Шейх Хафиз ибн Ахмад әл-Хаками АҚида бойынша



бет4/4
Дата28.01.2018
өлшемі2,44 Mb.
#35429
1   2   3   4

Бұған кейбір ғалымдар рұқсат бергенмен Абдуллаһ ибн Масъуд (р.а.) сияқты сахабалар ілу, тағу жөніндегі тыйымның жалпы болғаны үшін, аятты дәретсіз былғамау үшін, жүректің Аллаһтан өзгеге бұрылып қалмауы үшін тыйым салған.

Бұл айтылғандар құмалақпен пал ашу, кофеге қарап, тағы басқа да пал ашуға қатысты.

169-сұрақ:

Көріпкел-сәуегейге сенген адамның үкімі не?

Жауабы:


«(Мұхаммед (с.а.с.)): «Көктер мен жердегі көместі Аллаһтан басқа ешкім білмейді...» (Нәміл, 65)

«Көместің кілттері Оның қасында. Оны Ол, Өзі ғана біледі». (Әнғам, 59)

«Не жасырын ғылым олар (соны) жаза ма?» (Қалам, 47)

«Оның жанында құпия білім болып, шындықты сол көре ме?» (Нәжім, 35)

Аллаһ Тағала және айтты:

«Аллаһ біледі, сендер білмейсіңдер». (Бақара, 216)

Ал, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) былай дегені риуаят етіледі:

«Палшыға немесе көріпкел-сәуегейге келуші және олардың сөзіне сенуші – Аллаһ Тағаланың Мұхаммедке түсірген нәрселеріне қарсы келуші». (Әбу Дауд, Ахмад, Хаким)

Пайғамбарымыз (с.а.с.) және айтты:

«Палшыға келіп, одан бір нәрсе туралы сұраған және соған сенген адамның құлшық-намазы қырық күн бойы қабыл болмайды». (Мүслім, Ахмад)

170-сұрақ:

Жұлдыз бойынша пал ашу туралы үкім қандай?

Жауабы:

Аллаһ Тағала айтты:

«Ол, құрлық және теңіздің қараңғылықтарында сол арқылы жол табуларың үшін жұлдыздарды жаратты». (Әнғам, 97)

«Расында Біз дүние аспанын шамдармен (жұлдыздармен) безендірдік. Оны шайтандарды атуға жасадық». (Мүлік, 5)

Аллаһ Тағала және айтты:

«Жұлдыздар да Оның әміріне бағынышты». (Нахыл, 12)

Ал Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Жұлдыздарға қарап пал ашумен айналысушы – сиқырдың бір түрімен айналысады, және (мұндай пал ашудың) қанша (түрін білсе), сонша (сиқырға кіре береді)». (Әбу Дауд, Ибн Мәжәһ, Ахмад)

Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген:

«Менің үмметімнен қауіптенетінім: жұлдыздарды растаулары, тағдырға сенбеулері және имамдардың әділетсіздігі».

Ибн Аббастың, ол екеуінен Аллаһ разы болсын, «әбжәдті»349 жазған және жұлдыздарға қараған адамдар туралы:

«Бұлай ететіндерге Аллаһтың қасында бір несібе бар деп ойламаймын»,-дегені туралы риуаят бар.

349Бұл жерде төрт бұрыштың ішіне жазылатын белгілі бір цифрлық мәні бар араб алфавитінің әріптері туралы сөз болуда. Астрологтар бұлардың көмегімен адамдардан жасырын алдын-ала белгіленген (яғни тағдыр етілген) уақиғаларды білуге болады және жұлдыздар жер бетіндегі істерге әсер етеді деп есептейді. Сол сияқты алақанның сызығына қарап, құмға қарап пал ашу, т.б. осыған жатады. Мұның бәрі жындар мен адамдардан болған шайтандардың өзара қатынастығында қолданатын алдау-арбаулары болып табылады. Ал біздер Аллаһ Тағаладан мұсылмандарды мұндай бақытсыздықтан аман сақтауды тілейміз.

Қатаданың, оған Аллаһ Тағала рахмет етсін:

«Аллаһ Тағала жұлдыздарды үш мақсатпен жаратты: көктерді безендіру үшін, шайтандарды атқылау үшін және жол табуға жәрдемдесетін белгі қызметін атқаруы үшін. Егер біреу олардан тағы да бірдеңелерді күтетін болса, ол адам өз бақытсыздығына бұл істі істейді, және өзінің жеке тағдырын өлтіреді, сондай-ақ біліммен табылмаған() нәрсеге кіріскен болады350»,-деген сөзі риуаят етілген.

350Бұхари бұл сөздерді «Жаратудың басталуы туралы Кітапқа» түсініктеме түрінде келтірген. Ал Ибн Хажар «Фатхул Бәриде» Абд ибн Хумайданың сөзін келтіреді:

«Пәлен жұлдыз туылғанда ағаш отырғызса пәлен-түген болады, пәлен жұлдыз туылғанда жолға шықса пәлен-түген болады, өміріммен ант етемін, қайсы бір жұлдыз туылғанда, соған …ұзын және қысқа, қызыл және ақ, сұлу және кейіпсіз нәрсе туылмайтын бір де бір жұлдыз жоқ» дейтіндерге Аллаһ Тағаланың бұйрығынан бейхабар адамдар жұлдыздар туралы сұрақтармен барады, ал шындығында, жұлдыздар да, құстар да, жандылардың да ғайбқа (жасырын сырға) ешқандай қатысы жоқ».

171-сұрақ:

Аспандағы күн мен ай, жұлдыздардан жаңбыр сұрау туралы не айтуға болады?

Жауабы:


Аллаһ Тағала айтты:

«Расында берген ризыққа шүкір етудің орнына оны жалғанға шығарасыңдар ма?» (Уақиға, 82)

Ал, Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Менің үмметімнің мүшелері жәһилиятқа351 қатысты төрт нәрседен бас тартуға (әлі күнге шамасыз болып жүр): өз ата-тегімен марқаю, (басқаларды) олардың шыққан тегімен масқаралау, аспан шамшырақтарына352 жаңбыр туралы жалбарыну және өлгендер туралы қатты дауыстап жоқтау айту». (Мүслім, Термизи)

351Яғни надандық әрі көпқұдайшылдық кезеңіне

352Бұл жерде аспан шамшырақтарының орын өзгертуіне жердегі оқиғалар байланысты деп сенгендер туралы айтылуда.

Пайғамбарымыз (с.а.с.):

«Сіздердің Тәңірлеріңіздің не айтатынын білесіздер ме?»,-деді. Олар: «Аллаһ және Оның елшісі жақсы біледі»,-деді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты: «Аллаһ Тағала айтты: «Бүгін таңда353 Менің құлдарымнан (біреулері) Маған сенушілерден болып қалды, ал (кейбіреулері) кәпір болды. «Жаңбыр Аллаһ Тағаланың қамқорлығы мен мейірімділігінің арқасында жауды» дегендер Маған сенеді және аспан шамшырақтарына сенбейді, ал «Жаңбыр пәлендей шамшырақтың (орналасуына байланысты) жауды» деген, ол Маған сенбейді, аспан шамшырақтарына сенеді». (Бұхари, Мүслім)

353Аллаһтың бұл сөздері уақыттың белгілі бір кезеңін көрсетеді, бірақ ол сөздер басқа да түрлі жағдайларға қатысты болады.

172-сұрақ:

Жаман ырымдарға (тиараға)354 сену және оның не нәрсе келтіретіні туралы не айтуға болады?

354Бұл сөз арабтың «таир» – құстар деген сөзінен пайда болған, бұл арабтардың құстың оңға немесе солға ұшқанына қарап жаман немесе жақсы ырымға балап пал ашуына байланысты, соған сәйкес өздерінің ниеттерінен қайту секілді әдет-ғұрыптарынан туындаған нәрсе, қазақтар арасындағы алдынан қара мысық өтсе жаман ырымға балайтыны секілді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) мұндай нәрселер қандай да бір пайда не зиян жеткізе алады деген нанымның қате екенін көрсетті. Біздің кезімізде бұған мысал ретінеде қарапайым адамдардың қарғаның қарқылдағаны және соған ұқсас нәрселерді жақсы немесе жаман белгі санап, соған сенетіндіктерін айтуға болады.

Егер Аллаһ Тағаладан үміт етіп өзіне қажет жұмысты істесе, онда адам жүрегінде пайда болған қалау (жұмысты істегісі келу) немесе қаламау ырым-сырымға сенуге ешқандай қатысы болмайды, бұл туралы Ибн Аббас, ол екеуінен Аллаһ разы болсын:

«Егер жалғастырсаң, демек, үміт еткенің (яғни Аллаһ Тағалаға сиынғаның), ал егер бас тарсаң, демек, ырым-сырымға сенгенің»,-деген.

Жауабы:

Аллаһ Тағала айтты:

«Олардың ырымдары – Аллаһ тарапынан. Бірақ олардың көбі білмейді». (Ағраф, 131)

Ал, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген:

«Ауру (Аллаһ Тағаланың бұйырығынсыз) жұқпайды және құстың (ұшуы), байғыз жаман ырым емес. Сондай-ақ сапар (айы) ешқандай жамандық әкелмейді355». (Бұхари, Мүслім)

355Бұл сөздердің мағынасы бұл аталған заттар өздігінше ешқандай әсер ете алмайды, жақсылық пен жамандық Аллаһ Тағаланың еркіндегі нәрсе дегенді білдіреді. Мәселен, жұқпалы аурудың жұғуы Аллаһ Тағаланың еркіндегі іс. Ал Пайғамбарымыздың (с.а.с.) байғыз және сапар айы туралы айтқан себебі, арабтар кімнің үйінің үстіне байғыз қонса, ол үйдегі адамның біреуінің ажалы жақын деп, ал сапар айы жаман ырым деп есептеген.

Сондай-ақ Пайғамбарымыз (с.а.с.) және айтты:

«Жаман ырымдарға сену – ширк, жаман ырымдарға сену – ширк». (Ахмад, Хаким, Термизи)

Риуаят етіледі: Ибн Масъуд (р.а.) айтты:

«Біздің арамызда (мұндай нәрсе қандай да бір мөлшерде тиісті болмаған) ешкім жоқ, бірақ оны Аллаһ Тағалаға тәуекел ету кетіреді».

Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Ырым дегеніміз – сені өткізген немесе қайтарған нәрсе».

Абдуллаһ ибн Амрдің (р.а.) сөзінен риуаят етілуінше, Пайғамбарымыз (с.а.с.):

«Біреуді қажетті нәрседен жаман ырым тоқтатса, ол ширкке кіріпті»,-дейді. Адамдар сұрады: «Мұның жуылу жолы қандай?» Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты: «Мұның (жуылуы): «О, Аллаһ, Сенің жақсылығыңнан басқа жақсылық жоқ, Сенің құсыңнан басқа құс жоқ356 және Сенен басқа тәңір жоқ» деуің». (Ахмад)

356Бұл жерде тағдыр туралы айтылуда.

Және Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Бәрінен жақсысы – үміт, ал (жаманы) мұсылманды тоқтатпасын. Егер сендерден біреуің өзіне ұнамайтын бір нәрсені көрсе: «О, Аллаһ, Сенен басқа жақсылық сыйлаушы жоқ, Сенен басқа жамандықты қайтарушы жоқ, Сенен басқа ешкім күш-қуат бермейді», деп айтсын». (Әбу Дауд)

173-сұрақ:

Көз тию туралы не айтуға болады?

Жауабы:


Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Көз тию – ақиқат (нәрсе) 357». (Бұхари, Мүслім)

357Яғни, көз тию бар нәрсе.

Сондай-ақ бір күні Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бір күңнің жүзінен қара дақ көріп:

«Дем салыңдар, өйткені, шынында, назарланып қалыпты»,-дегені риуаят етілген.

Айша (р.а.) айтты:

«Пайғамбар (с.а.с.) жаман көзден дем салуды маған бұйырды (немесе ...бұйырды)». (Бұхари, Мүслім)

Пайғамбарымыздың (с.а.с.):

«Көз тиюден және (улы жәндіктердің) уынан басқаға дем салудың қажеті жоқ», дегені риуаят етіледі. (Әбу Дауд, Термизи, Ахмад)

Бұл туралы біз келтірмеген басқа да сахих хадистерде айтылады, және олардағы негізгі ой бұлардың (дем салу, үшкіру, т.б.) бәрінің әсері тек Аллаһ Тағаланың рұқсатымен ғана іске асатынын баса көрсетуге саяды. Ал біздің көптеген бұрынғы игі кісілеріміз, олардан Аллаһ разы болсын, бұл хадистерді Аса Жоғары Мәртебелі және Ұлы Аллаһтың сөздерін түсіндіру кезінде пайдаланған.

Аллаһ Тағала айтты:

«Расында қарсы келгендер, Құранды тыңдаған сәтте, олар көздерімен ішіп-жеп, сені жыға жаздайды». (Қалам, 51)

174-сұрақ:

Күнәлардың (маъаси) неше түрі бар?

Жауабы:

Күнәлар кіші (сағаир), (бұларды нашар істер (сайиат) деп те атайды) және үлкен (кәбәир) (бұларды өлтіретін күнәлар (мубиқат) деп атайды) боп екіге бөлінеді.

175-сұрақ:

Кіші күнәлар немен өтеледі?

Жауабы.

Аллаһ Тағала айтты:

«Егер сендер тиым салынған нәрселердің үлкенінен сақтансаңдар, сендердің жамандықтарыңды жасырып, өздеріңді құрметті орынға кіргіземіз». (Ниса, 31)

Аллаһ Тағала және айтты:

«Шынында жақсылықтар, жамандықтарды жояды». (Худ, 114)

Сөйтіп, Аса Жоғары Мәртебелі Аллаһ адамдар салих амалдар істеп әрі үлкен күәналарды жасаудан аулақ жүрсе, солар арқылы жаман істердің жойылатынын білдіреді. Бұл ой Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мына хадистерінде де айтылған:

«Жаман іс істесең, артынша қандай да бір жақсы іс істе, ол жаман істі өшіреді358». (Ахмад, Термизи)

358Хадистің толық мәтінінде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мына сөздері келтірілген:

«Қай жерде болсаң да Аллаһ Тағаладан қорыққын, бір жаман нәрсе істесең, артынан оны жоятын қандай да бір жақсы нәрсе істе, және адамдармен қатынасыңда игілік-ізетті бол (Аллаһ Тағаладан қорыққын)». Бұл хадис Әбу Зәрр әл-Ғифаридың (р.а.) сөзінен келтірілген.

«Жәмиул-улум уәл-хикәмда» Ибн Ражаб әл-Ханбали жазды:

«Әртүрлі кітаптардағы хабарлар бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл сөздерді Муъаз және Әбу Заррға өсиет еткен (айтқан) және бұл – Аллаһ Тағаланың хақы мен Оның құлдарының хақына қатысты нәрселерді қамтыған ұлы өсиет».

Сонымен қатар, басқа сахих хадистерде түрлі жаман істер мен кіші күнәлар өзіне ұнамаса да жақсылап ғұсыл құйыну359, мешітке бару, бес уақыт намазды орындау, жұма намаздарына үзбей бару, рамазан айында ораза ұстау, рамазанда қосымша құлшылық жасау, Қадыр түні Аллаһ Тағалаға жалбарыну, Ашура360 күні ораза тұту және басқа да діни борыштарды өтеу арқылы жуылатыны айтылған.

359Бұл жерде түрлі жағымсыз-жайсыз жағдайлар туралы айтылуда, мысалы, өте суық күн мен жылы судың жоқтығы.

360Мухаррам айының оныншы күні.

Бұл хадистердің көпшілігінде кіші күнәлар мен жаман істердің жуылуы үлкен күнәларды жасамау шартымен байланыстырылған және ешқандай шарттар жайлы айтылмаған хадистерде де осы ой өрбітіледі. Сонымен, үлкен күнәлар жасамау жақсы амалдар жәрдемімен немесе оларсыз да кішкене күнәлардың жуылуының қажетті шарты болып табылады екен.

176-сұрақ:

Қандай күнәлар үлкен күнәлар түріне жатады?

Жауабы:


Оның (үлкен күнәлардың) өлшемі ретінде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сахабалары мен олардың ізін қуушылардың, сондай-ақ басқа да адамдардың айтқан сөздерін пайдалануға болады.

Олардың базбіреулері үлкен күнә деп Құранда ол үшін жазалау белгіленген кез-келген күнәларды айтқан.

Басқалар, Аллаһ Тағаланың ашуы мен лағынетіне апарып соғатын және тозаққа немесе басқа жазаға лайық болатын әрбір күнәні үлкен күнә деген.

Ал және басқа ғұламалар Аллаһ Тағаладан қорықпауды, дінге мән бермеу және оған көңіл бөлмеуді үлкен күнә деп есептейді. Бұл туралы басқа да пікірлер айтылған. Ал сахих хадистер туралы айтар болсақ, көптеген күнәлар олардың дәреже айырмашылығына қарамастан ауыр (үлкен) күнә деп есептелінген.

Олардың іштерінде көпқұдайшылдық пен сиқыр сияқты үлкен имансыздықты (куфрды) атап айтуға болады. Оларға, мысалы, шариғат заңы бойынша өлтірілуі тиіс болмаса Аллаһ Тағала өлтіруге тиым салған адамды өлтіру, соғыс кезінде шегіну, өсімқорлық, жетімнің ақысын жеу, жалған сөз сөйлеу, парасатты мұсылман әйелдердің сақтықта болмауын сылтауратып ол туралы өсек айту, арақ ішу, ата-анаға бағынбау және оларды құрметтемеу сияқты, аса ауыр болмаған, үлкен күнәлар жатады.

Бұлар туралы Ибн Аббас, ол екеуінен Аллаһ разы болсын:

«Олардың саны жетпіске жуық, ең үлкені жетіге дейін»,-деген.

Аса үлкен күнәларды есептеумен айналысқан кісінің, шындығында, олардың жетпістен де көп екендігіне көзі жетеді. Құран мен Сүннетте Аллаһ Тағаланың ашуы, лағынеттеуі, азаптауы секілді басқа да үрей ұшыратын қауіп-қатерге соқтыратын барлық күнәлар жайлы айтылған соң, оларды есептеуге не жосық? Мұндай есептеумен айналысқан адам, мұндай күнәлардың өте көп екенін сөзсіз білетін болады.

177-сұрақ:

Барлық кіші және үлкен күнәларды қалай жууға болады?

Жауабы:

Олардың бәрі шын ықыласпен тәубеге келумен жуылады.

Аса Жоғары Мәртебелі Аллаһ айтты:

«Әй, мүміндер! Аллаһқа шынайы тәубе қылыңдар. Раббыларыңның жамандықтарыңды жойып, астарынан өзендер ағатын жұмақтарға кіргізуі үміт етіледі». (Тахрим, 8)

«Бірақ кімде-кім тәубе қылса, сондай-ақ кім иман келтіріп, ізгі іс істесе, міне Аллаһ олардың жамандықтарын жақсылықтарға ауыстырады». (Фурқан, 70)

Аллаһ Тағала және айтты:

«Ал олар қашан арсыздық істесе не өздеріне зұлымдық қылса361, Аллаһты естеріне алып, күнәларының жарылқауын тілейді. Күнәларды Аллаһтан басқа кім жарылқайды?! Сонда олар істеген істеріне біле тұра қасарыспайды. Міне солардың сыйлықтары Раббылары тарапынан жарылқау және астарынан өзендер ағатын жұмақтар». (Әли Имран, 135-135)

361Яғни, тек қана өзіне зиян келтіретін күнә істесе

Бұған басқа да аяттар дәлел бола алады.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Тәубе алдыңғы күнәларды жуып-шаяды».

Бір хадисте шөл далада жалғыз жолаушы келе жатып, аялдаған жерінде азғана ұйықтап кетіп, қайта оянғанда ішер суы мен жейтін тамағы (қомына) артылған түйесінің жоқ екенін көріп, зәресі ұшқаны туралы баяндалады. Сахараның ми қайнатар ыстығы мен шөл қысқан ол: «Енді өлдім ғой», дегенде, түйесін қайта тауып алып, қатты қуанғанынан: «О, Аллаһ! Сен менің пендемсің, мен Сенің Раббыңмын»,-деп жібереді.

Аллаһ Тағала бір құлының тәубе келтіргеніне сол жолаушыдан да артық қуанады. (Бұхари, Мүслім)

178-сұрақ:

Шын ықыласты тәубе (әт-тәубәтун-насух) деген не?

Жауабы:


Шын пейілмен болған тәубе, оның үш шарты бар:

- істеген күнәсынан бастарту;

- сол күнәні істегеніне өкіну;

- ол күнәні ешуақытта қайталамасқа берік шешімге келу.

Сонымен қатар, бұл істелінген күнә басқа мұсылманға зарар жеткізген болса, онда бұдан мүмкіндігінше арылу қажет болады, өйткені, олай етпеген жағдайда жәбірленген (адам) Қиямет күні міндетті түрде есесін (өшін) қайтаруды талап етеді. Себебі, мұндай күнә ешуақытта Аллаһ Тағала кешірмейтін күнәларға кіреді.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Егер бір адамда қиянатпен алынған және өзінің мұсылман бауырына тиісті бір нәрсе болса, бүгін-ақ оны қайтарып берсін362, өйткені динар да, дирһам да болмайтын (Ахыретте) оның жақсы амалдарын бауырына әпереді363, егер бауырына әперетін жақсы амаладары болмаса, мұсылман бауырының жаман істерін бұған алып береді». (Бұхари, Мүслім)

362Яғни, алғанын қайтарсын немесе толық қалпына келтірсін, жәбірленушіден кешірім сұрасын және Аллаһ Тағалаға шын ықыласпен тәубе етсін.

363Бұл дүниеде жәбір көрсеткенінің төлемі ретінде

179-сұрақ:

Әрбір жеке адамның тәубесі қай уақытта қабылданбайды?

Жауабы:


Аллаһ Тағала айтты:

«Шын мәнінде Аллаһқа (сыйымды) тәубе, жамандықты білмей істеп, сонсоң дереу тәубе етсе, сонда олардың тәубесін Аллаһ қабылдайды. Негізінен Аллаһ, тәубені Қабыл Етуші, Ерекше Мейірімді». (Ниса, 17)

Аллаһ Тағала елшісінің (с.а.с.) сахабаларының барлығы «Аллаһ Тағалаға бағынбаудың айғағы болып табылатын әрбір іс-амал, әдейі ме әлде әдейі емес пе – бәрібір, білместіктен істелінеді» деген тұжырымға тоқтаған. Және олардың бәрі де «дереу» деген сөз адамның ажал сағатының алдындағы кез-келген уақыт деп есептеген.

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) былай дегені хабар етіледі:

«Ақиқатында, Аллаһ Тағала құлының тәубесін оған өлім алдындағы қырылдауы естілгенге дейін қабылдайды». (Термизи, Ибн Мәжәһ, Ахмад, Хаким)

Бұл ой басқа хадистерде де айтылған.

Егер адам өлім періштесін көрсе, жаны алқымға келіп қырылдай бастағаннан кейінгі тәубесі қабылданбайды, әрі ол құтылушылардан болмайды. Өйткені Аллаһ Тағала айтты:

«Олардан бұрын қаншалаған нәсілді жоқ еттік, сонда олар ойбайлайды; бірақ құтылар заман емес еді». (Сад, 3)

Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ Тағала жоғарыда айтылған сөздеріне тікелей қатысты мына сөздерді айтты:

«Ал жамандықты өздеріне өлім келгенге дейін істеп: «Енді шынайы тәубе қылдым»,-деген және қарсы болған бойда өлгендердің тәубесі қабыл емес». (Ниса, 18)

180-сұрақ:

Бұл дүниедегі өмірде тәубенің қабылдануы қай уақытта тоқтатылады?

Жауабы:

Аллаһ Тағала айтты:

«Раббыңның белгілерінің кейі келген күні, бұрыннан иман келтірмеген немесе сенімі бойынша бір жақсылық істемеген364 біреудің иманы пайда бермейді». (Әнғам, 158)

364Яғни Аллаһ Тағалаға сенгенімен ізгі істер істемеген.

Ал Пайғамбарымыздың (с.а.с.):

«Күн батыстан шыққанша ол Сағат (Қиямет күні) келмейді, ал ол қашан (ол жақтан) шыққан кезде, адамдар оны көреді, бәрі оған сенеді, бірақ бұл (оқиға) адамға оның иманы пайда бермейтін кезде болады»,-дегені, сонсоң жоғарыда айтылған аятты оқығаны риуаят етіледі.

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сахабаларының сөздерінен алынған, осындай мағынадағы басқа да көптеген хадистер белгілі.

Мәселен, Сафуан ибн Ассал Пайғамбарымыздың (с.а.с.):

«Ақиқатында, Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ Тағала батыста ені жетпіс жылдық жолға тең тәуба қақпасын ашты және оны ол жақтан күн шыққанша жаппайды»,-деген сөздерін жеткізеді. (Термизи, Ибн Мәжәһ, Ахмад)

181-сұрақ:

Үлкен күнәларды істеуде қасарысып жалғастырып жүріп өлген, таухидті мойындаған адам туралы не айтуға болады?

Жауабы:


Аллаһ Тағала айтты:

«Қиямет күні, туралық таразысынан қоямыз. Сонда ешкім әділетсіздікке ұшырамайды. Егер бір ұрық түйірінің салмағындай болса да оны әкелеміз365. Есеп көруде Жеткіліктіміз». (Әнбия, 47)

365Басқаша айтқанда, адам қандай да бір кішкентай (болмашы) нәрсе істесе де, Қиямет күні әділ де толық жазасын немесе марапатын міндетті түрде алады.

«Ол күнгі таразылау – шындық, сонда кімнің таразысы (жақсылықта) ауыр тартса366, міне солар құтылушылар. Және кімнің таразысы жеңіл тартса, аяттарымызға орынсыздық еткендіктері367 себепті зиян қылды». (Ағраф,8-9)

366Яғни кімнің ізгі амалдары бұзық амадарынан ауыр келсе.

367Басқаша айтқанда, Аллаһ Тағаланың аяттарына өз дәрежесінде құрмет көрсетпеу және оларды жалған деу.

«Сол күні әркім істеген игілігін әзір табады да істеген жамандығының...». (Әли Имран, 30)

«Қиямет күні әркім өзін құтқаруға тырысады. Сондай-ақ әркімге істегенінің бодауы беріледі. Оларға әділетсіздік етілмейді». (Нахыл, 111)

«Аллаһқа қайтарылатын, сонсоң әркімнің еңбегі өздеріне кемітілмей толық берілетін Күннен сақтаныңдар». (Бақара, 281)

Аллаһ Тағала және айтты:

«Сол күні, адам баласы, амалдары көрсетілуі үшін368 топ-топ369 келеді. Сонда кім тозаңның түйірінің салмағындай жақсылық істеген болса, ол оны көреді. Ал және кім тозаңның түйірінің салмағындай жамандық істесе, оны көреді». (Зілзәлә, 6-8)

368Яғни, Аллаһ Тағала оларға амалдарын көрсету үшін, немесе олар өздерін амалдарына сай не күтіп тұрғанын көруі үшін

369Бұл жерде, олардың жағдайлары әртүрлі: біреулері – үрейде, енді біреулері қауіпсіздікте болатыны туралы сөз болуда.

Бұған басқа да аяттар дәлел бола алады.

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мына сөздері хабар етілген:

«Кімнен толық есеп алынса370, ол жазаланады». Айша сұрады: «Аса Жоғары Мәртебелі Аллаһ Тағала:

«Сонда Ол, дереу жеңіл есеппен есептеледі»,-деген емес пе еді?» (Иншиқақ, 8). Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бұл ұсынуға ғана (қатысты)371, бірақ, кімнен толық есеп алынса, ол жазаланады»,-деді. (Бұхари, Термизи, Ахмад)

370Қиямет күнінде

371Бұл жерде есеп-қисап немесе таразыларда тарту үшін адамдардың амалын көрсететіндігі туралы айтылуда. Ол кезде әр адамға Аллаһ Тағала оның күнәларын кешіріп қаншалықты есепсіз мейірімділік жасағанын түсінуі үшін оның барлық амалы көрсетіледі.

Бұдан бұрын біз Қиямет күні адамдардың жиналатыны, олардың Соттың басталуын күтіп тұрғандағы жағдайлары, Таразылар, амалдар жазылған дәптерлердің таратылатыны, сол амалдардың Сотқа ұсынылатыны, есеп-қисап, Сират көпірі, шапағат түрлері мен және басқа нәрселер туралы келген Құран аяттары және хадистер жайлы айтқанбыз. Осы арқылы адамдардың осы дүниеде Аллаһ Тағалаға бойсұнуы мен бойсұнбауларының дәрежелеріне қарай Ахыреттегі олардың жағдайлары және адамдардың дәрежелердегі айырмашылықтары әрі олардың арасында озушылар, ортада болушылар мен өздеріне зұлым жеткізушілер372 белгілі болады.

«Фатыр» сүресінің 362-ші аятында айтылған:

372«Және олардан әлдекім өзіне кесір тигізеді* де кейі ортада болады*. Ал тағы біреулері, Аллаһтың бұйрығынша жақсылықтарға ілгерілеуші* болады…».

*Бұл жерде яки ауыр күнә істеуші мұсылман туралы яки жаман амалдары жақсы амалдарынан көп адам туралы айтылуда.

*Бұл жерде ауыр күнә жасайтын немесе жаман амалдарының саны жақсы амалдарының санына тең түсетін адам туралы айтылуда.

*Мұндай адамдарға Аллаһ Тағала Қиямет күні бәрінен бұрын рахымшылық жасайды. Бәлки, ешқандай есеп-қисапсыз жәннәтқа кіретін адамдар туралы айтылуда.

Егер бұл саған түсінікті болса, онда Құран аяттарында және Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Сүннеті болып табылатын хадистерде айтылғандардан білгін, және Исламның алғашқы буыны, біздің алдымызда өткен ізгілеріміз болған сахабалар, олардың соңынан таза жүрекпен ергендер, әсіресе Құранды ең үздік түсіндіруші муфассирлер мен Сүннеттің білгірлері, бірқұдайшылдық (таухид) дінін ұстанушылардан болған күнәһарлар негізінде олар үш сатыға бөлінеді:

Бірінші: Бұған жақсы амалдары жаман амалдарынан басым түсетіндер жатады; олар жәннәтқа кіреді, және оларға тозақ оты ешуақытта тимейді.

Екінші: Бұған жақсы амалдары мен жаман амалдары тең түсетіндер жатады, нәтижесінде жаман істері олардың жәннәтқа кіруіне мүмкіндік бермейді, ал жақсы амалдары оларды оттан сақтайды.

Бұл адамдар «Ағраф»373 делінетін жерде тұрады, Аллаһ Тағала олардың жәннәт пен тозақ арасында Өзі қалаған уақытқа дейін тоқтатып тұрылатынын айтқан, содан кейін олардың жәннәтқа кіруіне рұқсат беріледі. Аллаһ Тағала бұны айтудан бұрын жәннәттықтар жәннәтқа кіретінін, ал тозақтықтар тозаққа тасталынатынын және сол уақытта бұл адамдар (Ағрафта тұрғандар) оларға (жәннәттықтарға және тозақтықтарға) тіл қататыны туралы баян еткен-ді.

373«Ағраф» (жекеше түрі – «арф»). Бұл жерде шарбақ яки жәннәт пен тозақ арасындағы қырат жер туралы айтылуда. Сол жерде болатын адамдар туралы түрлі тәфсиршілер әртүрлі пікір айтқан, жазбагер солардің біреуін ұстанған. Басқа түсініктемелер бойынша, бұл жерде періштелер немесе есеп-қисабы табыспен аяқталатындар және өз кезегін күтетіндер тұрады.

Аллаһ Тағала айтты:

«(Жәннәттағылар мен тозақтағылардың) арасында374 далда бар. Және «Ағраф» делінген жоғары орында екі жақтағыларды да әлпеттерінен танитын375 біреулер бар. Бұлар: «Сендерге сәлем!» деп жәннәттағыларға айғайлайды. Бұлар әлі жәннәтқа кірмеген, үміт ететіндер376. Қашан олардың көздері тозақтықтар жаққа бұрылса: «Раббымыз! Бізді залым елмен бірге ете көрме!»,-дейді. Ағрафтағылар тозақтағы әлпетінен танығандарға377: «Сендерге көптіктерің378 және менмендіктерің пайда бермеді ме?» деп айғайлайды. (Оларға жәннәттағыларды көрсетіп): «Бұларға Аллаһтың рахметі тимейді деп ант ішкен адамдарың емес пе? (Ағраф тұрғындарына Аллаһ Тағала): «Жәннәтқа кіріңдер. Сендерге қорқыныш жоқ, әрі сендер қайғырмайсыңдар»,-(дейді). (Ағраф, 46-49)

374Яғни жәннәт пен тозақ арасында

375Бұл жерде жәннәттықтарды ақ жүздерінен, тозақтықтарды қара жүздерінен білуге (тануға ) болатыны туралы айтылуда.

376Яғни, олар жәннәттан күдерін үзбейді.

377Бұл жерде тозақтықтар туралы айтылуда.

378Яғни Аллаһ Тағаланың жолынан бездіру үшін сендер өз маңдарыңа жиып алған адамдарың

Үшінші: Бұл топқа кіретін адамдар үлкен күнә жасап, азғындыққа берілуден тиылмаған қалпында, бірақ таухид дінінде болып, иманын сақтаған халде Аллаһ Тағалаға жолығады. Олардың жаман амалдары жақсы амалдарынан ауыр келеді де, өз күнәларына лайық тозаққа кіреді: от олардың арасындағы біреулердің қызыл асығына дейін, енді біреулердің сирағының жартысына дейін, біреулердің тізелеріне дейін жетеді, ал қайсыбіреулердің бүкіл денесі отқа оралған күйде болады, (олардың) тек Аллаһ Тағала отқа тиым салған сәжде іздері ғана тозақ отынан аман қалады.

Міне осы топтың адамдары үшін Аллаһ Тағала біздің Пайғамбарымызға (с.а.с.), одан кейін басқа пайғамбарларға, шыншылдарға, періштелерге және кімді құрметтесе, соларға (тозақтағы адамдарды) шапағат ету құқығын сыйлайды.

Сонсоң Ол олар үшін белгілі шек қояды, және олар (шапағатшылар) оларды (тозақтағы адамдарды) тозақтан шығарады, бұдан кейін Аллаһ Тағала тағы да жаңадан шек белгілейді, олар тағы да адамдарды оттан шығарады. Осылайша олар алдымен жүрегінде бір динардың салмағындай ізгілік379 бар адамдарды шығарады, сонсоң жүрегінде динардың жартысының салмағындай ізгілік бар адамдарды шығарады, сонсоң жүрегінде бидай дәнінің салмағындай ізгілік бар адамамдарды шығарады, сөйтіп олар жүрегінде тозаңның салмағындай ізгілік бар адамдарға дейін шығарып болғанша осы істерін жалғастырады. Содан кейін шапағатшылар: «О, Тәңіріміз, біз онда (тозақта) ешқандай ізгілік қалдырмадық»,-дейді, сөйтіп жасаған амалдары қандайлығына қарамастан, таухид дінін ұстанып жүріп өлгендердің ешқайсысы тозақта мәңгі қалмайды.

379Яғни; шын иман

Мұндай адамдардың иманы үлкен болып, күнәсі жеңіл болса, тозақтағы азабы жеңіл болады және олар от ішінде соншалықты аз уақыт қалады және олар тозақтан соншалық тез шығарылады.

Және, керісінше, олардың иманы қаншалықты әлсіз болып күнәсі үлкен болса, олар соншалықты ауыр және ұзақ азапқа түседі. Бұл туралы көптеген хадисте айтылған және Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл туралы былай деген:

«Кім «Аллаһтан басқа ешбір тәңір жоқ» десе, (бұл сөздер) оған тіпті жаза беріліп қойылған болса да380 күндердің бір күні оған пайда әкеледі». (Хайсами)

380Қиямет күнгі жаза туралы айтылуда.

Туасы, бұл – пайымдаулары шатасқан, табандары тайған, адамдар қайшы пікірлерге түскен орын. Ал Аллаһ Тағала айтты:

«Сонда Аллаһ иман келтіргендерді, олар381 тартысқан шындыққа өз ұйғаруымен жеткізді. Аллаһ қалағанын даңғыл жолға салады». (Бақара, 213)

381Яғни, бұрынғы діни қауымның өкілдері

182-сұрақ:

Әртүрлі күнәлар үшін шариғат белгілеген жазаларды қолдану сол күнәлардың жуылуы (кәффараты) бола ма?

Жауабы:

Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с) өзінің сахабалары арасында болғанда, былай дегені риуаят етіледі:

«Аллаһ Тағаламен қатар еш нәрсеге табынбасқа, ұрлық істемеске, зинақорлық (ойнастық) жасамасқа, өз балаларыңды өлтірмеске, ойлап табылған өтірікті таратпасқа, (шариғат) мақұлдаған нәрсеге қарсы әрекет істемеске ант беріңдер. Қайсың (бұл антқа) адал болса, оны Аллаһ Тағала марапаттайды, ал кім қандай да бір нәрседе мұны бұзса, ол осы дүниеде жазаланады. Бұл оның (күнәларының) жуылуы болады. Егер кімде-кім қандай да бір нәрседе мұны бұзса, ал Аллаһ Тағала оны жасырса, онда (оның тағдырын) Аллаһ Тағала Өзі шешеді, қаласа кешіреді382, қаласа жазалайды».

Убада383 (р.а.): «Біз бұл туралы оған ант бердік»,-деді». (Бұхари, Мүслім)

382Бұл жерде Аллаһ Тағаланың көпқұдайшылдықтан (ширктен) басқаның бәрін кешіретіні туралы айтылуда.

383Убада ибн Самит –сахаба, біз қарастырып отырған хадис осы кісінің сөзінен алынған.

183-сұрақ:

Жоғарыда айтылған хадистегі Пайғамбарымыздың (с.а.с):

«...онда (оның тағдырын) Аллаһ Тағала Өзі шешеді, қаласа кешіреді, қаласа жазалайды»,-деген сөздерін бұдан бұрын айтылған «кімнің жаман істері жақсы амалдарынан ауыр келсе, ол тозаққа кіреді»,-деген сөздермен қалай сиыстыруға болады?

Жауабы:


Бұлардың арасында ешқандай қайшылық жоқ. Өйткені Аллаһ Тағала кімді кешіруді қаласа, одан Ол егжей-тегжейлі есеп талап етпейді, Пайғамбарымыз (с.а.с) мұндай жағдай амалдарды Сотқа ұсынған кезде орын алатынын айтқан, түсіндірген. Ол айтты:

«Сендердің әрқайсың өз Тәңіріне соншалық жақындайсыңдар, Ол сендерді жасырады, және Ол: «Сен мына нәрсені, мына нәрсені істедің бе?»,-дейді. Пенде: «Иә»,-дейді. Және Ол: «Сен мына нәрсені, мына нәрсені істедің бе?»,-дейді. Пенде: «Иә»,-дейді. Сонсоң Ол айтады: «Расында, Мен сені жердегі өмірде жасырып едім, ал бүгін Мен сені кешіремін». (Бұхари)

Ал өздерінің күнәларына лайық отқа кіргендер туралы айтар болсақ, олар ауыр есеп-қисапқа түседі, бұл туралы Пайғамбарымыз (с.а.с):

«Кімнен егжей-тегжейлі есеп талап етілсе, ол азапталынады»,-дейді. (Бұхари, Термизи, Ахмад)

184-сұрақ:

Аллаһ Тағала басқа жолдармен жүруге тиым салып, тек осы жолмен жүруге бұйырған тура жол (Әс-сиратул-мустақим) деген не?

Жауабы:

Бұл жерде Аллаһ Тағала Өз пайғамбарларымен жіберген және өзі түсірген Кітаптарда айтылған Ислам деп аталатын дін туралы сөз болуда. Бұл діннен басқа ешнәрсе ешкімнен қабылданбайды, бұл жолмен жүрмегендерден басқа ешкім құтыла алмайды, ал бұл жолмен жүрмегендер үшін жолдар тарамданып, оларды басқа жаққа әкетеді.

Аллаһ Тағала айтты:

«Күдіксіз Менің тура жолым осы. Енді соған еріңдер. Сендерді Аллаһтың жолынан айыратын басқа жолдарға түспеңдер». (Әнғам, 153)

Риуаят етіледі: Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.) жерге түзу сызық сызды да: «Бұл – Аллаһ Тағаланың тура жолы»,-деп, сонсоң ол сол тура сызықтан оңға да, солға да көп сызықтар тартты: «Бұлардың ішінде шайтан болмаған және оған шақырмаған бірде-бір жол жоқ»,-деді. Сонсоң мына аятты оқыды:

«Күдіксіз Менің тура жолым осы. Енді соған еріңдер. Сендерді Аллаһтың жолынан айыратын басқа жолдарға түспеңдер» (Әнғам, 153). (Ахмад, Хаким)

Сондай-ақ Пайғамбарымыздың (с.а.с) былай дегені хабар етіледі:

«Аллаһ Тағала тура жолды мысал ретінде пайдаланды. Бұл жолдың екі жағына да шарбақ қойылған, оларда ашық есіктер бар, ал есіктерде түсірілген перделер бар. (Осы жолға әкелетін) қақпаларда: «Ей адамдар, тура жолға түсіңдер және бөлінбеңдер»-дейтін жаршы-шақырушы тұрады. Ал басқа жаршы-шақырушы сол жол үстінде тұрып, егер адам есіктердің біреуін ашқысы келсе, оған: «Ей, сорлы, (бұл есікті) ашпа, егер оны ашсаң, оған әлбетте кіресің»,-дейді. Мұндағы тура жол – Ислам, шарбақтар – Аллаһ Тағаланың шекарасы, ашық есіктер – Аллаһ Тағаланың тыйымдары, жол басында тұрған жаршы-шақырушы, ол – Аллаһ Тағаланың Кітабы, ал жол үстінде тұрған жаршы-шақырушы384 – әрбір мұсылманның жүрегіндегі Аллаһ Тағаланың насихаттаушысы». (Ахмад, Бұхари)

Періштеден шығатын және адамды ізгілікке бағыттайтын ішкі сезім.

185-сұрақ:

Тура жолмен жүруге және одан ауытқымауға не нәрсе мүмкіндік береді?

Жауабы:


Бұл (әрбір) адамның Құран мен Сүннетті берік ұстанып, ол екеуінің талабына сәйкес амалдар жасап, олар белгілеген шекарада тоқтаумен ғана мүмкін болады. Тек осы ғана таза таухид жолында болуға және Аллаһ Тағаланың елшісіне (с.а.с.) өз дәрежесінде ілесуге мүмкіндік береді. Өйткені, Аллаһ Тағала:

«Ал және кім Аллаһқа, Елшіге бойсұнса, міне солар; Аллаһ Тағала нығметке бөлеген пайғамбарлар, шыншылдар, шәһидтер және игілермен бірге болады. Олар нендей жақсы жолдас»,-дейді.

(Ниса, 69)

Бұл аяттағы айтылған, Аллаһ Тағала нығмет берген адамдар, Құранның бірінші сүресінде баян етілген тура жолмен жүрушілердің дәл өзі. Аллаһ Тағала айтты:

«Бізді тура жолға сала көр! Нығметке бөлегендердің жолына!»

(Фатиха, 6-7)

Аллаһ Тағаланың құлы үшін оны тура жолға бастап, одан ауытқудан қашықтатудан артық болатын нығмет жоқ. Міне, осындай жағдайда Пайғамбарымыз (с.а.с.) өз үмметін қалдырды, бұл туралы ол:

«Мен сендерді түні күндіз сияқты әппақ айдан да анық жолда қалдырдым, менен кейін ол жолдан шаруасы біткен (адамнан) басқа ешкім ауытқымайды». (Ахмад, Ибн Мәжәһ, Хаким)

186-сұрақ:

Сүннеттің қарама-қарсысы не?

Жауабы:

Оның қарама-қарсысы адамдардың өздері ойлап тапқан бидғадтары385, басқаша айтқанда, өзіне Аллаһ Тағала бұйырмаған нәрсені шариғат қылып алу.

385Бидғат – дінге жаңалық енгізу.

Пайғамбарымыз (с.а.с.):

«(Егер) кімде-кім біздің ісімізге386 оған қатысы жоқ бір нәрсе енгізетін болса, ол қабылданбайды»,-деген. (Бұхари, Мүслім)

386Яғни; шариғатқа

Пайғамбарымыз (с.а.с.) және айтты:

«Сендер менің сүннеттіме және тура жолмен жүрген шыншыл халифалардың сүннетіне ілесулерің қажет. Оны мықты ұстаныңдар да одан айрылмаңдар387, жаңа ендірілгендерден аулақ болыңдар, өйткені, әрбір жаңа ендірілген (нәрсе), ол – адасу». (Ахмад, Әбу Дауд, Термизи, Ибн Мәжәһ)

387Сөзбе-сөз; тістеп, айрылма.

Және Пайғамбарымыз (с.а.с.) болашақта мұндай адасудың сөзсіз болатынын айтып, адасудан кімдердің аман қалатыны жайлы хабар берген.

Ол туралы мына хадисте айтылады:

Риуаят етіледі: Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Менің үмметім жетпіс үш тайпаға бөлінеді, олардың біреуінен басқасы тозаққа түседі». (Адамдар) сұрады: «О, Аллаһтың елшісі, олар (тозақтан аман қалатындар) кімдер?». Ол айтты: «Мен және сахабаларым ұстанған нәрсеге ілескендер».

(Хаким, Термизи)

Аллаһ Тағала Өз пайғамбарын жаңалық енгізушілерден бөлектеп былай деді:

«Күдіксіз діндерінде бөлініп, топтарға айрылғандармен ешбір байланысың жоқ388. Сөзсіз олардың ісі Аллаһқа тән». (Әнғам, 159)

388Яғни, сен олар үшін жауапты емессің, сен оларға дұрыс жолды көрсетіп, оларды қауіпті болатын нәрселер туралы ескертуге ғана міндеттісің.

187-сұрақ:

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жанұясына және сахабаларына қандай қатынас жасау керек?

Жауабы:


Біз үшін міндетті нәрсе: біздің оларға қатысты шыншыл, адал болуымыз, олар туралы ешқандай жаман сөз айтпауымыз, адамдарға тек олардың абырой-адамгершілігі туралы айтуымыз, олардың кемшіліктері мен олардың арасында туындаған қайшылықтарды айтудан тиылуымыз, олар туралы Аллаһ Тағала Таурат, Інжіл және Құранда қалай айтқан болса, біз де солай еске алуымыз, сондай-ақ олардың абырой-адамгершіліктері туралы сахих хадистерде және басқа белгілі кітаптарда айтылғандарға сәйкес пікірде болуымыз.

Аллаһ Тағала айтты:

«Мұхаммед – Аллаһтың елшісі. Онымен бірге болғандар, кәпірлерге қатаңырақ, өзара тым мейірімді. Оларды рукуғте, сәждеде көресің. Олар Аллаһтан мархамет әрі ризалық тілейді. Олардың жүздерінде сәжделердің іздерінің дерегі бар389. Олардың Тауратта да сипаттары390, Інжілде де сипаттары бар; бұл басжарып, сосын қуаттанып, жуандап, өз сабағында тік тұрған егін сияқты. Бұл (мысал) егіншілерді таңырқатып, онымен кәпірлерді ызаландыру үшін391. Аллаһ, олардан иман келтіріп, ізгі іс стегендерге жарылқау, зор сыйлық уәде етті». (Фатх, 29)

389Бұл жерде көп құлшылық (намаз) кезінде сәжде әсерінен олардың жүздерінің ішкі нұрмен сәулеленетіні туралы айтылуда.

390Яғни Тауратта солай сипатталған.

391Бұл жерде мұсылмандардың көптігі және ауызбірлігі туралы айтылуда.

«Иман келтіргендер, отандарынан ауғандар392, Аллаһ жолында соғысқандар, муһажирлерді орналастырып, көмек еткендер, міне, бұлар – нағыз мұсылмандар. Оларға жарылқау мен көркем несібе бар». (Әнфәл, 74)

392Бұл жерде мұсылмандардың Меккеден Мәдинаға көшуі туралы айтылуда.

«Муһажир393, ансарлардан алғаш иман келтіргендер394 және ихсанмен395 оған ергендерден Аллаһ разы болды. Әрі олар да Аллаһтан разы болды. Сондай-ақ Аллаһ, олар үшін ішінде мәңгі қалатын, астарынан өзендер ағатын жәннәттар әзірледі. Осы ірі мұрат». (Тәуба, 100)

393Яғни, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) артынша Меккеден Мәдинаға көшкендер

394Яғни, Исламды басқалардан бұрын қабылдап, олардан озғандар

395«Ихсан», бұл жерде сөзбен және амалмен расталған шын мәніндегі сенім туралы айтылуда.

«Шынында Аллаһ, бір бөлімінің жүректері ауытқуға таяған ауыршылықтан396 кейін Пайғамбарға ерген муһажирлер мен ансарлардың397, Пайғамбардың тәубелерін қабыл етті398». (Тәуба, 117)

396Бұл жерде 630-жылғы қиын жағдайда жасалған Тәбук жорығы туралы айтылуда.

397Меккеден қоныс аударғандарды қабылдаған Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жақтаушылары болған Мәдина тұрғындары

398Яғни, тәубені қабылдап қана қоймай, Ол мейірімділік көрсетіп, кешірім сыйлайды.

«Әсіресе сондай жұрттарынан, малдарынан қуылғандар; Аллаһтан мархамет, ризалық іздеп, Аллаһқа, Оның елшісіне көмек еткен пақыр муһажирлер үшін. Міне солар шыншылдар. Бұрыннан Мәдинеде қоныстанған иман иелеріне де (беріледі). Олар өздеріне босып келгендерді жақсы көріп, оларға берілген нәрселерге көңілдерінде кірбіңдік болмады. Сондай-ақ өздерінде таршылық бола тұра оларды өздерінен артық көреді». (Хашыр, 8-9)

Аллаһ Тағаланың Бәдір шайқасының қатысушыларын көргеніне және «Не істесеңдер де еріктеріңде, Мен сендерді кешірдім399» (Бұхари, Мүслім) дегенін біздер білеміз және сенеміз, ал олар үш жүз он адамнан көбірек еді. Және ағаштың түбінде тұрып анттасқандардың400 ешқайсысы тозаққа кірмейтініне сенеміз, олардан Аллаһ Тағала разы, Аллаһ Тағаладан олар разы401, олар бір мың төрт жүз адам еді, бағзы біреулер олардың бір жарым мың адам екенін айтады. Аллаһ Тағала айтты:

«Расында Аллаһ, мүміндерден ағаштың астында саған серт берген сәтте, разы болды да, олардың жүректеріндегіні білді». (Фатх, 18)

399Бұл жерде Аллаһ Тағала олардың күнәларын Қиямет күні кешіретіні туралы айтылуда.

400628 жыл Пайғамбарымызбен (с.а.с.) бірге умра жасауға қатысқандардың Худайбияда Исламға адалдық туралы мұсылмандардың ағаш түбінде берген анттары. Бұл ант «Аллаһқа ұнаған ант» (байъатур-ридуан) деген ат алды.

401Бұл жерде Мүслім, Әбу Дауд және Термизи келтірген сахих хадистің мазмұнына сілтеме бар. Бұл хадис Жабирден (р.а.) келтірілген. Онда Аллаһ Тағаланың елшісі былай деген:

«Ағаш түбінде ант бергендердің ешқайсысы тозаққа кірмейді».

Біз олар діни үмметтердің ішіндегі ең жақсы үмметтің ең жақсы ұрпағы екеніне402 және олардан кейін келген (адам) Ухуд тауының (үлкендігінің) мөлшеріндей алтын жұмсаса да олардан болған біреудің бір қос уыс немесе бір қос уыстың жартысын жұмсағанына тең бола алмайтынына куәлік береміз. Біз оларды күнә атаулыдан пәк еді деп есептемесек те, олардың қателік жасауы мүмкін десек те, олар ақиқатты іздеп табуға бар күшін жұмсаған-ды, кім жетістікке жетсе, жұмсаған күш-жігері үшін, оған екі есе сауап лайық, ал қателескенге – бір сауап, және олардың қателіктері кешірілген. Және олар сондай абырой-адамгершілікке ие болғандар және сонша ізгі іс істегендер еді, олар егер қандай да бір жаман амал істеген болса, ізгі істері олардың жаман амалдарын жуып кететін. Бүтіндей теңізге азғантай таза емес нәрсе түссе, ол теңізді өзгерте алар ма еді? Аллаһ Тағала олардан разы болғай және Аллаһ Тағала оларды Өзінен разы қылғай дейміз.

402Бұл жерде Бұхари және Мүслім, Имран ибн Хусайнның (р.а.) сөзінен алынған хадисте Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мына сөздерін келтіреді:

«Менің замандастарым адамдардың ең жақсысы, сонсоң – соларға ілесушілер».

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жанұя мүшелері болған оның әйелдері туралы да осыны айтамыз. Оларды Аллаһ Тағала барлық таза емес нәрселерден құтқарған және оларды бүтіндей тазартқан.

Және біздер Аллаһ Тағаланың елшісінің (с.а.с.) сахабалары, оның жалпы жанұя мүшелері туралы немесе олардан кімді болса да біреуді жекелеп жаман сөз айтқандар мен жаман ойлағандардан мүлдем аулақпыз және біз Аллаһ Тағаланың елшісінің (с.а.с.): «Менің сахабаларымды жамандамаңдар»403 (Бұхари, Мүслім), деген өсиетіне сай оларды сүйетінімізге, оларды қолдап және оларды шамамыз жеткенше қорғайтынымызға Аллаһ Тағаланың куә болуын жалбарынып сұраймыз. Және Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Менің сахабаларыма қатысты (мәселеде) Аллаһтан, Аллаһтан (қорқыңдар!), менің сахабаларыма қатысты (мәселеде) Аллаһтан, Аллаһтан (қорқыңдар!) Менен кейін оларды шабуыл нысанасына айналдырмаңдар. Өйткені, кім оларды сүйсе, мені сүйгені себепті оларды да сүйеді, ал кім оларды жеккөрсе, мені жеккөргені себепті оларды да жеккөреді». (Термизи, Ахмад)

403Әбу Саъид әл-Худридың (р.а.) сөздерінен алынған және Бұхари мен Мүслім риуаят еткен бұл хадиске жазбагердің, оған Аллаһ рахмет етсін, жасаған сілтемесі:

«Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты: «Менің сахабаларымды балағаттамаңдар, егер біреу Ухуд тауындай алтын жұмсаса да, олардың кез-келгенінің (сарып еткендерінің ) бір қос уысына да, жарты қос уысына да тең келе алмайды».

Сондай-ақ Пайғамбарымыздың (с.а.с.) былай дегені риуаятталады:

«Және мен сендерге екі қымбат нәрсені қалдырамын. Олардың біріншісі – Аллаһ Тағаланың Кітабы, онда һидаят (тура жол) пен нұр бар, ендеше Аллаһ Тағаланың Кітабын алыңдар да және одан айрылмаңдар», – және ол Аллаһ Тағаланың Кітабына ілесуге (адамдарды) үгіттеуге кірісті – «(Екінші қымбат нәрсе) менің жанұям» – (және осыдан кейін Пайғамбарымыз үш рет қайталады) – «...мен тағы да менің жанұяма қатысты (нәрседе) Аллаһтан (қорқуларың қажет екендігі) туралы ескертемін». (Мүслім, Ахмад, Хаким)

Мысал ретінде басқа да хадистерді келтіруге болады.

188-сұрақ:

Тұтас алғанда сахабалардан қадірлілері кімдер?

Жауабы:

Ең абыройлылары – ең бірінші озушылар404, яғни муһажирлер мен ансарлардан алғашқы иман келтіргендер, одан кейін Бәдір соғысына қатысқандар, сонсоң – Ухуд шайқасына қатысқандар, сонсоң – Аллаһқа жағымды ант берген адамдар, одан кейін – барлық қалғандары. Ал Аллаһ Тағала айтты:

«Сендерден (Меккенің) алуынан бұрын Аллаһ жолында мал сарып қылып соғысқан кісі, одан кейін мал сарып етіп, соғысқан кісімен тең емес405. Олар дәреже тұрғысынан артық. Сондай-ақ Аллаһ бәріне де жақсылық уәде етті». (Хадид, 10)

404Қараңыз: Тәуба, 100

405Яғни, олар Меккені мұсылмандар алғаннан кейін шайқасқандармен тең емес.

189-сұрақ:

Сахабалардан атап айтқанда ең абыройлысы кім?

Жауабы:


Абдуллаһ ибн Умардың, ол екеуінен Аллаһ разы болсын, былай дегені риуаятталады:

«Пайғамбарымыздың (с.а.с.) кезінде біз Әбу Бәкірге ешкімді теңгермейтінбіз, одан кейін – Умарға, одан кейін –Усманға, солардан кейін Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сахабаларынан ешкімді бір-бірінен ерекшелемейтін болдық». (Бұхари, Әбу Дауд, Термизи)

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) үңгірде406 Әбу Бәкірге (р.а.):

«Үшіншісі Аллаһ Тағала болған екеу туралы не айтасың?» (Бұхари, Мүслім), дегені риуаят етіледі.

Сондай-ақ Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Егер маған үммметімнен бір дос407 таңдау керек (болғанда), онда мен Әбу Бәкірді таңдар едім, бірақ ол менің бауырым әрі сахабам»408. (Бұхари, Мүслім)

406Яғни, Меккеден Мәдинаға қоныс аудару кезінде қуушы құрайштықтардан үңгірде жасырынған уақытта

407Яғни ең жақсы көретін адамды деген сөз. Құранда Аллаһ Тағала ең жақсы көретін адамым деп Ибраһимды (а.с.) атаған.

408Бұл хадистің Мүслім келтірген риауятында, Пайғамбарымыз (с.а.с.):

«…бірақ Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ Тағала Өзінің сүйіктісі етіп сендердің жолдастарыңды* таңдады», деген.

*Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзі туралы айтуда.

Және Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні:

«Ақиқатында, Аллаһ Тағала мені сендерге жіберді, және сендер: «Сен жалған айттың»-дедіңдер, ал Әбу Бәкір: «Сен рас айттың!»,-деді, және ол маған малымен де, жанымен де көмектесті, енді менің сахабамды тыныш қоясыңдар ма, жоқ па?»-деп екі рет айтқаны риуаятталады. (Бұхари)

Сондай-ақ Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні:

«О, Ибн Хаттаб, менің жаным қолында болған Затпен ант етейін, егер бір жол үстінде шайтан сені кездестірсе, ол міндетті түрде басқа жолды таңдар еді»,-дегені риуаят етіледі. (Бұхари, Мүслім)

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) былай дегені де риуаятталады:

«Сендерден бұрын өткендер арасында жоғарыдан сездірілетіндер болған409, және менің үмметімде сондай бір адам табылса, ол, ақиқатында, Умар». (Бұхари, Мүслім)

409Мұны пайғамбарларға түсірілген уахимен шатастыруға болмайды.

Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.) адамдарға қасқыр мен сиыр туралы әңгіме айтып болып:

«Ақиқатында, мен бұған сенемін, және (ол жерде болмаған) Әбу Бәкір мен Умар да сенеді410»,-дегені риуаят етіледі. (Бұхари, Мүслім)

410Бұл сөздер Әбу Бәкір мен Умардың, ол екеуінен Аллаһ разы болсын, ұлы қасиеттері туралы баяндайтын үлкен хадистің бөлігі болып табылады. Бұл хадисте қасқыр мен сиыр туралы кәдімгі түсінік-ұғымға тура келмейтін әңгімені естігенде адамдар таңырқаған кезде, Пайғамбарымыз (с.а.с.):

«Бұған мен сенемін және (ол жерде болмаған) Әбу Бәкір мен Умар да сенеді»,-деген.

Әбу Бәкір мен Умар, ол екеуінен Аллаһ разы болсын, өздерінің имандарының кемелдігі себепті және түсінігінің жоғары дәрежеде болуы себепті ешқандай күмәнданбай және таңырқамай бұл айтылғанға сенетіндіктерін хабарлаған, өйткені, олар Аллаһ Тағала аса мол құдіретке Ие екені және Аллаһ елшісінің (с.а.с.) шыншылдығын, сондай-ақ ол ешнәрсені ойдан шығарып айтпағандығын біледі.

Және руиаят етіледі:

«Аллаһ Тағалаға ұнамды ант беру кезінде, Усман Меккеге кеткенде411, Аллаһ Тағаланың елшісі (с.а.с.): «Бұл қол – Усманның қолы» дегенді айтқысы келіп, оң қолын көтеріп, сонсоң онымен сол қолын ұрды да: «Бұл – Усман үшін» 412,-деді». (Бұхари, Термизи)

411Усман (р.а.) Мекке шекарасында орналасқан Худайбияда келіссөздің аяқталуын күтіп жатқан, умра жасауға келген мұсылмандарға қарсылық көрсетуді ұйғарған құрайыштықтармен келіссөз жүргізу үшін Меккеге кеткен-ді.

412Басқаша айтқанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.) Усман (р.а.) белгілі себеппен қатыса алмай қалмағанда мұндай антты сөзсіз беретініне толық сенімді болғандықтан Усман үшін Аллаһ Тағала ұнамды ант берді.

Сондай-ақ және риуаят етіледі: Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Кім Рум құдығын аршыса, (оның сыйлығы) – жәннәт», оны Усман аршыды»413. (Бұхари)

413Яғни, құдықты тазалау жұмысы үшін ақысын төледі.

Және риауят етіледі: Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Кім әскерлерді қиын (сапарға) жабдықтаса414, (оның сыйлығы) –жәннәт», сонда оны жабдықтағандардың бірі Усман (р.а.) болды.

414Бұл жерде Табук жорығына мұсылман әскерлерін жасақтау туралы сөз болуда.

Және Усман (р.а.) туралы Пайғамбарымыз (с.а.с.):

«Одан періштелер ұялады, мен қалайша одан ұялмайын?!»,-дегені хабар етіледі.

Сондай-ақ Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Әлиге (р.а.):

«Сен – мененсің, мен – сененмін»,-деген. (Бұхари, Термизи, Ахмад)

Және Пайғамбарымыз (с.а.с.):

«Әли Аллаһ Тағаланы және Оның елшісін сүйеді, ал Аллаһ Тағала мен Оның елшісі оны сүйеді415». (Мүслім, Термизи)

415Бұл – ұзын хадистің бөлігі. Онда Хайбар жорығы кезінде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) былай дегені келтірілген:

«Мен бұл туды Аллаһ Тағала сол арқылы (бізге) жеңіс сыйлайтын адамға міндетті түрде тапсырамын. Ол Аллаһ Тағаланың және Оның елшісін сүйеді».

Сондай-ақ Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні Әлиге (р.а.):

«Мұсаның қасында Харун қандай (орын алса) болса, сен маған сондай болғың келе ме, бірақ менен кейін пайғамбар келмейді»,-деген. (Бұхари, Мүслім)

Саъид ибн Зайдтың (р.а.) сөзінен алып риуаят етілуінше, Пайғамбарымыз (с.а.с.):

«Он адам жәннәтта (болады): Пайғамбар жәннәтта болады, және жәннәтта Әбу Бәкір (болады), және Умар жәннәтта (болады), және Усман жәннәтта (болады), және Әли жәннәтта (болады), және Талха жәннәтта (болады), және Зубайр ибн Аууам жәннәтта (болады), және Саъид ибн Мәлик жәннәтта (болады) және Абдур-Рахман ибн Ауф жәннәтта (болады)», егер қаласаңыздар, оныншыны да атаймын»,-деді, адамдар сұрады: «Ол кім?», бірақ ол үндемеді. Адамдар тағы да сұрады: «Ол кім?» Ол айтты: «Ол – Саъид ибн Зайд». (Әбу Дауд, Термизи)

Және Пайғамбарымыздың (с.а.с.) былай дегені хабар етілген:

«Менің үмметімнен оның мүшелеріне ең мейірімдісі – Әбу Бәкір, Аллаһ Тағаланың дініндегі ең табандысы – Умар, дүние-мүлікке мұрагерлікке қатысты заңдардың ең жетігі – Зайд ибн Сәбит, Аллаһ Тағаланың кітабын ең жақсы қырағат қылушы416 – Убай ибн Каъб, халал мен харамның ең білгірі Муъаз ибн Жәбәл, әр үмметтің ең сенімдісі бар, бұл үмметтің сенімдісі – Әбу Убайда ибн Жаррах». (Ахмад, Термизи, Хаким)

416Яғни, Құранды жатқа білетін және барлық ережесіне сай оқитын адам

Хасан мен Хусайн417 туралы Пайғамбарымыздың (с.а.с.):

«Хасан мен Хусайн жәннәт жастарының мырзалары болады»,-дегені риуаят етілген. (Бұхари, Хаким)

417Пайғамбарымыздың (с.а.с.) немерелері

Және ол (с.а.с.) айтты:

«Олар – менің бұл дүниедегі райханым» 418. (Бұхари, Термизи)

418Базилик – хош иісті өсімдік. Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзі үшін немерелерін бұл дүние қуаныштарының бірі деп білген.

Сондай-ақ олар туралы Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген:

«О, Аллаһ, шын мәнінде мен оларды сүйемін, оларды Сен де сүйе көр!» (Бұхари, Термизи)

Хасан туралы Пайғамбарымыздың (с.а.с.) былай дегені риуаят етілген:

«Ақиқатында, менің бұл балам419 мырза (болады), және бәлки Аллаһ Тағала ол арқылы мұсылмандардың өте үлкен екі тобын татуластырады», және шындығында да кейіннен солай болды420. (Бұхари, Термизи, Әбу Дауд, Ахмад)

419Яғни; еркек жынысты ұрпақ

420661 жылы Әлиді өлтірген соң Хасан Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жанұя мүшелерінің жасы үлкені болғандықтан ол Ирактың халифасы деп жарияланды; бірақ бірнеше айдан соң ол мұсылмандар арасындағы күресті тоқтату мақсатында халифалықтан бас тартып, билікті Муғауияға берді.

Сондай-ақ, олардың анасы421 туралы Пайғамбарымыздың (с.а.с.):

«Фатима жәннәттағы әйелдердің ханымы (болады)»,-дегені риуаятталады.

421Яғни; өз қызы Фатима

Және көптеген басқа хадистерде барлық сахабалардың және олардың жекелеген өкілдерінің сансыз көп қадір-қасиеттері туралы айтылған, алайда олардан қайсыбіреулерінің қандай да бір қадір-қасиетке ие болуы, олар қалғандарынан бұл мәселеде басым түсуші еді деген ұғымды білдермейді, және бұл айтылғандар төрт шыншыл әділетті халифалардан басқалардың бәріне тиісті. Мұндай қорытынды Ибн Умардың, ол екеуінен Аллаһ разы болсын, сөздерімен риуаятталған хадиске сүйеніп алғашқы үш халифаға қатысты айтуға болады, ал Әли туралы айтар болсақ, мұсылман үмметі мүшелерінің бір ауызды пікірлері бойынша, алғашқы үш халифадан кейінгі жер бетінде өмір сүрушілердің ең қадір-қасиетті, абыройлы әрі лайықтысы Әли (р.а.) болды.

190-сұрақ:

Аллаһ Тағаланың елшісінің (с.а.с.) өлімінен кейін халифалық422 қанша уақыт өмір сүрді?

422Бұл жерде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) орынбасарлары ретінде шыншыл халифалардың басшылық жасаған кезіндегі халифалық туралы айтылуда.

Жауабы:


Сафинаның (р.а.) сөзінен риуаятталған: Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Пайғамбарлық халифат отыз жыл өмір сүреді, одан кейін Аллаһ билікті кімге қаласа, соған тапсырады». (Әбу Дауд, Термизи, Ахмад, Хаким )

Және халифат, Әбу Бәкір, Умар, Усман және Әли, Аллаһ олардан разы болсын, басқарған кезде, шынымен сонша уақыт өмір сүрді, одан Әбу Бәкір (р.а.) екі жыл және үш ай халифа болды, Умар (р.а.) – он жыл алты ай, Усман (р.а.) – он екі жыл, ал Әли (р.а.) төрт жыл және тоғыз ай және Хасан ибн Әли, Аллаһ Тағала ол екеуінен разы болсын, басқарған алты айды есептегенде, барлығы дәл отыз жыл болады. Алғашқы патшалықтың негізін қалаушы, олардың ең жақсысы әрі лайықтысы Муғауия (р.а.) болды, одан кейін Умар ибн Абдулазизға, Аллаһ оны рахмет еткей, билік ауысқанға дейін созылған әділетсіз басқарушылардың кезеңі басталған-ды.

Сүннетті ұстанушылар ол алғашқы төрт халифаның ізімен жүргендіктен, оны, тіпті бесінші халифа деп те есептейді.

191-сұрақ:

Бұл төртеуінің шын мәнінде әділ де шыншыл халифа болғандарына не дәлел бола алады?

Жауабы:

Ондай дәлелдер өте көп.

Олардың бірі – халифат мерзімінің отыз жылмен шектелуі және олардың билік жүргізу уақытының осы мерзіммен дәл келуі. Ондай дәлелдердің және бірі – бұрын айтылғандай олардың басқалардан артық құрметтелуі. Сондай-ақ, олардың бір-бірінен артықшылығы, бұл артықшылық олардың билік жүргізу кезеңінен де білінеді.

Барлық беделді адамдардың оларды шыншыл да әділ халифалар болғандығын бір ауыздан мойындауы бұлтартпайтын дәлел болып табылады. Бұған адасушылар мен бидғатшылардан басқа ешкім де қарсы болған емес.

192-сұрақ:

Олардың алғашқы үшеуінің шын мәнінде әділ де шыншыл халифа болғанына қандай дәлелдер бар?

Жауабы:

Бұған дәлелдер көп. Оған жоғарыда айтылғандар кіреді, сондай-ақ Әбу Бәкірдің (р.а.) сөзінен алынған риуаяттағы хадис те дәлел бола алады. Онда Пайғамбарымыз (с.а.с.):

«Сендерден кім түс көрді?»-деп сұрағаны айтылады. Бір адам айтты: «Мен көрдім, түсімде аспаннан таразы түсіріліпті-ау деймін, онда сені мен Әбу Бәкірді өлшеді, сен Әбу Бәкірден ауыр келдің, сонсоң Умар мен Әбу Бәкірді (өлшеді), Әбу Бәкір ауыр келді, сонсоң Умар мен Усманды (өлшеді), Умар ауыр келді, (содан) кейін таразылар жоғары көтеріп әкетілді». (Әбу Дауд, Термизи, Хаким)

193-сұрақ:

Әбу Бәкір (р.а.) мен Умар (р.а.) әділ де шыншыл халифа болғандығы туралы жалпы не айтуға болады?

Жауабы:


Бұған дәлелдер көп. Пайғамбарымыздың (с.а.с.):

«Мен түсімде құдықтың қасында өзімді көрдім, оның шетінде шелек бар екен, сонсоң мен құдықтан Аллаһ Тағала қанша қаласа, (сонша су) алдым. Сонсоң бұл шелекті Ибн Әбу Кухафа423 алды және ол құдықтан бір яки екі шелек су алды, кейін, осыны істеуде ол әлсіздік танытты424, және Аллаһ Тағала оның бұл әлсіздігін кешірді. Сонсоң бұл шелек теріден істелінген үлкен қауғаға айналды, оны Ибн Хаттаб алды, мен адамдардан қандай да бір басшының дәл Умар алғандай су алғанын көрген емеспін. Бұл (іс) адамдар малдарын дем алдыруға айдап жібергенше жалғасты425»,-дегені риуаятталады. (Бұхари, Мүслім)

423Әбу Бәкірдің лақаб аты

424Бұл жерде Әбу Бәкір (р.а.) басшылығының қысқа мерзімді болатындығы туралы айтылуда.

425Яғни, адамдар өздері де ішіп, түйелерін де суарып, сонсоң дем алуға кірісті.

194-сұрақ:

Әбу Бәкірдің (р.а.) бірінші халифа болғанына не дәлел бар?

Жауабы:


Бұған дәлел көп. Оның біразын жоғарыда келтірдік. Мына хадисті де солардың қатарында келтіруге болады. Пайғамбарымызға (с.а.с.) бір күні бір әйел бір рет келгенде, Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған және бір рет келуін бұйырғаны туралы риуаят етіледі. (Сонда) әйел: «Айтшы, егер қайта келіп, сені таба алмасам қайтемін?»-деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты: «Егер мені таппасаң, Әбу Бәкірге жолыққын». (Бұхари, Мүслім)

Сондай-ақ мына хадис Айшаның (р.а.) сөздерінен алынып риуаят етіледі: ол айтты:

«Бір күні маған Аллаһ Тағаланың елшісі (с.а.с.): «Маған әкеңді426 және ағаңды шақыр, (өсиет) жазайын, өйткені, ақиқатында, Аллаһ Тағала және мұсылмандар Әбу Бәкірден басқа ешкімді қаламағанда, «Мен лайықтырақпын» деп біреудің шығуынан қорқамын427»,-деді». (Мүслім)

426Яғни Әбу Бәкір (р.а.)

427Пайғамбарымыз (с.а.с.) басқалардан билікке өзін лайықтымын деп халифа болғысы келетіндердің табылатыны жайлы айтылуда.

Көз жұмарынан біраз бұрын ауырған кезінде Пайғамбарымыз (с.а.с.) намазға имамдық етуді Әбу Бәкірге (р.а.) тапсырғанда да осылай деген болатын.

Сонымен қатар, Әбу Бәкірге (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.с.) муһажирлерден және ансарлардан болған барлық сахабалары, сондай-ақ басқа да адамдар ант берген-ді.

195-сұрақ:

Әбу Бәкірден (р.а.) кейін заңды орынбасар Умар (р.а.) болуына қандай дәлелдер бар?

Жауабы:


Ондай дәлелдер көп, олардың біразын жоғарыда келтірдік. Және Пайғамбарымыз (с.а.с.):

«Анығында, сендердің араларыңда болуыма қанша (уақыт) қалғанын мен білмеймін, менен кейін кім болса, соларға ілесіңдер»,-деді, және осыны айтып, ол Әбу Бәкір мен Умарды көрсетті. (Термизи, Ахмад, Хаким)

Мұндай хадистерге теңіздей буырқанған фитнәлар (бүліктер)428 туралы айтылатын хадисті жатқызуға болады. Мұнда Хузайфаның (р.а.) Умарға (р.а.): «Ақиқатында, сені ол бүліктен жабық есік бөліп тұр»,-дегені туралы айтылады. Умар (р.а.) сұрады: «Ол ашыла ма, сына ма?» Ол: «Тек қана сынады»-деп жауап берді. Сонда Умар (р.а.): «Ендеше, ол қайта жабылмайды»,-деді. Ондағы есік – Умар (р.а.) еді дағы, оның сындырылуы – Умардың (р.а.) өлтірілуі еді. Одан кейін мұсылман үмметіндегі бүлік еш тоқтаған емес. (Бұхари, Мүслім, ұзын хадистің бөлігі)

428Бұл жерде мұсылман арасындағы өзара тартыс туралы айтылуда.

Және мұсылман үмметінің барлық мүшелері Әбу Бәкірден (р.а.) кейінгі халифа Умар (р.а.) екеніне бір ауыздан пікір білдірген.

196-сұрақ:

Әбу Бәкір (р.а.) және Умардан (р.а.) кейін заңды орынбасар Усман (р.а.) болуына қандай дәлелдер бар?

Жауабы:


Ондай дәлелдер көп, олардың біразы жоғарыда келтірілді.

Каъб ибн Ужраның (р.а.) сөзінен алынған риуаятта айтылады:

«Бір күні Аллаһ Тағаланың елшісі (с.а.с.) міндетті түрде келетін апат туралы айтты. Сол кезде басы бүркелген429 бір адам өте берді, және Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты: «Сол кезде мынау (адам) тура жолда болады». Мен алға ұмтылдым да, Усманды қолынан ұстап алып, сонсоң Аллаһ Тағаланың елшісіне (с.а.с.) бұрылып: «Осы ма?»-деп сұрадым. Ол: «Осы»,-деді». (Термизи, Ибн Мәжәһ, Ахмад, Хаким)

429Яғни, оның жүзі көрінбеді.

Сондай-ақ Айшадан (р.а.) риуаят етіледі:

«Бір күні Аллаһ Тағаланың елшісі (с.а.с.):

«О, Усман, егер Аллаһ Тағала саған мынаның үстінен билік (жүргізуді) тапсырса, ал екіжүзділер, саған Аллаһ Тағала кигізген көйлекті шешуді қаласа, сен оны шешпегін!»-деп үш рет айтты». (Термизи, Ибн Мәжәһ, Ахмад)

Және барлық алқа (шура) мүшелері оған ант беруге келісті, сонсоң оларға басқа да сахабалар қосылды, бірінші болып Абдур-Рахман ибн Ауф (р.а.), одан соң Әли (р.а.) ант берді, сонсоң оған қалған барлық адамдар ант берді.

197-сұрақ:

Олардан кейінгі халифаттыққа Әлидің (р.а.) басым құқығы бар екеніне қандай дәлелдер бар?

Жауабы:

Ондай дәлелдер көп, олардың біразын жоғарыда келтірдік. Пайғамбарымыз (с.а.с.) және былай деген:

«Аммардың соры құрысын, өткені ол қиянатшыларды жәннәтқа шақырғанда, оны тозаққа шақыратын қиянатшылар тобы өлтіреді». (Бұхари, Ахмад)

Шынында, ол Әлидің (р.а.) қасында болған кезде Шам430 тұрғындарының қолынан өлді, ол Шам тұрғындарын Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннетіне, келісім және хақиқи басшыға, яғни Әли ибн Әбу Талибке (р.а.) бағынуға шақырған еді.

430Қазіргі Сирия, Иордания, Ливан және Палестина орналасқан жердің бұрынғы аты.

Сондай-ақ Пайғамбарымыздың (с.а.с.):

«Адамдар арасында жік пайда болған кезде (иманнан) шегінушілер шегінеді және екі топтың шындыққа (ақиқатқа) жақынырағы оларды өлтіреді»,-дегені риуаят етіледі. (Мүслім, Ахмад)

Және, шынында (солай болды), хауариждер431 жолдан таюшылар болды да, Әли (р.а.) Нахрауан маңындағы шайқаста солармен соғысты және сүннетті ұстанушылардың барлығының, олардың бәріне Аллаһ рахмет етсін, бір ауызды пікірі бойынша, ақиқатқа Али (р.а.) жақынырақ еді.

431«Хауариж», оларды сондай-ақ «әл-мариқа» (шегінушілер) деп те атайды. Мұсылмандардың әмірі Әли ибн Әбу Талибтің Муғауиямен шайқасында олар Әлиге қарсы шықты. Ол, әсіресе, Абдуллаһ ибн Уахба әр-Расиби және Ашъас ибн Қайс тарапынан қатты шабуылға ұшырады, жалпы алғанда хауариждер арасында көптеген топтар бар еді, оларды Усман мен Әлиді, Аллаһ ол екеуінен разы болғай, мойындамаулары және ауыр күнә істеген мұсылмандарды кәпір деуі біріктірді.

198-сұрақ:

Шариғат мақұлдаған нәрселерге шақыру мен шариғат теріске шығарған нәрселерден қайтару міндеті кімнің мойнында және мұның қандай сатылары бар?

Жауабы:


Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ Тағала айтты:

«Сендерден жақсылыққа шақыратын сондай-ақ дұрыстыққа қосып, бұрыстықтан тосатын бір топ болсын. Міне солар құтылушылар». (Әли Имран, 104)

«Сендерден кім шариғатқа теріс нәрсені көрсе, оны өз қолымен өзгертсін, егер оған шамасы жетпесе – тілімен, оған да шамасы келмесе, онда – өз жүрегімен (тоқтатсын), және бұл – иманның ең әлсіз көрінісі болады». (Мүслім)

Бұл туралы Құранның басқа да көптеген аяттары мен хадистерде айтылған, және қандай да бір жақсылыққа шақыру мен бұрыстықтан тоқтату оны көрген әрбір (адамның) міндеті екендігін және оны орындау парыз екендігін дәлелдейді. Егер мұны басқа біреу орындамаған болса, бұдан ешкім босатылмайды, және Аллаһтың құлы неғұрлым білімді және молырақ мүмкіндікке ие болса, ол үшін бұл одан сайын міндетті бола түседі, ол күнәһарлар азапталынған кезде, адамдарды күнәлардан қайтаруға әрекет жасағандардан басқа құтылушылар болмайды.

199-сұрақ:

Аллаһ Тағалаға жақын адамдардың кереметтері (кәраматул-әулия) туралы не айтуға болады?

Жауабы:

Мұдай кереметтер шынында да бар нәрсе. Олармен байланысты болған ғажайып нәрселерді осылай (керемет) деп атайды.

Әйтсе де, кереметтер олардың өздерімен жасалынбайды және ол адамдар оған ұмтылмайды да. Олар білмеуі де мүмкін, бірақ мұның бәрін олар арқылы Аллаһ Тағала жасайды. Бұған мысал ретінде үңгірдегі жас жігіттер тарихын432, жартастың сынығы көміп қалған адамдар тарихын433, сондай-ақ Журайждың тарихын434 келтіруге болады, бұл кереметтердің барлығы олардың пайғамбарларының кереметтеріне де қатысты болған. Сондықтан да мұндай кереметтер осы үмметте көп болған: оны олардың (ол үмметтің) пайғамбарының кереметтерінің ұлылығымен және ол пайғамбардың Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ Тағалаға қандай дәрежеде қадірлі болғанымен түсіндіріледі. Мәселен, діннен қайту (риддә) кезінде Әбу Бәкірдің (р.а.) қандай жағдайға тап болғаны435, Мәдине мешітіндегі мінберде тұрып Умардың (р.а.) сонау Шамдағы әскерге сөйлегені және ол сөзді әскердің естігені, оның Нилге хат жазғаны436, Румды басып алу кезінде Алия ибн әл-Хадрами астындағы атын теңізге жалдап, су бетінде оның қалай жүріп кеткені437, оны өртемек болып Әсуад әл-Анси от жаққанда Әбу Мүслім әл-Хауләмидің от ішінде намаз оқығаны438 және осындай көптеген басқа да оқиғалардың Пайғамбарымыздың (с.а.с.) кезінде де, оның сахабаларының кезінде де және оларға таза жүрекпен ілескендер кезінде де кереметтер болған және біз өмір сүріп жатқан күндерге дейін жалғасқан, сондай-ақ Қиямет күніне дейін бола береді. Және мұның бәрі Пйағамбарымыздың (с.а.с.) кереметтері болып табылады, өйткені әулиелер мұндай кереметтер жасауға оның жолына ілескендігі себепті мүмкіндікке ие болуда.

Егер Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жолына ілесуші болмаған біреу табиғи емес, ғажайып бір іс істесе, онда ол керемет бола алмайды, ол тек қана алдау-арбау, азғыру болып табылады. Ондай адам Аса Мейірімді Аллаһ Тағалаға жақын адамдар қатарында емес, шайтанға жақын адамдардан болады, Аллаһ Тағала біздерді ондай пәледен сақтасын!

432Бұл туралы «Әл-бидая уән-ниһаяда» толығырақ айтылған, 102-110 беттер. Сондай-ақ, Құранда: Кәһф, 8-25.

433Бұл туралы Бұхари мен Мүслім келтірген хадисте айтылады. Онда үш адам үңгірдің аузын жартастың сынығы жауып қалып шығу мүмкін болмай қалғанда, олардың бұрын өздері істеген ізгі амалдарын айтып, Аллаһ Тағалаға өздерін құтқару туралы жалбарынғаны жайлы айтылады.

434Бұл туралы имам Ахмад келтірген хадистердің бірінде, сондай-ақ «Әл-бидая уән-ниһада» айтылады. Журайж нағыз тақуа болатын, оған ойнастық істеді деген жала жабылғанда, ол Аллаһ Тағалаға пана тілеп жалбарынады. Сол кезде Аллаһ Тағала бесіктегі нәрестені сөйлетіп, Журайждың күнәсіз екеініне куәлік бергізеді.

435Бұл жерде халифаның билігіне бағынудан және зекет беруден кейбір қабилалардың бас тартқанына байланысты Әбу Бәкір (р.а.) арабтардың бірнеше тайпаларына қарсы жорық ұйымдастырғаны туралы айтылуда. Қараңыз: «Тарихул-Ислам» және «Табақатул-мәшәһир уәл-аълам», әз-Зәһәби (3:20-25).

436 «Ән-нужумуз-заһира», 1/35, «Тарихул хуләфә», 49.

437Алия ибн әл-Хадрами – муһажирлер басшыларының бірі және Аллаһ Тағаланың елшісі (с.а.с.) тағайындаған, Бахрейннің билеушісі.

438Әбу Мүслім әл-Хауләми – Пайғамбарымыздың (с.а.с.) тірі кезінде Исламды қабылдаған, Пайғамбарымызға (с.а.с.) ілесушілердің басшыларының бірі және ол Мәдинаға Әбу Бәкір Сыддықтың билігі кезінде келген. Бұл керемет туралы Ибн Асакирдің «Тарихында» (9/10) және «Мажмуъул-фатауә» (11/259) ұзақ хикаяда келтірілген.

200-сұрақ:

Аллаһ Тағалаға жақын адамдар (әулиелер) 439 қатарына кімдер жатады?

439Жекеше түрі – «уәли». Бұл – көпмағыналы сөз. Бұл араб тұйық етістігінің (масдар) басқа мағыналарының ішінде: «жақын болу», «басқару», «дос пейілді болу», және «көмек көрсету» дегенді білдіреді.

Жауабы:

Аллаһ Тағалаға кім иман келтірген болса, Одан қорықса және Оның елшісіне (с.а.с.) ілессе, солар Аллаһ Тағалаға жақын адамдар қатарында болады.

Аллаһ Тағала айтты:

«Біліңдер! Расында Аллаһтың достарына қауіп-қатер жоқ, әрі олар қайғырмайды». (Юнус, 62)

Содан кейін Ол бұлардың қатарына кімдер жататынын түсіндіреді:

«Сондай иман келтіріп, тақуа болғандар». (Юнус, 63)

«Аллаһ иман келтіргендердің досы. Оларды қараңғылықтардан жарыққа шығарады. Ал қарсы болғандардың достары тағут440, (ол) оларды жарықтан қараңғылықтарға шақырады». (Бақара, 257)

440Бұл жерде куфрлік пен бұтқа табынушылыққа итермелейтіндердің бәрі туралы айтылуда.

Аллаһ Тағала және былай деді:

«Шынайы түрде сендердің достарың Аллаһ және Оның елшісі және де намазды толық орындайтын, зекет беретін әрі рукуғ қылушы мүміндер. Кім Аллаһты, Оның елшісін және мүміндерді дос тұтса, шынайы түрде Аллаһты жақтаған топ. Солар жеңіске ие болады». (Мәида, 55-56)

Ал Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:

«Шын мәнінде, пәленшенің жанұя мүшелері менің достарым емес, менің достарым – тек Аллаһ Тағала мен әділ де шыншыл мүміндер». (Бұхари, Мүслім)

Хасан әл-Басридің, оған Аллаһ рахмет еткей, былай дегені хабар етіледі:

«Аллаһ Тағалаға деген махаббаттың

«Егер Аллаһты сүйсеңдер, онда маған ілесіңдер» (Әли Имран, 31), деген сөздермен білдіргендерді Аллаһ Тағала сынға салды».

Имам Шафиғидің, оған Аллаһ рахмет еткей, былай дегені хабар етіледі:

«Егер су бетімен жүріп бара жатқан немесе ауада ұшып жүрген адамды көрсеңдер, оның Пайғамбарымызға (с.а.с.) ілесуші екеніне көз жеткізбейінше оған сенбеңдер және ілесіп кетпеңдер».

201-сұрақ:

Пайғамбарымыз (с.а.с.):

«Менің үмметімнен бір тайпа анық ақиқатты ұстанған болады және Аллаһ Тағаланың әмірі келгенше оған қарсы келушілер зарар жеткізе алмайды», дегенде қандай тайпа туралы айтқан441?

441Бұл сахих хадис өте көп жолдармен риуаят етілген. Аллаһ Тағаланың мейірімділігі арқасында бұл хадис әрбір мұсылман үшін құтылатын топтың бар екендігі туралы, Аллаһ Тағала бәрімізді және сол топқа (тайпаға) жәрдем бергендердің бәрін сол тайпаға қосқан болсын, қуанышты хабар болып табылады; шын мәнінде, Ол – өте жақсы Қамқоршы және өте жақсы Қорғаушы. Бұл хадисті Бұхари, Мүслім, Ахмад, Ибн Мәжәһ және Хаким келтірген.

Жауабы:


Пайғамбарымыз (с.а.с.):

«Біреуінен басқаларының бәрі тозақта болады және ол – әһлу сунна уәл-жамаъа» (Ибн Мәжәһ, Ахмад), деп, ол тайпаның қайсы тайпа екенін, яғни жетпіс үш тайпаның құтылушы болатын бір ғана тайпасы туралы айтқан-ды.

Бұл хадистің басқа риуаятында айтылады: Пайғамбарымыз (с.а.с.):

«...және олар, бүгін менің ұстанған жолыма және сахабаларымның ұстанған жолына ілескендер»,-деді». (Термизи, Хаким)

Біздер Аллаһ Тағаладан сол адамдар тайпасына қосуын, бізді тура жолға салған соң жүрегімізді сол жолдан адастырмауын және бізге Өзінің мейірімін сыйлауын жалбарынып өтінеміз, өйткені, шын мәнінде, Ол – Сыйлаушы.

«Қастерлі Раббың олардың сипаттағандарынан Пәк. Елшілерге сәлем! Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы Аллаһқа лайық!» (Саффат, 180-182)

Мазмұны:

Алғы сөз

Тәржімашыдан

Жазбагердің алғы сөзі

1-сұрақ: Аллаһ Тағала құлдарының ең бірінші міндеті не?

2-сұрақ: Бүкіл әлем не үшін жаратылды?

3-сұрақ: «Құл» (абд) сөзінің мағынасы не?

4-сұрақ: Ғибадат деген не? Қандай амал қай кезде ғибадатқа айналады?

5-сұрақ: Не нәрсе Аса Құдіретті, Ұлы Аллаһқа құлдың сүйіспеншілігінің белгісі бола алады?

6-сұрақ: Аллаһ Тағаланың нені ұнатып, нені ұнатпайтынын Аллаһтың құлдары қалай біледі?

7-сұрақ: Ғибадаттың қанша шарты бар?

8-сұрақ: Шын ықылас деген не?

9-Сұрақ: Ниеттің адалдығы не?

10-сұрақ: Аса Жоғары Мәртебелі Аллаһ дінді ұстануда қатаң басшылыққа алуға бұйырған діни заң (шариғат) деген не?

11-сұрақ: Исламда неше дәреже бар?

12-сұрақ: «Ислам» деген не?

13-сұрақ: «Ислам» ұғымы бүкіл дінді бүтіндей қамтитынына не дәлел бола алады?

14-сұрақ: Исламға оның бес тірегін айтумен анықтама беруге болатынына қандай дәлел бар?

15-сұрақ: Екі куәліктің діндегі орны қандай?

16-сұрақ: Аллаһтан басқа ешбір тәңір жоқ екендігіне куәлік беру қажет екендігіне не дәлел?

17-сұрақ: «Аллаһтан басқа ешбір тәңір жоқ» деген куәліктің мағынасы не?

18-сұрақ: «Аллаһ Тағаладан басқа ешбір тәңір жоқ» деген куәліктің (толық сақталмаса), айтушыға пайда бермейтін шарттары қандай?

19-сұрақ: Білімді игерудің қажетті шарт екенін Құранның қандай аяттары және қандай хадистер көрсетеді?

20-сұрақ: Жүрекпен сенудің қажеттілігін Құранның қандай аяттары мен қандай хадистер көрсетеді?

21-сұрақ: Аллаһ Тағаланың бұйрығына бойсұнудың парыз екендігін қай аяттар көрсетеді?

22-сұрақ: Құранның қандай аяттары мен қандай хадистер куәлік сөздері мен іштей келісім болуының қажеттілігіне нұсқайды?

23-сұрақ: Құранның қандай аяттары мен хадистер ықыласты болудың қажеттілігіне нұсқайды?

24-сұрақ: Құран Кәрім мен Сүннетте шыншыл болудың қажеттілігіне қандай нұсқаулар бар?

25-сұрақ: Сүйіспеншіліктің болуына қандай аяттар және қандай хадистер сілтеме болады?

26-сұрақ: Аллаһ үшін дос болып және Аллаһ үшін дұшпан болу қажеттілігіне не нәрсе сілтеме болады?

27-сұрақ: Мұхаммед (с.а.с.) Аллаһтың елшісі екендігіне куәліктің қажеттілігін неден білеміз?

28-сұрақ: Мұхаммед (с.а.с.) Аллаһтың елшісі екендігі туралы куәліктің мағынасы не?

29-сұрақ: Мұхаммед (с.а.с.) Аллаһтың елшісі екендігі туралы куәліктің шарттары қандай және куәліктің бірінші бөлігі мұнсыз қабыл бола ма?

30-сұрақ: Намаз бен зекеттің парыз екендігін неден білеміз?

31-сұрақ: Ораза ұстаудың парыз екендігіне қандай дәлелдер бар?

32-сұрақ: Қажылықтың парыз екеніне қандай дәлел бар?

33-сұрақ: Иман деген не?

34-сұрақ: Иман – сөз бен амалдың бірлігі екендігіне қандай дәлел бар?

35-сұрақ: Иманның көбейетініне және азаятынына қандай дәлелдер бар?

36-сұрақ: Имандарында мүміндер бір-бірінен артық бола алады дегенге қандай дәлел бар?

37-сұрақ: «Иман» ұғымы дінді бүтіндей қамтитынына қандай дәлелдер бар?

38-сұрақ: Иманның алты шартын түгелдеу арқылы иман туралы дәл анықтама беруге болатынына қандай дәлелдер бар?

39-сұрақ: Жоғарыда аталған иманның (алты) тірегінің Құранда түгелдей бар екеніне қандай дәлел бар?

40-сұрақ: Аса Құдіретті және Аса Ұлы Аллаһқа иман келтіру дегеннің мағынасы не?

41-сұрақ: Аллаһтың тәңірліктегі жалғыздығы нені білдіреді?

42-сұрақ: Аллаһтың Тәңірліктегі жалғыздығының қарама-қарсысы не нәрсе?

43-сұрақ: Үлкен ширк деген не?

44-сұрақ: Кіші ширк дегеніміз не?

45-сұрақ: Жоғарыда келтірілген сөйлемдердегі «және» деген шылау мен «одан кейін» деген сөздің арасында қандай айырмашылық бар?

46-сұрақ: Аллаһтың жаратушылықтағы жалғыздығы деген не?

47-сұрақ: Аллаһ Тағаланың құдайлықтағы жалғыздығының қарама-қарсысы не?

48-сұрақ: Аллаһтың есімдері мен сипаттарындағы жалғыздығы деген не?

49-сұрақ: Құран мен Сүннетте Аллаһ Тағаланың көркем есімдеріне қандай дәлелдер бар?

50-сұрақ: Құранда Аллаһ Тағаланың қандай көркем есімдері аталды?

51-сұрақ: Сүннетте қандай көркем есімдер аталады?

52-сұрақ: Көркем есімдерден туындайтын мағыналар қанша түрге бөлінеді?

53-сұрақ: Бұған не мысал бола алады?

54-сұрақ: Көркем есімдердің мағыналары «тадаммун» жолымен алғанда неше бөлікке бөлінеді?

55-сұрақ: Көркем есімдер Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ Тағалаға қатысты қолдану жағынан неше бөлікке бөлінеді?

56-сұрақ: Аса Құдіретті Аллаһ Тағаланың сипаттары арасында заттық сипаттары және іс-қимыл сипаттары бар екендігі жоғарыда айтылған болатын. Құран мен Сүннетте Аллаһ Тағаланың заттық сипаттарына қандай мысалдар келтірілген?

57-сұрақ: Құранда іс-қимыл сипаттарының қандай мысалдары кездеседі?

58-сұрақ: Іс-қимыл сипаттарының Сүннетте қандай мысалдары кездеседі?

59-сұрақ: Аллаһ Тағаланың көркем есімдері барлық іс-қимыл сипаттарының туындысы ма, әлде Аллаһ Тағаланың барлық есімдері Ол түсірген аяттардан белгілі ме?

60-сұрақ: Аллаһ Тағаланың Жоғары (әл-Али) және Аса Жоғары (әл-Ағла) есімдерінің мағынасы не және олардың Көрнеу (әз-Заһир), бәрін Бағындырушы (әл-Қаһир) және Жоғары Дәрежелі (әл-Мутаали) сияқты есімдерінің мәніне қандай қатысы бар?

61-сұрақ: Аллаһ Тағала Өзі жаратқандарынан жоғары тұратынына Құранда қандай дәлелдер бар?

62-сұрақ: Сүннетте осыған ұқсас дәлелдер бар ма?

63-сұрақ: Аллаһ Тағаланың Арышқа көтерілгені (истиуа) туралы біздің алдымызда өткен салих кісілерден болған дін имамдары не айтты?

64-сұрақ: Аллаһ Тағаланың бәрін Бағындырушы екендігіне Құранның қандай аяттары дәлел болады?

65-сұрақ: Аллаһ Тағаланың бәрін Бағындырушы екеніне қандай хадистер дәлел болады?

66-сұрақ: Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ Тағаланың дәрежесінің жоғары екендігіне не дәлел бар және Ол туралы сөз қозғалғанда нені теріске шығару керек?

67-сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Аллаһтың көркем есімдері туралы:

«Кім оларды жатқа білсе, сол жәннәтқа кіреді»,-деген сөздерінің мағынасы не?

68-сұрақ: Аллаһтың есімдері мен сипаттарындағы жалғыздығының қарама-қарсысы не?

69-сұрақ: Аллаһ Тағаланың жалғыз екендігін (таухид) мойындаудың барлық түрлері, біреуіне қайшы келген нәрсенің барлығына да қайшы келетіндей, өзара соншалықты тығыз байланысты ма?

70-сұрақ: Періштелерге иман келтірудің міндетті екендігіне Құран мен Сүннетте қандай дәлелдер бар?

71-сұрақ: Періштелерге иман келтірудің мағынасы не?

72-сұрақ: Аллаһ Тағала белгілі бір міндет жүктеп, белгілі мақсатпен жаратқан періштелердің қандай түрлері бар?

73-сұрақ: Кітаптарға иман келтірудің міндетті екендігіне не дәлел бар?

74-сұрақ: Аллаһ Тағала тарапынан түскен кітаптардың бәрі Құранда айтылған ба?

75-сұрақ: Аллаһ Тағаланың кітаптарына иман келтіру нені білдіреді?

76-сұрақ: Бұрынғы түсірілген кітаптарға қарағанда Құран қандай орынды иемденеді?

77-сұрақ: Ислам қауымының барлық мүшелері Құранға қатысты не нәрсені бұлжытпай ұстануы қажет?

78-сұрақ: Құранға ілесу және оны құрметтеу дегеннің мағынасы не?

79-сұрақ: Сөз – сипат ретінде заттық сипатқа жата ма әлде іс-қимыл сипатына жата ма?

80-сұрақ: Елшілерге иман келтірудің міндетті екеніне не дәлел бар?

81-сұрақ: Елшілерге иман келтіру дегеннің мағынасы не?

82-сұрақ: Елшілердің адамдарға бұйырған және тыйым салған нәрселерге шақырулары өзара сәйкес келе ме?

83-сұрақ: Жоғарыда аталған құлшылық негіздеріне қатысты мәселелерде елшілер арасында сәйкессіздік болмағанына қандай дәлелдер бар?

84-сұрақ: Рұқсат етілген және тыйым салынған нәрселерге қатысты жекелеген мәселелер бойынша елшілер адамдарды бағынуға шақырған діни заңдардың бір-бірінен айырмашылығы болғанына қандай дәлелдер бар?

85-сұрақ: Аллаһ Тағала Құранда барлық елшілер туралы айтқан ба?

86-сұрақ: Аса Жоғары Мәртебелі Аллаһ Тағала Құранда елшілерден кімдерді аты-жөнімен атаған?

87-сұрақ: Елшілерден кімдер «ең абзалдары» деп аталған?

88-сұрақ: Бірінші елші кім?

89-сұрақ: Ол қайшылықтар қай уақытта пайда болды?

90-сұрақ: Соңғы пайғамбар кім және оған қандай дәлел бар?

91-сұрақ: Біздің Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) басқа пайғамбарлардан немен ерекшеленеді?

92-сұрақ: Пайғамбарлардың мұғжизалары деген не?

93-сұрақ: Құранның ешқандай теңдесі жоқ екеніне не дәлел бар?

94-сұрақ: Қиямет күніне иман келтірудің міндетті екеніне не дәлел бар?

95-сұрақ: Қиямет күніне иман келтіру дегеннң мәнісі не және ол не нәрсені білдіреді?

96-сұрақ: Бұл Сағаттың қашан келетінін біреулерге белгілі ме?

97-сұрақ: Құранда Қиямет күнінің жақындау белгілерінің қайсысы келтірілген?

98-сұрақ: Қиямет күнінің жақындау белгілерінің қайсысы Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Сүннетінде келтірілген?

99-сұрақ: Өлімге (ажалға) иман келтірудің міндетті екеніне не дәлел бар?

100-сұрақ: Адамдарды күтіп тұратын қабір азабы немесе қабір рахаты мен қабірдегі сұрақ-жауап туралы Құранда қандай дәлелдер бар?

101-сұрақ: Адамдарды күтіп тұратын қабір азабы мен қабір рахаты, және қабірдегі сұрақ-жауап туралы қандай хадистер бар?

102-сұрақ: Адамдардың қайта тірілетін және қабірлерден шығатыны туралы қандай дәлелдер бар?

103-сұрақ: Қайта тірілуге сенбейтіндер туралы қандай үкім шығару керек?

104-сұрақ: Сұр үрленетініне не дәлел бар және Қиямет күні ол қанша рет үрленеді?

105-сұрақ: Адамдардың Қиямет күні жиналуы Құранда қалай суреттелген?

106-сұрақ: Қиямет күні адамдардың жиналуы Сүннетте қалай суреттелген?

107-сұрақ: Қиямет күні Сотты (әл-Мауқиф) күтіп тұрғандардың жағдайлары Құранда қалай суреттеледі?

108-сұрақ: Қиямет күні Сотты күтіп тұрғандардың жағдайлары Сүннетте қалай суреттеледі?

109-сұрақ: Адамдардың амал дәптерлерінің ұсынылуы мен есеп-қисап Құранда қалай суреттелген?

110-сұрақ: Адамдардың амал дәптерлерінің ұсынылуы мен есеп-қисап Сүннетте қалай суреттелген?

111-сұрақ: Құранда амал дәптерлерін жаю қалай суреттеледі?

112-сұрақ: Сүннетте амал дәптерлерін жаю қалай суреттеледі?

113-сұрақ: Қиямет күні Таразылар құрылатынына және өлшеу қалай жүргізілетініне Құранның қандай аяттары дәлел?

114-сұрақ. Қиямет күні Таразылар құрылатынына және өлшеу қалай жүргізілетініне қандай хадистер дәлел?

115-сұрақ: Құранда Сират көпірі туралы қандай дәлелдер бар?

116-сұрақ: Сират көпірі туралы Сүннетте қандай дәлелдер бар?

117-сұрақ: Қиямет күні бәріне тиісінше баға берілетіні туралы (әл-қисас) Құранда қандай дәлелдер бар?

118-сұрақ: Қиямет күні бәріне тиісінше баға берілетіні туралы Сүннетте қандай дәлелдер бар және қалай суреттеледі?

119-сұрақ: Құранда Кәусәр туралы қандай дәлел бар және Сүннетте ол қалай суреттелген?

120-сұрақ: Жәннәт пен тозаққа иман келтірудің дәлелі не?

121-сұрақ: Жәннәт пен тозаққа иман келтіру нені білдіреді?

122-сұрақ: Жәннәт пен тозақтың қазіргі кезде бар екеніне қандай дәлелдер бар?

123-сұрақ: Жәннәт пен тозақтың бар екені және олардың мәңгі болатыны, сондай-ақ ешуақытта жоғалып кетпейтіні жайлы қандай дәлелдер бар?

124-сұрақ: Мұсылмандар ана дүниеде өздерінің Аса Мархамет Етуші және Аса Жоғары Мәртебелі Аллаһын көретініне қандай дәлелдер бар?

125-сұрақ: Шапағатқа, оның кімнен болатынына, кімге болатынына және қашан болатынына сенудің дәлелі не?

126-сұрақ: Шапағаттың неше түрі бар және оның ұлығы қайсы?

127-сұрақ: Өз амалдарының нәтижесінде біреулер жәннәтқа кіре ала ма немесе тозақтан құтыла ала ма?

128-сұрақ: Аллаһ Тағаланың: «Және оларға: «Міне амалдарың себепті мұрагері болған жұмақтарың осы» делінген түрде дыбысталады» (Ағраф, 49), деген сөздеріне жоғарыда баяндалған хадис сәйкес келе ме?

129-сұрақ: Тағдырға бүтіндей иман келтірудің парыздығына не дәлел?

130-сұрақ: Тағдырға иман неше сатылы?

131-сұрақ: Бірінші саты – білімге иман келтіруге не дәлел?

132-сұрақ: Екінші саты – тағдырды Аллаһ Тағала жазып қойғанына иман келтіруге не дәлел?

133-сұрақ: Тағдырдың қанша түрі бұл сатыға кіреді?

134-сұрақ: Әуелден белгіленген тағдырға (әт-тақдирул-әзәли) не дәлелдер бар?

135-сұрақ: Әл-Мисақ күніндегі ғұмырлық бүкіл тағдырдың (әт-тақдирул-умри) дәлелі не?

136-сұрақ: Адамның бар өміріне бүтіндей байланысты және ұрықтың жатырға түскендегі алғашқы кезеңдеріне қатысты тағдыр туралы не дәлел бар?

137-сұрақ: Қадыр түніндегі келер жылға қатысты бір жылдық тағдырдың дәлелі не?

138-сұрақ: Әр күнге белгіленген тағдырдың бар екеніне не дәлел?

139-сұрақ: Бақыттылық пен бақытсыздық тағдырдан екенінің мәнісі не?

140-сұрақ: Аллаһ Тағаланың қалауына иман келтірудің парыздығына яки үшінші сатыға қандай дәлелдер бар?

141-сұрақ: Жоғары Мәртебелі Аллаһ Тағала Өзінің Кітабында ізгі амал жасаушыларды, тақуалар мен сабырлыларды сүйгенін білдіреді, бұл туралы Оның елшісінің және Оның сипаттарының мәнінен де білеміз. Ол иман келтіргендер мен ізгі амал жасаушыларға разы, Ол кәпірлер мен әділетсіздерді сүймейді, Ол құлдарының имансыздыққа түсуін қаламайды және арсыздықты ұнатпайды, бірақ осылардың барлығы Аллаһ Тағаланың қалауы мен Оның бұйрығы бойынша іске асып, егер Ол қалағанда еді, онда бұлар болмаған болар еді, өйткені Оның патшалығында Ол қаламаған нәрсенің ешқайсысы болмайды. Ендеше біреу: «Ол Өзі ұнатпайтын және Өзі разы болмайтын нәрселерді Ол қалайша ұнатып қалайды?»-десе, не деп жауап беруге болады?

142-сұрақ: Тағдырға иман келтірудің жаратуға байланысты төртінші сатысына қандай дәлелдер бар?

143-сұрақ: Барлық нәрсенің Жаратушысы – Аллаһ. Ендеше, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «...барлық жақсылық Сенің қолыңда, ал жамандық Сенен емес»-деген сөзін қалай түсінеміз?

144-сұрақ: Аллаһ Тағала құлдарының өз істерін орындауға күш-қуат, еркі бар ма?

145-сұрақ: Тағдырға иман келтіру дінімізде қандай орын алады?

146-сұрақ: Иманның неше тармағы бар?

147-сұрақ: Ғұламалар бұл тармақ-тарамдарға қандай түсінік берген?

148-сұрақ: Олардың түгендеп шыққан нәрселерінің қорытындыларын айт.

149-сұрақ: Игілік (ихсан) жасаудың қажеттігіне Құран мен Сүннетте қандай дәлелдер бар?

150-сұрақ: Құлшылық-ғибадатты өз дәрежесінде орындау (әл-ихсану фил-ибадат) дегеннің мәнісі не?

151-сұрақ: Иманның қарама-қарсысы не?

152-сұрақ: Сенімі бойынша имансыздық неліктен иманмен бүтіндей сиыспайды? Мұндай имансыздық не себептен иманның жойылуына әкеп соғатынын толығырақ қалай түсіндіруге болады?

153-сұрақ: Адамды дін шекарасынан тыс қалдыратын үлкен имансыздық (әл-куфрул-әкбар) неше бөлікке бөлінеді?

154-сұрақ: Надандық түрінде (жәһл) және жалған деп жариялау түрінде (тәкзиб) көрініс беретін имансыздық (куфр) деген не?

155-сұрақ: Мойындамау түрінде көрініс беретін имансыздық (жухуд) деген не?

156-сұрақ: Қасарып-қыңырлық және менмендік (жасау) түрінде көрініс беретін имансыздық (инад) деген не?

157-сұрақ: Екіжүзділік (нифақ) түрінде көрініс беретін имансыздық деген не?

158-сұрақ: Адамды дін шекарасынан шығарып тастамайтын, бірақ оның амалдарында көрініс беретін имансыздық деген не?

159-сұрақ: Амалдарда көрінген имансыздық жоғарыда кіші имансыздық деп аталған еді, ендеше пұттарға, яғни тау-тас, ағаштарға табыну, Құдайға менменси қарау, елшіні балағаттау, дінді мазақ ету секілді нәрселер адамды қалайша дін шекарасынан шығарады?

160-сұрақ: Әділетсіздік (зұлым), пасықтық (фисқ) және екіжүзділік (нифақ) секілді нәрселер қанша бөлікке бөлінеді?

161-сұрақ: Негізінде үлкен және кіші зұлымдықтың мысалы не болады?

162-сұрақ: Үлкен және кіші (пасықтыққа) не мысал бола алады?

163-сұрақ: Үлкен және кіші екіжүзділікке не нәрсе мысал бола алады?

164-сұрақ: Сиқыр мен сиқыршыларға қатысты шариғат үкімдері қандай?

165-сұрақ: «Нушра» деген не және ол туралы шариғат үкімдері қандай?

166-сұрақ: Шариғат заңдастырған және тиым салған дем салушылық не нәрсе?

167-сұрақ: Түрлі орындарда іліп қоятын тұмар, кәрі жілік, жүзік, жіп, таға, адыраспан секілді нәрселер туралы шариғаттың үкімі қандай?

168-сұрақ: Көріпкел-сәуегейлер (куһһан) туралы не айтуға болады?

169-сұрақ: Көріпкел-сәуегейге сенген адамның үкімі не?

170-сұрақ: Жұлдыз бойынша пал ашу туралы үкім қандай?

171-сұрақ: Аспандағы күн мен ай, жұлдыздардан жаңбыр сұрау туралы не айтуға болады?

172-сұрақ: Жаман ырымдарға сену және оның не нәрсе келтіретіні туралы не айтуға болады?

173-сұрақ: Көз тию туралы не айтуға болады?

174-сұрақ: Күнәлардың (маъаси) неше түрі бар?

175-сұрақ: Кіші күнәлар немен өтеледі?

176-сұрақ: Қандай күнәлар үлкен күнәлар түріне жатады?

177-сұрақ: Барлық кіші және үлкен күнәларды қалай жууға болады?

178-сұрақ: Шын ықыласты тәубе (әт-тәубәтун-насух) деген не?

179-сұрақ: Әрбір жеке адамның тәубесі қай уақытта қабылданбайды?

180-сұрақ: Бұл дүниедегі өмірде тәубенің қабылдануы қай уақытта тоқтатылады?

181-сұрақ: Үлкен күнәларды істеуде қасарысып жалғастырып жүріп өлген, таухидті мойындаған адам туралы не айтуға болады?

182-сұрақ: Әртүрлі күнәләр үшін шариғат бергіленген жазаларды қолдану сол күнәлардың жуылуы (кәффараты) бола ма?

183-сұрақ: Жоғарыда айтылған хадистегі Пайғамбарымыздың (с.а.с):

«...онда (оның тағдырын) Аллаһ Тағала Өзі шешеді, қаласа-кешіреді, қаласа-жазалайды»,-деген сөздерін бұдан бұрын айтылған «кімнің жаман істері жақсы амалдарынан ауыр келсе, ол тозаққа кіреді»,-деген сөздермен қалай сиыстыруға болады?

184-сұрақ: Аллаһ Тағала басқа жолдармен жүруге тиым салып, тек осы жолмен жүруге бұйырған тура жол (ассыротул-мустақийм) деген не?

185-сұрақ: Тура жолмен жүруге және одан ауытқымауға не нәрсе мүмкіндік береді?

186-сұрақ: Сүннеттің қарама-қарсысы не?

187-сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жанұясына және сахабаларына қандай қатынас жасау керек?

188-сұрақ: Тұтас алғанда сахабалардан ең қадірлілері кімдер?

189-сұрақ: Сахабалардан атап айтқанда ең абройлысы кім?

190-сұрақ: Аллаһ Тағаланың елшісінің өлімінен кейін халифат қанша уақыт өмір сүрді?

191-сұрақ: Бұл төртеуінің шын мәнінде әділ де шыншыл халифа болғандарына не дәлел бола алады?

192-сұрақ: Олардың алғашқы үшеуінің шын мәнінде әділ де шыншыл халифа болғанына қандай дәлелдер бар?

193-сұрақ: Әбу Бәкір (р.а.) Умар (р.а.) әділ де шыншыл халиф болғандығы туралы жалпы не айтуға болады?

194-сұрақ: Әбу Бәкірдің (р.а.) бірінші халифа болғанына не дәлел бар?

195-сұрақ: Әбу Бәкірден (р.а.) кейін заңды орынбасар Умар (р.а.) болуына қандай дәлелдер бар?

196-сұрақ: Әбу Бәкір (р.а.) және Умардан (р.а.) кейін заңды орынбасар Усман (р.а.) міндетті екеніне қандай дәлелдер бар?

197-сұрақ: Олардан кейінгі халифаттыққа Әлидің (р.а.) басым құқығы барекеніне қандай дәлелдер бар?

198-сұрақ: Шариғат мақұлдаған нәрселерге шақыру мен (шариғат) теріске шығарған (нәрселерден) қайтару міндеті кімнің мойнында және мұның қандай сатылары бар?

199-сұрақ: Аллаһ Тағалаға жақын адамдардың кереметтері (кәраматул әулия) туралы не айтуға болады?

200-сұрақ: Аллаһ Тағалаға жақын адамдар (әулие) қатарына кімдер жатады?



201-сұрақ: Пайғамбарымыз (с.а.с.): “Менің үмметімнен бір тайпа анық хақиқатты ұстанған болады және Аллаһ Тағаланың әмірі келгенше оған қарсы келушілер зарар жеткізе алмайды”, дегенде қандай тайпа туралы айтқан?
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет