест алу.

  13. Интерактивті оқыту.

  14. Ұжымдық оқыту және т.б. әдістер.

Біріктірілген сыныпта әрбір сабақты өткізудің тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау – ұстаздан кәсіби шеберлік пен ізденімпаздықты талап етеді. Енді осы әдістердің кейбіреуіне тоқтала кетсек, ұжымдық оқыту әдісі, соның ішінде топпен жұмысты ұйымдастырудың тиімділігі:

  • оқушы жалпы жұмысқа қосатын үлесін өзі анықтайды, сондықтан сабаққа бар ықыласымен кіріседі;

  • белгілі бір жүйеден шықпай, қатып қалған оқу тәсілі өзгереді. Оқушылардың өздеріне деген сенімі нығаяды;

  • бірлесе жұмыс істеу балалардың арасында ынтымақ бірлікті, әдептілік қасиеттерін қалыптастырады. Әр топтың жұмыс нәтижесін бағалайтын нақты бір жүйе дайындап алу шарт. Оқушылар жолдастарының жұмыстарын талдай отырып, ойларын ашық айтуға үйренеді.

Сонымен бірге проблемалық оқыту әдісі де маңызды. Сабақты түсіндіру проблема қоюға алмастырылады. Мұғалім басты проблемаларды қояды, оны шешуде балалар алдында жеке проблемалар қою арқылы қайшы шешу жолдарын көрсетеді. Проблемалық оқытудың тиімділігі – оқушының бойындағы қызығушылығын жойып алмай, оның табиғи талап-тілектерін, сұраныс, мұқтаждарын ескеру. Оқушы қабілетті, бойында күш-қуаты жеткілікті екеніне сендіре білу, ықыласын оята білу, оқушыны таңғалдыра білу. Даналыққа ұмтылу таңғалудан басталады. Оқушыларды шығармашылық ізденуге үйрете отырып, ой-қиялын дамыту.

Шағын жинақты мектептегі оқушы дамуына әсер ететін негізгі әдістердің бірі – ішінара іздеу. Ішінара іздеу сабағында мұғалім баланың әр қадамын назарға алып, оның жас ерекшеліктерін ескеріп отырады. Ішінара іздеу эвристикалық әңгімені жүзеге асырады, мұғалім проблемалық сұрақ қояды, оқушы сұрақтарды талқылап, ой елегінен өткізіп, жауап береді.


2-сурет
Шағын жинақты мектеп жағдайында оқыту жүйесі оқушылардың таныс заттармен және құбылыстармен өздік жұмысын ынталандырады. Өзі қорытынды шығарып, алған білімін іс жүзінде қолдануға үйретеді.

Қазіргі таңдағы тиімді әдістердің бірі – интерактивті оқыту әдісі (2-сурет). Интерактивті әдісті пайдаланудың тиімділігі оқушының өз ойын еркін, жүйелі айтуына, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Әсіресе табиғатынан тұйық, өз ойын жеткізе алмайтын, өздеріне сенімсіздеу оқушыларға пайдасы зор.

«Интерактивті оқыту» терминдерінің ортақ түбірі интер ағылшын тілінің «inter» – аралық, «act» – әрекет ету деген сөздерімен енген.

Интерактивті әдістер тіркесін оқушылардың өзара әрекет етуіне жағдай жасайтын әдістер деп түсінуге болады. Сондықтан олар сабақта ынтымастық педагогикасының жүзеге асуына, бірлесіп әрекет етуіне, сабақта жайлы да жағымды психологиялық жағдай орнауына мүмкіндік жасайды.

Интерактивті әдістерді қолдануда мұғалім төмендегідей ережелерді естен шығармауы қажет:

Бірінші ереже: сынып оқушыларының барлығын сабаққа түгел қатыстырып, танымға жұмылдыру.

Екінші ереже: оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау. Оқушыларды жиі мақтап, қолпаштап отыру.

Үшінші ереже: сынып талапқа сай болуы қажет.

Төртінші ереже: әрбір қатысушы өз пікірін, көзқарасын білдіріп, дәлелдеп беруге мүмкіндік жасалу қажет.

Бесінші ереже: проблема шешу барысында оқушыларды топқа бөлу.

Шағын жинақты мектептерде оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға тура келеді. Бұл үрдістің ұтымды жақтарын пайдалана отырып, оқушылардың өздігінен бақылау жұмыстарын жүргізуге, қорытынды жасай білу дағдыларын арттыру мүмкіндіктерін үнемі есте сақтау керек. Сондай-ақ шағын жинақты мектептің оқушыларының арасынан кімнің қай пәнге қабілетті екенін байқап, әрі қарай дамытуға көп көмегін тигізеді. Өзіндік жұмыстар шығармалық қабілет бойынан табылатын оқушылармен жеке жұмыс жүргізуге, үлкен нәтижеге жетуге мүмкіндік береді.

Қазіргі шағын жинақты мектепте білім алып жатқан оқушылар – болашақ зиялы қауым өкілі ретінде ұлттық, жалпыадамзаттық мәдениетті терең тануға ұмтылуы керек. Соның негізінде шағын жинақты мектеп оқушылары мәдениеттің, білімнің құндылық қасиетін түсінуге, оны дамытуға, сақтауға қажетті қабілеттер мен әдістерді меңгере бастайды. Осы бағытты ұстана отырып, шағын жинақты мектеп оқушыларына өзіндік білім іздену әдістерін меңгеруге үлкен басшылық ете алатын кіріктіре оқыту әдісінің тиімділігі жоғары.

Оқу мен тәрбие – оқушының білімді және адамзат қоғамының талаптарына сай дамуын мүмкін ететін ерекше үдеріс. Дәстүрлі оқыту жүйесінде мұғалім оқыту материалдарында берілетін білім мазмұнын «бар, өзгермейтін, даяр» нәтиже ретінде беретін болса, дамыта оқыту үдерісінде оқушыны білімді бірге іздейтін, әсіресе оқушының өзіне «жаңалық ашу» мүмкіндігін жасайтын әдіс алдыңғы орын алады.

Осындай әдістер арқылы оқушылардың оқу-танымдық белсенділігі жоғарылап, білім алу сапасының көрсеткіштері де биіктей түседі.

Шағын жинақты мектептегі бірпәндік сабақтарды ұйымдастыру барысында кез келген оқыту әдістерін тиімді қолдана білу арқылы сапалы білімге қол жеткізу мұғалімнен үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан мұғалім жоғарыда көрсетілген әдістерді толық меңгеріп, өз тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білуі керек.


4 Бірпәндік сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың маңызы
Біріктірілген сыныптардағы оқу үдерісі, негізінен, мұғалім басшылығымен орындалатын және оқушылардың өздігінен орындайтын тапсырмалардың кезектесіп келуі арқылы жүзеге асырылады.

Өзіндік жұмыстарсыз шағын жинақты мектептердегі біріктірілген сыныптардағы сабақтарды ұйымдастыру мүмкін емес. Жалпы білім беретін мектептерде өзіндік жұмыс сабақтың 20-ын құрайтын болса, шағын жинақты мектепте оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысы 50-дан асады. Сондықтан оқушыларды өздігінен жұмыс жасай білуге үйрету олардың шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндік береді.

1-сыныптан бастап оқушыларды өзіндік жұмыстарды орындауға үйрету керек. Алғашқыда шығармашылық тапсырмалар көлемі жағынан үлкен емес, ұқсату сипатына ие болады, яғни балаларға үлгі бойынша тапсырмалар беріледі. Мысалы, «Қанша түйме болса, сонша шеңбер сыз, бұл санды цифрмен жаз». Біртіндеп тапсырмалар күрделене түседі және шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға ұласады. Оқыту процесінде оқушылар оқулықпен және дидактикалық материалдармен, т.б. жұмыс істеуге үйренеді.

Өзіндік жұмысты ұйымдастыру кезінде әдеттегі мектептердегі негізгі талаптарды басшылыққа алу керек:



  • өзіндік жұмыс бағдарламаның талаптарына сәйкес келуі;

  • оқушының логикалық ойлау қабілетін дамытуы;

  • шығармашылық жұмыс – оқушы үшін интеллектуалдық дамуының алғышарты болуы тиіс, бұл жағдайда ол саналы түрде орындауы қажет.

Үлгісі және мазмұны бойынша өзіндік жұмыстардың әртүрлі болуы оқушының шығармашылығын қалыптастыруға негіз болады. Оны ұйымдастыру кезінде жүйелілік қағидасын сақтау: өзіндік жұмыс тексерілуі және бағалануы тиіс. Шығармашылық жұмыс тек білімді бекіту кезінде ғана емес, сонымен бірге сабақтың басқа да сатыларында орындалуы тиіс. Оқу үлгерімі нашар оқушыларға ерекше көңіл бөлу, мүмкіндігіне қарай оларға қосымша тапсырмалар беріп, түсіндіру, ал озат оқушыларға қосымша күрделі тапсырмалар даярлау қажет. Бұл тапсырмаларды алдын ала тақтаға, плакатқа немесе жекелеген карточкаларға әзірлеуге болады. Мұғалімнің бір уақытта бірнеше сыныппен жұмысы жағдайларында оқушылардың өзіндік жұмысты орындау барысына үнемі бақылау жасауға мүмкіндігі бола бермейді. Сондықтан оқушыларды өзін-өзі бақылау, өзінің мүмкіндіктерін жүзеге асыру, рефлексия жасауға үйретудің маңызы зор. Өзін-өзі бақылау, рефлексия элементтерін 1-сыныптың соңында енгізген жөн. Мысалы, математика сабақтарында шешуі бар мысалдарды кері әрекет жолымен тексеруді пайдалануға болады. Тапсырмаларды шешу кезінде балаларды тапсырманы әртүрлі тәсілдермен тексеруге үйрету керек. Өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту үшін өзара тексеру тәсілін қолданған тиімді. Оқушылар өзіндік жұмысты тексеру үшін бір-бірінің дәптерлерімен алмасады.

Шағын жинақты мектептерге арналған оқу-әдістемелік құралдардың жоқтығынан бірнеше сыныппен жұмыс жасау барысында өзіндік жұмыстардың көптеген түрлері қолданылады. Сондықтан дидактикалық материалдарды (әртүрлі кестелер, карточкалар, тапсырмалар) оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік беретіндей етіп дайындау керек.

Өзіндік жұмыстардың күрделілік деңгейін біртіндеп өсіру қажет. Бағдарламаның қиын тарауларымен жұмыс кезінде қажеттілігіне қарай жеке карточкалар жасауға болады, онда тек оқу тапсырмалары ғана емес, сонымен бірге оқушыларды жаңа материалды қабылдауға көмектесетін тапсырмалар беруге де болады.

Шағын жинақты мектептердегі өзіндік жұмыс – оқу қызметінің арнайы бір формасы немесе оқушының күрделі іс-әрекеттерінің бір түрі болып табылады.



Шағын жинақты мектептердегі оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруға қойылатын талаптар төмендегідей:

  • бағдарлама талаптарына сәйкес жұмыстың көлемін шамадан асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;

  • оқушылардың өзіндік жұмысын басқа түрлерімен ұштастыра білу;

  • өзіндік жұмыстың шарттары оқушылар орындай алатындай болуы;

  • мазмұны бойынша өзіндік жұмыстардың әртүрлі болуы;

  • оқушылардың өздігінен білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

  • өзіндік жұмыс мазмұнына мүмкіндігінше күнделікті өмірден алынған материалдар мен ақпараттарды енгізу;

  • өзіндік жұмысты орындауға жеткілікті уақыт бөлу (8-15 мин);

  • өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру барысында жүйелілік принципін сақтаған жөн. Яғни, әрбір өзіндік жұмыс тексерілуі және бағалануы керек;

  • өзіндік жұмыстар білімді бекітуде ғана емес, сабақтың басқа да кезеңдерінде жүргізілуі;

  • оқушыларға өзіндік жұмысты орындау әдістерін түсіндіру, қажет болған жағдайда жұмыстың үлгілерін беру;

  • басты назарды орташа оқитын оқушыларға аудару, қажет болған жағдайда қосымша түсіндіру, ал жақсы оқитын оқушыларға қиындығы жоғары тапсырмалар дайындау;

  • мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыратын көптеген дидактикалық материалдар (әртүрлі кестелер, карточкалар) дайындау;

  • өздігінен орындайтын тапсырмалардың қиындық деңгейін біртіндеп арттыра отырып, әрбір оқушының білім деңгейін қадағалау керек;

  • өзіндік жұмыстарда ұсынылатын тапсырмалар оқушылардың жаңа материалды пысықтауы үшін де арналуы тиіс.

Шағын жинақты мектепте біріктірілген сынып оқушыларының білімін бақылау және тексеру мұғалім үшін күрделі жұмыстардың бірі болып табылады. Мұғалім біріктірілген сыныптармен бір уақытта жұмыс істегенде оқушылардың өздігінен орындау жұмыстарын үнемі бақылап отыруға мүмкіндігі болмайтын жағдайлар кездеседі. Сол себепті мұғалім оқушыларды өзін-өзі бақылауға үйрету керек. Өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту үшін оқушылардың өзара бір-бірін тексеру тәсілін пайдаланған дұрыс. Оқушылар бір-бірімен өзара дәптерлерімен алмасып, өздігінен орындаған жұмыстарын тексереді. Өзіндік жұмыстар арқылы оқушылардың өзін-өзі тексеруі және бағалауы жүзеге асырылады.

5 Бірпәндік сабақтарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі
Шағын жинақты мектептегі оқу-тәрбие процесінің бірқатар өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ерекшелік – мұғалімнің бір мезгілде екі, үш, тіпті төрт сыныпқа қатар сабақ беруі. Шағын жинақты мектеп мұғалімдері күрделі жағдайда жұмыс істейді: олар түрлі сыныптарға арналған оқу бағдарламалары бойынша дайындығы әртүрлі оқушыларға бір мезгілде сабақ жүргізуге тура келеді. Шағын жинақты мектеп мұғалімінің қызметі әдеттегі мектеп мұғаліміне қарағанда қиын әрі күрделі. Бірнеше сыныпта бір уақытта сабақ беру шағын жинақты мектеп мұғалімінен аса мұқият дайындықты, оқу-тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыруды, сабақ кестесін оңтайлы құруды, сол сияқты педагогикалық әдептілікті таныта білуді талап етеді. Бірнеше сыныппен қатар жұмыс істеудің ерекшеліктері мынада:

    • мұғалім сабақтың жартысында (немесе одан аз уақытында) сыныппен жұмыс істеуге, ал қалған уақытында оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруға мәжбүр;

    • мұғалімнің назары екі немесе үш сынып арасында бөлінеді;

    • мұғалім басқа сыныппен айналысып жатқандықтан, жұмысты өздігінен орындайтын оқушылардың мұғалім тарапынан тез арада көмек алу мүмкіндігі жоқ;

    • басқа сыныпта әңгімелесу, түсіндіру және т.б. іс-әрекеттер жүретіндіктен, екінші сынып өздігінен жұмыс істеуге мәжбүр болады;

    • шағын жинақты мектеп мұғалімі күн сайын 8, 12 сабаққа дайындалуы тиіс.

Дегенмен, бір уақытта бірнеше сыныптармен жұмыстың бір сыныптың жұмысымен салыстырғанда өз артықшылықтары да бар. Мысалы, шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында оқушылар саны аз болғандықтан, мұғалім үй тапсырмасы мен жаңа тақырыпты әрбір оқушыдан сұрауға, балалардың жеке ерекшеліктерін зерттеуге (үй іші жағдайын) мүмкіндігі болады, дәптерлерді тексеруге уақыт аз жұмсалады. Бір бөлмеде болатындықтан, жоғары сынып оқушыларының төменгі сынып оқушыларына көмек көрсетуге мүмкіндіктері көп. Осы орайда шағын жинақты мектеп мұғалімдері бірнеше сыныппен қатар жұмыс кезіндегі қиыншылықтарды жеңе отырып, мектеп алдында тұрған оқыту-тәрбиелеу міндеттерін табысты шешеді.

Бірпәндік сабақта мұғалім әртүрлі сыныптарға арналған бағдарлама материалдарын бір немесе бірнеше сабақта барлық сынып оқушылары бір тақырып бойынша жұмыс істейтіндей етіп жоспарлайды. Бұл – шағын жинақты мектептердегі әртүрлі жастағы сыныптардың оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі әдісі. Сөйтіп, бір сынып оқушыларының өздігінен орындайтын жұмысы – басқа (немесе басқаларының) оқушылардың қалыпты оқу әрекетінің шарты, ал оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыс көлемі мұғалімнің басқа сыныптармен жұмыс жасау көлеміне тікелей байланысты.

Мұғалімнің бір мезгілде бірнеше сыныппен жұмысы жағдайында оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын ұйымдастыру және өткізудің қиындығы сыныптардың бірінде көрнекі және техникалық құралдарды пайдалану басқа сынып оқушыларының көңілін аударады. Біржақты байланысы бар лингофондық кешен бұл проблемаларды жемісті шешеді. Біздің пікірімізше, бұл мәселені шешудің бір жолы – жасына (сыныбына) тәуелсіз осы топтың барлық мүшелеріне арналған біртұтас оқу жоспары бойынша әртүрлі жастағы топтардағы оқу үрдісін ұйымдастыру. Шағын жинақты мектептердегі бірпәндік сабақтарға арналған бағдарламалардың маңызы зор. Оқу сабақтарының бірпәндік кестесі түрлі сынып оқушыларының бір тақырып бойынша ұжымдық жұмыс өткізуіне мүмкіндік жасайды. Мұның тиімділігін қазіргі шағын жинақты мектептер тәжірибесі көрсетіп отыр.

Бірпәндік сабақтар мұғалімнен мұқият дайындықты талап етеді, материалды зерттеуге, деректер, мысалдар жинауға, қажетті көрнекі құралдар табуға тура келеді. Жиналған материал әдістемелік өңдеуге ұшырайды. Сонымен бірге материалды балалар терең меңгеруі үшін оны дұрыс қолдануға ерекше көңіл аудару қажет. Практикалық сабақтар жалпы білім пәндері және еңбекке баулу пәндері бойынша жүргізіледі.

Біріктірілген сыныптардағы сабақтың бірінші минутынан бастап оқушылардың көңілін аудару көп еңбекті қажет етеді. Осы орайда мұғалім оқушыларды танымдық әрекетке бірден қосады: көлемі жағынан үлкен емес өздік жұмыстар, ауызша есептер жүргізеді, сөйтіп, сабақта балаларды белсенді жұмысқа тартады. Оқушылардың сабаққа деген көңіл күйін қолдау үшін оқу материалын элементтері бойынша меңгертудің, яғни оны кішкентай аяқталған элементтерге бөлшектеудің және оларды толық меңгергенге дейін жүйелі түрде өңдеудің маңызы зор.

Сабақтың тиімділігін арттырудың басты құралы – сабақтағы әрекеттің көптүрлілігі болып табылады. Ы. Алтынсарин өз еңбегінде бала үздіксіз әрекетті талап етеді, сондай-ақ бала әрекеттен емес, оның бірсарынды, біржақты құрылуынан шаршайды деп атап көрсетеді [13].

Біріктірілген сыныптардағы сабақта дидактикалық тапсырмалар немесе ойындар кеңінен қолданылады. Олардың танымдық мазмұны оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Қазақ тілі сабақтарында жұмбақ және орфографиялық ойындар жемісті қолданылады. Математикада ойын оқушыларға геометриялық фигуралар, яғни шеңбер, шаршы, тікбұрыш туралы толығырақ түсінік қалыптастыруға ықпал етеді. Әдебиет және табиғаттану сабақтарында саяхат жасау және ізкесушілер ойындары табысты пайдаланылады.

Мектеп оқушылары қоршаған табиғатпен, еңбек адамдарының өмірімен танысады, еліміздегі және шетел халықтарының тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетін зерттейді. Әрине, мұның барлығы түрлі ойындар, саяхаттар түрінде іске асырылады. Ойын элементтері байыпты сабақтармен: әртүрлі мәселелер бойынша оқушылардың материалдар жинауы, оны талдап қорытуы арқылы үйлестіріледі.

Оқушылардың үй тапсырмасын орындап келуі сабақтың қалай өткеніне тығыз байланысты. Сондықтан сабақтың сапасы қаншалықты жоғары болса, оқушылардың үй жұмысы да соғұрлым табысты болады. Үй тапсырмасын үш топқа бөлуге болады: ауызша (оқулық материалын зерттеу, өлеңдер мен ережелерді жаттау), жазбаша (жаттығуларды орындау, есептерді шешу, шығармалар жазу және т.б.) және оқу-практикалық (тәжірибелер, бақылаулар жасау, бөлшектер мен үлгілер әзірлеу). Оқушылардың үй жұмысын ұйымдастырудағы басты мәселе оның көлемі болып табылады. Әр сынып оқушылары үй тапсырмасын орындауға әртүрлі уақыт жұмсайды.

Көрнекті орыс педагогі Л. Выготский «тапсырманың көлемі баланың деңгейіне сәйкес берілуі, әр баланы өзінің даму аймағында жетілдіруі тиіс» деген болатын [14]. Сондықтан қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің негізі – оқушыларға тапсырманы көп бермей, білімді нақты меңгерте отырып, тірек сигналдары негізінде одан әрі дамытып, әрбір құбылыстың мәнін, ерекшелігін, сапалық деңгейін анықтауға үйрету.

Оқушының білім сапасын көтеріп, білім стандартында қойылатын талаптарға жеткізу үшін аталмыш мектеп мұғалімдері біріктірілген сыныптарда оқытудың тиімді әдістерін, жаңа педагогикалық технологияларды, оның мәні мен мазмұнын, өзіндік ерекшеліктерін жете меңгерулері тиіс.

Шағын жинақты мектепте сапалы білімге қол жеткізудегі негізгі міндет – тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыруы және өзін-өзі дамыту әдістері мен тәсілдерін меңгерту болып табылады. Яғни әр мұғалімнің алдында тұрған міндет – өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың «менін» ашу, сол «менді» шығармашылыққа жеткізіп, баланың өзіне деген сенімін туғызу. Алайда, шағын жинақты мектепте жұмыс істейтін мұғалімдердің психологиялық-педагогикалық, ғылыми білімдерді, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері мен арнайы технологияларын меңгеруі жеткіліксіз дәрежеде қалып отыр. Оның себебі жергілікті жерде ШЖМ мұғалімдері үшін арнайы мамандық бойынша жетілдіру курстарының аз ұйымдастырылуында; ұстаздардың өздігінен білімін көтеруіне қажетті оқу-әдістемелік құралдардың жеткіліксіздігінде; мұндай мектептер үшін арнайы маманданған кадрлардың дайындалмауында; тірек мектеп мұғалімдерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндіктің жоқтығында. Соған қарамастан шағын жинақты мектеп мұғалімдері оқу үдерісін жандандыру, оқушылардың білім сапасының деңгейін, олардың ынтасын, белсенділігін арттыру үшін сабақ барысында әртүрлі әдістер қолданып, өзіндік ізденістер жасауда. Дегенмен бұл әлі де болса, жеткіліксіз.

Осыған сәйкес, білім беру үдерісінде қазіргі таңда қолданысқа енгізілген негізгі педагогикалық технологияларды: ойын арқылы оқыту, ұжымдық оқыту, жобалау және зерттеу, тірек сигналдары негізінде оқыту, ұжымдық шығармашылықты тәрбиелеу, модульдік оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, ақпараттық-коммуникациялық оқыту, проблемалық оқыту, дамыта оқыту технологияларын шағын жинақты мектеп мұғалімі өз тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білсе, сапалы білімге қол жеткізері анық.

Шағын жинақты мектеп мұғалімдері біріктірілген сыныптарда жоғарыда аталған педагогикалық технологияларды, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін оқу-тәрбие үдерісіне енгізе отырып, бірпәндік сабақтарды ұйымдастыруда кеңінен қолдануда. Бірпәндік оқу жүйесі іс жүзінде біртақырыптық сабақтарды жүргізуге, яғни бір пән ішіндегі мазмұны ұқсас тақырыптарды екі сыныпта қатарынан оқытуға мүмкіндік береді. Себебі қазіргі шағын жинақты мектеп тәжірибесінде мұндай сабақтарды ұйымдастырудың тиімділігі арта түсуде.

Жоғарыда келтірілген бірпәндік сабақтардың құрылымы бойынша әзірленген сабақ жоспарларының үлгілері төменде беріледі.
6 Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарындағы бірпәндік сабақ жоспарларының үлгілері
6.1 ҚАЗАҚ ТІЛІ пәнінен біріктірілген 7, 8-сыныптарға арналған бірпәндік сабақ жоспарларының үлгілері
6-кесте – 1-сабақ жоспарының үлгісі




7-сынып

8-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Сөздердің байланысу тәсілдері.

Сөйлемнің түрлері. Хабарлы сөйлем.

Сабақтың мақсаты:

  1. Сөздердің байланысу тәсілдері туралы толық мағлұмат беру, ережелерді есте бекіту.

  2. Оқушылардың ой өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, танымдық қызығушылығын арттыру.

  1. Сауатты жазуға тәрбиелеу.

  1. Хабарлы сөйлемнің жасалу ерекшелігін меңгерту.

  2. Оқушылардың ой ұшқыр-лығын дамыту, танымдық қызы-ғушылығын арттыру.

  3. Еңбексүйгіштікке тәрбие-леу.


Сабақтың көрнекілігі:

тірек-сызба, сурет.


Оқыту әдістері:

сұрақ-жауап, практикалық жұмыс.

Сабақтың барысы

І КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ

Ұйымдастыру кезеңі

1-тапсырма

Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары.

7-сынып. Берілген сөздерді рет-ретімен қойып, сөйлем құрастыру.

Толқын, жағадан, сайын, жібереді, қайықты, қаһарын, гүрілде, төсімен, алыстаған, қағып, кеп, төгіп, толқын, қара, бұл, баласысың, сонда, депті, кімнің, балам, қарт.



Мұғалім басшылығымен орында-латын жұмыс.

8-сынып. Проблемалық сұрақтарға жауап беру.

1. Сөйлем дегеніміз не?

2. Сөйлемнің қандай түрлері бар?

3. Сөйлемдер айтылуына қарай қалай жіктеледі?

4.Сөйлемдегі сөздер қалай байланысады?

5. Тәсіл деген сөзді қалай түсінесіңдер?

6. Сөйлемдердің айырмашылығы неде?

7. Сөйлемде неше сөз тіркесі бар?



2-тапсырма

Мұғалім басшылығымен орындала-тын жұмыс.

Мұғалім кестені қолданып, жаңа сабақты түсіндіреді.


Сөздердің байланысу тәсілдері


Шылау Жалғаулар Орын тәртібі Интонация

арқылы арқылы арқылы арқылы
Мысалдар:

Сөз тіркестері

Байланысу тәсілі

Жағадан алыстаған сайын.

Жалғау арқылы

Алыстаған сайын көріктенеді.

Шылау арқылы

Толқын қағып жібереді.

Орын тәртібі арқылы

Бұл – толқын.

Интонация арқылы


Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары.

7-сынып. Сөз тіркестерін құру (сөз тіркестерінен сөйлемдер құрау).


Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары.

8-сынып. Жалпы сұрақтарға жауап беру.

Енді ілгері жылжу үшін біз іңір қараңғысын күтіп отырмыз.

1. Берілген сөйлем қандай мақсатта жұмсалған?

2. Басқа сөйлемді қалай жасауға болады?
Мұғалім басшылығымен орындала-тын жұмыс.

Мұғалім кестені қолданып, жаңа сабақты түсіндіреді.



Хабарлы сөйлем


Сөйлем

Сөйлемнің белгілері

Сөйлем айтылу мақсатына қарай

1. Бір интонациямен айтылады.

2. Белгілі бір шақта айтылады.



1. Аяқталған ойды білдіреді.

2. Грамматикалық негізі бар.



Хабарлы сөйлем

Сұраулы сөйлем

Лепті сөйлем

Бұйрықты сөйлем




Абай ел ішіндегі шаруаға ерте араласты ма?

ІІ САРАЛАНҒАН БӨЛІМ

Оқулықпен жұмыс

Мұғалім басшылығымен орындала-тын жұмыс.

7-сынып. 238-жаттығу (сөздердің байланысу тәсілдерін топтастырып жазу) мен 239-жаттығу ауызша орындалады (сөйлемдегі сөздердің грамматикалық байланысын анықтау).


Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары.

8-сынып. 16-жаттығуды орындау (мәтінді оқып, мазмұнын айту. Мәтінді абзацқа бөліп, әр абзацта қанша сөйлем бар екенін анықтау).

17-жаттығудағы 1-мәтінді І нұсқа, 2-мәтінді ІІ нұсқа ретінде бөліп беру.



Сөйлемнің аражігін ажыратып, тыныс белгілерін қойып, көшіріп жазу.

3-тапсырма

Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары.

7-сынып. Берілген суреттегі заттардың аттарын қатыстырып сөз тіркесін жасап, ондағы сөздердің байланысу тәсілдерін анықтау.

Мұғалім басшылығымен орындала-тын жұмыс.

8-сынып. Берілген суреттерді қатыстырып, хабарлы сөйлем жасап, дауыс екпінін қойып оқу.





Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет