Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әнінің



Дата03.07.2018
өлшемі23,29 Kb.
#46223
Шәмші Қалдаяқовтың

«Менің Қазақстаным» әнінің

58 жылдығына және ҚР Мемлекеттік Әнұранының 9 жылдығына арналған

атты тарихи‑танымдық сазды

бағдарламасы


Сценарийдің авторы: Т.М. Құлмағамбетов
Араласаң халық та көп, ел де көп

Ардақтасаң ару да көп, ер де көп

Анаң біреу, Отан біреу дүниеде,

Екеу етіп жарата алмас жермен көк

Туған елді ана демей не дейін

Туған жерді пана демей не дейін

Сол арқылы асқақ менің ән‑жырым

Сол арқылы бейік менің мерейім

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспаен суарған

Бұл далада қолға ту алған

Бұл далаға жылап келіп, уанғам

Бұл даланы көріп алғаш қуанған

Бұл далад өскен жанда жоқ арман!

1.Сол жандардың бірі қазақтың аса көрнекті сазгері, ән жанырының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың озық шығармаларының бірі «Менің Қазақстаным!» әнінің биыл 58 жылдық және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны болғанына 9 жыл толуына арналған «Вальс падишасы» атты сазды бағдарламамызды бастаймыз.

«Қайықта» орындайтын: Шахимова Жамал Уразаковна.
2. Шәмші Қалдаяқов – күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Арыс өзенінің Сырдарияға құятын қойнауында, Сарыкөл деген шағын көл бар екен. Бұл жер қазір Шәуілдір селосы деп аталады. Міне, осы жерде 1931 жылы Шәмші ағамыз дүниеге келді. Әкесі қиссадағы ағамыз Жәмшид патша сияқты болсын деп атын Шәмші қойған екен. Періштенің құлағына шалынып Шәмші 25 жыл өткен соң Вальс падишасы атанды.

«Әнім сен едің» орындайтын: Жүкенова Төлеу Жүкенова


3. Шәмші атанып композиторлық атағы шыққан оның анасы қайта айықпайтын ауруға ұшырайды. Өзінің о дүниелік екенін сезген анасы Алматыдағы Шәмшіні шақыртады.

- Балам, мен өмірден жас кеттім демеймін, немере сүйіп, келін көруді құдай бұйыртпады. Тағдыр солай, қайтейін! Бір тілеуім – сен аман бол! Дүниеге келген әнің, айтылмай жатып үзілмесін, бақытты бол балам! – дейді. Ойланып қараса анасы оған әлемнің жарығын сыйлапты, даланың әр гүлін жинапты, өмірдің жаннатын сыйлапты, осы сәтте Шәмші анасы ең жақын адам екенін түсінеді.

Сонда ол былай дейді:

-Ана, мен сенің басыңа кесене ғимарат орнатам деп айта алмаймын, бірақ мен саған арнап әнімнің ең асылын,ең асылын, ең негізін арнап жазамын, ол ешқашанда ұмытылмайды. Шәмші өзінің сөзін 1961 жылы орындайды.

«Ана туралы жыр» орындайтын: Шахимова Жамал Оразақовна.

4. Шәмшінің атасы Домбы-кіші жүздегі Жетірудың Жағалбайлысынан еді. Домбы кезінде кедей болып, Ошақты Сүтпенбет байдың қол астында жұмыс істепті. Сол Сүтпенбет Домбыған мына сай қосылған айтыскер ақын, әнші болған кейін екеуінен атақты сазгер Шәмші дүниеге келді.

«Бәрінен де сен сұлу» орындайтын Рахмет Жұпар Анасовна.
5. Шәмші Қалдаяқовтың әсем әндерінің бірі «Ақ бантик» әнінің сөзі белгілі ақын Мұхтар Шаханов болатын.

Балауса қыз едің бір кезде

Шашыңа ақ бантик байлаған

Өзгеріп кетіпсің бұл күнде

Көркіңе көз тастап ойланам

Осынау «Ақ бантик» әніне еліктеп, бертін келе жерлестеріміз жазушы Әскен Нәбиев «Ақ бантик» деген әңгіме жазды.

Ән астарынан бозбала жас жігіттің бұл қызды ақ бантик байлаған кезінен білетіні оның аңғарылып тұрғандай еді. Алғашқы махаббат, жастық махаббат тұрғысынан қараған автор әңгімесінде жас жігіт пен жас қыхздың арасындағы тұңғыш рет туындаған махаббат шарықтауын паш еткісі келді.

Әскен Нәбиев «Ақ бантик» әңгімесіне арқау болған Шәмшінің «Ақ бантик» әніне жол береміз.

«Ақ бантик» орындайтын: Құлмағамбетов Талғат Мақтаевич.
6. Шәмші сазгер ретінде өзіндік ерекшелігі бар, сирек кездесетін талант иесі еді. Бір ғажабы оның қай әні болсын ойын-тойларда қосылар шырқауға аса қонымды, жүрекке жылы тиетін кереметтей әсерлі. Сол әндердің бірі «Бақыт құшағында»

Орындайтын: Еришова Баян Мизамбековна


7. Арқасы құрыстанып, біреудің күміс күлкісін көз алдына елестетіп, бір болып отырғанда, есік тықыр етіп ашылып, досы Қалаубек кіріп келді. Шу бойында Абылай ханның ұрпағы Жүсіпбек деген кісі бар. Сол сауап үшін жетім-жесірлер мен кембағал, кедейлерді қасына қоныстандырып, ала жаздай Шу арнасының тоғынан байлатып, бидай ектіріп қысы-жазы аң аулатып, ет жегізіп, ел жұртын қарық қылып отырады екен дейді. Әлгі жақсы хабар құлағына тиген Домбы Жүсіпбектің аулына көшіп келеді. Жүсіпбек Домбыраны адамгершілігіне тәнті болып, ауылдың шаруашылығын оған сеніп тапсырады.

Бір жылы ауылдасы шерәлі бай Домбыраға мата, киім‑кешек, қант‑шәй әкеп бер деп бар болғаны бір теңге береді.

Домбыра ештеңе деместен ала салады. Базардан келген Домбы ауыл адамдары беріп жіберген жүн, терілерінің бағасына қарай сатып әкелген заттарын үлестіріп шығады да, ең соңында өзіне телміріп отырған Шерәліге:

Шерекем берген бір теңге

Хан базарға барғанда

Есебі жоқ пұл болды,

Есебіне жете алмай

Ақылым айран дал болды.

Бір тиынға басшы алдым

Бір тиынға қосшы алдым,

Бір тиынға маиа алдым

Сырдың бойын адақтап

Саудагер мырза, атандым, ‑ дей келіп, сараң байдың бір теңгесін өзіне

ұстата салыпты.

Домбының адамгершілігіне риза болған Жүсіпбек немере қарындасы Сақыпжамалды Домбының баласы Қалдаяқ пен Сақыпжамал бір‑біріне


  • Есігіңді неге іліп отырмайсың? – дейді.

  • Несін ілем? – дейді. Шәмші төрдегі жалғыз палас, бұрыштағы үстел, және әр жерде шашылып жатқан газеттер мен кітаптарды нұсқап.

  • Мыналарды алам деушіге, оны әуре қылмай, өзім‑ақ апарып берер едім, ‑ дейді Шәмші. Мен саған сырымды айтайыншы.

  • Менің арқам құрастанса, мен бір ән келе жатқанын сеземін. Мен әнді бірақ күнде жазамын, екінші күні өзімнің жүрегіме жақын оқиғаға өлең жаз деп беремін, үшінші күні дайын өлеңді орындаушыға беремін. Бірақ жаңа туған әр әннен кейін, өзімді 60 тонна тас тасығандай сезінемін, бойымнан әлім кетіп, кей кездері өз атымды ұмытып қалумен, күйзеліп жүремін. Менің бұл сырымды былайғы жұрт біле бермейді. Осындай әсем әндер жазып жүрген ақынның ішкі сырын естіген ҚАЛАУБЕК ДОСЫН НЕ ДЕП ЖҰБАТАРЫН БІЛМЕЙ ТҰРЫП ҚАЛДЫ.

Кешікпей келем деп ең әні осылай туындады.

«Кешікпей келем деп ең» орындаған: Сұлтанова Роза Тимуровна.

8. Ән де адам секілді өз тағдырымен туады. Деген рас сөз. Егер тамылжытып айтатын шын әншісі табылса қандай жақсы ән болмасын, оп‑оңай қор болады. Бұл 1963 жыл болатын. Шәмші ол кезде Қызылорда облыстық Халық шығармашылығы үйінде бастық еді. Бір күні обком хатшысы Жарқымбеков Қаржаубек сол кісіге ән би ансамблін құруды тапсырды. Шәмшіні шақырыңдар, сыр бойына арнап ән жазсын – дейді Қаржаубек.

«Сыр сұлу» әні осылайша жазылды.

«Сыр сұлу» орындайтын: Рахмет Жұпар Анасовна.
9. Шәмші бір сөзінде былай деген:

‑ Мен ажарлы әйелді көрсем болды, сол сәтте күйіп жанып, махаббат отына түсетін едім де, лап етіп тез сөнетінмін. Бұл ісіме өзім күініп менде махаббат жоқ деп ойлайтынмын. Сөйтіп жүргенде Сағыныш деген қызға ғашық болады. Сағыныштық айтқаны Сен ғашық адамсың. Сен бар дүниеге, анау ақбас Алатауға, мына сылдырап аққан суға, мөлдіреп тұрған аспанға, әйтпесе сен осындай тамаша ән шығара алмайсың. Өйткені махаббат сезімі тастанда бері, оттанда ыстық. Шәмшінің творчествасында әйел тақырыбы туралы өлеңдер аз емес соның бір «Дүнген қызы».

«Дүнген қызы» орындайтын: Абдильдин Еркебұлан.
10. Шәмшінің достары көп болған. Олардың ішінде композиторлар: Илья Жақанов. Садық Мұхамеджанов, Эбілахат Еспаев, Нұрғиса Тілендиев сияқты ағалар. Адамдар жүрегімен орын тапқан әуеннің қашанда өмірі ұзақ. Біз, мұны, Біржанжы, Ақанды, Естайды, Мұхитты бәрінеде еске ала отырып сезінеміз. Шәмшінің Менің Қазақстаным Ақ Маңдайлым, Арыс Жағасында, Сыр сұлуы, Қуаныш вальсі, Теріскей, Отырардағы той т.б. әндерінің өмір сөз жоқ ұзақ, қазақ халқымен жасайтыны даусыз. Шәмшінің әндерінің қай ұрпаққа да берері мол. Тек қана жүрекпен ұғып, жүрекпен айтай білейік.

«Қайдасын» орындаған: Жүкенова Төлеу Жүкенова.


11. Шәмші өз әндерінің қалай жазылғанын айтып жүретін бірақта Арыс жағасының әнін қалай жазылғанын айтқан емес. Бір күні жазушы Оразбек Бодықов осыны сұрады Шәмші сәл жымыйып біраз ойланып былай дейді: Маған бір күні қара торы жігіт жолықты да былай деді; Екеуміз де бір өзеннің бойында туыппыз, бір өзеннің суын ішіппіз мен осында нақ сүйіктімді ең сұлуымды тауыппын Шәмші деген атыңыз бар қалайша сізге бір сұлу жолықпады. Неге олай дейсің? Деді Шәмші менің қиялыма ен сұлу осы жерде туды.

Олай болса неге әндеріңіздің ішінде Арыс жоқ, неге ерке өзеннің сұлулықтарын ән етпедіңіз? – дейді әлгі жігіт.



  • Ой әлгі жігіт не деп кетті? – деді қысымдағылар.

  • Ол менің дәл ауырып тұрған жерімнен түртіп кетті – деді Шәмші. Осылайша «Арыс жағасында» әнінің жазылуына әлгі қара‑торы жігіт себеп болды.

«Арыс жағасында» орындаған: Құлмағамбетов Талғат Мактаевич.
12. «Сыған қызы», ‑ сахыналық қойылым.

Шәмші – Абдильдин Еркебұлан

Изольда – Китанова Айнур

«Ән‑аға, немесе Шәмшіге арнау» орындайтын: Еришова Баян Мизамбековна.


13. 50 – ші жылдардың ортасы. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны жүріп жатты.

Қазақстанның 5 – солтүстік облыстарын біріктіріп Целинный край қылып Ресей жаққа бермекші болып жүрген еді. Сөйтіп, қазақ жері бөлшектегелі жатқанда, оның асқақтығын жырлайтын әнұран керек тігін Шәмші сезеді. Консерваториялық досы ақын Жұмекен Нәжімеденов екеуінің туындысы Менің Қазақстаным әні дүниеге келді. 1986 жылдың желтоқсанында Алматыдағы Республика алаңында қазақ жастары Менің Қазақстаным әнін шырқап айтып шығады. 2005 жылдан Менің Қазақстаным туындысы ҚР мемлекеттік әнұраны болып бекітілді.



Биыл бүкіл Қазақстан қауымы Шәмшінің Менің қазақстаным әнінің 58 жылдығын, ҚР мемлекеттік әнұранының 9 жылдығын қошеметпен атап өтуде.
ҚР мемлекеттік Әнұраны (магниттік таспа)
Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет