Шойбекова Айгерім Худиярхановна Н. Оңдасынов атындағы «Дарын» мекте-интернатының мұғалімі Түйіндеме: Бұл мақалада оқытушының сабақ



Дата05.06.2017
өлшемі72,06 Kb.
#17739
түріСабақ
УДК 372.8:57

БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДА СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ ӘДІСІН ЖЕТІЛДІРУ

Исаев Ғани Исаұлы

Оңтүстік Қазақстан мемлекетік педагогикалық институты, техн.ғ.к.



Шойбекова Айгерім Худиярхановна

Н.Оңдасынов атындағы «Дарын» мекте-интернатының мұғалімі



Түйіндеме: Бұл мақалада оқытушының сабаққа ынтасын арттыруы, ой-өрісін, логикалық ойлау дәрежесін кеңейтуі, сонымен бірге экономикалық, эстетикалық, гуманитарлық, халықтық-педагогикалық тәрбие беруді жүзеге асыруға толық негіз бар екені баяндалған.
Резюме: в этой статье докладывается, что преподаватель имеет полное основание реализовывать экономическое, эстетическое, гуманитарное, народно-педагогическое воспитание, а также повышать познавательность к занятиям, развивать логическое мышление, расширять кругозор.
Summary: This article is about all basic for improving the interess to the lessons the development of logical thin biny activities and the wide fields for economical, aesthetic, humanitarian national – pedagogical education at the some time.
Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа түрлері жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуы. Бұл биологияны оқытуда педагогикалық оқу тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: Білім беру педагогикасы өзгереді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, сын тұрғысынан ойлау, өзгеше менталитет пайда болады. Оқытудың жаңа технологиялары енгізілуде.

Қазір республикада оқу орындары педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көп нұсқаулыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез-келген үлгі бойынша қызмет өтуіне мүмкіндік алады. Бұл бағытта білім беруді әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәрбиеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Ол Сыни тұрғыдан ойлау.


Педагогикалық технологияның сыни тұрғыдағы мақсатымен ерекшелігі

Педагогикалық технология аттары, авторы

Мақсаттары

Ерекшеліктері

1

2

3

1. Ынтымақтастық педагогикасы.

Баланың сын тұрғысынан ойлауда ұжым құра білуі

1. Мұғалім де, оқушы да субъект болады.

2. Басымдылық көрсетілмейді.

3. Бірлік одақта қызмет етеді.

4. Мектеп ұжымы арасында өзара ынтымақтастық орнайды.

5. Сабақ соңына әр оқушының ойы талданады.


2. Білім беруді ізгілендіру технологиясы.

Ш. А. Амонашвили



Балаға ізгілік тұрғысынан қарау оқыту мен тәрбиенің бірлігі.

1. Бала психологиясының дамуы, есеюге және еркіндікке құштарлығын қалыптастыру.

2. Рухани жетілдіру.

3. Ізгілікті, жеке қарым-қатынас жасау.

4. Ата-анамен бірлесіп жұмыс істеу.

5. Оқыту тәрбиенің бірлігі.


3. Түсіндіре басқарып өзара оқыту технологиясы.

С. Н. Лысенко



Білім, білік дағдыны меңгерту. Мемлекеттік стандарт көлемінде білім беру. Барлық баланы қамтый оқыту.

1. Педагогикалық ынтымақтастық.

2. Тұлғаның қарым-қатынас.

3. Оқу материалдарының мазмұнының жүйелігі.

4. Материалдардың сабақтастығы.

5. Саралау, тапсырманың әр оқушыға оқыту.

6. Білетін оқушы арқылы білмейтін оұушыны оқыту.

7. Түсінбегенді қайта түсіндіру, қателесуден қорықпау.


4. Деңгейлік саралап оқу технологиясы.

Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндігіне қарай

Оқыту. Оқытуды оқушылардың әртүрлі топтарының ерекшеліктеріне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау, топтау.



1. Таланттылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан ары бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады.

2. Оұушылардың оқуға деген ынтасы артады.

3. Білім дәрежесіне бірдей топтарды оқыту.

Б. Т. Лихачев педагогикалық технологияның форма, әдіс, амал, тәрбие құралдарының (схема, сызба, диаграмма, карта) бірлігі негізінде арнайы іріктеліп алынған психологиялық – педагогикалық қондырғының жиынтығы деп түсіндіреді. А. Шимен «Технология – бұл өмір, шеберлік, ептілік, іскерлік, әдіскердің жиынтығы, жағдайдың өзгеруі» - деп анықтама береді.



Оқытудың жаңа технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Әрбір педагог жаңа технологияны меңгеру барысында өзін-өзі қалыптастырады. Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгеріспен байланысты болып отыр. Білім берудің мазмұнында жаңа көзқарас, қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда. Республиканың оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынып отырған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келгенүлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Педагогикалық технология – оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген әдістерінің үйлесімділігі арқылы оқыту мен тәрбиелеу тиімділігін қамтамасыз ететін білімнің құрамдас бөлігі. Бір технологияның өзі әр мұғалімнің шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Төменде ұсынылып отырған сыни ойлау технологиясы бойынша 6-сыныпта өткізілген биология сабағы дамыта оқытуға негізделген.

Сабақтың тақырыбы. Өсімдік мүшелері.

Сабақтың мақсаты. Өсімдік мүшелері арасындағы байланыс туралы оқушылар білімін жүйелеу және толықтыру. Дүниетанымдық сипатта қорытынды жасауға баулу және өсімдік мүшелерін айқын анықтау.

Білімдік мәні. Өсімдік мүшелері жөніндегі теориялық білімді меңгертіп, оны іс жүзінде қолдануға үйрету. Сын тұрғысынан ойлауға шапшаңдық таныту.

Дамытушылық мәні. Ұжымдық ойлау әрекеті технологиясының тәсілдерін белсенді қолдану арқылы оқушыларда ұжымдасып жұмыс істеу, басқаларды тыңдау, өз көзқарасын дәлелдеп қорғай білу біліктіліктерін дамыту.

Тәрбиелік мәні. Табиғи тірі жүйелерді біртұтастыққа қарастыру, оқушылардың ақыл-ойын, ғылыми дүниетанымын қалыптастырып, тірі табиғатпен ізгілікті қарым-қатынаста болуға, экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Міндеті. Органикалық дүниенің ерекше бір тобы – өсімдіктер, олардың мүшелерінің сыртқы, ішкі құрылысы, түрлері, көбеюі, табиғаттағы маңызы жөніндегі теориялық білімін практикада пайдалануда іске асыру.

Көрнекті құралдар. Кеппешөптер, табиғи материалдар, кесте, сызбанұсқа, үлестірмелі карталар, гербарилер, әрбір топқа таратылатын ұжымдық ойлау әрекетінің ережесі, модульдер.

Сабақтың әдісі. Сыни тұрғыдан ойлау әрекеті технологиясы.

Сабақтың құрылымы.

І. Оқушыларды әлемдік түсінікке немесе проблемалық жағдайға (ситуацияға) өз сыни көзқарасын кіргізу.

ІІ. Оқушылардың сұраныстарын білу.

ІІІ. Сұрақтардың күрделігіне қарай реттеу.

ІV. Кіші топтың өзіндік жұмысы.

V. Алғашқы түсінікті болжау.

VІ. Жалпы талқылау.

VІІ. Тақырып бойынша модуль құру.

Сабақ барысы.

І. Оқушыларды әлемдік түсініктеме немесе проблемалық жағдайға (ситуацияға) сын тұрғысындағы көзқарасын кіргізу.

- Табиғатта қандай денелер бар? Мысал келтір.

- Жер бетінде неше органикалық дүние бар? Мысал келтір.

- Осы өсімдіктер дүниесі қандай? Мысал келтір.

Бұл сұрақтар оқушыларға білімді даяр бермей, олардың алдында белгілі бір проблемалы міндет қойып, соны өздері ізденіп шешуіне бағыттайды. Проблемалы болуының негізгі шарты – оқушыда даяр жауап немесе үлгі болмайды және оқушы өзінің білетіні мен білмейтінінің арасындағы қайшылықты, басқаша айтқанда, берілген проблеманы шешуге керекті білімінің немесе тәсілдің жетпей тұрғанын сезінеді. Оқушының өзінде бар іздену құралдарымен (білім, икемділік, іздену тәжірибесі, т.б.) болатынын проблемалы жағдай туғызылады. Проблемалық оқыту тек проблемалық жағдай тудырып қана қоймай, оны дұрыс шеше білу тәсілдерін меңгертуді де қажет етеді. Ол үшін мұғалім оқышының материалда кездесетін пікір қайшылықтар дұрыс аңғаруына жағдай жасап, оны шешудің жолдары мен тәсілдерін меңгеруге, өздігінен ізденудің, зерттеудің амалдарын үйретіп, бағыттайды.



Қорыта келгенде әр бір оқытушы сабаққа ынтасын арттырды, ой-өрісін, логикалық ойлау дәрежесін кеңейтеді. Сонымен бірге экономикалық, эстетикалық, гуманитарлық, халықтық-педагогикалық тәрбие беруді жүзеге асыруға толық негіз бар.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Кеңесбаева Серік Мақтарұлы «Жоғары педагогикалық білім беруде болашақ мұғалімдердің жаңа ақпараттық технологияны пайдалана білуге даярлаудың теориялық негіздері». Алматы 2005.150-165 б.

  2. Ж.Әбиев, С.Бабаев, А.Құдияров «Педагогика» Алматы 2004ж. 144 б.

  3. А.Н. Мягкова, Б.Д. Комисаров «Жалпы биологияны оқыту методикасы». 174 б.

  4. «Биология, география химия» журналы 2002ж №2 3 бет

«Биология, география химия» журналы 2002ж №5 42 бет

  1. М.М. Жанпейісова «Технология модульного обучения»

  2. Ж.Б. Қоянбаев «Педагогика» Алматы, 2002 242 бет.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет