Шетелдегі және еліміздегі ғылым және технологиялардағы қызықты оқиғалар


Руандада метан электрстансалары іске қосылды



бет5/27
Дата13.12.2016
өлшемі2,67 Mb.
#3734
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

Руандада метан электрстансалары іске қосылды







Киву көлі сыртынан қарағанда басқа кез келген көлдерден еш ерекшеленбейді: жанында таулар, күн жарқырап тұр, ағаштар және жалпы барлығы өте әсем және тамаша. Бірақ көл түбінде барлық аймақты уландыратын және атқылау жағдайында қауіпті салдарларға әкелетін өте үлкен метан кең орны табылады


Бұрын осылай болатын, 1984 жылы метан шығарындыларынан 27 адам қаза тапты, тура осындай қайғылы оқиға екі жылдан кейін Камерунда өтті, 1 700 адамның өмірін алып кетті.

Руанда үкіметі ел тұрғындарына улы және өте қауіпті Киву көлін пайда әкеле алатын энергияның сенімді көздеріне айналдыра алатынына үмітті. Көлден шығарылатын метанда жұмыс істейтін электрстансаларын ашу улы газдың қайталама шығарындыларының ықтималдығын төмендетуге мүмкіндік береді.

KivuWatt жобасы 2014 жылы басталды, мердігер болып американдық ContourGlobal компаниясы шықты. Киву көліндегі метан өндіру жүйесінде үйреншікті бұрғылаудан айырмашылығы бар – мұнда оны көлден тікелей метанды және көмірқышқыл газын вакуумдау жолымен алады. Қазіргі уақытта американдықтар 2019 жылға дейін орнатуды жоспарлайтын үш өндіруші блоктармен әлі де жұмыс істейді. Руанда ContourGlobal-мен тұрғызылған бірінші электр стансасы Кибуе қаласының маңында орналасқан. Соңғы бес жылда ол 26 мегаватт шығарды, бірақ елімізде әлі күнге дейін электр көзінің жетіспеушілігі байқалады – қазір оған елдің үштен бір бөлігі ғана қолжетімді.

Жоба аяқталғаннан кейін руандықтардың 70% астамы электрэнергиясын пайдалану мүмкіндігіне ие болады. Бай емес ел үшін метан электрстансасы – бұл ақшаны үнемдеуге көмектесетін, сондай-ақ елдің электрстансаларының көпшілігі жұмыс істейтін дәстүрлі пайдаланылатын «кір» отын пайызын төмендетуге мүмкіндік беретін табыс.


Дереккөз: http://hi-news.ru/technology/v-ruande-zapushhena-metanovaya-elektrostanciya.html





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет