Шығармаға сатылай кешенді талдау Ғ. Мүсірепов. «Жаңа достар»



Дата10.02.2020
өлшемі15,6 Kb.
#57565
Байланысты:
дд


Шығармаға сатылай кешенді талдау

Ғ.Мүсірепов. «Жаңа достар» әңгімесі.

1.Авторы: Ғ.Мүсірепов. 1902 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында кедей шаруаның семьясында туған. Өз аулында ескіше оқып, хат таныған 14 жасар Ғабит 1916 жылы Обаған деген жердегі нағашыларының көмегімен орыс мектебіне оқуға түседі, бұл мектепті бітірісімен Пресногорьковтағы екінші басқыш орыс мектебінде оқып, жеті жылдық мектептің көлемінде білім алады. Ақын әйгілі жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері,"Кездеспей кеткен бір бейне" кітабы үшін 1968 жыл Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды, қазақстан Академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығын (1977) алды, 3 мәрте Ленин (1962, 1972, 1974), 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту (1957), “Халықтар достығы” (1982) ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.

2.Тақырыбы-Барлық оқиғалар бас қаһарман Қайроштың көзімен көрініп, көзқарасымен беріледі. Баяндаудың бұл тәсілі кейіпкерлердің портретін «ішкі жағынан» көрсетіп жасауда ұтымдылық танытқан. Лирикалық шегіністер, толқынды толғаныстар адам жанын жан-жақты ашып көрсетуге таптырмас табыстарға жетелеген. Романның басындағы он жасар бала мен соңындағы өмірдің не бір қия соқпақтарынан өткен сақа жігіттің өмірге деген көзқарастарындағы жер мен көктей айырма даму үстінде шебер көрсетілген. Романды ажарландырып тұрған тағы бір өрнек – Ғ. Мүсіреповтің шығармашылығына тән жеңіл әзіл мен ащы мысқыл. Юмор мен сатира жау жақтың іс-әрекеттерін бейнелегенде жиі қолданылған. «Қазақ солдаты» романында соғыс шындығы реалистік шыншылдықпен бейнеленген.

3.Жанр түрі-шағын көлемді эпикалық жанр түрі-әңгіме. Әңгіме дегеніміз- көлемі шағын, әдеби дүние. Оқушысын тез тапқыш, өткір, икемді, сүйкімді жанр.

4.Идеясы- автор тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде,оны өз көзқарасы, дүниетанымы арқылы бейнелейді. Шын дос – таусылмас қазына.

5.Шығарманың композициялық құрлысы-сюжеттік дамудың кезең-кезеңдерін тәртіпке салып реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын ой бірлігі.Шығарманың композициялық бөлімі бес кезеңнен тұрады.

5.1.Сюжеттің басталуы-әңгіменің кіріспесі іспетті, әдеби қаһармандар өзара қарым-қатынасқа көшпес бұрынғы хал- жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар суреттеледі. Қайроштың ауылдан кетуі.

5.2.Сюжеттің байланыс-адамдар арасындағы әрекеттің басы, тартыстың басталуы іспетті шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі секілді. Қайроштың қалаға келуі, Шеген мен Борашқа кездесуі,танысуы.

5.3.Шиеленісуі- оқиғаның адамдар арасындағы әрекеттің шиеленісіп,ширығуы.Достыққа апарар жолда.

5.4.Шарықтау шегі- сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы, адамдар арасындағы қимыл-әрекеттің күшейіп өрбіп жеткен жері, драмалық тартыстың өрістеп шыққан биігі.Қаланың қызықтары мен шыжықтары.

5.5.Шығарманың шешімі- суреттердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған «үкімі» Адамдар арасындағы қарама-қарсы тайталастардың, күрделі күрестердің бітуі, түрліше тағдырлар тартысынан туған нақты нәтиже оқиғаға қатысушылардың ең ақырғы хал-күйі, күллі құбылыстың соңғы сахнасы. Мария апайдың мейірімділігі, ана аманаты.

6.Шығармадағы кейіпкерлер бейнесі:

Қайрош


Бораш

Шеген


7.Портрет.

а) Шеген - сұлу, сұңғақ денелі,бұлшық еттері болаттай, күнге күйген, тобылғы торы



8.Мінездеме

Қайрош – білімге құштар, ақкөңіл, адал, қайратты, ақылды, мейірімді, жанашыр



9.Мақал-мәтелдер

Өлімнен ұят күшті

Қарға баласын аппағым дейді

10.Тұрақты тіркестер:

Жау жүрек, шегіңді қатыратын, құлағына құйып жатыр, екі көзі алақандай болу



11.Диалект сөздер

Қасқа, үгіршіктер, қорада



12.Жер-су аттары

Гурьев, Каспий, Сарытау, Ақ Жайық.



13. Түйіні, тәрбиелік мәні: адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. 

14.Әдеби-теориялық ұғымдар

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет