Шағын комплектілі мектептерде оқыту ерекшеліктері



Дата31.03.2020
өлшемі38,54 Kb.
#61103
Байланысты:
Naz ped
Айдана педагогика 2
Шағын комплектілі мектептерде оқыту ерекшеліктері
Мектеп — әлеуметтік мәселелердің ішіндегі ең өзектісі. Соның ішінде ауыл мектебінің мәселелесі – қазақтың елдігінің мәселесі. Ауыл мектебінде – қазақ ұлтының болашағы, үміт артқан ертеңі, ата-ана мен халық арманын арқалаған жас жеткіншек – ұрпағы оқып, тәрбиеленуде.

Қазақтың кемел дарын, таңғажайып, талантты ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов “Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек” деген.

Бүгінгі таңда республикадағы ауыл мектебіне тән ерекшелік оның шағын комплектілі болуы. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдай, қала халқының күрт өсуі, миграция, балалардың өмірге келуінің азаюы шағын комплектілі мектептердің санының өсуіне әкелді.

Шағын комплектілі мектеп – қоғамның талаптарына сай, білім алуда оқушылардың сұранысын қанағаттандыруды қамтамасыз ететін, Үкіметіміздің мектеп туралы нормативтік құжаттарымен анықталған қызметін атқаруды жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектептің бір типі.

Бұл мектептер шалғайдағы шағын ауылдық жерлерде адамдарды тұрақтандырудың басты кепілі болып табылады. Өйткені отбасының тұрмыс-тіршілігі мен балаларын оқытып тәрбиелеу үшін , мұндай мектептер барынша мүмкіндік жасауға ұмтылады. Осы орайда, қазіргі қиын жағдайларға қарамастан, бұл типтегі мектептерде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда кейбір қолайлы жағдайлар бар екендігін де естен шығармауымыз керек. Олар:



  • ауыл мектептерінде оқушының жеке басының психологиялық ерекшелігін зерттеп білуге жағдай мол. Әр оқушының үй жағдайы, ата-анасының тәрбие мәселесін қалай шешетіндігін, олардың кәсіби мамандықтарына дейін білуге мүмкіндік бар. Бұл жағдай оқушының дамуына әсер ететін факторларға көңіл аударып жоспарлауға мүмкіндік береді;


  • Оқушының тілек-талабы мен қызығушылығын қанағаттандыруға бағытталған сыныптан тыс жұмыстар және факультативтік сабақтар жүргізуге жағдай туады;


  • Оқу материалын толық меңгеру оқушылар үшін өте күрделі үрдістердің бірі. Білім беру кезінде оқушының жеке басының ерекшеліктерін нақтылы ескере отырып, оқу ісін жақсартуға арналған мүмкіндіктерді пайдалануға болады;


  • Шағын жинақталған мектептерде оқушылардың өз бетімен көбірек жұмыс істеуіне тура келеді. Бұл үрдістің ұтымды жақтарын пайдалана отырып, оқушылардың өздігінен бақылау жұмысын жүргізуге, қорытынды жасай білу дағдыларын байыта түсу мүмкіндіктерін үнемі есте ұстау керек. Үй тапсырмасын оқушының білім дәрежесі мен қабілетін ескере отырып даярландыру қажеттігін де естен шығармаған жөн;


  • Сыныпта оқушылардың аздығы, олардың әрқайсысының оқу материалын, білім сапасын, дағды біліктерін және танымдық белсенділіктерінің деңгейлерін үнемі бақылап отыруға уақыт жеткілікті;


  • Оқушыларды еңбекке баулу, еңбек дағдыларын беру, мамандық алуға үйретуде де шағын ауыл мектептерінің мүмкіндіктері мол. Өйткені олардың ата-аналары ауылдағы мамандық иелері. Ал, оқушылар болса жастайынан еңбекке араласады;





Шағын комплектілі мектепке тән ерекшеліктер:


  • мектепте және сыныптағы бала санының аздығы;


  • Шағын кешенді мектеп мұғалімне арнап, жазылып баспадан шыққан әдістемелік және көрнекілік оқу құралдарының аздығы.


  • бір мұғалімнің басшылығымен бір бөлмеде екі сынып оқушыларымен бір мезгілде сабақ өтуі;


  • педагогикалық ұжым мүшелерінің аздығы;


  • негізгі және орта мектептегі білім берудегі көппәнділік.





Шағын комплектілі мектепке тән қиындықтар әр жастағы оқушылар ұжымын бір сынып комплектіде оқытуда ұйымдастыру, бір пәндік немесе әртүрлі пәндік сабақтарды өткізу, кадр, әдістемелік және материалдық-техникалық базаның қамтамасыз етілмеуі.

Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушыларының зейінінің тұрақсыздығын ескеру де ойдан шықпауға тиіс. Жас баланың, яғни, бастауыш сынып оқушыларының ырықсыз еркі өте басым болатыны белгілі. Әсіресе, бір сынып оқушылары дауыстап оқыған кезде келесі сынып оқушыларының көңілі соған ауып, өз жұмысы орындалмай қалуы ықтимал. Сондықтан да, оқушыларды нәтижелі іске жұмылдыру жолы олардың өздігінен орындайтын жұмыстарының мазмұнына мұқият қарастырып, өзгертіп отыруды талап етеді.



Шағын комплектілі мектептегі қиындықтарды жеңу жолдары:

 сабақ оқу бағдарламасына сәйкес жоспарлануы,

 бірнеше сыныптың материалы бір тақырыптық жүйеге ыңғайластырылуы;

 көрнекі, дидактикалық құралдар алдын ала дайындалуы;

 сабақ тақырыбындағы өзара байланыс халықтық педагогикаға негізделуі керек.

Шағын комплектілі бастауыш мектепте сабақты әр түрлі әдіс-тәсілдерді меңгеру, негізгі бастауыш мектеппен салыстырғанда қиынға түседі. Мұғалім бір сыныппен жұмыс жасағанда, екінші сыныпқа өздігінен орындайтын тапсырмалар береді (жазу, оқу, сурет салу т.б.).

Бір тақырыптық жүйемен жүргізілетін сабақтың түрлері әр сыныптағы балалардың зейінін, ойлау қабілетін бір мақсатқа жұмылдыра отырып, оларды тапсырманы алаңдамай, ойланып орындауға бейімдейді. Сонымен қатар, мұғалім екі немесе үш, төрт сыныппен қатар жұмыс жүргізгенде бәріне бірдей көңіл бөлуге міндетті болады.

Шағын жинақталған ауыл мектептері оқушыларының бойына табиғатты қорғау, оны аялау, эстетикалық талғамын қалыптастыруда қоршаған орта арқылы табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуде де мүмкіндіктер бар.

Міне, осындай мүмкіндіктерді ескерсек, шағын комплектілі мектептің жұмысын жетілдіру, ондағы оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру – маңызды әлеуметтік-экономикалық және педагогикалық проблема.

Шағын кешенді мектептердің әлі де шешілмей жатқан проблемалары жеткілікті.



Біріншісі – шағын кешенді мектептерде кадрлардың тұрақталмауы. Оған ең бірінші себеп – жүктеменің жеткіліксіздігі. Маман иесіне алған мамандығы бойынша толық жүктемемен еңбек етуге мүмкіндіктің жоқтығы, бір пәннен ғана емес, бірнеше пәннен сабақ беруге тура келетіндігі. Тәжірибелі, білімді ұстаздар аудан орталығындағы мектептерде қалып, шағын кешенді мектептерге келмейді. Келген күннің өзінде бірер жылдан кейін өз еліне немесе орталыққа кетіп қалады. Әрбір аудан орталықтарында шағын кешенді мектептер қиындығын, олардың жетістіктері мен кемшіліктерін саралап, шығармашылықпен еңбек ететін мұғалімдерге, басшыларға бағыт-бағдар беріп отыратын жетекші маманның болуы да мұндай қиындықтарды жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Екінші бір қиындық шағын кешенді мектепте мұғалім әр түрлі жастағы оқушыларды оқытатындықтан бірнеше деңгейдегі бағдарламамен жұмыс істеуде. Мысалы, бастауыш сыныптарда 1-сынып пен 3-сынып, 2-сынып пен 4-сынып біріктіріліп оқытылады.Міне, осындай жағдайда мектеп мұғалімдері үлкен қиындықтарға тап болады. Берілген оқу бағдарламасы мен әрбір сыныпты бөлек оқыту мен біріктірілген сыныптарды оқытудың арасындағы қиындықтар қаншама десеңізші? Сондықтан, шағын кешенді мектептерде оқу бағдарламасына өзгерту енгізу қажет сияқты.

Шағын кешенді мектеп жұмысын қиындадатын, оқушылардың білім дәрежесін төмендететін бірнеше объективтік ерекшеліктер бар.



  • Бір мезгілде бірнеше сыныппен жұмыс істейтін шағын кешенді мектепке арналған оқыту әдістемесінің жасалмауы.


  • Өздігінен жұмыс істеу әдісінің кең тарамағандығы.


  • Шағын кешенді мектеп мұғалімне арнап, жазылып баспадан шыққан әдістемелік және көрнекілік оқу құралдарының аздығы.


  • Шағын кешенді мектептердің кітапханалық қорының нашарлығы.




ШЖБМ мұғалімдерінің жұмысындағы қиындықтарға қарамастан, республикамыздың мұғалімдері оқушыларды екінші жылға қалдырмай, толық үлгеріммен жұмыс істеп, оқушыларға терең және берік білім беріп, олардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруда.
Қорыта келе, болашақ шағын комплектілі мектептің қабырғасы берік, еңсесі биік болуы – біздің бүгінгі еңбегімізге байланысты. Сонымен, Жұбан ағайымыздың:

Барлық үйдің мектеп неге сұлуы?

Барлығынан неліктен ол жылуы?

Бөбектерді мәпелейді ол неге?

Қадірлейді халық не үшін бұл үйді? – деп жырлауға лайық шағын

комплектілі мектеп тұрғыза алсақ – ұрпақ алдындағы, заман талабына сай міндетімізді атқарамыз.

Ақмола облысы, Бұланды ауданы,

«Капитоновка ОМ» КММ



Баяндама:

Шағын комплектілі мектептерде оқыту ерекшеліктері

Әзірлеген: бастауыш сынып мұғалімі:

Курмахан М.

2016-2017 оқу жылы

Дұрыс сабақ кестесін жасау үшін оқытушылар қандай пәндерді біріктіргенде, өзіндік жұмысты ұйымдастыруға барынша мүмкіндік беретін принципті ескеру керек.

Екі сыныппен жүргізілетін сабақтың сапалы болуы үшін сабақ кестесіндегі пәндерді қалай болса солай біріктіре салуға болмайды. Екі сыныпта екі түрлі пәнді жүргізгеннен гөрі, екі сыныпта да бір пән бойынша, мәселен, қазақ тілін қазақ тілімен, арифметиканы арифметикамен біріктіріп өткізген жеңіл болатынын тәжірбие көрсетіп отыр. Бұл өзінен өзі түсінікті, өйткені пәндерді біріктіріп жүргізгенде мұғалімнің зейіні бір пәнге бағытталған болады, сол себептен де жұмыс сапалы жүргізіледі.

Өзбетінше жұмыс істеуді ұйымдастыруға барлық пәндердің бірдей дәрежеде мүмкіндік бере бермейтінін есте ұстау керек. Мысалы: музыка мен денешынықтыру сабақтарын біріктіруге болмайды, тек сабақты топқа бөліп өткізуге болады.

Тиімді сабақ кестесін құрастыру үшін комплект құру, пәндерді біріктіру проблемасы негізгі сұрақ болып табылады. Аптаның сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндері – оқушылардың ең жоғарғы деңгейде жұмыс істей алатын күндері. Бірдей жағдайда екінші, үшінші сабақ оқушылардың іскерлігіне әсер ететін, нәтижелі сабақтар болып саналады. Барлық жағдайда екі, үш, төрт сыныппен барлық сабақтарды біріктіріп, сабақ кестесінің түрлерін әр нұсқада ұсынуға болады. Сабақ кестесінің түрлері қатар оқытылатын сыныптардағы оқытылатын пәндердің ретіне байланысты. Қатар оқытылатын сыныптарда бір пәнді бір мезгілде оқытуға, әр пәндік, бір тақырыптық негізде өткізуге болады. Сонымен бірге, бір сыныпты жеке оқытып, 2-3 сыныпты қатар оқытуға болады.

Сабақ кестесін жасағанда 1-топпен 2-топты біріктіріп жасауға да болады. Қазақ тілі сабақтарында барлық сыныпқа ортақ сұрақтар беру, диктант, қызықты тапсырмалар, дидактикалық ойындар жүргізуге болады.

Көп жағдайларда 2-3 сыныпты біріктіріп сабақ өткізуге тура келеді. Келесі сыныптарда 3-сабаққа ауыстыруы керек. Мысалы: қатар оқитын 1-4, 1-3 үшін күніне 1 пән немесе 2 пән қатар оқытылады. Ал қалған пәндер 2 сыныпта 30 мин бөлек жүргізеді. Мұндағы негізгі мақсат 1-сынып оқушыларының жас ерекшелігін ескеріп, 1-сыныпқа 30 минут бөлек уақыт беру керек. Қатарынан 1-2-3 сынып үшін, 1-3-4 сыныптар үшін, 2-3-4 сынып үшін бұл жағдай сабақ өткізудің қиындығын болдырады. Сондықтан, күніне 1 рет 1 пәнді қатар өткізеді. Қалғанына өзіндік жұмыстар беріледі. Оқушылардың санына байланысты, сынып комплектісін құру, сабақ кестелерінің үлгілерін оқушыларға түсіндіріп оқыту керек. Мысалы: бақылау жұмысы мен диктант сабақтарын біріктіру, математика сабақтары үшін тиімді болады. Ал, кей жағдайларда тиімді бола бермейді. Мұндай кезде еңбек, бейнелеу сабақтарын бірге өткізіп, аталған пәндерді бөлек оқыту керек. Сабақ кестесі жарты жылдық уақытқа арналып құрастырылады..

Шағын комплектілі мектеп мұғалімдері күнделікті 8 не 14 сабақ жоспарын жазып, оған көрнекілік дайындайды. Сондықтан да оқу-тәрбие жұмысының нәтижелі болуына сабақ кестесінің әдістемелік тұрғыда дұрыс жасалуының маңызы зор. Осыған орай қосымша материалдарда бір пәндік жүйедегі сабақ кестесінің үлгілерін ұсынамыз.

Күні

Сабақ реті

1 - сынып


2- сынып

ДҮЙСЕНБІ

1

2



3

4

Сауат ашу

Математика

Денешынықтыру

Айналамен таныстыру



Қазақ тілі

Математика

Денешынықтыру

Дүниетану

СЕЙСЕНБІ

1

2

3



4

Математика

Жазу

Сауат ашу

Сауат ашу

Математика

Қазақ тілі

Ана тілі


Ана тілі

СӘРСЕНБІ

1

2

3



4

Сауат ашу

Математика

Еңбек

Ана тілі

Математика

Еңбек

Қазақ тілі



БЕЙСЕНБІ

1

2

3



Сауат ашу

Айналамен таныстыру

Бейнелеу өнері


Қазақ тілі

Дүниетану

Бейнелеу өнері


ЖҰМА

1

2

3



4

Математика

Сауат ашу

Музыка


Жазу

Математика

Ана тілі

Музыка


Қазақ тілі

СЕНБІ

1

2

3



Сауат ашу

Еңбек

Денешынықтыру

Бейнелеу өнері

Көркем жазу

Еңбек

Денешынықтыру

Бейнелеу өнері



Шағын жинақталған мектептердің ерекшелігіне тоқталар болсақ:

1.Екі сыныптың оқу бағдарламаларын сәйкестендіру.

2.Екі сыныптың оқу сағаттары, жүктемелерін сәйкестендіру.

3.Пән бойынша оқу мазмұнының, бөлімдер мен сәйкес келуі.

4.Жылдық күнтізбелік оқу жоспарының сәйкестігі.

5.Күнделікті оқу жоспарының сәйкес келуі сияқты жұмыстарды пән мұғалімі алдын ала нақты жоспарлап жасау керек.

Мысал ретінде 2 -сынып пен 4- сынып алатын болсақ, оларды сәйкестендіретін төмендегі оқу құжаттары жатады:

-Бағдарламалар; -Сағат саны; -Күнтізбелік жоспарлар; -Тақырыптар;

-Күнделікті сабақ жоспарлары

Бұл кезеңде біріктірілген сыныптарға ортақ тапсырмалар беріледі. Тапсырмалар тақырыпты бекітуге бағытталған рефлексиялык ойын түрі жаттығулар тестерден тұрады. Сабакта өзін-өзі бағалау жүйесін енгізу нәтижесінде әр оқушы өз білімін бағалауға үйренеді. Сол арқылы алған білімдерін өмірде колдануға және өз –ой пікірін дәлелдеуге үйренеді.



Сөз соңында өз ойымды белгілі педогог К. Ушинскийдің «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген пікірмен аяқтауды жөн көрдім.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет