Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Дата11.01.2017
өлшемі42,67 Kb.
#6969
Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен коммуналдық мемлекеттік мекемесі

(Сыныптан тыс жұмыс)
Тақырыбы:
Жыл мезгілдері

Өткізген: 5 «Д» сынып жетекшісі Г.Копбаева

2016 оқу жылы
Бекітемін:

Күні: 16.03.2016ж

Сыныбы:5 «Д»

Тақырыбы: Жыл мезгілдері
Мақсаты: Балаларға табиғаттағы құбылыстар жөнінде жалпылама және нақты түсініктерді қалыптастыру. Жылдың төрт мезгілін айыра білу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын, ауызекі сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Есте сақтау қабілетін арттыру. Зейінділікке, ұстамдылыққа, тапқырлыққа баулу.
Тәрбиелік: Балаларды табиғатты қорғауға, оның сұлулығын сезіне білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Табиғат бейнеленген сурет, жыл мезгілдері мен ерекшеліктеріне арналған үлестірмелі суреттер, ақ қағаз, қайшы, желім, түрлі –түсті қағаз.
Әдіс – тәсілдер: Әңгімелесу, түсіндіру, жұмбақ жасыру, салыстыру, пән аралық байланыс,

I Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып,оқушылардың сабаққа қатынасын бақылау және тыныштыққа шақырып,сыныптың тазалығына,оқу құралдарының толықтығына көз жеткізу.




II Сабақ барысы:

Оқушыларды жеребе тастау әдісі бойынша,яғни «Көктем», «Жаз», «Күз», «Қыс» мезгілдеріне байланысты төрт топқа бөлеміз.Және топ басшыларын сайлаймыз.Басшыларын таңдап алған соң,топтарды сыныптан тыс жұмыстың іс-шарасымен таныстырып өтеміз.



1.Сұрақ-жауап әдісі

«Көктем» тобына:

Бұлтты айдай желдеткен,


Нөсерлеткен, селдеткен,
Шалшық кешіп ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Көктем)

- Көктем мезгілінің айларын үш тілде атап бер?(қазақша,орысша,ағылшынша)


- Көктемде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?
- Көктемде қандай мерекелер бар?
- Көктем туралы тақпақ немесе өлеңдер айтып беріңдер?

- Көктем мезгіліне байланысты қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

«Жаз» тобына:

Қойының толы жеміске,


Көк майсалы егісте,
Көбелек қуып ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Жаз)

- Жаз мезгілінің айларын үш тілде атап бер?(қазақша,орысша,ағылшынша)


- Жазда табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Жазда қандай мереке күндері бар?

-Жаз туралы қандай өлең немесе тақпақтар білесіңдер?

- Жаз мезгіліне байланысты қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

«Күз» тобына:

Жиып - теріп болатын,


Қамбаға астық толатын,
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?(Күз)

- Күз мезгілінің айларын үш тілде атап бер?(қазақша,орысша,ағылшынша)


- Күзде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?
- Күз туралы тақпақ немесе өлеңдер айтып беріңдер?
-Күзде қандай мерекелер бар?

-Күз басқа мезгілдерге қарағанда несімен ерекше?

-Күз мезгіліне байланысты қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

«Қыс» тобына:

Шанамен зырлап желетін,


Шаңғы, коньки тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?

- Қыс мезгілінің айларын үш тілде атап бер?(қазақша,орысша,ағылшынша)

-Қыста табиғатта қандай ерекшеліктер болады?

-Қыс мезгілінде қандай мерекелер тойланады?

-Қыс туралы қандай өлеңдер немесе тақпақтар білесіңдер?

-Қыс мезгіліне байланысты қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?



2. «Кім жылдам және кім тапқыр?»

Әр топқа өздеріне берілген жыл мезгіліне байланысты бір өлең және бір шағын әңгіме құрастыру тапсырылады.



III «Тірі және өлі табиғат» ойыны. (Сергіту жаттығуы)
- Балалар, сендер жыл мезгілдерін таптыңдар, енді «Тірі және өлі табиғат» деген ойын ойнап жіберейік. Бұл ойында мен тір табиғатты айтқанда қол шапалақтайсыңдар, ал өлі табиғатты айтқанда аяқтарыңмен топылдатасыңдар. Дөңгеленіп тұрайық.
- Қарлығаш.(Қол шапалақтау)
- Тау.(Аяқпен топылдату) Адам,тас,құс,топырақ,жануар,гүл,бұлт,жаңбыр,теңіз,өзен,балапан.
- Ағаш. (Қол шапалақтау)
- Күн. (Аяқпен топылдату)
- Қоян. (Қол шапалақтау)
- Су. (Аяқпен топылдату)

3. «Табиғат сөйлейді»

Әр топқа өз жыл мезгілдеріне байланысты сурет салу және салған суреттерін әңгімелеп беру ұсынылады.

(Жұмыс барысында ақырын музыка қосылады)

4.Шығармашылық жұмыс. «Мезгіл сәні»

Әр топқа өз мезгілдерінің сәні не екенін анықтап,оның суретін түрлі-түсті қағаздарға салып,қиып алып ақ парақтың бетіне желімдеу тапсырылады.(Мысалы қыстың сәні шырша,аққала т б)



IV. Сабақты қорытындылау (жанды анкета әдісі арқылы)

Сабақ соңында оқушыларға әр топқа өз мезгілдеріне байланысты түрлі-түсті қағаздан қималар таратылады.Оқушыларға: бүгінгі сабақта саған не ұнады?не ұнамады?және не үйрендің?- деген сұрақтар қойылып,қолдарындағы қималарға осы сұрақтарға жауап жазып тақтадағы ақ парақшаға желімдеу ұсынылады. Және де топтардың жұмыстары талданып,бағаланды.
Каталог: uploads -> doc -> 0034
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0034 -> 8-сынып (А;Б ) Сабақ №1 Күні: Тақырыбы
0034 -> Сабақ Тақырыбы: «Классикалық опера өнері»
0034 -> Сабақтарын біріктіре отырып,негізгі «Жасыл қала,таза қала-Талдықорған»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет