Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру



бет1/6
Дата31.12.2019
өлшемі60,44 Kb.
#55312
  1   2   3   4   5   6





Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2016 жылғы 24 қарашадағы № 11-1-2/555 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 1100 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 15 желтоқсанда № 14531 болып тіркелді


      РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бірлескен бұйрық 01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі

       "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-1) тармақшасына сәйкес
БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса берілген Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидалары бекітілсін.


      2. "Қазақстан Республикасының визаларын беру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушысының 2013 жылғы 5 наурыздағы № 08-1-1-1/71 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылы 7 наурыздағы № 175 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8407 болып тіркелген, 2013 жылғы 18 мамырдағы № 129 (28068) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.


      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:


      1) осы бірлескен бұйрықтың заңнамада көрсетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;


      2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялауға жіберуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;


      3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.


      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары М.Б. Тілеубердіге және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тұрғымбаевқа жүктелсін.


      5. Осы бірлескен бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.



Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушы
____________Е.Ашықбаев










Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
_____________Қ.Қасымов






      "Келісілген"



      Қазақстан Республикасы



      Білім және ғылым министрі



      __________________Е. Сағадиев



      2016 жылғы 8 желтоқсанда



      "Келісілген"



      Қазақстан Республикасы



      Денсаулық сақтау және



      әлеуметтік даму министрі



      __________________Т. Дүйсенова



      2016 жылғы 6 желтоқсанда



      "Келісілген"



      Қазақстан Республикасы



      Дін істері және азаматтық қоғам министрі



      __________________Н. Ермекбаев



      2016 жылғы 9 желтоқсанда



       "Келісілген"



      Қазақстан Республикасы



      Инвестициялар және даму министрі



      __________________Ж. Қасымбек



      2016 жылғы 5 желтоқсанда



      "Келісілген"



      Қазақстан Республикасы



      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы



      __________________К. Мәсімов



      2016 жылғы 30 қараша


 

Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушысының
2016 жылғы 24 қарашадағы
№ 11-1-2/555

 

және Қазақстан Республикасы

 

Ішкі істер министрінің

 

2016 жылғы 28 қарашадағы
№ 1100 бірлескен бұйрығымен
бекітілген

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне
шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының
визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу
мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер




      1. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – Көші-қон туралы заң) сәйкес әзірленді, және шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың (бұдан әрі – виза алушылар) Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту тәртібін анықтайды.


      2. Егер, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда осы Қағидаларда қарастырылғаннан өзге қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың нормалары қолданылады.


      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:


      1) азаматтығы жоқ адам – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын және өзінің басқа мемлекеттің азаматы болып табылатыны туралы дәлелі жоқ адам;


      2) бизнес - көшіп келушілер – Көші-қон туралы заңға сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілер;


      3) бұрынғы отандас – Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған және шетелде тұрақты тұратын адам;


      4) "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Бүркіт" БАЖ) – виза алушылардың Қазақстан Республикасына келуін-кетуін және болуын бақылау бойынша біріздендірілген ақпараттық жүйе;


      5) вербалды нота – шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының, дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің, соның ішінде виза алушыларды шақыру және визалар беру мақсатында берген жазбаша өтініштері;


      6) визалық көші-қон порталы (бұдан әрі – ВКП) – көші-қон процестерімен байланысты құжаттарды ресімдеуді автоматтандыруға арналған портал (www.vmp.gov.kz);


      7) діни қызмет – діндарлардың діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет;


      8) келуге және кетуге берілетін рұқсат (бұдан әрі – виза) – осыған уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының көшіп-қонушының паспортындағы немесе оны ауыстыратын құжатындағы визада белгіленген мерзімге, мақсатына және шартына сай Қазақстан Республикасының аумағына келуге, оның аумағы арқылы өтуге, онда болуға және Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге құқық беретін белгі;


      9) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің нұсқауы (бұдан әрі – ҚР СІМ нұсқауы) – нақты міндеттерді шешу мақсатында және Қазақстан Республикасы Президенті Әкiмшiлiгiнiң және/немесе Үкiметінің тапсырмаларына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, ұйымдарының және шет елдердегі мекемелерінің, шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының, дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдар мен олардың өкілдіктерінің жазбаша өтінішітерінің негізінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде (бұдан әрі – ҚР СІМ) және оның шет елдердегі мекемелерінде шақыруларды қабылдау және келісу, визаларды беру, күшін жою, қалпына келтіру, қолданылу мерзімдерін ұзарту немесе қысқартуды жүзеге асыру туралы Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің басшыларымен, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаменті директорымен, директорының орынбасарларымен және паспорттық-визалық басқармасы басшысымен жедел шешім қабылдау үшін қабылданған жазбаша түрде ресімделген тапсырмалары;


      10) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерi (бұдан әрі – ҚР шет елдердегі мекемелері) – Қазақстан Республикасының шет елдерде орналасқан дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктері, сондай-ақ консулдық мекемелерi;


      11) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бөлімшелері (бұдан әрі – ҚР ІІМ) – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі департаменттерінің көші-қон полияциясы бөлімшелері;


      12) ҚР ІIМ нұсқауы (бұдан әрі – ҚР ІІМ нұсқауы) – нақты міндеттерді шешу мақсатында және Қазақстан Республикасы Президенті Әкiмшiлiгiнiң және/немесе Үкiметінің тапсырмаларына, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің, мемлекеттік органдардың және ұйымдардың жазбаша өтінішітері негізінде шақыруларды ресімдеу, визаларды беру, күшін жою, қалпына келтіру, ұзарту, қолданылу мерзімдерін ұзарту немесе қысқартуды жүзеге асыру туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы департаменті бастығымен (бастығының орынбасарларымен) жедел шешім қабылдау үшін қабылданған жазбаша түрде ресімделген тапсырмалары;


      13) қолдаухат – шақырушы тараптың, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасына келуге ниеті бар виза алушылардың жазбаша өтініштері;


      14) маусымдық шетелдік жұмыскерлер – климат немесе өзге де табиғи жағдайларға байланысты белгілі бір кезең (маусым) ішінде, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімде, атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс берушілермен жұмысқа тартатын көшіп келушілер;


      15) миссионерлік қызмет – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктердің атынан Қазақстан Республикасының аумағында діни ілімді таратуға бағытталған қызметі;


      16) өз бетінше жұмысқа орналасуға арналған біліктілік туралы анықтама (бұдан әрі – біліктілік сәйкестігі туралы анықтама) – Қазақстан Республикасында экономиканың басым салаларында сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік талаптары мен білім деңгейіне сәйкес келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган анықтаған тәртіппен берілетін "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген нысандағы құжат (экономикалық қызмет түрлеріндегі);


      17) тұрақты тұруға арналған рұқсат – Көші-қон туралы заңмен белгіленген талаптар сақталған кезде көшіп келушілерге ҚР ІІМ беретін және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұру құқығын беретін құжат;


      18) уәкілетті қызметкер – қолдаухатты келісуге және визаларға қол қоюға құқығы бар ҚР шет елдердегі мекемелерінің, ҚР СІМ және ҚР ІІМ қызметкерлері;


      19) форс-мажорлық жағдайлар – төтенше және болмай қоймайтын жағдайлар салдарынан туындайтын еңсерілмейтін күш оқиғалары (дүлей апаттар, әскери әрекеттер және басқа да ұқсас жағдайлар);


      20) халықаралық өзара түсіністік қағидаты – екі мемлекеттің азаматтары үшін визаларды ресімдеу кезінде тең жағдайлар ұсыну;


      21) халықаралық ұйым – мемлекетаралық немесе үкіметаралық ұйым;


      22) шақырушы тарап – виза алушылардың Қазақстан Республикасына/нан келуіне/кетуіне жәрдемдесетін Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары, облыстық әкімдердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аппараттары, шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволары, дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері, консулдық мекемелері, халықаралық ұйымдар және олардың өкілдіктері, сонымен қатар Қазақстан Республикасында тіркелген жеке және заңды тұлғалар;


      23) шетелден шақыру туралы құжаттар (бұдан әрі – шақыру) – Қазақстан Республикасына жеке істер бойынша келуге ҚР ІІМ берген шақыру, не болмаса виза алушыларға Қазақстан Республикасының визаларын беру туралы ҚР ІІМ-мен келісілген шақырушы тараптың қолдаухаты немесе вербалды нота;


      24) шетелдік – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын және өзінің басқа мемлекеттің азаматы болып табылатындығы туралы дәлелі бар адам;


      25) этникалық қазақ – шетелде тұрақты тұратын ұлты қазақ (олардың ұлттық тиесілігін растайтын құжаттары болған кезде) шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.


      4. Визаның санаты, алушы, мәртелігі, қолданылу мерзімі, Қазақстан Республикасының аумағында болу кезеңі мен беру негіздері осы Қағидалардың 1-қосымшасына (бұдан әрі – 1-нысан) сәйкес анықталады.


      5. Виза бір мәртелі және көп мәртелі болады.


      Бір мәртелі визалар виза алушыға визада белгіленген мерзімге, мақсатқа және талапқа сәйкес Қазақстан Республикасына бір мәрте кіруге, оның аумағы арқылы өтуге, онда болуға және Қазақстан Республикасынан шығуға құқық береді.


      Көп мәртелі визалар виза алушыға визада белгіленген мерзімге, мақсатқа және талапқа сәйкес Қазақстан Республикасына көп мәрте кіруге, оның аумағы арқылы өтуге, онда болуға және Қазақстан Республикасынан шығуға құқық береді.


      Қазақстан Республикасы аумағынан кетуге арналған визалар виза алушыға визада белгіленген мерзімге және талапқа сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында болуына және Қазақстан Республикасынан шығуға құқық береді.


      6. Қазақстан Республикасының визалық жапсырмасын толтыру осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес жүргізіледі.


      Визаларда түзетуге жол берілмейді. Түзетілген визалар жарамсыз болып саналады.


      7. Визалардың орнына жүретін құжаттар мыналар:


      1) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдар мен олардың өкілдіктерінің басшыларына, персонал мүшелеріне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне ҚР СІМ берген аккредиттеу куәлігі;


      2) "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен көзделген нысанға сәйкес шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында тұруына ыхтиярхаты;


      3) "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен көзделген нысанға сәйкес азаматтығы жоқ адамның куәлігі;


      4) "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасы Кодексімен көзделген нысанға сәйкес шетелдікті Қазақстан Республикасынан шығарып жіберу туралы соттың қаулысы;


      5) "Босқындар туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен көзделген нысанға сәйкес босқынның жол жүру құжаты.


      8. Осы Қағидаларда қарастырылғаннан басқа халықаралық өзара түсіністік қағидатын ескере отырып, Қазақстан Республикасында болу мерзімі Қазақстан Республикасының азаматтарының болу мемлекетінде болу мерзімінен аспайтын ұзақ мерзімді визалар берілуі және виза ресімдеу мерзімі ұзақ уақыт болуы мүмкін.

2-тарау. Виза алушылардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларды ресімдеу, шақыруларды келісу тәртібі




      9. Қазақстан Республикасына жеке істер бойынша келуге шақыру болжамды келу күніне бір жылдан ерте емес және екі аптадан кешіктірілмей беріледі.


      Қолдаухат немесе вербалды нота виза алушының Қазақстан Республикасына болжамды келу күніне күнтізбелік 90 күннен ерте емес және екі аптадан кешіктірілмей беріледі.


      Шақыруды қарастыру мерзімі, осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, өтініш білдірген күннен бастап 5 жұмыс күнінен аспауы тиіс.


      ҚР ІІМ және ҚР СІМ нұсқауы бойынша шақыру құжаттары қысқа мерзімде қабылданады және өңделеді.


      10. Шақыруды ресімдеу үшін шақырушы тарап осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан (бұдан әрі – 2-нысан) бойынша кестені қоса отырып вербалды нотаны ҚР СІМ-ге ұсынады.


      11. Шақыруды ресімдеу үшін шақырушы тарап тіркелген орны бойынша келесі құжаттарды ҚР ІІМ-ге ұсынады:


      1) Қазақстан Республикасына жеке сапар бойынша келуге шақыру ресімдеу үшін:


      жеке басты куәландыратын құжат;


      өтініш-сауалнама;


      мемлекеттік бажды төлегенін растайтын төлем құжаты.


      2) заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің қолдаухатын келісу үшін:


      2-нысанға сәйкес екі данада толтырылған кесте;


      мемлекеттік бажды төлегенін растайтын төлем құжаты.


      3) шақыруды ресімдеуге ағымдағы жылы алғашқы рет өтініш білдірген заңды тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлер келесі құжаттарды ұсынады:


      заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі;


      заңды тұлға жарғысының немесе патенттің көшірмесі;


      заңды тұлғаның өз өкілін құжаттарды тапсыру үшін тағайындау туралы бұйрығы немесе сенімхаты;


      директорлар кеңесінің мүшесін шақыруға қолдаухат өткізуші қабылдаушы тарап – директорлар кеңесінің мүшесі болып сайлану туралы жалпы акционерлер жиналысы хаттамасының көшірмесі;


      шетелдік туристерді шақыруға қолдаухат өткізуші қабылдаушы тарап – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары берген туроператорлық қызмет лицензиясы немесе туристік агенттердің Мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмесі;


      виза алушыны білім алу мақсатында шақыруға қолдаухат өткізуші қабылдаушы тарап – Қазақстан Республикасының білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті органы берген білім саласындағы қызметі туралы лицензия және (немесе) лицензияның қосымшасы;


      виза алушыны емделуге, медициналық тексеруге немесе консультациялар үшін шақыруға қолдаухат өткізуші қабылдаушы тарап – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органының медициналық қызметке берген лицензиясы;


      12. Сұратылған визаның санатына қарай қосымша ұсынылады:


      1) инвесторлар үшін – Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі уәкілетті органының қолдаухаты;


      2) іскерлік сапарға арналған көп мәртелі визаны ресімдеу үшін – шарттың немесе келісімшарттың көшірмесі (этникалық қазақтар, бұрынғы отандастар және осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес, визаларды ресімдеу кезінде шақыруды міндетті түрде көрсетуден босатылатын экономикасы дамыған, саяси және көші-қоны тұрақты мемлекеттердің (бұдан әрі – мемлекеттер тізімі) азаматтарынан басқа);


      3) діни іс-шараларға қатысу немесе миссионерлік қызметті жүзеге асыру үшін – діни қызмет саласын жүзеге асыратын уәкілетті органдағы мекеменің жазбаша келісімі;


      4) Қазақстан Республикасының аумағындағы түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдарға бару үшін – ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесінің жазбаша келісімі;


      5) Қазақстан Республикасының азаматтарын асырап алу үшін – Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының жазбаша келісімі;


      6) еңбек қызметін жүзеге асыру үшін, соның ішінде маусымдық шетелдік жұмыскерлер үшін – шақырушы тарапқа шетелдік жұмыс күшін тартуға берген анықтамасы, не шетелдікке берген жұмыс күшін тарту анықтамасы, не болмаса Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе халықаралық шарттарға сәйкес виза алушыға мұндай рұқсат талап етілмейтіндігі туралы құжаттар;


      7) биснес-көшіп келушілерге – Қазақстан Республикасының облысының, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының қолдаухаты;


      8) оқу практикасынан немесе тағылымдамадан өту үшін – Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының қолдаухаты немесе Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген компаниялар мен мекемелердің ҚР СІМ-мен келісілген қолдаухаты;


      9) гуманитарлық уәждер бойынша – Қазақстан Республикасында аккредитациядан өткенін растайтын халықаралық ұйымның немесе оның өкілдігінің құжаты, немесе гуманитарлық көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық шарты бар болғанда, болу елінің заңнамасына сәйкес ресми түрде тіркелген шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымның (қор) құжаттары;


      10) білім алу үшін – Қазақстан Республикасының оқу мекемесінің немесе Қазақстан Республикасының білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті органының қолдаухаты;


      11) жақын туыстарын күтіп-бағу үшін – медициналық мекемелерде емделіп жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары, немесе Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын виза алушылар үшін – Қазақстан Республикасында орналасқан медициналық мекеме берген тұрақты күтіп-бағу қажеттілігі туралы құжаттары, сондай-ақ туыстық дәрежесін растайтын құжаттар.


      13. Қолдаухатты қарастыру кезінде ҚР ІІМ-мен тексеріледі:


      1) ұсынылған құжаттарға сәйкес сұратылған сапардың мақсатының, визаның мәртелігінің, қолданылу мерзімінің және оны беру орнының сәйкестігі. Визаны беру орны виза алушының азаматтығына тиесілі елге және (немесе) тұрғылықты жеріне қатысты консулдық округке сәйкес анықталады. ҚР СІМ қызмет көрсететін консулдық округтерін көрсете отырып ҚР шет елдердегі мекемелерінің тізімін ҚР ІІМ-ге береді;


      2) "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 7) және 10)-тармақшаларына сәйкес шетелдікке Қазақстан Республикасына кіруіне бас тарту негіздерінің болуы;


      3) шақырушы тарапқа осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген шақыруды ресімдеуден бас тарту негіздерінің болуы.


      Егер сұратылған сапар мақсаты, визаның мәртелігі, қолданылу мерзімі немесе визаны беру орны қоса берілген құжаттармен расталмаса, немесе бас тартуға негіздер болса, шақырушы тарапқа қолдаухат бас тарту себептері жазбаша көрсетіліп қайтарылады.


      14. Шақыру туралы құжаттар ресімделеді:


      1) ҚР ІІМ уәкілетті қызметкерінің қолымен куәландырылған және мөрмен бекітілген Қазақстан Республикасына жеке істер бойынша келуге шақыруды беру жолымен;


      2) заңды тұлғаның қолдаухатының бірінші данасына ҚР ІІМ уәкілетті қызметкерінің қолымен куәландырылған және мөрмен бекітілген келісу нөмерін қою жолымен. Қолдаухаттың екінші данасы мен қоса берілген құжаттар ҚР ІІМ іс номенклатурасына тігіледі.


      Номері мен келісу күні туралы ақпарат "Бүркіт" БАЖ-ға енгізіледі.


      15. Бұрын Қазақстан Республикасының шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңдарын және көші-қон заңнамаларын шақырылған шетелдіктермен сақталуын қамтамасыз етпеген шақырушы тараптың Қазақстан Республикасына шетелдіктерді шақыру жөніндегі қолдаухаттары қаралмайды.


      16. Шақыру құжаттарын ресімдеуді немесе оларды ресімдеуден бас тарту туралы шешімді Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҚР ҰҚК) келіскеннен кейін, ҚР ІІМ немесе ҚР СІМ уәкілетті қызметкері қабылдайды.


      ҚР ҰҚК-мен келісу "Бүркіт" БАЖ-ды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.


      ҚР ҰҚК қолдаухатты келісуді 3 жұмыс күнге дейінгі мерзімде қамтамасыз етеді. Шақыруларды ресімдеудің негіздерін неғұрлым мұқият зерделеу қажет болған жағдайда, ҚР ҰҚК органдарының жазбаша сұрауы бойынша көрсетілген мерзім 30 күнтізбелік күнге дейін ұзартылуы мүмкін.



3-тарау. Қазақстан Республикасының визаларын беру


Каталог: assets -> files
files -> Рабочая программа дисциплины дв3 История сервиса
files -> 4. История фармации. Фармация в период Возрождения и Нового времени
files -> Юсупова алия 16 лет. Академия художественной гимнастики Ирины Винер, г. Москва
files -> Жоспардың мазмұНЫ
files -> Аудан әкімінің 2013 жылдың қорытындылары бойынша аудан тұрғындарымен есепті кездесуінде сөйлеген сөзі
files -> Екібастұз қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы Екібастұз қаласы Мазмұны
files -> Гост 10922-90: Арматурные и закладные изделия сварные, соединения сварные арматуры и закладных изделий железобетонных конструкций
files -> Алуштинський мв гу держтехногенбезпеки в ар крим
files -> “Party political communication II political public relations”. Перевод – Тугуши Ольга


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет