Шектеулі тіркес табиғаты Асанхан Ә. П. 117-17 оқу тобының студенті Ғылыми жетекшісі: Пазылова А. С



Дата02.11.2019
өлшемі14,22 Kb.
#51012
Байланысты:
Шектеулі тіркес табиғаты
Лекция № 5. Ферменттік реакц. кинетикасы, 330871
Шектеулі тіркес табиғаты

Асанхан Ә.П. 117-17 оқу тобының студенті

Ғылыми жетекшісі: Пазылова А.С.-аға оқытушы

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті,Шымкент



Резюме

Сөз тіркесінің мағыналық дамуы нәтежиесінде атаулық сипат алуы – көнеден келе жатқан үрдіс.Тілде атаулық қызмет атқаратын тіркестердің ішінде жасалуы жағынан өзіндік заңдылығы бар тілдік топтар кездеседі. “Н.С.Валгина: бір сөздің бірнеше сөзбен тіркесуін лексикалық шектеулі тіркес деп,мағыналық үйлесімділікті сақтай отырып басқа сөздермен емін-еркін тіркесе алатын тілдік тұлғаларды шектеулі емес (еркін) тіркес деп қарастырады”[1,7].

Шектеулі тіркес тіліміздің сөзжасам саласының өнімді тәсілдерінің бірі.Құрамындағы сыңарлары кез-келген сөзбен тіркеспей,арнай бірнеше сөзбен ғана тіркесіп,номинативті қызмет атқарады.

Тілдік құбылыстардың ішінде әлі де болса табиғаты жете ашылмай жүрген шектеулі тіркестерге қатысты тіл мамандарының пікірлері де әр алуан.Олардың бір тобы мұндай тіркескен сөздер тобын күрделі сөз деп таныса,екінші бір зерттеушілер оларды еркін тіркеске жатқызады.Үшінші топ ғалымдар тіркескен сөздерді лексикаланған тіркес деп қарастырады.Күрделі сөз ретінде түркологияда ғалым Н.К.Дмитриев,Ф.А.Ганиев,А.Н.Кононов,Ю.Сеидовтардың еңбектерінде, оның басқа тілдік құбылыстардан ерекшелігі К.Аханов,А.Байтелиев, Ж.Шакенов сынды қазақ ғалымдарының еңбектерінде жүйелі түрде зерттелінді[1,6].



Профессор М.Балақаев:“Алдымен сөз тіркесін түгелдей номинативті деп қарау дұрыс емес.Ондай сөз тіркестері тек олардың жұмсалу орайында атқаратын қызметі тұрғысынан номинативті (атауыш) деп тануға болатындары бар”[2,31]-деп таза номинативті қызмет атқаратын тіркестерді сөз тіркесі қатырында қарауға болмайтынын дұрыс көрсеткен болатын.



Күрделі сөз ретінде туркологиядағалымН.К.Дмитриев,Ф.А.Ганиев,А.Н.Кононов,Ю.Сеидовтардың еңбектерінде, оның басқа тілдік құбылыстардан ерекшелігі К.Аханов,А.Байтелиев,Ж.Шакенов сынды қазақ ғалымдарының еңбектерінде жүйелі түрде зерттелінді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет