Шокаева Айгерім Алтынгазиевна қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі. Сыныбы: 5 Пәні: Қазақ әдебиеті Тақырыбы: Жұбан Молдағалиев «Ар-ұят» туралы сабақтың түрі : аралас сабақ



Дата04.07.2018
өлшемі153,1 Kb.
түріСабақ
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Үшқұлын жалпы негізгі білім беру мектебі

Шокаева Айгерім Алтынгазиевна

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.
Сыныбы:5

Пәні: Қазақ әдебиеті

Тақырыбы: Жұбан Молдағалиев «Ар-ұят» туралы.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,талдау, сөздік,тізбектей оқу.

Көрнекілігі: Үлестірме,оқулық,постер.

Формасы: Жеке-дара, топтық.

Мақсаты:

1.Білімділік: Жұбан Молдағалиев туралы мәлімет беру, «Ар-ұят туралы» өлеңінің тәрбиелік мәнін таныту;

2.Дамытушылық: Ұтымды ойлау, дәлелді сөйлеу дағдыларын дамыту, өзіндік ой-пікір, баға беру қабілеттерін шыңдау.

3.Тәрбиелік: Адамгершілікке, тапқырлыққа, инабатты, әдепті болуға тәрбилеу.
Барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

-амандасу.

-түгендеу.

-оқушы назарын сабаққа аудару.
Сергіту сәті: «Атомдар мен молекулалар»

Мұғалім «атомдар» деген кезде оқушылар жеке дара жүгіреді де, «молекулалар бесеуден» немесе «молекулалар үшеуден» деген кезде, бес немесе үш адамнан тез арада топтасады. Кім топқа қосыла алмай қалса, өлең, тақпақ, ән айтады.



ІІ.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

-Оқушылар, үйге қандай тапсырма берілді?

- Қ.Аманжолов «Дауыл» өлеңі.

-Жақсы, енді үй тапсырмасын тексеру мақсатында үлестірме қағаздармен жұмыс жасайық


Үлестірмемен жұмыс.

Ақын туралы мәлімет

«Дауыл» өлеңінің

тәрбиелік мәні

Өлең бойынша сөздік

Қасым Аманжолов 1911 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы топырағында дүниеге келген. Ол жастайынан өлең шығарып, ән салып, домбыра, скрипкада, күйсандықта ойнаған. Ақын Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ақынның «Орамал», «Дауыл», «Туған жер» , «Өзім туралы» т.б. өлең-жырлары бар.

Оқушыларды рухы биік өр болуға, қайсар да қайратты, өз елінің патриоты болуға, намыс туын әрқашан жоғары көтеруге тәрбиелеу.

Дауыл-жауын-шашынды кезде қатты ұйытқып, құтырына соғатын жел.

Сырғауыл-жіңішкелеу келген ұзын ағаш.

Керуен-көш

«Дауыл» өлеңін жатқа тексеру.


ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.
Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбымен таныстырып, шолу жасау.

Сөзжұмбақ.

А

Қ

Н

А

С

Ы

Ғ

Й

А




Р

П

О

Т

Е

Р

Т



Ұ

Б

Н

А

Н

Қ

А

Й



Я

Б

З

А

И




Т

Р

А

Х

Ұ

М

1.Желмаямен желіп жүріп Жерұйық іздеген кім еді? (Асанқайғы)

2.Көркем әдебиетте адамның сырт бітімін, кескін-кейпін,жүріс-тұрысын суреттеуді не дейді?(Портрет)

3.Абайдың әкесінің аты. (Құнанбай)

4. «Мадан хан» қай ертегінің кейіпкері? (Аяз би)

5. «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы кім? (Мұхтар)
-Балалар, сөзжұмбақтың шешімі бойынша қандай сөз шықты?

-Ар-ұят

-Дұрыс, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ар-ұят туралы» өлеңі.

Ар-ұят, намыс, абырой деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?


Оқушылардың жауаптары.
Ар,намыс,ұят, абырой-адамдықтың асыл қасиеттері. Неміс философы Канттың жүрек тебірентерлік мынадай жолдары бар: «Бұл әлемде өзінің шексіздігі мен ғаламаттылығы тұрғысынан адамды таңдандыратын тек екі нәрсе ғана бар: төбемдегі мәңгілік шексіз аспан және менің ішкі жан дүниемдегі адамгершілік заңы ». Осындағы адамгершілік заңының жүзеге асуын қадағалаушы –ар мен ұят. Ұят-адамгершіліктің жемісі,сонымен қатар ардың қосшысы.

«Ар-ұят туралы» өлеңінің авторы Жұбан Молдағалиев .

Жұбан Молдағалиев 1920 жылы Батыс Қазақстан облысындағы Сайқұдық деген жерде туған. Мектептен кейін Орал ауыл шаруашылығы техникумында оқыған. 1940-1947 жылға дейін әскер қатарында болып, Ұлы Отан соғысының басынан аяғына дейін қатысқан. Әскерден оралғаннан кейін түрлі қызмет атқара жүріп, шығармашылықпен айналысты. Адуынды жырларымен ұлттық әдебиет әлемінде тез танылды.

ІҮ.Бекіту кезеңі.
1.Өлеңді тізбектей оқыту.

Ар-ұят туралы.

-Ол ұят,-деді сол қазақ қарт,-

Өлсең де, ожданнан безінбе!..

Жас жігіт күлді оны мазақтап:

-Ұятың нан болса, езіп же.

-Жеп келем, жеп келем туғалы!

Адам боп жүргенім сондықтан,-

Деп қария тепсініп тулады,

Әттең, тек жігіт жоқ оны ұққан.

-Мен емес ұят деп өлетін,-

Деді сол, айтысты тұжырып.

Қарт та жоқ оп-оңай көнетін,

Жыққандай сөзі оны жүз ұрып.


2. Мәтінмен жұмыс..

Өлең мазмұнына сай жоспар құрып, жоспар бойынша әңгімелеу.

Жоспар.

1.Кіріспе



Шал мен жігіт шатағы.

2.Негізгі бөлім

Ар-ұят туралы

3.Қорытынды.

Ар-ұят-кісілік белгісі.
Оқушыларды топқа бөлу.

І топ:

Берілген өлең шумақтарын мәнерлеп оқып, құрылысына қарай талда.

Ұятпен //адамдық //өлшенді, а 9 буын

Ұятпен// надандық //өлшенді.а 9 буын

Ұятпен// адалдық// өлшенді, а 9 буын

Ұятпен //арамдық// өлшенді. а 9 буын


Өлгендер// өлсін тек //ажалдан, а 9 буын

Өлмесін// тірілей// ұяттан. а 9 буын

Ар-ұят//-кісілік,// ажар, нан, а 9 буын

Табиғат-ананың// сыйы артқан.//а. 10 буын

2 шумақ, 8 тармақ, әр тармақта 2 бунақ, шұбыртпалы ұйқас.
Ар-ұят туралы мақал-мәтелдер айтыңдар.
ІІ топ:

Ұят туралы өз ойларыңды постерге салыңдар.

Ар-ұят мәселесін бүгінгі өмірмен байланыстырыңдар.
Сөздікпен жұмыс.

Ождан-ар-намыс сөздерінің баламасы.

Зор парыз-үлкен жауапкершілік.

Ғұмырлы болу-жасы ұзақ болу.

Құлаққа құю-кішкентайынан айта беру.

Тулау-бой бермеу.

Адамдық-адамгершілік.
Ү.Қорытынды кезең.
Сөздер банкісінен бүгінгі тақырыпқа қатысты сөздерді теріп жаз.

Біздің тақырып




Сөздер банкісі

Батыс Қазақстан облысы, жас жігіт, қарт, сырғауыл, керуен, кеспек, Қарағанды облысы, зор парыз, ер салар, ар үшін, кісілік, Абайдың жасы, Сарыарқаның желі, жарлы ауыл, ата-ана, Қасым өлеңдері, нан, «Мен қазақпын», тулау, шаңырақ.



Оқушыларға сабақ соңында төмендегідей үлестірме тарату.




ҮІ. Үйге тапсырма.

202-205 бет, оқу, ұнаған өлең шумақтарын жаттап алу.



ҮІІ.Бағалау.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет