Сыбайлас жемқорлық қатерлеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері



Дата11.01.2017
өлшемі70,48 Kb.
#7222


26.11.2016 ЭҚАБЖ МО (7.19.2 нұсқасы) Копия электронного документа. Положительный результат проверки ЭЦП.



Сыбайлас жемқорлық қатерлеріне ішкі талдау

жүргізу нәтижелері
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №16 бұйрығын орындау мақсатында облыстық мәдениет басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің ішкі талдау нәтижесін жолдайды:

І. Кіріспе

1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:

Облыстық мәдениет басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс шаралар атқару және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

Облыстық мәдениет басқармасы, oko_madeniet@mail.ru , жұмыс тел: 8/7252/ 395213

3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі: басталды 30.06.2016ж. - аяқталды 30.09.2016ж.

Бақыланатын кезең: ІІІ тоқсан 2016 жыл.

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

1.Облыстық мәдениет басқармасының 2016 жылдың ІІІ тоқсанында қабылданған бұйрықтарда сыбайлас жемқорлықтың туындауына әсер ететін нормалар анықталмады.

2.Облыстық мәдениет басқармасының мемлекеттік қызметшілерінің атына сыбайлас жемқорлыққа қатысты бұқаралық ақпарат құралдарына материалдар жарияланған жоқ.

3.Облыстық мәдениет басқармасына жеке заңды тұлғалардан бірнеше өтініш түскен. Өтініш иелеріне заң талаптарына сәйкес жазбаша түсініктеме берілген.

4.Облыстық мәдениет басқармасына прокурорлық қадағалау актілері түскен жоқ.

5.Облыстық мәдениет басқармасына сот актілері түскен жоқ.

6.Облыстық мәдениет басқармасында кадрлардың ауысуы болған жоқ.

7.Облыстық мәдениет басқармасында мүдделер қақтығысы болған жоқ.

8.Облыстық мәдениет басқармасының мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстары заң талаптарына сәйкес жасалған.

9.Облыстық мәдениет басқармасының сенім сымтетігіне мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа жол бергені туралы мәлімет түскен жоқ.

10.Басқарма басшысының шығарған бұйрықтарында сыбайлас жемқорлыққа жол беретін нормалар анықталған жоқ.

11.Облыстық мәдениет басқармасында мемлекеттік сатып алу барысында мүдделер қақтығысы анықталмады.



ІІІ. Қорытынды

Облыстық мәдениет басқармасы қызметінде Сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайлары анықталмады.



Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға арналған шаралар:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сабақтар өткізу, тоқсан сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне мониторинг жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мақалаларды бұқаралық ақпарат құралдарына жиі жариялап, Қоғамдық кеңестің бақылауын күшейту.



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп

жатқан жұмысқа және осы салада жоспарланған іс-шараларды

іске асыруға сыртқы факторлардың әсерін талдау
Облыстық мәдениет басқармасы «Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау бойынша шаралар туралы» №159-к бұйрығы 2015 жылғы 22 шілдеде бекітілген. Жоспарға сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күрес іс-шаралары атқарылуда:

- басқарманың іс-шаралар жоспарының орындалуына тұрақты негізде мониторинг жүргізілуде;

- басқарманың ресми Интернет-ресурсында орналасқан басқарманың қызметі туралы мәліметтер, басқармаға қарасты мәдениет және өнер мекемелерінің қызметтері туралы ақпараттар тұрақты түрде жаңартылуда;

- басқарманың ресми Интернет - ресурсында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа барынша қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» атты жеке бөлімі ашылған;

- басқарманың «Сенім телефоны» ресми Интернет – ресурсында жарияланды;

- жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарын заңнамаға сәйкес тіркелу және уақытылы жауап жолдануы қамтамасыз етілуде.

- басқарма қызметкерлерінің салық органдарына салық декларациялары өз мерзімінде тапсырылды;

- басқарманың бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурстары және олардың қорытындысы туралы ақпарат басқарманың интернет - ресурсында уақытылы жариялануда;

- мемлекеттік сатып алу жоспарын, конкурстар мен олардың қорытындысы ВЕБ-порталға уақытылы жариялануда.

- 2015 жылдың 11 ақпанында ОҚО мәдениет басқармасы қызметкерлері арасында ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы жөнінде түсіндірме әңгіме жүргізілді.

- 2015 жылдың 12 мамырында облыстық мәдениет басқармасы қызметкерлеріне арналған «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңы жөнінде семинар сабақ өткізілді.

- 2015 жылдың 10 маусымында облыстық мәдениет басқармасының қызметкерлері арасында «Әдеп Кодексі» бойынша семинар сабақтары өткізілді.

- 2015 жылдың 23 шілдесінде облыстық мәдениет басқармасы қызметкерлері арасында семинар өткізілді.

- 2015 жылдың 20 шілдесінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын талдау-талқылау жұмыстары жүргізілді.

- 2015 жылдың 25 тамызында облыстық мәдениет басқармасы қызметкерлеріне арналған ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында көзделген ақпаратты жеке және заңды тұлғаларға беруден негізсіз бас тарту, оны кешіктіру, бұрыс немесе толық емес ақпараттың берілуі туралы семинар сабақтары өткізілді.

- 2015 жылғы 2 қыркүйекте облыстық мәдениет басқармасының қызметкерлері арасында «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңындағы, жеке жәнен заңды тұлғалардың арыз-өтініштерін қараудың және өз құзіретіне кіретін өзге де мәселелерді шешудің заңда белгіленген тәртібін бұзу тақырыбнда семинар өткізілді.

- 2015 жылдың 15 қазанында облыстық мәдениет басқармасы қызметкерлері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы іс-қимыл тетіктерін дамыту және олардың алдын-алу практикаларының тиімді түрлерін алмасуды ұйымдастыруға бағытталған шараларды талқылау» жөніндегі дөңгелек үстел өткізілді.

- Облыстық мәдениет басқармасына қарасты мәдениет және өнер мекемелерінің басшылары, орынбасарлары және бас есепшілерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық салдарынан келіп шығатын заңбұзушылықтардың алдын алу, ҚР Қылмыстық Кодексінің талаптары мен техника қауіпсіздігін сақтау ережелері туралы» түсіндіру жұмыстарына арналған семинар өткізілді.

- 2015 жылдың 16 мамырында Облыстық мәдениет басқармасына қарасты мәдениет және өнер мекемелері басшылары, директор орынбасарлары арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын іске асыру» жөніндегі дөңгелек үстел өткізілді.

- басқармаға қарасты «А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада» «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына байланысты мекеме басшылары мен кадр бөлімі мамандарына семинар-кеңес өтті.

- облыстық мәдениет басқармасына қарасты мәдениет және өнер мекемелерінің басшылары, орынбасарлары және бас есепшілерінің қатысуымен 2015 жылғы 7 ақпанда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңының талаптарын түсіндіруге арналған жалпы саны 90 адамдық семинар өтті.

- 2015 жылдың 1-9 желтоқсан аралығында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне» орай облыстық мәдениет басқармасына қарасты 35 мәдениет және өнер мекемелері қызметкерлеріне арналған семинарлар мен дөнгелек үстелдер өткізіліп, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің» арнайы мамандары мен лекторлары қатысты. Әрбір өткізілген іс-шара фото және бейнежазбаларға жазылып, хаттамалар толтырылды.

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 9- бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады.

Осыған орай, облыстық мәдениет басқармасы 2016 жылдың 14 наурызындағы бірлескен жұмыс жоспарында көрсетілген мәселелерімен қоса, басқармаға қарасты А.С.Пушкин атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ іс», Облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Сыбайластыққа жол жоқ», Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Парасыз мемлекет отбасынан басталады», Облыстық көзі нашар және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында «Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті», «Отырар» облыстық кітапханасында «Жемқорлыққа қарсы бірге күресейік» тақырыптарында кітап көрмелері ашылып, 30 жуық әдебиеттер мен БАҚ мәліметтерімен қамтылған.

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы, Бейнелеу өнер мұражайы, Руханият Әбу-Насыр әл-Фараби мұражайы, Мақта шаруашылығы тарихының мұражайы, Қазығұрт аудандық мұражайы, ОҚО тарихи-мәдени этнографиялық орталық, Арыс қаласының мұражайы, Төлеби ауданының мұражайы, С.Қожанов атындағы мұражай, Кентау қалалық мұражайы, Тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталық, Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, Облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандарының мұражайы сияқты мұрағаттық мекемелерде әр түрлі тақырыптарда арнайы бұрыштамалар жасалып, дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізілді.

- 2016 жылдың 1-2 тоқсандары бойынша басқарманың мемлекеттік қызметкерлерімен өткен дөңгелек үстелдер мен семинар сабақтары өтіліп, хаттамасы толтырылды. Басқармаға қарасты 35 мәдениет және өнер мекемелерінде де сыбайлас жемқорлыққа байланысты лекциалар оқылып, арнайы семинарлар өткізіліп келеді.

- 2016 жылдың 2-3 тоқсандарында мәдениет басқармасына қарасты «Оңтүстікфильм» МКҚК арнайы тапсырма беріліп, «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында бейнеролик дайындалып, телеарналарда көрсетілді.

- 2016 жылдың 4 тоқсандары бойынша басқармаға қарасты театрларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жұмыстары бойынша қойылымдар қою жоспарлануда.



Қорыта келгенде, Облыстық мәдениет басқармасы 2015-2017ж.ж. арналған салалық бағдарламаны жоспарға сай уақтылы жүргізіп келеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының

мәдениет басқарма басшысының

орынбасары Р.Тұрғынбеков
Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
pages -> Шетелдегі және еліміздегі ғылым және технологиялардағы қызықты оқиғалар
pages -> 1 Әлемдегі инновациялар
pages -> Әлеуеттік қауіп жағдайларында немесе террористік акт жасалғанда, сондай-ақ терроризмге қарсы операция жағдайларында азаматтардың іс-қимылына
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет