Шар қаласы әкімі М. Сакеновтың Шар қаласының әлеуметтік экономикалық даму бағдарламасының орындалуы туралы есепті баяндамасының тезистері



Дата08.06.2018
өлшемі58 Kb.
#42116
Шар қаласы әкімі М.Сакеновтың Шар қаласының әлеуметтік - экономикалық даму бағдарламасының орындалуы туралы есепті баяндамасының тезистері.

Шар қаласының әкімшілік аумағында құрамында 3 теміржол бекетін қоса есептегенде, 7 елді мекен кіріп, онда барлығы 9714 адам тұрады. 2016 жылы 152 нәресте дүниеге келіп, ал қайтыс болғандар саны 38 адам. Миграция бөлімінің есебі бойынша қала аумағына 378 адам көшіп кетсе, келгендер жалпы саны 492.

Қала округінде 3 орта мектеп, 1 мектеп бала бақша , 1- негізгі мектеп , 2 бастауыш мектеп, Жарма технологиялық колледжі, 2 бала бақша, Шар қалалық ауруханасының шаруашылы жүргізу құқығындағы комуналдық мемлекеттік кәсіпорын: оған қарайтын 3 денсаулық мекемелері , теміржол поликлиникасы бар. Мәдениет үйі мен кітапхана , аудандық саз мектебі және спорт мектептері филиалдары. Полиция бөлімі мен № 2 аудандық сот , халыққа қызмет көрсету орталығы (ЦОН), Шар қаласы күндізгі жартылай жағдайда әлеуметтік қызмет көрсету бөлімі және мал дәрігерлік станциясы, бизнеске көмек көрсету орталығы (ЦОП), халық банкінің филиалы мен казпочта филиалы жұмыс істеп, халық игілігіне қызмет көрсетуде.

Қала аймағында – 157 субекті, оның ішінде 17 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, оның ішінде 9 белсенді, 73- жеке кәсіпкерлер, 48 шаруа қожалығы, 19- мемлекеттік кәсіпорындар тұрақты жұмыс істеп тұр.

Жұмыспен қамтылған адамдар саны 3624. Оның 2276 жалдамалы, 443 –өзін –өзі жұмыспен қамтыған адамдар.

Қазақстан Республикасы 6 сәуірде 2016 жылғы «Халықты жұмыспен қамту» және 22 шілдеде 2011 жылы көші-қон туралы заңнамасы байланысты, сонымен қоса, жұмыспен қамту жәрдемдесуге белсенді шараларға қатысатын адамдарды оқытуда, оларды жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге бағытталған үкімет Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасы 31 наурыз, 2015 жылы №162 қаулысымен бекітілген бағдарламамен жұмыстар жасалуда. Округта Жол картасы - 2020 бағдарламасы бойынша 7- адам жұмыспен қамтылда. Жыл барысында қала бойынша 165 адам жұмысқа тартылды. Тіркелген жұмыссыздар саны 19 адам. Округте жастар тәжірибесі бойынша 5 адам қатыстырылды.

Жыл ішінде әлеуметтік жұмыс орны бойынша жұмыспен қамту арқылы сұраныстары бойынша 11 адам жұмысқа орналастырылды. Өрлеу бағдарламасымен округ бойынша 40 жанұямен жұмыстар жүргізіліп, ақшалай көмек тағайындалды. Олар Шар қаласы 34 жанұя, Кезенсу ауылы 4, Сары – Арқа -1, Көшек -1.

Қалада негізінде өнеркәсіп және транспорттық сала дамыған, сонымен қатар ауыл шаруашылығы , электроэнергиясын, суды өндіру және тарату қызметтері тұрақты жүргізіледе.

Өндірістік өнімдерді шығарумен Қазахцемент ЖШС, Қамқор –Локомотив ЖШС, Шар Локомотив жөндеу депосының филиалы, Горводхоз коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, ВК РЭК және теміржол электростанциясы мен кәсіпкерлер Д.Дерр, А.Какимова айналысады.

Транспорт, құрылыс және байланыс саласын алатын болсақ , онда Шар көлігі ЖШС, Аягөз Локомотив жөндеу депосының Шар бөлімшесі, Темір жол жөндеу ЖШС-нің Шар – ПМС филиалы, Жарма аудандық байланыс бөлімшесінің қалалық цехы мен теміржолының байланыс бөлімшесі қалыпты жұмыс істеп отыр.

2016 жылы 10 айында Қазахцемент ЖШС- ігі 228,1 мың тонна цемент өндіріп, 2 488, 5 млн көлемінде өнім өндірілді. 10 ай ішінде аудандық бюджетке 209,1 млн теңге салық түсіріп отыр. Сонымен қатар Қамқор –Локомотив ЖШС ШАР локомотив жөндеу депосы оңтайландырудан кейін 210 адамнан 108 жұмыскер қысқарылса, биылғы жылы 600,0 млн теңге өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Жыл аяғына дейін пайдалы аяқтау жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі өсуде. 2017 жылы 1 қаңтарға 6689 бас ірі қара малы, 14916 бас қой ешкі, 1314 бас жылқы, 5070 бас құс болса, өткен жылдың мөлшерінен мал басы барлық түрлері өсуде.

Сонымен қатар биылғы жылы өткен жылмен салыстырғанда шаруашылық өнімі артып, барлық түрлері өсіп отыр. Осы мерзімге 1456 тонна ет, 6601 тонна сүт, 33,8 тонна жүн, 546,0 мың дана жұмыртқа алынып, төл алу бойынша барлық түрінен орындалып отыр.

Аграрлық секторды жаңа деңгейге көтеру үшін , Агро Бизнес 2020 бағдарламасы бойынша тұрғындар мен шаруа қожалықтарының арасында толыққанды түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырылып, Үкімет тарапынан көрсетіліп отырған қаржылай қолдауларды (субсидиялар) төмен пайызбен несиелер алынды. Өткен жылы тұқымды түрлендіруге қатысатын 12 шаруа қожалығы 781 бас аналық малдарына, 15 аталық бұқалар сатып алынды. Шаруа қожалықтарының өздерінде 12 бас тұқымды бұқашықтар болған. Сонымен нормативтік қағидаға келіп тұр.

Ауыл шаруашылығы салалық бағдарламасы «Сыбаға», «Құлан» жұмыстары қолға алынып істелінді. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Даурен» шаруа қожалығының басшысы Абдраимов Шыңғыс 39,6 млн тенгеге несие алып 141 бас құнажындар, 12 бас тұқымды бұқалар сатып алынды. «Құлан» бағдарламасы бойынша «Ислям» шаруа қожалығының басшысы Хасенов Тлеужан 10 млн теңгеге 32 бас жылқы сатып алды. Сонымен қатар «Казагро финанс» қаржы қоры арқылы 1 трактор 1 прес сатып алуға «Диана» шаруа қожалығының басшысы Холодов Сергей ұсыныс өткізіп, комиссияның қорытындысын тосуда.

Округте ветеринарлық іс- шаралар жүзеге асырылда. Жыл бойы ірі қара мен қойлардан бруцелез, туберкулез ауруларына қарсы қандар алынып, оң нәтиже берген жоқ.

Аса қауіпті аурулар Сібір жарасы, аусыл және қарасанға қарсы ірі қара, қой, ешкі малдары егілді.

Шаруа қожалықтарының 15140 м2 қораларын дезинфекция жүргізіліп, залалсыздандыру жұмыстары жоспарға сай жүргізілді. Жыл ішінде 3800 бас ірі қара малына идентификация жасалынып, 6500 бас ұсақ малдар сырғаланып, компьютерлік базаға енгізілді. Жыл ішінде 325 иттер жойылды.

Өткен жылы қалада абаттандыру және көгалдандыру бойынша көп жұмыстар атқарылды. Аудан әкімі Нұрлан Бәттәшұлы аудандық бюджеттен 150, 4 млн теңге қаражат бөлді.

Қаланың кіре берісіне жаңадан арка орнатылды, орталық алаңға су бұрқағы, вокзал алаңы асфальтталды, қаланың орталық көшелері ағымдағы жөндеуден өтті, бірнеше көшеге су құбыры тартылды. Екі жерге бағдаршам орнатылды, орталыққа Абай мүсіні ескеркіші қойылды, Казпочта ғимаратының үстіне Абайдың қара сөзінен үзінді «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген сөзін және П.Г. Карелин орта мектебінің үстіне Елбасы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ұлы Қазақстан жолымен «Мәңгілік Ел» идеясынан туындаған «Білімді ел - Мәңгілік ел» сөздері светодиотты шамдармен жазылып ілініп қойылды. Орталық алаңға , қаланың бірнеше жерлеріне билбордтар орнатылды. Орталық алаңға гулдер отырғызу үшін вазондар сатып алынды, вокзал алаңына гулдер отырғызылды.

Келе жатқан 2017 жылы қала халқына орталық алаңға 12 метрлік Жаңа Жал шыршасы орнатылды.

Сонымен қатар Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы бойынша жұмыстар атқарылды. 2 жобаға 13,5 млн теңге қаржы бөлініп, бөлінген қаржыны жұмысты атқару уақтылы игеріліп отыр. П.Г.Карелин орта мектебінің қазандығы күрделі жөндеуден, Алибасов көшесі ағымдағы жөндеуден өтті.

Көптен бері шешілмей келе жатқан Шар қаласының күндізгі жартылай жағдайдағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына, халыққа қызмет көрсету орталығына (ЦОН), әкімшілікке орталықтағы бұрынғы Темірлан дәмханасын аудандық бюджет есебінен сатып алынып берілді. Бұл қала халқы үшін өте қолайлы, барлық керекті, ЦОН, әкімшілік, миграция полициясы, жұмыспен қамту орталығының мамандары бір жерге шоғырландырылды.

Қала бойынша су құбырының ұзындығы 35,9 шақырым. Онда 109 су тартқыш мұнара жұмыс істеп тұр. Жылдан жылға су құбырына қосылған мекемелер мен тұрғын үйлер көбейуде. Былтырғы жылдың аудандық бюджет есебінен Шар Горводхоз мекемесіне 13,5 млн. теңге қаржы бөлініп, 3,9 км жерге су тартылып, қосымша 10 су құбыры қойылып, жұмыс толығымен орындалып отыр. Тек қана биылғы жылы 92 үйге су құбыры қосылды. Қала бойынша барлық 463 тұрғын үй мен мекемеге су құбыры қосылып отыр. Сонымен қатар су мен жабдықтау қызметі биылғы жылы да жалғасады. Жарма ауданы әкімдігінің 2016 жылдың 29 наурыздағы №81 Ауданның елді мекендерін көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша жұмыстарды жүргізу туралы қаулысын орындауы бойынша Шар қаласы әкімшілігі аумағында құрамында 10 адамы бар жұмыс тобы құрылды.

2 айлық барысында рұқсат етілмеген 2 қоқыс төгетін орындар тазалап қалыпқа келтірілді, шығарылған қоқыс көлемі 400м3 , қала аумағындағы 1500 дей тұрғын үй аулалары, 12 мекеме , 8 тыным бақ алаңдары, 35 км қала көшелерін тазарту жұмыстары жүргізілді. Көгалдандыру бойынша 150 түп ағаштар, 1000 м2 гүлазарлар отырғызылды. Қала ішіндегі су құбырлары мен су тартқыш құбырлары толықтай залалсыздандыру жұмыстары атқарылды. 22 шақырым көше жолдарына топырақ төгіліп , тегістеу жұмыстары жасалды. 2 айлыққа 1800 адам қатысып, 2 айлық барысында 2 мақала баспасөз бетіне жарияланды. Жұмыс тобы қалалық әкімшілік аумағында сенбілік өтуін ұйымдастыруын қадағалап және тазалықты сақтау ережесін орындамайтын қала тұрғындары, жеке кәсіпкерлер, мекеме, кәсіпорын басшыларына түсінік жұмыстары жүргізілді. Тазалықты сақтамағандарды әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес шара қолданылды.

Өкінішке орай қала тұрғындарының арасында тазалыққа немқұрайлы қарап күл-қоқысты үйлерінің аулаларына, көшеге төгетін адамдарды әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 330 бабының 1 бөліміне сәйкес 8 тұрғынға 169 680 теңге айыппұл салынды және уәкілетті орган арқылы 28 тұрғынға хаттама толтырылды.

Қосымша қала тұрғындарының жеке кәсіп ашуына, тұрғын үй салу бойынша жұмыстар жасалынды. 2016 жылы жалпы алаңы 385, 7 м2 тұрғын үй, 1- әлеуметтік нысан, 1- дөңгелек жөндеу цехы ашылып, 4 адам жұмыспен қамтылды. 17 тұлғаның жер телімі рәсімделіп, жеке меншікке жер пайдалану құқығы берілді, 5 тұрақты жер пайдалну құқығы 2 мекемемге, 7 тұлғаға 2 жылға жалға тұрғын үй құрылысын салуға рұқсат берілді, 5 адамға тұрғын үй салуға рұқсат берілді, 2 адам өз еріктерімен жер телімдерінен бас тартты 0,35 га.

«Шар қаласы әкімі аппараты» ММ-сі мүлікті жария ету мәселері бойынша ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын жергілікті деңгейде жүргізуде. Әр жұма сайын салық төлеушілердің назарына мүлік пен капиталды жария ету бойынша жадынамалар таратылды. Мүлік пен капиталды жария ету жөніндегі хабарламаны дүкендерге, дәріхана , қала аралық автобустар ішіне, темір жол бекетінің бойына т.б. халық көп шоғырланған орындарға ілінді. Шар қаласының орталығында бір билбордқа лигализация туралы бір банер ілінді. Мүлікті жария ету бойынша 2 мақала « Қалба тынысы» газетіне және 3 мақала «Шар тынысы» газетіне жарияланды.

Округте құқық қорғау органдарымен бірлесе сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында 2017 – 2020 жылдарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламасы бойынша жұмыстар атқарылды.

Құқықтық сабақтар жүргізу қаланың бюджеттік мекемелері мен кәсіпорындарда құқықтық Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңы бойынша және Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлер ар-намыс кодексі бойынша сабақтар өтіп тұрады. Ар- намыс кодексінің мәтіні бюджеттік мекемелердің барлығында баршаға көрінетін жерлерге орналастырылған. Мемлекеттік қызметкерлер арасында Қазақстан Республикасының құқық бұзушылықты болдырмау үшін және ондай жағдай болғанда қайда хабарласуға болатындағы жайында Шар қаласы газетін бетінде әкім аппаратының сенім телефондары жарияланды.

Жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдары мен өтініштер ашу жәшігін ашу бойынша арнайы 4 кісіден комиссия құрылған. Олар он күнде бір рет жәшікті ашып, уақытында актіні жасап отырады. Өткен жылы округте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңының талабын құқық бұзушылық байқалған жоқ.

2014жылы 14 қаңтардағы №1542 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына байланысты Шар қаласы әкімі аппаратына 2016 жылы 273 өтініш түсті, оның 266 жеке тұлғалардан, 7 заңды тұлғалардан. Түскен өтініштер түсіндіріліп, толық жауап берілді.

Жарма ауданы әкімі есебі бойынша 2016 жылы өткен халық өкілдері жиындарында және Шар қаласы әкімінің халықпен кездесуінде айтылған ұсыныс тілектер бойынша іс шаралар жасалып орындалуда. Шар қаласында Абай мектеп бала бақшасының тәрбие ісінің меңгерушісі Бакиева Шолпанның мектеп ғимаратының сыртын жөндеуге қаражат бөлуді сұраған. Және оқушылардың автоделадан оқыту үшін жеңіл көлік бөлінсе деп сұраған болатын. Мектеп балабақшасына жеңіл автокөлік Нива бөлінді. Мектептің сыртына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жүргізілетін жұмыстар, күрделі жұмыстар қатарына жатқандықтан , бірінші сметалық жобалық құжаттар жасалынып, мемлекеттік сараптамадан өткізу қажет. Берілген тапсырма бойынша 2017 жылы жергілікті бюджеттің қаражаты арқылы шешілетін болады.

Келесі ұсыныс, ардагер спортшы Қашкимбаев Сансызбай қалада спорт мектебінің филиалына қазақша күрестен жаттықтырушы болса деген ұсыныс жасаған. Филиалға қазақша күрестен жаттықтырушы бірлігі бөлінді. Қалаға спорт модуль салынама деген ұсыныс жасады. Бұл былтырғы жылы сметалық жобалық құжаттары жасалынып, қазіргі уақытта құжаттары экспертизадан өтуде. Қалаға спорт модулі емес, спорт комплекс 2017 жылы орталықта салынады.

Жарма технологиялық колледжінің мұғалімі Құмаров Талғат қаланың батыс бөлігінде футбол алаңы тұрғындардың көмегімен салынды. Енді қоршауға қаражат бөлінсе. Қалаға алдымен спорт комплекс салып алайық, қаражатқа байланысты келесі жылдары қаражат қарастырылады.

Қалалық Шар тынысы газетін шығару үшін қаражат бөлу туралы ұсыныс жасалды. Жеке кәсіпкер болғандықтан бюджеттен қаражат бөлінбейді. Орг техника алып беру жолдары қарастырамыз.



2017 жылы қаланың мүмкіншіліктері мен нақты әлеуеті ескеріле келіп, әлеуметтік - экономикалық даму бойынша төмендегі көрсеткіштерге қол жеткізу жоспарланып отыр.

  1. Спорт комплекс құрылысын салу.

  2. Шар өзенінің көпірінен оңтүстік темір жол өткеліне дейін, Е.Боранбай көшесін, Лекеров көшесін асфальттау.

  3. Қалаға кіре берістегі айналма жолға стелла қою.

  4. Орталық алаңдағы Тәуелсіздік көшесі бойына мектеп бітірушілер сквер құрылысын салу.

  5. Орталық алаңында Тәуелсіздік көшесі бойында балалар ойын алаңын жасау (аңдардың мүсінімен).

  6. Варепа көшесінен қалалық ауруханаға дейін 300метр жерге жарық тарту.

  7. Т.Көбдіков көшесі бойымен Батыс мөлтек ауданының шетіне дейін 500 метр жерге жарық тарту.

  8. Орталықта орналасқан ғимараттарға контурлық жарықтар орнату. (жеке меншік кәсіпорын есебінен)

  9. Аялдамалар сатып алу 1 - орталыққа, 2 - Шалабай Бақыршық тас жолының бойына.

  10. Көктемгі су тасқыны кезінде бөгет дамбы құрылысын салу.

  11. Иесіз қалған тұрмыс қалдықтарын шығару.

  12. Шағын футбол алаңын салу.

  13. Абай мектебі балабақшасының ғимаратының сыртын күрделі жөндеуден өткізу.

Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет