Шеберлік-сынып мұғалімнің аты-жөні



бет4/6
Дата22.08.2017
өлшемі1,02 Mb.
#24299
1   2   3   4   5   6

Постермен жұмыс жасау мақсатында әр топқа қысқа мерзімді жоспар құру тапсырмасы берілді. Мұғалімдер топтарда өткен бірінші коучинг сабағына қарағанда, әлде қайда ынтымақтаса жұмыс істеуге дағдыланып қалғаны байқалады. Топтарда берілген тапсырманы ықыласпен орындады. Әріптестеріміз алаңдап қалмас үшін Блум таксономиясын білім игеруге бағытталған 6 қадамды түсіндірмесімен, қысқа мерзімді жоспар үлгісін алдарына бердім. Жаңашылдыққа жаны құмар әріптестерімнің бастамасымен әр топ бірден қысқа мерзімді жоспарды құруға әрекеттенді. Топ мүшелері толығымен қатысып жоспарларын құрып жатты. Математика пәнінің мұғалімдері біраз қиналды. Арасында «-Математика пәнінде қолданылатын стратегиялар бар ма?»- деген сұрақтар туындады. Сәтсіз тұсы осы болды себебі, математикалық циклдағы талқылау құралдарын дайындап алып келмегениме қынжылдым. Математика пәнінің мұғалімдерімен бірлесе құруды ұйғардым. Қысқа мерзімді жоспарды құрды. Әріптестер - «Математика пәніне қиындау екен» - деді. Әр топ өздері құрған қысқа мерзімді жоспарларын қорғады. Мұғалімдер ұжымдық сезім қалыптастырып, бірлескен жұмыстың қызықты әрі тартымды әрекет екенін көрсетті. Мұғалімдер «мен» қағидасынан гөрі «біз» тұжырымының анағұрылым пайда екенін түсінді. Постерлерін қорғап шықты. Бірінші топтан Айнаш Серікқызының топ атынан сөйледі. Қысқа мерзімді жоспардың маңыздылығын айтты. - Сабақтың тақырыбын толық ашылатынының арқасында оқушының сабаққа қызығушылығы оянатынын, белсенділігі арта түсетінін, осыдан білім сапасы жоғарғы көрсеткіш көрсетуіне бірден жол – деді. Қысқа мерзімді жоспар құрудың тиімділігіне тоқталып өтті. Екінші топ Елназ Болатхановна қысқа мерзімді жоспардың ерекшелігін айтты, - алдымен қысқа мерзімді жоспар құрып алғанан кейін орта мерзімді құру тиімді екенін айтты. Әріптестерім барынша шынайы жауап беруге тырысты. Олардың әрқайсысы да өзінің серігіне, тыңдаушысынан түсінушіге қаратып сөйледі. Топта жұмыстан тыс қалған әріптес болған жоқ. Барлығы да қызу әрекетте болды, жұмыстың қорытынды нәтижесіне өз үлесін қосуға тырысып бақты. Топтардың жұмыстарын мақтап , мадақтадым. Өзара бір-бірін жест арқылы бағалады.
Каталог: uploads -> doc -> 0fe4
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0fe4 -> Сабақтың тақырыбы: Шал ақын Сабақтың мақсаты
0fe4 -> Сабақ тақырыбы: Денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу. Сабақ мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет