Шешендік өнер хрестоматия



бет1/2
Дата08.12.2016
өлшемі0,78 Mb.
  1   2

ШЕШЕНДІК

ӨНЕР

хрестоматия

4




МАЗМҰНЫ


Ұлттық шешендік өнер туралы түсінік .......................................... 3-4

От ауызды, орақ тілді батыр – билер ................................................... 5-6



Шешендік және сөз мәдениеті

Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы ................................ 7

Шешенге қойылатын талаптар .............................................................. 8

Шешендік өнер және көркем әдебиет .................................................. 9

Қазіргі шешендіктің түрлері ................................................................. 10

Күміс көмей, темір жақ шешендер

Асанқайғы би-шешен ............................................................................ 11-12

Жиренше шешен .................................................................................... 13

Төле бидің даналығы ............................................................................. 14

Қаздауысты Қазыбек би мен Әйтеке би-шешен ................................. 15-17

Сырым батыр – әрі шешен, әрі би ........................................................ 18



Шешендік сөз – ауыз әдебиетінің қайнар бұлағы

«Түгел сөздің – түбі бір» ....................................................................... 19

Темірғали шешеннің жұбатуы .............................................................. 20

Қара Дос пен Маман би ......................................................................... 21-22

Бұқар жыраудың толғауы ..................................................................... 23

Көкірек таза болмаса .............................................................................. 24

Шоқан мен Саққұлақ шешен ................................................................. 25

Аттары аңызға айналған уәзірлер ........................................................ 26-27

Ғылым артық па, мал артық па? ........................................................... 28

Сөз тапқанға қолқа жоқ.......................................................................... 29

Бала би мен Сырым ................................................................................ 30

Сырымның сыннан өтуі ......................................................................... 31

Қорытынды ............................................................................................. 32


Пайдаланылған

әдебиеттер


1. Адамбаев Б. Шешендік өнер Алматы 1984ж. 
2. Қазақ Әдебиетінің тарихы І-том. Алматы 1962ж. 
3. Қазақ әдебиетінің тарихы ІІІ-том. Алматы «Ғылым»
4. Қазақ халқының ауыз әдебиеті 1-кітап Алматы 97 ж
5. Шешендік сөздер жинағы Алматы 2000 ж. 
6.Қосымша материалдар 

Құрастырған:

Жамбыл Жабаев атындағы № 15 Қарсақбай

орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

Қамбарова Айгерім Әбікенқызы


АЛҒЫ СӨЗ

«Шешендік өнер» хрестоматиясындағы материалдар негізінен оқушының өз бетінше оқуына арналады. Сондай-ақ «Ұлттық шешендік өнер туралы түсінік»,

«Шешендік және сөз мәдениеті», «Күміс көмей, темір жақ шешендер», « Шешендік сөз – ауыз әдебиетінің қайнар бұлағы» деген тараулардан тұрады. Хрестоматияда тек би, шешендер жайлы мағлұмат алып қана қоймай, олардың қара қылды қақ жарған әділдігіне куә бола отырып, адам ойы, логикасы, психологиясы, философиясының біріккен биігі – сөз өнері шыңы екеніне тағы да көз жеткізесіңдер. Шешендік өнер – өзінің нақты зерттеу нысанасы, белгіленген теориясы, сандаған жылдардан бергі тарихы бар пәндердің бірі. Шешендік өнерді меңгеру, азамат болып өсудің алды. Бұл жолда қажет кезде өз ойларыңды асқан сабырмен, дәлелдер мен дәйектер келтіре отырып, дәлелдеуге, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шығаруға, сөздеріңді мақал-мәтелдермен, нақыл сөздермен өрнектеуге дағдыланасыңдар. Қосымша құралдағы мәтіндер балалардың ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын арттырып, тілін ұстартуға, білімін толықтыруға септігін тигізеді деп ойлаймын. Бұл білім сөйлеу этикасын жетілдіру, тілді әлеуметтік қызметіне қарай жұмсай білу, өз пікірін жеткізу, сендірумен бірге сөз арқылы оқыту, тәрбиелеу мақсаттарын қояды. Пікірлесе алу, ой сала білу, пікірталастыра білу адамның білімін, білігін, сөз байлығын танытумен бірге қоғамдағы орнын да анықтайды. Қоғамның осындай талаптарына сай сөйлесе білу, пікірлесу мәдениетінің негіздерін үйренуіміз керек. Оқушының әрбір шешендік сөздерді дұрыс оқып, тиісті қорытынды жасай алуына ата-аналар да көмектескені абзал. Жалпы, бұл қосымша құрал оқушының кітап оқуға құштарлық сезімі мен би-шешендердің сөздерін түсініп оқу қабілетін қалыптастырып, тиянақты білім алуға көмегін тигізеді деген сенімдеміз. Шешендік өнерді меңгеру үшін тек бір кітапты оқып, тапсырмаларды орындаумен ғана шектелмей, қосымша әдебиеттерден, теледидар, радио құралдарын, баспасөз құралдарынан кеңірек пайдалану қажет. «Шешендік өнер» хрестоматиясы сендердің серіктерің болуға тиіс.


Ұлттық шешендік өнер туралы түсінік
Бізге жеткен деректерге сүйене отырып, қазақтың шешендік өнерінің атасы – Жиренше деп айтуға болады. Қазақ шешендік өнерінің биіктеген кезеңі XVII-XVIII ғасырлар. Демосфен, Цицерон адвокат әрі парламент мүшесі болған. Ал қазақтың аты аңызға айналған шешендері – Төле, Қазыбек, Әйтеке билер. Би-халықтың көкейіндегісін айтқан, көкірегіндегісін жарыққа шығарған шырағы, әділет айтушысы. Би – табиғи дарын, асылтекті ақыл, алыстан болжайтын көсем, тілінен бал тамған шешен. Шешендік сөздің дамуына үлес қосқан Бұқар, Мұрат, Дулат, Шөже, Шернияз, Шал, Қазтуған сынды ақын – жыраулардың шығармаларында кестелі сөз, оралымды ой мол кездеседі. Қазақ шешендік өнерін үш кезеңге бөліп қарауға болады:

  1. XI-XII ғ – Майқы би, Аяз би

  2. XIV-XVI ғ – Асанқайғы, Жиренше

  3. XVIII ғ – Төле, Қазыбек, Әйтеке билер

Қазақтың шешендік өнері туралы пікір айтқандар – Ш.Уәлиханов, А. Құнанбаевтар. Шешендік сөздің табиғаты туралы еңбек жазғандар – А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, М.Ғабдуллин, Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиев, Ә.Мәметова, Х.Досмағамбетовтер. Ал соңғы кезде шешендік сөздерді жинап, зерттеп, танытуға үлес қосқандар – Б.Адамбаев, С.Садырбаев, С.Қасқабасов, Ш.Ыбырев, С.Негімовтер. Әбіш Кекілбаев: «Бірі бастап берген әңгімені екіншісі қостай жөнелгенде, тоты құстың қауырсынындай құлпырып, аяқ астынан ажарланып жүре беруші еді. Сол үшеуінің аузының дуасындай бірлік бергенде, қазақтың жұлдызы қалай-қалай жарқырар еді. Қандай қиын түйінде де Әйтеке бауыздап, Қазыбек ұшалап, Төле мүшелеп берер еді. Қандай қиқар дау кезінде Әйтеке айтқанда құлақ аспасқа, Қазыбек айтқанда қоштамасқа, Төле айтқанда «төресі осы» деп жығыла кетпеске жағдайы жоқ-ты. «Әйтеке жарып, Қазыбек қазып, Төле тауып айтады» деген сөз осыдан қалған екен. Үш арысты қазақ сөйлетіп қойып, қақаған қаңтарда арқар сорпасын ішкендей босанып,тал бойы түгел еріп, балбырап отырар еді-ау?». Қазақ әдебиеті, мәдениеті көшпелі тұрмысқа байланысты ауызша жеткеніне қарай шешендік өнер де ауызша таралып дамыған. Қазақ шешендерінің сөздері де ауызекі айтылып, ауызша таралған, қағазда емес, халық есіңде сақталған. Қазақ даласына саяхат жасаған ғалымдар, саяхатшылар қазақ тілі, мәдениетінің тереңдігі мен сан-салалығына таңдай қағып, таңданып, таным шексіздігін мойындаған жазбаларды да білеміз. Қазақ халқында шешендік өнердің дамуы елдің саяси өмірімен байланысты. Ел аңыздары мен кейінгі жұртқа жеткен үлгілі сөздерінен қазақтың шешендік сөздері Әз Жәнібек хан тұсынан бастап айтылады. Тәуке ханның тұсында қазақтың алғашқы «Жеті жарғы» әдет-ғұрып, қарым-қатынас заңы жазылған. Қазақ халқы үшін аузы дуалы би-шешендердің орны ерекше. Оның басты себебі қоғамдық құрылымға қатысты. Жұрт ішіндегі істің барлығы ата жолы, ұлт әдеті бойынша атқарылатын рулық қоғамдағы тұрмыстық, шаруашылық тізгіні ел ағасының, ауыл ақсақалының қолында болды. Көптің ісі көсемнің бір ауыз сөзінен шешілген жерде сөздің де сөзі керек екені белгілі. 3

Қазақ ауыз әдебиетінің айрықша жанрының бірі – шешендік сөздер. Шешендік өнер –ақындық, жыраулық, жыршылық айтыс секілді қазақ әдебиетінің өзіндік ерекшелігін көрсететін негізгі жанрларының бірі.


«Шешендік өнер» (грекше – риторика) деген ұғым «шешен сөйлеу» дегенді білдіреді, әу баста латын тілінен алынған «шешендік өнер» термині «әдемі,сенімді сөйлей білу қабілеті» деген мағынада жұмсалады.

Шешендік сөз дегеніміз – ел ішіндегі өткір ойшылдардың, билер мен ел ағаларының тауып айтқан дуалы, өнегелі қасиетті сөздері.
Шешендер – ұлттық салт-дәстүрлерін жетік білетін, тарихқа, халық шежіресіне жетік, сауатты да білімді, ең бастысы, ойын көркем де, ұтымды айта білетін адамдар.
Шешендік өнер үш нәрсеге негізделеді:

1) табиғи дарын, тума талант;

2) жан-жақты білім;

3) тынымсыз еңбек, жүйелі жаттығу. Әдетте шешендік өнер айтыс-дауларда дамиды. Жүйрік ойлы, жүйелі сөздерді құйма құлақ талапты жастар, өнер қуған балалар жаттап алып, жүрген жерлерінде, ойын- жиындарда айтып жүрген. Оны зерттеп, талдау, оқып-үйрену, ана тіліміздің байлығын, сөйлем құрылысын, дұрыс сөйлеу заңын жетік білуімізге, әдеби тілімізді дамытып, ой-өрісімізді кеңейтуге себепші болған.


Шешендік сөздер мазмұнына қарай: шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау деп үш тарауға бөлінеді.
Шешендік сөздерді құрылысына қарай: термелі сөз, пернелі сөз деп екіге бөлуге болады. Негізінде, халық даналығынан туған мұра, халықтың асыл қазынасы. Шешендік сөздердің шеберлігі, құндылығы сөз сайысында, алқа топтың алдында бағаланған. Әр халықтың ана тілі-оның бақыты, қуанышы. Тіл дамытудың негізгі қайнар көзі-ең алдымен ана сүтімен бастау алса, әсіресе халық ауыз әдебиетін оқумен, шешендік сөздер оқумен жалғасын табады. Қазақ халқының ауыз әдебиеті, соның ішінде дәстүрлі шешендік сөздері, міне сондай халық сақтаған, халық өңдеуінен өткен құнды мұралардың, асыл қазыналардың бірі болып табылады.
Шешендік арнау- бір адамға арнайы айтылған сәлем, сын, әзіл, бата.

Шешендік толғау – шешендік нақыл, мақал, мысал, жұмбақ, жауап.

Шешендік дау – заттық, рухани мәселелерді зерттейтін әдет заңы.

Шешендік сөздердің құндылығы шындығы мен тапқырлығы.

Шешендік сөздер терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылады.


4

От ауызды, орақ тілді батыр – билер



Жәнібек батыр
(1714-1792)
Тарихта Жәнібек батыр екеу: бірі-Қошқарұлы, екіншісі-Бердәулетұлы. Сөз болғалы отырған Жәнібек –сол екеуінің біріншісі. Шақшақтан Көшей, Көшейден Қошқар, Қошқардан Жәнібек туады. Жәнібек ел аузындағы аңыз-әңгімелерде, көбіне Шақшақұлы деп те аталады, шындығында Шақшақ – Жәнібектің үшінші атасы. Жәнібек батыр тек ел аузындағы аңыз-жырда ғана емес, тарихи жазба деректерде де жауынгер батыр, дарынды қолбасы дәрежесінде көрінеді. Жәнібек – әрі шешен, ділмар болған кісі. Аңыз-әңгімелерде, шешендік сөздерде оның есімі әрқашан белгілі шешен билермен бірге аталады. Әнеттің Кеңгірбаймен арадағы бір мал дауында Жәнібек батыр: «жылқымда жылжыған жорға, жылмиған жүйрік және майдан жортпайтын мес бар. Солардың көзі қайтсын, басқаларының ізі қайтса,ризамын» –дейді.


Ағыбай батыр

(1802-1885)


Халық Ағыбайдың батырлығын, ақылын, тапқырлығын, көрегендігін жоғары бағалаған. Ел аузында оның көзі өткір, жітілігі, жершілдігі, сапарда жолы болғыш, жұмыста тындырымдылығы аңыз түрінде көп айтылады. Ағыбай батырлығымен бірге шешен болған. Ағыбайды күндеп кейбір әлді ауылдастары : «Ағыбайда не тұр, ол да кісі, бізде кісі. Біз сияқты алдында айдаған малы да жоқ...» дейді екен. Бір күні әлгі байлардың жылқысына жау тиіп, жылқышыларын,өздерін сойылға жығып, жылқыларын айдап әкетеді. Жаудан беті қайтқан байлар жылап батырға келеді. Ағыбай батырдың белдеуден аты, белінен қылышы кетпейді екен, дереу атына міне салып, ұрыларды қуып жетіп, шетінен ұрып жығып, аулының жылқысын жаудан айырып алады. Малды ауылға айдап келіп тұрып:

Мал да кісі, байда кісі,

Соның бәрі жайда кісі.

Есін білмес ерді күндер,



Жау келгенде қайда кісі?!- дейді батыр. Ағыбайды сыртынан ғайбаттайтын бай ағайындары жерге қарапты. 5
Олжабай батыр

Олжабай- қазақ жерін жоңғар-қалмақ басқыншыларынан азат ету күресінде елге ерлігімен танылған батыр, қолбасы. Шыққан жері-орта жүз. Олжабай кезінде Абылайдың қолбасы батыры болғанымен, ханның кейбір саясатын қолдамаған, кейде қарсы шыққан. Бекболат пен Едіге бастаған бүкіл бес Мейрамның баласы көтеріліп – Абылай

ханның ордасын шабуға аттанғанда жеті жүз кісілік қолды бастап барған Олжабай батыр Абылайға былай дейді:

Абылай деген ханым ең,

Бұл орта жүз ішінде

Лаулап оттай жанып ең

Батыр болсаң басында,

Төле бидің түйесін

Сонда неғып бағып ең?

Қалмақпенен соғысып

Қолға түсіп қалғанда

Ажыратып алып ем....- дейді.





Байғозы батыр
(1691-1769)
Байғозының әкесі Наймантай да даңқты батыр болған, қазақтың үш жүзін біріктіріп, оған бауырлас қарақалпақ, қырғызды қосып, орталығы Түркістан ұлы хандық құрған әз Тәуке ханның белгілі қолбасыларының бірі, жоңғар-қалмақ шапқыншыларына қарсы талай қырғын соғыстарға қатысқан, балаларын, солардың ішінде Байғозы батырды ерлікке, елін қорғауға бастап баулыған аға батыр. Байғозы Қанжығалы Бөгенбай батырға жиен екен, ат жалын тартып мінген соң, нағашы атасына сәлем беруге барса «Өзіңе лайық ат таңдап ал!» - деп, Байғозының алдынан мың жарым жылқысын айдап өткізеді.

– Мұнда мен мінетін ат жоққой,- дейді Байғозы. Нағашы атасы тағы да бір айғыр үйір жылқыны өрістен алдырады. Соның ішінен Байғозы бір торы тайға құрық салады. Байғозы ерлігімен ел көзіне ерте түссе керек. Бұхарда болған үш күнге созылған ұзақ қырғын соғыстан кейін қолын дем алуға алып шыққан қолбасы түнгі күзетке кім шығады десе, ешкім ықылас білдіре қоймапты. Сонда Байғозы қолбасыға:



  • Түнгі күзетке мен шығамын, әскеріңізбен алаңсыз дем ала беріңіз! -депті. Ертесіне риза болған қарт қолбасы «Менен кейін қолды сен баста!» - деп батасын беріпті.

6
Шешендік және сөз мәдениеті

Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы

Сөйлеу әдебі
Сөйлегенде мынандай нәрселер ескерілуі тиіс:

1. Орфоэпия заңдылықтарын сақтап, сөзді орынды қолдану.

2. Қолды сермеуге, қатты күлуге, мәнсіз майысуға, аса қатты сөйлеуге немесе

міңгірлеуге болмайды.

3. Өзің туралы айта беру, барлық сөзді өзіңнен бастау – әдепсіздік, білмейтін

нәрсе туралы айтудың қажеті жоқ.                               

4. Қатты сөйлеп тұрған адамға қатты жауап берудің қажеті жоқ, байыппен сөйлеу

керек.   


Сөз туралы халық даналығы :
        Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер.

        Бір жылы сөз бітірер, мың көңілдің жарасын.

        Сөз қадірін білмеген, өз қадірін білмейді.

        Сәлемі жараспағанның, сөзі де жараспайды.

        Сөйлей білмеген кісіден үре білген ит артық.

        Сөйлей білмес жаманның – cөзі өтпес бір пышақ.

     Сөз білетін адамның   әр сөзіне бір тұсақ.
Көпшілік алдында сөйлейтін сөздің құрылымы ойдың дами беруінің ішкі заңдылықтарын ескере отырып жасалатын бірнеше бөліктің бірлігінен тұрады.Мазмұны тұтас бір сөздің бөлшектерін құрайтындықтан, олардың орналасуын анықтау автордың өз еркінде.Сөз құрылымы кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерден тұрады. Көпшілік алдында сөйлей білу үшін қандай талаптар қойылады? 


  • Тапқырлық – ойда-жоқта сөз тауып кететін шешен, тілге бай болу керек. 

  • Батылдық – «ойымды жеткізе алам ба, жоқ па?» дегендей қорқақсоқтық емес, мүдірмес жүректілік керек. 

  • Сабырлық – ештеңеден саспайтын, өз-өзіне, ойының нақты екеніне көз жеткізетіндей салмақтылық, тыңдарманның психологиясын білу керек. 

  • Сенім – менің ойым тыңдарманға қажет, мен ойымды жеткізе аламын деген ой болу керек. 

  • Интонация – тыңдарманның көңілін аударатындай дауыс ырғағы болу керек. 

  • Эмоциялық бірлік – тыңдаушыларға көңіл бөле, көз тастап, жылы жүзбен, жұмсақ дауыспен сөйлеу керек. 

  • Ойы жүйелі – сөйлегенде ойың тыңдаушыларды жалықтыратындай шашыраңқы емес, жинақы, бір-бірімен байланысқан жүйелі болу керек. 

  • Сөз қолданысы - сөздерді орнымен қолдану деген сөз. 



7

Шешенге қойылатын талаптар

Шешендік өнердегі ең негізгі-шешеннің өзі. Шешеннің сөзі – монологтардың бірі. Бұның өзі іскерлік, ғылыми, көркем стилінде болуы мүмкін. Шешенге қойылатын талаптар – қабілет-қарымын, білім-білігін шығармашылықпен байланыстыра алуында. Шешенге төмендегідей талаптар қойылады. Белгілі бір тақырып бойынша білім жинау:



  • қажетті әдебиеттер іріктеу;

  • жинақталған әдебиеттерді оқып игеру;

  • жоспар жасау;

  • сөздің жазбаша мәтінін әзірлеу;

  • аудиториямен жұмыс істей білу;

  • уақытты дұрыс пайдалана алу;

  • тыңдаушылар сұрақтарына жауап беру;

  • қазіргі техника құралдарын қолдана білу.


Шешен – терең білімді, ақпаратты игеруші әрі оны талдап, тыңдаушыға қажеттісін, сұранысына қарай талқылап жеткізуші. Ендеше шешеннің аудиторияның талап-талғамына сай материалды жинақтап әрі соны жеткізу өнеруіне төселуі керек. Сондай-ақ:

  • дауыс күші-жағымды дауыс;

  • сөз арасындағы екпін, кідірістің дұрыс қойылуы;

  • ым-ишараны орнымен қолдана алуы;

  • өзін-өзі әдепті ұстай білуі де шешеннің тыңдаушылармен арасын жалғастырады. Осы аталған ерекшеліктерді толығымен игеру еңбекті, төзімділікті, ақылды, білімді қажет етеді.

Шешен – тақырып таңдау, тақырыпқа қажет материалдар, тақырыпты аша білу, стиль, дауыс ырғағы, психологиялық дайындау, аудиториямен байланыс, қосымша құралдарды дұрыс пайдалану. Осындағы ерекшеліктерді игере білумен бірге шешеннің тілдік қоры мол, жан-жақты білімді, ұтымды пікір, ойға тоқтай алатын, шыншыл, ізденгіштік қасиеттері болса, кез келген аудиторияны игере алары сөзсіз.
Қарсыласына тойтарыс беру шарттары мен тәсілдері

Қарсыласқа тойтарыс берудің шарттары, тәсілдері:

1. Сұрақтың дұрыс қойылуы.

2. Логикалық заңдардың басшылыққа алынуы.

3. Ойды баяндау тәсілдерінің ұтымды қолданылуы.

4. Ой тығырығына тіреу амалдарын ойластыру.

5. Логикалық қателіктер жібермеу.

Қарсыласқа тойтарыс берудің ұтымды тәсілдері ретінде оның ойын жоққа шығару, тұжырымын сынау, өз сөзімен өзін ұру, сұрақпен төпелеу аталады.Психологиялық қыспаққа алуда әзіл, сықақ, мысқылды қолдану қажет.

8

Шешендік өнер және көркем әдебиет

Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің күрделі де көркем бір саласы болып табылады. Қазақтың дәстүрлі шешендік сөздерін: шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау деп шартты түрде үшке бөлуге болады. Шешендік арнауға біреуге арнап айтылған шешендік сын, сәлем, бата-тілек, алғыс, естірту, көңіл айту сөздер, шешендік толғауға жалпы жұртқа арналған өсиет-насихат, өнеге мысал, мақал-нақыл сөздер жатады. Ал шешендік дау жерге, жесірге талас, мал-мүлік дауы, өмір-ождан қорғау мәселелеріне байланысты туған шешендік-тапқырлық сөздерді қамтиды. Мазмұны халыққа таныс, құрылысы қалыптасқан терең ойлы,көркем тілді жүйелі, үлгілі сөздер ғана шешендік сөз бола алады. Шешендік – кез келген нақтылы бір нәрсе туралы шебер сөйлеу өнері және сонымен ол туралы өзгелерді өз пікіріне ойыстыру деген сөз. Ең алдымен, халық шешендігі-түгел сөз емес, тұтас сөздің түйіні, бір түйір дәні. Оның үстіне ондаған, жүздеген адамның өңдеуінен өтіп, халық арасына кең таралып «қанатты сөзге» айналып кеткен сөздер. Халық шешендігінің тілі ұста, көлемі қысқа, мазмұны айқын келеді, даналық мақал-мәтелге, нақыл-мысалға бай болады. Шешендік сөздер- өзінің сөздік қоры, грамматикалық құрамы жағынан әдеби тілімізге жақын жанр. Шынайы шешендік қиялдан тумайды, өмірлік оқиғалардан, табиғи құбылыстардан туады, көп жылдық тәжірибе мен сан рет қайталау арқылы сыннан өтіп, халық мойындаған қағидаға, даусыз ақиқатқа айналады. Оның үстіне әр дәуірдің, әр түрлі сөз шеберлерінің талғамынан,толғауынан өтіп,шешендік сөз «тілге жеңіл, жүрекке жылы» тиетін сүйкімді үн мен ырғаққа ие болады. Мазмұны терең, тілі көркем, ақылға қонымды, сезімге әсерлі сөз ғана шешендік сөз немесе аталы сөз деп аталады. Қазақ тарихынан белгілі батыр-билердің, ақын-жазушылардың акталы, үлгілі сөздерден үйренбеген, үлгі алмағаны жоқ. Әдеби мұрасы бізге ауызша жеткен Бұхар жырау мен Махамбет ақынды айтпағанда, қолжазбалары, кітаптары сақталған Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев шығармаларының өзінде шешендік сөздердің ықпалы, әсері байқалады. Ыбырай Алтынсарин ақындық, шешендік өнерді қуған жоқ. Бірақ оның ғибраттық өлеңдерінде, әңгімелерінде, аудармаларында, қазақтың мақал, нақыл сөздерін табу, шешендік сөздердің ықпалын, кейбір нұсқаларын байқау қиын емес. Қазақ халқының тіл байлығын, әсіресе ақындық, шешендік өнерін жетік білген және білгенін өзінің шығармаларында шебер қолданған ақын-Абай Құнанбаев. Шешендік сөздерге тән мақал-мәтел,нақыл,ақыл сөздер Абайдың қай өлеңінен болса да табылады. Халық ауыз әдебиетінде мұндай ақылды, ақын, шешен арулар бейнесі аз емес. «Қозы Көрпеш-Баян сұлудағы» Мақпал мен Күнікей, «Қыз Жібектегі» Аналық, «Қобыландыдағы» Қыз Құртқа, «Ер Тарғындағы» Ақжүніс, Қарашаш сұлу, ақын Сара – міне, сондай шешен арулар болатын. Шешендік өнердің үлгісін тек әдеби шығармалардан ғана емес, сын мақалалардан, ғылыми еңбектерден, баяндама мен дәрістерден де көп ұштастырамыз.

9

Қазіргі шешендіктің түрлері

Қазіргі шешендік сөздер мақсатына, мазмұнына, сөйлеу шарттарына қарай

бес топқа бөлінеді.
1. Әлеуметтік-саяси шешендік сөздер. Бұларға осы тақырыптарға

жасалатын баяндамалар, сөйленетін сөздер, митинг, конференция, съезд

сессияларда айтылатын сөздер, хабарламалар, радио, теледидардан ауызша

жүргізілетін саяси-әлеуметтік шолулар жатады.


2. Академиялық шешендік. Бұл топты жоғары оқу орындарында оқылатын

лекциялар, ғылыми баяндамалар, хабарламалар, шолулар құрайды.


3. Сот ісінде қолданылатын шешендік сөздерге прокурордың айыптау сөзі,

әлеуметтік айыптаушылар мен қорғаушылардың сөздері, адвокаттың сөзі,

айыпкерлердің қорғану сөзі.
4. Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөздерге мерейтойларда, салтанатты

дастарқан басында, қабір басында көпшілік алдында айтылатын сөздер

жатады.
5. Діни қызметте жұмсалатын шешендік (уағыз). Бұл топтағы шешендік

сөздер қазақ топырағында енді-енді дәстүрге айналып келеді. Оған уағыз,

иман сөздері жатады.
Шешендік сөздерде айтушы мен тыңдаушыны жалғастыратын құралдар

сан алуан. Шешендік сөздер мен шешендік өнер қазақтың мәдени дүниесінде

дәстүрі мол, болашағы зор әлеуметтік құбылыс болып танылады.

Шешендік сөздердің кез келгенінде жалпылама қолданылатын сөздердің

үлесі мол, сондықтан олардағы стильдік нормалар да қатып қалған жүйеде

көрінбейді, керісінше олар араласып та келеді. Дегенмен, шешендік

сөздердің әр түрінің негізін құрайтын тілдік сипаттар болады. Бұл сипаттар

бірыңғай стилистік бояулар жүйесіне тірек болады.

Шешендік сөздердің арасында өзара тығыз байланыстылық бар, олардың

шекаралары да қозғалмалы сипатта келеді. Мысалы, академиялық шешендік

пен әлеуметтік-саяси шешендіктің арасында көбіне ақырыптық ортақтық жиі

кезедеседі. Мәселен, халықтың әлеуметтік жағдайы ресми баяндамаға да,

лекцяиға да өзек бола алады.

Таным мен білімнің, рухани дүниені дамыту мен адамгершілік қасиеттерді

қалыптастырудың, адамзатты ізгілікке, қайырымдылыққа үндеудің тәрбиелеудің құралы ретінде қызмет ететін шешендік сөздердің шынайы үлгілері қашан да біздің тарихымыздың, қоғам мен мәдениетіміздің дамуының айнасы іспетті болып қала бермек.

10

Күміс көмей, темір жақ шешендер



Асанқайғы би-шешен

(XIV соңы – XV басы)



Асан қайғы ХV ғ. екінші жартысында Алтын Орданың ыдырау дәуірінде өмір сүрген. Қалың бұқараның қамын жеп, елінің болашағын ойлап, үнемі қайғы-мұңға батып жүргендіктен, халық оны «Асан қайғы» деп атап кеткен. Ол алдымен Сарайда, кейін Қазанда Ұлұғ- Мұхамедтің ықпалды билерінің бірі болған, кейін Дешті Қыпшаққа (қазақ даласына) қайтып оралып, Жәнібек, Керей хандардың ақылшы биі болған. Асанды Ш.Уалиханов «көшпенділер философы» деп атаған.Тарихтағы Асан бейнесін аңыз мұнары басқан. Оның өмірі туралы бізге жеткен деректер тым аз

Каталог: uploads -> doc -> 0b2a
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b2a -> Тлесова Балзия Нуржаубаевна
0b2a -> Атты күзгі думан кеші 2014 – 2015 оқу жылы Ақтөбе облысы Байғанин ауданы
0b2a -> Күні: 24. 04. 2015ж Пән мұғалімі: Р. Еленова 2014-2015 оқу жылы Мақсаты: Білімділігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет