Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Ақши ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары


Ақши ауылының орталығында салынған жаңа үй (коттедж)



бет5/5
Дата08.06.2018
өлшемі4 Mb.
#41852
1   2   3   4   5

Ақши ауылының орталығында салынған жаңа үй (коттедж)






  1. Кіріспе

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Ақши ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары онда тұратын және оған жақын тұрған ауылдардың тұрғындарына қолайлы жағдайлар туғызуды қамтамасыз ету мақсатында жасалды. Ақши ауылдық округі Қарағанды-Боғас тас жолы бойында солтүстікке қарай 2 км жерде орналасқан.

Ақши ауылдық округі аудан орталығынан 50 км, облыс орталығынан 360 км қашықтықта орналасқан. Ақши ауылдық округі екі елді мекеннен тұрады: Ақши ауылы және Ақтүбек елді мекені. Жалпы халық саны – 829 адам. Акқши ауылының орталығында – 735 адам, Ақтүбек елді мекенінде – 94 адам тұрады.

Ауылдық округтің негізгі бағыты: мал шаруашылығы, дала шаруашылығы және ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен айналысады.

Ақши ауылдық округінің маңайында 18 км қашықтықта Ақтүбек елді мекені 94 тұрғынымен орналасқан. Ақтүбек елді мекені Ақши ауылымен экономикалық тығыз байланыста. Құнарлы егістік жерлер мен жайылымдық жердің болуы ауыл экономикасының өсуіне септігін тигізеді. Ауыл экономикасының негізгі саласы ауылшаруашылық бағыттағы ұсақ шаруа қожалықтар, оның ішінде мал шаруашылығы мен егін шаруашылығының дамуы болып есептеледі.

Ауылдық округінің транспорттық кешенінің дамуы автомобильдік жол қатынасы арқылы дамиды.

Ауыл округінің даму потенциалы әлеуметтік-экономикалық дамудың нақты секторы ретінде және де әлеуметтік шеңбері және инфрақұрылымдық кешені ретінде салмақты серпінділігімен сипатталады.

КДЖ инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, өнімдерді өткізу рыноктары мен елді мекендерге көлік қатынасын жақсарту, мемлекеттік және коммерциялық қызмет көрсету орталықтарын құру, халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған шараларды іске асыруды көздейді.

Округтің жалпы ауданы – 90320 га жерді қамтиды.

Жұмыс істеп тұрған мекемелер мен кәсіпорындар саны - 9 (Ақши ауылдық округінің аппараты, орта мектеп, ауылдық клуб, кітапхана, дәрігерлік амбулатория, пошта бөлімшесі, «ШҚ АЭК» АҚ электригі, «Аягөз ауданының ветеринариялық қызметі» КМК-ы, АТС.)

Әлеуметтік сала бойынша Ақши ауылдық округінде Ақши ауыл орталығында жаңа үлгідегі 180 орындық мектеп ғимараты, осының ішінен 70 орындық интернат пен шағын орталық жұмыс істейді. Дәрігерлік амбулатория, ауылдық клуб және кітапхана жұмыс істейді.

Қызмет көрсету сала бойынша пошта бөлімшесі, АТС, 2– азық-түлік дүкені, 3-киім-кешек дүкені, 2–наубайхана, тойхана, қоғамдық монша, мал сою алаңы ауыл тұрғындарына қызмет көрсетеді.

Инфрақұрылым кешені бойынша Ақши ауылдық округінің Ақши ауыл орталығына орталық су құбыр жүйесі тартылған. Жалпы ұзындығы – 8 км.

Ауылдық округ аумағында электр, ұялы байланыс және сандық, спутникті байланыс жүйесімен қамтамасыз етілген.


2. Талдау

2.1 Ауылдық округтің экономикасы және ауылшаруашылығы
Ауылшаруашылық саласы бойынша

Ауылдық округ бойынша 62–шаруа қожалығы, 3–ауылшаруашылық өндірістік кооперативі, 9–жеке кәсіпкер жұмыс істейді.

Ауылшаруашылық саласында дала шаруашылығы мен мал шаруашылығы қатар дамыған. Округтің ауылшаруашылық жерлері 90 320 га құрайды. Ауылда мал шаруашылығының дамуына осы салаға бөлініп жатқан қаржылық қолдаулар, малды асылдандыру жұмыстары септігін тигізуде.

Жыл сайын егістік алқабы ұлғаюда. Агротехникалық шаралардың толық орындалуы, жаңа техникалардың сатып алынуы, дала шаруашылығында өнімнің мол алынуына себеп болып отыр.



Кесте № 1. Мал шаруашылығы бойынша өндірілетін өнімдері, тонна

Көрсеткіш атауы

2015 ж

2016 ж

2017 ж

Өсу қарқыны 2017/ 2015 ж

Ет тірі салмақта, тонна

588,0

596,3

720,0

122,4

Сүт. тонна

1191,0

1266,5

1326,8

111,4

Жұмыртқа, мың дана

171,1

172,0

173,7

102

Жүн, тонна

25,8

26,0

26,5

103


Кесте № 2. Мал шаруашылығының негізгі көрсеткіштерінің

2015-2017 жылдардағы өсу динамикасы


Көрсеткіштер атауы

2015 ж

2016 ж

2017 ж

Өсу қарқыны 2017/ 2015 ж

Мал басы (бас):













ІҚМ

2245

2385

2910

104

Қой-ешкі

9851

9882

10100

107

Жылқы

765

812

1000

104

Құс

1375

1375

1450

105



Егін шаруашылығы

Ауылдық округ бойынша 5–шаруа қожалығы егін егумен және мал шаруашылығымен қоса айналысады. Мемлекеттік «Егінжай» бағдарламасының бағыты бойынша жұмыстар жүргізілуде.



Кесте № 3. Дала шаруашылығы бойынша себілетін дәнді-дақылдар

мен өндірілетін өнімдер га/тонна


Көрсеткіштератауы

2015 ж

2016 ж

2017 ж

Өсу қарқыны 2017/ 2015 ж

Егістік көлемі:

Дәнді дақылдар (га):


1980

1500

1904

96


Көпжылдық шөптер (га)

250

250

250

100

Өндірілетін өнім, тн

1132

2321

1608

142,0


Шағын кәсіпкерлік

Ауылдық округ бойынша 9–жеке кәсіпкер тіркеліп, 9–адам жұмыспен қамтылған. Шағын кәсіпкерлік халықты жұмыспен қамтудың айтарлықтай бөлігін құрайды. Қызмет көрсету сала бойынша 2–азық-түлік дүкені, 3–киім-кешек дүкені, 2–наубайхана, 1–тойхана, 1–қоғамдық монша ауыл тұрғындарына қызмет көрсетеді.

Шағын кәсіпкер ауыл округ тұрғындарының тұтынымын қанағаттандырып отыр.

Шаруа қожалық басшылары, жеке кәсіпкерлермен мемлекеттік бағдарламалар «Құлан», «Сыбаға», «Алтын асық», Казагро қаржы несиелендіру қоры арқылы лизингке техника алу, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жж» арналған бағдарламасының екінші бағыты, «Егінжай» бағдарламасының бағыттары бойынша үнемі түсіндіру жұмыстары жүргізіледі және жаңадан жеке кәсіп ашамын деген азаматтарға түсіндіру, құжаттарын ресімдеуге көмек көрсетіледі.


Ақши ауылдық округінің экономикалық дамуының негізгі шектеулі себептері (фактор):

1. Өндірілген өнімді делдалсыз өткізетін орындардың жоқтығы;

2. Ауылдық жерлерде Банк институттарының несиелендіру жүйесінің күрделілігі, кепілдікке қоятын нысандардың бағалау құнының төмендігі (кепілге алмауы).

3. Ауыл жастарының ауылдағы жұмыстарға және мал шаруашылығы саласы бойынша жұмыстарға бармауы;


Ауылдық округтің экономикалық даму перспективасы

1.Мал өнімдерін өндіруді дамыту;

2.Ет бағытындағы жылқы, ірі қара, қой-ешкі басын өсіру;

3. Дала шаруашылығын дамыту бойынша іс-шараларды іске асыру нәтижесінде егістік алқабы көлемінің өсуі, мол өнім алынуы күтілуде;

SWOT - талдау

Басым жақтары

Әлсіз жақтары

  • Жылқы, ірі қара, ұсақ малдарын өсіруге жайлы климат;

  • Ауылшаруашылық мақсатындағы құнарлы жерлердің бар болуы;

  • Мал бастарын асылдандыру;

  • Мал бордақылау алаңдарын ашу;

  • Ет өндіруді дамыту әлеуеті;

  • Ет, жүн, тері өткізу мәселелері,

  • Несиелендіру жүйесінің шектеуі (кепіл және т.б)

  • Жастардың ауылдық жерде жұмыс істеуге қызықпаушылығы,бармауы;

  • Жеңілдетілген жанар-жағар майдың тиімсіздігі,

  • Ауылшаруашылық техникасының жетіспеуі және жабдықталмауы;

Мүмкіншілік

Қатерлер

  • Экстенцивті техникалардан құтылып, Интенсивті техника алуға ұмтылу,

  • Мемлекеттік бағдарламалардың бағыттары арқылы лизингке техника алу, техника паркін жаңарту

  • Тұрмысты жақсарту

  • Ет бағасының төмендеуінен (өспеу), ет өнімінің тиімсіздігі

  • Ауылшаруашылығын мемлекеттік бағдарламаларының қолдауының төмендігі,


2.2. Әлеуметтік инфрақұрылым және қызмет көрсету

Ақши ауылдық округ бойынша әлеуметтік инфрақұрылым қанағаттанарлық жағдайда. Ауылдың демографиялық жағдайы төмен, 2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылы халық саны 23 %-ға төмендеді.


Білім саласы бойынша;

2010 жылы Ақши ауылдық округінің Ақши ауыл орталығында жаңа үлгідегі 180 орындық мектеп ғимараты пайдалануға берілді. Осының ішінен 70 орындық интернат пен 25 орындық мектепалды шағын орталық жұмыс істейді, онда 25 бала тәрбиеленеді.

«Ақши жалпы білім беретін орта мектеп жанындағы интернатпен» КММ-сінде 31 мұғалім жұмыс істейді. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы 2 жас маман жұмыс істейді. 211 оқушы білім алуда, осының ішінде: интернатта 62 оқушы оқып тәрбиеленуде.

Мультимедия, интерактивтік тақта, 60 орындық асхана, 100 орындық мәдени шараларды өткізу залы және барлық кабинеттер қажетті құралдармен толық жабдықталған. Мектепте әртүрлі үйірмелер (спорт түрінен: баскетбол, волейбол, шахмат, қазақша күрес, теннис, би, шебер қолдар және т.б.) жұмыс істейді.

«Ақши жалпы білім беретін орта мектеп жанындағы интернаипен» КММ-міне орыс тілі пәні мұғалімі жетіспейді және күрес кілемдері қажет.

Денсаулық саласы бойынша:
Ақши ауылдық округінің орталығының дәрігерлік амбулаториясында 1 дәрігер, 4 медбике, Ақтүбек елді мекенінде 1 фельдшер халыққа қызмет етеді. Дәрігерлер Ақши ауыл орталығын, Ақтүбек елді мекенін және қыстақтарды аралап, профилактикалық қарау, егу, диспансерлік бақылау және жыл бойында қаралған науқастарды уақытында қарап, емдеу жұмыстарын жүргізеді. Жыл сайын «Саламатты Қазақстан» атты жылжымалы кешенді автомашинасы медициналық аппартымен ауыл тұрғындарын тексеруден өткізеді. 2017 жылы Аягөз аудандық аурухана есебінен (меншік қаражат) дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Бала туу деңгейі 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы 8 сәбиге кем болды. Дәрігерлік амбулаторияға жедел жәрдем көлігі және компьютер қосалқы құрылғыларымен қажет.


Спорт инфрақұрылымы
Ауылдық округте 1- жаздық ашық спорт алаңы және «Ақши жалпы білім беретін орта мектеп жанындағы интернатпен» КММ-сінің 2-спорт алаңы және 1-жаздық жасанды спорт алаңы бар. Ауыл жастары мен мектеп оқушылары арасында әр түрлі жарыстар өткізіліп отырады. Ауылдың орта топтағы тұрғындарына жабық спорт алаңы қажет.
Мәдениет

Ауылдық округте клуб үйі мен кітапхана жұмыс істейді. Клуб үйінде әр түрлі мерекелік іс-шаралар өткізіліп отырады. Ақши ауылдық кітапханасында 761 оқырман, оның ішінде балалар саны – 207. Кітап қоры - 8670, қазақ тілінде - 3466, осының ішінде балалар әдебиеті – 726, қазақ тілінде - 446. Оқырмандар оқыған кітап саны – 6564, осының ішінде балалар оқыған кітап саны – 2660.


Тұрғын үй жағдайы

Ауылдық округ бойынша меншік тұрғын үйлер абаттандырылмаған, пешпен жылытылады. Меншік үйлердің 3,2 %-ы абаттандырылған ( 6 тұрғын үй). Меншік тұрғын үйлерін бұзып, орнына жаңадан 3 тұрғын үй салды. (жалпы алаңы – 589,1 ш.м.). 2017 жылы 1 отбасы жаңадан меншік тұрғын үй салды.


Жұмыспен қамтылу жағдайы

Округ бойынша тұрғындардың 31,2 %-ы - жалдамалы жұмысшылар, 8,2%-ы жеке негізде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, ауыл тұрғындарының 3 %-ы сыртта жұмыс істейтіндер, 11%-ы - жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатындар. Аягөз аудандық Жұмыспен қамту орталығы арқылы қайта оқыту, мамандандыруға 5 (аспазшы, газбен дәнекерлеуші, автомеханик) адам оқуға жіберіліп, 5 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды. Басты мәселе: ауыл тұрғындарының жұмысқа жұмысшы болып тіркелмей отырғандығы немесе ең төменгі еңбек ақымен ресімделеді.


Халыққа қызмет көрсету

«Аягөз ауданы Ақши ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі бойынша көрсетілетін қызметтер саны – 1.



  1. «Жеке қосалық шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру».

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағаз түрінде ұсынылады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес жеке куәлігі арқылы өтініш толтырылған жағдайда 5 минут ішінде қызмет көрсетіледі. Округ тұрғындарына басқа мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Аягөз аудандық бөлімімен көрсетіледі.

Сонымен қатар ауылдық округте нотариаттық іс-әрекеттер жасаудың 4 түрі (сенімхатты куәландыру, өсиеттерді куәландыру, құжаттар көшірмелерінің және олардан алынған үзінділердің дұрыстығын куәландыру, өтініштерге қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландыру) бойынша нотариалдық іс-әрекеттер жасауды жүргізеді.



Осал топтарға арналған қызмет

Ауылдық округ бойынша зейнеткерлер -107, соғыс жылдарында тылда еңбек еткендер-4, дербес зейнеткер - 1. 2017 жылы 24 отбасына ( он сегіз жасқа дейінгі балалы отбасыға) 1 708 600 теңге жәрдемақы төленді. 2018 жылы жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің шартты түріне 3 отбасы құжат өткізді.


Әлеуметтік саланың негізгі мәселелері:

  1. Ауылдық жерде жастардың тұрақтамауы, еңбекақының төмендігі,

  2. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жұмысқа орналасу қиындықтары;

  3. Әлеуметтік сала бойынша қажетті маманның жетіспеуі (орыс тілі пәні

мұғалімі)

  1. Мәдени-спорт саласы бойынша материалдық-техникалық базаның нашарлығы;


Ауылдық округтің әлеуметтік сала даму перспективасы:

1. Жастардың ауылға тұрақты тұруына жағдайлар жасау;

2. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жас мамандарды ауылға тарту, ауылға тұрақтандыру;

3. Қолма-қол ақша бақылау шоты арқылы мәдени-спорт саласының материалдық-техникалық базасын жаңарту;

4. Дәрігерлік амбулаторияны компьютер құрылғысымен жабдықтау;

SWOT – талдау



Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Білім саласы

  • Акши ауылының орталығында 180 орындық жаңа типтегі мектеп салынды.

  • Интернат ашылуына байланысты оқушылар саны өсті.

  • Жоғары және бастауыш мектеп мұғалімдерінің біліктілігі арттырылды.

  • «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2 жас маманның ауылда жұмыс істеуі.

Денсаулық



  • Халыққа сапалы қызмет ететін жоғары санаттағы дәрігердің болуы.

  • «Саламатты Қазақстан» атты жылжымалы кешенді автомашинасының жылына бір рет халықты тексеруден өткізуі.

Мәдениет және спорт



  • Клуб үйі жаңа, күрделі жөндеуден өткендігі.

  • Кітапханада кітап қоры жаңадан кітап қорымен толықтырылуы;

  • Округтің әлеуметтік салаларын дамытуға ҚАБШ-ының болуы.

Әлеуметтік сала



  • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапалы, уақытымен көрсетілуі.

  • Ауылдық округ бойынша жаңадан тұрғын үйлердің салынуы.




Білім саласы

  • Орыс тілі маманының жетіспеуі.




  • Қазақша күреспен айналысатын оқушыларға күрес кілемінің қажеттігі.

Денсаулық



  • Дәрігерлік амбулаторияға жедел жәрдем көлігі және компьютер құрылғыларының қажеттігі.

Мәдениет және спорт



  • Ауыл жастарының мәдени іс-шараларға қатысуға белсенділік танытпауы;

  • Орта топтағы тұрғындарына жабық спорт алаңы қажет.

Әлеуметтік сала



  • Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жұмысқа орналасу қиындықтары;

  • Жеке тұрғын үйлерге су құбырының тарталмауы және абаттандырылмағандығы;




Мүмкіндіктер

Қатерлер

  • Қолма-қол ақша бақылау шоты арқылы мәдени-спорт саласының материалдық-техникалық базасын жаңарту;

  • Жаппай денешынықтыру және спорт түрін дамыту, жоғары жетістіктерге жету мүмкіндіктері

  • Әлеуметтік инфрақұрылым дамытуға бөлінетін қаражаттың қысқартылуы;

  • Шағын ауылда бастауыш мектептің жабылуы ауыл тұрғындарының бала оқыту үшін қалаға көшуі



2.3 Инженерлік инфрақұрылым және қолдау

Сумен қамтамасыз ету

Ақши ауылдық округінің Ақши ауыл орталығы орталықтандырылған су құбыры жүйесі тартылған. Жалпы ұзындығы – 8 км. Су жүйесінің қызметін ауылдағы 121 тұрғын үй тұтынады. Су жүйесі – «Ақши ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне алынған, сенімділік басқаруға «Су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға берілді. Ауыл тұрғындарын сумен қамтамасыз ету күнделікті 2 сағат беріледі. 2011 жылы облыстық «Жол картасы» бағдарламасы негізінде 34,7 мың теңгеге су құбыр жүйесі жөнделді. 2012 жылы жергілікті бюджеттен 2,0 млн. теңгеге 410 метр су құбыр жүйесінің құбырлары ауыстырылып және бір колонка қойылды. 2013 жылы жергілікті бюджеттен 11655,0 мың теңге бөлініп, 1815 метр су жүйесінің құбырлары ауыстырылды. Ақтүбек елді мекен тұрғындары ауыз суды ашық өзеннен пайдаланады. Келешекте су жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, су соратын насостарды ауыстыру, 1-скважина, 27- колонканың 20 - ғана істеп тұр. Ақтүбек елді мекеніне су жүйесінің іздеу жұмыстарын жүргізу керек.


Электр энергиясымен қамтамасыздандыру

Округте «ШҚ АЭК» АҚ қарайтын электр желілері учаскесі жұмыс істейді. Ауылдық округтің елді мекені түгелдей электр желілерімен қамтылған. Электр желілерінің техникалық жағдайы қанағаттанарлық.


Күл-қоқысты шығару

Ақши ауылдық округін күл-қоқыстан тазарту және абаттандыру айлығы бойынша әр сенбі күндері сенбіліктер өткізіліп, 1420 м3 күл-қоқыс шаруа қожалықтарының және ауыл тұрғындарының жеке меншік техникаларымен шығарылды. Мектеп ауласына, әкімшілік алдындағы гүлзарларға гүлдер отырғызылды.


Байланыс торабы және интернет

Ауыл әкімшілік ғимаратында «Қазпочта» АҚ ШҚО филиалы Аягөз аудандық почта байланыс торабының бөлімшесі орналасқан. Ауылдық округте 48 телефон нүктесі бар, оның ішінде Ақши ауыл орталығы бойынша сандық байланыс торабы орнатылған, нүкте саны - 33, Ақтүбек елді мекенінде спутникті байланыс торабы, нүкте саны -15, онымен қоса Актив KCELL, Билайн ұялы байланыс тарату торабтары орнатылған. Ауыл тұрғындарының ұялы байланыс жүйесін пайдаланушылардың көбеюіне байланысты жоғарғы жылдамдықта істейтін 3G интернет жүйесі қажет. Ақтүбек елді мекенінде ұялы байланыс жүйесі жоқ.


Көлік қолжетімділігі және ауыл жолдары

Ақши ауылдық округі Қарағанды-Боғас тас жолы бойында солтүстікке қарай 2 км жерде орналасқандықтан ауыл тұрғындарына жолсапарға шығуға өте ыңғайлы.

«Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде Ә.Тәңірбергенов атындағы көшені құм, қиыршық тас қоспасынан жол жамылғысымен ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Ауыл жолдарының жалпы ұзындығы – 6,8 шақырым болады. Жолдың сапасы – қанағаттанарлық. Округ ішіндегі жолдарға жөндеу жұмыстары қажет. Осы жолдардың 3 шақырымын күтіп ұстауға «Аягөз жолдары» ҚМК бекітілген.

Ауыл тұрғындары қалаға барып-қайту үшін жеке меншік көліктер (такси) қызметін пайдаланады.Аягөз қаласына қоғамдық автобус жүрмейді.
Жарықтандыру.

Ақтүбек елді мекенінде 5 жерден, Ақши ауыл орталығында 77 жерден жарық орнатылған. 2018 жылы Ә.Тәңірбергенов көшесіне 11 жерден жарық орнату жұмыстары жүргізіледі. (1 087,0 мын теңге).


Экология

Экологиялық қауіпті өндірістердің болмауынан ауылдық округтің экологиялық жағдайы қалыпты.Экологиялық тұрмыстық қатты қалдықтарды төгу полигоны ауылдың сыртында орналасқан. Полигон қоршалмаған.


Негізгі өзекті мәселелер:

1.Су құбыры жүйесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу;

2. Ақтүбек елді мекен тұрғындарының ауыз суды ашық өзеннен пайдалануы;

3. Жоғары жылдамдықтағы интернеттің болмауы;

4.Ақтүбек елді мекенінде ұялы байланыс жүйесінің жоқтығы;

5. Тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының ашық жатуы;


Перспективалық даму бағыты:

1.Таза, сапалы сумен қамтамасыз ету, жеке тұрғын үйлерге су құбырын тарту;

2. Жоғары жылдамдықтағы интернетке қол жеткізу;

3.Ақтүбек елді мекеніне ұялы байланыс жүйесін орнату;

4. Ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу.

5. Тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын қоршау.

6. Ақтүбек елді мекеніне су жүйесінің іздеу жұмыстарын жүргізу;
SWOT-талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Сумен қамтамасыз ету

  • Ақши ауылы орталығы орталықтандырылған су құбыры жүйесімен қамтамасыз етілгендігі.

  • Су құбыры жүйесінің жеке тұрғын үйлерге тартылмауы

  • Ақтүбек елді мекені ауыз суды ашық өзеннен пайдалануы.

Электр жүйесі

  • Аумақта «ШҚ РЭК» АҚ қарайтын торабтық телім жұмыс істеп тұр.




  • Ауылдық округтің көшелерін жарықтандыру 50 пайызға орындалғандығы.

  • Ауылдық округтің көшелерінің 50 пайызы жарықтандырылмаған.

Байланыс торабы

  • Ақши ауылы бойынша сандық байланыс торабы, Ақтүбек елді мекенінде спутникті байланыс торабы, онымен қоса Актив, KCELL, Билайн ұялы байланыс тарату торабтары орнатылғандығы

  • Ауыл тұрғындарының ұялы байланыс жүйесін пайдаланушылардың көбеюіне байланысты жоғарғы жылдамдықта істейтін 3G интернет жүйесінің жоқтығы.

  • Ақтүбек елді мекенінде ұялы байланыс жүйесінің жоқтығы;




Ауыл жолдары

  • Ақши ауылдық округі Қарағанды-Боғас тас жолы бойында орналасқандығы.

Ауыл ішіндегі жолдарының қанағаттанарлықсыз жағдайда болуы.


Экология




Мүмкіндіктер

Қатерлер

  • Инженерлік инфроқұрылымды әртүрлі мемлекетік бағдарламалар арқылы жаңғырту мүмкіндіктері




3.Стратегиялық бағыт

3.1 Көрініс

Ауыл тұрғындары өндірілген өнімдерін аудан орталығы Аягөз қаласындағы сауда нүктелерінде, жәрмеңкелерінде сапалы ауыл шаруашылық өнімдерін апарады.

Елді мекеннің тұрғындары әлеуметтік инфрақұрылымның қызметтерімен қамтылған. Балаларды мектепке дейінгі мекемелер қызметтерімен және клуб үйіндегі үйірмелермен, спорт секция қызметтерімен қамтамасыз етілген. Ауыл балалары жаңа типтегі жабдықталған жайлы мектептерде оқуға мүмкіндігі бар.

Ауылдың халқы заманауи жабдықпен қамтылған медициналық мекемелерге бару қол жетімділігіне ие, балалар ойын алаңы бар. Ақши ауылы Қарағанды-Боғас тас жолына жақын орналасқан. Көшелері жарықтандырылған.


3.2 Мақсаттар және басым бағыттар

3.2.1 Экономика және ауыл шарушылығын дамыту
1-ші стратегиялық бағыт: шағын және орта бизнес саласын дамыту арқылы Ақши ауылдық округінің экономикасын әрі қарай жақсарту.

1-ші стратегиялық бағытқа жету ауылдың қолда бар экономикалық базасына, сонымен қатар пайдаланылмаған экономикалық әлеуетке негізделетін болады.

Шағын бизнес бірінші кезекте қызметтер нарығы. Бұл тұрмыстық және сервистік қызметтер, сонымен қатар бөлшек сауда саласы. Әкімдіктің шағын бизнесті қолдаудың мәні мемлекеттік қолдау шараларына ие болуға жәрдемдесу, ауыл халқын шағын бизнес негіздеріне оқытуға жәрдемдесу болып табылады.
1-ші мақсатты бағыт: Ауылдық округте агроөнеркәсіп кешенін және ауылшаруашылығын дамыту


  • инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы мал шаруашылығын, мал өнімдерін өндіруді дамыту

  • казіргі уақыттағы ауыл шаруашылық және алдағы уакытта салынатын мал өнімдерін өндейтін шаруашылықтарға жан жақты көмек көрсету

  • Жана технологиялармен заман талабына сай қондырғылар, жоғары өнімді техникалармен жабдықтау.

  • малдәрігерлік жұмыстарды және мал ауруларының алдын алу жұмыстарын жандандыру

1-ші мақсатты бағыттағы көрсеткіштерге қол жеткізу:

  • Мал өнімдерін өндіру

  • Ауыл шаруашылық техникаларын жаңарту


Мақсатты бағыттар 2. Кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту жэне ауыл халқының белсенділігін көтеру

Міндеттер:



  • Кәсіпкерлерді және орта бизнесті колдау

  • қызмет көрсетудің түрлерін жетілдіру: техникалық көмек көрсету орталықтары, сауда орындары

  • шағын бизнес өнімдерін өндіруге ықпал ету

  • жанадан және бұрынғы кәсіпкерлерді окыту


Мақсатты бағыттарға қол жеткізу көрсеткіштері 2 :

  • Кызмет алатын адамдардың артуы

  • Кіші және орта бизнестін дамуы және оған тартылатын адамдардың санынын артуы


Мақсатты бағыттар 3.

3.2.2. Әлеуметтік инфрақұрылым және қызмет көрсету.Ауылдық округтің әлеуметтік саласын дамыту арқылы халықтың әлеуметтік қажеттілігін өтеу.

2 стратегиялық мақсатқа қол жеткізу - білім саласын жақсарту, денсаулық саласының жұмысының сапасын көтеру және халыққа мәдениет (досуг) спорт саласын жандандыру арқылы жүзеге асады.

Ауылдың әлеуметтік жағдайына жасалған сараптама бойынша, негізгі проблемалар ауылдық жердегі халықтың тұрмыстық жағдайы, халықтың қалаға көшуі, спорт және мәдениет саласындағы материалдық-техникалық базаның төменгі дәрежеде болуы, мамандардың жетіспеуі.

Бұл ретте әлеуметтік саланы жетілдіру үшін халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартуға көңіл бөлу және жастарды ауылға тұрақтандыру қажет.

Білім саласында аса үлкен проблемалар жоқ болсада, білім стандарттарына сай білім сапасын, материалдық-техникалық базасын дамыта отырып кажетті жобаларды қолдау арқылы жас мамандарды тарту қажет.

Денсаулық сақтау саласы бойынша- материалдық - техникалық базасын жақсарту, осы саланы қаржыландыру жөнінде жобаларды мемлекет тарапынан және ауылдық округтің өз қолда бар құралдарымен / средств/ қолдау керек.

Мәдениет, спорт саласы бойынша материалдық-техникалық базасын жақсартуға мемлекеттік қолдаумен қатар меценаттардың көмегін қалыптастыру қажет.

Ауылдағы жастарды, әйел адамдарды, зейнеткерлерді әлеуметтік жағынан қолдау.
Мақсатты бағыттар 1.Ауылдық мектептегі білім берудің қолжетімдігі мен сапасын көтеру.
Міндеттер:


  • Білім саласын заман талабына сай жандандыру

  • Білім саласының материалдық- техникалық базасын нығайту

  • Мамандар жетіспеушілігінің алдын алу

  • Білім сапасын көтеру


1 мақсаттағы бағыттарға қол жеткізу көрсеткіштері:

  • Білім сапасын көтеру арқылы жоғары сапалы білімді оқушыларды дайындап шығару

  • Білім беру сапасын жақсарту

  • «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы жас мамандарды ауылға тарту, тұрғын үймен қамтамасыз ету.


3 Мақсатты бағыттар. Ауыл тұрғындарының денсаулығын нығайту.

Міндеттер: Ауыл халқының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ұстанатын жағдайлар жасау.

  • Халыққа сапалы медициналық көмек көрсету

  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру

  • Сыртқы қауіптерден қорғау

  • Дәрігер мамандардың білім сапасын көтеру

  • Халықты дәрі дәрмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру

  • Профилактикалық жұмыстар жүргізу

  • Міндетті медициналық сақтандыруды ұйымдастыру жұмыстары


3 мақсатты бағыттарға қол жеткізу көрсеткіштері:

  • Дәрігерлік амбулатория білікті мамандармен қамтылған;

  • Жедел жәрдем қызметі ауыл тұрғындарына қолжетімділігі;


4.Мақсатты бағыттар. Ауылдық округте мәдениет және спортты дамыту. Міндеттер:

Қолда бар мүмкіндіктерді қолдану арқылы:



  • Ауыл халқының демалыс уақытын тиімді пайдалануға жағдайлар жасау;

  • Кітапхана жұмысын жандандыру;

  • Ауыл халқының денешынықтыру және спортпен айналысуына жағдай жасау;

  • Жастармен жұмыс жасаудың әдістерін жандандыру;


4.Мақсатты бағыттарға қол жеткізу көрсеткіштері:

  • Кітапханадағы кітап қорын көбейту, оқырмандарды тарту;

  • Мәдени іс шараларға ауыл тұрғындарын көптеп тарту;


5.Мақсатты бағыттар. Ауылдық округте әлеуметтік қызметті жандандыру.

Міндеттер:

  • Жұмыспен қамтуды, әлеуметтік көмектің және әлеуметтік қызметтер көрсетудің сапасын арттыру.


5 Мақсатты бағыттарға қол жеткізу

  • Жұмыссыздық деңгейі төмендейді;

  • Әлеуметтік қызметтер көрсетіледі;


3.2.3 Инженер-көліктік инфрақұрылым

Стратегиялық мақсат - 3.

Ауыл халқының өмір сүру сапасын жаксарту және коомерциялық бағытын іске асыру.

3 стратегиялық мақсатты дамыту ауылдық округ халқының сапалы ауыз сумен яғни, су құбыры жұмыстарының жаксы жағдайда болуына және тұрғын үйлерге су құбырын тартуда, ауылдың ішкі жолдарының жөнделуіне, ауылды абаттандыру, көркейту, елді мекен халқының тұрмыстық жағдайларының дұрысталуына байланысты. Бұл жұмыстар кәсіпкерлер, қожалық басшылары жергілікті басқарушы органдардың, халықтың белсенді топтарының қатысуымен орындалады.

Әкімшілік өз тарапынан және мемлекеттік қолдаулар арқылы көмектер жасайтын болады. Бұл бағытта ауылды жарықтандыру, су құбырынын жұмысын реттеу, жоғары жылдамдықтағы интернет желісін орнату, жол көлік қатынасын дұрыстау мәселесі тұр.



болуына,автожолдардың рытық инфроқұрылым жағдайы орташа деңгейде.

3 мақсатты бағыттарға қол жеткізу көрсеткіштері.

1 мақсатты бағыт. Ауыл тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтамсыз ету

Міндеттер:

  • Су құбырлар жүйесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу

  • Ауыз суды үнемдеу мақсатында ауыл тұрғындарына су жүйесі құбырын үйге кіргізу жөнінде жұмыстар жүргізу.


1 мақсатты бағыттарға қол жеткізу көрсеткіштері:

  • Ауылдық округте таза ауыз сумен қамтамасыз ету;

  • Жеке тұрғын үйлерге су жүйесі құбырын тарту;


3 Мақсатты бағыттарға қол жеткізу көрсеткіштері .

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жою.

Міндеттер:

  • Ауылдық округтің тұрмыстық қатты қалдықтарын жинату

  • Қатты қалдықтар полигонын қоршау

  • Ауыл халқына тұрмыстық жағдайларын жақсарту, тұрғын үй жайларын күтіп ұстау, ремонттар жасауын міндеттеу

  • Көшелерге көше аттарын, үй,пәтер номерлерін жаңалап жазуды ұйымдастыру

  • Ауыл аумағын көгалдандыру

  • Ауылдың жарықтанбаған көшелерін жарықтандыру

  • Тазалық айларын ұйымдастырып, сенбіліктер өткізіп отыру

  • 3 мақсатты бағыттарға қол жеткізу көрсеткіштері:

  • Жарықтандырылған көшелердің мөлшері

  • Көгалдандырылған көшелер саны

  • Елді мекеннің экологиялық жағдайын жақсарту

  • Ауыл тұрғындарының көше тазалау жұмыстарына атсалысуы,

Басым бағыттарға қол жеткізу көрсеткіштері 4.Көлік инфрақұрылымын қолдау және жандандыру

Міндеттер:


  • Ауылдық округтің ішкі жолдарын жөндеу

Басым бағыттар 4:


  • Жергілікті жердегі автожолдардың сапасын жақсарту

  • Жолаушылардың жол қатынасы кезінде жолдың сапасын көтеру арқылы қауіпсіздігін нығайту


Басым бағыттарға қол жеткізу 7. Экология

Міндеттер:

  • Ауыл халқының арасында экологияны сақтау, энергия көздерін, суды пайдалануды үнемдеу туралы жұмыстар жүргізу


Қол жеткізу көрсеткіштері 7:

  • Қатты қалдықтар мөлшерін азайту.


Іс – шаралар жоспары
Стратегиялық мақсат 1.




Іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Мүмкін болатын қаржы-

ландыру көзі



Іске асыруға жауап-

тылар


Өнім

инди-катор-

лары


Нәтиже индикатор-

лары


Құрыл-

атын жұмыс орын-дарын-ың саны



1-ші басым бағыт. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру көлемін арттыра отырып, агроөнеркәсіптік кешеннің дамуын қолдау

1

Мал бордақылай-

тын алаң ашу (ірі қара мал, жылқы)



2018-2020 жылдар аралығында

Меншік қаражат

Ақши ауылдық округі әкімінің аппараты,

ш/қ басшылары, АШӨК басшы

лары


40 бас жылқы, ірі қара малдары

Ет өнімінің көлемін арттыру

6

2

Округ бойынша мал басының санын арттыру

2018-2020 жылдар

аралығында



Мемлекеттік бағдарламалар «Құлан», «Сыбаға», «Алтын асық», а/шаруашылығын қаржылай қолдау қоры, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жж» арналған бағдарламасының бағыттары

арқылы


Ақши ауылдық округі әкімінің аппараты,

ш/қ басшылары






Мал басының

өсуі


3

3

Ауылшаруа

шылық техникаларын алу



2018-2020 жылдар

аралығында



Казагрофинанс АҚ арқылы

Ақши ауылдық округі әкімінің аппараты,

ш/қ басшылары, АШӨК басшы

лары


Ауылшаруашылық техникасы қосалық құрылғытарымен-2 бірлік

Ауылшаруашылық техникасын жаңарту




1-ші басым бағыт. Ауылда шағын және орта бизнестің өндіріс көлемдерін арттыру арқылы шағын және орта бизнестің одан әрі дамуын қолдау, ШОБ жұмыспен қамтылғандар санын арттыру

1

Наубайхана ашу

2018 ж


Меншік қаражат

Ақши ауылдық округі әкімінің аппараты, жеке кәсіпкер

Нан өнімдерін өндіру

Нан өнімінің сапасын арттыру, нан өнімдеріне тұрақты бағаны ұстау


1

2

Шағын және орта бизнесті дамыту үшін «Бастау Бизнес» жобасы арқылы оқыту

2018-2019 жылдар

аралығында



«Бастау Бизнес» жобасы арқылы

Аудандық кәсіпкер

лер палатасы, Ақши ауылдық округі әкімінің аппараты



Кәсіпкер

лікті оқығандар саны









3

Дүкен ашу

2018-2019 жылдар

аралығында



Меншік қаражат

Ақши ауылдық округі әкімінің аппараты, жеке кәсіпкер




Ауыл тұрғындарын күнделікті тұтынатын

қажетті тауарлармен қамтамасыз ету, бағаны тұрақты ұстау







Стратегиялық мақсат 2.




Іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Мүмкін болатын қаржы-

ландыру көзі



Іске асыруға жауап-

тылар


Өнім

инди-катор-

лары


Нәтиже индикатор-

лары


Құрыл-

атын жұмыс орын-дарын-ың саны



1-ші басым бағыт. Ауылдықокругтегі мектептерде білім берудің қолжетімділігі мен сапасын көтеру

1

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жас мамандарды тарту


2018-2020 жылдар

аралығында



Аудандық бюджет

Аягөз аудандық білім бөлімі, Ақши орта мектебі

Орыс тілі пәнінің мұғалімі

1 маман

1

2

Білім мекемелер

іне спорт құралдарымен жабдықтау

(күрес кілемі)


2018-2020 жылдар

аралығында



Ақши ауылдық округінің 2018-2020 жылдарына арналған кешенді дамыту жоспары

Ақши ауылдық округі әкімінің аппараты

спорт құралдарымен жабдықталады

спорт алаңдары заманауи спорт құралдары

мен 85 % қамтамасыз етілген






3

«Ақши жалпы білім беретін орта мектеп жанындағы интернатпен» КММ -сінде математика, география, қазақ тілі кабинеттерін жабдықтау

2018-2020 жылдар

аралығында



Жергілікті бюджет

Аягөз аудандық білім бөлімі, Ақши ауылдық округі әкімінің аппараты




оқушылардың білім сапасы артады




2-ші басым бағыт. Дәрігерлік амбулаторияны заман талаптарына сай жабдықтап, тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыру.

1

Дәрігерлік амбулатория

-ға жедел жәрдем көлігімен қамтамасыз ету



2018-2020 жылдар

аралығында



Жергілікті бюджет

Аудандық орталық аурухана,Ақши ауылдық округі әкімінің аппараты

Жедел жәрдем көлігі -1 бірлік

Көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы артады.




2

Дәрігерлік амбулатория

-ны компьютер-

мен жабдықтау


2018-2020 жылдар

аралығында



Жергілікті бюджет

Аудандық орталық аурухана,Ақши ауылдық округі әкімінің аппараты

Компью-

тер қосалқы құрылғы-

ларымен


Көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы артады.




3

ДА-ны заманауи медициналық құрылғылармен жабдықтау

2018-2020 жылдар

аралығында



Жергілікті бюджет

Аудандық орталық аурухана,Ақши ауылдық округі әкімінің аппараты

заманауи медициналық құрылғылармен

Көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы артады.




3-ші басым бағыт. Мәдениет және спортты дамыту бағыты

1

Мәдениет және спорт саласының материалдық-техникалық базасын жаңарту

2018-2020 жылдар

аралығында



Жергілікті бюджет

Ақши ауылдық округі әкімінің аппараты




Ауыл тұрғындарын жаппай спортпен айналысуға тарту




4-ші басым бағыт. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру

1






















Стратегиялық мақсат 3.




Іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Мүмкін болатын қаржыландыру көзі

Іске асыруға жауап-

тылар


Өнім

индикаторлары



Нәтиже индикаторлары

Құрыл-

атын жұмыс орын-дарын-ың саны



1-ші басым бағыт. Ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету

1

Су құбырын ағымдағы жөндеу жұмыстары

2018 жыл

Жергілікті бюджет

Ақши ауылдық округі әкімінің аппараты,

«Су» КММ-сі






Таза ауыз сумен қамту

3

2

Жеке үйлерге су құбырын тарту

2018-2020 жылдар

аралығында



Меншік қаражат

Ақши ауылдық округі әкімінің аппараты,

Жеке тұрғындар






Тұрмыстық

жағдайының жақсаруы






2-ші басым бағыт. Ақши ауылдық округінде абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары, экологиялық ахуалды жақсарту.

1

Ә.Тәңірбергенов көшесін жарықтан

дыру


2018 жылы

Жергілікті бюджет

ТҮКШ бөлімі, Ақши ауылдық округі әкімінің аппараты










2

Street Workoot (Ақши ауылын абаттандыру )

2018-2020 жылдар

аралығында



Жергілікті бюджет,

Ақши ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді дамыту жоспары



Ақши ауылдық округі әкімінің аппараты










3

Қатты қалдықтарды төгетін орынды реттеу (1,5 га)

2018-2020 жылдар

аралығында



ҚАБШ-ы арқылы

Ақши ауылдық округі әкімінің аппараты

Шығарылатын күл-қоқыстарды арнайы орынға төгу.

Ауыл тұрғындарының тазалық шараларына қатысуы.




3-ші басым бағыт. Тұрғындарды қолжетімді байланыс қызметімен қамтамасыз ету

1

Ауылдық округ бойынша жоғарғы жылдамдықта істейтін 3G интернет жүйесін орнату


2018-2020 жылдар

аралығында



АҚ «Қазақтелеком»

Ақши ауылдық округі әкімінің аппараты




Ауыл тұрғындарының интернет желісін пайдалану

дағы қолжетімдігі






Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет